Пара беруді анықтаудың әдістемелері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.Пара беруді анықтаудың әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Пара беру қылмыстық .құрамын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1Пара беру туралы қылмыстық.құқықтық нормалардың шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2Пара берудің объективті және субективті жағы ... ... ... ... ... ... ... 9 2.3Пара беру қылмысынан сақтандыру мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3.Қазақстан Репбуликасындағы пара беру қылмыстық.құрамының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.1Пара беру қылмыстық .құрамының қоғамға қауіптілігі ... ... ... .17
3.2Қазақстан Республикасындағы пара беру.мемлекетіміздің дамуын тежейтін қылмыстық әрекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алады. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүние жүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 және 1995 жылдары конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстар мен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік қызметшілердің лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі пара беру болып табылады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі пара берудің етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты моральдық жағынан аздырады, жұртшылықтың мемлекеттік өкімет және билік органдарына сенбеушілігін, құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау, олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құқықты қорғаудың рөлін мүлде теріс бағалау сияқтя көзқарастардың дамуына жол береді.
Пара беру мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп келе жатыр. Пара берудің ұғымы, белгілері, түрлері, олардың ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, пара беру қылмыстарының басқа қылмыстармен жиынтығы пара беру құрамдарының ауырлататын, өте ауырлататын белгілерін ашу сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты зерттеу обьектісі болмаған.
Бұл мәселелерге арналған бірлі-жарым ғылыми мақалалардан басқа республика көлемінде осы проблеманың табиғатын айқындайтын, оның ішінде мемлекеттік тілде жазылған іргелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан туындайтыны қылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардың бірі болып табылатын пара беру мәселесі ерекше маңызға ие.
Мен осы курстық жұмыста осы құбылыспен күрес проблемаларының айқындауға тырысамын. Заман өзгерген сайын, заң да, қылмыстық пара беру құрамы да өзгереді. Оларға жаңа баға беруді, саралауды өмір талап етеді. Осыған байланысты зерттеліп отырған «Пара беруді анықтаудың әдістемелері» атты тақырып теориялық және практикалық жағынан да өте өзекті болып табылады. Өйткені пара беруді анықтаудың әдістерінің ерекшеліктері, олардың түрлерінің жекеленген белгілерін талдау, пара беру қылмысын саралаудың қылмыстық құқықтық ерекшеліктерді, пара беру қылмыстары үшін тағайындалатын жаза түрлерінің ерекшелігін зерттеу тақырыптың өте өзекті екендігін көрсетеді.
Осы курстық жұмыста тереңірек зерттеу мақсатына жету үшін пара беру құрамының белгілеріне жаңаша талдау жасап, оны анықтаудың методологиялық ғылыми негіздеріне белгілеу, пара берудің жекеленген түрлеріне тән белгілерді анықтау, осы тұрғыдағы заңдарды жетілдіруге ғылыми ұсыныстар жасау мәселелерін жан-жақты қарастырамын.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеп, пара беруге байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасап, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ағыбаев А. Парақорлық үшін жауаптылықтың шет мемлекеттердегі көрінісі Заң.-2005-21-23 б

2. Жұмабек Амангелді. Коррупция мемлекетіміздің дамуын тежейтін қылмыстық әрекет. Астана хабары – 2006 29 сәуір – 6бет

3. Қожаниязов Амангелді Тілеубайұлы. Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық: Заң ғылым канд. Ғылыми дәреже алу үшін дайындалған диссертация авторефераты мамандығы бойынша 12.00.08-қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқарушылық құқық.- Алматы 2004-28 б

4. Құсайынова жұлдыз. Жемқорлыққа жол берілмейді. (Жемқорлық елдің соры) Астана хабары- 2006. – 25-қараша – 2 бет

5. Құттыяқов Шәкизада. Қазанның қақпақ кетсе... Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ой-толғамдар.-Астана елорда. 2000. – 152 бет.

6. Мәмбетов Б. Парақорлықты жою оңай емес: (Жетіжұрт)/ Заң газеті.- 2006. -16-қараша.- 1 бет

7. Мейірманқұлов Мейірхан. Кеңес Одағының күйреуінің себебі немесе Ю.Андроновтың мафияға қарсы соққысы: деректі хикая. Астана: Дәуір, 2001. -174 б

8. Омаров А «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейдің бір амалы бар ...» Сұхбат/Әлдібаев//Заң газеті. -2007. -18 қаңтар.-2 бет

9. Тұңғышбаева А. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: (Тәлім және тәрбие)// Сыр бойы. – 2005.-10 маусым.-1-2 беттер

10. Шамсутдинқызы Ш Мектеп: Бара бермей пара бер...: Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев назарына// Жас қазақ үні.-2007.-16 наурыз.-4 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________пәні

Тақырыбы: Пара беруді анықтаудың әдістемелері

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Пара беруді анықтаудың
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2. Пара беру қылмыстық –құрамын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1Пара беру туралы қылмыстық-құқықтық нормалардың
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2Пара берудің объективті және субективті
жағы ... ... ... ... ... ... ... 9 2.3Пара беру қылмысынан сақтандыру
мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13

3.Қазақстан Репбуликасындағы пара беру қылмыстық–құрамының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
3.1Пара беру қылмыстық -құрамының қоғамға қауіптілігі ... ... ... .17
3.2Қазақстан Республикасындағы пара беру–мемлекетіміздің дамуын тежейтін
қылмыстық әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алады. Елімізде жылма-жыл алға
өрлеушілік, дүние жүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс
беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты.
Мемлекетімізде екі мәрте 1993 және 1995 жылдары конституция қабылданды.
Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан
Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік
және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық
бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстар мен пәрменді күрес
жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы елдегі тұрақтылық пен тыныштықты
сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік
қызметшілердің лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030 атты халыққа
жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың
патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік
қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі
патриоттық сезімге толы жігерлікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету
мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде
қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды
қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі
саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай
мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа
байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
ішіндегі ең қауіптісі пара беру болып табылады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстыққа бой
алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі пара
берудің етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты
моральдық жағынан аздырады, жұртшылықтың мемлекеттік өкімет және билік
органдарына сенбеушілігін, құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау,
олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құқықты қорғаудың рөлін мүлде
теріс бағалау сияқтя көзқарастардың дамуына жол береді.
Пара беру мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп
келе жатыр. Пара берудің ұғымы, белгілері, түрлері, олардың ұқсас
қылмыстардан айырмашылығы, пара беру қылмыстарының басқа қылмыстармен
жиынтығы пара беру құрамдарының ауырлататын, өте ауырлататын белгілерін ашу
сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты зерттеу обьектісі болмаған.
Бұл мәселелерге арналған бірлі-жарым ғылыми мақалалардан басқа
республика көлемінде осы проблеманың табиғатын айқындайтын, оның ішінде
мемлекеттік тілде жазылған іргелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан
туындайтыны қылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардың бірі болып
табылатын пара беру мәселесі ерекше маңызға ие.
Мен осы курстық жұмыста осы құбылыспен күрес проблемаларының
айқындауға тырысамын. Заман өзгерген сайын, заң да, қылмыстық пара беру
құрамы да өзгереді. Оларға жаңа баға беруді, саралауды өмір талап етеді.
Осыған байланысты зерттеліп отырған Пара беруді анықтаудың әдістемелері
атты тақырып теориялық және практикалық жағынан да өте өзекті болып
табылады. Өйткені пара беруді анықтаудың әдістерінің ерекшеліктері, олардың
түрлерінің жекеленген белгілерін талдау, пара беру қылмысын саралаудың
қылмыстық құқықтық ерекшеліктерді, пара беру қылмыстары үшін тағайындалатын
жаза түрлерінің ерекшелігін зерттеу тақырыптың өте өзекті екендігін
көрсетеді.
Осы курстық жұмыста тереңірек зерттеу мақсатына жету үшін пара беру
құрамының белгілеріне жаңаша талдау жасап, оны анықтаудың методологиялық
ғылыми негіздеріне белгілеу, пара берудің жекеленген түрлеріне тән
белгілерді анықтау, осы тұрғыдағы заңдарды жетілдіруге ғылыми ұсыныстар
жасау мәселелерін жан-жақты қарастырамын.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық жауаптылықтың теориялық
проблемасын кешенді түрде зерттеп, пара беруге байланысты қылмыстық
заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасап, зерттеліп отырған тақырыпқа
байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың
бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
болып табылады.

2.1Пара беру туралы қылмыстық-құқықтық нормалардың шарттары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі бойынша парақорлық деген ұғым
үш түрлі қылмыс: пара алу, пара беру, парақорлыққа делдалдықтың жиынтығы
аясында қарастырылғаны көрсетілген. Осыған орай Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 312-ші бабына сәйкес пара беру мәселесіне терең
талдау жасаймыз.
1.Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген
адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру-
• Екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдерге жалақысы
немесе өзге табысы мөлшерінді айыппұл салуға , не екі жылға дейінгі
мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге қамауға, не
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет жасағаны
үшін немесе әлденеше рет пара беру немесе ұйымдасқан топтың пара беруі –
• Жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның жеті айдан бір жыл Жеті жүзден екі мың айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір
жылға дейінгі кезеңдерге жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде
айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге
, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген
адамға оның барын жасаған заңды іс-әрекеті үшін екі айлық есептік
көрсеткіштен аспайтын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру,
егер мемлкеттік қызметтер атқаруға укілетті адам не оған теңестірілген
адам жасаған іс-әрекет алдын-ала уағдаластықпен байланысты болмаса,
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын
алған болса немесе ол дама пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға
құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
[312-бап жаңа редакцияда –ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен]

2.2 Пара берудің объективті және субъективтік жағы.
1.Пара берудің обьектісі немесе оның қылмыс заты, ҚК 311 бапта
көзделген қылмыс құрамымен (пара алумен) толық түрде ұқсас болып келеді. ҚК
312-бабы 1-ескертуінде белгіленгендей, мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған іс әрекеті
(әрекетсіздігі) үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада немесе
құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер лауазымды адам жасаған іс-әрекет
(әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық
жауаптылыққа әкеп соқтырмайды.
2. Қылмыстың обьективтік жағы болып – мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы
пара беруі танылады. Аталған қылмыс құрамы формальды. Пара беру, лауазымды
адамның параны толық немесе жарым-жартылай алғанына қарамастан немесе сол
пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындауына байланысты болмаса
да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып саналады.
Егер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған
теңестірілген адамның пара берушімен пара алуы туралы келісімі жоқ болса
немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не параға
немесе сатып алуға араңдату болып табылады (ҚК 349-бабын қараңыз).
Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануы
туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы № 9 қаулысында Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың
басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамға пара
беру жолымен ойланған әрекеттер немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма
берсе, ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылуы тиіс, егер
аталған адам жүктелген істің сипатын біле тұрып, тек параны апарып берсе,
оның әрекеті парақорлыққа делдал ретінде сараланды деп түсіндірілген.
3.Параны беруде қылмыстың субъективтік жағы болып тікелей
қасақаналық табылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете
отырып, тікелей пара беруді ұйымдастырып, лауазымды немесе басқа адамға
пара бергендігі туралы білуі немесе тілеуі қажет.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
пленумының қаулысында құнды нәрселерді алудың немесе қызмет көрсетудің
шарттары, арнайы келісілмеген, бірақ қылмысқа қатысушылар параны
берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында табыс еткеннін түсінген
жағдайда айыпты адамдардың әрекеттері пара беру және пара алу деп
дәрежеленуге жатады. Басқа мақсатпен қымбат заттарды( мысалы мемлекеттік
қызметші өзінің қызмет бойынша бастығы қызының қолын сұрау үшін бағалы
сыйлық ұсынады) беру осы қылмыс құрамын құрамайды.
4.Пара берудің субъектісі болып -16 жасқа толған қандайда болмасын
адам табылады.
5. Аталған қылмыс құрамының екінші бөлігі дәрежеленген құрамды; көрнеу
заңсыз іс-әрекет,(әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға пара беру,
сол сияқты әлденеше рет, ұйымдасқан топтың пара беруін белгілейді.
Көрнеу заңсыз іс-әрекет әртүрлі сипатта болуы мүмкін; көрнеу заңсыз
жүргізушіні куәлігін пәтер беру, қылмыстық жауапшылықтан босату т.б.
6.Пара беруші адам пара алушы адамның жасаған әрекеттерін заңсыз
екендігін ұғыну маңызды болып табылады. Егер, пара лауазымды адамға
қылмыстық әрекеттерді жасауы үшін берілген болса, пара беруші адам
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 312-бабы 2-ші бөлігі бойынша және қылмысқа
айдап салуышы ретінде, қылмыстың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
Қылмыстың әлденеше рет жасалынуы Қылмыстық Кодекстің 11-бабында
белгіленгендей, яғни осы пара беру бойынша да қолдана аламыз. Осыған
сәйкес жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
қаулысы 7-тармағында, жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпеген жағдайда параны
алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет
жасалынса, онда аталған қылмыстар бірнеше рет жасалған деп есептелінеді.
Егер әр бір пара берушінің мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып
бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлде неше рет алынды
деп саралануы керек деп белгіленген.
Пара берушінің қажет еткен нәтижесін қамтамасыз ететінін орындағаны
немесе орындамағаны үшін параны әлденеше рет беру немесе алу, сол сияқты
алдын-ала келісіп, қылмыс жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру
немесе аталған жағдайларда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс
ретінде қаралмайды.
Ұйымдасқан топтың пара беруі, пара алудағы қылмыстың құрамы
түсінігімен ұқсас болып келеді. Аталған баптың 2-ші ескертуінде егер
мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам
тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған кезде немесе ол адам
пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен
хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп
марапаттаушы норма белгіленген.
Параны қорқытып алудың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 311- бабында
анықталған. Пара беруі туралы өз еркімен хабарлауы, ешқандай мәжбүрлеусіз
белгілі бір органға өз еркімен хабар беруін ерікті түрде деп айтуға
болады.
Пара бергендігі туралы белгілі бір органға мәлім болғандығы туралы
сезіп, артынан хабарлауы, ерікті түрде хабарлау деп танылмайды.
Пара беру туралы арызды қылмыстық іс-қозғауға құқығы бар органға яғни
прокуратураға , ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ, салық полициясына
берілуін заң талап етеді. Алдын ала пара беретіндігі туралы хабар берген
адам алдына мақсат қоюы мүмкін: пара алушыны ұстап беру, мұндай жағдайда
пара беруші адамдар Қылмыстық Кодекстің 312-бабының ескертуі екінші
бөлігімен байланысты емес, керісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс-жүргізу кодексі 37 –бабы 1-ші бөлігі екінші тармағы бойынша қылмыстық
қудаланудан босатылуы тиіс. Сондықтан құқықтық шарттарға сәйкес
жәбірленуші деп танылуы мүмкін.

2.3 Пара беру қылмысынан сақтандыру мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас
бөлігі.

Заңда пара берушінің қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары айқын
көрсетілген, ол туралы қылмыстық құқық теориясында айтарлықтай даулы мәселе
туындап отырған жоқ.
Қылмыстық құқық теориясында парақорлықпен күрес мақсатында заңды пара
алушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін реттейтін ережені
бекіткен дұрыс болар еді- деген пікір бар. Ш.Г. Папиашвили, тиісті
органдарға пара алған күннен бастап үш күннен көп емес мерзімде қылмыс
ашылмастан бұрын және пара берушінің мүдесіне қатысты келісілген әрекеттер
орындалмаса ерікті түрде арызданған жағдайда пара алушы қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін- деген пікір білдірген.
Белгілі бір шарттардың негізінде пара алушыны қылмыстық
жауапкершіліктен босатудың дұрыстығын құқық қорғау органдарының көптеген
қызметкерлері қолдап, олардың 61% осындай норманы енг3зу жайлы пікір
білдіреді. Бұл ұсыныс қолдауға тұрады. Пара беру-алу барысында әрқашанда
мұның бастамасын пара алушы болады деп ойлау қажет. Жиірек, ал соңғы кезде
өте жиі бастамашы пара берушіден шығып жүр. Ол лауазым адамын өз мәселесін
шешуге көндіреді. Ал егер пара беруші соңынан ерікті түрде пара бергені
жайлы хабарласа, онда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Лауазым
иесі пара алғаны үшін жауапқа тартылатын болады.
1926 жылғы РСФСР ҚК бойынша, онда пара беру пара алуға қарағанда өте
қауіпті қылмыс ретінде қарастырылған. Қазіргі кезде қалыптасқан әлеуметтік
–экономикалық жағдай, пара берумен алудың қоғамдық қауіптілігі деңгейін
белгілі қайта бағалауды талап етеді. Сонымен қатар пара берушілер көп
алғандықтан пара алуға олардың өздерінің құқығына, заңды мүдделеріне зиян
келуінен қауіптенгендіктен мәжбүр болады.
Демек, заңды түрде пара алушының белгілі бір жағдайда қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін белгілеген дұрыс.
Пара алудың орындаушысы тек қана заңда көрсетілген арнаулы субьект
болады, ал пара берудің, парақорлыққа делдел болудың субьектісі жай немесе
арнаулы субьект болуы мүмкін. Ал парақорлықтың ұйымдастырушысы, айдап
салушысы, көмектесушісі жай адамдар болуы мүмкін.
Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың аса қауіпті түрі, оның құрамдас
бөлігі пара беру қазіргі кезде ең қауіпті құбылысқа айналды. Қылмыстық
заңда пара беру әр түрлі тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Пара берудің
обьективтік жағының белгілерін зерттегенде осы қылмыстың істелу тәсіліне
мән берудің теориялық маңызы ерекше. Қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық
заңдар пара беру үшін жауаптылық істелу тәсіліне, қоғамдық қауіптілігіне
және мәніне қарамастан 1 ғана (312-бап) заң нормасында қарастырылған. әрине
бұл осы құбылыспен күреске өмір талабына сай келмейді. Жүргізілген
теориялық зерттеудің нәтижесінде, пара беру мерзіміне, пара үшін жүзеге
асырылатын іс әрекеттердің мәніне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: пара
сыйақы; параға сатып алуы; лауазым, қызмет бергені үшін пара беру. Бұл
көрсетілген пара беру тәсілдерінің қоғамға қауіптілік дәрежесі және мәні
бірдей емес, сондықтан да мұндай тәсілдерді бір ғана қылмыстық кодекстің
312 бабына біріктіріп, жауаптылық пен жаза бекітілу әділеттілік қағидасына
сай келмейді. Осыған орай қазіргі қолданып жүрген, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабын жетілдіріп, пара беру
құрамын төмендегі түрде жеке қылмыс құрамы ретінде, заң нормасында көрсету
керек сияқты.
1. Пара сыйақы – бұл пара алу субьектісінің пара беруші пайдасына
белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау арқылы сол үшін алдын-
ала келісілмесе де пара затын беруі, яғни пара субьектінің
қызметтік жағдайын пайдаланып, пара берушінің немесе оның өкілінің
мүддесіне жасаған іс-әрекеті үшін ақы ретінде алынады.
2. Параға сатып алу. Мұнда пара алу субьектісі пара берушінің немесе
оның өкілінің мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеті үшін қызметтік
өкілдігін пайдалана отырып, алдын-ала келісілген белгілі бір ақша,
бағалы заты, басқа да мүлікке құқығы немесе мүлікті пайдалануға
бола жүзеге асырады, яғни мұнда өкілеттікті пара затына сату орын
алады.
3. Лауазымды қызмет бергені үшін пара беру. Яғни пара алу субьектісі
мемлекеттік қызметі немесе лауазымды қызметті пайдаға сатады және
бұл алдын – ала келісім мемелкеттік жүйесі саласында жүзеге
асырылады.
Қазіргі қолданыстағы заңда пара алу мен пара берудің сараланатын
белгілері және оларға тағайындалатын жаза түрлері әр түрлі: пара берудің
(қылмыстық кодекстің 312 бабы) 2-бөлігі сараланатын белгілері тізбегінде
пара алудың (311-бабы, 4-бөлігі) сараланатын белгілеріне жататын адамдар
тобы алдын-ала сөз байланысып, немесе ұйымдасқан топ, немесе ірі мөлшерде
деген қылмыстық ұғымдар жоқ.
Пара алу мен пара берудің сараланатын белгілері, оларға тағайындалатын
жаза түрі мен мөлшерінде айырмашылық болмаған жөн. Осыған орай Қылмыстық
Кодекстің 311,312-баптарының сараланатын белгілерін бірде-бір жүйеге
келтіріп іс-әрекеттер үшін тағайындалатын жаза мәселесін бір ретке келтіру
ұсынылады.
Делдалдық пара алу мен пара беруді жалғастыратын жеке қылмыс түрі
болып табылады. Оның мәні делдал бесенді әрекет жасау арқылы пара алушының
немесе пара берушінің сұрауы, өтініші бойынша олардың арасындағы болған
келісімге сәйкес пара затын беруді ғана жалғастырады. Осыған орай
парақорлыққа делдалдықты парақорлыққа қатысудан – пара алуды, пара беруді
ұйымдастырушылардан, пара алумен беруге айдап салушылардан, пара алу мен
беруге көмектесушілерге ажырата білудің маызы ерекше.
Пара берудің тікелей обьектісі болып мемлекеттік аппараттың,
мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, қарулы күштердегі басқа да әскерлер
мен әскери бөлімшелердің, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Парақорлықтағы делдалдық
Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Парақорлық қылмыстарын саралау
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Пәндер