Кәсіпорындардың қаржылық есептілігін талдау


ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қаржылық есептілік: талдау және жетілдіру жолдары»
6В04101 - «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған студенттер: Мангазова Б. Е.
Төрехан М. Б.
Бауыржанқызы Ә.
Ғылыми жетекші,
PhD, қауымд. Профессор: Бахыт Е. Б.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік қаржылық есептілік - бұл ұйымның толыққанды қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелерін көрсететін көрсеткіштер жүйесі. Аталмыш құжат компанияның кірісі мен шығысы жайлы барлық ақпаратты қамту арқылы негізінен ұйымның қаржылық жағдайымен тереңірек танысып, анализ жүргізіп, тіпті қауіпті алаңдарды анықтап әрі жақсарту шараларын ұйымдастыруымызға тікелей қатысады.
Шебер талданысқа ұшыраған бухгалтерлік есептілік пен сапалы қаржылай ақпарат - тек бір ұйымның ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық дамуының негізі. Осыған байланысты Еуразиялық бухгалтерлер қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасының білікті аудиторы А. Дүйсебек «Халықаралық бухгалтерлік есеп» журналында 2008 жылы жарияланған «Қазақстан Республикасында ХҚЕС-ты енгізу тәжірибесі» атты мақаласында: «Қазақстандық кәсіпорындарды басқару жүйесінде шетелдік инвесторлардың сенімін оятатын, анық және сапалы қаржылық ақпараттардың болуы мемлекетте бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту мен ауқымды инвестициялар және технологияларды тартудың маңызды факторы және ажырамас элементі болып табылады. », - деген пікір қалдырған.
Біз, «Есеп және Аудит» оқыту бағдарламасының 4 курс студенттері, Мангазова Балжан, Төрехан Мерей және Бауыржанқызы Әсел, «Қаржылық есептілік: талдау және жетілдіру жолдары» тақырыбын дипломдық жобамыздың негізі ретінде алу арқылы жоғарыда айтылған пікірді тәжірибе негізінде дәлелдеуді көздедік.
Дипломдық жұмысты орындау барысында зерттеу объектісі ретінде «ЖШС GrandУспех», ЖШС «KazMedAspap» және ЖК «Жумабеков» ұйымдарының 2022-2023 жылдар аралығындағы қаржылық есептіліктері таңдалды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - берілген ұйымдардың қызметтік ерекшеліктері мен қаржылай жағдайының өзгешеліктерін айқындай отырып, кез-келген саладағы кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігін талдай білудің негізгі жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қаржылық есептіліктің анализ жасау барысындағы өзектілігіне назар аудара отырып, қаржылық есептілікке жүргізілген тыңғылықты талдау - кез-келген кәсіпорын жұмысының табыстылығын арттырудағы басты фактор екендігін іс жүзінде көрсету. Жоба орындаушылары ретінде, біз, өз кезегімізде қаржылық есептілікті түбегейлі талдау мақсатында қолданыстағы танымал формулалар, теориялар мен жүйелерді пайдалана отырып, зерттеу нысандарымыздың қаржылық жағдайын бағалай келе әр кәсіпорынға жеке жетілдіру жолдарын ұсынатын боламыз.
- ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қаржылық есептілік нысандары, принциптері мен ережелері
Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелері туралы ақпаратты құрылымдық түрде ұсыну болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, ХҚЕС (ағылш. International Financial Reporting Standards, IFRS) - кәсіпорынға қатысты экономикалық шешімдер қабылдау үшін сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық есептілікті жасау ережелерін реттейтін құжаттардың жиынтығы. 1996 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып ХҚЕС негізіндегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарын (ҚҚС) әзірлеп, енгізді, ал 2002 жылы республиканың шаруашылық жүргізуші субъектілері 2006 жылға дейін толық көлемде ХҚЕС-ке көшетіні жарияланды. 2006 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық аудит стандарты қабылданды. ХҚЕС ең алдымен ірі фирмалардың, соның ішінде олардың еншілес компанияларының қаржылық нәтижелерін салыстыруға арналған. Дегенмен, әр ел өзінің салық саясатын ұстанады, қаржылық және есеп жүйесінде де біркелкілік жоқ. ХҚЕС ережелеріне сәйкес дайындалған есеп беру мыналарды қамтиды:
- Қаржылық жағдай туралы есеп;
- Пайда мен залал туралы есеп;
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
- Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
Қаржылық жағдай туралы есеп - есепті күнгі кәсіпорын активтерінің, міндеттемелерінің және меншікті капиталының құнын көрсететін құжат.
Пайда мен залал туралы есеп (№ 2 нысан) бухгалтерлік есептің нысаны болып табылады, оның негізгі мақсаты ұйымның есепті кезеңдегі қаржылық нәтижелерін сипаттау болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларға есепті кезеңдегі ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсуі және пайдаланылуы туралы ақпарат береді.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы үш қызмет түрі бойынша қорытындыланады және талданады:
- Операциялық қызмет
- Инвестициялық қызмет
- Қаржылық қызмет
Операциялық қызмет - бұл компания құрылатын және көп жағдайда негізгі кіріс әкелетін қызмет. Бұл ақша ағындарына мыналар жатады:
- Тауарларды, өнімді немесе қызметтерді сатудан түскен қаражаттың түсуі;
- Берілген несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша сыйақы және дивидендтер түріндегі қаражаттың түсуі;
- Лицензияларды пайдалану құқығын беруден түскен ақшалай түсімдер, алымдар, комиссиялар және басқа да кірістер;
- Тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге ақшалай төлемдер;
- Төлемдер: несиелер бойынша пайыздар, салықтар және жалақы және т. б.
Инвестициялық қызмет - бұл негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да инвестицияларды сатып алу және сатумен байланысты қызмет компаниялар. Бұл ақша ағындарына мыналар жатады:
- Негізгі қорларды, материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты ақшалай шығындар, сондай-ақ капиталдандырылған игеру шығындарымен және меншікті өндірістің негізгі қорларымен байланысты төлемдер;
- Негізгі құралдарды, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен ақшалай қаражаттардың түсуі;
- Меншікті капиталға, қарызға және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерге қатысты ақшалай қаражаттардың төлемдері мен түсімдері;
- Басқа кәсіпорындарға берілген ақшалай аванстар мен несиелер және сол аванстар мен несиелерді өтеуге байланысты ақшалай түсімдер.
Қаржыландыру қызметі - бұл кәсіпорынның капиталы мен қарызының мөлшері мен құрамының өзгеруіне әкелетін қызмет. Бұл ақша ағындарына мыналар жатады:
- Акцияларды (жарғылық капиталға салымдарды) немесе басқа да үлестік құралдарды, борыштық бағалы қағаздарды (облигациялар, ипотека,
вексельдер) және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алу;
- Акционерлерге (құрылтайшыларға) дивидендтер төлеу;
- Қарыз қаражатының негізгі қарызын өтеу;
- Меншікті акцияларды сатып алу бойынша ақша қаражатының шығуы;
- Қаржылық лизинг бойынша қарызды азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезеңдегі таза активтердегі өзгерістерді көрсетеді. Капиталдағы өзгерістер акционерлермен капитал және дивидендтер сияқты операцияларды қоспағанда, есепті кезеңдегі ұйым қызметінің нәтижесіндегі басқа да кірістер мен шығындардың жалпы сомасын көрсетеді.
Ұйымның қаншалықты табысты болуы көп жағдайда бухгалтерлік есеп сауаттылығына байланысты, оны қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің барлық жалпы қабылданған принциптерін қатаң сақтау қажет.
Бухгалтерлік есеп принциптерінің келесідей жіктелуі бар:
- есептеу,
- үздіксіздік,
- түсініктілік,
- маңыздылық,
- өзектілік,
- сенімділік,
- объективтілік, бейтараптық,
- салыстырмалылық
Есептеу принципі пайдаланушыларды олар жататын кезеңдердегі операциялар мен оқиғалар туралы хабардар ету болып табылады.
Үздіксіз жұмыс принципі компанияның болашақта жұмысын тоқтату ниеті жоқтығын болжайды. Құрылымдық бөлімшенің рентабельді еместігі, банкроттыққа әкеп соғуы мүмкін сот істері және т. б. сияқты мән-жайларға байланысты қызметті тоқтатуға немесе қысқартуға әкеп соғатын мән-жайлар туындаса, онда бұл ақпарат қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Түсініктілік принципі - пайдаланушыға берілген ақпараттың қолжетімділігін білдіреді.
Маңыздылық - шешім қабылдау процесінде, сондай-ақ операциялық, қаржылық және іскерлік оқиғаларды талдау және бағалау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін тек өзекті ақпаратты ескеру қажеттігін бекітеді.
Бухгалтерлік есептіліктің өзектілігі пайдаланушыларға ұсынылған деректер негізінде шешім қабылдауға көмектесуі керек.
Сенімділік - елеулі қателер немесе бұрмаланулар жоқ сенімді ақпарат ұсыну болып саналады.
Объективтілік пен бейтараптылық - барлық шаруашылық операциялар қаржылық есепте көрсетілуі, кәсіпкерлік қызметтің әрбір кезеңінде тіркелуі, сондай-ақ растаушы құжаттармен расталуы тиіс.
Салыстырмалылық пайдаланушыға әртүрлі есеп беру кезеңдерінің қаржылық есептілігін салыстыруға мүмкіндік беру үшін қажет, бұл кезеңдерде әртүрлі әдістер қолданылған жағдайда бұл мүмкін емес.
Жоғарыда аталған принциптерді сақтамау, шаруашылық жүргізуші субъектінің мүліктік жағдайының көрінісін бұзады. Басшылар мен бас бухгалтерлер есептілік ақпаратын және активтер мен міндеттемелер баптарын бағалауды бұрмалағаны, әдейі өзгертілген есептілік деректерін ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1. 2. Қаржылық есеп берудің мазмұны, реттілігі және талдау әдістері
Кәсіпорынның табысты екенін немесе банкротқа ұшырау қаупі бар екенін білу үшін кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдау қажет. Қаржылық есеп беруді талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалап, қадағалап отырудың негізі болып табылады. Есептілікті талдау кәсіпорынның ағымдағы жағдайын біліп, кері әсер ететін факторларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, қаржылық есептілікті талдаудың әдістері арқылы кәсіпорынның өтімділік коэффициентін, іскерлік белсенділігін, банкроттыққа ұшырау ықтималдылығын, төлем қабілеттілігін, өтімділік коэффициентін, таза айналым капиталын және қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтер жинауға болады.
Жалпы айтқанда қаржылық есептілік талдаудың 4 әдісін бөліп көрсетуге болады:
Кесте 1. Қаржылық есептілікті талдаудың әдіс - тәсілдері
Қаржылық есептілікті талдауда барлық жоғарыда айтылған әдістерді қолдану қажет. Өйткені, тек осы жағдайда ғана компанияның жағдайы туралы толық және нақты мәлімет алуға болады.
ЖШС «GrandУспех», ЖК «Жумабекова», ЖШС «KazMedAspap» кәсіпорындардың қаржылық есептіліктерін талдау кезінде барлық 4 әдіс қолданылды. Ең алдымен активтері мен пассивтеріне көлдеңнен талдау жүргізілді. Яғни, есепті кезең көрсеткіштерін алдыңғы кезең көрсеткіштерімен салыстыру. Сонымен қатар баланс өтімділігі анықталды. Баланс өтімділігін анықтау үшін оның активтері мен пассивтері келесі белгілер бойынша топтастырылды:
Кесте 2. Активтер мен пассивтерді өтімділік дәрежесі бойынша топтастыру
Ақша қаражаттары
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар және т. б.
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
Өзге де қысқа мерзімді активтер және т. б.
Қорлар
Ағымдағы салықтық активтер және т. б.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Салықтар бойынша міндеттемелер
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
Өзге де ҚММ және т. б.
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері және т. б.
Ұйым балансы абсолютті өтімді деп саналады егер төмендегі шарт орындалса:
А1 > П1 А3 > П3
А2 > П2 А4 < П4
Кәсіпорындардың өтімділіктері анықталғаннан кейін, келесі коэффициенттер анықталып, талдау жүргізілді:
Кесте 3. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын анықтау
Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда кәсіпорынның қызметіне оң баға беріліп, қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде дұрыс шешім қабылдай аламыз.
2. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ
2. 1. Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
«GrandУспех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылы құрылып, 5 жылдан астам уақыт көлемінде Қазақстан Республикасының есепшілері мен аудиторларына білім беру және біліктіліктерін арттыру мақсатында қызмет атқаратын білім беру мекемелерінің алдыңғы қатарында қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын республикалық деңгейде аккредиттеуден өткен, 10. 000-нан аса шәкіртті оқытып, білімдерін растайтын құжат, яғни сертификаттармен қамтамасыз еткен және заман талаптарына сәйкес дамуды ұстанып қана қоймай іс жүзінде жүзеге асырған компания болып табылады.
Компанияның негізгі қызметі Алматы облысында орналасқан 3 филиалында жанды түрде жүргізіледі. Одан бөлек:
- технологиялық дамудың және оқыту жүйесінде орын алған өзгерістерге байланысты қазақстан республикасының территориясында онлайн білім алу мүмкіншілігін ұсынады;
- оқушының жеке сұраныстарына сәйкес индивидуалды түрде оқыту жүйесі қарастырылған;
- айына кем дегенде бір рет елімізде танымал қаржы мамандарымен кездесулер мен сұхбаттарды ұйымдастыру іс-шаралары қолға алынған;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке бизнес иегерлерімен ұзақ мерзімді келісімге отыру арқылы аутсорсинг ретінде бухгалтерлік, аудит және қаржылай қызметтер көрсетіледі.
Кәсіпорынның түрі мен құрылымы: бас штабы Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр қаласы, Заманбек Батталханов көшесі, 7В үй адресі бойынша орналасқан.
Кесте 4. ЖШС «GrandУспех» кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық құрылымы
«KazMedAspap» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 2017 жылы қараша айының 21-інде құрылған. 18. 07. 2017 жылы құрылған бұйрық бойынша бірінші басшысы және директоры - Джумагулов Ануар Арыстанбекович. Қаржылық есептілікке және басқа да қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығы директорға жүктеледі.
«KazMedAspap» ЖШС-ның қоғам қызметі негізгі мақсаты - жарғылық қызметті жүзеге асыру арқылы таза кіріс алу үшін Қазақстан Республикасының, Қатысушының және іскер серіктестердің мүдделері үшін бірлескен кәсіпкерлік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес компания келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- медициналық техника мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада жеткізу;
- сауда-сатып алу қызметі;
- тауарлардың экспорт-импорты;
- машиналарды жалға беру қызметтері;
- логистика;
- делдалдық қызметтер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
Компания аптасына 5 күн жұмыс жасайды яғни, сенбі, жексенбі күндері демалыс болып табылады. Жұмыс уақыты таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін болып табылады. Нарықта қызмет етіп жүргендеріне 7 жыл болған. Компания «MedRemZavod» холдинг тобының құрамына кіреді. Холдинг құрамындағы ұйымдар орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйелерін салумен, медициналық техниканы өндірумен және сатумен айналысады. Бүкіл ел бойынша медициналық консольдерді тез жасап, әкеліп, орнатумен айналысады. Айта кетерлік жайт, пандемия кезінде қысқа мерзімде Алматының 14 ірі ауруханасы емдік газ жүйесімен жабдықталып, 40 оттегі станциясы орнатылып іске қосылған. 2017 жылдан бастап Atlas Copco, Швеция: Huvitz Co, Ltd, Корея: Philips, Жапония: Toshiba, Siemens AG, Германия: Mindray, Қытай компанияларымен медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнатқан.
Жумабекова ЖК-нің «The Mix» дүкені 1-ші мамыр 2010 жылдан бастап өз жұмысын бастаған. Ұйымның бас директоры Жумабекова Акбота Агибаевна болып табылады. Ғимараты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан 26А көшесінде орналасқан. "The Mix" сөзінің қазақша аудармасы “қосылған” деген мағынаны білдіреді. Яғни, дүкен киіммен қоса, аяқ киім, бас киім, әшекейлер мен әр түрлі аксессуарлар сатылатындықтан "The Mix" деген атқа ие болған. Дүкендегі тауар ассортименті тікелей Түркия мен Италиядан тасымалданады.
Бүгінгі таңда дүкен Қаскелең қаласының ең танымал және үздік киім сату дүкені болып табылады. Ұйым аптасына жеті күн таңғы сағат 9:00-20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, Instagram және Tiktok желілерінде көрермендері өте көп, және де таргет программасы арқылы бүкіл Қазақстанға танылып, тауарларын кез келген қалаға жеткізу мүмкіндіктері бар. Мекеменің тағы да бір жақсы жағы әр түрлі банктермен серіктес болып, жұмыс жасайтынын ескеру қажет. Kaspi bank, Halyk bank, Eurasian bank, Jusan bank арқылы бөліп төлем жасау арқылы тауарды сатып алуға болады.
Қазіргі таңда "The Mix" әйелдер киімін сату дүкенінің Қаскелең қаласынан бөлек екі жерде дүкені бар. Біріншісі, Алматы қаласы "Үш сұңқар" сауда үйінде, екіншісі Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы "Асемай" сауда үйінде орналасқан.
Дүкенде жұмыс істейтін персонал үш дүкенді косқанда 22 адамнан тұрады. Соның ішінде Акбота Агибаевнаның өзі бас бухгалтердің рөлін атқарады. Жұмыс барысы компьютер, кассалық аппарат, “ТИС”, "torgsoft" және "uds" программалары арқылы іске асады.
Кесте 5. ЖК Жумабекова кәсіпорнында қызмет атқаратын мамандар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz