Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейіннің дамыту


Павлодар облысының білім беру басқармасы
Жоғары инновациялық көп салалы колледжі
Курстық жұмыс
Пәні: Психология
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың зейінінің дамуы мен қалыптасуы»
Мамандығы:0101000 - Мектепке дейінгі
тәрбиелеу және оқыту
Курс:4
Тобы:МД-41
Орындаған:Жақсылық. Ж. С
Тексерген:Рахимжанова. Г. Н
Павлодар қаласы.
2023-2024 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І КЕЗЕҢ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІННІҢ ҚАЛЫПТАСТЫУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Зейін ұғымы, түрлері . . . 5
1. 2 Зейіннің қасиеті, ерекшелігі . . . 12
1. 3 Ойын арқылы балалардың зейіннің дамыту . . . 16
1. 4 Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту . . . 21
ІІ КЕЗЕҢ. Практикалық зерттеу МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ
2. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіннің анықтау . . . 25
2. 2 Мектепке дейінгі баланың зейінніңе арналған жаттығулар . . . 32
2. 3 Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейіннің дамыту . . . 34
ІІІ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
IV КЕЗЕҢ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Мектепке дейінгі шақта зейінің естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс - әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс - әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс - әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударлықтай, көргені мен естігені жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс - әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс - әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В. С. Мухина мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінің шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т. б. ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс - әрекеттері қалыптаса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс - әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Баланың бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрғанда ғана зейіні шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болғанымен баланың зейіні лезде соған аударылады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шоғырлануы сирек болады.
Д. Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты
зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6
3
жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1, 5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінің меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуде.
Зерттеу жұмысының нысаны: Мектеп жасына дейінгі бала
Зерттеу жұмысының пәні: Мектеп жасына дейінгі баланың зейінінің дамуы мен қалыптасуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игеру.
-Баланың алдында бір нәрсеге зейінің шоғығырландыру.
-Зейін қою, материалды есте сақтау және жаңғырту, ойынның, суреттің және т. б.
-Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің дамуы бойынша тәрбиешілердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің даму мен қалыптасуы көрсеткіштері ақыл-ой дамуының көрсеткіші болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірі.
4
Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу барысында біз қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін келесі әдістерді қолдандылды: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: әр түрлі психологиялық қызметтерін қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспе бөлім 4 тараудан, негізгі бөлім 3 тарауда, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша әдебиеттер.
5
І КЕЗЕҢ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІННІҢ ҚАЛЫПТАСТЫУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Зейін ұғымы, түрлері
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұңысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б) . Осы көріністердің бәріндеде бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінің ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерге бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды - көпті тұрақтап отырғаның көруге болады. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824 - 1870) - зейінің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде - бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бір нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұларды дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айырықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән -
6
Баязова. Б. Т. Психология Зейін 95-101 бет
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінің төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс - әрекеттері (оку, еңбек т. б. ) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні манызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап окуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу - ырықты зейіңді керек етеді. Ырықты зейіңде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, катты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б. ), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б. ) ;
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
7
Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
1) Кандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, аландататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл - гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мыкты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқан ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Окушы алғашқыда жай кызыккан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақ мақсатына қарай тікелей қызық емес баска материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабак кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртка теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала окуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс - әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұксас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып калыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмыска өздігінен беріліп істесе, ырыксыз зейіні
8
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де онай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрактата алушылық саналы әрекетке өзінді жете алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оку процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінің тиісті объектіге жинақтай алатын болаты.
Зейінің ұзак уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу - қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ыскырған дауыс қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды аландататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның түрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т. б. адамды күштірек аландатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік - жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушыл адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып - ақ жаза беретін болған.
Кандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да
9
өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Зейіннің аударылу деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез менгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудін зейіні, керісінше, баска обьектіге қиындықпен ауысады. Зейіңді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса кажет. Мәселен, машинистерде зейіңді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда онын миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда аландаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде баска еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұңдай адамдардың зейінің уақытында бөле алмаушынықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемселігінен. Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
10
Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне мекер болу және мұндай объекті бір - біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: " . . . біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларынын пункті бұл кезде катты козуда болады".
Зейін көлемін арттыру үшін балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояулармен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір козу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия кұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
11
1. 2 Зейін қасиеті, ерекшелігі
Айтқанымыздай, зейiн сананың белгiлi нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын бiлдiредi. Осы бағытталу ерекшелiктерi зейiн қасиеттерiн айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейiннiң тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлiнуi, ауысуы жəне көлемi кiредi. Тұрақтылық - зейiннiң уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгiлi бiр нысанға көзделу мерзiмiнiң ұзақтығын аңдатады. Тұрақтылық - перифериялық (шеткi) жəне орталық жүйке факторларына тəуелдi. Эксперименттiк зерттеулерге қарағанда, зейiн белгiлi уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербелiс сипатында болады. Бұл тербелiстердiң уақыт ұзақтығы 2-3 секундтен 12 секундқа дейiн созылуы мүмкiн (Н. Ланге) . Мысалы, сағат тықылына зейiн қоятын болсақ, бiрде ол тықыл естiлiп, бiрде байқалмайтынын сеземiз. Ал күрделi объектерге назар аударсақ, ондағы тербелiстер басқаша - заттың кейде бiр бөлiгi, екiншiде басқа бөлiгi фигура түрiнде елестейдi. Бiрақ ескеретiн жəйт: шын мəнiнде, зейiннiң өте қысқа уақыт аралығындағы майда тербелiстерi жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бiр жағдайда зейiн жиi, ауыспалы қысқа тербелiстерге келетiн болса, ендiгi бiр жағдайларда ұзақ мерзiмдi тұрақтылығымен сипатталады. Қазiргi күнде дəлелденгендей, зейiн тұрақтылығының ең бiр мəндi шарты - назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкiндiгiнiң болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат көзге алынып, оның бөлiктерiнiң өзара байланыстары мен бiр-бiрiне кiрiгулерiнiң жаңа қырларын ашатын болсақ, зейiн ұзақ уақыт өзiнiң тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазмұны одан əрi зерттеуде өзiнiң жаңа ерекшелiктерiн таныту мүмкiндiгiне ие болмаса, зейiн күйзелiске келiп, алаңдауға түседi. Басқаша айтсақ, қандай да бiр нысанға бағытталған зейiннiң тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген
12
Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев) Жалпы психология Зейін 66-72 бет
нысанымыз дамуда болып, өзiнiң жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажеттi. Егер де зейiн барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрiнiс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкiн емес. Кезегiнде, затты тануға ақыл-ой əрекетiнiң араласуымен зейiн тұрақтылығы күшейе түседi. Сонымен бiрге, зейiн тұрақтылығы бiршама жағдайларға байланысты болып келедi. Олардың iшiнде: материал ерекшелiгi, оның қиындық деңгейi, бұрыннан таныс, не белгiсiз болуы, түсiнiктiлiгi, субъектiнiң оған деген қатынасы, сондай-ақ зерттеушi-үйренушiнiң даралық қасиеттерi.
Зейiннiң шоғырлануы - оның белгiлi бiр нысанға бағытталып, онда топталу күшi мен дəрежесi, яғни психика-лық немесе саналы iс-əрекеттiң толығымен қажеттi нүктеге шөгуi. Зейiннiң шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметiмен тiкелей байланысты (Н. А. Ухтомский) . Дəлiрек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың жəне сонымен бiр уақытта жүретiн бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуiнiң салдарынан келiп шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz