Жарылғыш заттардың меншікті шығындары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ө.А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты

Тау-кен ісі кафедрасы

Тілеубай Нұрдәулет Құрманғазыұлы

Шығыс Жезқазған кеніші жағдайындағы өрлеме қазбасы құрылысының технологиясын жобалау

Дипломдық жобаға
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

6В07205 - Тау-кен инженериясы

Алматы 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ө.А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты

Тау-кен ісі кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі,
техн.ғылым.д-ры,профессор
_________С.К.Молдабаев
____________2024 ж.

Дипломдық жобаға
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы: Шығыс Жезқазған кеніші жағдайындағы өрлеме қазбасы құрылысының технологиясын жобалау

6В07205 - Тау-кен инженериясы

Орындаған

Рецензент,
PhD докторы, Л.Б.Гончаров
Атындағы Қазақ автомобиль-жол
институтының қауымдастырылған
профессоры
__________Жанакова Р.К
____________2024 ж.

Тілеубай Н.Қ

Ғылыми жетекші техн.ғыл.д-ры, профессор _____________А.Бегалинов ____________2024ж.

Алматы 2024
КІРІСПЕ

Біздің мемлекетіміз жерасты кен байлықтарының қоры бойынша әлемдегі бай мемлекеттердің қатарына кіреді. Пайдалы қазбалар еліміздің экономикасының дамуы мен қауіпсіздігінің бірден бір кепілі болып табылады.
Жер қойнауын ұтымды пайдаланудың басты жолдарының бірі-оның барлық ресурстарын қоғам игілігіне, қазіргі заманның ғылыми техникалық мүмкіндіктерін қолдана отырып, жан-жақты кешенді түрде жарату.
Жер қойнауы кен байлықтарына толы. Оларды игеру кез-келген елге әлеуметтік және экономикалық жағынан тиімді екені анық. Пайдалы қазбаларды қолдану арқасында кез-келген мемлекет өзінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларын реттей алады.
Тау-кен өнеркәсіптерінің машиналары мен жабдықтары негізгі қаржылай шығын болып табылады. Сондықтан жерасты кеніштерінде жабдықтардың экономикалық жағынан арзан, өнімділігі жоғары және күтіп ұсталуы керек. Жабдықтардың техникалық жағдайы жұмысшының еңбек өнімділігін, шығаратын өнімнің саны мен өзіндік құнын анықтайды.
Тау-кен геологиялық жергілікті жағдайларға байланысты әр түрлі және соған сәйкес кен орындарын дайындау мен пайдалы қазындыларды өндіру сұлбалары сан алуан болып келеді. Осыған байланысты әртүрлі техникалық жабдықтар қолданылады. Бұл ретте маңызды мәселе ретінде жұмыс жағдайының қауіпсіздігі, ыңғайлылығы және еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету алға қойылады.
Бұл сұрақтарды шешуде кен өндірудің технологиялық процестерін кешенді механикаландыру мен автоматтандыру техникалық негізі болып саналады. Бірақ аталған процестерді толық автоматтандыру үшін, оның алғашқы сатысы ретінде кешенді механикаландыруға қол жеткізу керек.
Дипломдық жобада Шығыс Жезқазған кеніші жағдайындағы өрлеме қазбасы құрылысының технологиясын жобалау қарастырылған.

2 Шығыс Жезқазған кенішінің Өрлеме қазбасын өту технологиясы

2.1Шығыс Жезқазған кенішінің өрлеме қазбасын КПВ-1А кешенімен өту

Өрлеме қазбаларын өтудің тәжірибелерде қолданылатын әдістерін талқылай келе, дипломдық жобамызда Шығыс Жезқазған кенішінің шарттарына келетін КПВ-1А кешенімен өрлеме қазбасын өту әдісі таңдалды.

2.2 Өрлемелерді өтудің тәжірибелерде қолданылған технологиялары

Өрлеме (восстающий) қазбасы дегеніміз - кеннің қабатының ішімен немесе бос таужыныстары сілімінде төменнен жоғары қарай салынатын жер бетімен тікелей қатынасы жоқ тік немесе көлбеу қазба. Өрлемелермен жұмысшылар жүріп-тұрады, пайдалы қазба мен бос таужыныстары түсіріледі, материалдар мен жабдықтар забойға жеткізіледі, жерасты қазбалары желдетіледі, су, сығылған ауа және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі және т.б. жұмыстар атқарылады [2].
Өрлеме қазбалары көлбеулік бұрыштарына байланысты тік (90 градус), көлбеу (45 градустан жоғары) және жайпақ (450 градусқа дейін) болып жіктеледі. Өрлемелер көп жағдайларда кеніштің жұмыс горизонттарын бір-бірімен қосады және олардың биіктігі 20м-ден 60м-ге дейін, кей жағдайларда 150-200 метрге дейін де жетуі болуы мүмкін [3].
Өрлеме кен қабатының ішімен салынатын болса, онда оның жатыс (жату) бұрышы негізінен кен қабатының құлау бұрышына байланысты таңдалады. Егерде, өрлеме бос таужыныстарының ішімен салынса, оның жатыс бұрышы, кен орнының геологиялық ерекшеліктеріне және технологиялық шарттарға байланысты қабылданады [4].
Өрмеле қазбаларының көлденең қима пішіндері мен негізгі өлшемдері олардың атқаратын міндеттеріне (барлау үшін, кен түсіретін, жабдық және материалдарды жоғары көтеру үшін, желдету мақсатында т.б.) байланысты таңдалады. Өрлеме салынатын таужыныстарының беріктігі мен орнықтылығына байланысты олардың пішіндері тік бұрышты немесе дөңгелек болады. Тәжірибелерден алып қарайтын болсақ, барлау қазбаларының көлденең қима ауданы 1,2м2-ден 4м2 (кейде 6м2) дейін болулары мүмкін, эксплуатациялық қазбалардағы өрлемелердің қима ауданы 10-15 м2 дейін барады, ал тереңдігі 2030 м-ден 150200 м-ге дейін барады. Көп жағдайларда 5060м болады, себебі, өрлемелер тәжірибелерде көбінше екі жұмыс горизонтының арасын қосады [2, 4].
Өрлеме қазбаларын оқпандар және еңкіштер секілді жоғарыдан төменгі қарай бағытта өту (салу) техникалық тұрғыдан қиын болып табылады, себебі, көлденең қима ауданы үлкен болмаған (46м2) өрлеме қазбаларына тиегіш машиналарды сыйғызу күрделі-қиын болады. Сондықтанда таужыныстарын көтеру және адамдардың түсіп-шығулары үшін арнаулы көтергіш машинаны қолдануға тура келеді, ал ол үшін қосымша копер, тиелген ыдысты босататын қосымша станок және т.б. орнату керек болады. Бұл жұмыстарды тереңдігі (ұзындығы) шектеулі қазбаларда орындау өте тиімсіз. Осы себепті, өрлеме қазбаларын төменнен жоғары қарай салады [4].
Бір бөлімшелі өрлемелер негізінен кенді (руданы) немесе таужынысын өз салмағымен түсіруге арналалып салынады (кен түсірмелері (рудоспуски)), олар дөңгелек пішінді болып өтіледі. Аталған өрлемелердің диаметрі 1 м-ден 3-5 м-ге дейін болады. Ал, кейбір шарттарда кенді түсірмелі өрлемелердің өлшемдері 1,5x1,5 м, 1,6x1,6 м, 1,7x1,7 м тікбұрышты пішінді болып та салынады.
Тәжірибелерді ескеретін болсақ, тікбұрышты өрлемелер екі немесе үш бөлімшеден тұрады: бірі - адамдар түсіп-шығуы үшін баспалдақпен жабдықталса, екіншісі - пайдалы қазбалар мен таужыныстарын төменге түсіру үшін, үшіншісі - материалдар мен жабдықтарды жоғары көтеру мақсатында пайдаланылады. Көлденең қима ауданы 4,88 м2 болады. Кен және таужыныстарын түсіретін бөлімінің қысқа жағының өлшемі түсіретін кен мен таужынысы кесектерінің ең үлкен өлшемдерінен үш-төрт есе үлкен болуы тиіс [2, 3, 4, 6].
Өрлеме қазбаларын өтудің тәжірибелерде келесідей тәсілдері кездеседі: тасымал сөрелерді қолдану арқылы; аспалы клеть арқылы; терең ұңғыларды аттыру арқылы; өздігінен жүретін сөре арқылы; бұрғылау арқылы [2, 3].

2.3 Өрлеме қазбасын өтудегі бұрғылап-жару жұмыстарының (БЖЖ-ның) параметрлерін есептеу және БЖЖ-ның паспортын жасау

Шпурларды бұрғылауға ПП-54 перфораторын қабылдаймыз (2.1-сурет).
Тау-кен қазбаларын өту үшін қолданылатын жарылғыш заттардың (ЖЗ) кеніштің шаңдық-газдық режимдерін, қазба салынатын таужынысы сілемдерінің геомеханикалық шарттарын және қазбаға келетін су келімдерінің мөлшерін ескере отырып, жұмыс қабілетілігі және тығыздығы жоғары, химиялық құрамы тұрақты және бағалары қолжетімді түрлерін таңдап алу керек [2, 3].
Таужыныстары сілемінен газ бөлінбейтін кеніштерде II классты ЖЗ қолданылады: қатты берік таужыныстары сілемінде () - №1 скальды аммонит, №3 скальды аммонал, детонит M; беріктігі орташа таужыныстары сілемінде () - аммонит 6 ЖВ және денафталит-200 ЖЗ-ын қолдануға болады. Егере кеніште газдың бөлінуі және көп мөлшерде шаң шығу қауіптері болса, онда III және ІV класты сақтандырғыш ЖЗ; аммонит АП-5 ЖВ, аммонит Т-19 ПЖВ-20 және т.б. ЖЗ қолданылады [4, 7].
Өрлеме қазбасын өту кезінде жарылғыш заттар қолданылады. Олардың диаметрлері 28, 32, 36, 40 және 45 мм, ал массалары 210, 260, 300 және 400 грамм болады. Аталған ЖЗ-тар мен оқталатын шпурларды бұрғылау үшін қолданылатын коронкалардың диаметрлері ЖЗ-диаметрлерінен 46 мм артық болуға тиісті [3].
Газ бен шаңдардың жарылыс қауіпі жоқ кеніштерде зарядтарды электрлі әдіспен аттыру үшін лезде жарылатын ЭД-8Э, ЭД-8Ж, ЭД-1-8Т электрдетонаторларды және 25, 50, 75, 100, 150 және 250 мс болатын кешеуілдеп қосылатын ЭД-1-3Т, ЭД-3-Н және т.с.с. электрдетонаторлары қолдануға болады [7].
Жарылғыш заттардың шығыны деп, әдетте, забойдағы жыныстардың бір циклдегі көлемін таужыныстары сілемінен бір сәтте бөлшектеп уатуға жұмсалатын жарылғыш заттардың мөлшерін айтады [4].
.үшін жұмсалатын жарылғыш заттардың мөлшерін айтады. Жарылғыш заттардың меншікті шығыны кгм3 сипатталады.
Жарылғыш заттардың түрлерін және олардың меншікті шығынын дұрыс таңдап алу өте маңызды мәселе болып салалады. Өйткені, жарылыс сапасының жақсы әрі тиімді болуы осы көрсеткіштерге тікелей байланысты. Жарылғыш заттардың (ЖЗ-дың) шығыны тәжірибеде жинақталған мәліметтерге негізделген нормалармен немесе эмпирикалық формуламен анықталады [7].
Жоба бойынша өрлеме қазбасын өту үшін патрондалған детонит М жарылғыш затын қолданамыз. № 6ЖВ аммонит эталонды жарылғыш затының меншікті шығыны 3,5 кгм3 құрайды. Олай болса, жұмыс қабілеттілігі 480 см3 болатын детонит жарылғыш затының меншікті шығыны келесідей болады:

q=qэe=3,5∙380480=2,8кгм3#2.1

мұндағы е - ЖЗ жұмыс қабілеттігінің коэффициенті.
Таужыныстарының беріктік сипаттамасына байланысты тәжірібелік зерттеулерден анықталып қабылданған жарылғыш заттардың меншікті шығынын анықтау жолдары 2.1-кестеде келтірілген.

Кесте 2.1 - Жарылғыш заттардың меншікті шығындары

Таужыныстарының сипаттамасы
Жыныстардың беріктігі (проф.М.М.Протодьяконовтың шкаласы бойынша)
ЖЗ меншікті шығыны, q1, кгм3
Тығыз граниттер, кварцитті қатты құмдауыттар, гнейстар
10-15
1,3-1,5
Тығыз известняктар, құмдауыттар, доломиттер
6-8
1,0-1,12
Берік құмды сланецтер, сланецті құмдауыттар, берік сазды сланецтер
4-5
0,7-0,9
Әртүрлі сланецтер (берік емес), тығыз мергель
3-4
0,5-0,6

Бір цикл өрлемені өтуге (заходка) жұмсалатын жарылғыш заттардың жалпы шығыны мына формуламен табуға болады:
Q=q∙V=q∙l∙Sж,кг #2.2

мұндағы V - бір заходкада (циклде) қопарылатын таужыныстарының көлемі, м3.
Бір шпурды оқтауға кететін ЖЗ орташа мөлшері:

Q1=Qn, кг #2.3

мұндағы n - оқпан забойындағы шпурлардың саны.

Табылған ЖЗ шығыны бірнеше тәжірибелік жарылыс сынақтарын жүргізілгеннен кейін нақты дәлденеді. Сонымен қатар, жарылғыш заттардың шығынын есептеу кезінде қолдану үшін шпурларды пайдалану коэффициентінің іс жүзіндегі мәндерін келтіруге болады (2.2-кесте).

Кесте 2.2 - Шпурларды пайдалану коэффициенті (КИШ)

Шпурлардың тереңдігі, ш, м
Таужыныстарының бекемдігіне байланысты шпурларды пайдалану коэффициенті ()

6-8
8-10
10-12
12-14
14-16
16-80
1,5
0,95
0,93
0,91
0,89
0,87
0,85
2,0
0,91
0,89
0,87
0,85
0,83
0,80
3,0
0,86
0,84
0,82
0,80
0,78
0,75

Жарылыстан кейінгі таужыныстарының бұзылу сапасын жақсарту үшін қазба забойының ортасында диаметрі 200 мм болатын бос ұңғыма бұрғыланады. Бұл өз кезегінде шпурды пайдалану кэффициентінің орташа мәнін 0,9 шамасында қабылдауға мүмкіндік береді [7].

2.1-сурет - ПП-54 перфораторы
Кесте 2.3 - Перфоратордың техникалық сипаттамасы

Техникалық сипаттама
Перфоратор ПП-54
Соққы энергиясы, Дж
54
Жиілігі, соққысек
38
Ауа шығыны, лмин
3600
Шпур бұрғылау тереңдігі, м
4
Салмағы, кг
31,5

2.3.1 Шпурдағы оқтамдардың құрылымдарын таңдау және тереңдігін анықтау

Оқтамдардың құрылымы деп жарылғыш заттардың және жарылғыш патрондардың шпурдағы орналасу реттерін айтамыз. Көп жағдайларда қазбаларды өткенде зарядтардың тізбекті (колонкалы) құрылымы қолданылады. Ол үшін ЖЗ патрондарын тізбектеп бір-біріне түйістіре орналастырады (2.2-сурет). Жарылыс жұмыстарының өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері талаптары бойынша патрон-боевикті шпурдың ауыз жағына орналастырады (2.2а-суреті, тура оталдыру әдісі), ал кей жағдайларда, тереңдетілген шпурларды жарғанда, патрон-боевикті шпурдың түбіне орналастырады (2.1ә-суреті, кері оталдыру әдісі).
Оқтамдарды (зарядтарды) шпурларға орналастырып болғаннан кейін, шпурдың бос қалған бөлігі тығындалады. Шпурларды тығындау үшін көп жағдайларда саз және құмның қоспасын қолданады. Оның арақатынастарын 1:1; 1:2; 1:3 етіп қабылдайды. Ал өрлемелерді төменнен жоғары қарай өткенде шпурларды оқтағанда тығын ретінде арнайы пластмасса және т.б. материалдардан жасалған арнайы тығындарды қолданады. Жарылыстың сапасы көп жағдайларда шпур оқтамдарынан кейін салынған тығындардың сапасына да байланысты болады. Тығынның сапасы оның ұзындығы мен және тығыздығымен сипатталады.

а -тура оталдыру әдісімен; ә-кері оталдыру әдісімен; 1-тығын; 2-аттыру патроны (патрон-боевик);
3-ЖЗ әдеттегі патрондары
2.2-сурет - Шпурдағы оқтамдардың құрылымы
Шпурлардың тиімді болатын диаметрі. Тау-кен қазбаларын өту кезінде тәжірибелерде 32, 36, 40 және 45 мм болатын диаметрдегі патрондалған жарылғыш заттар кеңінен пайдаланылады. Яғни, шпурлардың диаметрлерінен жарылғыш зат патрондарының диаметрлері 5-6 мм-ге кіші болады. Осыған орай, бұрғылау машиналарының коронкаларының диаметрлері сәйкесінше 36, 42, 43, 46 және 52 мм болады.
Тәжірибелерде орындалған жарылыс жұмыстарын қарастыра келе және Шығыс Жезқазған кенішінің тау-кен техникалық шарттарын ескере отырып, дипломдық жобамызда шпурдың диаметрін 36 мм, ЖЗ патронының (детониттің) диаметрін 32 мм деп қабылдаймыз.
Шпурлардың тереңдігін анықтап қабылдау. Шпурлардың тереңдігі бұрғылау-жару жұмыстарының сапасына әсер ететін маңызды көрсеткіш болып саналады. Атап айтқанда шпурларды және қазбаның көлденең қимасын пайдалану коэффициенттері, жарылғыш заттардың меншікті шығыны, таужыныстарының ұсақталу деңгейлері және т.б. көрсеткіштер - шпурдың тереңдігіне тікелей байланысты болады.
Шпурдың тереңдігін анықтап қабылдағанда қазба салынатын таужыныстары сілемдерінің тау-кен-геологиялық шарттарын және де қазба өтудің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейін ескеру қажет. Тау-кен-геологиялық шарттарына таужыныстарының бекемдігі, жарықшақтылығы және қабаттылығы, сонымен қатар, қазбаның сулану және газдану режимдері жатады. Ал, техникалық шарттарына қазба өтудің технологиялық сұлбасы, қазбаның көлденең қимасының пішіні және негізгі өлшемдері, қабылданған қазба өту кешенінің түрі, яғни, забойды бұрғылайтын және қопсыған жыныстарды тиеп-тасуға қолданылатын жабдықтардың түрлері жатады.
Шпурлардың тереңдігін таңдап қабылдауда жұмыс операцияларын ұйымдастырудың және оларды механикаландырудың маңызы өте жоғары. Себебі, қазба өтудің циклінде орындалатын әрбір жұмыс процесстеріне және бүкіл циклге жұмсалатын уақыттың ұзақтығы осы шпурлардың тереңдігіне тікелей байланысты болады [2, 3].
Шпур тереңдігін анықтауда келесі теңдеуді пайдалану болады:

l=Tц-Nt,n0+tж+tкNk∙V+S0∙KkPm+Hв∙∙φк l1∙nб,м #2.4

Көрсетілген формулада сығылған ауа, желдету, бетон жеткізілетін құбырларды ұзартуға, жабдықтарды жөндеуге және т.б. көмекші жұмыстарды орындауға жұмсалатын уақыттар ескерілмеген. Өйткені, аталған көмекші жұмыстарды орындауға жұмсалатын уақыттар қазба өтудің айлық жұмыстарының кестесінде ескерілген.
Тік қазбаларды жоғарғы жылдамдықпен салғанда (өткенде) шпурлардың орташа тереңдігін, алдын-ала белгіленген жылдамдық бойыншада анықтауға болады:
l=Vм∙Tцm∙n∙tау∙∙Kq,м #2.5

мұндағы Vм - қазбаны өтудің жоспарланған жылдамдығы, май;
m - бір айдағы жұмыс күндерінің саны;
n - бір тәуліктегі ауысымдардың саны;
tay - бір ауысымның ұзақтығы, сағат;
Kq - технологиялық үлгінің дайындық коэффициенті,м
Kq=0,70,8;=0,80,9.
Дипломдық жобамыз бойынша өрлеме қазбасын өтуде әрбір жарылыстан кейінгі қазбаның енбе ұзындығын 1,6 м деп қабылдаймыз. Олай болса шпурдың тереңдігі:

lш=lш=1,60,9=1,77 #2.6

Шпурлардың тереңдігін жуықтап lш=1,8 м деп қабылдаймыз.

2.3.2 Забойдағы шпурлардың санын анықтау

Шпурлардың саны таужыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне, қазбаның көлденең қимасының ауданына, қолданылатын ЖЗ-дың түрі мен сипаттамаларына, ЖЗ-тың патрондарының диаметріне және шпурларды толтыру коэффициентіне байланысты болады. Қазбаларды өткенде тәжірибелерде шпурлардың санын бір енбелік (өтпелік) көлемдегі таужыныстарын біркелкі және ұсақ етіп және қазбаның қимасының пішіні жоспарланғандай дәл болып шығатындай, жаруға жеткілікті етіп алады. Аталған қағидаларды ескере отырып проф. М.М.Протодьяконов мынадай есептеу әдісін ұсынған [2, 3].
Бір енбені (қазбаның бір жылжуын) өтуге қажетті жарылғыш заттардың жалпы көлемін келесідей анықтауға болады:

Q=q∙lш∙Sвч#2.7

Q=2,8∙1,8∙5=25,2кг

Анықталған ЖЗ-дың осы мөлшері қазбадағы барлық шпурларды оқтауға жетуі тиіс, яғни:
Q=N∙l∙γ,кг #2.8

мұндағы - бір метр шпурдың үлесіне келетін ЖЗ мөлшері, кгм;
шпурлардың саны.

γ=PI∙dn24∙∆∙a,кг #2.9

мұндағы жарылғыш зат патронның диаметрі, м;
патрондағы ЖЗ-тың тығыздығы, кгм3;
шпурды толтыру коэффициенті.

γ=3,14∙0,032241100∙0,75=0,66

Осы көрсеткіштерді дің мәнін табуға арналған формулаға енгізгеннен кейін шпурлардың санын есептеуге болады:

N=1,27∙q∙Sж∆∙a∙dn2∙K, дана #2.10

мұндағы К - шпурларды патрондалған жарылғыш заттармен оқтаудың тығыздығы (К=0,850,9).

N=1,27∙2,8∙51100∙0,75∙0,0322∙0,85=2 4

Өрлеме қимасының жобалық өлшемдері: ені А=2 м; ұзындығы В=2,5 м, көлденең қимасының ауданы S=5 м2.
Тік қазбаның көлденең қимасының (1м2) ауданына шаққандағы шпурлардың санын табамыз:

Ny=NSж,данам2#2.11

мұндағы қазбаның көлденең қимасының ауданы, м2.

Ny=245=4,8данам2

Шпурдағы бір зарядтың орташа салмағы:

qc=QN=25,224=1.05кг#2.12

Дипломдық жобамызда есептеулердің қорытындысына қарай Шығыс Жезқазған кенішікенішіндегі өрлеме қазбасы өтілетін таужынысы сілемдерінің бекемділігін негізге ала отырып, нақтылы шпурлар санын қабылдаймыз. Яғни, забойда бұрғыланатын шпурлардың саны - 25 дана, ал, зарядталатын шпурлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрлеме қазбаларын өтудің жалпы тәжірибелердегі қолданылатын технологиялары
Қашаған кен орны тарихы
Қашаған кенорнының ашылуы
Бұрғылау және жару жұмыстары
Жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару
Мұнай өндіру
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны
Қашаған - Каспий теңізінің астында орналасқан әлемдік деңгейдегі алып мұнай кен орны
Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу жүйесі
Сақтандырғыш жарылғыш заттар
Пәндер