Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы - әдістемелік ғалым

Жоспары:
КІРІСПЕ
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар
1.2А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері
2. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі
2.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып шыққан. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.Араб таңбаларын қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.
Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі "қазақ жазуы" деп, өзгелер "Байтұрсынов жазуы" деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазды. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интелегенция жаппай мойын бұрды.
1911-1912 жылдары Уфа мен Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі "Оқу құралы" деген атпен 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым "Әліп-бидің" жаңа түрін жазды.Сол кезде оның атақты "Тіл - құрал" атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Ахметтің тағы бір зор еңбегі - терминдерді жасау. Бұдан бөлек, ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.Өнер алды - қызыл тіл деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған.
Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері -- әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі -- қазіргі жаңа заманға өте керек.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған "Тіл -- құрал" атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қырлары мен көзқарасын зерттей отырып, қазақ тіл білімінің негізін қалауға қосқан үлесімен танысу.
Курстық жұмыс нысаны. Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру, талдау болып табылады.
Курстық жұмыс міндеттері:
Оқу құрал еңбегінің тілдік және педогогикалық қырларын талдау;
А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерін саралау;
Жазуға үйрету, хат таныту мәселелеріне қосқан үлесін қарастыру;
Тақырыптың зерттеу деңгейі. А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі жайында әдебиеттерде, көптеген ғылым салаларында жан-жақты зерттелуде.
Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық- патриот- тық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда
1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар
Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды .Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде (1882-1884), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-1917 жылдары Қазақ газетінің редакторы, 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері - революциялық комитеттің мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды.
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. "Әліпби", "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш", т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселәлерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық I съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулык ретінде ұсынды.
Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі ағартушылық мақсат көздеді. Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне сай келетін, надандығын, жалқаулығын, алтыбақан алауыздығын әшкерелейтін мысалдарды таңдап, талғап аударды.
Патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының хал-ахуалын әбден төмендетіп, шымбайына батқанын көре білген Ахмет Байтұрсынов 1913 ж. "Жиған-терген" атты өлеңінде:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуга тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйкың,
Ұйықтайтын бар не сиқың! - деп қалың елі қазағының хал-ахуалын тебірене жыр етті.
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң өзiнде бұған қазақ даласындағы көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын тек қана шығыстану, педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895 - 1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. Ол ағартушылардың арасындағы оқу-бiлiмнiң пайдасы халыққа тек қоғамдық жағдайды түзегенде ғана пайдалы болмақ деп санағандардың бiрi болды. Өзi сан рет патшалық жүйенiң саясатына қарсы шығып, жергiлiктi шенеунiктердiң жүгенсiздiгiн әшкерелейдi. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен кейiн ол бұқара халықты ашық түрде басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын жазған петиция жолдайды. Хатқа қол қойғандардың барлығы патша күзетiнiң қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.
А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911 ж. "Айкап" журналына жазған "Қазақтың өкпесі" атты мақаласында "Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет жанында өз алдына хандық құрып тұра алмайтын болғандықтан... хандарымыз халқыменен Ресейге қосылған" деп тарихи шыңдықтың бетін ашады. Қалың елі қазағына ұлы ақын Абайша өсиет айтып, "Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк... Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік ағайын!" - деп көпке жар салды.
Ал 1913 ж. "Қазақ" газетінде жарияланған "Оқу жайы" атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, "Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халыктардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген - ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, өткемелерді жүргізген ғылым" деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды.
Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақша оқу жайынан" атты мақаласында "Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... қазақ, ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі", - дейді. Оқудың қоғамды өзгертуші күш екенін, жауыздық пен надандық атаулының бәрі білімсіздіктен, надандықтан туындап отырғанын тап басып тура айтты.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. "Адамға тіл, құлак қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек", - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына катты батты. Бұл жөнінде: "Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі..." деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, "орыс мектептерінде тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырган бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікірі бүлдіріп отыр", - деп - қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді.
Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, "Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі - өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу - құр әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс" деп, өз пікірін батыл білдірді. А.Байтұрсынов "Қазақ" газетінің 1914 жылғы 62-санында "Мектеп керектері" деген мақаласында "...Ең әуелі - мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген программа", - деп оқытуға қажетті мәселелерді ғылыми тұрғыда талдап береді.
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге де арнайы тоқталып, ол пәндерді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, география, жаратылыс болуы керек деп саралап көрсетеді. А.Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға алғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан, кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды.
А.Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. "Бұлардың кемшілігі сол, деді ол, - бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, жаңаша буындап оқыту жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік-тәжірибесіздік" деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
Ол осы пікірін әрі қарай жалғастырып, "Оқыту жайынан" атты мақаласында "... оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі кұралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді..." дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын "Оқу құралын" жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі "Тіл құралы" деген атпен алғаш peт 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған. 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше peт қайта басылып, пайдаланылып келді.
Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы - қазақ тілі грамматикасының басты салалары - фонетика - дыбыс туралы ғылым, морфология - сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис - сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш peт қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, "Тіл жұмсар" деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып, 1928 ж. Қызылордада бастырып шығарды.
Брынғы қадім жазуы бойынша әр әріптің таңбасы сөз басында біртүрлі, сөз ортасында біртүрлі, сөз аяғында біртүрлі болып белгіленетін. Және бас әріп, кіші әріп таңбасы болатын, сөйтіп 28 әріптің 145-150 таңбасы бар еді. Ал ол баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. А.Байтұрсынов осы әріп таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде жеңілдетті. Бұдан балалар тез сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов 1926 ж. "Әліпбидің" жаңа суретті түрін кітап етіп кайта бастырып шығарды. Бұл "Әліпбидің" мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекеттік білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шықты. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық болды.
Жаңа "әліпбидің" тағы бір ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілері, төрт түлік туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер үзінділерін әр әріпті өтуге байланысты орынды пайдалануы жәме олардың тәлімдік те, танымдық та маңызын ескере отырып іріктелуі еді.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. А.Байтұрсынов 1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланған "Қай әдіс жақсы" деген көлемді мақаласында орыстың ұлы педагог Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдістері туралы" деген еңбегіне талдау жасай отырып, "Әдіс деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу" деп тұжырымдайды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 ж. қазанда "Баяншы" деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор мұғалімдерге "Әліппені" оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
А.Байтұрсынов оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған "Әдебиет танытқыш" атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды. "Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет етеді... Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көркемөнер (искусство), оның бес бөлімі бар: біріншісі - сәулет өнері, екіншісі - сымбат өнері, үшіншісі - кескін өнері, төртіншісі - әуен (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері ("өнер алды қызыл тіл")", дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша сырларын танып білуге тәрбиелейтіндігіне тоқталады.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулыкпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді.
1.2А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет. Себебі, олар халық мұңын мұндап, ұлттық, халықтық ар-намысты оятуды, қалың елі қазағының басқалармен терезесі тең ел болуын, өнер-білімді еркін игеруін аңсады. Осы ұлы көштің көшбасшысы бола білген Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басындағы қаранғылық қапас пен надандық ен жайлаған қазақ елінің мүшкіл халіне қабырғасы қайысып:
Қазағым елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Канауда жаның
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың - деп ашына ақыл айтып, ой салады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқаңда
Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа"-- деп өнер-білімі бар озық мәдениетті елдерді үлгі етті. Ойшыл-оқымысты қазақ зиялылары ұлттық, халықтық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді. "Елдің өзін ел сезінуін, өзгелермен тең сезінуін, өзінің ұлтын ер сезінуін, қайраттанып, намыстанып, жігерленіп өмір суруін" армаңдады. Сол жолда революционер- демократтарша өмірінің ақырына дейін күресе білді. Асыл арман жолында ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиюдан да тайынбады.
Сондай ғалымдардың бірі - А. Байтұрсынов еді. "Ахмет Байтұрсынов - ұлттың тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға", - деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткеңдей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расыңда да ешкіммен салыстыруға болмайды. "Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар". Ол ашқан "Қазақ" газеті мен қазақ мектептері, Қазақ мұғалімдер қурсы, ол жасаған қазақ термиңдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу-ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшан теңіз.
Ол ақталған жылдан бастап оның энциклопедист - ғалым екендігін дәлелдейтін мақалалардың баспасез беттерінде толассыз жарияланғаны туралы Л. Нұрғалиева Ақталғандар тағдырының қазіргі баспасөз беттерінде зерттелуі атты мақаласында: А. Байтұрсынов жайында қазақ мерзімді баспасөзінде мынадай дүниелер жарияланып, оқырман назарларына ұсын- ылды: С. Әсіпов Ұлттық ымыраға келудің басы еді, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова Сан қырлы саңлақ дарын, С. Негимов Дархан дарын, Б. Сарбалаев Бес бәйтерек, Ж. Ысмағұлов А. Байтұрсынов пен М.Дулатов творчествосындағы идеялық-көркемдік ізденістер", Т.Қожакеев "Алыптың өмірінен үш үзік сыр", С.Қирабаев "Ахметтің ақындығы'', Д.Досжанов "А.Байтұрсыновтың істі болу тарихы" және т.б. - дейді.
Ал ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғы- да зерттеу жұмыстары А.Кыдыршаевтың "А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары" атты ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытудағы орны- ның ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның "А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеу" атты ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының төлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің "Қазақтың тәлім-тәрбиесі" және "Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы" атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Бүгінгі танда А.Байтұрсынов еңбектерінің әр салада зерттелу жайы біршама жолға қойылған. Мәселен, тарих ғылымы бойынша М. Қойгелдиев, Ө.Айтбаев, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, К.Нүрпейісов, т.б., филология саласы бойынша Т.Кәкішев, Р.Сыздықова, Р.Нұрғали, К.Құсайынов, А. Мектепов,Т.Қордабаев, Ү.Суханбердина, Б.Қойшыбаев, Д. Досжанов, т.б., педагогика және психология саласы бойынша С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Н.Іргебаева, т.б. еңбектерінде ағартушының артына қалдырған мұрасын жан-жақты зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдарын айқындап береді.
Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерде білім мен тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері өлі де болса жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта аламыз. Ал, ол кеңінен зерт -телуі және қазақ педагогакасы тарихынан занды орнын алуы тиіс.
А. Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерт- теп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық жене практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығар- машыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіңдіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса, оңда рухани құңдылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік. Осы мақсатты көздеп ұстаздар қауымына А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектеріндегі төлімдік ойларды ашьш көрсетуді мақсат еттік.
"А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайда- лану"атты біз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тіл ғылымының атасы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Пәндер