Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Бастауыш сыныпта әңгіме жанрын оқыту

Жетекші оқытушы: Құрманғалиева Қ. Ж

Студент: Жаңабай Нұрдана Махсетқызы

Топ:

Оқу пәнінің атауы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Алматы

2024

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ5-7

1. Әңгіме жанры. Әңгіме жанрының бағыттары7-13

1. 1. Эпикалық шығарма-әңгіме жанрын оқытудың маңызы___13-18

1. 2. . Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері18-21

2. Әңгіме жанрларының ерекшелігін ұғындыру21-25

2. 1. Бастауыш сыныпта әңгіме жанрын оқыту25-28

ҚОРЫТЫНДЫ 29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Зерттеудің негізгі өзектілігі бастауыш сыныптарға әңгімен жанрын оқытудың маңызы мен мәнін игерту. Балалардың әңгіме мен басқа жанрлардың айырмашылығын білуге бағыттау. Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай- ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Балаларды жанр түрлерімен таныстыру, әңгіме жанрына ерекше назар салу. Оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқи алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болуға бағыттау. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы кең екенін ұғындыру.

Курстық жұмыста қойылған міндеттер:

- Әңгіме жанрына анықтама беру;

-Жанр түрлерімен таныстыру;

-Бастауыш сыныптарда әңгіме жанрын оқудың мәні мен маңызын сездіру.

Курстың жазылу әдісі. Жұмыста топтау, сипаттама, талдау, түсіндіру, салыстыру әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында зерттеуде қолданылған әдебиеттер тізбесі берілген.

Негізгі бөлім

1 . Әңгіме жанры. Әңгіме жанрының бағыттары.

Мектептегі оқу мен тәрбие оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту әдебиет пәнін оқытудың күрделі жұмыстарының бірі болып саналады. Бұл мәселелерде де оқушының психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Осыған орай әңгіме жанры мектептегі қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әр сыныпқа жіктеліп берілген. Бұл бағытта әңгіменің көлемі, мазмұны, көркемдік ерекшелігі ескерілген. Мысалы: 3-4 сынып оқушыларын әңгімеде көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. Бұл жастағылар- психологиясы, мінез- құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемдегі әңгімелер беріледі. Әсіресе, 3 сынып оқушылары өте қиялшыл, сенгіш болып келеді. Олар- қимыл- қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, барлық нәрсені шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Сондай ерекшеліктеріне қарай, тіпті, олардың оқулықтарында Құран Кәрімдегі түрлі

аңызға ұқсас оқиғаларға құрылған «Сымайыл», «Зәмзам» деген әңгімелер де берілген. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, бұл оқушылар поэзия, драмалық шығармалардан гөрі, әңгімелерді, қара сөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Олардың осы қасиеттерін мұғалім дер кезінде бағалап, одан айрылып қалмаудың жолдарын іздестіруі керек. Ол үшін оларға кітапты қалай оқу керектігін, оқып отырып, неге назар аудару керектігін меңгертіп, оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасап, ақыл-кеңес беріп отыру керек. Бұл бағытта оқушыға арнайы дәптер бастатып, оқыған әңгімелерін, оның қысқаша мазмұнын, кейіпкерлерін жазғызып отыру тиімді. Бұл жұмысты жасай отырып, оқушы үнемі кітап оқуға оның мазмұнын есте сақтауға дағдыланады.

3-4 сынып оқушылары әңгіменің жалпы табиғатына, тақырып, идеясына, көтерілген мәселелерге терең үңіліп, жүйелі түсінуге ұмтылады. Себебі балалар есейген сайын психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктері айқындалады. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарасымен қарай бастайды. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т. б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т. б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр - әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т. б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі) . Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М. Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

Әңгіме эпикалық шығарма. Сондықтан басқа жанрға қарағанда әңгіме жанрын оқытудың өзіндік ерекшеліктері баршылық. Әңгіме жанрын оқытуда алға қояр мақсаттар:

1. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

2. Оқырмандық тұрақты ынта- ықыласы, биік талғамды қалыптастыру;

3. Оқушыны әңгіме жанрын және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және білікпен қаруландыру;

4. Оқушының логикалық ойына, ауыз екі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін әңгімені оқытуда белгілі бір міндеттер жүзеге асуы тиіс. Олар:

- Әңгіме мәтінін оқытып, мазмұндап меңгерту;

- Әңгімені табиғатына сай оқуға үйретіп, оның идеялық- эстетикалық мән- мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына әсер ету;

- Әңгімені оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятып, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

- Әңгіме жанрының ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге болатын білім, білік, икем- дағдыларды қалыптастыру;

- Әңгіме жанрын оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылар шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау;

- Оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

- Ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой- пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу болып табылады.

Оқушыларды ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін үйрету- оқыту мен тәрбие жұмысының ең маңызды мәселесі. Адамның күнделікті тұрмыста, қоғамдық жұмыс барысында өз ойын ауызша және жазбаша жүйелі, дұрыс сөйлей білуі мен сауатты жазуының маңызы зор. Бұл мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушыларды сөз қадірін біліп, оны орында қолдануға үйретеді, өз пікірін анық, айқын жеткізе білуге баулу мектепте, әсіресе, қазақ әдебиеті, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асады. Оқушылар қазақтың әдеби тілін көркем шығармаларды оқу барысында жаттығу жұмыстары арқылы меңгереді. Әңгімені оқытуда тіл дамыту жұмыстарын мәтінді талдаумен, әңгімені мәнерлеп оқумен, ауызша мазмұндаумен, жоспар құрумен, тығыз байланыста жүргізген тиімді. Ауызша, жазбаша тіл дамытуда мынадай жұмыс түрлері орындалуы тиіс:

1. Сөздік жұмысы;

2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау, ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис ретінде мазмұндау, б) мәтінді екінші жақта мазмұндау, в) қажетті үзінділерді мазмұндау, т. б.

3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар.

4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма; ә) ұнаған эпизод бойынша шығарма; б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру.

Әңгімені оқытуда да, жалпы оқыту процесіндегідей мына екі түрлі қызмет жүзеге асады. Біріншісі- мұғалімнің оқытуы, екіншісі- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқушының қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі- әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері- кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беру әдісі- оқушының білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі-оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әңгіме мазмұнына сай пікірталас тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін арттыратын тәсілі болып келеді. Әңгімені оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималандыру» деген еңбегінде әдістерді үш топқа жіктейді:

1. Оқушыларды оқу- таным қызметін ұйымдастыру әдістері;

2. Оқушылардың оқу таным қызметін көтермелеу әдісі.

3. Оқу- таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Оқыту әдісі дегеніміз оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы тәсілі. Әңгімені оқытуда әдістерді оқыту құралдарынан ажырата алуымыз керек. Әдіс тек әрекетпен байланысты, ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы керек. Ал әр түрлі құралдарды қолдану әдістерге бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп атаймыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгертеміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді таңдап алады.

Әңгімені оқытуда әдістерді қай мәнге пайдалану тиімді екенін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:

Сөздік әдісі Көрнекілік әдісі Тәжірибелік әдісі Зерттеу әдісі

Сөздік әдістерінің әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болады. Сөздік әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда жазушы өмірінен мәлімет бергенде, мәтін мазмұнын түсіндіргенде, талдағанда қолданылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, оқушының психологиясына әсер ету мақсатында қолданылады. Бұл топқа иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер, т. б. жатады. Оқушыны қызықтыру, ынталандыру мәселелерініңде маңызы зор. Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл топқа әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда кітаппен жұмыс кезінде жазушы тілі, стилін анықтауға тиімді. Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушылардың іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Әңгіме жанрын оқыту мұғалімнен көптеген ізденісті, шығармашылықты, дайындықты талап етеді. Мұғалім сабаққа шеберлікпен дайындалып, түрлі әдіс- тәсілдермен оқушылардың қызығушылығын оята білсе, әңгімені оқыту барысында көптеген айтарлықтай нәтижеге қол жетуге болады. Әсіресе, өзіндік белгілері, ерекше белгілері бар әңгіме жанрын баланың жан- жақты қалыптасып дамуының негізі болып табылады. Әңгіме баланың өзін- өзі тәрбиелеуіне, басқаларды танып білуіне ықпал жасайды. Сондықтан мектепте эпикалық жанрды соның ішінде әңгіме жанрын оқытудың маңызы ерекше зор.

Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқалары. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

1. 1. Эпикалық шығарма-әңгіме жанрын оқытудың маңызы.

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? дегендей. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

Көркем образдары, образдар галереясы.

Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай) . Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.

Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады.

Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту. Мектепте 4-томдық эпопеяны оқытудың ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.

Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып, пайдалану. Оның тиімділігі: төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әріресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.

Әңгіме жанрын оқыту

Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.

Мысал жанрын оқыту.

Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек.

Қазіргі өмір талабы - оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады. Мен осы орайда сабақтарымда қолданып жүрген әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындарымен бөліскім келеді.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту болып табылады

Эпикалық шығармалар арқылы дүниені тану басқаша болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де болады әрі жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты ажырата бастайды. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру арқылы мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді. Сондықтан дидактикалық ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

В. А. Сухомлинский «Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігінде, мәдениеттілігіне байланысты». Шынында оқушылардың білімділігі тікелей мұғалімге байланысты.

Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі - халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.

Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме жанры туралы түсінік
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері
Әңгіме жанрымен тереңірек танысу
Әңгіме - эпикалық шығарма
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz