Менеджмент басқару ғылымы ретінде


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫП: Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Орындаған:
Топ:
Қабылдаған:
Қарағанды 2023
Мазмұны:
I. КІРІСПЕ. . 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ4-25
2. 1. Менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы
2. 2. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
2. 3. Қазіргі қоғамдағы менеджмент
2. 4. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы
2. 5. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
2. 6. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.
2. 7. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.
III. ҚОРЫТЫНДЫ. 26
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
- КІРІСПЕ
Менеджмент” түсігінің анқытамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интелектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдында қойған мақсаттарына жете алуына айтады.
Мағынасы бойынша “менеджмент” термині “басқару” терминімен ұқсас. Алайда қазіргі түсінік бойынша “басқару” ұғымынан “менеджмент” ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильді және бсқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару . Ал “менеджмент” термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік - экономикалық процестерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды. Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс - қимылдарды ұйымдастыру.
Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар:
“Адамдардық қатынстар”мектебінің өкілі Паркер - Ролеттің анықтамасы: “Менеджмент - басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету”.
“Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарық жағдайындағы оның қызметшілері”(1988 ж. Шетелдік сөздер сөздігі) .
“өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы”(Американдық энциклопедия) .
“Адамдар көмегімен тиімді жету және қойылым”Менеджменттінің 3 маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.
X-XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу Насыр Әл -Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әмішілердің жалған көріпкерлердің ғылыми негізінде дәлелдеді. Оның азамат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кеде Қазақстан ғалымдары Әл -Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы» -бұл әкімшілік, азаматтық және
қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы қазақ жинағы болып табылады. «Жеті -жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс -құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымы теориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікі ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтандырылған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
XXIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды роль атқарды. Өзінің он жылдық басқару кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.
XIX ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің басында ғылым -атқарушы Ш. Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық мәдени -артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отаршылдық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы -демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.
XX ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшелінеді . Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С. Меңдешов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, С. Сейфулин, Б. Малин, І. Жансүгіров және т. б. Торғай обылысында - Ә. Бөкехйанов, Жетісуда- М. Тынышпаев, Түркістанда- М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып тағайындалғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.
XX ғасырдың 90- шы жылдарында Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік -бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді.
Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және ары қарай зертттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарды.
2. 2. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бізідің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез еңді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда « басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе- сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі -бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етуімен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейінен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқару және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болады.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі. (1)
«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент -бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі»
Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғаңымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
1. Үкімет
2. Мемлекеттік менеджмент
3. Әскери менеджмент
4. Құрама одақтықнемесе клубтық менеджмент
5. Бизнесс -менеджмент
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент
Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:
· Кәсіпорын жұмысын болжау және жоспарлау
Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру
· Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
2. 3. Қазіргі қоғамдағы менеджмент
XX ғасырдың 90 жылдарында менеджменттің дамуында 3 үрдіс сипатталады:
1. Басқару процесінің механизациясы мен автоматицазиясы басқару еңбегіне механикалық құрылғыларды, компьютерлерді, басқарудың қазіргі кезде қолданылатын құралдары, басқа да ұйымдастыру техникаларын енізуді сипаттайды: Қазіргі кездегі өндірістің материалды - техникалық негізінің маңыздылығын білу және қызмет көрсету. Өндірістің технологиялық факторын ұтымды пайдалану.
2. Басқарудың демократизациясы жұмысшылардың өндірісті басқаруға өз ұсыныстарын беру, сапа үйірмелеріне қатысу, шешім қабылдауды ұжымдық әдісте өткізген уақытта менеджерлерге көмек беру арқылы пайда болады.
Басқарудың демократизациясы - ұйым тиімділігін жоғарылату жолы, қазіргі менеджменттің ерекше қасиеті. Экономикадағы демократия жетекші мен қызметші арасындағы іскерлік байланысты дамыту.
Демократия формалары:
- Шешім қабылдау барысында жұмысшылардың қатысуға құқылығы (инвестициялық, өткізу, өндірістік, бағдармалық) . Бұл ықпал етудің өте күшті мүмкіндігі;
- Жұмысшылар шешім қабылдау процесіне шаруашылық - еңбектік, басқару және әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша қатысуға құқылы;
- Ақпарат, талқылау, шешімдерді негіздеу облысындағы жұмысшылардың құқылары;
- Басқарудың демократиялық принциптерінің иерархиялық стильдерінің орнына қолдану;
- Жоспарланған шешімдердің әлеуметтік, кадрлық салдары;
- Басқарудың іс - әректтік, әлеуметтік аспектісін күшейту, ұйым мәдениетіне назар аудару. Жұмысшылардың пайдға, басқару функцияларын орындауға қатысуы. Жапониядағы “басқаруға қатысты” жүйесі ұлттық экономиканың барлық деңгейлерінде қызмет етеді;
- Жұмыс орны, учаске, цех деңгейінде - сапа үйірмелері және автономды бригадалар түрінде;
- Кәсіпорын деңгейінде - қызметшілер өкілдері мен әкімшілікті қосатын өндрістік комитеттер, сонымен қатар “жұмысшы - мүдірлер (директор) ” түрінде;
- Мамандық одақтар өкілдері мен басқарушылардан тұратын салалы, кеңестік комитеттер түрінде;
- Аумағында еңбек пен капиталдық кеңестік өкілдері болатын ұлттық экономика деңгейінде.
Еуропада Нидерландия, Франция, Германияда басқаруға жұмысшылардың қатысуы заңды түрде бекітілген. 50 жылдары Германияда жұмысшылардың мүдірлер (директорлар) кеңесіне дауыс беру құқығымен міндетті түрде қатысу керектігі
2. 4. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы
Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. кіші Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) “Басқару ойларының тарихы” атты кітабындағы “Басқару континуумы” тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап менеджменттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған ХХ ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көпетеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекі өкілдері: Фредерик . Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майкл Портер және т. б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға ие болу керек.
Неге менеджмент. Өзін менеджермін деп санайтын неміс өте күшті қиындықтарға душар болады. Бір жағынан, біздің үйреншікті түсінігіміз бойынша менеджер дегеніміз ұзын лимузинде жүретін әлем жұлдыздарының артынан қара папкаларын ұстап, жүгіріп жүрген адамдарды елестетеміз. Біздің ойымызша, олар самолетта немесе үстел үстінде өте қиын қаржы мәселелерін шешеді. Шындығында менеджмент дегеніміз не екеніне үңіліп көрейік. Менеджмент туралы айтылғанда басқару топтары еске түседі. Институт-анализдік менеджменттен мынаны түсінуге болады. Менеджмент бұл белгілі бір ұйымды басқарудағы қолданылатын әдістер мен техникаларды айтамыз. Әрине бұл жерде адам өзінің алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудегі өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру туралы да айтылып жатқан болса, қорыта айтқанда, басқару-бұл алға қойған міндеттерді адамгершілік, үнемділік пен рационалды жолмен шешудегі адамдарды басқару мен құралдарды қолдану болып табылады. Бұл мәселеге тереңірек қарайық. Кімде-кім мақсатқа жету үшін, ол алдымен мақсатты қоя білуі тиіс. Бұл фраза тым асырашылық деп қабылдауларыңыз мүмкін, бірақ бұған мойынсынбау өте қауіпті. Бұл қағида орындалмаса, кейінгі қосымша қағидалар мүлдем жоққа шығады. Бұдан келетін зардаптар миллиардтармен өлшеніп кетуі мүмкін. Әрбір ұйымдағы қызметкерлер өздерінің мақсатын нақты білетін болса, онда кеңесшілер мен консультанттар жұмыссыз қалар еді, олардың негізгі міндеті әрбір ұйымның дұрыс даму жолын анықтап, адамгершілік үнемді және рационалды тұрғыдан басқару әдістерін ұсыну болып табылады.
Таңдау шеберлігі мен алға қойған мақсатты ұйымдастыра білу. Оны жүзеге асыру процестерін басқару табысты басшының негізгі сапалық белгілері және негізгі ерекшелендіріп тұратын сапалар.
“Кімде кім барар жолын анық білмесе, соңында келген жеріне таң қалуы мүмкін”-деген екен Марк Твен.
Егерде басшыларға да, қызметкерлерге де мақсат түсінікті болмаса, адамдарды басқару мүмкін емес. Басқару бұл анық белгілі мақсатқа адамдарды жұмылдыру болып табылады.
Әрбір жұмыстағы басқару ісіндегі қателіктер көптеген зардаптар алып келеді. Сондықтанда жоспарлай білген адам ғана, жүзеге асыра алады. Тек қана сол адам кім неге жауап беретінін анықтайды (басқару процесінің құрылымы) нені қандай жолмен қандай бірізділікпен жүзеге асыру керектігін (процес барысын) ол үшін қандай құралдар қажеттігін (процесті қамтамасыз ету) және тағы басқаны анықтай алады.
Басқару ғылыми пән ретінде.
Басқару ұйымдастыру мен біріктіру мақсатында әсер ету ретінде мануфактуралық өндірістің пайда болуына дейін туындаған. Бірақта ғылыми пән ретінде басқару болашағының кәсібі жаңа ғылым болып табылады. Басқару ғылымның жаңа бір саласы ретінде тек қана 20ғ мойындалды. Басқарудың обьектілері -бұл адам мен техника болып табылады. Сондықтанда басқару теориясының дамуы математика, техника, социология, психология секілді білім салаларымен байланысты болады. Бұл ғылымдар өндірістің тиімділігіне әсер етуші факторларды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұл факторлардың рөлдерін ғалымдар әр түрлі бағалады, осыған орай басқарудың теориясы мен тәжірибесіне деген әр түрлі қатынастар қалыптасты.
ХХғ басынан бастап ғылымға басқару туралы мынадай дербес басқару мектептері қалыптасты:
-еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі.
-әкімшілік мектебі.
-адамдық қатынас пен басқаруға деген психологиялық қатынас мектебі.
Адамдық қатынас мектебі ең алғаш болып ұйымдық қызметтің нәтижелілігінің элементі ретінде адамдық факторды ұсынады. Бұл элементтің ірі өкілдері болып Элтон Мэйоның Хотторндық эксперименттер деп аталатын зерттеулері (ол АҚШта Хотторн қаласында Уестерн Электрик корпорациясында жүргізілді) басқару теориясында жаңа бір бағыт ашты. Э. Мэйоның пікірінше, еңбек өнімділігінің өзгеруінің себебі әлеуметтік қатынастардың қайта құрылуы болып табылады дейді. Өндірістің артуына сондай-ақ жұмысшыларды жан-жақты басқару, бақылау формасы да әсер етті. Экспериментті жүргізу барысында жұмысшылардан айтарлықтай қатаң бақыланбаған, соның нәтижесінде жұмыстың саналы орындалуы пайда болған.
Хотторндық эксперимент басқару процесінде адамдық фактордың әсері туралы зерттеулері одан әрі жалғаса берді. Адамдық қатынас мектебі басқару туралы ғылымның дамуына баға жетпес үлесін қосты, сондай-ақ арақатынастың белсенділігі ұйымдық қызметтің нәтижелілігін арттырудағы әмбебап құралы болып табылмайды. Әлеуметтік және психологиялық факторлар еңбек өнімділігіне үлкен ықпал етеді, бірақ бұл әсерлер материалды, физикалық және ұйымдастырушылық факторлардан тәуелсіз жүре алмайды.
Басқарудың стратегиялық концепциясы ретінде адам қойылады, яғни ұйымға бағалы құндылық ретінде қарастырылады. Бұл фирмалардағы персоналдық басқарудың жаңа бір концепциясы келесі қағидаларғасүйене отырып құрылады.
-әлеуметтік және психологиялық инновациялардың маңыздылығы,
-адамдардың өзара түсіністік негізіндегі жұмысшылардың белсенділігі,
-ұйым мүшелерінің жалпы күшімен проблемаларды шешу,
-максималды дербестілік пен жұмысшыға толық сенім білдіруді ұсына білу,
-жұмысшылардың мотивациясының дамуы мен күшейтілуі.
2. 5. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz