Даралап оқыту принципін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы:
__________________________.
______________________2024 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Даралау принципі және оны бастауыш мектепте жүзеге асыру жолдары
Мамандығы:
Біліктілігі:
Тобы:ББ-Б20
Пәні: Педагогика
Орындаған: Абдуғали Ақнұр Айдарханқызы
Ғылыми жетекші:

Қорғалды:
Бағасы:

Қызылорда, 2023-2024
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

I. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН
ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..4 - 5
1.2 Дәстүрлі емес сабақтарды жүргізудің даралау принциптері ... ... ... ... ...6 - 9
1.3 Бастауыш сыныптарда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 - 12
II. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Дәстүрлі емес сабақта даралау принципін пайдаланудың әдістемелік мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 - 15
2.2 Дәстүрлі емес сабақты тақырыптық жоспарларлау ... ... ... ... ...16
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17-19
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Әрбір сабақтың сапалы болуы- мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді К.Д. Ушинский. Бұл жөнінде ол: "Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші"- деді [1;126].
ХХІ ғасырдың білім беру жүйесін меңгеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан мұғалімдерге оқытудың жаңа технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сондықтан қазіргі мектептерде оқытудың белсенді түрлерін пайдалану педагогика ғылымының негізгі проблемаларының бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру мақсатында ғалымдар, мектеп мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы іс - тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, сабақтың құрылымын өзгертуге пікір қосты. Ондай оқыту түрі дәстүрлі емес сабақтар деп біріктірілді. Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі міндеті оқушының логикалық ойын, білімге деген құштарлығын арттыру.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы, терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Даралап оқыту - тек бір ғана білім алушымен өзара әрекеттесудің оқу үрдісін ұйымдастырудың нысаны, үлгісін тиімді қолдана білу.
Зерттеу мақсаты:Бастауыш сыныпта дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану ерекшеліктерін ашу. Даралап оқыту принципін анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы дәстүрлі емес сабақ түрлері, даралап оқыту принципі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың оқу үрдісі. Зерттеу жұмысы барысында Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана қорындағы кітаптар мен журналдар пайдаланылды.
Зерттеу міндеттері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз және әдістемелік еңбектерді оқып, сараптау. Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген іс-тәжірибені қорытындылау, статистикалық өңдеу
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады. Сонымен қатар, жұмысты жазу барысындағы жоспар мен жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер берілген.

I БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сыныптағы сабақ түрлеріне сипаттама

Оқыту түрлерінің класс - сабақ жүйесі XVII ғасырда Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз - жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық негізін XVII ғасырда атақты чех педагогі Я.А.Коменский жасаған[1].
Сыныптық сабақ жүйесі оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн, құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге , топтық-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде оқушының білім меңгеруі, оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады. Мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды., мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сабақ - педагогтік шығармашылықта құрылады, сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған;оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ - көпжоспарлы, құрылымы әртүрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидиктикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты
Қазақ әдебиетінің ХХ-ғасырдағы белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былайша сипаттады:"Балаларға сабақ берумен білім үйретумен мұғалімнің қызметі тамам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттердің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры" [3;265].
Бір технологияның өзін әртүрлі мұғалім түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты дәл нұсқау бойынша немесе шығаpмашылықпен іске асыруы мүмкін.
Технологияның шарттары негізінен педагогикалық технология оқыту-дағы оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.
Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Б.В.Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыруда төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
- ЭВМ-ды пайдаланатын оқыту технологиясы;
- Даралап оқыту технологиясы.
Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға оқу технологияларын қол-дануға көңіл бөліне басталды.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту - технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Келешек жас ұрпақты тәрбиелеуде арнаулы әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады. Белгілі бір әдіс болмаса, оқыту мен тәрбиелеу процесінде қажетті нәтижеге жету, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту мүмкін емес.
Әдіс-жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиже арасын байланыстырушы звено. Мұғалім мен оқушы белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту мен тәрбиелеу өз нәтижесін береді. Ал тәсіл - әдістің бір бөлігі, неғұрлым әдіс күрделі болса, тәсілдер түрлері де көбейеді. Сондықтан қазіргі мектептерде оқытудың белсенді түрлерін пайдалану педагогика ғылымының негізгі көкейкесті мәселелерінің бірі.
Қазіргі мектептерде бір-бірінен ерекшеленетін және тұрақты өткізілетін үш түрлі оқыту түрлері қолданылады. Олар:
- Иллюстративті - түсіндіру арқылы оқыту.
- Проблемалық оқыту.
- Проблемалық немесе компьютерлендіру арқылы оқыту.
Қазіргі таңдағы педагогтардың алға қойған міндетті кемшіліксіз оқыту әдіс - тәсілдерін табу әрбір оқыту формасының өзіндік бағыты, мазмұны болуы керек. Ол үшін әр мұғалім өз білімін жетілдіріп оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жеке элементтерімен, дағдыларын жетілдіріп оқыту құралдары мен әдістерін таңдап алу қажет. Жан жақты әртүрлі оқыту әдістерін жүйелі қолдану, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, сол тақырып арқылы ғылым жүйесін меңгеруге көмектеседі.
Барлық оқыту жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту процесін-дегі пайдаланылған әдіс-тәсілдері меңгере отырып оқушы біртіндеп өз бетінше ғылыми, техникалық өнер және саяси хабарларды меңгере білуге үйренеді, өзіндік ойлау қабілеттері дамиды.

1.2 Дәстүрлі емес сабақтарды жүргізудің даралау принциптері

Даралап оқыту - тек бір ғана білім алушымен өзара әрекеттесудің оқу үрдісін ұйымдастырудың нысаны, үлгісі болып табылады; білім алушы негізінен оқу құралдарымен (кітаптар, компьютер және т.б.) жұмыс жасайды [1].
Даралап оқытудың басты артықшылығы - бұл білім алушының оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдістері мен қарқынын оның ерекшеліктеріне толық бейімдеуге, нақты міндеттерді шешу кезінде оның әр әрекеті мен жұмысын бақылауға; оның білімге қарай жылжуын қадағалауға, білім алушының да, оқытушының да қызметіне қажетті түзетулерді уақытында енгізуге, оларды үнемі бейімдеуге мүмкіндік береді.
Мұның бәрі білім алушыға үнемді жұмыс істеуге, өз күшінің шығындарын үнемі бақылауға, өзі үшін оңтайлы уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл, әрине, оқудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Даралап оқыту былайша айтқанда таза түрде жалпыға білім беретін мектептерде өте сирек қолданылады.
Даралап оқыту ол әр білім алушыға деген жеке көзқарастан өрбуі керек. Жоғарыдағы суретте жеке көзқарасқа қатысты негізгі ұстанымдар келтірілген. Педагогика принципін нақтырақ ашып айтатын болсақ, оқу-тәрбие үрдісі барысында оқытушы білім алушылармен олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке модель бойынша жұмыс жасайды: барлық білім алушылардың дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге әр білім алушының жеке дамуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; оқу процесінде білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру және білім алушымен тіл табысуда, қарым-қатынаста оның жеке ерекшеліктеріне назар аудару.
Енді даралап оқыту ұғымына тоқталатын болсақ, оқыту тәсілдерін, әдістерін, қарқынын таңдау білім берушілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты болатын оқу процесін ұйымдастыру, сонымен қатар, жеке көзқарасты қамтамасыз ететін әртүрлі оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-шараларды айтады.
Даралап оқыту технологиясы қазіргі таңда жан-жақты зерттеліп, әр түрлі формаларда оқу үрдістерінде кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, осы салада көп еңбек сіңірген отандық ғалым Ж.Қараевтың жұмыстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар, даралап оқытудың классикалық көзқарасын ұстанушы М.А.Данилов, А.А.Кирсанов, Е.С.Рабунский және Унт сияқты ресейлік авторлардың да жұмыстары осы технологияның негізін қалаған жұмыстар ретінде танылады. Енді даралап оқыту технологиясына берілген әр түрлі анықтамаларды қарастырып өтейік.
Оқытуды даралау дегеніміз - оқу процесінде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, сол ерекшеліктерінің қандай және олар қандай дәрежеде екендігіне қарамастан ескеру [2].
Оқытуды даралау - оқу мақсаттарын ескере отырып, білім алушының оқу іс-әрекетін оның әлеуетті мүмкіндіктері деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сынып ұжымының, жекелеген білім алушылар мен білім алушылар топтарының іс-әрекет мақсаттары мен нақты танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тәрбиелік және дидактикалық құралдар жүйесі [3].
Даралау - әдіс-тәсілдерді, оқу қарқынын таңдауда білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың оқу қабілеттерінің даму деңгейін ескеретін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру [4].
Даралап оқыту технологиясы - бұл жеке көзқарас пен оқытудың жеке формасы басымдыққа ие болатын оқу үдерісін ұйымдастыру.
Принцип ретінде жеке тәсіл барлық қолданыстағы технологияларда белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады, сондықтан оқытуды дараландыруды ену технология деп атауға болады.
Дегенмен, дараландыруды бірінші орынға қоятын, оны оқу мақсаттарына жетудің негізгі құралы ететін технологияларды біртұтас педагогикалық технологияның барлық қасиеттері мен белгілері бар тәуелсіз жүйе ретінде бөлек қарастыруға болады.
1919 жылы Долтон (Dalton) қаласында (АҚШ) Е. Паркхерст сабақ жүйесін әр білім алушымен даралалап жұмыс жасаумен алмастыруға тырысады, содан кейін әр білім алушының оқытушымен бірлесіп жасаған жоспары бойынша жұмыс істейді екен [5]. Білім алушылар мектеп бағдарламаларын оқуда өз қарқынымен алға жылжу мүмкіндігіне ие болды, күннің бірінші жартысында ешқандай кестесіз жұмыс нұсқаулықтары негізінде өз бетінше жұмыс істеген. Сабақтың екінші жартысында білім алушылардың қызығушылықтарына қарай бөліп, топтық сабақтар ұйымдастыраған. Кейбір мәселелерді немесе тақырыптарды талқылау немесе бірлесіп жұмыс істеу үшін топтарға немесе жұптарға бөлінуге тыйым салмаған. Бұл тәжірибе Долтон жоспары деп аталды.
Оқытуды даралау технологиялары оқу процесінің барлық буындарын қамтитын динамикалық жүйелерді ұсынады: мақсаттар, мазмұн, әдістер мен құралдар. Енді даралап оқытудың негізгі мақсаттарыкелесі суретте келтірілген.
Оқытуды дараландырудың жалпы принциптері:
oo даралау - оқу процесінің стратегиясы;
oo даралау даралықты қалыптастырудың қажетті факторы болып табылады;
oo барлық оқытылатын пәндер бойынша даралап оқытуды қолдану;
oo жеке жұмысты оқу қызметінің басқа түрлерімен біріктіру;
oo жеке қарқынмен, жеке стильде оқыту;
oo оқуды дараландырудың алғышарты - білім алушылардың ерекшеліктерін зерттеу,
oo оқу жұмысын даралау кезінде бірінші кезекте ескерілу керек: білім алушының оқу қабілеті, оқу дағдылары және танымдық қызығушылықтары.
Қазіргі заманғы ресейлік педагогикалық практика мен теорияда оқытуды сыныпта дараландыру технологияларының ең жарқын мысалдары ретінде қарастырылатын жұмыстар қатарына Инге Унттың жеке оқыту технологиясы, А.С.Границкаяның бейімделген оқыту жүйесі және В.Д.Шадриковтың жеке бағдарланған оқу жоспары негізінде оқыту кіреді (Сурет 3). Енді осы жұмыстардың мазмұндары мен әдістемесін тарқатайық. Инге Унт бойынша өзіндік жұмыстарға арналған жеке оқу тапсырмалары, баспа негізіндегі жұмыс дәптерлері, жеке өзіндік жұмыстарға арналған нұсқаулықтар, қолда бар оқу әдебиеттеріне бейімделу керектігін атап көрсетті. А.С. Границкая сабақтың оригиналды сызықты емес конструкциясын ұсынды. Бірінші бөлім - барлығын оқыту, екінші бөлім екі параллель процесті құраған: білім алушылардың өзіндік жұмысы және оқутышының жеке білім алушылармен жеке жұмысы. Жалпылама схемаларды қолдану (Шаталов схемасы), жұптық жұмыс жасау (Дьяченко), бейімделумен көп деңгейлі тапсырмалар (Границкая карталары) орындауды алға тартқан.
Деңгейлі тапсырмаларға қойылатын талаптар:
алгоритмдік;
эвристикалық;
шығармашылық;
ойлау қабілетін жетілдіру;
алған түсінігін тәжірибеде қолдана алу.
Н.Д. Шадриков: әр білім алушының қабілетіне қарай оқуға мүмкіндік беретін алты деңгейге арналған оқу жоспарын, бағдарламалары және оқу-әдістемелік құралдарын ұсынған. Әрбір пән бойынша мүмкін болатын қиындық деңгейін таңдай отырып, білім алушылар құрамы ауыспалы сыныптарда болады және пәннің көлемі мен мазмұнын жоғалтпай, оқу бағдарламасын меңгеру үшін бірігіп жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қиындық деңгейін таңдау өте иілмелі және ол қатып қалған дүние емес, мысалы, деңгейлеу сабақтарындағыдай, бірақ білім алушы қабілеттерінің ағымдағы жағдайына сәйкес жасалады. Күрделіліктің алты деңгейі барлық дерлік білім алушыларды қамтуға, үлгермей жатқандарды шығармауға және білім алушының қабілетіне қарай білімін дамытуға бейімделген, әркімге қол жетімді оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беруді алға қойған.
Жұмысты ұйымдастырудың жеке формасы[6] - бұл әр білім алушының оқуы мен оқу мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалып алынған тапсырмаларды өз бетінше орындауын көздейтін сабақтағы жұмыс түрі. Мұндай тапсырмалар оқулықпен, басқа оқу және ғылыми әдебиеттермен, әр түрлі дереккөздермен (анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар, хрестоматиялар және т.б.) жасалатын жұмыс немесе есептер, мысалдар шешу, конспект жазу, эссе, реферат, баяндамалар жазу, бақылаулардың барлық түрлерін жүргізу және т.б. жұмыстар түрлерін қарастырады. Педагогикалық әдебиеттерде тапсырмаларды ұйымдастырудың жеке формаларының екі түрі ажыратылады: жеке және дараланған. Тапсырмаларды орындауды ұйымдастырудың жеке түрі - білім алушының басқа білім алушылармен байланыссыз, бірақ барлығына бірдей қарқынмен жүзеге асырылатын жалпы тапсырмаларды орындаудағы белсенділігі.
Тапсырмаларды орындауды ұйымдастырудың дараланған түрі [7] - әрбір білім алушының өз мүмкіндіктеріне сәйкес алға жылжу қарқынын реттеуге мүмкіндік беретін нақты тапсырмаларды орындау бойынша білім алушылардың оқу-танымдық әрекеті.
Сонымен, сыныпта мектеп білім алушыларының оқу әрекетін ұйымдастырудың жеке формасын жүзеге асырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі - сараланған жеке тапсырмалар [8], әсіресе, білім алушыларды механикалық жұмыстан босатып, аз шығынмен айтарлықтай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін баспа негізіндегі тапсырмалар, яғни тиімді өз бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар көлемін арттыру. Алайда, бұл жеткіліксіз. Оқытушы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауы, оның білім алушыларда кездесетін қиындықтарды шешуге дер кезінде көмектесуі де сондай маңызды. Сонымен қатар, нашар оқитын білім алушылар үшін дифференциация тапсырмаларын саралаудан емес, оқытушының шынайы көмегінен көрінуі керек.
Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде, әр түрлі дидактикалық есептерді шешуде жүргізген жөн; жаңа білімді меңгеру және оларды бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, өткенді жалпылау және қайталау, бақылау, зерттеу әдісін меңгеру және т.б.
Әрине, мектеп білім алушыларының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бұл түрін түрлі жаттығуларды ұйымдастыру кезінде қолдану оңайырақ. Дегенмен, жаңа материалды өздігінен үйренуде, әсіресе оны үйде алдын-ала зерделеу де тиімдірек. Мысалы, әдеби шығарманы оқып-үйрену кезінде әр білім алушыға немесе бір топ білім алушыларға алдын ала жеке тапсырмалар беруге болады. Көркем шығарманы оқу баршаға ортақ. Бұл оқу барысында білім алушылар өз сұрағына немесе сұрақтарына жауап дайындайды. Мұнда екі жағдай маңызды: 1) әркім өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді және 2) әркім әдеби шығарманы талдаудың қажетті бөлігін орындайды. Сабақта білім алушылар жаңа материалдың өз бөлігін түсіндіреді.
Бұл жағдайларда білім алушылардың жеке жұмыстарының дербестік дәрежесі әртүрлі. Бастапқыда білім алушылар тапсырмаларды алдын ала және фронтальды талдаумен, не модельге еліктеп не егжей-тегжейлі нұсқау карталары бойынша орындайды. Оқу дағдыларын меңгерген сайын дербестік дәрежесі де артады: білім алушылар мұғалімнің тікелей араласуынсыз жалпылама, егжей-тегжейлі емес тапсырмалармен жұмыс істей алады. Мысалы, орта мектепте мұндай тапсырманы алған әрбір оқушы өзі жұмыс жоспарын жасайды, материалдарды, құралдарды таңдайды, қажетті әрекеттерді көзделген реттілікпен орындайды, жұмыс нәтижесін жазып алады. Біртіндеп зерттеу сипатындағы жұмыс үлкен үлес салмағына ие болады.
Оқу деңгейі төмендеу оқушылар үшін шешімдер нұсқасы мен шешімді зерттеу негізінде шешілетін тапсырмаларды қамтитын тапсырмалар жүйесін құрастыру қажет; оқушыға белгілі бір мәселені кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беретін әр түрлі алгоритмдік рецепттер берілу керек - теория, құбылыс, процесс, процестердің механизмі және т.б. түсіндіретін, бірқатар сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін әртүрлі теориялық ақпарат, сонымен қатар барлық талаптар - салыстыру, салыстыру, жіктеу, жалпылау т.б.

1.3 Бастауыш сыныптарда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану жолдары

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке тұлға дамуы оқытумен тығыз байланысты болғандықтан білім беру мазмұнын анықтау қажет.
Білім беру мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тсілдерді меңгерген, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.
Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды.
Білім мазмұны туралы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М.Бим-Бада, А.В.Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. АҚШ, Англия, Франция т.б. елдің педагогтары жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін біріктіруді негізге алып отыр.
Білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесін кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мәдениетінің мазмұнын одан әрі дамыту. Олар:
- ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;
- білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;
-оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының күрделілік қарау;
-әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының көлеміне қайтадан қарау;
- орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;
- мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына қарай білім мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;
Білім беру мазмұны, оның мақсаты қоғамның қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдай жасау;.
Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесін мына жағдайда ғана көруге болады, егер жеке тұлғада саналы өзгеріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогтарды жобалауға оқытудың компьютерлік технологиялары
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Бастауыш мектеп дидактикасының оқыту принциптерін қолдану жұмыстарын жетілдіру
Модульдік оқыту технологиясы
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Химиялық қарудан сабақ өткізу
Творчество сабақтарын жоспарлау
Пәндер