Физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
AБAЙ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДAГOГИКAЛЫҚ УНИВЕPCИТЕТI
МAТЕМAТИКA, ФИЗИКA ЖӘНЕ ИНФOPМAТИКA ИНCТИТУТЫ
ӘоЖ 53.082.6.(071.2)004.9
Оразбек Гульфия Оразбекқызы
Негізгі мектепте Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
7M01504 - Физика
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация
Ғылыми жетекшiсі:
Длимбетова Г.К.
Қopғayғa жiбеpiлдi:
Мaтемaтикa, физикa және инфopмaтикa инcтитyтының диpектopы
__________________ Б.Д.Сыдықов
________________2024 ж.
Кaфедpa меңгеpyшici ______________ Әбілқасымова А.Е., п.ғ.д., пpoфеccop
Ғылыми cеминap төpaғacы _________ Әбілқасымова А.Е., п.ғ.д., пpoфеccop
Алматы, 2024
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепте физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы
1.2 Жылу құбылыстары тарауын оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялардың ерекшеліктері
1.3 Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың маңызы
2 НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық оқыту технологияларын қолдану
2.2 8-сыныпта Жылу құбылыстары тарауын оқыту әдістемесі
2.3 Педагогикалық эксперименттің ұйымдастырылуы мен нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта өзектілігі күрт өскен әлеуметтік және білім беру прогресі Қазақстандық білім беру жүйесін даму мен жұмыс істеудің жаңа режиміне көшірді. Бұл жастарды оқытудың шиеленіскен мәселелерін шешудің сенімді және тиімді тәсілдерін, сондай - ақ білім беру процестерін жобалаудағы инновациялық модельдеу қызметін қоса алғанда, жалпы білім беру саласының тұжырымдамалық дамуын іздеу қажеттілігін анықтады.
Соңғы жылдары бүкіл білім беру кеңістігін стандарттаудың жаһандық процесін қамтыды. Бірақ әр оқушының білім беру стандартының деңгейіне жетуі үшін қазіргі мектепке дәстүрлі техниканың орнына жаңа педагогикалық құралдар қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша білім сапасы - бұл оқу процесін ұйымдастыру технологиясын білу, сапаны тексеру және бағалау тәртібін стандарттау және регламенттеу, тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету.
Осыған орай, еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдай білім беру процесіне жаңа талаптар қоюымен қатар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жүйелі өзгерістерді әлемдік деңгейде жаңашыл бастамалар қолдау тауып отыр. 2 қыркүйек 2019 жылғы мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, ІV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі бөліміндегі: Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту. Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған - деп білім беру саласында, маман даярлауда олардың тұлғалық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын ескеру керектігін баса айтты. Жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу мақсатында білім беру үдерісін зияткерлендіру қажеттігі идеясын алға тартты.
Педагогикада оқытуды кепілдендірілген нәтижемен өндірістік және технологиялық процеске айналдыра алатын осындай дидактикалық тәсілдер мен дидактикалық құралдарды іздеу жүргізілуде. Оқыту әдістемелерінің тиімділігін арттыру шарттарын іздеуде педагогтар олардың кейбірін педагогикалық технологиялар деңгейіне дейін жеткізуге болады деген қорытындыға келді. Мемлекеттік білім беру стандарттары жағдайында тек технологиялар ғана білім беру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.
Тапсырманы орындау барысында Білім және Ғылым министрлігі білім беру саласында өзгертулер енгізуде. Оған дәлел, мектепте жаңа педагогикалық технологияларды қолдану қолдау тауып отыр. Инновациялық педагогикалық технология - бұл практикада дәйекті түрде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық іс-әрекеттің жобасы, оның негізгі көрсеткіші қалыптасқан дәстүрлермен және жаппай практикамен салыстырғанда прогрессивті бастама болып табылады.
Білім берудегі инновациялық процестердің негізінде ғылыми және білім беру қызметінің бірлігі және олардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына бағытталуы керек.
Білім беру процесінде педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі бірқатар авторлардың зерттеу жұмыстарымен расталады: Г.К. Селевко, В. И. Андреева, Б. Т. Лихачев , В. П. Беспалько, В. И. Боголюбова, М.В. Кларин, В. Ю. Питюкова, В.А. Сластенина, Я.А. Савельева, В.М.Монахов, Г. М. Құсайынов, Ф.Б. Бөрібекова, Ш.Таубаева, Қ.Құдайбергенова және т. б. бүгінгі таңда негізгі орта мектеп жағдайында маманның кәсіби дайындығында инновациялық технологияларды қолдану ерекшелігі мәселесінің жан-жақты теориялық дамуы ерекше өткір және маңыздылыққа ие.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі
Негізгі орта мектепте Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолдану білім беру сапасы мен оның деңгейін арттыратыны сөзсіз. Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың мақсаты мектеп қабырғасындағы оқушылардың заман талабына сәйкес бәсекеге қабілетті, білімді, интелектуалдық потенциалы жоғары, шығармашылық ойлауы қалыптасқан және теорияда алған білімдерін практикада еркін қолдана білетін азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру да қазіргі таңдағы негізгі мәселелердің бірі екені даусыз. Аталған мәселені шешудің таптырмас тәсілі ретінде оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануды атап көрсетсек болады. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытушыныңфизика пәнінің Жылу құбылыстары бөлімін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін, ерекшеліктерін айқындауы, Жылу құбылыстары бөлімін оқыту процесінде инновациялық технологияларды оқытушының тиімді кұрал ретінде оқу бағдарламасына сәйкес оқыту процесінде қолдана алуы оқушылардың жоғары білім алуы мен заман талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Жалпы орта мектепте инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату - бүгінгі күннің басты талабы.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты
Негізгі мектепте физикадан Жылу құбылыстары тарауын оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктерін айқындау
Зерттеудің нысаны
Орта мектепте физиканы оқыту үдерісі
Зерттеудің пәні
Физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Зерттеудің ғылыми болжамы
Орта мектепте физиканы оқыту барысында заманауи әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыруға ықпал етеді деген болжаммен жүргізілді. Осы әдістердің негізінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып қана қоймай, сабаққа деген белсенділігі де артады деп есептеймін
Диссертациялық жұмыстың зерттеу міндеттері
1. Ғылыми-әдістемелік еңбектерге және физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайына талдау жасау
2. Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды және қолданудың ерекшеліктерін айқындау;
3. 8-сыныпта Жылу құбылыстары тарауын оқытудың әдістемесін жасау
4. Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолдану әдістемесін педагогикалық экспериментте тексеру
Диссертациялық жұмыстың қолданбалық маңыздылығы
Келешекте негізгі мектепте физика пәнінің мұғалімдері Жылу құбылыстары тарауын оқыту процесінде жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқыту үдерісінде арнайы инновациялық технологияларды қолдана алады
Диссертациялық жұмыстың теориялық маңыздылығы
Қазіргі таңда барлық білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндет-білімі терең, ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттардың негізінде жұмыс жасай алатын жан-жақты құзіретті тұлға қалыптастыру болып табылады. Ал, жаңартылған білім беру бағдарламасының басты мақсаты-жаңа құрылымдар, яғни пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер, инновациялық технологияларды пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқыту процесінде қолдана алулығы. Осы айтылған мәселелер оқытылатын пән арқылы іске асып, қажетті құралдардың жаңа форматта жазылуын талап етеді.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу әдістемесі
мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды зерделеу, ғылыми-тәжірибелік, әдістемелік әдебиеттерге жүйелілік, құрылымдық тұрғыдан талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, жобаның тиімділігін тексеру мақсатында сынақтан өткізу, оның нәтижелерін білім элементтерін есепке алу әдісі арқылы өңдеу
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Оқытудың қазіргі жаңашылдық сипаты жағдайында физиканың Жылу құбылыстары тарауын меңгертудің тиімді жолдарына арналған инновациялық технологиялардың оқыту процесіндегі пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі
Диссертацияның құрылымы
Кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты - алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің əлемдік озық үлгісін, өнегесін, тəжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: ...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр, - деген сөзі еріксіз еске түседі [1]. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел - бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы - жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады
Мектептің оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқытуды даралау мен саралаудың дидактикалық принциптерін жүзеге асырудың мүлдем жаңа мүмкіндіктерін жасайды, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамуына, олардың шығармашылық белсенділігіне, санасына оң әсер етеді, оқудан өзін-өзі тәрбиелеуге көшу жағдайларын жүзеге асырады.
Бүгінде білім беру саласында технология сөзіне әртүрлі анықтамалар мен түсіндірмелер бар. Солардың кейбіріне мысалдар келтірейік:
1. Технология - еңбекте, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы. (Глоссарий)
2. Педагогикалық технология - мұғалімнің біліктілігіне қарамастан педагогикалық табысқа кепілдік бере алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру процесінің жобасы.(Беспалько В.П.) [2].
3. Педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке, аспаптық және әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы мен қызмет ету тәртібін білдіреді (М.В.Кларин) [3].
4. Педагогикалық технология - оқытудың бірегей (инновациялық) тәсілі. Бұл педагогикадағы әлеуметтік инженерлік ойлаудың көрінісі, педагогика саласына ауысқан технократиялық ғылыми сананың бейнесі, оқу-тәрбие процесін белгілі бір стандарттау (Б.Л.Фарберман) [4].
5. Педагогикалық технология - бұл оқушылар мен оқытушылар үшін қолайлы жағдайларды сөзсіз қамтамасыз ете отырып, оқу-тәрбие процесін жобалау, ұйымдастыру және жүргізу үшін барлық егжей-тегжейлі ойластырылған бірлескен педагогикалық қызметтің үлгісі (В.М. Монахов) [5].
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдау негізінде қазіргі педагогикалық технологияның мәні оқытуды жоғары тиімді ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін нақты белгілеу, оқу нәтижелерін алдын ала белгілеу, оқу пәндерін толық меңгеруге қол жеткізу деген қорытындыға келуге болады.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: инновация ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея[6].
Америка ғалымдары Биль мен Болен педагогикалық инновацияны құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс-деп түсінеді екен. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік қатынаста қарастырады, егер бұл өзгеріс бүкіл білім беру жүйесіне жайылса, оны инновация деуге болады. Бірақ, кез-келген өзгерісті инновация деп тағы айта алмаймыз. Инновация болу үшін алдын-ала қойылған мақсаттардың оңды нәтижесін, жемісін көру қажет.
Кейіннен инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.
90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И., Лазареваның еңбектерінде инновация ұғымы пайда болады. Олар инновация ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолданужәне тарату іс-әректі деп сипаттайды[7]. М.М.Поташник, А.С.Лоренсов жаңалық дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, инновацияны осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды[8,31б.; 9,14б.].
Ал біздің мемлекетімізде инновация ұғымын пайдалану соңғы жиырма жылдыққа жатады. Ең алғаш инновация ұғымын қазақ тілінде қолданған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі [10].
Инновацияның негізін қалаушы ұғымдардың - инновация, нововедение, новшество, новое, т.б қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны-нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: инновация-жаңарту, нововедение- енген жаңалық, новое-жаңа, новшество-жаңалық инновационный процесс- жаңарту үдерісі[11].
Инновация ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ал, мен бұл жұмыста Ш.Таубаева және Т., Иманбаева С.Т. берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдім, яғни инновация-бұл нпедагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер[12].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаратылыстану пәндерінің, оның ішінде физика пәнінің мектепте оқытылуы жағдайына көңіл аудару - тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды. Елімізде 300-дей мамандық түрлері бар десек, соның 80%-дан астамы түрлі сала инженерлі, ауыл шаруашылық мамандары. Ендеше
мектеп қабырғасынан бұл пәндерді терең меңгермеген адамнан келешекте нашар маман шығатыны еш күмән туғызбайды. Кеңес заманынан бері бұл пәнге берілетін сағат қысқартыла берді. Осының салдарынан физика пәнін оқытуда есептер шығаруға, лабораториялық жұмыс жасауға уақыт аз бөлінеді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады деген сұрақ туындайды.
Бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы физиканы оқыту әдісінің тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз етуде физиканы оқытуда, оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану болып табылады.
Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен физикалық ұғымды қалыптастырудың, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен М.Жанпеисованың Модулдік оқыту технологиясының маңызы ерекше екендігін сабақта қолданғаннан байқауға болады.
Жаңа технология әдістері әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне өз бетімен жұмыс істеп қорытынды жасай алуына, адамгершілік қасиеттеріне қалыптастыру, жүйелі білім алуға жетектейді.
Оқу модулі дегеніміз - ғалымдардың айтуынша оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқутаным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.
Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруде тексеретін әр түрлі бақылаулар болады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеру, ағымдағы және аралық тексеру т.б. Осылар арқылы білім толықтырылады, модульді игеру деңгейі анықталады, қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады. Модульге оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.
Физика пәнінің оқытуды модульдік оқытудың ерекшелігі - оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады. Кітаппен жұмыс істейді, негізгі ойды ажырата біледі. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі оқытудың белсенді ой формаларын кеңінен қолдануға оқушылардың оқу материалын бірнеше мәрте қайталап, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады.
Оқыту әдістемесінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір жағдайларда қандай-да бір оқу - тәрбие міндеттерін шешкенде оңды нәтижелерге алып келеді. Бірде біз әдісті әмбебап, кез келген міндеттерді шешуге жарамды деп есептеуге болмайды. Оқыту әдістерінің алуан түрлілігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың қажетті шарты.
Практикада, әдістемелердің бірде-бірін басқаларынан бөліп алып қолданбайды, қайта олармен үйлестіріп қолданылуда. Мысалы, оқытудың сөздік әдістерін тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен, практикалық әдістерді сөздік әдістермен үйлестіре қолданады.
Әдістемелерді сабақтың алдына қойылған міндеттерді анағұрлым тиімді шешуге қол жеткізетіндей етіп дұрыс ұштастырудың да маңызы зор. Мысалы, 7-8 сыныптарда физикалық заңды оқып үйренгенде - мұғалімнің түсіндірулерін приборларды көрсетумен және схемаларды пайдаланумен, ал күрделі емес приборлардың құрылысын оқып үйрену кезінде (мысалы, балқымалы сақтандырғышты, қыздыру электр лампаларын) оқулықпен және үлестірме материалмен істелетін жұмыстармен ұштастырылып жүр.
Оқыту әдістерін таңдаған кезде сабақтың мақсаты мен міндеттерін, оқу материалының мазмұнын оқып оқулықта баяндалу сипаты, оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып құрамының өзгешеліктерін, физика ғылымының әдістерін, физика қабілетінде жабдықтың болуын ескеру керек.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген мектеп физикасын оқытудағы сөздік әдістерді қарастырайық.
Әңгімелесу - мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәрбиелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту әдістемесі.
Материалдарды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушыларды орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл - ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар жасайды.
7 - 8 сыныптарда физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі - жаңа материалдарды оқып үйренудің және оқушылар білімінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:
физикалық заңдарды демострациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастыра оқып үйренген кезде.
физикалық құбылыстардың мәнін ашып - айқындау кезінде.
физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді демонстрациялау мен көрнекі құралдарды көрсетумен ұшастыра).
жаңа материалды оқып үйрену процесіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде.
алға қойылған проблемаларды шешу кезінде.
сол сабақта оқып үйренілген материалдың меңгерілу сапасын тексеру кезінде.
Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу әдісі негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларжда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндіктер тудырады.
Әңгімелесу - бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектелей, баяндап беруі, оның қолдану мақсаты мынадай:
оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнер тапқыштардың өмірбаянымен таныстыру.
ғылыми техниканың жетістіктерімен және даму перспективалармен таныстыру.
оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың, приборлармен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылумен таныстыру.
табиғат пен техникалық қондырғыларды бақыланатын құбылыстарды сипаттау.
Жоғарыда санап өтілген жағдайлардың алғашқы екеуінде әңгімелесу - материалды ауызша баяндауын мүмкін болатын бірден-бір тәсілі. Бұл арада әңгімелесі әдісін қолдвануға болмайды, өйткені оқушыларда әңгімені өрістетуге негіз боларлық білім қоры жоқ. Бұл жағдайда әңгімелесу әдісі оқушыларға оқып үйренілетін мәселе жөнінде тұтас түсініп беруге және оған ғылыми - көпшілік әдебиеттен қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Одан кейінгі екі жағдайда әңгімелеу көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылады. әңгімелесу процесінің басында мұғалім оқушылардың сол мәселе бойынша не білетінің анықтайды. Одан кейін, оқушылардың бар білімдерін жүйеге келтіріп, мұғалім оларды өз әңгімесімен толықтырады әрі тереңдетеді. әнгімелеу әдісімен тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциялы болу керек.
Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырылған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі.
Түсіндіру - бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.
Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланылады. Оқушылардың оқып үйренілетін мәселе жөніндегі мұғалімнің әңгімелесу әдісімен материалды баяндауына негіз боларлық жеткілікті білімдері мен байқап - бағдарлағандары жоқ жағдайда бұл әдістің орны бөлек.
Физиканы оқытуда түсіндіру әдісі төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:
физикалық приборлар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерімен олқып үйренген кезде.
физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде.
денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық - молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіргенде.
физикалық заңдардың мәнін оқып үйренумен олардың арсындағы байланысты ашқанда.
Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.
Түсіндіру процесінде мұғалімнің логика заңдарын сақтауы, әрбір жаңа мәселені айқын етіп қоюы, дәлелдерді қатаң логикалық, дәйектілікпен баяндауы ерекше зор маңызға ие болады.
Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады; мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, өзінше түсініп беруді ұсынады. Ол, оқушылардың зейінін аудару, ойлау барысын түсіндіретін нәрсені қалай ұғатынына тексеру үшін, оларға сұрақ қояды.
Лекция - әңгімелесу және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция әдісін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғарғы дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді. 7 - 8 сынып оқушыларының зейіні әлі жеткілікті түрде тұрақты емес, абстрактілі ойлауы нашар дамыған, жазу жұмыстарын орындау дағдылары жоқ. Алайда оқушыларды лекция тыңдауға қажетті шеберліктер мен дағдыларды бірітіндеп, 7 сыныптан бастап қалыптастыру керек, мұғалімнің материалды түсіндіру барысында жазып отыру жұмысын орындау шеберлігін жоспарлы және жүйелі түрде қалыптастырып отыру қажет. [2]
9 - 11 сыныптардағы физика пәнінде тараулары, тақырыптарды біріктіріп модульге енгізуге болады. Бұл мұғалім шеберлігіне байланысты. Кіріспе бөлігінде тірек сызбалары жасалып сол белгілік үлгілерге сүйене отырып, түсіндіру тиімді және осы кіріспе бөлімінде оқушылар бағдарламаның тарауын не тақырыбын неге және не үшін оқып - үйренулері керектігін, өздері нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екендігін түсінеді. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқыта үйрету ойындары пайдаланылады. Оқушылар ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Сөйлесу бөлімінде қай ойынды қай кезеңде пайдалануға көңіл бөлу керек. Соңғы сабақтарға қателіктерді түзету, қорытынды бақылау, пікірталас сабақтарын өткізуге болады.
Оқыту процесінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дәстүрлі сабақтан кету білім беру ортасының біркелкілігін және оқу процесінің монотондылығын жоюға мүмкіндік береді, оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін өзгертуге жағдай жасайды, денсаулықты сақтау принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пән мазмұнына, сабақтың мақсатына, оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне, оқушылардың жас санатына байланысты технологияны таңдау ұсынылады.
Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ, мұғалімдер оны тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын тандаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың (технологиялардың) кейбіреуіне талдау жасап көрелік. Критерийлері мыналар:
елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар - мемлекеттік сұраныс; - қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелілігі және тиімділігі, т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне төмендегілер жатады:
- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі таңда еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде ең жиі қолданылып жаңа педагогикалық технологияларға: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологияларын жатқызуға болады.
Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.Бүгінгі күнде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысымның барысында қазіргі кездегі еліміздегі педагогикалық процесте қолданылатын оқыту технологияларын төмендегідей етіп жіктедім. 1-кестеде қазіргі кездегі оқыту технологияларының классификациясы көрсетілді.
Кесте 1 Қазіргі кездегі оқыту технологияларының классификациясы
Педагогикалық технология аттары, автор
Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогикасы
талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту;
балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы.
(Амонашвили Ш. А.)
баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
дидактикалық;
тəрбиелік;
дамытушылық;
əлеуметтендірушілік.
Проблемалық оқыту технологиясы
білім, білік, дағдыға ие қылу;
өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру;
танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамы- ту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов)
білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы
(Лысенкова С. Н.)
білім, білік, дағдыны меңгерту;
мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
барлық баланы табысты оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Бағдарламалап оқыту
технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
- ғылыми негізде түзілген
бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту;
жеке басты ақпараттық
қоғамға даярлау.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев)
- математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол
жеткізу.
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин)
- пəндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым
жетілген жүйесін жасау.
Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори).
барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту;
балалардың математикаға де- ген қызығушылығын туғызу.
балалардың бойында дарын- дыларды тəрбиелеу;
жан-жақты дамыту;
дербестікке тəрбиелеу;
бала санасындағы нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков, В. В. Давыдов)
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып,
жалпы дамыту.
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі
Д. В. Эльконин -
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
жеке адамның жоғары дəрежеде дамуы;
жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау;
теориялық ой мен сана қалыптастыру;
балаларда білім, білік, дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, ой-əрекетінің əдістерін де қалыптастыру;
балалардың оқу əрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу.
В. М. Манахов технологиясы
оқытудың тұтас технология- сын жобалау;
алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдеріс туғызу;
мұғалімге нəтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау жəне құру.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К. Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады[18].
1.2 Жылу құбылыстары тарауын оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың маңызы
Физика курсында Жылу құбылыстары тарауын оқыту үлкен рөл атқарады, өйткені ол іргелі теориялардың бірі - молекулалық кинетикалық теорияны (кинетикалық молекулалық теорияны) зерттеуге көмектеседі. Оның зерттеулері 7-ші сыныптан басталады, 8-ші және 10-шы сыныптарда жалғасады, біртіндеп күрделі процестер мен құбылыстарды қарастырып, түсіндіреді, пәнаралық байланыстарға мүмкіндік береді. Ескірген терминологияға байланысты да белгілі бір методикалық қиыншылықтар туады. Негізгі терминдер -- жылу, жылу мөлшері, жылу сыйымдылығы, жылу берілуі, жылу алмасу деп ерекше материалық ортаны түсініп келген кезде, жылутегі түсінігі болған кезеңде пайда болған. Жылудың табиғатына осы кездегі көзқарас бойынша мұндай терминология оқушылардың осы терминдер мен ұғымдардың физикалық мәнісін дұрыс түсінуін қиындатады. Оқушыларда көптеген күрделі де абстрактілі ұғымдарды қалыптастырумен, есеп шығарумен байланысты, тақырыптарды оқып үйренудегі қиыншылықтарды жеңу үшін, заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды кең түрде пaйдалaну, оқытудағы проблеманы шешу дағдыларын жетілдіретіні анықталды. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек деген.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу - оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.
1-кестеде көрсетілген инновациялық технологиялардың ішінен Жфлу құбылыстары тарауын оқытуда қолдануға болатын: ойын арқылы оқыту, сыни тұрғысынан ойлау, деңгейлеп саралап оқыту және компьютерлік оқыту технологияларына талдау жасап, маңызын жіктеп көрейік:
1. Ойын арқылы оқыту технологиясы
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ертеде гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ойды ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты-деп В. А. Сухомлинский өз еңбегінде айтып кеткен.
Ойын дегеніміз- түрткілердің бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттердің жиынтығы. Мәселен, С.Л.Рубинштейннің айтуынша, ойын-іс-әрекеттің туындысы, ол арқылы адам дүниені өзгертеді. Ойын - ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс.
Педагогикалық ойындардың жай ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады, - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойын технологиясы:
-Ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді дамытады, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сезімді шыңдайды;
-Ерік пен мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;
-Пәнге қызығушылықтары артады;
-Ойлау қабілеттерін дамытады;
-Топпен жұмыс жасауға бейімделеді.
-Ұлттық ойын салт-дәстүрді білуге тәрбиелейді;
Дұрыс нәтижеге жету үшін ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
-Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою, қауіпсіздік техникасын сақтау;
-Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру;
-Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
-Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу;
-Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу;
-Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану;
-Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу;
-Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойын арқылы оқушы меңгереді:
- Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін;
-Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге;
-Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білу;
-Оқушылар үшін психологиялық жағымды;
-Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
-Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы - сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын. Әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Ойынның түрлері:
-Іскерлік ойындар
-Ұлттық ойындар
-Дидактикалық ойындар
Іскерлік ойындар: рөлдік, операциялық, ұжымдық-іскерлік ойындар.
Негізгі ерекшеліктері:
1.Шешімін күтетін мәселелердің болуы;
2.Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу;
3.Ортақ мақсаттарының болуы;
4.Шешімдердің көп нұсқалығы;
5.Ойын соңында талдау жасау;
6.Қатысушылардың жоғары эмоциялық күйі.
Ұлттық ойындар
Аға ұрпақ өз білгенін, өз кө кейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Солардың бірі-ұлт ойындары. Ойын баланың көңілін көтеріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады.
Ұлт ойындары-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі.
Мысалы: соқыр теке, ақсерек-көксерек, орамал тастамақ, арқан тарту, алтын қақпа, ақ сүйек, т.б.
Арқан тарту ойынын мысалға алсақ екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан балалар тартысады. Қай топ арқанды сұрақтарға дұрыс жауап беріп өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындардың мақсаты-баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz