Таным және практика


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ойын және танымның адам өміріндегі өзара байланысы.

1. 1 Ойын шығу тарихы, анықтамасы.

1. 2 Таным түсінігі

1. 3 Ойын арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру жолдары.

2. Физика сабағында қолданылатын ойындардың танымға әсері.

2. 1 Физика сабағында қолданылатын ойындар

2. 2 Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру

2. 3 Сабақта қолданылған ойындардың нәтижеге әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Физикадағы ойын материалы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде.

Студент: Пернехан Е. М.

Ғылыми жетекші: п. ғ. к. доцент Аблязимова Н. М.

Дипломдық жұмыс мақсаты: оқушы құзіреттілігін дамыту, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғаны бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Дипломдық жұмыс материалының қысқаша сипаттамасы.

«Физикадағы ойын материалы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде» атты дипломдық жұмыс аты айтып тұрғандай физиканы оқытуда ойынның рөлін ашып көрсетеді. Ойын бұл - баланы оқытуда, оның дүниені тануында танымына әсер ететін қиял туындысы. Оқыту процесінде ойынды пайдалану сабақты қызықты етіп, баланың сабақты жақсы деңгейде меңгеруіне әсер етеді және оны оңтайландырады. Бұл жұмыс мұғалім мен оқушы арасында жылы лебіз қалыптастыруға, физикаға деген қызығушылықты арттырады.

Жалпы дипломдық жұмыс мазмұннан, кірспеден, қос бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ANNOTATION

Title of the thesis: Game material in physics as a means of developing students’ cognitive interest.

Student: Pernekhan E. M.

Scientific supervisor: Ph. D. Associate Professor Ablyazimova N. M.

The purpose of the thesis: to develop the student’s competence, to form an educated, life-oriented, purposeful, capable personality.

Brief description of the thesis material.

Already in the title of the thesis, “Game material in physics as a means of developing students’ cognitive interest, ” the role of games in teaching physics is revealed. Play is the work of imagination, which influences a child’s learning and understanding of the world. Using games in the learning process makes the lesson interesting, influences the child’s learning the lesson at a good level and optimizes it. This work creates a warm relationship between teacher and student and increases interest in physics.

The general dissertation consists of content, introduction, two parts, conclusion and list of references.

АННОТАЦИЯ

Название дипломной работы: Игровой материал по физике как средство развития познавательного интереса учащихся.

Студент: Пернехан Е. М.

Научный руководитель: к. т. н. доцент Аблязимова Н. М.

Цель дипломной работы: развить компетентность студента, сформировать образованную, жизнеориентированную, целеустремленную, способную личность.

Краткое описание материала дипломной работы.

Уже в названии дипломной работы «Игровой материал по физике как средство развития познавательного интереса учащихся» раскрывается роль игр в обучении физике. Игра - это работа воображения, которая влияет на обучение ребенка и его познание мира. Использование игры в процессе обучения делает урок интересным, влияет на усвоение ребенком урока на хорошем уровне и оптимизирует его. Эта работа создает теплые отношения между учителем и учеником, повышает интерес к физике.

Общая диссертация состоит из содержания, введения, двух частей, заключения и списка использованной литературы.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.

Пәндердің ішінде физиканың алатын орны ерекше. Физика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі. Физика оқушыларға ғылыми әлемді суреттейді. Физика оқушылардың әлемге деген көзқарасын кеңейтеді және шығармашылық қабілеттілігін қалыптастырады. Білім беруде оқыту мен тәрбиелеуді ерекше назарға алу керек. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу. Оқушыларды физика пәніне қызықтыруның көптеген жолдарының бірі сабақта ойындар ұйымдастыру.

Ойын - оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бүгінгі таңда физика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру, физикалық заңдарды терең меңгерту, логикалық ойлауды дамыту, ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын физикаға қызығушылығын арттыру үшын оқушылар арасында өзара тартысты жарыс, білім бәйгесін өткізіп отыру керек. Ойын сабақтарының ерекшелігі - оқу- тәрбие үрдісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану. Әлемдік талапқа сай келетін, қоғамымыздың саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосатын, білімді, ақылды, мәдениетті жастарды дайындап, тәрбиелеп шығару біздің үстаздық міндетіміз. Оқу, ойын және еңбек адамның негізгі қасиеттерінің түрлері. Ойын оқу мен еңбек бола тұрып, оқушыларды оқуға, еңбектенуге бейімдейді. Ойын оқушылардың ойын қозғай отырып, олардың шығармашылық қиялдарының дамуына көмектеседі. Ойын процесінде оқушы пән туралы және қоршаған әлемнің таңғажайып құбылыстары туралы әр түрлі білім алады. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына септігін тигізеді.

Дидактикалық ойындарды құрастыру барысында сабақтың танымдық элементі мен ойын элементтерінің үйлесімі қиындық келтіреді. Алдымен сабақта оқушының назары ойын әрекетіне бағытталады, содан соң ойын процесінде оқушы өзі байқамай белгілі бір материалды игеру процесіне көшеді. Сөйтіп оқушылардың ойынға қызығушылығы бірте-бірте сабақты оқуға алмасады.

Педагогика ғылымы оқу процесінде ойындарды ұйымдастыруда келесі талаптарды қояды:

● Ойын оқушылардың еркін шығармашылықтары мен өзіндік әрекетіне

негізделуі керек.

● Ойынды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

● Ойында міндетті түрде оқушы топтарының арасында немесе ойынға жеке

қатысушылардың арасында сайысу элементі болу керек.

● Ойын оқушылардың тек оң эмоцияларын шығару керек.

Ойын оқушының өзін-өзі басқаруын, белгіленген ойын тәртібін бұзбауын, ең бастысы шығармашылықтарын жақсы дамытуға ықпал ету керек. Жеңіс немесе қандай да бір ұтыс оқушының одан кейінгі іс-әрекеттерін оятады. Тәжірибелер оқушылардың ойынға деген іс-әрекеттерінің жауапкершілігі оқуға немесе еңбекке деген іс-әрекеттеріне қарағанда әлде қайда артық екенін көрсетті. Ойын мақсаты қолжетімді, ал безендірілуі түрлі-түсті және әртүрлі болу керек.

Физика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану мынадай нәтижелерге жеткізеді:

● Оқу материалының тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді.

● Оқушының пәнге деген қызығушылығы және сабақтың өнімділігі артады.

● Оқушының өз- өзіне деген сенімділігін қалыптасады.

● Оқушы мен мұғалім арасында сенім орнатуға мүмкіндік береді

● Өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады, өздерін басқарады, бағалайды.

● Ынтымақтастыққа, ұжымдылыққа үйренеді.

● Сөйлеу қоры, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

● Эксперимент жасап, дәлелдеуге үйренеді.

● Жүйелікке, нақтылыққа, логикалық ойлауға бейімделеді.

● Басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі.

Физика сабағында ұйымдастырылған ойын, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға, құзіреттілігін арттыруға беретін рөлі ерекше. Қорыта айтқанда көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рұхани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан.

Ойын элементтерін физика сабағында пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

● Алған білімді жүйелеу;

● Өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

● Оқушыларға оқу материалдарымен жұмыс істегенде әдістемелік көмек береді.

● Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Физика пәні бойынша өз сабағымда ойын элементтерінен пайдалануымның мақсаты:

● Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, дүние және білім танымын кеңейту.

● Оқушыны тұлға ретінде дамыту және тапқырлыққа баулу.

● Оқушылардың өзін- өзі басқаруын, бағалауын, өзіне деген сенімін арттыру.

● Өткен сабақты немесе тарауды оқушы бойына, санасына мықтап бекіту.

● Дербес жұмыс жасауын жетілдіру, тәрбие бағыттарына назар беру.

● Оқушыларды ұжымдылыққа баулу, дұрыс шешім қабылдай білуді және

қиын жағдайдан шығудың әртүрлі жолдарын таңдай білуді қалыптастыру.

● Экспериментальді- ізденушілік іс- әрекетін жүзеге асыру дағдысын дамыту

Физика сабағында ойын элементтерін қолдануымның тиімділігі.

«Балаларға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деген Питер Клайн сөздерін басшылыққа ала отырып оқушылардың шығармышылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту мақсатында, оқушыларға теориялық білімді тиісті дәрежеде меңгерту үшін оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструкциялық схемалар салу, реферат жазу т. б. ) орындатамын. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушыны қызықтырып, сабаққа ынталандырып, жауапкершілігін арттырып, шапшандыққа, тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, зейін мен есті дамытуға, тапқырлыққа, жігерлікке тәрбиелейді және шаршатпайды.

Аталған мәселелер мен оқытудағы ерекшеліктер «Физикадағы ойын материалы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде» тақырыбы бойынша дипломдық жұмыс көкейкестілігін білдіреді.

Зерттеудің негізгі мәселесі - орта мектепте өтілетін «Физика» сабағында қолданылатын ойын материалының баланың танымдық қызығушылығын арттыру, оқу процесін жеңілдету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - оқушы құзіреттілігін дамыту, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғаны бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеу нысаны - мектеп физика курсын оқытуды оңтайландыру.

Зерттеу пәні - мектеп физика курсы.

Дипломдық жұмыстың мақсат міндеттерін жүзеге асыру барысынды атқарылған жұмыстар:

1. Әрбір баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, сыни тұрғыдан ойлауын тудыру үшін уақыт беру, қолайлы мүмкіндік жасау. Оның ойының, пікірінің мәнділігін түсінуге, сыни көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.

2. Физика пәнінің мазмұнына сай түрлі идеялар мен пікірлерді назарға алу, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылдыру.

3. Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу.

4. Әрбір жеке тұлғаны физиканың білімімен қамтамасыз ету. Тиянақты, нақты және жан - жақты болуына жағдай туғызу.

5. Өзі қалаған тұлғаға айналуға көмектесу, танымына жақсылықты құю.

Дипломдық жұмыс мазмұннан, кірспеден, қос бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе. » деген Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаев. Aдaмзaттың ғaсырлар бойғы ойын тәжірибесі ойынның білім құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу құпиясын ғaлымдaр бірнеше жыл бойы зерттеп келеді. Ойынның шығу тарихы жaйлы тұшымды пікірлер көп.

Көптеген теориялaр бірінде ойын қoғaмның әлеуметтік-экoнoмикaлық және мәдени дaмуы кезіндегі бoс уaқытты, демaлысты қaлaй өткізу мәселесінен туындaғaн. Ертeде ойын қоғамдық өмірдің бөлшегі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды «Құдайлар қолдаған» десе, Қытайда мерекелік ойындарды император өзі ашып, қатысқан.

Ойын өмірде пайдасыз болып көрінгенмен тым қажет көрнекі-құбылыс.

«Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. »

Сабақта қолданылған тиімді ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың қызығушылықпен тыңдап, өнімді, сапалы үйренуге сенімді көмекші болады. Себебі, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар әп сәтте сергіп, тапсырмаларды жылдам, әрі қызыға орындайтын болады.

Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы ең басты құрал қатарында. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын мен адамзат мәдениеті өзара байланысы ғылыми анықталды. Oның тұлғаны дамыту маңыздылығы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік жағдаяттар келісімі жөнінде кең талқылануда. Oйын теxнологиялары әлі де білім беру cалаcында жаңа инновация бoлып табылады.

Педaгoгикалық технoлoгия ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.

«Ойын-бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей, ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызының жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».

Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшеліктері - ол балалардың қоршаған ортаны, адамдардың қимылын, іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Бала - ешқашан үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді, орын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ұсынатын ойын ережесі.

Әр ойыннан кейін баланың көңіл күйін қадағалап отыру керек. Оларға ойын кезінде өз ұстанымына, мінез-құлқына мән беруіміз қажет. Әрине ойыннан кейін әр балаға ойын ойнау барысындағы іс-әрекеттерін, жеке қасиетіне назар аударып, мінезіндегі өзгерістерді бағалап отырамыз. Еңбек сүйгіштігі, ойын кезіндегі ұйымдастырушылығын, ойлау барысын, ойын ойнау белсенділігін зерттейміз.

Бала бойындағы ойынға деген:

Жоғары қызығушылығы;

Баланың еркіндігі;

Қиялының ұшталуы;

Шығармашылығының шыңдалуы;

Байсалдылық, мәдениеттілік, мейірімділік қасиеттерінің оянуы;

Биік қанағаттанушылығын;

Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтың алдына қойған мақсаты - оқу-тәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілетін дамыту. Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Егер сабақ тартымды да қызықты болса, балаларға өтілген сабақты игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін, әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет. Сондай технологиялардың бірі - ойын элементтерін пайдалану.

Ойындар(іскерлік, сюжеттік-рольді, қимыл қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.

Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы меңгереді.

Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен

қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.

«Ойын», «Жаттығу» - балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Ойын» -бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі.

Ойын баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, алған білімдерін тереңдете түседі. Ойын баланың білімін тереңдете және түрлендіре түседі, әрі пысықтайды.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін, ойлау қабілетін, қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

1. 2. Таным теориясының тарихы

Ежелгі заманнан бері адамзат әрқашан жаңа білім алуға ұмтылатыны белгілі. Өмір сырын меңгеру - адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақыл-ойдың жасампаздық қызметінің биік ұмтылысының көрінісі. Ол өзінің мың жылдық дамуында болмыстың мәнін ұғынудың және шектеулі шындықтан жан-жақтылыққа жетудің ұзақ та қиын жолынан өтті. Бұл жолда табиғаттың, қоғамдық өмірдің, адамның көптеген дәлелдері, қасиеттері мен заңдылықтары ашылды. Әлемнің сипаттамасы өзгерді. Біздің заманымызда адам білімі өте бай және күрделі жүйе, оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы жедел қарқынмен жүзеге асуда.

Таным теориясы мәселелері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процесінің диалектикасы
Таным және ғылым философиясы
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы
Таным – шындықтың бейнеленуі
Таным теориясы мәселелері
Диалектика-таным теориясы
Таным. Ғылыми таным
Танымның практикалық табиғаты
Таным теориясының әдістері
Танымның объектісі мен субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz