Жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Қабылдау мен есте сақтауға негізделген көрнекілік және практикалық әдістер

Жоспары:
Кіріспе
1. Балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық есте сақтау қабілеті туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар
1.2 Оқу үрдісінде балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары
2. Оқу әрекетінде балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Балалардың есте сақтау қабілетінің көрнекілік және практикалық әдістер
2.2Қабылдау қабілетінің көрнекілік және практикалық әдістерінің диагностикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Балалардың қабылдауы мен есте сақтау қабілетін дамыту.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский).
А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Балалардың есте сақтау қабілетттерін барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.Аталмыш мәселе негізінде оқу үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту деген зерттеу тақырыбын тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі:Балаларының есте сақтау қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу мәні: Жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты: оқыту үрдісінде жас балаларының есте сақтау қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Ғылыми болжам: Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді, жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, мектепке дейінгі жас балаларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:
Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
Эксперимент амалы арқылы тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есін дамыту жағдайларының тиімділігін тексеру.
1. Балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық есте сақтау қабілеті туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар
Есте сақтау қабылдау қабілеті - психикалық өмірдің маңызды сипаттамасы. Сондықтан есте сақтау қабілеті мәселесі - психологияның назар көп бөлінген және көп зерттелген мәселелерінің бірі. Бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент арқылы зерттеудің алғашқы амалдарын жасаған, есте сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық теорияларының бірі - ассоциативті теория болды. Ол ХVІІ ғасырда туды, Англия мен Германияда тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде ассоциация түсінігі - Г. Эббингауз, Г. Мюллер, Ф. Шульман және А. Пильцепермен бірлесіп зерттеген - белгілі бір психикалық феномендер арасындағы байланысы жатыр. Басты міндет ассоцианистердің барлық жұмыстары үшін жалпы болды: ол барлығына мәлім ассоциацияның пайда болуы, әлсіздеуі, өзара әрекеттесу жағдайларын зерттеу. Есте сақтау қабілеті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, қатарлас, ұқсас, қарама-қарсылық, уақытша және кеңістік жақындығы бойыша көп не аз тұрақты ассоциациялардың күрделі жүйесі болып түсініледі. Осы теория негізінде есте сақтау қабілеті механимздері мен заңдары ашылды және түсіндірілді, мысалы, Г. Эббингауздың ұмыту заңы.
Осы заңға сәйкес ұмыту бірінші қатесіз қайталаудан соң тез жүреді. Ассоциативтік теорияға сәйкес басқалармен белгілі бір қисынды, құрылымдық-функционалдық және мағыналық ассоциацияда сақталатын және оқшау емес жаңғыртылатын ақпараттың кейбір элементтері сақталады. Ассоцианистер жұмыстарында бар есте сақтау қабілеті үрдісінің сипаттамасы қандай да бір шектелген құндылығы болса да, адамның мнемикалық қызметінің байлығын толық аша алмайды. Әсіресе онда есте сақтау және жаңғырту қатысатын ойлау үрдістерін талдау артта қалып келеді.
Қызметтің ерекше түрі ретінде есте сақтау қабілеті үрдістерін сапалы талдау орнына көптеген жағдайларда еске түсірудің, яғни біздің амал-тәсілдермен сақтау мен жаңғырту өтуі емес, еске түсірілгеннің заттық мазмұны талданады.
Уақыт өте келе ассоциативтік теорияда бірқатар мәселелер туындады, олардың негізгісі - балалар есте сақтау қабілетінің таңдаулы болуын түсіндіру. Ассоциациялар кездейсоқ туындайды, ал есте сақтау қабілеті әрқашан белгілі бір ақпаратты таңдайды. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің ассоциациялық теориясы оның заңдарын танып білу үшін көп пайда береді. Қайталау саны әртүрлі болуында және элементтерді уақыт бойынша бөлуге байланысты ұғылатын элементтен саны қалай өзгеретіні, жаттау мен есте сақтау арасында өткен уақытқа байланысты есте сақтау мен қатар элементтерінің есте қалай сақталатыны анықталды. Ассоциативтік теорияның орнына ХІХ ғасырдың соңында гиштальттеория келді. Гиштальт (құрылым) - алғашқы элементтердің бастапқы, тұтас ұйымдастырылу негізгі түсінігі және принципі болды. Гиштальттің қалыптасу заңдары есте сақтау қабілетіне анықтама береді. Осы теорияда құрылымдық материалдың мәні, оның тұтастыққа жеткізілуі ерекше аталды.
Субъектіден тәуелсіз қауіпсіздік, ұқсастық принциптеріне сәйкес әрекет ететін құрылымның туындау материалының ұйыдастырылуы немесе өздігінен ұйымдастырылуы. Осы себептер бұдан кейінгі негіздеу мен түсіндіруді талап етпейтін құрылым туындаудың ақырғы негізгі болады. Гиштальт заңдары субъекті белсенділігінен тыс әрекет етеді. Есте сақтау және жаңғырту диалектикасының әрекет етеуі мынадай. Қандайда бір қажеттілік жағдайы балада есте сақтау немесе жаңғырту ұстанымын тудырады. Тиісті ұстаным бала санасында тұтас құрылымдарды жандандырады, олар негізінде материал есте сақталады немесе жаңғыртылады. Гештальт психологияда К.Левиннің концепциясы ерекше орын алады. Ол негіз қалаушы ретінде мақсатқа лайықтық, құрылымдық принципін ұсынды. Левин өзінің әрекет теориясын әзірлеп, ең алдыменен ерік талап ететін әрекеттерді, олар құрылымына әрекет жасайтын субъектіні, дәлірек болса оның қажеттіліктері мен ниетін қосады. Есте сақтау қабілеті саласында ол бағыттылық немесе күш өрісіндегі бәсеңдеудің күштік арақатынасы есте сақтау өнімділігіне тигізетін ықпалда көрінісін табады. Осыған тән көрініс - аяқталмаған әрекеттерді аяқталғандардан гөрі жақсы еске түсіру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің таңдаулы болу фактілерінің кейбіруіне психологиялық түсіндіру тауып, гештальттеория есте сақтаушының қызметіне, сондай-ақ ерекше мнемикалық қызметіне байланысты есте сақтау қабілеті үрдістерін зерттеген жоқ. Адамның практикалық қызметіне байланысты есте сақтау қабілетіның дамуы аталған теорияда қойылмаған және шешілген емес.

Есте сақтау мен қабылдау қабілетінің қызметі ретінде зерттеу француз ғалымы П. Жане жұмысымен басталды. Ол есте сақтау қабілетінің ең бастысы материалды есте сақтауға, өңдеуге және ұғындыруға бағытталған әрекет ретінде қарастырды. Есте сақтау қабілеті дамуының түрлі деңгейінде осы қызметтің сипаты әртүрлі, бірақ барлық кезең үшін ортақ болатыны - өткенде болғанмен, бірақ Ж. Пиаже есте сақтау қабілетінің мақсаты өшкен өткенді жеңу деп таныған. Ең алдыменен ол болғанның қайта жаңыруын күтуде көрінісін табады; одан әрі - оны іздеу; кейін - шегіндірілген қызмет болып табылған.. Келесі сатылары тапсырма және сөздік тапсырма беру, соңында, балаға тән есте сақтау қабілетіның байқалуы: көргенін айту үшін заттарды сипаттау және суреттерде көрген бейнелерді белгілеу. Есте сақтау қабілетіның даму кезеңдері реттілігінің құрылысы Жаненің берік фактілер негізімен дәлелденбейді.
Біздің елде бұл теория жоғарғы психикалық функциялардың шығу тегі теориясында жалғасын тапты. Осы теорияға сәйкес материалды түрлі елестету, есте сақтау және жаңғырту арасындағы байланыс-ассоциациялардың пайда болуы, оның мнемикалық өңдеу барысында баланың осы материалмен не істейтінін түсіндіреді. А.А. Смирнов ойдан гөрі әрекеттің тез ұғылатынын анықтаған, ал әрекет арасында кедергімен байланысты, сондай-ақ сол кедергілер жақсы ұғылады деп айтқан болатын.. А.А. Смирнов пен П.И. Зинченко баланың саналы қызметі ретінде есте сақтау қабілетіның жаңа және маңызды заңдарын ашқан.. Есте сақтау қабілеті қандай да бір дербес функция емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылығымен, ынтасымен тығыз байланысты. Әр баланың есте сақтау қабілеті дамудың жалпы заңдылықтарымен сипатталса да, сонымен бірге олардың өз ерекшеліктері болады. Кейбір балалар есте сақтау қабілетінің көрнекі-бейнелік түрімен ерекшеленеді. Осындай есте сақтау қабілеті түрлеріне ие болатын бала бейнелерді, олардың түрлерін, түстерін және де тағы басқаларын. жақсы ұғып меңгереді. Сөздік-ауытқулары бар есте сақтау қабілеті түріне тән балаларда, екінші белгі жүйесі басым болады. Көптеген балалар көрнекі-бейнелік және сөз-қисынды материалдарды да жақсы аңғарады, сонымен қатар, сезімдерді жақсы балалар есте сақтауымен ерекшеленеді.
А.А. Смирнов жаттығуларды түсінуге және мағыналы есте сақтауға ат салысатын негізгі амалдарды бөліп көрсеткен: мағынасы бар байланыстарды пайдалану, оларды салыстыру, жіктеу, жүйелеу, өзін-өзі бақылау операциялары. Материалды түсінуге көмектесетін әдістемелік тәсілдердің арасындағылардың негізгісіне, суретте және т.б. бейнеленген әдістемелік тапсырмалар балалар зейінін аударатын мәселелерде үлкен орын алады.
Бір есте сақтау қабілеті денеде болып жатқан басқа үрдістерге ұқсас және ми функциясы ретінде қаралады. Балада рухани қызметті танытатын есте сақтау қабілетінің басқа да түрілері қатар дамиды. Басқа психологтар есте сақтау қабілеті дамымайды, олар балалық шақ дамуында ең максималды болады деген тұжырым жасайды. Үшіншілері есте сақтау қабілетінің дамуы 10 жас шамасында шегіне жетеді, содан соң төмендейтінін анықтаған.. Осы үш көзқарастың бәрі де аталған мектептерде мәселе бойынша қарапайым қойылатындығын аңғартады. Осы зерттеулер есте сақтау қабілетінің даму мәселелерін шешкен емес.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.
Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз.

1.2 Оқу үрдісінде балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылаудың таңдамалылығы делінеді. Қабылауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз.
Қабылаудың таңдамалылығы әр түрлі объективтік (объектілердіңғ ерекшеліктеріне - күші, қозғалысы, қарымқатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.
Қабылаудың константтылығы да сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады.
Қабылаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция - сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.
Есте сақтау қабілетінің қызмет ету үрдісінде басым болған анализатордан есте сақтау қабілетінің қимыл, көру, есту, сезіну, иіс, дәм, эмоциялы және басқа түрлері бөліп көрсетіледі.Адамда көру қабылдау басым болады. Мысалы, біз көбіне адам түрін ұғамыз, ал есімін еске түсіре алмаймыз. Көрген бейнелерді сақтау және еске түсіру үшін көру, есте сақтау қабілеті жауап береді. Ол тікелей дамыған қиял елесіне байланысты: адам көру арқылы елестете алатынын әдетте, жеңіл ұғады және жаңғырта алады.
Есту есте сақтау қабілеті - түрлі дыбыстарды жақсы есте сақтау және дәл келтіруіне мысалы, музыкалық, сөйлеу дыбыстары жатады.. Есту, есте сақтау қабілетінің ерекше түрін сөз, ой және қисынмен тығыз байланысты болатын сөйлеу-қисынының түрі құрайды.
Қимылдың есте сақтау қабілеті ол есте сақтау және жадында сақтау, қажеті болса әртүрлі күрделі қимылдарды дәл келтіру. Ол қимыл дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруға қатысады. Баяғыдан үйренген белгілерді автоматты түрде жазуды көздейтін мәтінді қолмен жазу, қимылды есте сақтау қабілетінің айқын мысалы болып табылады.
Эмоционалды есте сақтау қабілеті - бұл күйзелу кезіндегі есте сақтау қабілеті. Ол есте сақтау қабілетінің барлық түріне тән, әсіресе адам қатынастарында көп көрінісін табады. Эмоционалды есте сақтау қабілетіне материалды берік есте сақтау негізделген: адамда сезім тудырғаны ешқандай кедергісіз және ұзақ мерзімге сақталады.
Есте сақтау қабілетінің сезу, иіс, дәм және басқа түрлері көру, есту, қимыл және эмоционалды есте сақтау қабілеті түрлерімен салыстырғанда шектелген болады; адам өмірінде айтарлықтай роль атқармайды.жоғарыда қаралған есте сақтау қабілетінің түрлері ақпараттың шыққан көзін сипаттайды және де есте сақтау қабілетін таза түрінде сақталмайды. Есте сақтау (жаңғырту) үрдісінде ақпарат түрлі: сараптау, іріктеу, жалпылау, кодтау, синтездеу және ақпаратты өңдеудің басқа түрлері де өзгеруге ұшырайды.

2. Оқу әрекетінде балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Балалардың есте сақтау қабілетінің көрнекілік және практикалық әдістер
Мнемикалық функциялардың өзгеруі оның тиімділігіне қойылатын талаптар артуымен негізделген, оның жоғары деңгейі оқу қызметі барысында туындайтын түрлі мнемикалық міндеттерді орындау үшін қажет. Енді бала осы жаста көп затты есте сақтауы тиіс: материалды тура жаттатуы, оны мәтінге жақын немесе өз сөзімен мазмұндап беруі, сондай-ақ жаттағанын есте сақтауы және ұзақ мерзім өткен соң айтып беруі тиіс. Баланың ұқпауы оның оқу қызметіне, ең ақырында оқуға және мектепке деген қатынасына әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі жас балаларында жарқын, бала үшін эмоцияға толы мәлімет пен өмір жағдайларына түйелетін есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты мынадай мысалды қарастырайық.Ересектер тобындағы балалар үшін еріксіз есте сақтау қабілетінің түрлері жаңа түсінікті талдау бойынша тапсырманы орындау үрдісінде айқындалды. Нәтижесінде балалардың шамамен 20% міндетті дұрыс түсінді, оны естерінде сақтап, әрекеттік тапсырылған мақсатын орындап, теориялық материалды еріксіз ұғып, ерікті ете алатындары айқындалды.
Балалардың 50-60% жуық бөлігі - жаңа фактілерге деген өз қызығушылықтарына сәйкес есепті шеше алды. Сондықтан олар еріксіз сақтау тапсырмасын нақты материалды орындағанда ғана ерікті ұсынылған есепті тиісті деңгейде саналы шешкен жоқ.
Ең ақырында, балалардың үшінші тобы (шамамен 20-30%) есте сақтау қабілеті бар балалар тапсырманы дұрыс түсіне алмады, нақты материалдың кейбір бөлігін ғана еріксіз есте сақтады. Тәжірибе ең жоғарғы психикалық функцияның бірі ретінде ерікті есте сақтау қабілетін дамыту үшін оқуға деген қызығушылықтары аз екені дәлелденген.
Мектепке дейінгі жаста есте сақтау қабілетін жетілдіру біріншіден түрлі тәсіл мен ұғатын материалды ұйымдастыру және өңдеумен байланысты есте сақтау стратегиясына ие болумен негізделеді. Бірақ осындай амалдарды қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар кездейсоқ қалыптасады және көбінде өнімсіз болады.Тірек негізінде, есте сақтау құралы ретінде ойлау үрдістерін пайдалану қисынды есте сақтау қабілетіның негізі болып табылады. Бұндай есте сақтау қабілеті түсінуге негізделген. Осыған орай Л.Н. Толстой: Білім білім болады, егер ол бір есте сақтау қабілетімен емес, ой күшімен табылса деген екен.
Есте сақтаудың ойлау амалдары ретінде: мағыналық байланыстыру, жіктеу, мағыналық тіректерді бөлу, жоспар құру және т.б. пайдаланылуы мүмкін.Мектепке дейінгі жастағы балаларда осы амалдарды қалыптастыру мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған арнайы зерттеулер негізінде ақыл қызметінде жатқан мнемикалық амалға, үйрету екі кезеңнен тұратынын көрсетеді:
а) ақыл қызметінің өзін қалыптастыру;
ә) оны мнемикалық амал ретінде қолдану, яғни есте сақтау құралы ретінде. Нәтижесінде, материалды есте сақтау үшін мысалға жіктеу амалын қолданар бұрын топтастыруды жеке ақыл қызметі ретінде меңгерулері қажет.
Мектепке дейінгі жас балаларының қисынды есте сақтау қабілетін дамыту үрдісі арнайы ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені осы жастағы балалардың басым бөлігі материалды мағыналық өңдеу тәсілін өздігінен (арнайы үйретусіз) қолданбайды және есте сақтау үшін белгілі амал яғни, қайталау амалын қолданады. Бұған ересектер тарапынан әдейі ынталындырулар болуы керек.

2.2Қабылдау қабілетінің көрнекілік және практикалық әдістерінің диагностикасы
Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан. Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды [3]. Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан. Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады.
Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады. Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау - бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару. Бақылау - адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді. Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие [4]. Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән бе­ріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тара­птарын айыру. Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Мектепке даярлық тобындағы балалардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
Жас балаға ойлау тым ауыр
Мектепке дейінгі дидактика. Мектепке дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Пәндер