ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
ҚР тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ-жоңғар қатынастары туралы тарихнамалық деректер

Орындаған: Ист-31 тобының студенті - Мағаз Б.Б.
Тексерген: т.ғ.к., доцент - Боранбаева Б.С.

Орал, 2024
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
1.1 XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы Алаш зиялыларының көзқарастары
1.2 Қазақ-жоңғар қатынастары туралы кеңестік дәуірдегі зерттеулер

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
2.1 Қазақ-жоңғар қатынастары туралы орыс ғалымдарының зерттеулері
2.2 Қазақ-жоңғар қатынастары туралы европалық және америкалық ғалымдардың зерттеулері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тереңде жатқан тарихымыздың маңызды кезеңінің бірі болған қазақ-жоңғар қатынасы көптеген еңбектерде соғыс тұрғысынан қаралып келді. Алайда оның дипломатиялық, саяси, экономикалық тұстарын да айта кеткен жөн. Осы тұрғыдан алғанда сол тарихи кезеңнің зерттелуін талдау өте маңызды. Кеңестік ғалымдардан бөлек, патшалық Ресей тарихын зерттеген шетел ғалымдарын да қызықтырған бұл тақырып тарихымыздағы ақтаңдақ тұстардың бірі. Сонау көне заманнан бері ұлан-байтақ жерімізге көз тіккендердің бірі осы Жоңғар мемлекеті болды. Сондай-ақ бұл тақырып патшалық Ресейдің Қазақ жерін отарлауының алғышарттарының бірі деп айтуымызға толық негіз бар. Шиеленіскен қазақ-жоңғар қатынасы, сөзсіз, тарихымыздағы өзгеріске алып келген оқиғалардың қатарынан. Сондықтан бұл тақырыптың зерттелуі өзекті мәселеге айналып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақ-жоңғар қатынастары туралы деректер кеңестік дәуірде көптеп зерттелді. Бұл тақырыпты алғашқы зерттегендердің бірі орыс ғалымы В.В. Бартольд болды. Ресей ғалымдарының көбі орыс-моңғол қатынасын зерттеу барысында осы тақырып туралы да жаза кетеді.
Қазақ-жоңғар қатынасының жаңа қырлары ресейлік тарихшы И.Я.Златкиннің История Джунгарского ханства атты кітабында баяндалған.
Тағы бір құнды дереккөз Б.П.Гуревичтің В.А.Моисеевпен бірлесіп жазған Взаимоотношения Цинского Китая и России с Джунгарским ханством в ХVІІ - ХVІІІ вв. и Китайская историография деген еңбегі.
Екі халықтың байланысы туралы проблемаларды зерттеуші кеңестік тарихшылардың ішінде ерекше орынды бурят ғалымы Ш.Б.Чимитдоржиев алады, оның Взаимоотношения Монголии и Средней Азии в ХVІІ-ХVІІІ вв. еңбегінде кеңестік тарихнамада алғаш рет Монғолия жəне Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақтар мен жоңғарлар қарым-қатынасы аспектілерін жете зерттеді. Бұл зерттеудің артықшылығы мен кемшіліктерін қазақстандық тарихшылар Р.Б.Сүлейменов жəне В.А.Моисеев тыңғылықты қарастырды.
Қазақ зиялыларының да бұл тақырыпқа қызығушылық танытқаны белгілі. Олардың қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев еңбектеріндегі қазақ-жоңғар қатынасы туралы деректері бар.
1925 жылы жарық көрген М.Тынышпаевтың Қазақ халқының тарихы атты еңбегінде бұл тақырыпқа арналған жеке мақаласы келтіріледі.
Х.Арғынбаев, М.Мұқашев, В.Востров жазған керемет академиялық зерттеу болып саналатын Қазақ шежіресі хақында атты кітапта Жоңғар басқыншылығы деген тарау бар. Онда жоңғарлар шапқыншылығы мен жаулап алуы кезеңі, Ақтабан шұбырынды, қазақ батырлары туралы айтылған.
К.Л.Есмағамбетовтың Зарубежная историография с древнейших времен до начала 90-х годов атты еңбегін де атап өту керек, онда шетел тарихшыларының еңбектері толық жəне жүйелі түрде талданған.
Көшпенді халықтардың мəселелеріне арналған тарихнамада тарихшылар Р.Б.Сүлейменовтың, В.А.Моисеевтің еңбектерінің маңызы зор, əсіресе Внешнеполитические связи Казахстана, Средней Азии и Центральной Азии ХVІ - ХVІІІ вв. в советской истографии жəне Некоторые вопросы казахско-джунгарских отношений в советской историографии. Бұл еңбектерде қазақ тарих ғылымында алғаш рет аталған мəселенің тарихнамасы талданып, сол кездердегі проблемалар баяндалып, оларды шешу жолдары айқындалды. Бұл еңбектердің құндылығы аталған проблеманың тарихнамасын тыңғылықты зерттеуінде болды.
Сонымен қатар шетел ғалымдары: тарихшы Г. Ховорс (Henry H. Howorth) Моңғол тарихына арнаған - History of the Mongols: from the 9th to the 19th century, француз шығыстанушысы Р. Груссенің (René Grousset) The Empire of the Steppe (Дала империясы) еңбегі, неміс тарихшысы Б. Спулердің (Bertold Spuler) моңғолдар тарихы туралы The Mongols in History еңбегі, белгілі американ гуманисі Л. Крэйдер (Lawrence Krader) моңғол-түркілердің әлеуметтік құрылымы бойынша жазған Social Organization of the Mongol-Turkic Pastoral Nomads атты еңбегі, американдық моңғолтанушы Крюгер мен Борманчиновтың (John R. Krueger,Arash Bormanshinov) редакторлығымен шыққан Kalmyk-Oirat Symposium, американдық зерттеуші Паула Рубел (Paula G.Rubel) The Kalmyk-Mongols: a Study in Continuity and Change еңбектері де қазақ-жоңғар қатынастары туралы құнды деректер береді.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері: Қазақ-жоңғар қатынасына арналған ғылыми зерттеулерді, ғалымдардың көзқарастарын талдап, тарихи деректерге сай зерделеу. Әртүрлі кезеңдердегі әр ел зерттеушілерінің пікірлеріне баға бере отырып, салыстыру. Сондай-ақ, тарихнамалық деректер негізінде қалыптасқан ой-пікірлерді жүйелеп, тарихи фактіге сай келетін көзқарас қалыптастыру.
Хронологиялық шеңбері: ХІХ-ХХІ ғасырлар.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ

1.1 XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы Алаш зиялыларының көзқарастары

Қазақтар мен жоңғарлар тарихын Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи атты еңбегінде Алашорда партиясының жетекшісі, экономист-ғалым Ə. Бөкейханов былай келтіреді: В ХVІ веке, как мы видели, в южной полосе края появился народ, известный под именем калмыков, которые оттеснили киргиз на северо-запад. Калмыки представляли из себя союз нескольких племен (торгаутов, хойтов, хошоутов и джунгаров), известный под именем ойратского....
Ə.Бөкейханов еңбектерінің XVIII - XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз. Ə.Бөкейханов былай деп жазды: XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап солтүстіктен жаңа халық -- славяндар келе бастады; олардың мəдениеті сол кездегі Қырғыз өлкесі билеушілерінің мəдениетінен жоғары болатын, сондықтан жергілікті халық өз өлкесіндегі үстемдікті келімсектерге беруге тиіс болды. Орыстардың өлкені отарлауын Ə.Бөкейханов екі кезеңге: мұнда ерікті отарлаушылардың пайда болуына жəне олардың ізімен үкімет жасақтарының келе бастауына бөледі. Ерікті отарлау, -- оның пікірінше, -- осында сол кездегі ауыр тұрмыс жағдайларынан қашқан немесе қорғансыз бұратаналар есебінен оңай баю үшін шаруалардың, кылмыскерлердің, сектанттар мен басқа да əр түрлі тобырлардың келуімен жасалды. Бұл жөнінен оларға оңтүстік Орал мен біздің өлкеміздің солтүстік-шығысы ерекше қатты ұнады. Беймəлім елдерге тереңдей еніп, ілгері қарай қозғалумен жалғасқан жер шолу туралы ой осы тұста туды. Бұл қозғалыстың қаншалықты күшті жəне кұдіретті болғанын аты-жөні жоқ еріктілер толқынының небəрі екі жүз жылдай уақытта (1560 - 1750) Оралдан Камчаткаға дейін, Березовтан Алтайға дейін бүкіл Сібірді баса-көктеп жүріп өткенінен білуге болады. Осындай толқын тармақтарының бірі -- солтүстіктен Ертіс бойымен жəне Бараба даласынан, екіншісі -- оңтүстік Оралдан Жайық өзенімен оның салаларын бойлап Қырғыз өлкесіне келді. Соңғы қозғалыс ерте басталды, бірақ Ертіс бойымен отарлау тезірек жүргізілді, өйткені бұл толқын күштірек болатын; табиғи байлықтарының арқасында Ертіс өлкесі мен Алтай отаршылдар көзіне өте бағалы көрінді, сөйтіп олар осы жаққа көбірек жіберілді. Мұны орыс үкіметі де ұғынып, оған кейіннен басты əскери күштерін жіберді. Төменіректе біз үкіметтік отарлау (жəне жаулап алу) еріктілердің ізімен жүргізілгенін жəне, былайша айтқанда, оны заңдастырғанын көреміз; кейбір жағдайларда үкіметтің белгілі жер учаскесін еріктілер сол кезде-ақ басып алғандыктан, оны өзінікі деп тануына ғана тура келді.
Əлихан Бөкейханов өзінің Қазақстан тарихы жəне жер пайдалану нысандарының дамуы мəселелері жөніндегі еңбектерінде өлкенің солтүстік-орталық жəне шығыс бөліктерін жаулап алу мен отарлауды бөлек алып қарастырады.
Есіл - Ертіс өлкесінде орыс адамдарының келген жылын қай жылға жатқызу керек екенін дəл айту қиын, -- деп жалғастырады ол ойын. -- Солтүстік Сібірдегі сияқты, мұнда да өлкені жаулап алудың алдында терісі бағалы аң аулауды кəсіп еткендердің, ал кейде бұратаналарды жай ғана тонап кету үшін келіп-кетушілердің болғаны анық. Орыс отарлаушыларының қандай да бір арнайы (талап- тонаудан басқа) мақсатпен бірікпеген еріктілер тобырын құраған осы жекелеген алдыңғы бастаушылары алғашқы кезде бұратаналар тарапынан, сірə, ынтымақты тойтарыс таппағанына қарамастан, отарлаудың сенімді тірегіне айнала алмады. Сөйтіп, Ə.Бөкейхановтың пікірінше, Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау (ерікті түрде жəне үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады. XVIII ғасырдың аяғында (біздің жоғарыда байқағанымыздай) Қырғыз өлкесі көшпелілерінің едəуір бөлігі орыстардың билігін мойындап, орыстар шегінде көшіп жүрді. XIX ғасырдың басынан бастап үкімет жаулап алынған өлкені нығайту жайын ойластырды. Ə.Бөкейханов өзінің барлық зерттеулерінде жаулап алу деген ұғымды қолданып, сол арқылы XVIII - XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарының барысында қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды сипаттайды.
Ə.Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан ашық əшкереледі. Өлкені бағындырған соң, -- деп жазды ол, -- орыстар мəдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды жəне алғашқы жаулап алушылар мəдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі əмірі күмəнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бəрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мəдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа əдісін -- бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады. Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден, ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді.
Өзінің тарихи зерттеулерімен белгілі болған, Алаш партиясының қайраткері, қазақ халқының мүддесін жеткізуші А.Байтұрсынов Жоқтау атты кітабында ХVІ ғ. жоңғарларға қарсы күресте Мамай батырдың да қатысқанын айтады.
Өз халқының тарихында із қалдырған энциклопедиялық деңгейдегі еңбектер жазған М.Дулатов Хан Абылай очеркінде Абылай ханның тағдыры, жоңғарларды жеңуі жайлы əңгімелейді.
X.Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық саясаты қазақ жерін Азияға ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану болды деп есептеді. Қазақ өлкесінің біржола Ресейге бағынуын ол XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басындағы қазақтардың ұлт-азаттық күресінін жеңіліс табуы салдарынан болды деп санады. Ол Əбілқайыр жəне ру ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен сөз байласуға барып, елді бодандық алуға мəжбүр етті деп есептеді. X.Досмұхамедов қазақтардың Ресей мемлекетіне бағыну актісіне халықтың негізгі бұқарасының қатыспағанын келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз руларынан біркелкі өкілдер болмағанын мысалға келтіре отырып дəлелдеді.
Х.Досмұхамедовтың очеркінде де осы тақырып қозғалған, оның айтуынша, қалмақ қыздарына тек үйленіп қана қоймаған, олар үшін хандар мен батырлар арасында дау-дамайлар да болған.
Белгілі жазушы М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында да осы тақырып қамтылады. Онда қалмақ ауылдарына шабуылдаған кезеңінде қалмақ қызын алып қашып, үйіне əкелгендігі туралы баяндалады. Ол қызды оның інісі Ноян да жақсы көріп қалады. Поэма трагедиямен аяқталады. Аталған тақырып С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасында жалғасын тапқан. Бұл жолы қалмақ қызы өзінің сұлулығымен тұтас əскерді баурап алады. Қалмақ ауылына шабуыл жасаған кезде ол қыз қазақ батырларына тұтқынға түседі. Cондықтан біреуіне күйеуге шығуға мəжбүр болады. Өзінің ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында ол тығырықтан шығудың өзіне тиімді жолын табады. Поэма соңында қыз өз отанына қайтып оралады. Аталған мысалдардан қазақ батыры -- қалмақ қызы тақырыбының қазақ эпостарында кең таралғанын көруге болады. Мүмкін, қалмақ жырларында да осы тақырып кездесетін шығар, ол проблема кеңірек зерттеуді қажет етеді.

1.2 Қазақ-жоңғар қатынастары туралы кеңестік дәуірдегі зерттеулер

ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдары қазақтар мен жоңғарлар қарым-қатынасы мəселелерін зерттеу жаңа арнаға енді. Сол дəуірдегі қазақ зиялыларының өкілдері тарих ғылымына үлкен үлес қосты. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасына арналған олардың еңбектері бағалы деректер болып саналады.
Қазақ халқының тамаша ұлдарының бірі М.Тынышпаевтың 1925 жылы Қазақ халқының тарихы атты еңбегі жарық көрді. Қазақтардың тарихы, мəдениеті, тұрмысы, қазақ руларының шежіресінің білгірі көшпенді халықтардың өзара байланысына көп көңіл бөлді. Оның монографиясында қазақ-жоңғар қатынасына арналған жеке мақала бар, ол Ақтабан шұбырынды (Қазақтардың зор апаты мен зор жеңістері) деп аталады. Ол онда қазақтардың басынан өткен апаттардың себептерін, олардың күш біріктіріп, жоңғарларды қалай жеңгенін, өз жерінен қалай қуылғандығын баяндайды. М.Тынышпаевтың мақалалары екі халықтың арасындағы қатынастардың кейбір көріністерін зерттеу үшін құнды материал береді.
М.Əуезов Əдебиет тарихы деген кітабында (1927) былай деп атап көрсеткен: Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан, қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандық тарының қысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін əрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін əр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп əкетіп бара жатты. Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды.
Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т.Рысқұловтың тарихи мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан қарастыра келіп, ол бағындыру, қазақтарды жуасыту, жаулап алушы күш деген терминдерді қолданған. Ол жазған Патша өкіметінің отаршылдық саясатында екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап -- қазақтардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап -- шаруалардың отарлауы бөліп көрсетіледі. Өздері ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жанадан жаулап алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен келімсек шаруаларды қоныстандырып отырды.
Т.Рысқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шығыстан -- жоңғарлардың, оңтүстіктен -- Хиуа, Бұхара, Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасауынан көрінген. Т.Рысқұловтың пікірінше, Ресейдің Қазан (1552), Астрахан (1557) хандықтарын жаулап алу, Батыс Сібірді бағындыру (1581), орыстардың Орал мен Ертісті бойлай жылжуын күшейтуі жөнінде шығыста белсенді саясат жүргізуі едəуір рөл атқарған.
Х.Арғынбаев, М.Мұқашев, В.Востров жазған керемет академиялық зерттеу болып саналатын Қазақ шежіресі хақында атты кітапта Жоңғар басқыншылығы деген тарау бар. Онда жоңғарлар шапқыншылығы мен жаулап алуы кезеңі, Ақтабан шұбырынды, қазақ батырлары туралы айтылған:
Қазақтарды біртұтас жасаққа біріктіру ғана жоңғар шапқыншылығынан құтқарар еді. Халық батырлары: Кіші жүзден -- Тайлақ, Орта жүзден -- Қабанбай мен Бөгенбай, Ұлы жүзден -- Саурық батырлар осындай бірліктің негізін қалады. Сөйтіп, үш жүздің барлық батырлары тізе қоса отырып, 1726 жылы Торғай даласының оңтүстік-шығысында жоңғарларға қатты соққы берді.
Көшпенді халықтардың мəселелеріне арналған тарихнамада тарихшылар Р.Б.Сүлейменовтың, В.А.Моисеевтің еңбектерінің маңызы зор, əсіресе Внешнеполитические связи Казахстана, Средней Азии и Центральной Азии ХVІ - ХVІІІ вв. в советской истографии жəне Некоторые вопросы казахско-джунгарских отношений в советской историографии. Бұл еңбектерде қазақ тарих ғылымында алғаш рет аталған мəселенің тарихнамасы талданып, сол кездердегі проблемалар баяндалып, оларды шешу жолдары айқындалды. Бұл еңбектердің құндылығы аталған проблеманың тарихнамасын тыңғылықты зерттеуінде болды.
Р.Б.Сүлейменовтың жоңғарлар мен қазақтар арасында бірнеше ғасырлар бойы тығыз жəне жан-жақты байланыстардың болғандығы туралы ойы маңызды болып саналады.
К.Л.Есмағамбетовтың Зарубежная историография с древнейших времен до начала 90-х годов атты еңбегін де атап өту керек, онда шетел тарихшыларының еңбектері толық жəне жүйелі түрде талданған. Бұл зерттеу тарихнамалық ғылымның дамуында маңызды орын алады.
Көптеген жаңа мəліметтер Г.К.Конкашпаевтың Историко-географические сведения о пребывании калмыков (джунгаров) на территории Казахстана в ХVІ - ХVІІІ вв., Некоторые сведения о пребывании ойратов на территории Казахстана, Казахские народные географические термины мақалаларында жазылған. Одан əрі ол мынадай қорытындыға келеді: Ныне сотни географических объектов носят ойратские названия. Они в основном сохранились в наименованиях сравнительно крупных реалий-гор, рек, озер. Перечислим некоторые из них: оронимы (название гор): Тарбагатай, Калба, Кантагатай, Богуты, Согуты, Баянауыл, Баянжурек; гидронимы (название рек, озер): Оленты, Чидерты, Смуты, Моинты, оз.Зайсан, Кургальджин. Соңында автор жоңғарлардың Қазақста ндағы ықпалы ұзақ мерзімді жəне үлкен кеңістікте болған деген қорытындыға келеді.
Қазақстанда, Г.К.Кошкашпаевтың пікірінше, ойраттарға қатысты басқа да құрылыс түрлері бар. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының проблемаларын баяндайтын тарихнама кеңестік уақытта жаңа деңгейге көтерілді. Көптеген тарихшылардың күш салуы арқасында аталған мəселе бойынша мəліметтер беретін мұрағаттық деректер айналысқа түсті. Сонымен бірге кеңес жоңғартануын байытқан ежелгі шығыс жазбалары орысшаға жəне қазақшаға аударылды (В.П.Юдин, т.б.).
Ғылымда қазақтардың басқа халықтармен қарым-қатынасын зерттеген жаңа талантты ғалымдар пайда болды. Қазақстандық жоңғартану өкілдері (ғалымдар Р.Б.Сүлейменов, Ж.К.Қасымбаев, В.Я.Басин, И.В.Ерофеева, т.б.) ешуақытта партиялық принциптердің жақтаушылары болған емес. Олар үлкен қиындықпен объективтілік жəне тарихилық принципті академиялық тоталитаризмнен, псевдоинтернационализмнен, догмалық формационизмнен қорғау жолдарын іздеді, бұл олардың еңбектерінің əр тарауынан көрінеді.

ІІ ТАРАУ. Қазақ-жоңғар қатынастары орыс зерттеушілерінің еңбектерінде

2.1 Қазақ-жоңғар қатынастары туралы орыс ғалымдарының зерттеулері

Қазақ-жоңғар байланысының мəселелерін алғашқылардың бірі болып айналысқан, Орта Азия тарихын зерттеген кеңестік тарихшы, орыс ғалымы В.В.Бартольдт болды. Очерки истории Семиречья деп аталатын ғылыми еңбекте ол Жоңғар хандығының пайда болуы мен күйреуінің себептерін ашты.
Басқа ресейлік зерттеуші В.Л.Котвичтің еңбектері орыс-монғол байланыстарына арналған. Оның көптеген мұрағаттық материалдар негізінде жасаған деректанушылық қызметі қазақ-жоңғарлардың өзара байланысын зерттеуде үлкен маңызға ие болды.
Қазақ-жоңғар қатынасының жаңа қырлары ресейлік тарихшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқcтaнның Ресейге қосылу тaрихының тaрихнaмacын зерттеу
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Жоңғар хандығының құрылуы
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
Тарихи деректерді жіктеу
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Пәндер