Әкімшілік процес қағидаларының мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ2

1. Әкімшілік процес қағидаларының жалпы сипаттамасы5

1. 1 Құқық қағидасының заңнамалық анықтамасы5

1. 2 Әкімшілік процес қағидасының түсінігі және дамуы9

2. Әкімшілік процес қағидаларының мазмұны12

2. 1 Әкімшілік процес қағидаларының түрлері12

2. 2 Әкімшілік құқық және әкімшілік рәсімдердің өздеріне тән қағидаттары18

3. Әкімшілік процес қағидаларының тәжірибелік көрінісі27

3. 1 Әкімшілік процес қағидаларының тәжірибедегі әсері27

ҚОРЫТЫНДЫ31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ33

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Әкімшілік әділеттің қолданылу аясын да кеңейту қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігінің және мемлекеттік органдармен арадағы азаматтық-құқықтық дауларды Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелуі отандық сот төрелігіне барынша ізгілендіріп, әділдікке бастайды». [1]

Әкімшілік процес бір жағынан, құқықтық процестің бір түрі, екінші жағынан басқарушылық қызметтің іс жүргізу нормаларымен реттелген құқықтық нысан болып табылады.

Әкімшілік процес қағидаларының бөлінуі бұл олардың өзара тәуелсіздігіне байланысты өте шартты деп есептеледі. Әкімшілік процестің жалпы басқарушылық қағидаттарына: тараптардың қоғамдық мүддесін есепке алу, ұлттық теңдік, заңдылық сынды қағидаттар жатады.

Әкімшілік процесте азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне басымдық беру қағидаты ерекше маңызға ие. Себебі уәкілетті орган қоғамның, әлеуметтік топтардың және жекелеген азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидаттар ұғымы қазіргі заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені әкімшілік құқық қағидаттарында оның мәні, құрамдас аспектілері мен заңдылықтарының әртүрлілігінде айқын көрініс табады. Осы құқық қағидаттары саласын жетілдіру бойынша, құқықтық реттеуге байланысты ұсынымдар әзірлеу қажеттілігі туындайды.

Бұл жұмыстың мақсаты негізгі мәселелерді анықтау және шешу жолдарын талдау болып табылады.

Міндеттері:

  • құқық қағидаттарының маңызын зерттеу;
  • әкімшілік процес қағидаттарына қатысты мәселелерді талдау;
  • әкімшілік процес қағидаттарының айырмашылығы мен ортақ тұстарын зерттеу;
  • осы саланы құқықтық реттеуді жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде әкімшілік процесті жүргізу тәртібі мен ережелерін анықтайтын қағидаттар жүйесі. Бұл қағидаттар заңдылық, әділдік, тараптардың теңдігі сияқты әртүрлі аспектілерді қамтиды. Әкімшілік процестің қағидаттарын зерттеу оның жұмыс істеуі мен дамуының негіздерін тереңірек түсінуге, одан бөлек қағидаттар бұзылған немесе дұрыс түсіндірілмеген жағдайда туындауы мүмкін мәселелер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу пәні болып әкімшілік шешімдерді қабылдау кезінде адалдық, әділдік және объективтілік; мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін бақылау сынды қағидаттар табылады. Бұл қағидаттар әкімшілік процестің әділдігін әрі тиімділігін қамтамасыз етеді. Азаматтар мен ұйысдардың құқықтарын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерінен шектен шығуынан қорғауда маңызды рөл атқарады.

Зерттеу үшін қолданылатын әдістемелік база заңнамалық актілер, сот практикасы, мақалалар және ғылыми еңбектерді қамтиды. Сондай-ақ талдау, салыстыру, жүйелеу және қорытыңдылау әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының жаңалығы - Қазақстан Республикасының жаңа заңнамалық өзгерістерін ескере отырып, әкімшілік процес қағидаттар мен олардың қолданылуын реттеу мәселелерін талдау. Жұмыс барысында әкімшілік процес қағидаларын жетілдіру жолдары мен оның қолданылуына байланысты ұсыныстар әзірленеді.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы - жұмыс әкімшілік процес қағидаларының құқықтық аспектілеріне теориялық талдау жасау арқылы құқықтану ғылымындағы білім базасын кеңейтуге үлес қосады. Ол қағидалардың заңнамалық негіздерін, қолданылу ерекшеліктерін және оған қойылатын талаптарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының практикалық маңызы әкімшілік процес қағидалар мен олардың қолданылуын жетілдіру және туындайтын дауларды шешу механизмдерін қарастыруда. Бұл зерттеу қағидаларды қолдану барысында туындайтын мәселелерді шешуде құқықтық практиктерге пайдалы болады және заңнамалық реттеулерді жақсартуға негіз болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Әкімшілік процес қағидаларының жалпы сипаттамасыҚұқық қағидасының заңнамалық анықтамасы

Қағида дегеніміз - ( латын тілінен principim - принцип; негіз, алғы бастама) құқықтың объективті қасиеттері. Құқық қағидалары - бұл құқықтың мәнін анықтайтын және бейнелейтін, оның негізін қалаушы, жетекшілік ететін бастаулар. Қағидалар қоғамдық дамудың заңдылығын, осы қоғамның қажеттіліктерін бейнелейді. Құқықтың қағидалары заңшығарушылардың немесе ғалымдардың субъективті көзқарастары емес, құқыққа органикалық тән сапалар.

Құқық қағидасы - қоғамда құқықтың қалыптасуы мен қолданылуына негіз болатын негізгі қағида. Құқық қағидасы құқықтық қатынастардың барлық қатысушылары ұстануға тиіс негізгі қағидаларды, құндылықтарды және ережелерді анықтайды. [2]

Құқық қағидасының негізгі сипаттамасы оның қоғамдағы орнына қарамастан барлық құқық субъектілері үшін міндетті болуы. Құқық қағидалары - қоғам мүддесін қорғауға және әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қабылданған нормалар мен идеялар.

Құқық қағидалары Конституцияда, заңдарда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі, сондай - ақ әдет - ғұрып пен халықаралық құқық нормалары негізінде де қалыптасуы мүмкін. Әрекет етуі тиіс негізгі ережелерді мемлекеттік органдар, соттар, құқық қорғау органдары, одан бөлек жеке және заңды тұлғалар анықтайды.

Құқық қағидасының негізгі сипаттамаларының бірі оның жалпыға бірдей болуы. Құқық қағидалары қоғамның барлық деңгейінде әрекет етеді және әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық және тағы басқа кең ауқымды салаларда қолданылады. Құқық қағидасы жалпыға бірдей сипатқа ие және олардың әлеуметтік мәртебесі, жынысы, нәсілі, ұлты, мәртебесіне қарамастан барлық адамдарға қолданылады.

Құқық қағидасының тағы бір өзіне тән қасиеті - оның тұрақтылығы. Құқық қағидалары қоғамның әртүрлі қажеттіліктері мен жағдайларына байланысты өзгереді және дамиды. Бірақ бұл жағдайларға қарамастан құқық қағидалары әрқашан негізгі және өзгермейтін болып қала береді. [2]

Құқықтық қағидат әділдікке жетуге, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Әкімшілік қағидаттар не үшін қажет деген сұраққа жауап беретін болсақ, әкімшілік принциптер мемлекеттің басқару аппаратының әділ әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Олар азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге, әкімшілік рәсімдердің сақталуын және ең бастысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге арналған.

Әкімшілік принциптер заңдылық қағидаттарын сақтауға да көмектеседі және әкімшілік органдардың әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Олар әкімшілік процестерді дұрыс ұйымдастырудың негізі болып табылады және сыбайлас жемқорлық пен озбырлық қаупін азайтады.

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық және әкімшілік қағидаттар саласында кейбір мәселелер бар. Олар:

  1. Заңнаманың толық еместігі және жетілдірілмегендігі: Заңдарда қарама - қайшылықтар мен түсініксіздіктер болуы, бұл әкімшілік ережелер мен қағидаттарды қолдану кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін.
  2. Атқарушы билік органдарының іс - әрекеттерінің ашық еместігі: Кейбір жағдайларда атқарушы билік органдары заңдылық пен әділеттілік қағидаттарына қайшы келетін объективті критерийлерсіз өз бетінше әрекет етуі.
  3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жеткіліксіз қорғалуы: Кейде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын атқарушы билік органдары бұзуы мүмкін, ал әкімшілік соттарда азаматтарға өз құқықтарын тиімді қорғау мүмкіндігі берілмейді.
  4. Әкімшілік органдардың жеткілікті түрде сараптамасы мен құзыретінің болмауы: Атқарушы билік органдарының әкімшілік қағидалары мен ережелерін жеткіліксіз білуі мен түсінуі істердің дұрыс емес және әділетсіз шешілуіне әкелуі мүмкін.

Бұл Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық саласында орын алып отырған мәселелердің бір бөлігі ғана деп санаймын. Жағдайды жақсарту және әкімшілік заңнаманы реформалау үшін, үкімет пен құзырлы органдармен байланысу бұл мәселелерді шешуге көмектеседі.

Әкімшілік қағидаттар мәселелерін шешу үшін келесідей қадамдарды қолдануға болады:

  • Орын алған мәселені анықтау: Қиындықтар немесе қандай да бір кемшіліктер тудыратын әкімшілік қағидттардың нақты аспектілерін анықтау;
  • Мәселенің себептерін талдау: Әкімшілік қағидаттар мәселесінің туындауына әсер еткен фактілерді анықтау. Бұған қағидалардың дұрыс қолданылмауы, қағидаттар мен тәжірибе арасындағы сәйкессіздік, ресурстардың жетіспеушілігі немесе қызметкерлердің төмен біліктілігі кіруі мүмкін;
  • Мәселені жеңу стратегиясын әзірлеу: Мәселені шешу үшін керекті қадамдар мен әрекеттерді анықтау: Бұл жерге қолданыстағы саясаттарды қарау және нақтылау, қызметкерлерді оқыту және дамыту жұмыстарын атқару, қызметкерлер арасындағы байланысты жақсарту немесе жұмыс процестерін қайта жоспарлау кіруі мүмкін.
  • Нәтижелерді бағалау: Қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау және мақсаттарға қол жеткізілгенін анықтау. Мәселе толығымен шешілмесе, негізгі себептерін талдауға оралу қажет және стратегияны қайта қарастыру қажет болады.
  • Қажетті түзетулерді енгізу: Бағалау жүйесі бойынша нәтижелерді жақсарту және әкімшілік қағидалар мәселесінің ұзақ мерзімді шешімін қамтамасыз ету үшін қабылданған әрекеттерге өзгерістер енгізу қажет.

Әкімшілік қағидалар мәселесін шешу үшін ең басты қажет нәрсе бұл уақыт және күш - жігер. Бұдан бөлек ұйымдағы барлық адамның ынтымақтастығы мен бір - біріне деген қолдауда айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

  1. Әкімшілік процес қағидасының түсінігі және дамуы

Әкімшілік құқық көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және тарихи факторлардың әсерінен белгілі бір қағидаларға сүйеніп негізделген.

Ежелгі Римде жерге иелік ету және маңызды әкімшілік шешімдерді римдиктердің өздері қабылдаған, бұдан шығатын ой ежелгі дәуірде қоғамдағы билеуші таптар әкімшілік функцияларды толығымен өз бақылауына алған. Осындай жүйелерде әкімшілік процестің қағидалары осы таптың мүдделеріне негізделген. Осы Ежелгі Рим кезеңіндегі қалыптасқан қағидалар сол кездегі таптың мүдделерін және билеушілердің еркі болды.

Әкімшілік қағидалардың дамуына шығыс өркениетінің қосқан үлесі зор. Мысалы, Қытайда біз білетін күрделі әкімшілік жүйе қалыптасқан, осы жүйеге байланысты әкімшілік қағидаттарды мемлекеттік қызметтер еңбегі мен қабілетіне қарай шенеуліктерді тағайындады. Бұл шенеуліктер әкімшілік процестің қағидаттарына халық алдындағы міндеттер мен жауапкершіліктер кірді деп пайымдаған.

Еуропада әкімшілік құқық қағидаттарының дамуы Қайта өрлеу және Ағарту кезіңімен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі занның үстемдігі мен билікті бөлу қағидаттары азаматтардың заң алдыңдағы теңдігін орнатып, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мықты жүйе құруға бастама болды. Әкімшілік шешімдерді сот бақылау қағидаты, мемлекеттің әділ және парасатты әрекет етуін талап ететін пропорционалдық қағидаттары сияқты принциптер пайда болды.

Қазақстанда әкімшілік қағидаттардың дамуы еліміздің бүкіл тарихында көрініс табады.

Ең бірінші кезең ретінде Тәуелсіздікке дейінгі кезең:

Кеңес Одағы кезінде басқарушы органдар елдің барлық салаларын, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық, мәдениет саласын қамтитын ортақ басқару жүйесін құрады. Бұл кезекте әкімшілік қағидаттар біртұтас басшылық және бірыңғай басшылық қағидаттарына негізделген болатын, ал бұл қағидаттарды мемлекеттік органдар өз бақылауында ұстап отырды.

Тәуелсіздік кезеңі:

Бұл кезеңде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әкімшілік қағидаттарды кезең - кезеңмен дамытуды қолға алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы демократияның, заңдылықтың, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау негіздерін бекітті. Осы қағидаттар негізінде келесідей заңдар қабылданған:

  • 1991 жылы «Әкімшілік рәсімдер» туралы Заң, бұл заңда әкімшілік функцияларды жүзеге асыруды реттеп, әкімшілік рәсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етті.
  • 1995 жылы Әкімдіктің басқару жүйесі құрылды, оның мақсаты жергілікті деңгейдегі әкімшілік органдарды қамтитын, азаматтарға шешімдер қабылдауға, әкімдіктің қызметін бақылауға қатысуға мүмкіндік берді.
  • 2000 жылы Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды, онда ашықтық, жариялылық, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы сияқты мемлекеттік басқарудың жаңа қағидаттары белгіленді.

Қазіргі кезде Қазақстан әкімшілік жүйесін дамытуда тоқтап қалған жоқ, басты назар тиімділік, жауапкершілік, инновация сияқты қағидаттарға аударылуда. Негізінен, әкімшілік процес қағидаттары бірнеше мыңжылдықтар бойы дамып, әртүрлі тарихи факторлар әсерінен қалыптасқан. Қазіргі заманғы қағидаттар азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамның бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету үшін әкімшілік процестің әділдік, ашықтық және тиімділік қағидаттарын дамытуға ұмтылады.

Ал кейіннен енгізілген қағидаттарға келетін болсақ Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 10 - бабының бірінші бөлігіне мынадай редакция жазылды:

  1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәсі Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденгенге және өз өкілеттіктері шегінде істі қараған судьяның, органның ( лауазымды адамның ) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
  2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай - ақ айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшіне енген кезге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Бұдан бөлек 12 - баптағы « екі рет» деген сөздер «қайталап» деген сөзбен ауыстырылды. [3]

Ал Әкімшілік Рәсімдік - Процестік Кодексінің Заңдылық қағидатының үшінші бөлігінде: «Кеңесіне» деген сөз «Сотына»; «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөздермен ауыстырылды. 18 баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылды. [4]

Осылайша Әкімшілік құқық бұзушылық және Әкімшілік Рәсімдік - Процестік Кодекстерінде осындай өзгертулер енгізілген.

  1. Әкімшілік процес қағидаларының мазмұныӘкімшілік процес қағидаларының түрлері

Ең алдымен әкімшілік процес қағидаларын қарамастырмастан бұрын, әкімшілік процесті екіге бөліп қарастырған жөн.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық - жеке немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті не әрекетсіздігі. [3]
  2. Әкімшілік рәсімдер - әкімшілік әрекетті жасауға немесе әкімшілік актіні қабылдауға бағытталған барлық әрекеттер. [4]

Біріншіден әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік рәсім қағидаттарының ортақ тұстары көп, олар:

  • Заңдылық;
  • Заң мен сот алдындағы теңдік;
  • Әділдік;
  • Құқықтар, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау;
  • Жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидаттары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қағидалары.
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Францияның экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары
Құқық ұғымы туралы
Халықаралық валюталық операциялар
Мемлекеттік шығын
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz