Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №48 МЕКТЕП-ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ КММ
ТАҚЫРЫБЫ: Су тасқыны және оның ссбептері. Су бөгеттері.
Секция: Валеология,экология
Орындаған:Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №48 МЕКТЕП-ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ КММ 3 Ж сынып оқушысы ДОСЫМБЕК АЙКЕРБЕЗ ЖАНАТҚЫЗЫ
Жетекші:Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №48 МЕКТЕП ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ КММ бастауыш сынып мұғалімі: ЗАРИПОВА АРАЙ БОЛАТОВНА
Өскемен, 2024 жыл
Мазмұны:
Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Су тасқыны жайында анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ. Су тасқынының алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.Қазақстан аумағындағы су тасқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Су бөгеттерінің салыну ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 мс астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады.
Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа жағдайларда су басу қаупінің алдын алуға немесе дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.
Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады. Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сондықтан да ауа-райы мәліметтеріне назар аударып отыру керек.
Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан әрбір азамат пен азаматша су тасқыны кезіндегі, оған дейінгі және одан кейінгі іс-әрекеттер жайлы хабардар болулары керек.
Айтып өткеніміздей, су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Су тасқын орнаған кездері ТЖ (Төтенше жағдайлар) қызметкерлері өз әрекеттерін бастайды, яғни су басу аймақтарында қалып қойған адамдарды, жануарларды алып шығады.
2024 жылы Қазақстанның бірнеше
аумақтарында төтенше жағдай жарияланды
*Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
* Су тасқыны қаупі бар аймақ
Қазақстандағы су тасқыны (2024) -- 2024 жылы Қазақстандағы көктемгі су тасқыны. Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат.
Абай облысы (ТЖ)
Ақмола облысы (ТЖ)
Ақтөбе облысы (ТЖ)
Атырау облысы (ТЖ)
Батыс Қазақстан облысы (ТЖ)
Қарағанды облысы (ТЖ)
Қостанай облысы (ТЖ)
Павлодар облысы (ТЖ)
Солтүстік Қазақстан облысы (ТЖ)
Ұлытау облысы (ТЖ)
Шығыс Қазақстан облысы
Түрі
су тасқыны
Себебі
еріген қар суы, бөгеттердің жарылуы, нөсер жауын
Нәтижесі
119 095 адам эвакуацияланды
Уақытша орналастыру пункттерінде 8 520 адам бар
31 938 адам үйлеріне оралды. 26 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
24 сәуірдегі ҚР ТЖМ ақпараты
Шығын
Төмендегілер су астында қалып отыр:
4 948 жеке тұрғын үйлер
1 054 аула аумақтары
17 900 саяжай үйлері
97 әр түрлі мақсаттағы бір ғимарат
8 мыңға жуық мал қырылды[2]
5711 мал өлді[3]
Тасқынның шығыны 200 млрд теңгеден асуы мүмкін[4]
Өлім
7[5]
Жоғалғандар
4[6]
Айып
Прокуратура Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында 4 істі тергеп жатыр
Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе:
Су толқынының бірінші соққысында-ақ құлап қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;
Барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;
Жеке қайығыңыздың болуы (дұрысы екеу: біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);
Жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз;
Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін білуіңіз керек.
Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз:
Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;
Үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен бұйымдарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;
Терезелер сынбау үшін және үйге қалқып жүрген қоқыстар кірмеу үшін бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен немесе фанермен мықтап шегелеп жабу;
Үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді ашып қою керек.
Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік жерге шығыңыз. Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрселерді дайындаңыз.
Су тасқыны басылған соң үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан сақтану керек. Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған үйге кіру-қауіпті. Тасқын судан тауып алынған тамақтарды және сол судың өзін де пайдалануға болмайды.
Су тасқынына қалай дайындалу керек:
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек . Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін
күттірместен,белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз - жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
Егер адам батса
Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.
Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек
Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының аймағы 2010-2011 жылдар аралығындағы қысқы кезеңі өте қатаң климаттық жағдайларда, қардың қалың жаууында және төменгі температураның ұзаққа созылуында өтуде.
Шығыс Қазақстан облысының аймағында ШҚ Гидрометео Орталығының мәліметтері бойынша қар қорының жинақталуы нормативтік мөлшерден 1-2 есе, кейбір жеке аймақтарда 2-3 есе артты. Қардың биіктігі жазық аймақтарда 4-тен 72 см, ал таулы жерлерде 19- дан 125 см-ге дейін ауытқып отырады. Су тасқынының басталуы облыс аймағында наурыздан мамыр айына дейін, кейбір жерлерде маусым айына дейін сақталады.
Су тасқыны кезеңінің алдын ала дайындалу мақсатында ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев 2011 ж. 18 қаңтарда көктемгі кезеңде алдын алу дайындығы бойынша профилактикалық шаралар кешенін өткізу туралы сұрақтары бойынша отырыс өткізді.Отырыстың қорытындысы бойынша қала және аудан аймақтарында көктемгіқысқы кезеңінде төтенше жағдайларды тудырмау туралы және жекежауаптылығы туралы қала және аудан әкімдері жазабаша ескертілді. Төтенше жағдайлардың апаттарын алдын алу бойынша тікұшақтар қолданылу бойынша қызмет корсетумен, сонымен қатар жарылыс жұмыстарын орындауға жарылыс жұмыстармен айналысатын ұыймдармен келісім-шартқа отырды. Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың туындауында барлық потенциалды-қауіпті жерлерді, гидроқұрылғыларды және сушаруашылық объектілерді тексеруге облыстық басқарама бастықтарының басшылығымен мамандардан тұратын жұмыс топтары құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 ж. 12 мамырдағы № 690 Сушаруашылығың құрылғылар мен жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы Қаулысына сәйкес облысытың барлық сушаруашылық объектілері мен гидротехникалық құрылғылардың иелері оларады қаупсіз қолданылудың қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға міндетті. 2003ж 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексінің 32 бабының 2 тармағына сәйкес меншіктер сушаруашылық құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауын жүзеге асырады:
1) Сушаруашылық құрылығылар жұмысының тәртібін сақтайтын уәкілетті орган (Суресурстарын қорғау және қолдануды реттеу бойынша Ертіс бассейн инспекциясы ММ)
2)Сушаруашылық құрылығылардың техникалық жағдайына өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (ҚР ТЖМ ШҚО төтенше жағдайлар бойынша департаменті ММ).
Жеке коммуналдыққа енетін су шаруашылық құрылғыларының қауіпсіздігі бойынша қызметтерін қамтамасыз ету үшін ШҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ішінде Шығыс су қоймалары мемлекеттік коммуналдық қазыналы кәсіпорыны құрылады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар әсеріне тиетін қауіпті учаскелер мен аймақтардың карталарын ҚР ТЖМ ШҚО төтенше жағдайлар бойынша департаменті түзетеді. Жолдарды тазартуға жұмылдыруда жол ұйымдары мен шаруашылық субъектілердің балансында тұратын жол техникаларының тізімі Жолаушылар көлігі мен автомобилдік жолдар басқармасымен жаңартылады.
Барлық өзендер мен суқоймалардың, қаркөшкіні учаскелерінің жағдайына, сонымен қатар көктемгі кезеңде тасыма және тасқын суларды болдырмау бойынша алдын ала шаралар қолданылуына қала және аудан әкімдерімен бақылауға алынды. Гидроқұрылғылардың, дамбылардың, шлюздардың, таулы канал бөліктерінің, суөткізгіш құбырларының және жолдағы көпірлердің жағдайларына тексеру жүргізілуде.
ШҚ Гидрометео Орталығы 35 гидрологиялық посттар, 29 метеопосттарымен су тасқынының қауіп қатер жағдайына болжамды және мониторингті күнделікті жүргізіледі. Барлық гидропосттар телефон, радиостанция, немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Метеопосттар автокөліктермен қамтамасыз етілген, баяндама телефон, радиостанция, немесе электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
ҚР ТЖМ Казселезащита ММ филиалымен 24 маршруты бойынша қаркөшкінінің қауіптілігіне тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Жарылғыш жұмыстарын жұмылдырумен қаркөшкінін профилактикалық түсіруі жүргізілуде. Сарымсақты жоталарындағы 34 морреналық көлдер мен таулы өзендердің бассейндерінде селдік жағдайына 15 бақылау посттарымен, жердің шайылуы мүмкіндігі бар құбылыстарына 13 ошақтарымен, Ертіс өзенінің опырмалы құбылыстарына 19 ошақтарымен және оның құймаларына 12 посттарымен бақылау іске асырылуда.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша облыстық идарааралық комиссия отырысының 2011 ж 31 қаңтардағы № 1 Хаттамасына сәйкес, көктемгі сутасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алу және жою мақсатында, облыстың қала және аудан әкімшіліктеріне табиғи және техногендік сипаттағы жанар-жағармай материалдары төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға облыс әкімінің материалдық-техникалық қорынан бөлінген.
2011 ж 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы Тасымал суы, су тасқыны мен су басудың пайда болуы және қауіп қатер төнуінде басқарма органдарының, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар бойынша комиссиясының, авриялық - құтқару қызметінің және халықтың іс-әрекеті атты тақырыпқа жаттығу штабын өткізді.
Көктемде барлық облыс аймағында су тасқынының күрделі жағдайына нақты қауіп төнгендіктен, 2011 жылға Шығыс Қазақстан облысының территориясына су тасқынға қарсы шаралар Жоспарының бекітілуі бойынша облыс әкімдігінің жобасы дайындалды.
Су тасқыны болған кезде өзін ұстау ережесі
Су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысында, көп жылдар бойы бақылау мәліметтеріне және алдын ала болжам есептерге сәйкес, жартылай немесе толығымен 15510 адам санымен 63 елдімекенді су алуы мүмкін. Су алу аймағына шаруа қожалықтары, теміржол және автожол көпірлері, авто және темір жолдарының телімдері түседі.
Ең қауіпті су алу жағдайы Бұқар жырау, Осакаров, Абай, Нұра, Шет және Қарқаралы аудандарында болуы мүмкін, өйткені көктемде қар ери бастаған кезде өзендердің суы 15 см бастап 3 м дейін көтеріледі және төмен тұрған телімдерге 0,5 бастап 3 км дейін жайылады.
Қарағанды облысында су тасқыны әр түрлі өтеді. Бәрі ауа райына байланысты болады: су тасқыны білінбей жай өтуі мүмкін, ал кейде апатқа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар аз емес. 2004 жылы Жезқазған аймағында, Шет және Бұқар жырау аудандарында еріген судың тасуы, Самарқанд су қоймасы бөгетінің жарылуы және т.б., сонымен қатар уақытында өткізілген алдын алу шаралары су алу апатының салдарын әжептәуір жеңілдетеді.
Адамдарда су алу апатымен күресудің тәжірибесі жиналып қалды. Бірақ, өкінішке орай, көктемгі су тасқыны кезеңінде адамдардың бақытсыз оқиғаға ұшырау жағдайлары жиі болады, өйткені олар абай болудың қарапайым ережелерін ұстанбайды, бар тәжірибесін қолданбайды.
2007 ж. үлкен су тасқыны болған жоқ, бірақ көктем маусымында адамдардың қайтыс болу жағдайлары кездесті: 2007 ж. 8 сәуірде Бұқар жырау ауданы Асыл бөлімшесінде, Шахан-Молодецкий автожолының еріген қардың суы қарқынды өтетін құбырға 10 жастағы бала құлап батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары жүргізілді. Ұл баланың денесі 4 күн өткеннен кейін ғана табылды.
2007 ж. 12 сәуірде Ұлытау ауданында (Қаракеңгір селолық округі) Қаракеңгір өзенінен мұздың үстінен өткен кезде 1968 жылы туған жергілікті тұрғын суға батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары 10 күн жүргізілді. 2007 ж. 22 сәуірде жергілікті атқару органдарымен және оның туған-туысқандарымен келісу бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылды.
2007 ж. 13 сәуірде Нұра ауданының Жанбөбек-Баршын автожолында 5 жолаушысы бар автокөлік суға толып тұрған терең жарға түсіп кеткен. Барлық жолаушылар қайтыс болды.
Тұрғын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz