АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Ахмешова Р. Н

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,

1 курс магистранты, Талдықорған қ

Шакирова А. Д.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,

философия докторы (phD), Талдықорған қ

Аңдатпа: Бұл мақала негізгі жалпы білім беруде, атап айтқанда ағылшын тілін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға арналған. Мақалада, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануда оқушылардың саралау, пікірталастыру, ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу, болжау, өзін-өзі бағалау және белсенділік дағдыларының қалыптасуы қарастырылады.

Тірек сөздер: сын тұрғысынан ойлау, технология, әдіс-тәсілдер, іс-әрекет, дағдылар.

Аннотация: Данная статья посвящена применению технологии критического мышления в основном общем образовании, в частности в преподавании английского языка. В статье рассматривается формирование у учащихся навыков дифференциации, дискуссии, коллективной, групповой, парной работы, прогнозирования, самооценки и активности при использовании технологии критического мышления.

Ключевые слова: критическое мышление, технология, методы и приемы, действие, навыки.

Abstract: This article is devoted to the application of critical thinking technology in basic general education, in particular in teaching English. The article discusses the formation of students' skills of differentiation, discussion, collective, group, pair work, forecasting, self-assessment and activity using critical thinking technology.

Keywords: critical thinking, technology, methods and techniques, action, skills .

Сын тұрғысынан ойлау (ағылш. critical thinking) дегеніміз бұл - әртүрлі жағдайлар мен оқиғаларды талдау үшін сұрақтар қою, әртүрлі дәлелдер жасау арқылы, тәуелсіз, ойластырылған шешімдерді қабылдау қабілеті. Сондықтан, технологияны қолданудың негізгі идеясы оқушылар мұғаліммен бірлесіп белсенді қарым-қатынас жасайтын, оқу үдерісі туралы саналы түрде ой жүгіртетін, қоршаған әлем туралы білімді, жаңа идеяларды, немесе пікірлерді растайтын, жоққа шығаратын немесе әртүрлі ойын әдістері арқылы оқу үрдісін құру болып табылады. Әрине, оқушылар аталған іс-әрекеттерді ағылшын тілінде еркін жасауы тиіс [4, 6-7б] .

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» қалай пайда болды? Сын тұрғысынан ойлау технологиясын (СОТ) алғаш болып ХХ ғасырдың 90-жылдарында Американдық ғалымдар К. Мередит, Ч. Темпл, Дж. Стил ойлап тапқан, бұл ерекше методика болып табылды, және ол қалай ойлауды үйрету керек деген сұраққа жауап іздеді [3, 55 б] .

Қазіргі кезде, мұғалімдер сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының төмендегі үш кезеңдерін қолданады:

  • шақыру;
  • іске асыру;
  • рефлексия.

Жоғарыда көрсетілген әр кезеңнің өз мақсаттары мен міндеттері, сонымен қатар зерттеу, шығармашылық қабілетті белсендіруге, содан кейін алған білімдерін түсінуге және пысықтауға бағытталған әдістер жиынтығы бар.

Бірінші кезең - «шақыру», бұл кезең барысында, оқушылардың бұрыннан бар білімдері белсендіріліп, тақырыпқа деген қызығушылығы оянады, алдағы жаңа оқу материалының мақсаттары анықталады.

СОТ- тың бұл кезеңінде оқушылардың іс-әрекеті келесідей болады: оқушылар зерттелетін материал бойынша не білетінін «естеріне алады» (болжамдар жасайды), ақпаратты зерттемес бұрын жүйелеп, жауап алғысы келетін сұрақтарын мұғалімге қоя алады.

«Шақыру», кезеңінде төмендегі әдістер мен тәсілдер қолданылады:

  • «Белгілі ақпарат» тізімін жасау, кілт сөздер бойынша әңгіме-болжам жасау;
  • Материалдарды жүйелеу (графикалық) : кластерлер, кестелер құрастыру;
  • True және False сөйлемдерін анықтау;
  • Шатастырылған логикалық тізбектер құру және т. б әдіс- тәсілдер.

Осы бірінші кезеңде оқушылар алынған ақпаратты тыңдайды, жазады, талқылайды, сыныпта жұмыс жеке және жұптық топтарда жүргізіледі. Сонымен қатар, «шақыру», кезеңінде келесі ойын - әдістерді қолдануға болады:

  • «Таза тақта» ойыны

«Таза тақта» ойыны өткен материалды қайталаған кезде қолданылады. Сабақ басталар алдында мұғалім мектеп тақтасының әр жеріне сұрақтар жазылған ақ дақтар түрінде қағаз кесінділерін жабыстырады. Сабақтың басында мұғалім оқушылардан тақтаны «зұлым қарындаштың» әрекетінен «тазартуды» сұрайды, Зұлым қарындаштың бейнесі де тақтада бар. Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығып, ақ дақтарды шешіп, оларға жазылған сұрақтарға жауап береді. Осылай, тақта ақ дақтардан арылып, таза тақтаға айналады. Ақ дақтарды көбірек жинаған оқушылар жоғары ұпай алады.

  • Кластер жасау әдісі

Кластер жасау әдісінің мақсаты белгілі бір мәселе немесе тақырып бойынша алынған білімді жүйелеу оқушылардың ақыл-ой әрекетін ынталандыру. Кластер - бұл белгілі бір ұғымның семантикалық өрістерін көрсететін материалдың графикалық ұйымы. Кластер сөзінің аудармасы «шоқ, шоқжұлдыз» дегенді білдіреді. Кластерді құру арқылы оқушылар кез-келген тақырыпқа еркін және ашық ойлауға және ойларын жеткізуге дағдыланады.

Оқушылар ақ парақтың ортасына негізгі ұғымды жазады, ал сол ұғымнан әр түрлі бағытта сызықтар сызылады, оқушылар бұл берілген ұғымды әртүрлі сөздермен байланыстырады, және де сол сөздерді бір-бірімен байланыстарын көрсетеді. Кластер әдісін сыныпта, үй тапсырмасы ретінде беруге де, жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін пайдалануда да өте тиімді.

Екінші кезең, ол мазмұнды кезең - «іске асыру» кезеңі, осы кезең барысында оқушылар тікелей мәтінмен жұмыс жасайды, ал ол жұмыс нақты бір бағытқа бағытталған әрі мағыналы. Оқу процесі әрдайым оқушылардың өз түсінігін бақылауға мүмкіндік беретін әрекеттерімен (таңбалау, кесте сызу, күнделік жазу) жүреді. Сонымен қатар, «мәтін» ұғымы кеңінен түсіндіріледі: бұл жазбаша түрдегі мәтін, мұғалімнің өз сөзі немесе бейнематериал болуы мүмкін.

СОТ- тың бұл кезеңінде мұғалімнің міндеті оқушылардың жаңа ақпаратпен тікелей жұмыс жасау барысында тақырыпқа деген қызығушылықтарын сақтау, және біртіндеп «ескі» білімнен «жаңаға» білімге жылжу. Ал, осы кезеңдегі оқушылардың іс-әрекетіне келер болсақ, олар мұғалім ұсынған белсенді оқу әдістерін пайдалана отырып, мәтінді оқиды (тыңдайды), дәптерлеріне түртіп жазып алады, немесе жаңа ақпарат бойынша түсінгендеріне жазбалар жүргізеді. Яғни, жаңа ақпаратпен (мәтін, фильм, дәріс) тікелей байланыс орнатылады, оқушылардың жұмысы жеке немесе жұп болып жүргізіледі [2, 15б] .

Екінші кезеңде, оқушылар топ болып жұмыс жасағанда қолдануға болатын әдістердің бірі - «Фишбоун» әдісі. Бұл әдіс оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын көрнекі және мазмұнды түрде дамытуға бағытталған. Осы әдістің мәні-талдау объектісі мен оған әсер ететін факторлар арасындағы себеп-салдарлық қатынастарды орнату және негізделген таңдау жасау. Фишбоун сызбасы арқылы:

  • оқушылардың жұмысын жұппен немесе топпен ұйымдастыру;
  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
  • себептер мен салдарлар арасындағы байланысты елестету;
  • факторларды олардың маңыздылық дәрежесіне қарай саралауға болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Физика сабағын оқыту үрдісіне көптілділік білім беруді енгізу жұмысының нәтижесі
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz