Сөз үндістігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: Фонетиканың жіктелуі
Қабылдаған: Акзия Молдашева
Орындаған;Аружан Маханбет
Тобы: ФҚӘ-211
Жоспар;
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
Қазіргі қазақ әдеби тілінің өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасқан орфоэпиялық нормалары бар. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, біріншіден, жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз: жергілікті ерекшеліктерде: жылқыдар, баладар, көңлі, маңлай, оңла-, чач, чыбық, құдағай, бопа (сәби) т.б. әдеби тілде: жылқылар, балалар, көңді, маңдай, онда- шаш, шыбық, құдағи, бөпе т.б. Мұндай жергілікті ерекшеліктерге С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Н.Т.Сауранбаев, Ш.Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде сипаттама, талдау жасалған.Екіншіден, әдеби тілдің орфографиялық нормасы, бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық элементтерге қарама-қарсы қойылады. Салыстырыңыз: бейәдеби қарапайым сөйлеу тілінде берсей, бересаш, келатыр, баратып, босашы, бошы, боп отыр, бері кеш, кеп жүр, айал, дұспан т.б. Әдеби тілде берсеңші, бере салшы, болшы, болып жатыр, келіп жүр, әйел, дұшпан т.б.Үшіншіден, әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, Б.Әбілқасымов зерттеу материалдарында көрсетілген ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық элементтеріне қарама-қарсы қойылады: нәсіп айласа, жәмиғат, ғиззатлү, хұрметлү, мақсұт, хас (хас дұшпан) т.б.Төртіншіден, әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы кодификацияланған жазба тілдік элементтерге қарама-қарсы қойылады [жұмұшшұ] - жұмысшы, [шэгара] - шекара, [кәсі`бодақ] - кәсіподақ; [қашша] - қазша, қасша т.б.Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасын сақтаудың мәдени-әлеуметтік мәні айрықша. Өйткені норма тілді тұтынушылардың басын біріктіреді. Дыбыстаудағы ортақ заңдылықты сақтамай, әркім өз бетінше сөйлесе, сөзді ұғыну қиынға түсіп, коммуникацияның ойдағыдай өтуіне нұқсан келеді. Сөйлеушінің сөз мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын көрсетіп, тыңдаушыға жағымсыз әсер етеді.Әдеби тілдің ауызша нормасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін таяныш етеді. Алайда халық тілінің дыбыс жүйесіндегі әр алуан варианттардың едәуір бөлігі тіл жұмсау тәжірибесінде халық тілінің сөз үлгілерінен таңдалып, сұрыпталды. Нормалардың қалыптасуында байырғы кездегі ақын, жыраулар, билер тәрізді ауызша сөз майталмандарының шаршытоп алдындағы сөзі, кейінгі кезеңдерде сахна, радио, телевизия хабарларының рөлі айрықша болды. Солар арқылы қалыптасқан үлгілер әдеби тілдің ауызша нормасы деп танылды.Әдеби тілдің ауызша нормасы әсіресе радио-,телехабар арналарының кеңеюі, сахна өнерінің дамуы, шаршытоп алдындағы сөздің жаңа түрлері мен типтерінің пайда болуы, аудитория алдындағы сөздің әлеуметтік мәнінің жоғарылай түсуі ауызша сөздің орфоэпиялық нормаларының бекіп, саралануына ықпал еткен маңызды фактор болды.Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасына байланысты қиындықтың бірі жазу тәртібімен байланысты, өйткені жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар да ауызша сөздің өзіне тән жүйесі бар. Сондықтан жазба мәтінді оқығанда жазба сөзге тән кодты ауызша сөзге тән кодқа көшіре білу қажет. Жазғанды оқу дегеніміз - жазба кодты ауызша кодқа көшіру. Дыбысталған сөз бен қағазға түскен сөздің жүйесі дәлме-дәл сәйкес келмейді. Жазу-сызу тарихында ауызша таңбалар мен жазба таңбалардың өзара тепе-тең түскен жүйесі болған емес. Тіпті ондай жазба жүйенің қажеті жоқ. Олай болмаған жағдайда ауыздан шыққан сөздің тұрпаты бұзылып, кедір-бұдыры көбейеді.Қазақ жазуы негізінен фонематикалық принципті ұстанады. Фонематикалық принцип дегеніміз жазуда фонемалардың дыбыстық қоршауға неғұрлым тәуелсіз дыбыстық реңкін таңбалау деген ұғымды білдіреді. Мысалы [уөш1ш01ү] деген сөзді фонемалардың дыбыстық қоршауға тәуелсіз реңкі бойынша жазсақ, өсші түрінде таңбаланады. 1) с -ның [ш]-ға өзгерісі ескерілмейді. 2) сөз басындағы еріндік дыбыстың алдында келетін ілеспе дыбыс [у], 3) екі [ш] [ш] қатар келгендегі созылыңқылық [ш:], 4) [ш`]-ның дауыстының ыңғайындағы жіңішке тембірі, 5) еріндік тембірі [ш0] еленбейді.Фонема - абстракті ұғым. Фонемалар индивидтің тілдік ұжымының санасында белгілі бір тілдік дыбыстың образы түрінде бейнеленеді және сананың бақылауынан тыс өмір сүреді.Тілдік ұжымның санасында осылайша қалыптасқан 17 дауыссыз, 9 дауысты фонема бар екенін (б, п, т, д, қ, к, ғ, г, с, ш, з, ж; й, р, л, м, н, ұ, у және а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е) А.Байтұрсынұлы дәл анықтады.Орфографияның, орфоэпиялық нормалардың тілдік базасы бар да теориялық базасы бар. Тілдік базасы - сөздің халық тіліндегі дыбысталу жүйесі: бас, аяқ, қол, ғалам, әлем, оқиға, уақиға т.б. Орфоэпиялық норма тілдің конвенционалды сипатына тәуелді: тілдік ұжым [бас], [тау], [бала`] деп дыбыстайды, бұларды басқаша дыбыстау мүмкін емес.Әдетте парадигмадағы дыбыстық бірліктер (тілдік санада вертикал қатардағы виртуалды бірліктер) а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е және б, п, т, д, қ, к, ғ, г, с, ш, з, ж; й, р, л, м, н, ұ, у синтагмалық қатынасқа түскенде парадигмадағымен сәйкессе, кей тұста парадигмадағымен сәйкеспей, түрленіп кететін жағдайлары болады. Парадигмадағы дыбыстың санынан синтагмалық тізбекке түскендегі дыбыстың саны әлдеқайда көп болады. Міне, мәселенің осы тұсында шешімі қиын түйіндер болады. Мұндайда орфоэпия қалайда бір теориялық базаға сүйенуге тиіс. Қазақ орфоэпиясының теориялық базасының мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбеков т.б. зерттеулерінде жазылды. Сөздің бірыңғай жуанжіңішке айтылып, сөз ішіндегі дыбыстардың бір-біріне ілгеріндікейінді ықпал етіп бірін-бірі игеретіні, артикуляциялық, акустикалық жақтан бір-біріне бейімделетіні айқындалды.Міне, дыбыстардың синтагмалық қатардағы қатынасқа түсетіндегі күйін: қатаңдардың ұяңдануы, ұяңдардың қатаңдануы, жиылыңқылардың жайылыңқы, жайылыңқылардың жиылыңқы болуы, жуысыңқылардың тоғысыңқы, тоғысыңқылардың жуысыңқы т.б. болуы - акад. Р.Сыздықтың Сөз сазы кітабында жеке сөз, микромәтін деңгейінде талданып, көрсетілді. Сөйтіп, автор орфоэпиялық норманы кодификациялауда дыбысталған сөздің тілдік базасын негізге ала отырып, сегменттік, суперсегменттік (буын, пауза, ырғақты тип, интонация) деңгейде қазіргі орфоэпиялық норманы 36 бапқа топтастырып жүйелеп береді. Әдеби тілдің дәстүрлі орфоэпиялық нормасын саралап берудің нәтижесінде орфоэпиялық норманы кодификациялаудың негізі жасалды.Орфоэпиялық нормаларды кодификациялау ісі практикаға сүйенумен бірге теориялық тұрғыдан қарастыруды да қажет етеді. Әсіресе шаршытоп алдындағы сөздің түрлері мен жанрларының көбейіп отырған кезде, ауызша сөз арналарының қоғамдық, әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz