Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Тәрбие технологиясы
Пәні: Педагогика
Студент: Айдарқызы Б
Курс: 4
Мамандық: 0105000 -
Бастауыш білім беру
Біліктілік: 010501 3 -
Бастауыш білім беру мұғалімі
Топ:41б
Парақтардың саны: ______
Студенттің мәлімдемесі
Мен, Айдарқызы Балым ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы________
__ ________20____жыл
Қорғау күні ___________
Баға______ (__________)
Қорғау уақыты ___________ 2024ж.
Ғылыми жетекші ____________ Ташиева Э.А.
Алматы,2024ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Тәрбие үрдісінің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Тәрбие технологиясындағы тәрбие үрдісінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ..8
2. Тәрбие технологиясының мазмұны және әдістемелік сипаты ... ... ... ... 21
2.1. Тәрбие технологиясында тәрбие жүйесінің моделі ... ... ... ... ... ... ... . ..21
2.2. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кезде қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан - жақты білімді, жоғары мәдениетті, қабілеті мол адам қажет. Ондай адам жалпы орта білім беру арқылы немесе мектеп арқылы даярланады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің жаңа моделін құрудың, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру т.б. қарастырылған. Осыған орай бұл мәселелердің бәрі білім беру сапасына, мазмұнына, оқыту мен тәрбие әдістеріне тікелей қатысы бар.
Еліміздің еркін елге айналып, тілдік аясы кеңейіп, қазақ мектептерінің саны көбейіп, бүгінгі талапқа сай педагог кадрларын әзірлеу өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан жас маманды дайындау үшін өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажет болып отыр. Педагогикалық ақыл-ойдың озық тәжірибелерін, жаңа ұғымдар мен терминдерді пайдалана отырып, негізгі мақсатын - болашақ мұғалімдерді, балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми-теориялық білімдерімен қаруландыруға талаптандық. Тәрбие үрдісінің дамуы мен қалыптасуы туралы идеялар өткен ғасырларда прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық ой пікірлерде өз жалғасын тапқан Я.А.Коменский, Ш.Амонашвили, Д.Локк, К.Д.Ушинский, Г.И.Шамова, В.С.Мухина, В.А.Мясищев, Фрейд; Л.С..Выготский, В.Г.Белинский, .А.Рубинштейн, және т.б. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыда тусінуі әр турлі жеке тұлға теориясын өмірге әкелді. Қазақстанда ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Узақбаева, Р.Толеубекова,Б.Иманбекова;Б.Әлсато в-тың еңбектері орасан зор болып табылады. Тәрбие үрдісінің мәні,мазмұны туралы ұлы ойшыл ғұламалар,қоғам қайраткерлері мен ағартушы педагогта Әл-Фараби., А.Қунанбаев., Ш.Уалиханов., Ы.Алтынсарин., Ш.Қудайбердиев., А.Байтурсунов., М.Жумабаев., Н.Кулжанова т.б. қарастырып еңбектерінде негізгі мәселелерін атап көрсеткен. Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге және халыққа білім беру мен мектеп өміріндегі жаңалықтарға байланысты міндеттерді шешуді талап етеді:
ұлттық тәлім-тәрбиенің өз ерекшеліктерін анықтау;
халық педагогикасы мұраларын зерттеу;
- оқыту мен тәлім-тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін
дұрыс қолдана білу.
Тәрбие- қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық ерекшелігін ескеріп отырмағандықтан, көп жерде оқушыларды ата-аналары мен мұғалімдер
арасында түсініспеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Осының бәрі тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне әкеліп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Тәрбие технологиясы- тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие үрдісіне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектептің тәрбие жүйесі объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі үрдіс болып табылады. Тәрбие үрдісінің субъектілері: мұғалім, оқушы, ата-ана. Мектеп пен отбасы байланыста, сабақтастықта және үйлесімділікте өзара әрекет етеді.
Тәрбиелік технологияларды таңдауда төмендегілерді есепке алудың маңызы зор :
технологияның осы мектепте жүзеге асып жатқан тәрбие тұжырымдамасына (сонымен бірге тәрбие пәніне де) сәйкестігі;
өз мектебінің тәрбие үрдісімен технологияның жүйелі үйлесуі;
бұрынғымен жаңа технология нәтижесі бойынша салыстырмалы болуы;
басқа білім беру мекемелері тәжірибелерінде осы технологияның өнімділігі туралы мәліметтің болуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тәрбие технологиясы туралы түсінік беру және оқу-тәрбие үрдісінде оны тиімді пайдалану.
Зерттеу нысаны: жалпы орта мектептегі педагогикалық үрдіс.
Зерттеу пәні: мектептегі тәрбие технологиясының ерекшеліктерін, мазмұнын, әдістерін, жүйесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
-тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама беру,
- жалпы тәрбие технологияның ерекшеліктерін айқындау,
-тәрбие мазмұнының бағыттарын атап көрсету.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, әдіскер-мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, оқушылармен тәрбие туралы оқу және тәжірибе жинақтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Тәрбие мазмұнын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады, егер тәрбие жұмысында әртүрлі әдіс-тәсілдер мен технологиялар пайдаланылса.
Зерттеу құрылымы: Кіріспе, екі бөлімнен және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Тәрбие үрдісіне теориялық сипаттама беру.
1.1 Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны.
Тәрбие үрдісінің мәнін ашуда П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б. өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С. Макаренко тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген. Тәрбие үрдісі арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді. Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г.Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э.И. Моносзон, Г.И. Филонов, И.С. Марьенко, Ю.П. Сокольников т.б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады. Біз тәрбие заңдылықтары, мақсаты мен мазмұнына тоқталмас бұрын бүгінге дейінгі ойшылдар мен ғалымдардың Адам туралы тұжырымдамасына тоқталып өтудің өзіндік мәні бар деп ойлаймыз. В.Кукушкин зерделеген ежелден келе жатқан адамтану тұжырымдамалары назар аударарлық. [4] Сонау ежелгі дәуірден бері көптеген ойшылдар тіпті бәрі дерлік "Адам деген кім? деген күрделі сұраққа жауап іздеп келді. Дегенмен бұл сұраққа тіпті философтардың өзі нақты дәл жауап бере алмай келеді. Әлемде адам туралы ондаған әйгілі тұжырымдамалар белгілі. Олардың әрқайсысында жалпы адамзаттық идеал түсінігінің бөлігі аңғарылады. Сол әлемге кең тараған Адам мәні мен бейнесі туралы тұжырымдамалардың кейбіріне шолу жасап көрелік. Ежелгі Грекияда адамның өзін-өзі тануынан тұрмыс шешуін философиялық таным көзін көрді. Эллиндіктер адам денесіне табынушылықты туғызды. Олар оның керемет кескін келбетін мадақтап, табиғаттың осындай ғажайып жемісіне танданып, тамсанды. [3]
Грек философияеы мен өнерінде адам табиғаты, оның кескін келбеті, бейнесі ~ күмән келтірмейтін, жетілу мен үйлесімділік идеалы ретінде көрсетілді. Гректер адамның табиғи жаратылысының идеалын жасады, Жер перзентінің табиғи келбетінің өзгеруі мүмкін емес деп ойлады. Олар жеке бастың кісілігі мен оның кез келген қасиетінің мәнділігі туралы ойланды. Платон адам қасиеттерінің жан-жақты үйлесімді дамуы туралы құнды пікір білдірді. Ежелгі дәуірдің соңына қарай адам туралы элиндік көзқарас біршама өзгерді. [3] Көрнекті ойшылдардың бірі Сенека болса, адамның періштедей тазалығын бекерледі. Ол адамның бойында күнәкарлық бар деген ойға келді. Бұл кезеңде адам тәні жанның уақытша тұрағы ретінде қарастырылды. Тәнге табыну, енді рухты дәріптеумен алмасты. Сенека пікірішпе, рух тәннен жоғары. Сеиека Ғарышты Құдайға ауыстырды. Ол алғаш рет адамның хайуаннан артықшылығы - оның ақыл-ойы екендігі туралы кесімді пікір айтқан ойшыл болды. Сонымен қатар адамды басқа да жаратылыс иелерімен салыстырып, зерттеп, оған баға беруге: тырысқандардың бірі Протагор болды. Ол:мАдам - барлық нәрсенің; өлшемі" деген қанатты сөз қалдырды. Келесісі адамның христиандық тұжырымдамасын Моисей мен мен Христостың пікірлерінен негіз алған деуге болады. Христиандық ~ бүл махаббат діні. Христос Моисей өсиетіне адалдығын үздіксіз айтып отырды. Мәселен:
- өзіңе идеал жасама;
- құдайыңның атын бекерге атама;
- әкең мен шешеңді құрметте;
- тірі жан иесін өлтірме;
- менменсіме, күпірлік етпежәнет.с.с.
Олар адам идеалы -- басқаның арына тимеу, даналықпен өмір сүру, зорлық қылмау, қорлыққа төзу, барша тіршілік иесін тіпті жауын да жақсы көру, оларды өз азаматтарынан алаламау деп есептеді.
Чарльз Дарвин, дін мен медицинаны зерттеп, зерделей келе, осы күнде өмір сүріп жатқан ағзалар мен бұрынғы замандағы ағзалардың туыстығы туралы болжам ұсынды. Ч.Дарвиннің ұсынысының сонылығы - оның ұсынған механизмінде, яғни табиғи іріктеуінде болды. Оның тұжырымдамасы адамның "эволюциилық тұжырымдамасы" деп аталды. Ол адамды будандастыру нәтижесі жөне өмір сүру үшін күрес иесі ретінде көрсетеді. Бірақ будандастыру ешуақытта түрдің жақсаруын бермейтіні, керісінше оны бұзатыны кімге болса да белгілі, Сонымен қатар Дарвин теориясы екі бағытта дәстүрлі христиандықтың қарсылығын туғызды. Біріншіден, адамның қайталанбас, сонылығы туралы пікірге, оның адам мен маймыл бір тектен жаратылған деген пікірі қарсы келді. Екшшіден, оның теориясында эволюциялық даму мақсатына орын болмады, өйткені табиғи іріктеу көрсоқыр еді. Дарвинді көптеген замандастары қолдады, өйткені атеизм сол кезенде әйгілі ағымға айналған еді.
Шығыс ғұламалары оқыту мен тәрбиенің ажырамас байланысын терең түсіне білген. Имам Ғазали, Ибн Сина, әл- Фараби, Абу Жүсіп Исқақ Кинди тәрбие мәні, мазмұны, әдіс тәсілдері туралы бүгінгі күнге дейін құнды терең пайымдауын айтқан. Сонымен қатар олар білімсіз тәрбие күнсіз жер сияқыты десе, тәрбиесіз білімді адам аса қауіпті екенін ескертеді.[3] Имам Ғазали адамгершілік бастауы өзіи-өзі тәрбиелеу мен дана тәрбиешіге еліктеу жолымен қалыптасады деген. Ал Ибн Баджа, ибн Рушд, Н.Туси тәрбиеліліктің терең білімділікпен астасып келетіні туралы көптеген трактаттар жазып қалдырған. Демек білім берудің жетекші мотиві тұлғаны тек интеллектуалды дамытуда емес, тәрбиелеуде екен.
Тәрбие ісімен айналыспас бұрын алдымен оның мазмұнын анықтап алу қажет. Қазіргі кездегі республикамыздағы тәрбие тірегі жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар болуы тиіс. Сондықтан көп ұлтты Қазақстан мемлекетінің кажеттіліктеріне демократиялық жауап ретінде көп мәдениеттілікке тәрбиелеу болмақ. Қазіргі кезде көпмәдениеттілік тәрбиеиің қайнар көзі ұлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтар кіріктірілген плюралистік үрдіс деуге болады. Тәрбие мазмұны деп - тұлғаның білімі, сенімі, дағды, көзқара сапасы, қасиеттері, мінез-құлқының орнықты әдеттерінің жүйесін түсінеміз. Мазмұнның негізгі элементтері дегеніміз тәрбиеленушіні өмірдегі басты үш нәрсе: азамат, қызметкеер отбасы иесі болуға дайындау. Сондықтан тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтағанда педагогтар бір жағынан жалпы адамзаттық құндылықтарға, екінші жағынан ұлттық, аймақтық, жергілікті дәстүрлер мен құндылықтарға жете мән беріп қатар қарастыруы керек.
Ш.Амонашвили мұғалім өзі мүмкін, бірақ руханилықтың қайнар көзі 4 әлемдік діндегі: христиандық, ислам, иудаизм, буддизмдегі адамгершілік қағидалары мен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білмеуге қақысы жоқ десе, П.П.Блонский жаңа мектеп - адамдық мектеп дейді. Саяси конъюнктураға байланбайтын мәңгілік әрі қарапайым құндылықтар бар. Қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда тұлға бойында ар, ұят, намыс, адалдық, мейірімділік, парасаттылық, қанағатшылдық қасиеттерді қалыптастырудыру керегі жоқ деп кім айта алады? Мұндай сапалар ана сүтімен дарып, тәрбие барысында қалыптасып дамиды.
Тәрбие мазмүнының тағы бір ортақ белгісі - бұл бала тұлғасына бағыттылығы. Кез келген мектептегі бірде-бір іс іс-шара өткізілді деу үшін емес, бала үшін тек қана бала үшін жасалуы қажет. Өйткені тәрбие жұмысының басты мақсаты -- тұлғаның эмоционалдық-еріктік, интеллектуалдық, адамгершілік аясының дамуына бағытталады. Сонымен бірге, тәрбие үрдісі аймақтық болуы тиіс. Яғни, өз жерінің әлеуметік-экономикалық, демографиялық, мәдени ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Ал нақты бір мектепте, сыныптағы тәрбие мазмұнын іріктеуде сол мекеменің, аймақтың, оның мүшелерінің жас және өзііідік ерекшеліктері қатаң ескеріледі және басшылыққа алынады. Өйткені тәрбиеде ұсақ түйек, мөні жоқ нәрсе болмайды
Орыс мәдениетінде Ф.М.Достоевский "жаңа гуманизмді" негіздеген ойшыл ретінде танылды. Ондағы жоғары мәртебе -- жақсылық пен зұлымдықты таңдау еркі болып табылады. Мұны ол адам рухының шыңы, мәдениеттің жүрегі деп есептеді. Идеялы адам -- достоевский тұжырымдамасының өзегі болды. Ол идеялы адамдар ойланады, өмірдегі өз орнын іздейді, пікір таласады, олар үшін ең басты нөрсе -- өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап табу, идеяны шешу деп санады. Және олардың басты сұрақтары: "Адам деген кім? Ол не үшін өмір сүреді? Қалай құдаймен түсіністікте өмір сүруге болады? деп келеді" -дейді. [3]
Орыстың қайта өрлеу кезеңіндегі діни-философиялық мұраларында Н.О.Лосский, Н.АБердяев, П.АФлоренский, И.А-Ильин, С.Н.Булгаков және т.б. өкілдерінің пікірлерінен орыс ғарышшылдарының идеяларына ұқсас бағыт аңғарылады. Олардың ойынша, адам -- мәдениет кіндігі, оның жоғарғы рухани құндылығы. Адам мәдениетке жету және оны жасау арқылы өзінің рухани мәніне ие болады, адамзаттың белшегіне айналады. Н.А.Бердяев өзінің "Тарих мағынасы" деген еңбегінде:" Әрбір адам өзінің ішкі табиғатында қандай да бір ұлы әлемг шағын ғарыш. Өркениет оны айқындайды. Жеке бастапқы тек мәдениетте ғана ашылады... Әлем ортасында Адам тұр, адам тағдыры әлем тағдырын шешеді. Бірақ жаңа тарих шыңында адам тұлғасы барған сайын табиғатта да қоғамда да құлдықты сезінеді. Адам өзі жасаған материалдық ортаның, машинаның құлы болып барады"-дейді. Бердяевтің негізгі идеясы - адам рухы мен санасының еркіндігі. Бердяев пікірінше, махаббат -- басқа өмір жасайтын, шығармашылық акт. Махаббатта қайталанбас тұлға ғана танылады.[4] Мұндай тұжырымдамалар туралы түсінігіміздің болуы тәрбиеге жеңіл -- желпі қарауға болмайтынын ескертеді. Тәрбие үрдіс ретінде тұтас педагогикалық үрдіс зандылықтарына бағынады. Жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруде ерекше көңіл бөлген педагогтар - И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, Я.А.Коменский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский. Я.А.Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.
Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың сөзімен: ... қашан болсын, қандай жағдайда болсын, мінез-құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын таңдап ала білетін және қандай қиыншылық, жарамсыз жағдайлар кездессе де ол мінезін өзгертпеуге шыдамы жететін адамды ғана айтамыз. Халқымыздың кемеңгер ұлы М.Әуезов былай деген: Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі-өнеге, білетіндігінен, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буында жақсылап тәрбиелеу қажет. Жас буынды жақсылап тәрбиелеуді отбасынан бастап және осы мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып, ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңдіруіміз қажет. Балалардың мінез- құлқына адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесі жеткіліксіз болуына байланысты балалардың арасындағы өзара қатынасты қалыптастыру психологиялық-педагогикалық негізде құрылып ұйымдастырылса, қазіргі заман талаптарының жемісі болмақ. Сонымен, баланың өзара қарым-қатынасы, өзіндік әрекеттері, өзгелермен бірлесіп істеуі оның өзіндік көзқарасын, сенімі мен көңіл-күйін дамытып, жеке басының кісілік қасиеттерін өрістетуге жағдай жасайды. Сөйтіп, бала өзгелермен қатынасы арқылы өзінің сезімін, ал ойын әрекетіндегі сөйлесіп тілдесу нәтижесінде өзінің кім екенін танып біледі. Білім берудегі гумандық ұстанымды бағдар етіп ұстау жалпы қоғам дамуын адамгершілік негізде дамытудың тиімді әрі пайдалы тәсілі екендігін дәйектейді. Сондықтан білім берудегі бұл идея тәлім-тәрбие істеріндегі әрбір баланы жеке басының құқы мен еркін танып білуге баулудың қуатты құралы деп қарауға болады.
1.2.Тәрбие технологиясындағы тәрбие үрдісінің ерекшелігі
Технология педагогикалық үрдісте оның жалпы әдіснамасы мақсаты мен мазмұнынан оқшау бола алмайды. Ол педагогикалық үрдістің ұйымдастырушылық- әдістемелік құралы. Педагогикалық технология технологиялық үрдісте нақты жүзеге асады. Технологиялық үрдіс технологиялық бірліктердің нақты педагогикалық нәтижеге бағытталған, анық жүйесін білдіреді.
Тәрбие теориясында технологиялық үрдістер болып, мысалы ұжымды ұйымдастыру әдістемесі, коммунарлық педагогика, біркелкі талаптарды енгізуді ұйымдастыру, өзін-өзі басқару жарыс, мектептегі немесе сыныптағы тәрбиелік жұмыс жүйесі және т.б. есептеледі.
Педагогикалық технология мен технологиялық үрдістің тікелей міндеттері болып:
әр әрекетті түрлі білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
әлеуметтік құнды формалар мен мінез-құлық дағдысып бекіту;
технологиялық инструменттарийлы әрекеттерін дағдыландыру;
технологиялық ойлауды дамыту, өз бетімен жоспарлау, өзінің оқу әрекетін алгоритмдеу, стандарттау, өз бетімен білім алу әрекетін дамыту саналады.
Педагогикалық технологияның маңызы ерекшелігі - оның психологиямен тығыз байланыстылығы. Ол психологиялық тұрғыда негізделген және практикалық шешімі болуы керек және бір ерекшелігі кез келген педагогикалық технология мұғалім мен баланың жоғары дәрежедегі шығармашылық белсенділігін талап етеді. Педагогикалық технология өзгермейтін, тұрақты механикалық үрдіс емес, керісінше ұйымдастырушы-мазмұнды құрылым, педагог пен балалардың өзара әкеретіндегі алуан түрлі амалдар мен шексіз қатынастарын анықтаушы бағыт. Технологиялық үрдістің нәтижесінде әр баланың жалпы дамуы, педагогтың шеберлік дәрежесі, ұжымдағы жалпы психологиялық ахуал, материалдық- технологиялық жабдықталуы жатады.
Көптеген жылдар бойғы практика тәрбиелік жүйені моделдеуді технологияландырудың көңілге қонарлық нәрс екенін дәлелдеп берді. Әрине, таза ғылымнан гөрі өнерге жақын тәрбиеде барлық нәрсені технологияландыру мүмкін емес екені белгілі. Дегенмен де тәрбиелік жүйені моделдеудің құрауыштық тетігі технология ретінде кеңінен таралуда. Практикада ондаған жылдар бойы И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық істер технологиясы табысты қолданылып келеді. Сонымен қатар тәрбиелік мақсаттағы әлеуметтендіру мектептері, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, Н.Е.Щуркованың ойын технологиялары тиімді екендігі күмән келтірмейді. Мұндай технологияларды пайдалану тәрбиелік әрекет тиімділігін арттырып қана қоймайды, адам және материалдық ресурс шығынын төмендетуге әкеледі. [9]

жеткілікті басқарылымдылық, даигностикалық құралдардың болуы;

- басқа білім беру мекемелері тәжірибелерінде осы технологияның өнімділігі туралы мәліметтің болуы.
Н.Е.Щуркова, В.М.Кларин, А.М.Кушнир, В.Д.Симоненко, Г.К.Селевко, Л.Гребенкина және т.б. ғалымдардың педагогикалық технологиялар туралы жазған еңбектерін зерделей келе, тәрбиелік технологиялардың маңызды белгілері деп төмендегілерді атауға болады :
1. Технология нақты педагогикалық ойлаудан шығады, оның негізінде автордың белгілі бір әдіснамалық, философиялық ұстанымы жатады.
2. Педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі, операциялар, коммуникациялар нақты күтілетін нәтиже формасына ие мақсаттық қағидаларға сәйкес қатаң тізіледі.
3. Технология адам және технологиялық мүмкіндіктердің оңтайлы іске асуында даралау және саралау ұстанымын есепке ала отырып, диалогтық қарым-қатынасты, педагогтар мен балалардың өзара келісімі негізіндегі өзара байланысты әрекеттерін қарастырады.
4. Технология элементтері бір жағынан кез-келген педагог тудыра алатындай, екінші жағынан барлық оқушыларға жоспарланған нәтижеге жетуіне кепілдік беретіндей болуы керек.
5. Педагогикалық технологияның жанды бөлігі болып әрекет нәтижесін өлшеу инструментарийі, көрсеткіштері мен өлшемдерінен құралатын диагностикалық процедуралар есептеледі.
Тәрбиелік үрдістің жалпы педагогикалық технологияларына
(педагогикалық жүйелер):
1. Ш.А.Амонашвилидің ерекше мақсаттық бағдары бар, яғни мақсаты - бала бойында қайырымдылық қалыптасуына, тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы дамуы мен тәрбиеленуіне ықпал ету және тәрбие мұраты - өзін-өзі тәрбиелеу болып табылатын гумандық-тұлғалық технологиясын;
2. В.В.Сухомлинскийдің Павлышев мектебіндегі тәрбие жүйесін;
3.А.С.Макаренконың коммуна жүйесі бойынша құрылғантұжырымдамалық идеяларын: еңбек - тұлға қалыптасуының негізі, әр балаға көңіл бөлу және қызығушылық таныту; балада жеке мүдде, ізденіс болуы тиіс; шаруашылық-мектептері формасында оқытуды өндірістік еңбекпен біріктіру;
4. Балалардың өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі бақылауын дамыту мақсатындағы А.А.Католикованың еңбек тәрбиесінің моделін;
5. Мектепті тәрбиелік жүйе ретінде қарастыратын В.А.Караковскийдің моделін;
6. Мақсаттық бағдары: жоғары адамгершілікті, білімді, рухани, еңбек сүйгіш, өз Отанын сүйетін адам қалыптастыру, өз елінің бай мәдени мұрасын игеру, ұлттық санасын оятуды көздейтін И.Ф.Гончаров, Л.Н.Погодинаның Орыс мектебі авторлық моделін;
7. Халық аралық балалар орталығы Артек тәрбиелік жүйесін жатқызуға болады.
Жеке-әдістемелік тәрбиелік технологияларға:
1. И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық іс әрекет жағдайында қоғамдық шығармашылық тәрбиелеу технологиясын;
2. С.Д.Поляковтың тұлғаға-бағдарланған ұжымдық шығармашылық әрекет технологиясын;
3. О.Г.Газманның балаға педагогикалық қолдау көрсету технологиясын;
4. А.И.Шемшуринаның (1-9 сыныптар) Этикалық грамматика курсы арқылы адамгершілік тәрбиесі технологиясын жатқызады.
Модулдік тәрбиелік технологиялар. Сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынаста арнайы технологиялар болуы мүмкін: педагогикалық талап қою, ақпараттық ықпал, тәрбиелік орта құру, топтық әрекет ұйымдастыру (мұнда мақсаткерлік модулдік технологиясы, жағдаяты талдау, табыс жағдаятын туғызу және сәтсіздікті жеңу), жеке және саралау амалы технологиясы, педагогикалық бағалау технологиясы және т.б. Бұл технологияларды Н.Е.Щуркова, В.Ю.Питюков, Л.Д.Рогозина, А.П.Савченко және т.б. нақтырақ жасады.
Ойын технологиялары. Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде - адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игеруіндегі ойының рөлі зерттеліп, негізделген.
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:
Мақсаткерлік;
Жаспарлау;
Мақсатты іске асыру;
Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау
сияқты кезеңдер жатады.
Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен, қажеттілігін қанағаттандыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
Үрдіс ретінде ойын таңдаған рөлдері;
Ойнаушының іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
Нәрселелердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің
шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;
Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
Сюжет (мазмұн) - ойын барысында шартты түрде алынатын шындық
саласы.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
- Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу
үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің
белсенді сипаты (шығармашылық аясы).
Әрекеттің эмоционалды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс
(эмоционалдық қуат).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт
тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жанама ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады.
Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатысым құралы қызметі. Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік тұғызады. Өйткені, ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы адамзаттық та. Ойында бала адамзат тәжірибесі аясында өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық
қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан:
интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-
құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Элконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының
көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізуі түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығұшылықтан дамуға ұласатын, қызығұшылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.
Педагогикалық ойындар - педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың кең тараған әдістері мен тәсілдерінің тобы. Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында. Ойын - тәрбие әдісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді. Әсіресе, ойынды, қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларға ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлылығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификациясын түсінуімен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты. [11]
Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей классификацияға жіктейді:
Әрекет саласына қарай:
Дене;
Интеллектуалдық;
Еңбек;
Әлеуметтік;
Психологиялық;
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
Білімдік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
Танымдық тәрбиелік, дамытушылық;
Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық;
Осы ойындардың ішінде орта буын оқытушысынан бастап педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі - бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар. Іскерлік ойындарды педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама - топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші-режиссер басқаруымен топ мүшелердің арнайы ұймдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында. Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі - қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен тптың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал актерлік біліктік негізгі рөл атқармайды, керісінше олар қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердың көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі:
Сергіту сәті (даярляқ фазасы);
Психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы);
Кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен
алмасады.
Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, катарсис - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдық қабылдау сәтіндежағдайы басқаша бағалау,қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоционалдық қобалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді. Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. Технология сөзі техно - өнер, шеберлік және логос - ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні - бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми-өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология - бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде технология немесе өндіріснерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді. Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе ұжымдық шеберліктің жинақты көрінісі технологияға айналады. Соңғы кезге дейін ой шығармашылығы, оның ішінде адам тәрбиесі де технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі технологияның механикалық түрде өтуімен ешбір келіспейді. Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне сәйкес белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі - жоспарланған нәтижеге жету тәрбиеәсілдерімен, сол тәрбиеәсілдердің модульденуімен, адамдар іс-әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс-әрекеті. Мұндағы педагогтардың басқару іс-әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның жүргізілу пәрмендігін сипаттайтын ақпараттар негізінде іске асырылады. Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс-әрекеттерін басқару ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады. Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жұмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәйттері мен белгілері сан-қилы, олар:
1. Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді - паралель схемада емес, комплекс түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни технологиялық операцияларды игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиеленушілерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы тиіс. Олады анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын-ала белгілеген өзекті нүктелердің арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде тұр. Тәрбиеленушілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндеттерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бұрылыс көрініс бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
Тәжірибелік технологиядағы біртұтас тәрбие процесі оның құрылым бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік мақсаттардың, міндеттердің, мазмұнның, әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді. Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі тәрбие жұмысы тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші процестердің бірігімі ретінде танылуына байланысты болады. Бұл процестер уақытында өз бетінше ұйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін құбылыс деп есептелінді. Осыдан бұл процесте біртұтас тұлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни сапасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі - тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты комплексті сипатта болуы қажет.
5. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Негізгі факторлар қатарына жататындар:
1) оқушының өмір сүру қалпы; 2) әртүрлі аймақтардың өмір сүру жағдайлары мен дәстүрлері; 3) бұқаралық ақпарат және насихат құралдары; 4) ұжымның өндірісмір сүру жағдайы мен даму деңгейі; 5) оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы; 6) тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескерілгені жөн. Тәрбие комплекстігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, мазмұнының, формалары мен әдістерінің бірлігі. Мұндай бірлікке келген ой мен әрекеттің қарақарсылықсыз орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстіліктің жоғары деңгейде іске асқаны. Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі тәрбие ісі деген түсінік береді. Бұны соңғы кезде теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы). Тәрбие ісі ең басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, міндетті орындалатындығы.
Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты Тәрбие ісінен тұрады.
Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан және ұжымдық тәрбие істері (ҰшІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады. Тәрбие ісінде тәрбиеші мен оқушылардың өзара әрекеттерінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп келеді. Тәрбие ісі өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады. Іс-әрекеттік тұрғыдан тәрбие ісі тәрбие бағытын көрсетсе, комплексті қолдаудан тәрбие сипаты мен мазмұнын анықтайды. Тәрбие ісі білім жүйесіне сәйкес, негізінен сабақтас құралады. Кез келген Тәрбие ісі кезеңдері: 1) мақсат анықтау; 2) жоспарлау; 3) дайындық және ұйымдастыру; 4) жұмыстың міндетті түрде іске асуы; 5) нәтижелерді талдау. Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлауының негізгі көздері:
1) қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар; 2) белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты; 3) тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама. Осындай негізгі көздердің бәрі Тәрбие ісінің өмірлік күшін толықтырады, оның нақты бағыты мен көкейтестілігін айқындауға көмектеседі. Осының арқасында төмендегі сұрақтарға оңды жауаптар беріледі:
а) Тәрбиелік ықпал бағытталатын ұжым сипаты қандай?
б) Оның осы бағыттағы даму деңгейі қай дәрежеде?
в) Істерді орындау барысында неге қол жеткізу керек?
г) Жоспарланған нәтижеге қандай тәрбие құралдар жүйесі арқылы жетуге болады?
ТІ Тәрбие ісі педагогикалық тәжірибесін жалпылау арқылы келесі әдістемелік ережелерді ұсынуға болады:
1. Тәрбие ісінің міндеттерін терең түсіну.
2. Тәрбие ісі, педагогикалық іс-әрекетке нақты және комплексті назар сала білуден құралады.
3. Тәрбие үрдісінде тәрбие ісінің міндеттері шешімінің баламалылығын қолдау қажет.
4. Тәрбие ісінің міндеттері мен жағдайларына қарай мазмұнын анықтап алу өте маңызды.
5. Тәрбие ісі әр кезеңіндегі істер мен құралдар рационалды түрде жобаланады.
6. Тәрбие ісі дайындық кезінде мейлінше ұйымдастыру сапасына мән беру керек.
7. Тәрбие ісі көптүрлілігі міндетті.
8. Тәрбие ісі оқушылар көңілінің ең әсерлі қозғаушы күші ретінде қабылдануы тиіс.
9. Тәрбие ісі сіңірлі дәстүрге көнбейді, икемділік және тапқырлықтың кеңдігі - тәрбие ісініңнің өзіндік ерекше белгілері.
Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді. Ол мақсаттық кезеңнен теориялық жағынан бөлінгенімен, практикалық жағынан үздіксіз процестің құрамды бірлігі. Бұл кезеңде педагог алдында тұрған маңызды міндет - тәрбиеленушілермен бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағытын белгілеу, оқушылардың жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай өткенімен бірге, енді істелінетін істің қалай жасалатынын көрсету. Тәрбие істерін жоспарлауда оқушылар да ат салысып, жұмыс жоспарын ұйымдастыру мектебінен өтеді. Сол үшін жұмыс жоспарының тәжірибелік мәнін жете түсіндірудің маңызы зор. Тәрбие ісінің ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңі ұсынылады, олар:
1) мақсатты айқын түсіну;
2) әрбір оқушының міндетін дәл анықтау;
3) мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттікті дайндау;
4) нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу;
5) ТІ-не жауапкердің есеп беру сәтін белгілеу;
6) орындаушыларға түсініктеме-нұсқау беру.
Тәрбие ісінің - ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегідей маңызды қасиеттерін тәрбиелейді:
а) мақсатқа жетуде шаршап-шалдықпау;
б) жауапкершілік;
в) бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу;
г) тәртіптілік;
д) орындаушылық.
ТІ-нің барлық процестерін орындау кезінде, ескерілетін жәйттер:
1) тәрбиеші бастаған ісін оның аяғына дейін назардан тыс қалдырмауы міндетті;
2) ТІ-і кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт-бағдар ұстануы қажет;
3) байқалған қателіктер дер кезінде түзелуі шарт.
Істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат - жетістік пен кемшіліктердің себептерін анықтау.
Технология педагогикалық үрдісте оның жалпы әдіснамасы мақсаты мен мазмұнынан оқшау бола алмайды. Ол педагогикалық үрдістің ұйымдастырушылық-әдістемелік инструментарийі. Педагогикалық технология технологиялық үрдісте нақты жүзеге асады. Технологиялық үрдіс технологиялық бірліктердің нақты педагогикалық нәтижеге бағытталған, анық жүйесін білдіреді. Тәрбие теориясында технологиялық үрдістер болып, мысалы ұжымды ұйымдастыру әдістемесі, коммунарлық педагогика, біркелкі талаптарды енгізуді ұйымдастыру, өзін-өзі басқару жарыс, мектептегі немесе сыныптағы тәрбиелік жұмыс жүйесі және т.б. есептеледі. Педагогикалық технология мен технологиялық үрдістің тікелей міндеттері болып:

Педагогикалық технологияның маңызы ерекшелігі - оның психологиямен тығыз байланыстылығы. Ол психологиялық тұрғыда негізделген және практикалық шешімі болуы керек және бір ерекшелігі кез келген педагогикалық технология мұғалім мен баланың жоғары дәрежедегі шығармашылық белсенділігін талап етеді. Педагогикалық технология өзгермейтін, тұрақты механикалық үрдіс емес, керісінше ұйымдастырушы-мазмұнды құрылым, педагог пен балалардың өзара әкеретіндегі алуан түрлі амалдар мен шексіз қатынастарын анықтаушы бағыт. Технологиялық үрдістің нәтижесінде әр баланың жалпы дамуы, педагогтың шеберлік дәрежесі, ұжымдағы жалпы психологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz