Қазақ орфографиясындағы бас әріп және кіші әріптің қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филoлoгия жәнe көптілді білім бepy инcтитyты
Aкaдeмик C. Қиpaбaeв aтындaғы Қaзaқ тілі мeн әдeбиeті кaфeдpacы
«Қopғayғa жібepілді»
« » , 2021 жыл, №___ Xaттaмa
Кaфeдpa мeңгepyшіcі, ф. ғ. д., доцент
Н. Ә. Илъясова
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі бас және кіші әріп орфограммасын кодификациялану негіздері
5В020500 - « Филология »
ОРЫНДАҒАНДАР: Естайқызы Д.
Жұматаева А. Қ.
Сайыпова М. Б.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:
ф. ғ. к., аға оқытушы Әміржанова Н. С.
Алматы, 2021
Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары
Тапсырма берілді «15» қыркүйек 2021ж.
Ғылыми жетекші:
Ф. ғ. к., аға оқытушы Н. С. Әміржанова
Студент: А. Қ. Жұматаева
Студент: Д. Естайқызы
Студент: М. Б. Сайыпова
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
1 Қазақ тіліндегі бас әріп орфограммасының кодификациялануының ғылыми негізі
- Қазақ орфографиясындағы бас әріп орфограммасының кодификациялану тарихы . . . 6-12
- Қазақ орфографиясындағы бас әріп және кіші әріп қызметі . . . 13-17
2 Қазақ тіліндегі бас және кіші әріп орфограммасына қатысты ұстанымдар мен қиындықтар
2. 1 Қазақ орфографиясындағы ұстанымдар: бас және кіші әріппен жазу ұстанымдары . . . 18
2. 2 Мерзімді басылым беттерінде кездесетін орфографиялық қиындықтар . . . 19-23
2. 3 Бас әріп орфограммасын кодификациялау жолдары . . . 23-27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29-30
ҚОСЫМШАЛАР . . . 31-46
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның жаңалығы мен өзектілігі. Қазіргі тіл ғылымында бас және кіші әріп орфограммасын кодификациялау негіздері нақтылану, жүйелену кезеңінде тұрғандығы белгілі. Бұл мәселе қазіргі қазақ тілінде өзіндік орны бар елеулі құбылыстардың қатарына жатады. Сондықтан, аталған бас және кіші әріп орфограммасын жазуды қазақ тілі емле ережелерінің заңдылықтарын сақтай отырып қолға алу керек.
Жалпы қазақ тілінің емле ережелері жөнінде алғашқы зерттеулерді жүргізген А. Байтұрсынұлы болса, кейіннен ол қатарды Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанов, Қ. Кемеңгерұлы, Е. Омаров, Ж. Аймауытұлы, Қ. Басымов, Т. Шонанов, С. Аманжолов толықтыра түскен. Бертін келе, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Айдаров, Т. Құрышжанов, Р. Сыздықова, А. Аманжолов, Б. Әбілқасымов, М. Томанов, Т. Қордабаев, Н. Оралбаева, Н. Уәли, С. Хасанова, Ә. Жүнісбеков, С. Мырзабеков, Қ. Күдеринова, Ш. Мәжітаева, Г. Мамырбекова осы саланың қыр-сырын үйлестіріп, іргелі зерттеу тұжырымдарына өз үлестерін қосқан болатын. Соңғы жылдары ғылымның сан-алуан салаларында бас және кіші әріпті қолдануға, олардың латын әліпбиімен жазылуына байланысты жүргізілген зерттеу барысында көптеген ізденуші ғалымдардың мақалалары жарық көре бастады. Олардың қатарында Н. Әміржанова, А. Алдаш, Э. Өтебаева, Қ. Рысберген, З. Садырбаева және т. б. еңбектерін атауға болады.
Дегенмен де қазақ тіл біліміндегі осы мәселенің әлі де зерттей, жүйелей түсетін тұстары көп. Соңғы жылдардағы өзге тілдерде жүргізіліп келе жатқан лингвистикалық зерттеулерде осы бас және кіші әріпке байланысты тіл құбылысының жаңаша түрде зерделеу байқала бастады. Сондықтан да, қазақ тіл білімінде осы бағытта бас және кіші әріптің негізгі қызметтерін, жаңа фунцияларын анықтау, бас әріптерді қолданудың қағидаларын (принциптерін) қарастыру, БАҚ-тағы қолданысын айқындау және бастысы тың тақырып болуы зерттеу жұмысымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Дипломдық жобаның мақсаты: Қазіргі қазақ орфографиясындағы бас және кіші әріппен жазылатын сөздердің кодификациялану жолдарын қарастыру.
Дипломдық жобаның міндеттері: Аталған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылды:
- қазақ орфографиясындағы бас әріп орфограммасына байланысты әдебиеттерді жинау;
- бас және кіші әріп кодификациялану тарихын қарастыру;
- қазақ орфографиясындағы бас және кіші әріп функциясын сипаттау;
- бас және кіші әріппен жазылатын сөздердің жазылуында кездесетін қиындықтарға байланысты тілдік материалдарды қарастыру;
- бас әріп функциясының қызметі мен негізгі параметрлерін анықтау;
- бас және кіші әріпке қатысты жазуда қиындық келтіретін орфограммаларды талдау.
Күтілетін нәтиже: - қазіргі қазақ емлесінде бас және кіші әріптерді қолдану тілдің белгілі бір жүйеге қалыптануын (кодификациялану) реттейді;
- тіл біліміндегі бас және кіші әріптердің қызметі мен функциялары анықталынды;
- бас әріптерді қолдануға арналған принциптер (синтаксистік, морфологиялық, семантикалық, сөзжасамдық) сөзді стилистикалық ерекшелеуге, эмотивтік реңк беруге, функционалдық стил түрін айшықтауға, аббревиатураны графикалық түрде көрсетуге қызмет етеді;
- БАҚ беттеріндегі бас және кіші әріп орфограммасының бұзылуы - қолданыстағы біркелкілікті жояды;
- нормаға сәйкестіндірілген жазу емлесі - сауаттандырылған жазба тілінің әдеби көрсеткіші; әлеуметтік сипаттағы жаһандық өзгерістер қазіргі қазақ жазуының әртүрлі стильдерінде бас әріптің жаңа функцияларын қалыптастыруға және дамытуға септігін тигізді. Осылайша, ол нормативтік орфографиялық ережелер мен практика арасындағы айтарлықтай сәйкессіздіктерге әкелдітіл біліміндегі бас және кіші әріптің дәстүрлі функцияларының айтарлықтай өзгеруі, жаңа қызметтерінің пайда болуы, олардың кең таралуы анықталды. Атап айтқанда, бас әріптің этикеттік, эмотивтік, назар аудару және т. б. функциялары анықталды;
- бас және кіші әріптің өзге тілдердегі қолданысы, ерекшеліктері қарастырылып, қазақ тіліндегі қолданылу заңдылықтары жан-жақты, жүйелі түрде зерттелініп, мысалдармен түсіндірілді;
- қазіргі емле анықтамалықтары мен практикалық құралдар ұсынатын бас немесе кіші әріптерді таңдау ережелеріне негізделген негізгі критерийлер талданды;
- бас әріптің емле ережесін біріздендіріп, нәтижесінде мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік құрастырылды.
Мазмұны: Ұсынылып отырған жоба қазақ орфографиясындағы әріптік орфограмма түріне жатпайтын бас және кіші әріптің кодификациясына байланысты. Жұмыста бас және кіші әріптің қызметі, жазылуда негізге алынатын принциптер сипатталады. Мерзімді басылым беттерінен орфографиялық қиындықтарға байланысты мысалдар жиналып, оларды кодификациялау жолдары ұсынылады.
Топ (команда) мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама:
Ұсынылып отырған жоба жұмысының мүшелері Естайқызы Д., Жұматаева А. Қ., Сайыпова М. Б. төмендегі бөлімдеріне жауапты болды.
Сайыпова Мәдина Болатбекқызы:
Қазақ тіліндегі бас әріп орфограммасының кодификациялануының ғылыми негізін және қазақ орфографиясындағы бас әріп орфограммасының кодификациялану тарихына шолу жасады (1. 1 тарауша) .
Естайқызы Динара:
Қазақ орфографиясындағы бас әріп және кіші әріп қызметін анықтап (1. 2 тарауша), бас және кіші әріп орфограммасына қатысты ұстанымдар мен қиындықтарға байланысты талдау жасады (2. 1 тарауша) .
Жұматаева Ақтоты Құрбанқызы:
Мерзімді басылым беттерінде кездесетін орфографиялық қиындықтарға байланысты мысалдарды жинап, сұрыптады және бас әріп орфограммасын кодификациялау жолдарын көрсетті (2. 2, 2. 3 тараушалар) .
Топтың әр мүшесі жұмыстың практикалық бөліміндегі мысалдарды жинақтауға атсалысты.
Жобаны жүзеге асыру этаптары. Жоба жұмысы үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде жұмыстың тақырыбы таңдалып, бекітілді. Жұмысты орындау тәртібін анықтап, негізгі мақсаты мен міндеттері айқындалды. Бас және кіші әріпке қатысты жазылған еңбектерді сұрыптау, талдау жұмыстары жасалды.
Екінші кезеңде жүйелеу, салыстыру, сипаттама, жинақтау әдістері бойынша бас және кіші әріп орфограммасын кодификациялау негіздері анықталды. БАҚ көздерін жинап, мысалдар толықтырылды.
Үшінші кезеңде жоба жұмысының тұжырымдарын жүйелеу, нақтылау бойынша қорытынды жұмыстар жасалды. Мәліметтер өңделді. Жұмысты қорытындылап, оны рәсімдеу және безендіру іске асырылды.
Жобаның перспективасы мен жүзеге асырылуы: Ұсынылып отырған жоба жұмысы қазақ тіл білімінің орфография саласындағы ортологиялық құралдар үшін өз үлесін қоса алады. Жұмыста ұсынылған материалдарды, тұжырымдарды жоғарғы оқу орындарындағы міндетті және таңдау компонентіндегі кейбір курстарға қосымша материал бола алады. Сондай-ақ мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамытуға ықпалын тигізеді.
Жоба жұмысы 2020-2021 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтында жүзеге асырылды.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАС ӘРІП ОРФОГРАММАСЫНЫҢ КОДИФИКАЦИЯЛАНУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
- Қазақ орфографиясындағы бас әріп орфограммасының кодификациялану тарихы
Қазіргі қазақ емлесінде бас және кіші әріптерді қолдану, олардың кодификациялануы тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ең алдымен кодификация терминінің мазмұнына тоқталатын болсақ, «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» кодификация [лат. codificatio] - қалыптану (белгілі бір тілдің нормасына айналған, айту, жазу нормаларына тускен тілдік бірліктердің заң, сөздіктер арқылы бекіту, жүйелеу, реттеуі» дегенді білдіреді деп көрсеткен [1, б. 66] .
Жалпы кодификация сөзі тілдік жүйеге сәйкестендіру, ретке келтіру, заңдастыру, қалыптандыру дегенді білдіреді (1-сызбаны қараңыз) . Жалпы теориялық лингвистикалық еңбектерде кодификацияның норма ұғымымен тығыз байланысты. Норманың 3 түрі бар. Олар: тілдік, коммуникативтік және этикалық.
1-сурет. Кодификация терминінің мағынасы
Әдеби тіл нормаларын кодификациялау, бір жағынан, тілдік тәжірибеге сүйенсе, екінші жағынан, тіл құрылымын зерттеген еңбектердегі нәтижелерді негізге алды. Тілдік тәжірибеде баспа өнімдерінің, әсіресе көркем әдеби шығармалардың, мерзімді басылымдардың жарық көруі т. б. тәжірибелер тілдік норманың саралана түсуіне айрықша ықпал етеді. Тілдің кодификациясы әр жағдайда әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, бұл жазу жүйесін дамытуды, грамматиканың, орфографияның, айтылымның және лексиканың нормативтік ережелерін белгілеуді, сөздіктерді және сол сияқты нұсқаулықтарды шығаруды білдіреді. Демек, кодификация практикалық, теориялық мәселелерімен тығыз байланысты.
Бірақ қандай да бір тіл болмасын, ол тілде әрдайым тұрақты, нақты ережелер жүйесі болады. Сондықтан жазбаша тілде және құжаттар мәтіндері, сөздіктер мен анықтамалықтарда бекітілген орфографиялық нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді. Алайда жазу тәжірибесінде бірнеше жыл бұрын бұл Сондықтан да, бұл жұмысымызда қазақ тіліндегі түйткілді мәселенің бірі болып табылатын, бас және кіші әріп орфограммасының кодификациялану жолдарын анықтау ерекшеліктеріне талдау жасамақпыз. Сол арқылы қазақ тілінің тарихын, оның өз мүмкіндіктерін қалай пайдаланғаны жайында, бас және кіші әріпке қатысты емле ережелеріне, оның өзіндік ерекшелігі, жаңалығы жөнінде өзіндік пікір түйеміз.
Қазақ тіл біліміндегі орфография мен графика саласының жүйелі түрде зерттелінуі 1920 жылдардан бастау алады. ХХ ғасыр - қазақ жазба мәдениетінің ұлттық негіздегі төл жазуына биіктеген заманы. Осы кезде қазақ ұлтының үнін жырлап, мұңын мұңдаған Алашшылдар, бір ұлттың рухани әлемінде тамыр тартқан тұтас бір тілдің негізін салушы қазақ зиялылары бір төбе еді. Жат тілдің шылауындағы ана тілімізді жаңғыртып, ұлттық тілге реңк еңгізіп, ұлығылаған қазақ зиялыларының көш басында А. Байтұрсынұлы тұрды. Оның 1912 жылы шыққан «Оқу құралы» қазақ тілінің жазба мәдениетін екшелеп, орфографиялық ережелерін жүйелеп, бірізділікке түсіре бастады. Бүгінгі қолданыстағы қазақ тілінің жинақталған емле ережелері, орфография, орфоэпия принциптері сол Ахмет Байтұрсынұлы салып кеткен сара жолдың саңлағы, көне көздің ізі. Осы саланың қарыштап дамуына өзіндік тың ойларымен, құнды ғылыми еңбектерімен өзіндік үлестерін қосқан қазақ зиялыларының қатарын Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанов, Қ. Кемеңгерұлы, Е. Омаров, Ж. Аймауытұлы, Қ. Басымов, Т. Шонанов, С. Аманжолов еңбектері ерекше.
Қазақ орфографиясының ғылыми және практикалық мәселелерінің кодификациялануына ерекше үлес қосқан ғалымдардың бірі - Р. Сыздық. Ғалымның сөз қолданысы мен әдеби норма мәселелеріне арналған («Жазушы және сөз мәдениеті», Алматы, 1983, «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» Алматы, 1987) атты теориялық зерттеулері жарияланды. Қазақ тіл білімінде норма мәселесін теориялық тұрғыдан алғаш сөз еткен 2001 жылы жарық көрген «Тілдік норма және оның қалыптануы» еңбегі. Мұнда әдеби тіліміздің қолданысында қалыптасқан лексика-грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарды жүйелеп, әдеби тіл нормасының қазіргі қалып күйін санамалап көрсетеді.
Қазақ тілі нормаларын кодификациялауда жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеретін практикалық құралдар («Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1960, 1974, 1988, 2001) және де емле ережелерін жүйелеп көрсететін («Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жөнінде анықтағыш», 1959, 1974, 1994, 2000), орфоэпиялық нормаларды тиянақтаған («Сөз сазы», Алматы, 1983, 1995, 2000) еңбектері жарияланды [2, б. 42] .
Рабиға Ғалиқызының 2014 жылы басылған көптомдық шығармалар жинағына «Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы) », «Сөз сазы», «Сөзді дұрыс айту нормалары» тақырыптары негізгі арқау болады. Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі - тілдік нормаға анықтама беріліп, оның меже-белгілері, түрлері көрсетілді; қазақ әдеби тілінің соңғы он жылдықтағы күй-қалпы реттеліп, оның теориялық-практикалық негіздері әңгіме болды [3] .
Емле ережелері мен бекітілген нормалардың бірізді жүйесі, тыныс белгілерін қою қағидалары «Қазақ тілінің анықтағышында» жинақталып берілген.
Профессор Р. Сыздық «Емле және тыныс белгілері» еңбегінде орфографияның негізгі мәселелері қатарына бас әріптің қолданылуын жатқызады [4, б. 9] .
Қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларын жетік зерттеуде көп үлес қосқан ғалымдардың бірі - Нұргелді Уәли Мақажанұлы. Нұргелді Мақажанұлының 200-ден асатын ғылыми мақаласы бар. 2006 жылдан бастап жарыққа шыға бастаған «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» нұсқаулығын жасаған. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүзеге асқан аталмыш еңбектің бүгінгі күнде I-XIII томы жарық көрген. Еңбектің сапасын арттырып, сөз байлығын көтеруде ғалымның қосқан үлесі зор.
Н. Уәли мен А. Алдашеваның бірлесуімен жарық көрген «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» атты еңбегі қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық базасын күшейту мақсатында сөздіктер құрастыру, емле ережелерін жасап, өзгерістер енгізуге септігін тигізуші құрал ретінде пайдаланылады. Еңбекте бас әріптің қолданылатын орындары көрсетіліп, жалқы есімдер мен күрделі атауларлың негізгі түрлері топтастырылады: а) орыс орфографиясына сәйкес бас әріппен жазылатын күрделі атаулар мен жалқы есімдер; ә) Қазақ тілінің өз табиғатына тән жалқы есімдер мен күрделі сөздердің жазылуы [5, 108-110 бб. ] .
Сонымен қатар қазақ орфографиясының қарыштап дамуына елеулі еңбек еткен тағы бір ғалымдарымыздың бірі - Құралай Кудеринова. Еңбектерін атап айтсақ 2000 жылы «Бірге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасы» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2006 жылы «Қазақ жазуының теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» 15 томдығының редакторы, 2 ғылыми монография мен 70-тен аса мақалалардың авторы. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» пәнінен алғаш рет оқу-әдістемелік кешен жазған. Бірнеше орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктің авторы.
Жалпы тіл білімінде орфография саласын зерттеушілердің кейбірі бас және кіші әріппен жазу орфографияның мәселесі емес, ол графиканың мәселесі деп түсіндіреді.
Қазақ тілінің графикалық жүйесінде әріптерді кіші және үлкен әріптерге бөлудің лингвистикалық табиғаты жеткілікті түрде зерттелмеген. Ал әріптерді кіші және бас әріптерге бөлу біртіндеп дыбыстық жазуда (грек, латын, славян тілдері) қалыптасты. Оларда да бастапқыда қазіргі бас әріпке жақын бір ғана емле болған, ал кейінірек кіші әріптер пайда болған екен. Ең көне қазақ қолжазбаларында зерттеушілер әріптерді кіші және бас әріптерге бөлу болмағанын, бірақ сонымен бірге әр әріптің қазіргі не кіші әріпке, не керісінше, қазіргі бас әріпке ұқсайтын стилі, өзіндік сызбасы болғанын анықтаған.
Бас және кіші әріппен жазу қазіргі қазақ емлесінің ең қиын және зерттеуді әлі де қажет ететін мәселелерінің қатарына жатады. Бұл емленің қиындықтары міндетті ережелердің жоқтығынан емес, оларды әртүрлі жағдайларда қолдану мүмкіндігінен туындайды. Тарихи тұрғыдан, әріптерді бас және кіші деп бөлу функционалды себептерге байланысты негізделді. Себебі, олардың шеңбері жалқы және жалпы есімдер мен сөйлемнің алғашқы сөзінің бірінші әріппен немесе басқа сөздерінің кіші әріппен жазылуы (номинативті және синтаксистік функциялар) секілді міндеттерімен анықталды. Орфографиялық ережелер мен ұсыныстардың жинақтары осы уақытқа дейін бас әріптің осы екі дәстүрлі функциясымен шектелген.
Әдебиеттерде әріптерді бас және кішіге бөлу ежелгі финики және грек әліпбилерінен басталады. Грек және латын тілдерінде жасалған алғашқы жазуларда қазіргі бас әріпке жақын Майускула жазуы қолданылған. Зерттеушілер сонымен қатар әріптердің өлшемі бойынша бөлінуін ең ежелгі кириллица жазуынан басталады деп болжам жасайды.
XVI ғасырда мәтіннің бөлінуіне байланысты бас әріптер мәтіннің басында және сөйлемнің соңындағы нүктеден кейін жаңа сөйлем басында қолданыла бастады. Бастапқыда бас әріптерді қолдану ережелері болған жоқ. Милетий Смотрицкийдің грамматикасында мұндай ережелерді орнатудың алғашқы әрекеті көрсетілген (өлеңнің басын бас әріппен жазу, адам немесе жер-су атаулары, ғылым атаулары), бірақ олар кең таралмады. Кейінірек Я. К. Грот «Русское правописание» кітабының негізгі бөлігінде бүгінгі күнге дейін сақталған бас әріптерді қолдану ережелерін ұсынды [6, б. 305] .
Бас әріптерді қолдану принципі ғасырлар бойы дамып отырды. XIX ғасырдың ортасында Н. И. Греч, Ф. И. Буслаев және т. б. Ғалымдардың грамматикаларында маңызды тұжырымдамаларын табамыз. XIX ғасырда бас әріптермен қазіргі таңда жазылмайтын сөздер бас әріптен басталды. Мысалы, халықтардың атаулары ( Орыстар, Шведтер ), ғылымдар мен өнердің атаулары ( Арифметика, Әлем тарихы, Мүсін, Сәулет) және басқалары бас әріппен жазылды.
Н. М. Карамзин кірме сөздерді және көптеген «құрметті кісілердің» есімдерін бас әріппен жазады: Автор, Әдебиет, Кейіпкер және т. б. Я. К. Гроттың айтуы бойынша, бұрын бас әріппен аз сөздер жазылған. Дегенмен де, халықтардың атауларын орыс хатында кіші әріппен жазу тек ХХ ғасырдың басында бастау алған [6, б. 308] .
Бас әріптерді қолдануға арналған ең толық анықтағыш Д. Э. Розентальдың «Справочник по правописанию и литературной правке для работников печати» [7] атты еңбегі болып табылады.
Жалпы бас және кіші әріптердің нақты тілдік ерекшелігі бүгінгі күнге дейін жеткілікті түрде зерттелген жоқ. Дегенмен де, оларды неліктен қолдана бастағанымызды білу үшін тақырыптың тарихына тоқталып кеткеніміз жөн деп ойлаймыз.
1926 жылы Баку қаласында өткен І Түркологиялық съезде ең алғаш болып түркі тілдерінде бас әріпті қолдануға алу немесе алмау мәселесі талқыға салынады. Кейіннен 1927 жылы Самарқант қаласында өткен жиналыста да осы мәселе қозғалған болатын. Сонымен қатар 1929 жылы Орталық және әліпкіндік комитетінің ұйымдастыруымен болған ІІІ пленумда бұл тақырып тағы көтеріліріп, зерттеу мәселесіне айналады.
Қарастырылған мәселе төңірегінде түрлі көзқарастар пайда болады. Біреулері бас әріпті қолдап оны түркі тілдеріне енгізген жөн десе, енді біреулері оны қолданудың мүлде қажеті жоқтығын айтады. Осы тұрғыда ғалымдардың бірқатары кіші әріпті үлкейтіп, барлығын бас әріппен жазуды да ұсынады. Осындай қарама-қайшы пікірлердің орын алуының салдарынан түркі халықтарына осы мәселені шешуге уақыт беріледі. Осы уақытта Қазақстанның әр бір жерінде, атап айтсақ, Омбыда, Алматы қаласында оқытушылар мен студенттер бас қосып, бас әріпті қолдану мәселесі төңірегенде айтыстар жүргізеді. Нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: « . . . бас әріп мәселесіне жұртшылық түгел қатысып, өз ойларын ортаға салсын және жер-жерлерде айтыстар ұйымдастырылсын» [8, б. 201] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz