Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Коппаева А. М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ БОЙЫНША СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРДА САБАҚ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Білім беру бағдарламасы: 6В01420 «Дене шынықтыру және спорт»

Павлодар 2024

C:\Users\SemyonovaMV\Downloads\Титул беті_page-0001.jpg

C:\Users\SemyonovaMV\Downloads\Тапсырма1_page-0001.jpg

C:\Users\SemyonovaMV\Downloads\Тапсырма2_page-0001.jpg

Мазмұны

Кіріспе
4
: 1
Кіріспе: Қазақ күрес бойынша спорттық сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
4: 6
: 1. 1
Кіріспе: Күрес спорт түрінің сипаттамасы, оның дене тәрбиесі саласында маңызы
4: 6
: 1. 2
Кіріспе: Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
4: 10
: 1. 3
Кіріспе: ҚР қазақ күрестің қазіргі кездегі даму жағдайы
4: 16
: 2
Кіріспе: Мектепте қазақ күрес бойынша спорт секциялық жұмыс жүргізу әдістемесі
4: 17
: 2. 1
Кіріспе: Қазақ күрес бойынша секциялық жұмыстың мақсаттары, міндеттері, құрылымы
4: 17
: 2. 2
Кіріспе: Қазақ күрес бойынша техника және тактика элементтерін қалыптастыру әдістемесі
4: 24
: 2. 3
Кіріспе: Қазақ күрес техникасын жетілдіру әдістемесін зерттеу
4: 30
: 3
Кіріспе: ҚР қазақ күресті дамыту перспективалары
4: 42
:
Кіріспе: Қорытынды
4: 55
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
4: 57

Кіріспе

Дипломдық жұмысының өзектілігі: дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған.

Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады. [1]

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр [2] .

Сонымен қатар еліміздің тарихында күрестің алатын орны ерекше. Қазақстан жері - даңқы қазақ даласын жер жарған батырларды дүниеге әкелген киелі мекен. Халық аңыздары мен ертегілерінен бала кезінен күштерін сынаған жас палуандардың жекпе-жектері туралы оқып келеміз. Ешқандай қарусыз палуандар бір-бірінің жауырынын жерге тигізу үшін арпалысқан. Қазақтың бірде-бір сауық кеші палуандар күресінсіз және ойнап жүріп мүмкін емес алып заттарды көтеретін баһадүрлердің өнерінсіз елестету мүмкін болмаған.

Сондықтан да дене шынықтару саласында спорт түрі ретінде қазақ күресіне көп ұқсастығы бар екрін күресті дамыту және болашақ кәсіби спортшыларды қалыптастыру басты міндеттердің бірі. Бұл зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.

Оқушылар арасында спорттық байланыстарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықпен есірткіге қарсы үгіт насиқат жұмыстарын жүргізу: біріншіден, оқушыларды спортқа баулу арқылы нәтижеге жетеміз. Мектептегі спорттық үйірмелердің дұрыс қалыптасуы және оқушыларды баули білуі, оларды өмірдегі жат қылықтардан аулақ болуына көп көмек тигізеді. Біріншіден оқушы өзін- өзі тәрбиелей біледі, екіншіден оның күндік жоспары қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмыстарының қорытындылары келешекте мектепте оқытушы-жаттықтырушының тәжірибелік қызметінде, қазақ күрес бойынша мектептегі секциялық жұмысты ұйымдастыру барысында пайдалануы мүмкін

Дипломдық жұмыстың мaқсaты: мектепте қазақ күрес бойынша спорт секциялық жұмыс жүргізу әдістемесін зерттеу

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi: қазақ күрес бойынша мектептегі секциялық жұмыс

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнi: қазақ күрес бойынша мектептегі секциялық жұмысқа қатысты әдістемесі

Дипломдық жұмыстың әдiстерi:

  • зерттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік құралдар;
  • психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау;
  • сауалнама;
  • бақылау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • қазақ күрес бойынша спорттық сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашу;
  • күрес спорт түрінің сипаттамасы, оның дене тәрбиесі саласында маңызын анықтау;
  • қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихына шолу жасау;
  • ҚР қазақ күрестің қазіргі кездегі даму жағдайына талдау жасау;
  • мектепте қазақ күрес бойынша спорт секциялық жұмыс жүргізу әдістемесін талдау;
  • қазақ күрес бойынша секциялық жұмыстың мақсаттары, міндеттері, құрылымын анықтау;
  • қазақ күрес бойынша техника және тактика элементтерін қалыптастыру әдістемесіне сипаттама беру;
  • тұрыс және партерде күресу техникасын қалыптастыру әдістемесіне сипаттама беру;
  • ҚР қазақ күресті дамыту перспективаларын анықтау.

Дипломдық жұмыстың болжамы: егер мектепте қазақ күрес бойынша спорт секциялық жұмыс жүргізу әдістемесін зерттеу жүргізілсе, жаттықтыру сәтті болады.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы: қазақ күрестің секциялық жұмыс әдістемесіне қатысты зерттеулер, монографиялар, ғылыми жарияланымдар және мектептің спорт жұмысының әдістемелік негіздерін реттейтін онормативті-актілер болып табылады

Дипломдық жұмыстың эксперименттік кезеңінің практикалық базасы: «Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ, 5 сынып оқушылары

1 Қазақ күрес бойынша спорттық сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Күрес спорт түрінің сипаттамасы, оның дене тәрбиесі саласында маңызы

Қазіргі кездегі еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпаққа тиісті деңгейде білім беру, тәрбиелеу, қалыптастыру міндеттерін іске асыру арқылы жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру алға қойылған. Сонымен қатар жалпы білім беру бағдарламаларында дене тәрбиесіне маңызды орын бөлінген, себебі сауатты ұлт - сауатты мемлекеттің негізі болып табылады.

Жас өспірімдердің бос уақытын үнемдеу мақсатында алуан түрлі секциялар мен спорт үйірмелері ашылуда. Жалпы дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға және оқу, еңбек қызметінде жумыс қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Осыған байланысты дене тәрбиесінің мазмұны күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік, икемділік және буындардағы қозғалысты белгілі дәрежеде дамытатын өмірлік қажетгі қозғалыс дағдыларын игеруге бағытталған.

Жалпы дене тәрбиесі қалыпты өмір сүру үшін кез келген кәсіптік және спорттық қызметке мамандану үшін адамдарға қажетті дене дайындығының міндетті деңгейін қамтиды. Ал бұл жағдайлар мектеп жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі сабақтарында, жалпы дене шынықтыру секцияларында, денсаулық топтарында т. б. жүзеге асырылады.

Кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі адамдардың еңбек және әскери қызметіме кажетті дене дайындығының сипаты мен деңгейін камтамасмз етуге арналған (бұл мағанада жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімінің арнаулы дайындығы, ғарышкерлердің арнаулы дене дайыңлығы т. б. деп ұғу керек) . Адамның таңдап алған мамандығына немесе әскери қызметке дайындауға бағытталғанан дене тәрбиесінің дене шынықтыру дайындығы деп атайды, ал бұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде таңдап алған мамандығын игеруге және тиімді енбек етуге дене дайын болса онда дененің арнайы қызыметке дайын болғамдығы деп білеміз [3, 48 б. ] .

Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты түрін талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтанда дене жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындау үшін дене тәрбиесінің пайдалану мүмкіншілігі еңбек пен дене тәрбиесінің алдында қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болған.

Кәсптік бағыты бар дене тәрбиесі, адамның таңдап алған мамандығын табысты меңгеруге және осы салада жоғарғы шеберлікке жетуге, сонымен бірге әскер қатарында кызмет етуге бейімділік кабілетін дамытуға, оның денсаулығын жақсарту арқылы еңбек қызметіне дайындауға көмектеседі.

Еңбек қызметі мен дене тәрбиесінің ұқсастығын мынандай жағдайлардан байқауға болады:

Еңбек қызметінде де, дене тәрбиесінде де қозғалыс дағдылары жеке тұлғаның белсенділігіне байланысты.

Жоғарыда аталган екі қызметте де адам ұжымда әрекет етеді. Еңбек және спорт коллективтерінің қызметікде көп ұқсастық бар: - адамдардың өзара қарым-қатынасы және кызыметінің тәртібі, ұжым мүшелерінің құқықтары мен міндетгері, мақсаттары мен міндеттерінің болуы.

Адамды қозғалыс дағдыларына үйрету және тәрбиелеу еңбек қызметінде де, дене тәрбиесі процесінде де бірыңғай шадылықтар негізінде жүзеге асырылады: таным теориясы, уақытша шартгы байланыстар құрылым теориясы, информация теориясы, қозғалыстың қазақдік теориясы.

Енбек қызметіндегі шеберлікті игеру және дене тәрбнесіндегі табыстарға жету төмендегі аталған жағдайларда тәуелді: - таңдап алған қызметке саналы және белсенді көзқарас, өз жұмысының нәтижесіне қанағаттану, қарым-қатынас сипаты, ұжымда өз орнын біле білу, денсаулық жағдайы, дене және ақыл- ой жұмыс қабілетгілігі, тәжірибелілік, мүмкіншіліктерді дамыту деңгейі.

Кейбір жағдайларда жағымды ауысу механизмі бойынша дене тәрбиесінің нәтижесі оқуда табыстарға жетуге тиімді әсер етуі мүмкін. Еңбек кызметіне дене шынықтыру жаттығуларының тиімді әсер етуі дағды болмысына да, жеке адамның өзіне қасиетері бойынша да мүмкін болады.

Еңбек қызметіндегі белгілі бір қабілеттілікті көрсетуде дене жаттығуларымен айналысудың жағымсыз әсері басқа қабілеттілікті дамытумен өтеледі. Мысалы, футбол, бокс, ауыр атлетикамен айналысудың тиімсіз әсерт, оқытудын кезенінде күштің көп түсуі және тепе-теңдік емес жағдайында жоғарғы жұмыс қабілетгілігіне, сезім тұрақтылыы және әр өзінің күшіне сенімділіктің арту есебінен өтеледі. Тіпті, спорттың қай түрімен айналыспасын, адам ақырында 15-20 процент шапшаңдық көрсетеді, сонымен бірге, жердегі транспорт құралдарын жүргізуді меңгерудегі, самолетті ұшыру техникасын игеруде, спортпен белсенді түрде айналыспайтындарға қарағанда, тез арада жоғары көрсеткіштерге жетеді [3, 54 б. ] .

Еңбек қызметінде дене жаттығуларымен айналысу негізің үлкен тиімділікке жету үшін:

а) жаттығуларды ауыстыру құбылысы және оның түрлерімен, дене жаттығуларымен айналы гтроцесіндр кәсіби маңызды кабілеттілікті дамы мүмкіншіліктерімен таныстыру, оларды кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесіне белсенді және саналы көзқарасты қалыптастыру керек.

б) қозғалыс құрылымы физиологиялық және психологиялық қамтылуы жағынан, кәсіптік козғалыс кимылының құрылымы жағынан өте жақын болатыңдай жаттығулар таңдап алыну қажет.

в) арнаулы жаттығуларды үйрету арқылы енбектегі козғал қимылдарды сенімді түрде орындау:

г) мүмкіндігінше дене жаттығуларының үлкен арсеналын барынша пайдалану керек [4, 32 б. ] .

Егер адам баласының жалпы тәрбиесінің бip бөлшегі деп дене тәрбиесін айтатын болсақ онда болашақта дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып өткізіші мұғалімді дайындау кезеңінде оның адамгершілік қасиеттерін дұрыс қалыптасуына аса көңіл бөлінеді. Біріншіден болашақ мұғалім өз оқушыларына дене тәрбиесінің денсаулықты қалыптастыруда адам тұлғасын жан-жақты дамытуда сонымен қатар еңбекке, отанды корғауға дайындаудағы ен бip кажеттi әдіс екендігі жөнінде ауызша түсіндіре алатындай дайындық алады.

Дене шынықтыруды іске асыратын спорт секцияларында күрестің спорт түрі ретінде маңызы өте зор. Себебі күрес барысында адамның дене күшінің мықтылығы нығаяды. Күрес тарихи даму барысында барлық халықтарда жаумен жекпе жек күресу және осылайша өз отанын қорғау қажеттілігіне байланысты туған.

Кез-келген спорт түрі өз бетінше қызықты да пайдалы. Бірі адамның шыдамдылығы мен ептілігін шыңдаса, бірі жылдамдығы мен беріктігін арттыра түседі.

Күреспен айналысатын спортшыға аталмыш қасиеттердің барлығы да қажет. Күрес адамның ептілігін, жылдамдығын, шыдамдылығын, беріктігін, күшін, тапқырлығын қажет етеді. Демек, күрес «күші барға ақылдың керегі жоқ» деген нақыл сөзді теріске шығарады.

Күрестің келесі түрлері бар: самбо, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі. Бұл дүниежүзіне әйгілі күрес түрлері. Әрине кейбір елдердің ұлттық ойын түрлеріне айналған күрес түрлері де бар.

Атап айтатын болсақ: азербайжан ұлттық күресі (гюлеш) ; ағылшындық кетч голд; армян ұлттық күресі (кох) ; белорус ұлттық күресі; еркін американдық күрес (еркін күрестің ескірген аты 1945-1946 ж. ж. ) ; еркін стильді күрес. самбоның ескірген аты (1938-1940 ж. ж. ) . кейін келе бұл күрес түрі «еркін күрес» атына ие болды (1940-1947 ж. ж. ), ал сосын «самбо» күресі деп аталды; грек-рим күресі; грузин ұлттық күресі (чидаоба) ; дзю-до күресі; жапон ұлттық күресі (сумо) ; иран ұлттық күресі (кошти) ; ирандық чуха; қазақ күресі (күрес) ; қырғыз ұлттық күресі (куреш) ; классикалық күрес. грек-рим күресінің ескі аты. 1948 жылдан 1991 жылға дейін қолданылды; молдавия ұлттық күресі; молдавалық трынтэ купэ дикэ; монғолдық барильда; орыс ұлттық күресі; самбо күресі; тәжік ұлттық күресі (гуштингири) ; татар ұлттық күресі (куряш) ; тувалық хуреш; түрік ұлттық күресі (гюреш) ; түркмен ұлттық күресі (гореш) ; өзбек ұлттық күресі (кураш) ; швейцарлық (жаңа) сюис либр; швейцарлық (ескі) швейцр швиген; француз күресі; якут ұлттық күресі (хапсагай) [5, 32 б. ] . Осылардың ішінде Қазақстанда кең таралған күрес түрлері: қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо және самбо.

Қарап отырғанымыздай күрес спорт ойыны ретінде барлық халықтарда да қалыптасқан.

Күрес спорт түрі ретінде шымыр болу үшін шыңдалуды қажетсінетін қолдың бұлшық еттерді иық белдеуінің тарамдары немесе дельта тәрізді, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырын асы, тоқпан жілік, білектің, шыбық жілік бұлшық еттері, аяқтың бұлшық еттері -мықым-бел, жамбастың, бөкскнің үлкен, санның, балтырдың бұлшық еттері.

Күрес барысындағы күрделі дене қимылдарын биохимиялық түсінен арқылы жаттығу барысында талдау шәкірттердің дене күшінің, ептілік, шыдамдылық, ширақтық және жекпе-жек кезіндегі нерв жүйесі қызыметінің қалыптасу жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Мысалы, қарсыласын қапсыра құшақтап көтеріп алған сәтте дене ауырлығы және қарсыласының салмақ ауырлығы әсерінен арқаның төрендігі бұлшық еттері, жамбас сан бұлшық еттері, бөксенің үлкен бұлшық еті, санның артқы топ бұлшық еттері, әсіресе үш басты бұлшық еттер қатайып жиырылады. Қарсыласын көтеріп алып кілем ортасына бет алған кезде аяқ бұлшық еттерінің жұмысы өзгереді де, ол динамикалық сипатқа ие болады. Балуан тұлғасы мен қол бұлшық еттерінің статистикалық жұмыс күші осы сәтте жайбарақат уақыттатғыдан 10-даған есе күші арта түседі [6, 12 б. ] .

Жас адамдарға шамасына қарай ауырлықты кеудеге дейін, бастан асыра көтерудің ешқандай зияны жоқ.

Күреске жаттығу барысында қол бұлшық еттері жақсы ширланған балуандардағы сәті шабулға іліп лақтыру, үйрену, жамбастан асыра тастың, кеудеден асыра шалқалай лақтыру әдістерін орындау өте сәтті шығады. Жаттығушы шәкірттердің тірек-қимыл аппаратындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін биохимиялық заңдылықтрды негізге ала отырып жаттығу барысында жүйелі талдау, балуан денесі мүшелері мен бөліктерінің бір-біріне өзара әсері мен қатынасының дұрыс қалыптасуының тәжрибелегі мән-маңызы мен пайдасын ашады.

Күрес өнерін меңгерушілерге тән күш-қуат пен оның өзіне тән тұлғасы мен сымбаты яғни жекпе-жекте күнделікті жүріс-тұрыста белгілі бір күй болатыны анық. Бапкер-тәрбиесі мақсаты тек жарыста өз шәкіртінің алдынғы орынды иеленуімен шектелмесе керек.

Олар тек кілем үстінде жұлқыласып, арпалысуды ғана білмей-омыртқа бағанасының, кеуде қуысы пішінің аяқ-қол сүйектерінің және жалпы бұлшық еттер қызыметінің жетілуіне байланысты, әрбір күрес өнерімен машықтанушылардың жеке басын сипаттайтын дене құрылысы-сымбаттылыққа тән екендігін шығармауы керек. Мысалы, күш-қуатты асыруды ғана мақсат етіп, дене тәрбиеесіне көңіл бөлмеген шәкірттерде нашар сымбат қалыптасады, жүріс-тұрысы дене қозғалысымен жараспайтын кезеңге душар болуы мүмкін. спорт тек қана жеңіс емес өте дұрыс сымбат, сымға тартқандай түзулік.

Қай елде болмасын күрес халықтың қызығушылығынан кенде болған емес. Мемлекеттердің дене тәрбиесінде спорттың алатын орны зор. Ал күрес таралған территория ауқымын алатын болсақ, ол мұхиттың ар жағындағы АҚШ- тан бастап Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Африка, ТМД елдерінде, Қытай, Үндістан, Австралия құрылығына дейін таралған. Демек күреспен айналыспайтын ел қалған жоқ десек те болады.

1. 2 Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы

Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан -тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан -ұрпаққа оны байытып, жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық. Алдымен тарихқа үңілейік.

Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған. Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді .

Ұлттық өнерімізді сөз еткенде алдымен ілігетіндерінің бірі қазақша күрес. Ертеден -ақ бұл күш сынасу өнері той -томалақта әрдайм көрнекті орын алып отырды.

Иә сан ғасырлар бойы айдыны аспасы, тұғырдан түспеген осынау ұлттық өнеріміздің бір -түрі қазақша күрес советтік заманымызда да жойылып кеткен жоқ. Үкіметіміз бен партимыздың әкелік қамқорылығың арқасында қазақша күрес қайта өзгеше бір жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Спорттың халықтық өнері және ұлттық түрлері советтік физкультурамыздың одан әрі дамуына зор ықпал жасайтындығы баршамызға белгілі жайт. Қазақша күрес жөнінде де айтарымыз осы. Ол ертеден ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көңіл көтеретін ұлттық өнері ойыны болса, екінші жағынан жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе -бет шайқасқа алдын -ала осы қазақша күрес арқылы баулыйтын еді. Қазақша күресте тік қалыпта аяқпен қимыл жасай жүріп, қос қолды қарсыласының белінен немесе арнайы жасалған белдеуден, киімнен ұстап жығуға әрекеттер жасалады.

Техникалық жағынан қазақша күрестің қалыптасқан әр қилы әдіс айлалары өте көп. Бұл көбнесе қазіргі қазақ және классикалық күреске ұқсас. Аяқтан қаға іліп -шалып, бастан асыра лақтыру, жамбасқа алу, сондай -ақ шалқая бере кеуде арқылы лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.

Бұрын қазақша күрестен өткен жарыстар ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Өзінен әлде қайда салмақты қарсыласымен күресу, әрине кімге де болса қолайсыз болады. 1938 жылы Алматыда өткізілген қолхозшылардың тұңғыш республикалық спартакиядасының программасына қазақша күресте енгізілді. Осы спартакиядада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіл салмақ-65 килограмға дейін орташа салмақ-75 кг. дейін, ауыр салмақ-75 кг жоғары күресті. Салмақ дәрежесі бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Туменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар үш салмақ дәрежесі бойынша күресті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта Құрбанбаев (алматы облысы) орташа салмақта Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта Мусин (Павлодар) жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Қазақ күресінде қолданылатын сөздік қорлар
Ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық және халықаралық ұйымдар
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресі
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Заманауи спорт ғимараттары
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Аяқпен жасайтын әдіс
Самбо күресіндегі бапкердің оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz