Публицистика жанрлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ф. 7. 05-07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті факультеті (ЖМ)

Журналистика және қазақ тілі кафедрасы

Студенттің практика бойынша
есебі
6B03220 Журналистика мамандығы бойынша
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқу практикасы
(практика түрі)

Жеке тапсырма тақырыбы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көсeмсөз органикасындағы әлeумeттік мәсeлeлeр тоғысы

Орындаған студент
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Парухова А.Н. ФИ-23-11к1
(Т.А.Ж, тобы)

Университеттегі практика жетекшісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Танабаева Г.У.
(Т.А.Ж., қолы)

Норма бақылаушы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

(Т.А.Ж., қолы)

Кәсіпорындағы практика жетекшісі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

(Т.А.Ж., қолы)

М.О.
Шымкент 2024ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
1 КӨСЕМСӨЗ ЖӘНЕ КӨСЕМСӨЗ ОРГАНИКАСЫНА ТҮСІНІКТЕМЕ
0.1 Қазақ көсемсөзіне ғылыми-тарихи шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0.2 Публицистика жанрлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Шешенсөз бен көсемсөз, замансөз салаларының сабақтастығы ... ... ... ...
0.4 Қазақ көсемсөзі іргетасының негізін қалаушылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1 ПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР
0.1 Көсемсөз қоғам айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Публицистикадағы социология ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.3 Коммуникация құралдарындағы толғаныс, заман бейнесі ... ... ... ... ... ... ... .
0.4 Тәуелсіз Қазақстан публицистикасының болашаққа салымы ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. Жұмыстың мақсаты - қазақ көсемсөзінің ұлттық журналистиканың кемелдендіру жолындағы эволюциялық процесстер арқасында әлеуметтік деңгейді қалпына келтіру әрекеттер техникаларын таныту.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылатын міндеттер:
oo Қазақ көсемсөзінің органикасын(табиғи өсу барысын) сырттай бақылау;
oo Қоғамдық конструктивті сананы қалыптастырудағы замансөз белсенділігін түсіндіру;
oo Қоғам саяси пікірін шешенсөз бен көсемсөзді дұрыс қолдану арқылы бағыт - бағдар беріп үйрету;
oo Ұлттық замансөз кеңістігін кеңейтуші тернминдерді көрсетіп, анықтамалын дайын еңбектермен дәлелдеу;
oo Публистиканың қазақыланған салаларының арасындағы айырмашылыққа үңілу.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Қазақстанның бұрынғы кеңестік жүйеден бөлініп шыққан соң, әміршіл-әкімшіл жүйе етегін енді босатып, ел басқару формасы демократия болатынын хабарлау жас мемлект үшін бұл жолдағы ең оңай процесс-ті. Ғалам елдері практикасында сан ғасырлар бұрын басып өткен жолды алпауыттармен бәсекелесе жүру перспективасы бұл шешімде қалу үшін қажымас қайратты қажет ететінін көрсетеді. Сол кездегі тек қарар күйдегі құбылыстың бүгінгі шындыққа айналуы үшін цензураны, пропаганданы жою шешімі маңызды болды. Осылай, сөз еркіндігі шекарасы кеңейді. Журналистика үшін жаңа тарау басталып, негізгі мақсат үгіт-насихат болуды қойды.
Қазақстанның ішкі әлеуметтік жағдайын реттеу демографиялық билік арқасында бірнеше есеге жеңілденді. Сөз бостандығы БАҚ-тың халыққа жақындауына, айтылмаған проблемалардың айтылуына, халықтың өні жарқын болуға себепкер болды. Осы пунктарды ескере журналистикадағы
көсемсөздің қоғамның көкей тесті мәселелері алдындағы ролін еш кемсітусіз жеткізу бұл жұмысты өзекті етеді.
Тұғырлы тәуелсіздігіміз өзімен қызығын да шыжығын да ала келді. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай "Тәуелсіздікті алудан да. сақтау қиын".Еліміздің басынан өткерген немесе өткеріп жатқан проблемалар қаншама. Билік институттары қалыптасып, халықтың мұң мұқтажын қарап, қолдау көрсетуге қанша әрекет еткенімен толық жамау мүмкін емес. Бұл тәуелсіз әр мемлекеттің бірінші санатты мәселесі.
Журналистика-қоғам институттары талабымен дүнеге келді. Ол- халық үні, билік құлағы. Журналистика адамзат өміріндегі даму жолын ақпарат күйден бастады. Ол өз органикасының шарықтау шегіне жетпеді, даму процесі жүріп жатқан шақта жетпейді де.
Журналистика тек саяси саланы қамти алмады. Себебі, уақыт журналистиканы кез-келген ақпаратпен, ақпарат ошағымен ортақ етті. Бұл журналистиканың сан салада жұмыс істейтіндігінде де байқалады. Мәселен, спорт журналистикасы, арт-журналистика, әскери, саяси журналистика, PR және т.б.. Бұны профессияның бастапқы мақсаты ұмытылды деп емес жаңа белестерден көрінді деп санау дұрыс.
Саяси журналистика - демократияшыл. Табиғаты езгі мен қысымға, ыңғайлылық пен икемділікке, қолайлылыққа қарсы. Саяси тілшінің жоғарыда айтып кеткен факторларға тап болуы ақпараттың басқа формалары: насихатқа, көзбояушылыққа ұласады. Бұл БАҚ-тың болашағы үшін жақсы жен емес. Түбі публицистика өзінің бірегейлігінен айырылуына әкеп соғады. Журналисттің принциптері мен өз қадір-қасиетін жоғары бағалауы бұқара мен тілші арасындағы сенімді қалыптастырады
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ДЕРЕККӨЗДЕРІ. Замансөз түсінігін қалыптастырушы қазақ ғалымдарының еңбектері, тәуелсіз көсемсөзгерлердің шығармашылығы

1 КӨСЕМСӨЗ ЖӘНЕ КӨСЕМСӨЗ ОРГАНИКАСЫНА ТҮСІНІКТЕМЕ
4.1 Қазақ көсемсөзіне ғылыми-тарихи шолу
Публицистиканың (көсемсөз) пайда болуы алғашқы адамдардың бір - бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Адамат эволюциясындағы коммуникация құралы - тілдің пайда болуы, публицистиканың жаратылу деңгейінің алғашқы сатысы еді. Шешендік өнердін пайда болуы - көсемсөзге негіз болған екінші бір құбылыс болып саналады. Эволюцияның кезекті жетістігі - жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистика үшін шешуші қадам еді. Қоғамның көкейтесті мәселелерін қозғайтын публицистика - бірнеше ғасылық адамзат ақыл - ойының жемісі.
Публицистика - жазба әдебиеттің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы. Бұл саланы зерттеуші отандық және әлем ғалымдарының теориялары бір нүктеде қиылысып, ортақ шешімге тоқтай алмай келеді.
Публицистика сөзінің мағынасы латынның публикус сөзінен тараған Ол қазақша қауым, жиналған жұрт, алқа топ, қоғам деп аударылады. Ал публицистика терминінің мағынасы сол жиналған жұртқа, алқа топқа, қауымға, қоғамға қажетті ақпаратты жеткізу ораторлық қызметі. Оны әлем халықтары өз лексикасына бастапқы латын тіліндегі күйінен аударып енгізген. Өз тілдерінің ғылыми айналымына тілдің лингвистакылық ерекшеліктерін ескере енгізеді. Мысалы, қытайларда шышыжынлун (уақыт+әрекет+саясат+әлеумет+сөз) дейді; жапондар рондан (кокай хоодо), моңғолдар өгүүлэл деп қолданады.. Тікелей аудара салуға болмайды. Тілдің нормаларын, ұлттық құндылықтарды ескере отырып балама атау беріледі. Біз де публицистика терминінің тұрпатындағы ерекшеліктерді емес, ішкі мазмұнындағы мағынаға мән береміз.Бөл терминге сан-қилы тарапынан назар аударған бірнеше ғалымдаранықтама берген. Мысалы, В. Даль: Публицист - көбінесе халық құқығы туралы, қазіргі уақыттың жалпыға ортақ мәселелері жөнінде жазатын газет, журнал жазушысы дейді[1]. Яғни, Даль түсінігінше публицист - қазіргі күннің жалпыға ортақ мәселелерін жазу арқылы қозғайтын қаламгер. В.Дальдың пікірі орыс білімгерлері анықтамасынан ақпаратты жеткізу формасына қатысты ерекшеленеді. Мысалы, В.Ученова: Ауызша публицистика басқа сөздермен, ауқымды аудиторияның көзбе - көз, тікелей қабылдауына бағытталған өзекті саяси ой алдын - ала дайындалған шешендікті ғана емес фольклорлық шығармаларды импровизациялау шеберлігін де қамтиды,-дейді[1, 2].Ғалымның ауыша публистика терминін тырнақшаға алуы, термин іс жүзінде қолданысқа толық енбегендігін, алайда, саяси өзекті пікірдің терминологияда осы формада кездесетінін көрсетуде. Бұдан байқағанымыз, саяси пікір қалың бұқараға жүзбе-жүз айтылған, әрі әр сөз тыңғылықты ойластырылу арқылы жасалған ғана емес, табан астында суырып салу арқылы дүниеге келетін фольклорлық шығармалар арқылы да жанданып отырған.Аталмыш ғалым тағы бірде: публицистика баспасөз, радио, телевидение арқылы халықтың пікірі мен ойын еркін білдіреді, - дейді. Ұлттық, шешенсөздің түрлері де радио немесе телевидениені, тіпті баспасөзді қажетсінбей-ақ алқаманмен бетпе-бет тұрып та қоғамдық пікір қозғау арқылы халықтың санасын оята алатынын ұмытпаған жөн.
Қазақ тілі жаһандық терминді түп нұсқасында пайдаланбады. Көсемсөз деген терминді қазаққа ағартушы ғалым, Алаш ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы алып келді. Яғни қайраткер тұлға әлемде, журналистикада та - нымал публицистика терминін осылай қазақыландырды. Мәселен, жанр тура - лы анықтамалықта да Көсемсөз - публицистика (лат. publіcus - қоғамдық) - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қоз - ғайтын саласы деп көрсетілген. Көсемсөз белгілі бір күннің, сол дәуірдің бет - бейнесін, саясатын, философиялық көзқарасын жан - жақты ашып береді.
Көсемсөздің қазақ журналистикасының айырылмас бөлшегі болуға себепкерлер ретінде барлық Алаш арыстарын көрсетеміз. Алғаш пайда болған әрбір газет - журнал, сол кездің басты мәселесі - ұлт надандығы төңірегінде пайда болған жалынды шығармалар ұлттық көсемсөздің тұңғыш қадамдары еді. Алаштықтардың көтерген мәселелерінің шекарасы тек осымен шектеліп қалмады. Мемлекеттік баскару формасы, автономия құру, жер, халык милициясы., жергілікті баскару, оқу, сот, дін , әйел құқығы, бүкілресейлік құрылтай сайлауына дайындық, Ресей мұсылмандарының кеңесі (шураислам), Қазақ саяси партиясын құру, Жетісу облысындағы окиғалар, Киев сапарында болған Ресей Федералисттерінің съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтардан өкіл жіберу мәселелері 19 ғасырдағы саяси пікірдің ашық жеткізуінің, сәйкесінше көсемсөздің пайда болуың алғышарттары болды.
Алаш арыстары көсемсөзді көркем әдебиетпен ұштастырған. Көркем әдебиет пен публицистика арасындағы байланыс, екеуінің ерешелігі, әдебиеттануға да, публицистикаға да көркемдік әдіс тән екендігі бізге дейін көп айтылғандығы мәлім[3]

4.2 Публицистика жанрлары
Публицистика өз алдына жек пән. Сондықтан, оның өз мазмұны, формасымен әдісі және функциясы бар. Публицистика жанрларының ішкі сырлары мен сипаттарын тереңірек түсінуі үшін біз публицист шығармашылығының индивидуалды қырларына назар аударамыз.
Публицистика жанрларының ерекшеліктері, ең алдымен,маман лабораториясымен, оның өз қырларымен байланысты. Публицист өз жұмысын бүкіл жұрт алдында жария жүргізеді, қалың бұқарамен ақылдасып отырады. Ол белгілі бір мәселе жөнінде ой қорытып, пікір айту үшін көп ізденіп, талай бұралаң жолдардан өтеді, бұл жолда оның күмәндануы немесе қателесуі ықтимал, сөйтіп, ол талай сезім толқынына түседі. Демек, публицистің лабораториясы ғалым сияқты жабық бөлмеде емес, жұртпен қоян-қолтық араласу арқылы ашық жұргізіледі. Осы лабораториялық жұмысы үстінде публицист шындық құбылыстың қоғамдық-саяси мәнін байқайды.
Көсемсөзшінің еңбегін қарапайым көркем - әдеби шығарма жазушысымен салыстыра жанрлық ерекшеліктерді байқауға болады. Публицистикалық шығармаларда фактілер, деректер сол қалпында пайдаланылса, көркем әдеби шығармаларда бұл жайлар шартты түрде пайдаланылады. Публицистикаға нақтылық тән болса, көркем әдебиетке шарттылық тән келеді.
Публицистикалық шығармалардың барлығы бірдей сюжетке құрыла бермейді және ондағы портреттер ойдан шығарылмайды. Көркем әдеби шығармалар міндетті түрде сюжетке құрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканың көркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон авторлары өздерінің кейіпкерлерімен міндетті түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-құлықтары туралы біраз мағлұмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыққа негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақты шындығына сүйеніліп жазылады.
Қорыта келгенде, журналист лабораториясының, оның еңбегінің ерекшелігі бүгінгі күннің міндеттерін белгілі бір мақсатпен орындай білуінде және күн тәртібіне қойылып отырылған әлеуметтік істер мен оқиғалардан іле-шала, сол минутында әсер ала отырып, нақты саяси программаны іске асыруға әсерлі үгіт жүргізу.
Публистикалық шығарма белгілі жанрлық жүйеге тәуелді. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жолығады, жаңадан пайда болады[4]. Публицистика әр түрлі жағдайда әр түрлі мәселе көтеріп, әр түрлі міндеттер шешіп отырады. Бір жағдайда, нақты бір фактіні хабарласа, екінші бір жағдайда, үздік тәжірибе туралы баяндайды, үшінші бір жағдайда теориялық жайларды түсіндіріп, оның өмірлік мәнін ашып беру керек немесе нақты бір адам туралы жазуға да тура келеді. Міне, осыған байланысты өздерінің тұрақты бір белгілері бар материалдар тобы пайда болады. Осы материалдар тобының белгілері мен сипаттарының тұрақты және ұқсас болуы нақты жанрларды туғызады. Осыған байланысты қойылып отырған мақсат пен міндетке қарай, факті мен құбылыстың аумағына қарай журналист те шығарма жазу үстінде әр түрлі жанрларды пайдаланатын болды.
Жанрлар өте құбылмалы. Оларды бір - бірінен айырғаннан ұқсастырып қараған абзал. Себебі олар өздерін толықтырып отырады. Сұхбат, есеп, репортаж барған сайын проблемалық дәрежеге көтеріле түсуде. Өмірдің негізгі күрделі мәселелеріне назар аударуды көздейді. Публицистиканың негізгі жанрлары - мақала мен корреспонденция әлеуметтік жағдайларға тереңірек, жан-жақты үңіле түсіп, өмір құбылыстарын нақты зерттей отырып, салыстыру мен байыптау әдістерін шебер қолданады. Тәуелсіздік жылдарындағы жаңашылдық рисала жанрымен өзгешеленеді.
Бұқараның ынтызарлығы публицистиканың хабар жанрларын оперативті, ауқымды да өткір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет жанрлары
Талдамалы публицистикалық жанр
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Публицистика жайында
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Көркем деректі жанр түрлері
Пәндер