Киіз басу технологиясының жетістіктері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
« Технология және дизайн » факультеті
«Өнер және дизайн» кафедрасы
Тақырыбы : «Томирис» дивизіндегі әйелдер жинтығының дизайнын матаға киіз технологиясын пайдалана отырып, қазақ ұлттық стилінде әзірлеу.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
6В02101 - «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған: 6В02101- Дизайн БББ мамандығының студенті: Мүтәш М. Ә
Тексерген:
Шымкент, 2024
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(ғылыми дәрежесі мен атағы, қолы, аты-жөні)
20___ жыл
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Томирис» дивизіндегі әйелдер жинтығының дизайнын матаға киіз технологиясын пайдалана отырып, қазақ ұлттық стилінде әзірлеу.
6В02101 -«Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған: топтың атын жаз Мүтәш М. Ә
Ғылыми жетекшісі:
Магистр, аға оқытушы: Ким И. С.
Шымкент, 2024
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
АНЫҚТАМАЛАР . . .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
КІРІСПЕ . . .
1 КИІЗ БАСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН РӨЛІ, ТҮС ГАММАЛАРЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЭСКИЗІН СЫЗУ
1. 1. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы мен киіз басу өнері . . .
1. 2 Киіз басу технологиясының жетістіктері . . .
1. 3 Киіз басу технологиясында түс гаммасын таңдау . . .
1. 4 Киіз басу технологиясы бойынша алынған үлгінің техникалық эскизін сызу . . .
2. « ТОМИРИС» ДИВИЗІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СТИЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ МАТАҒА КИІЗ БАСУ ТЕХНОЛОГИСЫМЕН ТОЛЫҚТЫРУ.
2. 1 Сақ ханшайым «Томирис» - сән патшайымы . . .
2. 2 Матаға киіз басу технологиясын ұйымдастыру . . .
2. 3 Матаға киіз басу технологиясының тәжірибедегі жетістігі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:
АНЫҚТАМАЛАР
Ғылым - табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдылықтарын зерттеу, шындық туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы;
Дизайн -көркемдік дизайнды білдіреді, яғни, ең алдымен, дизайнердің алдына қойылған мәселеге сәйкес келетін түбегейлі жаңа шешімдерді іздеу.
Дизайнер - сурет салушы, жобалаушы. Дизайнер маманы - дизайн саласында қызмет істейтін және жоғарғы тұтыну талаптары мен заттың немесе заттық ортаның эстетикалық сапасын қамтамасыз етуші.
Композиция (лат. Composition - құрастыру, шығарма) -1) көркем шығарманың құрылысы. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.
Силуэт - киімнің көлемдік формасының жазықтықтағы бейнесі
Жинақ - бұл авторлық тұжырымдаманың, кескіннің бірлігімен біріктірілген, материалдар жинағында қолданылатын әртүрлі мақсаттағы модельдер сериясы, түс схемасы, пішін, негізгі дизайн, Стиль шешімі.
Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі.
Текстура- пішіннің беткі құрылымының сипаты, ол мүлдем тегістіктен бедерленгенге дейін өзгеруі мүмкін; беттің жеткілікті үлкен құрылымдық микро элементтері бар белсенді құрылым ерекшеленеді, ал пассивті-Тегіс немесе ұсақ, әрең ерекшеленетін элементтері бар; белсенді текстура заттың массивтілігін көрнекі түрде арттырады, оны "материалдық" және "салмақты"етеді;
Киімнің конструкциясы - заттың өзара орналасу құрылымы.
Түс - адамның көзімен қабылданатын физилогиялық сезім, форманың эмоционалды-экспрессивті сипаттамасы, ол өнімнің бейнелі құрылымын қалыптастыруға белсенді көмектеседі және форманың басқа қасиеттерін қабылдауға әсер етеді.
Киіз, кигіз - қойдың күзем жүнінен қалың, тығыз етіп басылған үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым.
Күзем жүн - қойдың күзде қырқылған жүнін айтады. Күзем жүннің түбіті жабағыға қарағанда аз, жүн талшықтары қысқалау әрі қылшығы молырақ болып келеді.
Жабағы жүн - қой мен түйенің жазғытұрымғы ұйысқан қысқы жүнін айтады. Күзем жүнге қарағанда қылшығы аз, түбіті көп болғандықтан көбіне тоқымашылық кәсібінде молырақ пайдаланылады.
Ши - қазақ жерінің әртүрлі өңірінде түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыстың түрін айтады.
Киіз байпақ - байтаба, қолдан жасалған пима. Талдырма -алуан түске боялған жүнді жеке -жеке жұқа әрі босаң етіп киіз басу әдісімен басып алады да, одан ою ояды. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып, біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады.
Жүн - жануар терісінен алынатын талшықты материал.
Білектеу -басылатын киіз пысып, қатаю үшін бірнеше адам қатарынан тізерлеп отырып алып білектерімен әрі-бері ырғап аунатып, ұрғылау әдісі.
Ұзындау -киіздің ұзынын жазып шиыршықтап алып басу.
Киіз басу - жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізінде киіз жасау процесі.
Ылғалды киіз басу- киіз дайындау тәсілі, жүннің су мен сабынның өзара әрекеттесуі арқылы дәстүрлі қол әдісімен орындалады.
Құрғақ киіз басу техникасы - фелтинг немесе фильцнадель - бұл жүннен жасалатын арнайы инелердің көмегімен жасалатын өнімдерді не болмаса бұйымдардыайтады.
Нунофелтинг- құрғақ киіз басу техникасында орындалатын әдіс.
Тұмарпатшайым (Томирис) (Ежелгі гректер Тұмарханымды Τόμυρίς, ал көне көне парсылар тілінен аударғанда Tahm-Rayiš, ал ирандықтардың тілінен аударған Tahmirih - "Батыл") (ж. ж. с. д. 570-520) - сақ халықтарының заманында ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.
Түрді шүйкелеу (ою өрнекті) - боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезде әлгі шүйкеленген түрге қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстық су себіледі. Одан әрі қарай киіз басу процесі қайталанады.
Түр - қол өнер шығармаларының бетіне салынған әр түрлі өрнек.
Материалдың құрамы -материалдың негізгі сапасы, оның қасиеттері, олар талшықтар мен жіптердің химиялық құрамына тікелей байланысты.
Атлас -тегіс жылтыр беті бар тығыз мата, гладам тегіс боялған немесе басылған, жылтырлығы бар, драперлер жасайды.
Шифон- Жоғары сапалы шілтердің соңғы дизайны. Шифон мата полиэстерден жасалған, оны киімге сөмкелергежәне үй тоқыма бұйымдарына қолдануға болады.
Дублирин- бояуға төзімді, жиырылмайтын, отырмайтын, нүктелік әдіспен бір бетіне желім жағылған, экологиялық таза материал.
Қолданбалы зерттеу - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЕСКД-конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі
БК-негізгі құрылыс
GMF-фигураның графикалық моделі
ХКП-көркемдік-сындарлы көрсеткіш
ДК-бастапқы дизайн
IMK-бастапқы модельдік дизайн
МК-модельдік дизайн
ТФ-типтік фигура
М-масштаб
ДСҰ-ылғалды жылумен өңдеу
М-масштаб
Р - қол жұмыстары
АЖЖ-автоматтандырылған жобалау жүйесі
Киімді жобалаудың сыйымды-бірыңғай әдістемесі
СЭВ-экономикалық өзара көмек елінің киімін жобалаудың бірыңғай әдістемесі
ТӨОҒЗИ-Тігін өндірісінің Орталық ғылыми-зерттеу институты)
ЦОТШЛ - орталық тәжірибелік - техникалық тігін зертханасы
БО-базалық негіздер
МТИЛП-Мәскеу жеңіл өнеркәсіп технологиялық институты
ПКД-жобалау-конструкторлық құжаттама
ШРК-шекті рұқсат етілген концентрация
ДДҰ-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Тиімділік - пайдалы қызмет коэффициенті
Төтенше жағдай-төтенше жағдай
BZD-тіршілік қауіпсіздігі
ЖҚҚ-жеке қорғану құралдары
ТД-термодублирин
ТББ-техникалық бақылау бөлімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Әр елдің өзіндік беделін айқындайтын фактор - мәдениет. «Мәдениет» сөзі тұтастай бір елдің тынысы мен ертеңі, терең тамыры. Дамыған мен дамушы елдердің қазіргі саясаты ұлттық «мәдениет» ұғымын терең зерттеп, әлем сахнасында жетекші рөл атқаратынына көз жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 21 мамыр айында аталып өтілетін «Мәдениет және өнер қызметкерлерін» мерекелік іс-шарасында мәдениет пен өнер жайлы сөз қозғаған еді: « - Мәдениет пен өнер - ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер - ұлттың жаны, ал мәдениет - рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу - ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы «Мәдениет тарихы - түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады». [1] . Демек, қазақ мәдениеті - адамзат тарихы үшін маңызды әрі әлемдік деңгейге көтеру үшін жаңашылдыққа ұмтылуымыз қажет.
Қазақтың төл мақал-мәтелдерінде кездесетін бір ерекше мақал бар: «Адам көркі - шүберек». Бұл талай ғасырлар бойы жинақталған, жылдар бойы жандаған, толассыз тәжірибелерден өтіп, екшеліп айтылған тоқсан ауыздың тобықтай түйінді сөзі десек, біз қателеспейміз. Халқымыздың алтын сандығынан, атам заманнан бері осы бір қатесіз қағиданы ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап, заманына сай киініп келген. Киім адам үшін жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың тарихын, қиын-қыстау кезеңін әрі мәдениеттің бет бейнесін бейнелеп тұратын асыл дүние. Ұлттық киім мәдениетінің мәні 3 бағытта рөл атқарады: эстетикалық тұрғыда, этно-мәдени көзқараста, ұлттық өнерде. Сол себепті әр қазағымның мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды ескерсек болады. Әлемдегі озық өнер түрлерін қазақ өнерімен салыстыратын болсақ, біздің мәдениет алдыңғы қатардан көрінері даусыз. Себебі, қазақтың ұлы дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген-түйгені тарихтың бетіне алтын әріптермен жазылған. Қазақ өнерінің қайсыбір туындысын алсақ та, өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы. Мысаға, көшпенділер мәдениетінен бері ата-әжелеріміз тұтынып келген киіз үй мен оның ішіндегі сан түрлі бұйым, мүліктер осының айқын айғағы. Кезінде қазақ елінің көрнекті этнографы, әдебиет зерттеуші, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003) , ұлтының жоғын жоқтаған марқұм Ақселеу Сейдімбек (1942-2009) қазақтың дәстүрлі мәдениетінің сөз өнері, қол өнері және музыка өнері деген ірі-ірі үш ұстынын егжей-тегжейлі зерттеген.
Дәстүрлі мәдениетімізде, яғни қолөнеріміз туралы жайлы ауыз толтырып айта аламыз әрі онымен мақтана аламыз. Қазақ қолөнер мәдениеті өте тереңнен бастау алады. Сақтың алтынмен апталған, күмісімен күптелген дүние мүліктерінен басталған, өзіміздің күні бүгінге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй - қолөнердің ең ұлысы және шыңы. Мән беріп қарасақ, киіз үйдегі заттар: сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т. б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған. Бұл мәдениетті қалыптастырған қазақ халқының ғажайыпты ақыл-ойдың иесі екеніне көз жеткіздік. Бұл ретте көшпенділер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізгені, әлем мәдениеті үшін баға жетпес мұра деп тануға болады. Әрбір қазақ тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қазақ халқының қолөнерінде жоғары нәтижеге жеткізген ұлы туындысы - киізден жасалған дүниелер. Қазақтың киізден жасалынатын ұсағынан ірісіне дейін биік өрелі өнер деңгейінде болғаны анық. Мұның бәрі жоғары рухани мәдениеттің материалдық мәдениетпен ұштаса алуының нақты дәлелдері.
Зерттеудің мақсаты : киіз басу өнерін инновациялық технологиялары арқылы болашақ дизайн өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- матаға киіз басу технологиясы арқылы болашақ кәсіби дизайнерлердің шеберлігін асқақтату, теория негіздерін қалыптастыру.
-матаға киіз технологиясын пайдалана отырып, теория қалыптастырудың ерекшеліктерін негіздеу;
- матаға киіз басу технологиясы арқылы қазақтың ұлттық әйел моделін жасау, өлшемдерін, көрсеткіш деңгейлерін айқындау;
- матаға киіз технологиясын қалыптастырудың әдістемесін жасау және тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу
Зерттеудiң теориялық маңызымен ғылыми жаңалығы:
- Болашақ дизайн өнері мамандары оқу-тәрбие үдерісінде қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнердің (киіз басу) техникасын заманауи түрде меңгерту арқылы кәсіби білімі, кәсіби әрекеті, дағдылары және инновациялық шеберлігі артады. Сонымен қатар, болашақ дизайн өнері мамандарына, сәнді бұйымдарды жаңашыл технологияларды қолдану арқылы дизайнерлер әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
- «Томирис» дивизинің философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық әрі практикалық жүзінде моделін жасау.
- матаға киіз басу технологиясы арқылы болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастырудың әдістемесі жасалып, тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді
Күтілетін нәтижелер: Матаға киіз басу техникасын материалдарымен сәндік қолөнер бұйымдарын дайындаудың , пластикалық ерекшеліктерін анықтау, материалдарды қолдану мүмкіндіктері,
Бұл зерттеудің күтілетін нәтижелері: Дизайн мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда матаға киіз басу технологиялары жетекші басты құрал болып табылады. Өйткені, дәстүрлі және заманауи түрлерін анықтап, дайындау ерекшеліктерін түсінеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі , ғылыми аппараты: мақсаты, міндеттері, теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы анықталды.
1 КИІЗ БАСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН РӨЛІ, БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕР ҮШІН БЕРІЛЕТІН МҮМКІНДІКТЕР . .
- Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы мен киіз басу өнері
Адам қиялының шексіздігін, тарихы мен мәдениетін айқын бейнелейтін - бейнелеу өнерінен тарайтыны бәрімізге мәлім. Бейнелеу өнерінің үздіксіз дамуы адамзат баласының жаңа қырларын ашуына көмектесті. Қазірдің өзінде бейнелеу өнері тамыры терең тармақтардан тұрады. КЕСТЕ 1.
Кесте 1. Бейнелеу өнерінің тармақтары.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ VІ - VІІІ ғасырларда қазақ даласында өмір сүрген жартылай отырықшы тайпаларда ұсталық, метал өңдеу, кілем тоқу, зергерлік, киіз басу, тоқымашылық, шекпен тоқу, тіптен тастан адам бейнесін жасау өнерінің болғанын дәлелдейді. Cәндік - қолданбалы өнер - қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі бұйымдар жасайтын қолдың көмегімен жасалатын өндіріс. Оның түрлері жасалу жолына қарай бөлінеді. Кесте 2
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабадан қалған асыл мұраны аманат етіп қалдыру бүгінгі күнде өзекті болып отыр. Қазақтардын халық кәсіпшілігі мен қолөнер бастауы тұңғиық ғасырларға кетеді. Қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлі түріне киіз басу, тоқыма тоқу, кесте тігу, күмістен әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері мен сүйек өңдеу кәсіптері жатады. Халық шеберлері ағаштан киіз үй, шағын көлемді жиһаз, ер-тұрман, музыка аспаптары мен ыдыстар жасады. Сандықтар мен азық-түлік сақтайтын кебежелерге ойып өрнек салды, домбыра мен қобызға, асадалға, төсек ағаштарға сүйек бастырмалар қондырды. Бірыңғай стильде әрі біртұтас жинақ етіп жасалған ат ер-тұрмандары көшпелі өмірдің маңызды атрибуттары (белгілік заттары) болды. Текемет пен сырмақ киіз үйді жасандыруда атқаратын қызметі зор болды. Ердің ағаш қастарын күмістеп оймаланған және қалыпталған пластина, ертоқымға тері бастырып, жүген, өмілдірік, тартпаны ұсақ фигуралы айылбастармен және түсті эмальмен әрледі. Текеметтер мен сырмақтар, түрлі тоқыма бұйымдар - түкті және тақыр кілемдер, киіз үйдің құрастырма бөліктерін байластыратын тоқыма баулар мен әшекейлер, үй ішіне жылу шашып, ұқыптылық беріп тұратын жұмсақ дорбалар мен тыс-қаптар тоқыды.
Кесте 2. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлері.
Қазақ зергерлері жоғары кәсіби және хас шеберліктерімен есімдері ерекше аталатын болды. Экспозицияда түстері көз тартатын полихромды формада жасалған бірегей кестелі тұскиіздер ілінген, отбасы бақыты мен берекесін бейнелейтін өңіржиектер, алқалар, шомбал білезіктер, шекеліктер, қапсырмалар, асыл және жартылай асыл тастардан көз қондырылған сырғалар мен жүзіктер қойылған. Ғасырлар бойы жиналған қоршаған әлем туралы бейнелеу өнерінің қорын қазақ халқы өзінің бай ою-өрнек өнерінде көрсете алды. Бұйымдар декорында тірі табиғаттың образы ежелгі наным-сенімдер мен космогониялық мифтердің жаңғырықтарымен астаса өріліп жатқан ою-өрнектердің геометриялық, зооморфтық, астралдық, өсімдік және антросморфтық ырғақ-сарындары бар. Қазақтың оптимистік және шаттыққа толы ерекше бітімді халықтық қолданбалы өнері аттары беймәлім шеберлердің бірнеше буыны жасаған көне дала мәдениетінің ғасырларға созылған дәстүрлері мен терең символикалық бейнесін береді.
Киіз басу - қазақтың дәстүрлі өнері болып табылады. Киіз көшпелі қазақ тайпалары мәдениетінің түп тамырына терең бойлап жатыр. Ол тауар ретінде ғана емес, көшпенділердің күнделікті өмірінде де қолданылды. Киіз басу өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Қазақтар киіз үйлерде, түрлі-түсті киіз кілемдермен және тұрмыстық заттармен безендірілген киіз үйлерде тұрды, киізде ұйықтады, киіз киім киді, жылқыларды жапты.
Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан өткізсе де, өзінің киіз жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды.
Киіз басу тарихы көне түркі тілінен аударғанда «жамылғы», ағылшын тілінде - felt неміс тілінде - флитц. Ерте кездегі авторлардың (Геродот, Ктесий, Страбон) айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сактар мен массағаттапрдың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдеріәшекейленген. Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ ат омырауындағы өмілдіріктерн де мыстан соғылып, жүген-сулығыв, ауыздығы, т. б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген » - деп жазады.
Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейінгі 6-5 ғасыр арасында деп есептейді. Түлеу кезінде пайда болған жыртқыш аңдардың терісінен ежелгі адамдар бірінші жүн киімдер дайындады. Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым пималар.
Киіз басу өнерінің пайда болған кезін молаларды қазған кезде археологтар тапқан заттарға қарап анықтауға болады. Мұнда қазақ қолөнерінің әдістеріне ұқсас алуан түрлі техникалық әдістерді, технология, түстік композициялық шешімдер мен кей кезде киізден жасалған бұйымдардың символикалық мағыналық мазмұнын, ерекшеліктерін айта кетуге болады. Әсіресе, бұл Пазырық (Алтай) және Нойын - Ұла (Моңғолия) қорғандарынан табылған киізден жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер мен басқа да заттарға қатысты. Тұңғыш рет мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді ғұн тайпаларының күрделі мәдениеті туралы мәлеметтер алынып ғұн өнерінің көркем өнерлік сипатын ашуға қол жеткізілді.
Ғұндар жібек матамен қапталған, фетр (қоян жүнінен және мех қалдықтарынан басылған материал) сияқты жұмсақ киізбен киізден, жүннен жасалған шұғылаларды кең пайдаланған. С. И. Руденко былай деп жазған: «№6 Нойынұлылық қорғаннан табылған ғұндардың кең шалбарлары қалың қара қошқыл жүн матадан тігілген. Жаз мезгілінде жұқа сырылған киізден астар салынып, жібек матадан тігілген шекпен киген. Ер кісінің баскиімінің бірі - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан еуразиялық тайпаларға тән шошақ төбелі. Бұл осы күнге дейінгі түркі халықтарының тұрмысында батыста башқұрттардан бастап шығыста қырғыздарға дейін сақталып келеді».
Ғұндардың аяқкиімі былғарыдан тігілген. Уақыт өте келе көшпенділер іштен киетін киіз етіктерге байпақ деген атау берген. Ол еш өзгеріссіз күйінде қазақтар арасында XVIII-XIX ғасырға дейін кең қолданылып келген.
Х ғасырдағы «Худуд ал - алам» (Әлем шекралары) атты кітапта Ертіс бойында мекендеген қимақтар тайпасы жайлы айтатын мынадай жолдар бар: «адамдар жаз және қыс мезгілдерінде киіз үйде тұрады, жайылым жер мен су іздеп көшіп қонып жүреді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz