Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Тойлибеков Жандус Кансейтугли

Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі » КММ тұқымбағының ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуі және даму жағдайы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

В079 - «Орман шаруашылығы»

6В08302 - «Ландшафты дизайн және көгалдандыру» мамандығы

Астана 2024

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Орман ресурстары және

орман шаруашылығы»

кафедрасының меңгерушісі

Абжанов Т. С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі » КММ тұқымбағының ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуі және даму жағдайы

В079 - Орман шаруашылығы

6В08302 - «Ландшафты дизайн және көгалдандыру» мамандығы»

Орындаған Тойлибеков Ж. К.

Диплом жетекшісі

а. ш. ғ. к аға оқытушы Боранбай. Ж. Т

Астана 2024


«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ

«Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультеті

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы

6В08302 - «Ландшафты дизайн және көгалдандыру» мамандығы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі_

АбжановТ. С.

(күні, айы, жылы)

Дипломдық (жұмысты) орындау бойынша

Тапсырма

Студент Тойлибеков Жандус Кансейтугли

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» КММ ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуі және даму жағдайы

01. 12. 2023 ж. № 1670-Б бұйрығымен бекітілген

Студенттің аяқталған жобаны тапсыру мерзімі - 13. 06. 2024 ж.

Жұмысқа бастапқы деректер: «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» өсетін ағаштарды зертеу жұмыстары және олардың жағдайын жақсарту жұмыстары тұралы мәліметтер жинадым.

Жұмыстың мазмұны: кіріспе, жұмыс жасалатын аумақтың табиғи-климаттық жағдайы, нысаны мен әдісі, көшетжайдағы агротехникалық шаралары, пайдаланылған препараттар тізімі экономикалық тиімділігі, биометриялық көрсеткіштері, қорытынды, қоршаған орта, еңбек қорғау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. М. А. Гендельман, Ж. Қ. Қырықбаев «Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері», Астана-2004ж

2. «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мекемесінің мұрағаты

3. "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

4. http://magistr. kz/referat/show/4661/81/3 Шардара реферат

5. http://ontustik-shardara. gov. kz

6. Қазақ энциклопедиясы, 6 том, 2005ж.

7. Родин Л. Е. Характеристика плантаций фисташки. «Фисташка в Бадхызе", Л., 1990

8. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. - 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

9. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Жұмыс бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жобаның бөлімдерін көрсете отырып)

Бөлім: Бөлім
Кеңес беруші: Кеңес беруші
Бақылау: Бақылау
Бөлім: мерзімі
Кеңес беруші: қолы
Бөлім: Кіріспе
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 01. 11. 2023
Бөлім: Әдебиетке шолу
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 23. 11. 2023
Бөлім: Табиғи-климаттық жағдайы
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 15. 11. 2024
Бөлім: Зерттеу нысаны және әдісі
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 22. 02. 2024
Бөлім: Зерттеу нәтижелерін талдау
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 12. 04. 2024
Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 03. 05. 2024
Бөлім: Еңбекті қорғау
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 17. 05. 2024
Бөлім: Қорытынды
Кеңес беруші: Боранбай. Ж. Т
Бақылау: 22. 05. 2024
Бөлім: Норма бақылау
Кеңес беруші: Есмурзаева А. К.
Бақылау: 31. 05. 2021

Тапсырманың берілген күні 01. 11. 2023

Жұмыс жетекшісі

а. ш. ғ. к, аға оқытушы Боранбай. Ж. Т

Тапсырманы студент орындауға қабылдады Тойлибеков. Ж:Қ

Мазмұны

Нормативті сілтемелер
2
:
Нормативті сілтемелер: Анықтамалар
2: 3
:
Нормативті сілтемелер: Белгілеулер мен қысқартулар
2: 4
:
Нормативті сілтемелер: Кіріспе
2: 5
: 1
Нормативті сілтемелер: Негізгі бөлім
2: 6
: 1. 1
Нормативті сілтемелер: Шардара қаласының орналасу орны және табиғи-тарихи жағдайы
2: 6
: 1. 2
Нормативті сілтемелер: Климаты
2: 7
: 1. 3
Нормативті сілтемелер: Жер бедері
2: 9
: 1. 4
Нормативті сілтемелер: Топырақ жағдайы
2: 10
: 1. 5
Нормативті сілтемелер: Су көздері
2: 11
: 1. 6
Нормативті сілтемелер: Фаунасы
2: 12
: 1. 7
Нормативті сілтемелер: Флорасы
2: 12
: 2
Нормативті сілтемелер: Жеке тапсырма «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі »КММ тұқымбағының ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуі және даму жағдайы
2: 14
: 2. 1
Нормативті сілтемелер: Орман қоры
2: 17
: 2. 2
Нормативті сілтемелер: Өртке қарсы іс-шаралар
2: 18
: 2. 3
Нормативті сілтемелер: Орман қорғау және күзету
2: 21
: 2. 4
Нормативті сілтемелер: «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» мекемесінде өсетін ағаштар
2: 21
: 2. 5
Нормативті сілтемелер: Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші.
2: 26
: 2. 6
Нормативті сілтемелер: Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орман қоры учаскесінің экологиялық өнімділігі және оны арттыру шаралары
2: 27
: 2. 7
Нормативті сілтемелер: Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің» орман тұқымбағының қазіргі таңдағы жағдайы.
2: 31
: 2. 8
Нормативті сілтемелер: «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің»орман тұқымбағын салуға кететін шығындар есебі
2: 37
:
Нормативті сілтемелер: Қоршаған ортаны қорғау
2: 40
:
Нормативті сілтемелер: Еңбекті қорғау
2: 44
:
Нормативті сілтемелер: Қорытынды
2: 47
:
Нормативті сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер
2: 48

Нормативті сілтемелер


Осы дипломдық жұмыста келесі нормативті құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

ҚР СТ 1158-2002 жоғары кәсіби білім. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы.

МЖМБС 3. 001-2000 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім. Негізгі ережелер.

ХС ИСО 9000: 2005 Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік.

ХС ИСО 9001: 2008 Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 22 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі.

ҚР СТ 1, 5-2013 Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәсімделуін және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ХС ИСО 9000: 2015 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік.

ХС ИСО 9001: 2005 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар.


Анықтамалар

Орман шаруашылығы- экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады .

Орман селекциясы - бұл өсімдіктер мен ормандардың тұрақтылығын, экологиялық ресурстық және рекреациялық маңыздылығын арттыру мақсатында табиғатта бар формаларды анықтау және практиканы қолдану және ағаш пен бұта өсімдіктерінің жаңа сорттарын өсіру теориясы мен әдістерімен айналысатын ғылым саласы ;

Орман питомнигі - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;

Орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

Тұқым - егуге арналған тұқымдық материал болып табылады;

Тұқымның өсу күші - тұқымның жедел көктеп, қалыпты күшті өскін берудегі қабілеті;

Тұқым өнгіштігі - тұқымның қалыпты түрде көктеп шығып, өскін беруге қабілеттілігі.

Белгілеулер мен қысқартулар

Га - гектар

Тг- теңге

% - пайыз

°С - ауа температурасы

км2 - шаршы километр

мкг/г - микрограм/грамм

min - минимум

max - максимум

мм - миллиметр

һ - биіктік

м - метр

дм - диаметр

см - сантиметр

Кіріспе

Орман біздің басты байлығымыз, және халық игілігінің негізгі көзі десек те болады. Орман - таза ауа, демалыс орыны, құнарлы топырақты сулы өзендері бар жаңға жайлы аймақ.

Орман қорларынан жер шарындағы адамзаттың керегіне қажетті барлық тұрмысқа қажетті заттар өндіріледі, егерде шамадан тыс өндіретін болсақ орман қорын азайтып алуымыз мүмкін. Орман бізге ауаны тазартып, көмірқышқыл газын фотосинтез арқылы сіңіріп, таза оттегі бөліп беріп отырады.

Сондықтанда орман қорының тиімділігін арттыру үшін «Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орман қоры учаскесінің экологиялық өнімлігі және оны арттыру шаралары» - негізіндегі тақырыпты таңдап алдым.

Өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты - теориялық оқу үрдісінде алған білімімді бекіту, тереңдету және жүйелеу. Осы мақсатта өндірістік іс-сана тәжірибесін «Шардара орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау» мемлекеттік мекемесінде өттім.

Осы тақырыбты талқылай келе орман учаскесіндегі экологиялық маңыздылығын сипаттап, орман негізгі байлық көзі екенін, оны сақтап, барынша тиімді қолдануымыз қажет. Сондықтанда экологиялық маңызын арттыру үшін көптеген көшеттер мен ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіліп, орман мекемесіндегі жыл сайынғы көрсеткіш өсіп келе жатыр, отырғызылып жатқан көшеттер саны артуда, бұл біз үшін өте тиімді.

І Негізгі бөлім

Шардара қаласының орналасу орны және табиғи-тарихи жағдайы

Шардара ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың км 2 (облыстың 11, 1%-ын құрайды) . Тұрғын саны 70, 0 мың адам (2003) . Орталығы - Шардара қаласы.

Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекендер, 1 қалалық және 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан Сырдария өзеннің сол жағалауында, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысында ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарын игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген, жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м 3 Шардара бөгені мен су электр станция құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойған. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды.

Шардара ауданының тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93, 9%-ын, орыстар 4%-ын, қалғаны өзбек, әзірбайжан, украин, т. б. ұлт өкілдері құрайды. Тұрғындарының 60, 7% ауылдық елді мекендерде қоныстанған. Орналасу тығыздығы

1 км 2 ге 5, 4 адамнан келеді.

Аудандағы ірі елді мекендер: Шардара қаласы (25, 5 мың адам), Көксу (6, 1), Шардара (4, 8), Қоссейіт (4, 5), Ұзыната (4, 3), Қазақстан (4, 3), Целинное (3, 5) ауылдары. Ауылдарда негізінен күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілді) . Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендердегі қарапайым халық, Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы. бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 67, 7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58, 8% немесе 30, 2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23, 9%-ын қаракөл қойы құрайды. Аудан шаруашылығының негізін «Талапты» ӨК, «Қызылқұмда ауылым» ӨК, «НИМЕКС» корпорациясының зауыты, «Мырзакент», «Достық» мақта пункттері, «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т. б. құрайды.

Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар ауданы аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория,

9 фельдш. -акушерлік пункт, ауданы туберкулезге қарсы диспансер, сан-эпидемиологиялық стансасы, стоматологияық емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді.

Аудандағы Ұзыната аулынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі - Ұзыната кесенесі орналасқан.

1. 2. Климаты

Ауа райы жағдайларының ерекшеліктері ең алдымен географиялық орнына байланысты болып келеді. Шардара ауданы қоңыржай белдеудің оңтүстігіндегі шөл зонасында орналасқан. Аудан климатының қалыптасуына сонымен қатар Қызылқұм құмдары, жазда тропиктік ауа массалары әсер етіп отырады. Бұл территорияның климаты айқын көрінетін континенталдығымен, құрғақтылығымен және жылудың молдығымен сипатталады. Жоғарғы континенталдық күн мен түннің, қыс пен жаздың шұғыл температуралық өзгерістерінен байқалады. Ауа райы жағдайы - айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа температурасы -4 - 6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 - 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°С-тан жоғары жылы кезең шамамен 10 айға созылады. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ. “Қызылқұм” метеостанциясының мәліметтері бойынша ең ыстық ай шілденің орташа температурасы +29, 6°С құрайды. Абсолюттік максимумы +46°С. Жаздағы аптап ыстық Иран жақтан соққан желге байланысты. Ондай күндері ауа құрғап, температура +45°С-қа дейін көтеріледі.

Маусым айының 25-інен тамыз айының 5-іне дейін “шілде” түседі. Бұл 40 күн шілде жылдың ең ыстық мезгілі. Күннің ыстығы соншалық күндізгі сағат 12-ден кешкі 18-ге дейін даладағы қызу еңбек, тіршілік тоқтап қалғандай болады. Жаздағы болып тұратын желдың жылдамдығы 3-5, 5

м/сек. Аңызақ жиі болып тұрады. Қыс аудан территориясында ұзаққа созылмайды және қоңыржай суық болады. Қыстағы ауаның абсолюттік максимумы -35°С. Қыстағы жалпы қар жамылғысының қалыңдығы 8-15 см-ге жетеді. Қыс қатты, ұзақ болған жылдары қар жамылғысы 25-30 см-ге барады. Жылдың суық мезгілдерінде аудан территориясында солтүстік-шығыс пен шығыстан соғатын жел басым келеді. Желдің жылдық орташа жылдамдылығы 3-5 м/сек. Аязсыз күндері топырақ қабатының 30-40 см-і тоңданып қалады. Көктайғақ күндер саны 1-7 см аралығында. Жылдың көп мезгілінде күн ашық болады. Жыл бойына дауылды желдер жиі болып тұрады. Әсіресе көктемнің соңында және жаз айларында шаңды дауылдарды көп көруге болады. Құрғақшылық - бұл аудан климатының негізгі белгісі. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем-қыс айларына тура келеді. Территорияға түсетін атмосфералық жауын-шашын көп емес, оның орташа жылдық мөлшері 170см-ден аспайды. Бұның өзі маусым бойынша әрқалай таралады. Жауын-шашынның 2 максимумы байқалады: біріншісі шұғыл көрінетін -көктемгі, екіншісі - күзгі. Жазы өте құрғақ. Эффективті температура жиынтығы 4000-4600° құрайды. Температурасы 10° С-тан жоғары кезде ауа ылғалы дефицитінің жиынтығы 2600-3200 мм-ге тең. Ылғалдану коэффициенті 0, 1-ден 0, 3-ке дейін өзгеріп отырады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер 1-кестеде берілген.

1-кесте

Метеостанциясының климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

Мерзімі
Көрсеткіштер атауы:
  1. Ауа температурасы
: Орташа жылдық
Өлшем бірлігі: градус
Мәні: 12, 6
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Абсолюттік максималды
: градус
Өлшем бірлігі: 46
Мәні: Тамыз
Көрсеткіштер атауы: Абсолюттік минималды
: градус
Өлшем бірлігі: -35
Мәні: Желтоқсан
Көрсеткіштер атауы:
  1. Жауын-шашын мөлшері
:
Өлшем бірлігі: Мм
Мәні: 170
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы:
  1. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы
:
Өлшем бірлігі: Күн
Мәні: 197-208
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы:
  1. Көктемгі соңғы үсік
:
Өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 4 сәуір
Көрсеткіштер атауы:
  1. Күзгі алғашқы үсік
:
Өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 11қазан
Көрсеткіштер атауы:
  1. Қар жамылғысы
: Пайда болу уақыты
Өлшем бірлігі:
Мәні: тұрақсыз
Мерзімі: Желтоқсан
Көрсеткіштер атауы: Орманға кету уақыты
:
Өлшем бірлігі:
Мәні: 20 ақпан
Көрсеткіштер атауы:
  1. Топырақтың тоңдануы тереңдігі
:
Өлшем бірлігі: См
Мәні: 30
Мерзімі:
  1. Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты
Қыс
Румб
Шығыс
Көктем
Румб
Солтүстік-шығыс
Тұрақсыз
Жаз
Румб
Солтүстік
Күз
Румб
Шығыс
Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты:
  1. Маусым бойынша болатын желдердің жылдамдығы
Қыс: Қыс
Румб: м/сек
Шығыс: 2, 8
:
Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты: Көктем
Қыс: м/сек
Румб: 4, 1
Шығыс:
Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты: Жаз
Қыс: м/сек
Румб: 3, 7
Шығыс:
Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты: Күз
Қыс: м/сек
Румб: 3, 4
Шығыс:
Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты:
  1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
Қыс:
Румб: %
Шығыс: 25
:

Кестеге түсініктеме: Бұл кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша жаз айлары өте ыстық, және жауын-шашын мөлшері өте аз. Қыста қар түсу мөлшері өте аз, солтүстіктен ызғырық жел болады. Жылдық вегетация күндері көп.

1. 3. Жер бедері

Жалпы алғанда Тұран плитасы Оңтүстік және Батыс Қазақстан территорияларында орналасқан. Шардара ауданы негізінен Тұран плитасында орналасқан. Жалпы алғанда Шардара ауданының терроториясының беткі бөлігі негізінен бор және үштік кезең құмдары, құмдақтары, саздары, сонымен қатар опок, конгломерат, галечник сияқты континенттік және теңіздік шөгінділерден құралған. Теңіз шөгінділері плиоценнен кейін қалыптасады. Үштік және бор шөгінділері көбінесе саздар мен саздақтар, сондай-ақ әр түрлі аллювиалдық үйінділермен жабылған.

Тектоникасы. Тұран плитасының платформалық қаптама құрылымы барлық қалыңдықта бірдей емес. Аталған құрылымдық қабаттардың әрқайсысына құрылымдық жоспар ерекшеліктері тән, бірақ жалпы алғанда жоғарғы горизонттан төменге қарай қаптама құрылымының күрделенетіндігі байқалады. Басты құрылымдық элементтері барлық горизонттан көрінеді. Оларға ірі ойыстар мен көтерілімдер, сонымен қатар аралық құрылымдық элементтер-моноклиндар, ойыстар және құрылымдық террассалар жатады. Сырдария ойысы Шығыс Аралдың оңтүстігіне қарай орналасқан және одан Аққыр-Құмқалы ойпатымен бөлектенген. Сырдария ойсының ішкі құрылысы күрделі. Оның ішінде алты иілу - Үрмеқұм, Жауғаш, Берді, Арыс-Байырқұм, Ерғашқұдық және Келес үш көтерілуі - Төртқұдық, Балтакөл-Басаға және Қаратау болып бөлінеді. Осы құрылымдық элементтер арасындағы шекералар әдетте фрексуралар мен жарылулар арқылы жүргізіледі. Иілімдердегі фундаменттің жату тереңдігі 3 шақырымға жетеді, ал көтерілулер мен ойыстардың ернеу маңы бөліктерінде жүздеген метрге дейін төмендей береді. Шөгінді қабаттардың қалыңдығының анализі құрылымдардың морфологиясы мен даму ерекшеліктеріне бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Қаптаманың барлық ірі құрылымдары мезозойдағы сияқты, кайназой шөгінділерінен де жақсы байқалады. Қаптама құрылымдарына фундаменттің сынулары мен бөлшектенген және мезазой мен кайназойда тік қозғалыстар дифференциясына ұшыраған көтерілген және төмен түскен. Солтүстік бөлігінде ойыстар шартты түрде үрмеқұм иілімі бірнеше брахиантиклиналдармен күрделінген құрылымнан тұрады. Кемпір көтерілімі солтүстік-батысқа бағытталған, ол үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің терең батқан моноклиналын қиындата түседі. Жауғаш иілімі ойыстың орталық бөлігінде орналасқан. Құрылымның шығыс бөлігінің білігі солтүстік-шығысқа бағытталған. Солтүстік-шығысқа қарай созылған шөгінді қаптаманың ірі құрылымына Балткөл-Басаға мен Қаратау бұйраты және оларды бөліп тұратын Берді иілім, сонымен қатар Арыс-Байырқұм иілімдері жүйесін Келес иілімінен бөліп тұратын Шулы-Шардара көтерілімдер тобы жатады.

1. 4. Топырақ жағдайы

Шөлдердің топырағында ылғал аз болғандықтан өсімдіктердің қоректенуіне қажетті минералды тұздар топырақта қатты күйінде кездеседі. Күн көзінен қызған, құрғақ ауада су буы да аз болады. Өсімдіктердің жапырақ арқылы қоректенуіне қажетті жарық өте жеткілікті. Бірақ топырақтағы минералдық тұздар өсімдік тамырына өте алмайды. Шөл топырағында шірінді аз болады, түсі ақшыл, сұр топырақ деп аталады. Аудан жерінде сұр және шалғынды топырақ таралған. Топырақтың түзілуіне және оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Солардың ішінде климаттың маңызы зор. Жауын-шашын аз жауып, климаты құрғақ ыстық жерлерде сирек өсетін, шөптесіп өсетін өсімдіктерден шірінді аз түседі. Ал еріп топыраққа сіңбеген тұз жер бетіне жиналып жерді сортаңдандырады.

Топырақтың беткі қабатына шірінді көктем мен қоңыр күзде көбірек жиналады. Топырақтың түзілуіне жер бедерінің де әсері көп. Топырақтың түзілу процесі өте баяу жүреді, әрі әр аймақта әр түрлі. Топырақтарының механикалық құрамы да әр түрлі болып келеді. Онда өте ұсақ бөлшектерден бастап, біршама ірі түйіршектер (тау жыныстары) мен минерал үгінділері көп кездеседі. Топырағы минералдық құрамына қарай сазды, саздақты, құмдауытты және құмды болып келеді. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақтарында қарашірік аз. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылтанып, өзін түзген тау жынысына ұқсас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Орман шаруашылығы жұмыстары
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы
Орман шаруашылығын жоспарлау туралы
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz