Психологиялық - педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы
1 -бөлім ПСИХОДИАГНОСТИКАҒА КІРІСПЕ
1.1 Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
1.2 Психология-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
1.3 Педагог-психолог қызметіндегі психодиагностиканың орны
Ұғымдық түсініктеме сөздер: диагностика, профессограмма, психодиагностика, патопсихология, сурдопсихология, типлопсихология, жасерекшелік психологиясы, психопрофилактика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру, психотерапия және т.б.
1.1. Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау, сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы,ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді.
Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады.
Выготский Л.С. психологиялық диагнозды түйін деп айтты. Диагноз қою барысында адамда жас ерекшелігі ескерілуі қажет. Қазіргі заманғы психологиялық диагноз терминін түсіндірудің қосымша бірнеше түрлері пайда болды:
1. Психологиялық диагноз - бұл жеке адамның психологиялық даму ерекшеліктері, белгілі бір психологиялық қалыптасуын, жас ерекшелігіне сай дағды, іс-әрекеттің сәйкестігін зерттейді.Психологиялық диагноз - тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне сандық және сапалық түрде баға беру. Бұл іс- әрекеттің объективті және субъективті көрсеткішіне байланысты.
2. Психологиялық диагноз - практик психологтың теориялық, экспериметтік, практика схемасы негізінде психологиялық білімді қолдану фазасы.
3. Психологиялық диагноз - адамның әрекет ситуациясындағы іс-әрекет, жүріс-тұрыс заңдылықтарын зерттеу.
4. Психологиялық диагноз - нақты бір адамның немесе топ туралы психологиялық информацияларды табу.
5. Психологиялық диагноз - тұлғаның жеке ерекшелік, таным процесі, оқу және дамуындағы проблемаларды тұлғаның күшті жақтарын, қасиеттерін профиссионалды икемділігін, тұлғаның педагогикалық, психологиялық тұрғыдан бақылау т.б.
6. Психолог әрекетінің ақырғы нәтижесі тұлғаның индивидуалды психологиялық актуалды күйін бағалау мақсатында баяндау және анықтау.
7. Адамның белгілі бір өмір жолындағы психиканың және тұлғаның ашық бейнеленуі.
8. Психологтың аналитика - синтетикалық әрекеті, адамның белгілі өмір ситуациясында тұлғаның және психологиялық дамуының толықтай бейнелену күйінің мақсаты. Ол тұлғаның сыртқы әрекеті арқылы орындалады және адамның жеке қасиеті туралы негізгі қорытынды болып табылады.
Сонымен, мектептегі психодиагностика өзінен өзі мәнсіз, тек оның мәліметтері керек мыналар үшін:
1. Баланың психикалық даму диагностикасына бақылауын қамтиды, яғни, балаларға арналған орталықта оқып және тәрбиеленіп жатқан балалардың мүмкін болатын ауытқу дамуын ертерек түзету.
2. Психологқа балалармен әрі қарай жұмыс жүргізу үшін, яғни сол жұмыстын кеәінгі программасын білу үшін мүмкіндік беру, яғни дамудың оптималды шартын құру мақсатында әлсіздермен күштілердің дамуы, яғни оларды жоғарғы деңгейге көтеру.
3. Ерекше қабілеттерді табатын қатысушылардың продуктивті даму деңгейінің бағыттылығы.
4. Психологтың өткізіп отырған психипрофилактикалық жұмысының эффективтілігін тексеру.
5. Салыстырмалы психологиялық анализ жүргізу, әртүрлісін жүйеме, әдістер, подходтар яғни, олардың дамуының эффективтілігін білу үшін.
6. Сол мектеп үшін ең актуалды тематиканы ағартушылық үшін таңдау және тағы басқалар.
Сондықтан мекткпке психологиялық қызмет дегенге келгенде, тек ғана, диагностика, коррекция немесе дамуымен жүрмейді екен. Мектеп психологының іс-әрекетінде олар бір ғана жұмыс түрі болып келеді: диагностика - коррекциялық немесе диагностика - дамушы деп.
Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Психодиагностиканың көзі эксперименталды психологиядан қалыптасты, Германияда 1879 жылы В. Вундттың ең алғашқы эксперименталды лабараториясымен тығыз байланысты. Бұл пәнге қазіргі туындап отырған қызығушылық психологиялық жұмыстың кеңейуіне және дамуынан туындап отыр.
Психодиагностика ең алғаш дүниеге келген жері- Греция. VIII-ғасырдан бастап психиканың мәселелерді зерттеу барысында көптеген ғалымдар жұмыс жасады. XVIII ғасырда дүниеге танымды жақтаған кейбір буржуазиялық көзқарасты насихаттап келген.
Ал Психологиялық диагностика терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах Психологиялық диагностика, 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады- деді. Психология дамуына себепші осы болды.
Сол кезден бастап Советтік педагогикасы экономикамен, қоғам дамуына байланысты адамның психикалық, физикалық ерекшеліктерін қабілеті мен дарыны қалыптасады. XX ғасырдан бастап экспериментті психология-лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковте, Казанда болып өткен психологиялық съездерді талқыланды. Съездер 1906, 1909, 1910, 1913, 1918 жылдары болды.
Сол кезден бастап психология сұрақтары, Весник психология журналдары шықты. Совет психологиясының өз алдына ғылым болып бөлініп шығуына үлесін қосқан Лапатин, Лоски, Введенский болды. Сонымен қатар жаратыластану ғылым негізін салушы Павлов, Лазурский, Сечников, Лесков үлесі ерекше болды. Москвадағы психология институтының директоры Шелпанов аты әйгілі лабароториялық аппараттардан жабдықталған кабинеттерде эксперименталдық зерттеу әдісін жүргізуі ерекше жағдай туғызады.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп, сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған. Қазіргі психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жеке психологиялық және жеке психофизиологиялық адам ерекшеліктерін зерттеуді, анықтау әдістерін өңдейді. Психодиагностика дегенде психологиялық практика облысы, яғни әртүрлі сапаларды (психикалық, психофизиологиялық ерекшеліктер, жеке бас белгілері) анықтаудағы психолог жұмысын есепке алады.
Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет.
Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті екіге бөлінеді: теориялық және практикалық
Диагностика - дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. Диагностика түсінігінің мәні білім, ептілік және дағдыларды тексеру түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. тексеру нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.
Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс - тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.
Педагогикалық дигностика-педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.
Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:
1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).
2. Болжау.
3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:
4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.
5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).
6. Конструктивті.
Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.
Диагностика - зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады ( мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау). Осыған байланысты әлеуметтiк әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.
Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие дигностикасы-тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.
Студенттердің болашақ кәсіби қызметтерін меңгеру мақсатында оқушылардың тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру арқылы төмендегідей міндеттер туындады:
- оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасу факторларымен танысу;
- мектептегі оқушылардың жан-жақты қалыптасу мәселелерін зерттеуді студенттің игеруі;
- оқушылардың дүниетаным, таным үрдістерінің, танымдық қызығушылықтарының қалыптасу жолдарын анықтау диагностикалық жұмыстар жүргізуі.
1.2 Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
Арнаулы психология. Мұның өзі патопсихология, алегрофренопсихология, сурдопсихология, типлопсихология болып бөлінеді. Патопсихологияда- адамның психологиясының зақымдану саласын, психика әр түрлі күйзеліске ұшырауын, соны бір жүйеге келтіріп, оқытып, тәрбиесі мәселесімен шұғылданады. Алегрофренопсихология-бала іштен туылған кезде, психология ауытқуына байланысты өзгешеліктер болады. Осындай ақыл-ой кемтар бала мен оқыту мәселесімен шұғылданады. Сурдопсихология- есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады. Типлопсихология- нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді. Психологияның келесі саласы жас психологиясы. Бұл адамның тіршілігінің психикасы мен даралық ойлары мен даму заңдарын зерттейді. Жас психология өзі бірнеше салаға бөлінеді. Балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геронтопсихологиясы, педагогикалық психология- оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Оқыту психологиясы- баланың ойлау процесін дамыту мен оқу мативациясын тиянақты меңгеруін, жүйелі түрде басқарып, баланың ақыл-ой т.б. дағдыларын қолдану мәселесін іздестіреді. Оқу тәрбие жұмысының тиімді болуына жол ашажы. Оқыту психологиясы- жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методының негізін басшылыққа алады, ал тәрбие психологиясы жас ұрпаққа компаненттік тәрбие беру негізін және ой-санасы кеміс балаларды оқыту мәселесімен шұғылданады. Тәрбие психологиясы өзі психологиясы болып өз алдына бір тармаққа бөлінеді. Осы психологиялар ішінде жалпы психологияның алатын орны ерекше. Мұны сауда психологиясы мен медицина психология мен инженерлік психологиямен қатар қойып салуға болмайды. Жалпы психологияны кейде эксперименталдық психология деп атайды. Жалпы психология-психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын адамның дүние тануы мен психикалық іс-әрекетін зерттейді. Сол сияқты түйсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау, мінез, қабілет, темперамент ерекшеліктерін зерттейді. Бұл барлық психологиялық салалармен дамуының негізгі тірегі деп есептейді. Сондай-ақ жалпы психология көптеген қоғамдық ғылымдармен, саяси экономия мен қоғам тану, тарих өнертану ғылымымен де байланысты. Өйткені бұл ғылымдардың бәрі адам санасына қызмет атқарады. Психологияның айналысатын мәселелері зерттеледі.Психология барлық ғылымдармен де байланысты. Психиканың мат-к негізі ми мен нерв жүйесінің негізін зерттейтін анатомия мен физиология мен байланысты. Сол сияқты медицинамен, саяси экономика мен де байланысты. Психологияның педагогика үшін маңызы зор. Адамның жас мөлшерін байланысты даму заңдылықтарын, жеке бас ерекшеліктерін білім беру мен тәрбиенің тиімді әдістерін пайдалануға толық негіз болады. Негізінде психологияның зерттейтін мәселесі топтан, біріктірсек мынандай 3 түрін көреміз
1. психикалық процестер
2. психикалық қалп немесе жағдай
3. психикалық қасиеттер
Психологиялық процестерге- түйсік пен қабылдау жатады.Осылар бойынша заттар мен құбылыстар сезім мүшесіне әсер етеді. Ал ес процесі арқылы болмыстағы бейнелер адам санасына тікелей танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстарды мәнді және жанама түрде бейнелейді. Ал эмоциялық процестер арқылы адамда әр түрлі сезімдер пайда болып оның қажетін қанағаттандыруға қажет деп есептейді. Психикалық жағдайға адам сезім көріністері, көңіл күйі афереттілер, ашуланып күйіп-пісу жатады. Адамның еркі, сенімі тартыншақтығы, ойлаудағы күмәндәнуі психикалық жағдайға жатады. Әр адамның өзіне тән ерекшелігі психикалық қасиеті болады. Кейбір адам сурет салуға, психикаға кітап оқуға ықыласы күшті болады. Екінші 1 адамның әрекетінің басқа түріне қабілеті болады. Біреулер қызба темпераментті болады. Ал кейбіреуі бірқалыпты байсалды болады. Сонда ықылас, қабілет, темперамент, мінез адамның психикалық қасиеттер деп есептелінеді. Психикалық процесс, психикалық жағдай, психикалық қасиет бір бірімен тығыз байланыста. Үшеуінің жиынтығы психика деген ұғым береді.
Сонымен қатар психологиялық диагностиканың арнайы салалары: жалпы және жеке психологиялық диагностика
Қазіргі кезде диагностика әлеуметтік практиканың мынандай салаларында кеңінен қолданылады.
1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық-педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін жақсартуын зерттеуге бағытталған.
2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін зерттеу, некені диагностикалау).
3.Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп диагностикасы). Психологиялық-педагогикалық диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру міндеттерімен тығыз байланысты.
4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық психодиагностика) Бұл соттық психологиялық- психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты.
Диагностика қызмет жүйесінде, өзінің прициптік ерекшеліктері бар. Зерттеу қатарында бірінші кезекте психодиагностиканы ғылыми-зерттеу мен ғылыми-тәжірибиеден ажырату жатады. Егер бірінші тапсырма - психикалық дамудың белгілі бір заңдылығын тіркеу болса, онда екіншісі мақсат - нақты сұраққа жауап беру нақты психикалық пайда болулармен бұзылыстарын табу болып табылары. Сондықтан да диагностика белгісі, практик психолог үшін өз мақсаты болып табылмайды, ол әрқашанда басты тапсырмаға сүйенеді - ол баланың психикалық дамуын рекомендация бойынша өңдеу немесе осы дамуды коррекциялау. Осындай мәселелерді жетілдіруде осы оқу құралының маңызы зор.
1.3. Педагог-психолог қызметі және оның психодиагностиканың орны
Педагог ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық - тарихи тәжірбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы тұлға болса, мектепте психолог маман оқушы жанын түсініп, оның өмірде өз орнын табуға көмек көрсететін жан.
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.

Педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын - күрескер болуы керек.
Өйткені, ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек ететін тұлға.

Қазіргі таңда көптеген мектептерде педагог-психолог маманның әлеуметтік қызметі кірістірілген. Кейбір мектептерде әсіресе ауылдық жерлерде педагог-психолог маман көбінесе тәрбиешінің міндеттерін орындап түрлі сауықтыру жұмыстарын атқарады. Бұрын осы іспен тәлімгер айналысатын. Тәжірибенің нәтижесіне қарай осы мамандықтың кәсіби іс-әрекетi ерекше болатындығы бізге мәлім.
Кез - келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазірі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және месе білім беру), білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық жүйесіндегі жұмыстарына тікелей қатысты және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы -психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Сондай-ақ мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері төмендегідей:
* жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
* психологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
* мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуады, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді;
* оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
* мектепте педагог- психология бөлмесін құруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады.
Сонымен қатар, педагог-психолог оқушының бойыну рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра мақсатында төмендегідей іс-әрекеттер жүргізеді:
- баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білім базасын арттыру;
- пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.
- педагог, психолог, тәрбиеші, ақылшы, қамқоршы, жетекші, мейірімді жан.
Ал психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет.
Мектептегі педагог- психолог маман жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Бүгінгі мектеп психолгтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек.
Мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп педагог-психологі рөлі ерекше деп атауға болады, өйткені олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, әрі жан-жақты жетік қалыптасуына жол ашылады, баланың жекедаралық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.
Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды.
Жалпы мектеп педагог-психологі төмендегідей диагностикалық қызмет атқарады:
* Психодиагностика - тұлға туралы жан-жақты ақпарат жинау:
* Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға
бейімделудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру;
* Психокоррекция- баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету,
оның негізгі деңгейге, әрі жастық ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру;
* Психологиялық кеңестер - мұғалімдерге, ата-аналарға,
оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;
* Психотерапия - тұлғаның сапалық тұрғыға өзгеруіне байланысты
мәселелерді жүзеге асыруға бағытталады, тек адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда.
Осыған орай мектептерде педагог-психолог маман әлеуметтік - психологиялық жұмыстарды атқарады:
1. Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі ақпараттық іс-шаралар. Дәріс мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен байланыстырып отыру керек.
2. Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңіліне қаяу салмайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білу, үміт отын жағу арқылы кәсіби білікті түрде жүзеге асырылуы тиіс.
3. Ашық әңгіме пікірталасы - ортақ мақсат біріктірген ата-аналардың көңіліндегі түйіткілерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасу.
4. Психогимнастика- бұл баланың көңіл-күй ақуалын реттеуге арналғанарнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты-қарым-қатыас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау. Психогимнастика курсынан толық өткен балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы жақсарады, сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді, мінездерінде батылдық, әділдік, мейрімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады.
5. Психотренинг - бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің бірі. Басты мақсаты- қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және мінез-құлықты реттеуге бағытталған.
Педагог-психолог маманның iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан бағытталған. Ортаны гуманизациялау мен педагогизациялау - бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-адамгершiлiк негiзi мен мақсаты.
Педагог-психологтың негізгі мақсатына тоқталып өтелік:
* баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау;
* оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу;
* педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста болу;
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру.
Олай болса, мектеп педагог-психологының моделін ұсынып көрелік.
Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:
- ақпараттық (ақпарат беру);
- дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
- ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- коррекциялау (қайта түзету);
- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу).
- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау).
Ал, диагоностикалық қызмет төмендегіше бөлінеді.
-Өз құзыреті шеңбері бойынша көмекті қажет ететін әлеуметтік қорғау.
-Әлеуметтік педагог кәмелетке жасы толмағандардың ата-аналарына құқықтық білім беру мен тәрбиесін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі медицина қызметкерiмен және мектептің басқа да қызметкерлерімен, мысалға ата-аналар комитеті, құқық бұзушылардың алдын алу кеңесі, оқушылардың өзін-өзі басқару органы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын орнатады.
Диагностика барысында балалардың әлеуметтiк өмiрiнiң проблемалық
кеңiстiктегi жiктелуiн анықтайды:
Таңдау бостандығы және әлеуметтiк шығармашылық (белсендiлiк жолы) проблемалары- қалыптасқан әлеуметтiк өмiр нормаларындағы баланың сұранысы мен қажеттiлiгiн қанағаттандыру жолындағы қиындықтар: баланың өз бағыты деңгейiнде адамдарға өз қарым-қатынасын көрсетуi, өзiнiң жаңа статусын орнатуы, әлеуметтiк ортаға ықпалы, т.б.;
әлеуметтiк қатынастардың жаңа нормаларын жасаудағы қиындықтар;
әлеуметтiк бейiмделу және бейiмделе алмау проблемалары ағымдағы әлеуметтiк өмiр нормаларына үйрену және меңгеру кезiндегi қиындықтар, баланың денсаулығы мен өмiрiне қатерлi әлеуметтiк қауiптi нормаларды бұзу кезiнде туындайтын қиындықтар;
әлеуметтiк бiрiгу және ажырату проблемалары - бала мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi, отбасының әлеуметтiк мүмкiндiгi, отбасы мүшелерiнiң сұранысы, бiрiгу немесе ажырау кезiндегi қиындықтар; қажетсiз байланыстар мен қарым-қатынастар, әлеуметтiк байланыстарды кеңейту немесе бұрынғыларынан шығу кезiндегi дамудың қиындықтарын жүзеге асыруы тиіс.
Ал, мектептегі педагог- психолог маманның қызметінің ерекшелігін ашуда оның жылдық жоспарына тоқталайық.
Психологиялық қызмет іс-әрекетінің үлгі жоспары.
Айлары
Іс-әрекет түрлері
Диагностика
Консультация
Профилактика
1
2
3
4
Қыркүйек
1. Мектептегі оқуға әзірлікті жеке диагностикалау (1 сынып).
2. Шындықты анықтау тәрбиелік шараларының кезеңін өткізуді психологиялық қамсыздандыру және диагностикалық көмек
(сыныптық ұжымды және топтық жұмылу деңгейін зеттеу) ( 5-10 сыныптар).
1.Оқушылармен ата-аналарға ағымдағы кеңес.
2. Педагогтарға сыныптық ұжымды және топтық жұмылу деңгейін зерттеулер нәтижелері бойынша кеңес.
1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топтық әңгімелер.
Қазан
1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сыныптар).
2.Балалардың наркопосттар жұмысы шеңберіндегі салауатты өмірге қатынасына алғашқы диагностика.
3. Оқушы тұлғасының өзін-өзі бағалауына диагностика.
1. Оқушылар мен ата-аналарға ағымдағы кеңес.
2. Балалардың салауатты өмір салтына қатынасын зерттеу нәтижелері бойынша педагогтарға кеңес.
1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме жүргізу.
2. Кикілжіңдік жағдайлардың алдын-алу (оқушылардың өзін-өзі бағалауын диагностикалау нәтижесі бойнша).
Қараша
1. Оқушылар тұлғасын жеке диагностикалау (5-10 сынып).
2. Тұлғалық-бағдарлық оқытудың оқушылардың психологиялық жағдайына
әсерін алғашқы зерттеу.

1.Ата-аналар, педагогтар және оқушылармен көкейкесті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша жеке және топпен әңгіме өткізу.
2. Мұғалімдер мен мектеп психологының өзара іс-әрекеті мектептегі эксперименттік жұмыстың табыстылық факторы тақырыбындағы мұғалімдер мен әкімшілікке арналған семинарларды
ұйымдастыру және өткізу.
Желтоқсан

2. Оқушының танымдық сферасын зерттеу ( интеллектуалды даму және жұмыс қабілеттілік деңгейі).

2. Интеллектуалды даму және жұмыс қабілеттілік мәселелер бойынша кеңес.
3. Жас сынып жетекшілеріне түрлі психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша кеңес.

2. Жас сынып мектебі жұмысын психологиялық қамсыздандыру.
3. Оқушылардың жастық психологиялық ерекшеліктері мәселелері бойынша сынып жетекшілері алдында сөйлеу.
Қаңтар
1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика (5-10 сынып).
2. Жас сынып жетекшілерінің тұлғалық ерекшеліктеріне диагностика.

Ақпан
1.Оқушы тұлғасына жеке диагностика(5-10 сынып).
2. Оқушының көңіл-күйі сферасын зерттеу ( жағдайлық және жеке алаңдаушылық деңгейі).

2. Педагогтар мен ата-аналарға оқушылардың психологиялық психологиялық мәселелері бойынша (оқушылардың психологиялық жағдайының қолайлылық деңгейін зерттеу нәтижелері бойынша ).

2. Оқушылар мен педагогтарда келеңсіз көңіл-күйді бастан кешірудің және психологиялық жағдайлардың алдын алу.
Сәуір

2. Балалардың наркопосттар жұмысы шеңберіндегі қатынасы екінші диагностика.

2. Педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға салауатты өмір салтындағы мәселелер бойынша кеңес.

2. 5-10 сынып оқушыларымен шылым шегушілер мен нашақорлар мәселелері туралы әңгіме.
Мамыр

2.Балалардың интеллектуалды және мәдени дамуының мониторингі.
3. Тұлғалық - бағдарлық оқытудың оқушылардың психологиялық жағдайына әсерін екінші зерттеу.

2. Педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға интеллектуалды және мәдени даму мәселелері бойынша кеңес.

2. Педагогикалық кеңесте тұлғалық-бағдарлық оқытуды гимназияға енгізу жөніндегі эксперимент нәтижелері бойынша сөйлеу.
Мектепте психолог маман жоғарыда сызбада көрсетілген бағдарлама негізінде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар коррекциялық топтармен де жұмыс жасайды. Ол мынадай кезеңдерден тұрады.
* Танысулық - қолданылатын әдіс - тәсілдері негізінен біріншіден ойындар: ( Кел танысайық, Мен қандаймын, Айна, Хоровод, Ассоциациялар; екіншіден тақырыптық сурет салу: Автопортрет, Менің жанұям.
* Танымдық процестерді дамыту: ( есте сақтау, ынта, ойша елестету) қолданылатын әдіс - тәсілдері негізінен ойындар: Есте сақта және қайтала, Есте сақта және бейнеле, Не жоғалды?, Сиқырлы қапшық, балалар лотосы, Ретсіз санап шық, Лего көмегімен құрастыру, Қиял қаласы тақырбы бойынша пласталинмен мүсіндеу. Сиқырлы жұмыртқа т.б. суретін салу.
* Қолдың ұсақ қимылын (моторикасын) жетілдіру: ( контур бойынша сурет салу, балшық пен пластилиннен тақырыптық мүсіндеу, Қуыршақ үшін төсеніш, аппликациясы, ойындар: Таны, біл, ата, Өзің жаса, контур бойынша фигуралар қию және т.б.
* Мінез-құлық еркіндігін дамыту: Психогимнастика: Гномдар ойыны, мінез-құлықпен тілдесу тренингтері (Р.В. Овчарованың бағдарламасы бойынша).
* Мектептік үрей мен алаңдаушылықты түзету: Тақырыптық сурет салу: Мектепте, Көшеде, аулада, Менің жанұям аяқталмаған ұсыныстар әдісі, ойын әңгімелер: Менің түсіме қорқынышты не енеді немесе күндіз неден қорқамын? Ең жаман және ең жақсы, Кім болғым келеді? т.б.
Сонымен қатар Ю.Б. Гиппенрейтер бойынша баламен тілдесу ережелері психолог қызметі барысында жиі қолданылады. Оны талдар болсақ:
1.Өзіңнің көңілің толмайтын дағдыңды тұтастай баладан емес, оның жекелеген әрекетінен көру.
2. Баланың әрекетін сынау, бірақ қаншалықты дұрыс болмаса да оның
сезімдеріне тимеу.
3. Баладан болмайтынды немесе орындалуы қиынды талап етпеу. Ең жақсысы қалыптасқан жағдайда нені өзгертуге болатынын қарау.
4. Баланың әрекетіне көңіл толмаушылық тұрақты болмауы тиіс, әйтпесе ол қабылдаудан қалады және т.б.
Мектеп психологының негізгі қызметтерін ғылымы жұмыс мазмұны барысында тарқатып өтсек.
Мектептегі оқуға дайындық:
Баланың мектепке деген психологиялық дайындығын анықтаған соң, психолог нақты неге бұны жасап жатқанын саналы түсінуі керек.
Егер мектепке балаларды алу үшін іріктеу жұмыстары жүріп жаткан жағдайда, психолог баланың функционалды дайындық немесе оның мектепте оқытуда тапсырмаларды орындау процесіне және жүйкелі психикалық функциясының деңгейіне байланысты іріктеуге де болады. Егер баланың функционалды дайындығы төмен болса, онда ол қауіп-қатер тобын құрады. (группа риска). Яғни тапсырманы қабылдау және жоғарғы қажымалық көз-қарасы жағынан. Осы балалардың көпшілігі дәл айтқанда бірінші күннен бастап олардың үлгерімі төмен категориясына түседі, ал басқалары ( әдетте интеллектуалды деңгейінің жақсы дамуы немесе мектепке жақсы дайындығында да болуы мүмкін) жақсы оқуы әбден мүмкін, бірақ оларда жүйкелі психикалық қысым болады. Содан невроз, психосоматикалық ауруға әкеп соғуы мүмкін.
Диагностикалық функционалды дамуына, біздің елде және басқа да елдерде Шығыс Европада да Керна- Йирасеканың тестін қолданады.
Мектепке бейімделуі:
Мектепке бейімделу бірінші сынып балалары үшін өте қиын.
Әдетте ол 4-7 апта араларын құрады. Бейімделі кезеңінде кейбір оқушылар өте шулы болады, айғайлайды, коридорда жүгіреді, сабакта кайта- кайта алаңдайды, мұғалімдермен өзін әдепсіз ұстайды; Ал басқа оқушылар, алдындағыларға қарағанда қарама- қарсы яғни, қысылып отырады, Мұғалім оған сөйлеген кезде ұялады, кішкентай бір сәтсіздік болғанда, жылай салатын болады.
Кейбір балалардың ұйқысы, тәбеті бұзылады, олар өте қырсық болады, және бірден ойынға деген қызығушылығы артады, ойыншықтарға , оте кішкентай балаларға арналған кітаптарға да қызығады және оларда ауру саны көбейіп кетеді. Осы барлық бұзылулар (оларды функционалды ауытқу деп айтады) бала психикасына ауырлық түскенде туады және оның ағзасынада ауырлық түседі, яғни бірден өмір сүру салты маңызының өзгеруі, сапслы талаптары балаға әсер етеді. Әрине, барлық балаларда мектепке бейімделу осындай функционалды ауытқулармен жүрмейді, бірақ бірінші сыныптар арасында көбірек кездеседі.
Мектепке бейімделудің қиындығы, егер бала алдын бақшаға бармаған болса, өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түспеген жағдайда, қиынға соғады деп саналады. Бірақ практика шындықпен сәйкес келмейтінін дәлелдейді.
Бейімделу кезінде қиындықтарды, алдын бала-бақшаға барған балаларда сол қиындық кезінен өтеді.
Ерекше қиыншылықты, үш жылдық бастауыш мектеп программасы оқытылататындар қиыншылықты сезінеді. Өйткені олар тез интенсивті оқу курсына ауысады.
Бейімделу кезеңінде бірнеше сынып оқушыларымен психологтың жасайтын жұмысы қандай болу керек деген бірнеше көзқарастар бар. Соның біреуімен келісетін болсақ, онда психолог өз жұмысындамаксималды белсенді болу керек, яғни, оқушыларға тезірек және жақсы бейімделу үшін көмектеседі, ал мұғалім әрбір балаға дұрыс жасау керек.
Психолог ерекше зейінді көбінесе анық функционалды ауытқулары көрініп тұрған балаларға яғни ұйқысы бұзылған және басқа да невротикалық белгілерге де барларды да қарайды.
Енді басқа да көзқарастарға сүйенсек, психолог әрбір балалардың психикалық дамуы жайлы ақпараттарға уақытын арнауы керек.
Бейімделу кезеңінде психолог сыныпты тек мұғалімге беру керек, яғни мұғалімнің өтініші бойынша ғана араласа алады. Орташа ағымдағы бейімделу процесі көп жағдайлардағы функционалды ауытқулар өзбетінше өтеді, сондықтан мұнда арнайы жұмыстар жүргізуді талап етпейді.
Психолог жұмыстың ең ықтимал формасы, мұнда ата - аналар жиналысында, осы кезеңнің ерекшеліктері туралы және ата - аналарға ocы кезең жеңіл өту үщін не істеу керек екенін айтып түсіндірсе өте ықтимал болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностика пәнінің міндеттерін аайтыңыз.
2. Психодиагностика ұғымының шығу тарихы.
3. Қоғамдағы педагог-психолог маманның орны.
4. Педагог-психолог маманның қызметі.
5. Мектептегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1. Анастази А. Психологическое тестирование. Т. 1,2-М., 1982.
2. Выготский Л.С. Собрание сочинений. В. 6т. - М., 1984.
3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-спарвочник по психодиагностике. Спб., 1999.
4. Бурлачук Л.Ф., Психодиагностика.- Спб., 2003.
2- Бөлім ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Жоспары:
1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы. Психологиялық тестілеудің шығуы.
2. Тесті құру технологиясы мен психодиагностиканың негізгі инструменті. Тесттің түрлері. Проективті әдістер, моделдер анықтамасы.
Ұғымдық түсініктеме сөздер: эксперимент, психологиялық эксперимент, тест, қарым-қатынас, психодиагностика, инструмент, эффект, әдіс, гипотеза.
2.1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы.
Эксперименттік психология - психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіс арқылы жүргізілетін зерттеулердің жалпы аталуы. Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды роль атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:
1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;
2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология);
3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.
Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.
Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон - империзмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, империзмнің алғашқы жаршысы болды.
Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.
Джон Локк (1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді. Гартли Д. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz