Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер


Мазмұны
1. КІРІСПЕ . . . 4
2. Ағылшын тілінен енген термин сөздерінің қоғамда алатын орны . . . 5
3. Қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген терминдер сипаты . . . 6
3. 1 Әр түрлі саладағы ағылшын тілінен енген термин сөздер . . . 6
3. 2 Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер . . . 7
4. ҚОРЫТЫНДЫ . . . …. . 9
5. ҚОСЫМША . . . …… . . . 10
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 11
Андатпа
Ғылыми - зерттеу жұмысы «Қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген терминдер сипаты» тақырыбында орындалған. Бұл жұмыс қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген терминдер сипаты және олардың қоғамда алатын орны туралы зерттелген.
Аннотация
Научно-исследовательская работа выполнена по теме «Современные заимственные термины из английского языка». В данной работе исследовались заимствованные английские термины внедренные из-за политических, культурных, экономических отношений в обществе и развития науки и техники и их место в обществе.
Annotation
The research project was carried out on the topic “The characteristic of the terms borrowed from the English language”. This work has studied about terms borrowed from the English language because of political, cultural, economic relations in society and the development of science and technology and their place in our society.
Зерттеу тақырыбы: «Қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген терминдер сипаты»
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген терминдердің сипатымен танысу; жастардың сөйлесу мәнерінде ағылшын кірме сөздерінің қаншалықты қалыптасқаның зерттеу.
Жұмыстың міндетері:
- кірме сөздер туралы түсінік беру;
- әр түрлі саладағы кірме сөздерді зерттеу;
- қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздердің сипатымен таныстыру.
Зерттеу тақырыбының өзектілі: Ағылшын тілінен енген термин сөздерінің қоғамда алатын орны. Қазіргі заманда ағылшын тілі - халықаралық тіл, мәртебесі жоғары болса да, термин сөздерді дұрыс пайдалана отырып, өз тіліміздің де мәртебесін арттыру.
Зерттеу жұмысының нәтижесі: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілінен енген кірме сөздер - тілдің дамуының бір жолы. Ағылшын тілі жастардың арасында үлкен орын алуда екені анықталады.
Жұмыстың орындалу әдістері: зерттеу, тұжырымдау, баяндау, жинақтау, ғылыми ізденіс, салыстыру, қорытынды жасау.
КІРІСПЕ
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, шет тілін білу бізге қойып отырған өмірдің, жаңа заманның талабы. Басқа тілдерден енген термин сөздер - табиғи және тұрақты үдеріс.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз. Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден термин сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады. Кірме сөздер дегеніміз - тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер - қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері.
Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы.
Ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары, ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар - осының барлығы ағылшын тілінен енген термин сөздерінің келуіне себеп болып отыр.
2. Ағылшын тілінен енген термин сөздерінің қоғамда алатын орны
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде А. Байтұрсынұлы орыс тілі терминдерінің ерекшеліктерін зерттеп, қазақ тілінің өзіндік материалын ұтымды пайдалана отырып, терминдер жасады. Бұл терминдердің қазақ тілінің бірқатар терминологиялық сөздіктеріне берік енгендігі және әлі күнге дейін өзгеріссіз қолданылатындығы олардың сәтті құрылғанын көрсетеді. Шын мәнінде, сол кезеңдердегі Алаш зиялылары жасаған терминдердің қолданылуы мынада: олар ұғым мен зат арасындағы байланысты терең түсінгендіктен, олар зат не құбылысқа терминдік атау беру үшін ұғыммен жұмыс істей бастады. Мысалы Ж. Аймауытұлы психологиялық терминдерді және өсімдік шаруашылығының атауларын, Е. Омарұлы геометрия терминдерін, С. Қожанұлы математика саласының терминдерін, А. Қонқашпайұлы географиялық терминдерді, М. Жұмабайұлы педагогикалық терминдерді қалыптастырғаны белгілі.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ұлттық терминологияның қалыптасуы болып табылады. Соңғы жылдары қазақ зиялыларының еңбектері, олардың терминология тәжірибесі зерттеушілердің назарын аудара бастағаны қуантады. Өйткені, қазақ тілінің ғылым тіліне айналуына терминдердің өз ана тілімізде қалыптасуы маңызды болмақ. Ғылым тіліне келетін болсақ, ол дамып, жаңаратыны белгілі. Сондықтан қазақ терминологиясын ана тілімізде қалыптастырып, толықтыру қажет. Қазір терминологтар осы бағытта елеулі қызметтер атқаруда. Десекте, тілімізге кейінгі он жылдықта тек орыс тілінен ғана емес, шетел тілдерінен толассыз сөздер қолданысқа енуде. Жалпы тілдегі терминология саласы қоғамдағы жаңалықтармен үнемі тікелей байланысты болғандықтан, бұл үнемі жаңарып отырады әрі зерттеуді қажет етеді. Айталық, қазіргі қазақ терминологиясында ғасыр басындағы жағдаймен салыстырғанда айырмашылықтар көп, қазіргі кезеңде біздің тілімізде ұлттық терминологиямен қабаттаса ағылшын тілінен енген сөздер де басымдылық ала бастады.
Жаһандану заманында ағылшын тілінен енген кірме сөздердің тасқыны, өз тіліміздің қасиеті жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл ағынды тоқтату мүмкін емес. Алайда, мынадай бір-біріне қарама-қайшылықты айта кету керек. Бір жағынан жаңа сөздердің пайда болуы біздің сөздік қорымызды байытса, екінші жағынан өте көп мөлшерде кірме сөздер тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғады, сонымен қатар тіліміздің қайталанбас әдеби көркемдігі, тазалығы бұзылады. Дегенмен, англицизмдерді қолданудың кейбір артықшылығын да айтып кету қажет: біріншіден, кейде англицизмдерді қолдану ыңғайлы, өйткені олар қысқа да нұсқа айтылады; екіншіден, ұзақ аудармалардан гөрі, англицизмдер бәріне түсініктірек; үшіншіден, бұл сөздер біздің күнделікті тілімізге енген, әсіресе жастар мен Бұқаралық ақпараттар құралдарына; төртіншіден, кірме сөздер нормативті лексикаға жатады. Қазіргі таңда жастар ағылшын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен.
Бізді қобалжытатын жағдай, күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерді жиі пайдаланады. Жастарға өз ойын, сезімін ағылшын тілінің кірме сөздер арқылы білдіру оңайырақ көрінеді.
Нақтырақ айтатын болсақ, жастардың күнделікті өмірде ағылшын тілінен енген кірме сөздері табиғи тілдік үдеріспен, әлеуметтік-идеологиялық себептерге байланысты.
3. Қазіргі қолданыстағы ағылшын тілінен енген терминдер сипаты
Бүгінде таңда халықтың көпшілігі әлеуметтік желілерді қолданады. Жастар тіліне жаргон, сленг сөздер ретінде ағылшын сөздері өте жиі қолданысқа енуде. Осы желілер арқылы шетел сөздері де тілімізге енуде: Instagram, account, megabait, challenge, snapchat, facebook, blog деген сөздер легін тізе беруге болады. Тағы бір қынжылтатын мәселе бұл сөздер тіпті ағылшын тілінде дыбысталғанымен қоса, латын графикасына негізделе жазылып та жүр. Бұл сөздердің қазақша баламасы бола тұра баспасөз беттерінде қазақшасынан гөрі ағылшыншасы жиі қолданылады, айталық, «account» сөзін «парақша», «Internet» сөзі «ғаламтор» деп аударылса да, өзге тілдегі нұсқасын жиі қолданады. Сайт, файл, e-mail сөздері де жиі қолданыста. Ел басқару ісі мен саясатқа байланысты кірме сөздер де белсенді қолданысқа ие, мысалы, премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент тб. Жаһандану дәуірінде ағылшын тілінен алынған сөздердің ағыны өз тіліміздің жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан зат атауларын неғұрлым қазақ тіліндегі баламасын қолданып, қазақ тілі заңдылығына орай өзгерте қолдаған дұрыс болар еді. Негізінен жаңа сөздердің пайда болуы біздің сөздік қорымызды байытады, дегенмен, кірме сөздердің көптігі тілімізді шұбарлап, бірегей табиғи қалпына нұсқан келтіріп, әдеби сұлулықты, тіліміздің тазалығын жояды.
3. 1 Әр түрлі саладағы ағылшын тілінен енген термин сөздер
Қазіргі таңда әр түрлі салада термин сөздерді кездестіруге болады. Ол терминдерді өзіміз күнделікті қолданамыз.
1. Мансап, саясат.
Соңғы жылдары саясат лексикасында кейбір шетел тілі сөздері пайдалануда.
Мысалы: премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент.
2. Бұқаралық ақпарат
Бұл сфера ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен өте жылдам толықтырылып келеді. Интернет кірме сөздерінін пайдалануының «рекордсмені», әсіресе жарнама, болған жағдайларды мәліметтегенде т. б. Бұл сферада филологиялық білімі бар көп маман жұмыс істесе де, сол адамдар тілдің мәдениетін сақтау керек сияқты.
3. Жарнама.
Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуінің бір жолы.
Біздің жарнамашылар ағылшын жарнамасының аудармасын көрсетеді: стример, ростер, триммер, снукер, пул, сквош т. б.
Бірақ практикада керісінше, бұқаралық ақпарат, теледидар осы сөздердің пайда болуына әсерін тигізеді. [ди-джей, фейс-контроль, стилист, лузер, ток-шоу]
4. Интернет. Интернет желісін пайдаланудын күннен күнге өсуі: баит, бит, диск, курсор, флешка, чат, флипчарт, т. б.
5. Спорт.
Бұрыннан үйреншікті сөздер де ағылшын тілінен келген екен.
Бұл сөздер спортсмен, футбол, бодибилдинг, рефери, матч, гол, боулинг, дайвинг, скейтборд, сноуборд, байкер, фитнес, аут т. б.
6. Косметика терминдері:
лифтинг, скраб, пиллинг, мейкап.
7. Техника.
Жаңа технологияларға жаңа ат береді, сөздер ағылшын тілінде айтылады.
Бұл сөздер: компьютер, ноутбук, сканер, органайзер, клавиатура, монитор т. б.
Ағылшын тілінен келген тұрмысқа қажет құрал жабдықтар [блендер, принтер, ксерокс, миксер, фотошоп]
8. Кино, музыка.
Қазіргі кезде әнші жұлдыздардың көбі ағылшын тілінде ән айтады, киноларға түседі. Мысалы: А. Шварценеггердің көп айтатын сөзі бар I'll be back; немесе Дима Биланның әні Never-ever let me go), қазір сол сөзді жастар көп айтады. [саундтрек, бойфренд, блокбастер, терминатор, камеди клаб, вестерн, киборг, хит, сингл, ремейк, трек, постер, т. б. ]
9. Экономика.
Бұл сфераға келесі сөздер келген: инвестиция, маркетинг, дилер, брокер, дефолт, прайс-лист, менеджер, кэшбэк, спонсор, банкрот, гарант, криптовалюта, бонус.
10. Медицина.
Медицина саласында да көптеген терминдер ағылшын тілінен енген. Мысалы: изоляция, ковид, санитайзер, антисептик, т. б.
3. 2 Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер
Зерттеу барысында біз ағылшын тілінен енген термин сөздерді жиі қолданатынымзға көз жеткіздік.
Күнделікті тұрмыстағы зат атаулары ағылшын тілінен тікелей алынып, тілімізге оңды-солды еніп жатыр. Ол заттардың атаулары ағылшын тілінде беріледі: «Head&Shoulders» «Wash&go» сусабындары, «Dove» сабыны, «Fairy» ыдыс жуғышы, т. б.
Ағылшын тілінен алынған қысқарған сөздер: HD, SMM, MMA.
Заман ағымына байланысты жаңа мамандық атаулары да кірме сөздерден тұрады. Мысалы: SMM, таргетолог, медиатор, бизнессвумен, HR, репетитор, хакер, папарации, брокер, телесуфлер, инвестор, диллер, дистрюбьютор, фриланс / фрилансер, стилист, копирайтер, аниматор, модератор, супервайзер, логистика, барбер, диктор, веб-дизайнер, бармен, амбассадор, промоутер, дауншифтер, риэлтор имиджмейкер, спикер, волонтер.
Оқушылардың кірме сөздерін күнделікті өмірде пайдалануының себебін анықтау мақсатында сауалнама құрастырдық. [Қосымша №1]
Сауалнамаға 8 “Б” сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кірме сөздерді пайданалатының анықтау үшін сұраққа жауап беру керек. Егер де ия деп жауап берсе, себебін жазу керек. Сосын оқушылар кейбір сөздердің мағынасын түсіндірулері қажет.
Соңғы сұрақ оқушылардың көзқарасын анықтауға байланысты. Барлық сұрақтарға жауап берген соң, жиі пайдаланатын 10 кірме сөздерді жазу.
Қорытынды нәтижесі бойынша, әр баланың ойлау қабілеті мен көзқарасы әр түрлі.
40% оқушы термин сөздерді пайдалану себебі, бұл сөздер өз ойын нақты жеткізуге көмектеседі.
Ал келесі топ оқушыларының пайдалану себебі, қазақ тіліндегі сөздерді нақтылап жеткізу үшін пайдаланады. Бірде біреуі термин сөздерді ғылыми сөз деп ойламайды.
Ал 10% ағылшын тілінен енген кірме сөздерін мәнерлі, көркем деп санайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz