Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Тәуелсіз Қазақстан және ұлттық мәдениет . . . 7
1. 1. Егемен елдің мәдени дамуы . . . 7
1. 2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелері . . . 16
2. Тәуелсіздік және ұлттық болмыс . . . 26
2. 1. Мемлекеттік тіл - ел қазынасы . . . 26
2. 2. Қазақстанның рухани келбеті . . . 36
Қорытынды . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 49
Қосымша . . . 53
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Ұсынылған диплом жұмысы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі мәдениеттің өркендеуіне берген басымдылығына арналған. Жұмыста мәдени саланың жан-жақты дамуына ықпал еткен заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың әсеріне талдау жасалынады.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі: Тарих беттеріне зер салып қарағанда Қазақстанның ұлы мәдениетке бай екенін аңғаруға болады. Өткені тереңде жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарын сақтауы елдің бүгінгі хал-жағдайын ретке келтіріп, республика азаматтарын бір халық ретінде біріктіреді. Сонымен бірге халықтың алдағы уақытта да ынтымақтастығын нығайту үшін мыңжылдықтар бойы сақталған мәдениетті одан әрі дамыту өте өзекті тақырып.
Мәдениетті дамыту осы себептерге байланысты да өзекті саналады:
- Мұра және сабақтастықтың қайнар көзі: халықтардың ғасырлар бойы тоғысып келе жатқан мұрасы мен ерекшеліктері мәдениет арқылы келер ұрпақпен жалғасын табады. Ол белігілі бір дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл, өнер және тарихтың қазақ халқына тиесілі екенін көрсетеді.
- Әлеуметтік бірлестікті қалыптастырады: жалпы мәдениет адамдар арасындағы бірлікті сезінуге ықпал етеді. Халықтағы жалпы түсінісушілік сезімін, төзімділікті, ортақ құндылықтарды және қауымдастықтың байланысын сездіретін әсер береді.
- Ұлттық мақтаныш сезімін оятады: мәдениеттің өте терең әрі бай болуы елдің азаматтарын мақтаныш сезіміне бөлейді. Бұл сезім қалың бұқараны өз қоғамының дамуына оң үлес қосуға ынталандыру арқылы алға дамудың шабыт көзі болып табылады.
- Мәдени әртүрлілікті тұрақты деңгейде ұстап тұрады: 124 ұлтты қамтитын мемлекетте әртүрлі мәдени көзқарастарға құрметпен қарап, оларды бір жүйеге салу, әсіресе тәуелсіздіктің қарсанында маңызды болғаны секілді, қазіргі уақытта да басқа мәдениеттермен сіңісіп, араласып, жоқ болып кетпеу үшін өзекті.
- Ел мәдениетін жаһанға насихаттау: жарқын мәдени орындар мен сәулет өнері ескерткіштері туризмді дамытып, қазақ өнері мен тарихын дүйім жұртқа насихаттайды.
Мәдениетті дамытудың өзектілігі кеңінен танылғанымен, қоғамдағы әртүрлілікті құрметтей отырып, оған ашықтықпен қарау керек. Яғни мәдениеттің қоғамдағы өзгерістерге бейімделе алатын жан-жақтылық қасиеті болуы маңызды.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі мәдени саланың өркендеуіне берген басымдылықты зерделей отырып, мәдени дамуда жетістікке жету үшін қолданылған стратегияға талдау жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына шолу жасау;
- Егемендіктің алғашқы жылдарындағы елдегі мәдени ахуалды сипаттау;
- Мәдени ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламаларға тізбектеу;
- Атқарылған іс-шаралардың нәтижелерін ашып көрсету;
- Елдің мәдени-рухани жағдайының дамуына талдау жасау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Дипломдық жұмыстың зерттелу аясы Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел ретінде өмір сүріп жатқан мерзімді қамтиды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Егемен Қазақстанның мәдениетінің дамуына шолу жасауда ұлттық мәдениеттің дамуы жайлы Х. Әбжановтың, Г. Назарбаеваның [1], Б. Аяғанның, Д. Махаттың [2], Н. Назарбаевтың [3], Б. Аяғанның, Ә. Ауанасованың, А. Сүлейменовтің [4], Б. Сатершиновтың [5], Ж. Артықбаевтың [8] еңбектері құнды ақпарат береді. Аталған еңбектер мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі мәдени саладағы шешілуі тиіс өзекті мәселелерден бастап, оларды игеру жолындағы жасалған іс-шаралар мен елдің өркендеу үдерісі жайлы баяндайды. Сонымен қатар, мәдени даму жайлы жан-жақты хабар беретін Б. Төлепбергеннің [6], А. Қалиеваның [7], С. Қасқабасовтың [9] еңбектері де зор үлес қосты.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының археологиялық қазба жұмыстарының жүзеге асуы және нәтижелері жөнінде К. Байпақовтың [10], М. Хабдулинаның [11], А. Марьяшевтің, Ғ. Ахатовтың, А. Горячевтің, С. Потаповтың, Г. Камалованың [14], Ә. Төлеубаевтың, З. Самашевтың, Ұ. Үмітқалиевтің, Ғ. Омаровтың, Ж. Шайкеннің [15], Д. Воякинның, Б. Железняковтың [23], В. Зайберттің [24], М. Елеуовтың [25], А. Плешаковтың [29] мақалалары дерек береді. Қазақстан аумағындағы көне қалашықтар, қорымдар, ескерткіштер және ғибадатханаларға жасалған зерттеулердің қорытындылары өткеннің ұмытылған беттерін жаңғыртып, егемендік жылдарында тарих пен мәдениетті қайта қалпына келтіру үшін құндылығы жағынан өте жоғары болды.
Зерттеудің екінші тарауы тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің руханиятына талдау жасауға арналған. Елдің рухани жағдайы бойынша Ш. Құрманбайұлының [32], Қ. Жүкешевтың [33], М. Баймаханбетованың [34], Ә. Бәкірдің [35], Д. Дүйсебайдың [36], Қ. Мамаділдің [38], Б. Омаровтың [39], Т. Кәкішевтың [41], Н. Жанақованың [43], Б. Аяғанның, Ә. Ауанасованың, А. Сүлейменовтің [45], А. Құсайыновтың [50], [53] еңбектері басшылыққа алынды. Мәдени-рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді заманауи тұрғыда дамыту мәселесі басты тақырып болды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, Әлима Ауанасова және Арман Сүлейменовтың 2014 жылы жарық көрген «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атты ғылыми-танымдық еңбегінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы айтулы оқиғаны баян етеді: 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда өткен Қазақтардың 1-ші Дүниежүзілік құрылтайы мемлекеттің мәдени-рухани өмірінде ұлттық серпіліс берді. Құрылтайдың нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі белгілі отандық ақын-жазушыларды, ғалымдарды, саясаттанушыларды, суретшілерді, бизнесмендерді және басқа да отандастарды жинады. Жаһандағы қайраткерлердің өз елінде жиналуы мәдениеттің дамуына серпін егемендік мемлекет дәрежесін алу болды.
Елдің мәдени саласы қысқа уақыттың ішінде біршама жетістіктерге жетті. Ханкелді Әбжанов пен Гүлмира Назарбаеваның «Қазақстан: тарих пен тағдыр» атты еңбегінде: елді мекендердің дұрыс атауының қалпына келтірілуі; ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы өз халқының мүддесін қорғағаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылар қауымының өкілдерінің ақталуы; олардың жазба мұраларының қалпына келтіріліп, қазақ ғылымы мен әдебиетіне қол үлесі; мәдени ескерткіштердің қайта жанданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебенің берілгендігі; ұмытыла бастаған ұлттық спорттың түрлері, мерекелер мен рәсімдердің жаңғыруы туралы сөз етіледі. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның даму үдерісі жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған ғалымдардың жұмыстары қолданылды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі: Жұмыс барысында қолданылған негізгі зерттеу әдістері: елдің әртүрлі мәдени салаларын жүйелік талдау, даму үдерісін құрылымдық әдіс арқылы жіктеу, өркендеудің ұқсастық заңдылықтарын тарихи салыстыру, тәуелсіздік жылдарындағы орын алған үрдістерді тарихи әдіс арқылы баяндау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Тәуелсіздіктен кейінгі мәдениеттің өркендеуіне байланысты жазылған еңбектер мен зерттеулерді зерделеп, елдің даму үдерісін жиналған деректер бойынша бір арнаға салып, келесі зерттеулер мен алдағы жасалатын стратегияларға нұсқалық қызметін атқару.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
І. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
1. 1 Егемен елдің мәдени дамуы
Мемлекеттің егемендігі көптеген факторларға байланысты. Бірақ олардың ішінде рухани-мәдени сала ерекше маңызға ие болып табылады. Тарихи тәжірибе елдің мәдени дәстүрлерінің мемлекеттің басынан өткерген жағдайлары мен уақытқа байланысты өзгеретінін үйретеді. Олар не дамиды, немесе ескіреді. Осыған байланысты, бүгінгі таңда Қазақстан мәдениетін тек салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жинағына жатқызуға болмайды. Олар сондай-ақ білім, ғылым, әдебиет және өнер, мәдени және қоғамдық іс-шараларды қамтиды. Егер еліміздің тұңғыш Президентінің сөзімен айтсақ, «қазіргі қазақтың мәдениеті ақындардың салт-дәстүрі мен ауыз-әдебиеті ғана емес, кәсіби дамыған театрдан бастап операға дейін, сәулеткерлік мектептерден көркем сурет өнеріне дейінгі өнер туындылары мен жаңалықтарын танытады» [3, 130 б] . Осы ұстанымды жол көрсетуші темірқазық етіп, тұрақтылық жолына енді жеткен жас мемлекет Қазақстан Республикасы мәдениеттің дәстүрлі түрімен қатар заманауи үлгілерін де дамытуға баса назар аударды. Өйткені кеңестік заманнан қалыптасқан театр өнері, кино, музыка саласында отандастарымыздың жеткен жетістіктері көп еді. Ендігі кезекте олардың есімін барша қазақ жұртына мақтаныш етіп, елдің басқа да азаматтарының шығаршылық әрі рухани-мәдени тынысын ашу тұрды.
Зерттеудің бұл тарауында тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы мәдениеттің қалыптасып, 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бастап, 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы құрылғанға дейінгі аумақтағы мәдениеттің жағдайы қарастырылады.
Мәдениет мұрасы мен ұлттық бірегейлік арасында өзара тығыз байланыс бар. Мәдениеттің бөлшегін, жүгін арқаламайтын адамның болуы мүмкін емес. Сол үшін де өткеннің мәдениетін қазіргімен қоса білу еліміздің алдыға бірге, ұлт ретінде жылжуымызға алып келеді. Қоғамның тарихы мен мәдениеті бай, ішінара бір-бірімен араласып, бір жерді бөлісіп өмір сүретін әртүрлі этностарды қамтиды. Бұл өз кезегінде ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, әртүрлі мәдениет өкілдерімен араласуға ашық болуымызға септігін тигізеді [6, 141 б] .
Мемлекеттілікті біртұтас етіп ұстап тұруда ұлттық идея басты рөл ойнайды. Ең алдымен, ұлттық идеяны қалыптастырып, кейін мемлекеттің жан-жақты даму стратегиясын жоспарлау қажет. Ал ұлттық идеяны қалыптастыру - мемлекетіміздің өткен мәдениетін зерттеуден басталады [6, 142 б] .
Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі елде мәдениеттің қалыптасуы бірқатар ауырпашылықтар мен қиындықтарды бастан өткерді. Кеңестік дәуірде жоспарлы экономикамен өмір сүріп, өндіріс шамасының әлсіздеуіне байланысты нарықтық экономикаға көшу қажеттілігі тұрды. Дегенмен, мәдениет, білім беру және ғылыми мекемелерді техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, материалдық-қаржылық шығындарын жабу үлкен қиындықтарға алып келді. Онымен қоса, өндірістік емес салалардың мамандары мен гуманитарлық бағыттағы зиялы қауым әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған болып шықты. Мұның салдары - 1992 жылы орын алған мұғалімдер мен дәрігерлердің ереуілге шығуына бірден бір себеп болды. Мәдениеттің коммерциялануы да байқалды.
Мәдениеттің коммерциялануының тағы бір теріс ықпалы: «кино саласының жағдайы мүшкіл болды. Халықтың руханиятын көтеріп, телеэкран тілінде сөйлететін кинолардың көбі дерлік шетелдің кинолары болды. Батыстың атыс, кісі өлтіру, ұрлық-зорлық, бейәдеп кинолары ұлттық киноның ауадай қажет екенін аңғартты» [6, 190 б] .
Мәдениеттің бөлімі болып саналатын ғылым саласында да елеулі өзгерістер орын алды. 1990 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының 32 бөлімшеден тұратын ғылыми мекемелері 6 бөлімше болып біріктірілді. Олар: химия-технология ғылымдары, математика-физика ғылымдары, биология ғылымдары, жер туралы ғылымдар, Орталық Қазақстан ғылыми бөлімшесі мен қоғамдық ғылымдар бөлімшесі. Қазақстан ҒА-да 244 ғылым докторы мен 1798 ғылым кандидатынан тұратын 4475 ғылыми қызметкер жұмыс жасады. Ал жалпы қызметкерлердің саны 10 994 адамнан тұрды. Бірақ, ғылыми бағытта да жетістіктермен қатар жеңілістерді де бастан кешіруге тура келді.
Ғылым саласында кадрларды жетілдіру мен ғылыми-техниканың маңызы зор бөлімдері - радиоэлектроника, автоматика, машинатану және механика бойынша ғылыми ошақтарды әзірлеу көштің соңында қалды. Академиялық ғылым, жоғары оқу орындары ғылымдары және салалық ғылымдар нашар үйлестірілді және мұның нәтижесінде зерттелінуі қажет мәселелер ұсақталып, ғылыми күштердің шашырап, орасан маңызы бар салалардың ұйымдастырылуына лайықты дайындық жетпеді.
Бұл уақытта ғылыммен қоса білім беру жүйесінде де айтулы өзгерістер орын алып жатты. 1993 жылы 1 қаңтарда ел аумағында 154 мың балаларды қабылдайтын 303 балабақша жұмыстарын тоқтатты және орта мектептердің де саны азайды. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің саны артты. Тек еңбек мектептері ғана емес, әртүрлі бағыттағы білім беру орындары ашыла бастады. Мысалы, гимназиялар, лицейлер, жеке меншік мектептер, мамандандырылған мектер, колледждер жұмыс жасай бастады. 2001 жылы оқудың 12 жылдық цикліне көшуге эксперименттік қадам жасалды.
Ғылым-біліммен қатар, елдің мәдени құрылысының дамуы да өзекті мәселе еді және бұған нақты бағдар берген қадамдардың тағы бірі - ережелер мен заңнамалардың қабылдануы болды. Мәселен, 1992 жылы 2 шілдеде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының № 1489-ХІІ заңы қабылданған болатын. Бұл заң бірнеше мақсатқа негізделді. Атап айтқанда, тарих пен мәдениет объектілерін айқындап, оларды қорғауға алу, пайдалану және оларға мәдениет ескерткіші мәртебесін тағайындау. Сонымен қатар, тарихи-мәдени объектілеріне зақым тигізгені үшін жауапкершілікке тарту. Ал бұл мақсаттарды облыстардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары мен өкілетті орган жүзеге асырды [2, 21 б] .
1991-2000 жылдар аралығында халық мәдениеті тарихында даму жолының үдерістері орын алды. Қазақтың көне мейрамы Наурыз бен айтыс өнері қайта жаңғырып, көне дәстүрлердің сапасы қалыптасты. Әлемнің шығысында тойланатын, бірлік, татулық, құт пен берекенің символы болған Наурыз мейрамы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мереке дәрежесінде атап өтіле бастады. Қазақстан Республикасы 124 ұлттан тұратын көпұлтты мемлекет болса да, әр этнос өзінің атадан келе жатқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртып, дамытуға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 1995 жылғы мәліметі бойынша, аталған жылда мәдени-ағарту мекелерінің ұйымдастыруымен ел аумағында 180 мыңға жетер әртүрлі ұлттық-мәдени іс-шаралар өткізілген [4, 220 б] .
Қазақстан Республикасы әлеуметтік және мәдени дамуының тұжырымдамасында былай делінеді: «мемлекетке өмір берген қазақ мәдениетін қолға алып, оған басымдық беру керек. Өйткені отандық мәдениет Қазақстаннан басқа елде гүлдеп, дами алмайды».
Елорда Астана қаласында Мұсақожаева Айман Қожабекқызының Музыка академиясы құрылды. Ол еліміздегі оркестр мен вокал салаларындағы өнерлері бал тамған кәсіпқой музыка әншілерді, музыыканттардын басын қосты. Алматы қаласында Жания Әубакірованың музыкалық мектеп стилінде коллежді құрылып, жұмысын бастады. Жазушы Әбдіжаміл Нұрпейісов «ПЕН» клубын басқарды. «Дәстүрлер жүлдесі» деп аталатын халықаралық деңгейде классикалық би фестивалі өтті. Жартастарда бейнелгенген жазулар мен суреттерге қазба жұмыстары ұйымдастырылды. Славян жазбасы және мәдениеті күндері сияқты көптеген бұқаралық әрі мәдени іс-шаралар ұйымластырылды. Алматы қаласында авангардтық-заманауи стильдегі 14 жеке меншікке ашылған сурет галереясы құрылды. 1991 жылы республика шеңберінде 48 кәсіби театр жұмыс істеді және 19 мәдени орталықтар іс-шараларды ұйымдастырумен айналысты. Аралас экономиканың маңызын түсіндіретін «Жеке меншік қорларындағы Қазақстан өнерінің көркем туындылары» деген атаумен алғаш рет республика деңгейінде көрме өтті. [4, 224 б] .
Театр мен музыка репертуарларында мемлекет, ғылым және мәдениетке зор еңбек сіңірген тұлғалардың атына қойылымдар қойылып, халықтың тарихи рух пен ұлттық идея қайтадан есіне алуға жағдай жасалды. Мәселен, Абай Құнанбайұлы, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Құрманғазы Сағырбайұлы, Мағжай Жұмабаев, Жамбыл Жабаев сынды елдің қайталанбас қайраткерлерінің мерейтойларына орай фестивальдер өтіп тұрды. Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай мемлекетте 156 су жаңа қойылым көрсетілді. Мұндай шаралар халықтың мәдениет арқылы мемлкеттің бірлігін сақтауына үлкен үлесін береді.
ЮНЕСКО-ның шығарған шешімі бойынша жоғарыда берілген қазақтың көрнекті ақыны әрі философы Абай Құнанбайұлы мен ақын Жамбыл Жабайұлының аталған 150 жылдық мерейтойы, қазақ халқының өмірі мен даналығын жеткізетін «Абай жолы» романының авторы, жазушы, драматург Мұхтар Әуезов пен жазушы, академик Сабит Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде ата өтілді. Бұл оқиғалар халықаралық серпіліс туғызып, қазақ ұлтының рухани ішкі әлемін байытатыны айдан анық [8, 45 б] .
Халықаралық конкурстардың мақсаты - қатысушылар мен орындаушылардың кәсіпқойлығын арттыру болып табылады. Осындай мақсатпен Алматы қаласында «Азия дауысы», «Жас қанат», «Қыз сыны» сияқты іс-шаралар өткізіліп, мемлекет азаматтары мен өнер адамдарының арасын біріктіріп, елдің шығаршылығы мен өнерінің дамуына жағдай жасады [4, 221 б] .
1992 жылы 22 ақпанда, 5 жыл бойы жүзеге асуы тиіс болған Үндістан мемлекетінің астанасы Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі мәдениет салаларында, яғни өнер, ғылым-білім, туризм, спорт салаларында «Екі Жақ» пен халықтарының арасында достық пен ынтымақтастықты дамытуға келісім қойылды. Келісім бойынша Екі Жақ бір-біріне аталған бағыттар бойынша қолдау білдіріп, тәжірибе жинауға мамандар алмасып, білім-ғылым және техникалық мекемелерде бір-бірінің азаматтарын қабылдайтындығы шешілді [2, 164 б] .
Қазақстан таяу жатқан елдермен және қиыр шетелдің 49 мемлекетімен мәдени жетілуді іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасады. ШЫҰ елдерінің мәдениет министрлерінің жиналуы мен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің отырыстары бұған нақты дәлел бола алады [4, 225 б] .
Әлем мемлекеттерімен өзара келісімге келіп, мәдени қолдау табу арқылы ҚР бірқатар келеңсіздіктердің алдын алды әрі бірталай мәдени іс-шаралардың Қазақстан аумағында өтуіне мүмкіндік алды. Мәселен, 2001 жылы Астана қаласында мамыр айының соңғы 10 күнінде шахмат сайысы ұйымдастырылды. Әлемнің чемпиондары (Г. Каспаров, В. Крамник, Б. Гельфанд, т. б) қатысқан сайыс тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орайы арналғанына да байланысты мемлекетіміздің атын тағы бір мәрте жер-жаһанға жария етті [1, 146 б] . Бұл да өз кезегінде мәдениетті дамыту арқылы жаһан елдеріне мемлекетті дұрыс үлгіде танытудың белгісі.
Үздік сұрмергендермен бірлесе жеткен мәдени жетістіктің бірі - америкалық Голливуд кинокомпаниясымен 2003-2005 жылдар аралығында түсірген «Көшпенділер» фильмі. Жалпы қазақ кино өнері 1980 жылдары өте сәтті даму үстінде болды. Өйткені қазақстандық режиссерлердің түсірген фильмдері Канада, Франция, АҚШ, ГФР және Италияда өтетін кинофестивальдерден жүлдері орындар иеленіп, 1989 жылы «Өнер және кино» (Искусство кино) журналында отандық кино бірінші орынға бақ тіреді.
1934 жылы алғаш «Алматы кинохроника студиясы» деген атаумен құрылып, 1960 жылдың 9 қаңтарында «Қазақфильм» болып аталып, 1984 жылы Ш. Аймановтың аты берілген «Қазақфильм» студиясы кеңес елдері арасында үздік кинокомпаниялардың қатарында тұрды. Серік Апырымовтың ауыл тұрмысын жеткізген «Соңғы аялдама», «Ақсуат» кинотуындылары жарық көрді. Кейін Қазақстан жерінде орын алған әскери сынақтар туралы «Үш ағайынды», түркі халықтарының түпкі тамырын зерделеуге арналған «Аңшы» фильмдері жарық көріп, қазақ киносының дамуына алып келді [4, 225 б] .
Алайда тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бастап қазақ кинематографиясы ауыр жағдайларды бастан өткерді. Одақ кезінде кеңестік байланыстардың әсерімен дамып тұрған кино, театр мәдениеті ендігі кезекте одақтық байланыстардан үзіліп қалды. Аталған үзілулердің салдарынан қаржыландыру, кадрлардың жетіспеушілігі, ресурстардың аздығы мен басқарушылықтың жоқтығынан қиын кезеңдерге тап болды. Одан бөлек рухани-мәдени, идеология, ұлттық тәрбие тұрғысынан да қазақ кинолары халықтың жігерін шыңдауға себеп бола алмады.
Аты аталған С. Апымыров түсірген «Сергелдең» фильмін, «Сұрқай үштағандағы орын» деп аталатын Е. Шынарбаевтың фильмін, Д. Өмірбаевтың «Қайрат» атты фильмін қалың жұртшылық қабылдамады. Ал, Абайдың бейнесін сипаттайтын А. Әмірқұлов түсірген «Абайдың жастық шағы» фильмі туралы халық «Біздің Абай бұл емес!» деп, бұл фильмнің де олқылықтарын көрсетті [6, 191 б] . Осындай мәселелер қазіргі заманның нағыз мәдениет тасылмаудашы құралы кино өнерін қайтадан қолға алуды талап етті.
Жоғарыда көрсетілген қиындықтарды шешу үшін, республикадағы кино өндірісін жетілдіріп, материалдық және техникалық құрал-жабдықпен қамтып, кадр даярлау үшін 1996 жылдың 30 тамызында инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру туралы» қаулысын қабылдайды. Материалды қажеттіліктер өтелгеннен кейін алғашқы нәтижелер де көріне бастады:
- 1998 жылдың қазанында Алматы қаласында І халықаралық «Еуразия-98» атты кинофестивалі өтіп, оған атақты режиссерлер мен актерлар шақырылды;
- Дүниежүзілік Канн фестивалінде атап өтілген «Үш ағайынды» фильмі ерекше сыйлықтарға ие болды. Бұған дейін Турин, Балтық және ТМД елдерінде номинацияларды ұтып алып, Токио қаласында Гран-приді жеңіп алған болатын (2000 ж) ;
- Қазақстанның кинематографтары Мәскеу қаласында өткізілген VI Еуразиялық телефорумының бірінші орын иегерлері атанды (2003 ж) ;
- Республикада 30 түрлі көркем кинотуындылары түсірілді (2000-2005 жж) ;
- «Мәдени мұра» бағдарламасы және «Қазақстандағы Ресей жылына» орай Алматыдағы Абай алаңында Шәкен Аймановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Шәкен жұлдыздары» атты ІІ қазақстандық кинофестивалі өтті (2004 ж, 30 қыркүйек) [4, 226 б] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz