Қала бір, бірак типтері әрқилы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Құқықтану факультеті
Азаматтық құқық азаматтық іс жургізу және еңбек құқық кафедрасы

Философия пәні бойынша
№1 БОӨЖ БӨЖ

Тақырыбы: Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

Орындаған:
Құқықтану мамандығының
2-курс студенті

Тексерген:
PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы
Балабекұлы Д.

Алматы, 2024

Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

Жоспар
-Кіріспе
-Негізгі бөлім
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары трактатындағы негізгі философиялық идеялар
Бақытқа жету туралы кітап
Бақытқа жол сілтеу
-Қорытынды

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб каласында дүниеге келді (казіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық кала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түркі. Әл-Фараби түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде Тархан деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің калдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына карай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілдерде жазылған ғылыми трактаттарды окиды. Фараб пен Бұқарада бастапкы білім алған соң Әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының калыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялык бағдарлары оз әсерін қалдырды. Бағдадта Әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында Әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Мысыр, Шаш, Самаркан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымда рымен, көркемсөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби көрнекті ойшыл, ғалым, түркі, ислам философиясының жұлдызы, әлем философиясының заңғар тұлғаларының бірі. Өзінің білімділігі мен тұлама ғалымдыгынын аркасында танымал болған жер лесіміз Әбу Насыр Ал-Фарабиді алем галымдары мойындап. Аристоте ден кейінгі Екінші Ұстаз деп біледі. Әл-Фарабидің шығармашылык мұрасы орасан зор (200-ге жуык философиялық және гылыми трактат тар), ал оның айналыскан ғылыми салалары философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия және т.б. Ғылыми еңбектерінің ен әйгілісі Қайырымды кала тұрғындарынын козкарастары жайлы трак тат, Музыканың үлкен кітабы атты шығармалары арқылы әлемге танымал болды.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің Категориялар, Метафизика, Герменевтика, Риторика, Поэти ка, бірінші және екінші Аналитика, Топикасы және т.б көптеген ең бектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларга арналған кітабы онын философия саласындағы аса көрнекті ға лым екенін әрі философия ілімін жетік білгендігін көрсетеді. Фараби Платон мен Аристотельдің әлеуметтік-философиялық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да Кемеңгерлік меруерті, Қайырымды кала тұрғындарының козкарасы, Мәселелердің түп мазмұны, Ғылымдардың шығуы, Бакытка жету, Азаматтық саясат, Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері сияқты коптеген сындарлы философиялык енбектер жазды. Фараби бұл шығармаларында дүние, қоғам, мемлекет, адам болмысы туралы заманауи озық ойлы зерделі пікірлер, парасатты пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалт кан жок. Әл-Фарабидің мемлекет, ел баскару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша манызды. Бүкіл түркілік ойлау мүмкіндігін әлемге паш еткен Әл-Фараби ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан үлкен ғұлама ғалым. Оның енбектері батысеуропалық ортағасырлар мен Ренессанс дәуір деріндегі философия және жаратылыстану ғылымдарының өрлеуіне үлкен ыкпал етті. Әл-Фарабидің Еуропа ғылымына әсері оның ізбасарла ры ибн Сина, әсіресе ибн Рушд арқылы көрініс тапты деп айта аламыз. Аверроизм, негізінен XIII-XIV гг. прогрессивті француз және итальян философиясына қатты әсер етіп, оның негізі болды. Батыс еуропа орта- ғасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот өздерінің теориялық шығармаларында Әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушд енбектерін қолданды.
Одан кейінгі дәуірлердегі батыс ойшылдары Ф. Бэкон, Р. Декарт, Лейбниц, Б. Спинозаның әлеуметтік-саяси концепциялары жөніндегі ойдары, мысалы, бакытка жетудің жолдары, мақсаты, мемлекетті баскарудың формасы мен функциясы т.б. Спиноза, әл-Фараби секілді, өзінің коғам туралы ілімін адамның шынайы табиғатынан шығарады, мемлекеттің мақсаты әрбір адамды ақылмен басқарып, бакыт пен бостандық сыйлау дейді. Әл-Фарабидің адамдардың индивидуалды армандары бірлігі ретіндегі социум ұғымына Ж.Ж. Руссоның әлеуметтік келісім идеясы сәйкес келеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің білім интуицияга негізделген деген ойы Николаустың, Шеллингтің, Бергсонның және Штейнердің еңбектерінде оз корінісін тапты. Әл-Фарабидің адам туралы негізгі идеясы микрокосмос және макрокосмос элемі ретіндегі ойлары Николаус, Лейбниц. Спенсерден бұрын болды. Әл-Фарабидің зердеге негізделген этикалық жүйесі Еуропада тек ХІХ ғасырда И. Кант философиясында оз көрінісін тапты. Белгілі Еуропа ғалымы Ф. Диетериций сынды зерттеушілердің айтуынша, Шығыста Аристотель Әл-Фарабидің еңбектерінің аркасында ғана Аристотель атанды дейді. Сондықтан да Әл-Кинди, ал-Фараби, ибн Сина және олардың ізбасарлары жалғастырған араб тілді ортағасырлық ислам философиясы конегрек, эллиндік философия мен мәдениеттің құнды мұраларын сақтап қалып, шығармашылық жағынан дамытып, жана денгейлерге көтерді. Әл-Фараби Шығыс пен Еуропа
мәдениеттерін байланыстырушы көпірге айналды.
Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарған ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабидің зерделі ғылыми мұралары бүгінгі таңда да өзінің өзектілігін жоймай, заман талабымен үндес болып отыр! Екі тілде жазылып, ұсынылып отырған авторлар ұжы мының бұл еңбегінде ойшыл-философ Ал-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектеріне талдау жасалынып, заманауи Қазақстан философиясындағы фарабитану және казақ халқының рухани мұраларының өзекті мәселелері тарихи-философиялық тұрғыдан зерттелінді.

1. Мәдениет ескерткіштері, соның ішіндегі жазу ескерткіштері - бұл қоғам өмірінің материалды және рухани өмірі, оның әлеуметтік кұрылымы жайлы күйді беретін объективті куәлік. Оған мысал, Әл-Фарабидің өз дәуірінің адамдары мен басшыларының есімдерін атамай-ақ жазған әлеуметтік-этикалық еңбегі. Ойшылға сол кездегі қоғамның барлық кұрылымы ұнамады, бірақ негізсіз екенін біліп, ашық айтудан да аулақ болды. Оның қарсылығы бүркеліп, ол аллегориялы тұрғыда қайырымды және қайырымсыз қалалар жайлы айтады. Қайырымды және қайырымсыз қалалар тұрғындарын корсете отырып, ол адамдарга таңдау еркіндігін береді, әйтпесе адамдардың парасатты жеңісінің бастамасына сенеді... [24-25 66]. Біз бұл еңбекті ойшылдың сол дәуірдегі саяси, әлеуметтік т.б. құрылымдарына сыни көзқараспен қарап жазған еңбек- терінің бірі деп түсінеміз. Біздің ойымызша, парасатты жеңіс азаматтардың білімділігі, тәртіптілігі мен өзара түсіністігі. Төзімділік өзгені тозу мен маңызды емес, азаматтардың бір-біріне өзара түсіністікпен қарауы парасатты жеңіс болмақ. Сонымен, трактат мазмұнының аркауы ретінде мәселенің бір ұшын шығарып алдык, бірак ортақ мәміле кандай болмақ? Немесе Деррида айтқандай тексттен артық ештеңе жок па? [2, 52 б.].
Әбу Насыр әл-Фарабидің қайрымды қаласы жайлы ой қозғасак, көз алдымызға түрлі қалалар типі қиял болып бейнеленеді. Бейне тура мағы-надағы түсіну болса, өзімізше бұрмаласақ бір қаланың түрлі сипаттағы бейнесі. Мысалы, бұкара мен оның көсемі секілді. Яғни бұқара түрлі адамдардан құралса, көсем оларды біріктіруші, ұйымдастырушы. Біздің ойымызша, Әл-Фарабидің қайырымды қаласы дәл осылай, қала бір, сипаты әртүрлі. Тек жагымсыз тұстар карсы, жат пиғыл ретінде аллегориялы түрде сипатталған. Мәжбүрлі, қайырымсыз каланың тұрғындары іс-әрекеттерін өз ырықтарынсыз жасайды... мұндай жагдай адамдарда болады, егер ол кайырымды калаға қарсы қала тұрғындарының билігінің құзіретінде болса немесе өзіне қарсы адамдар тұратын жерлерде өмір сүруге мәжбүрлі [3; 337-338 66.]. Қала бір, бірак типтері әрқилы. Бұл ойшылдың шынымен де аллегориялы сипаттамасы ма, әлде утопиялы сарынның қорытындысы ма, бұл тағы бір мәселе. Біз біріншісіне тоқтаймыз. Бірақ, ойшыл қала сөзінің мағынасын қалай түсініп айтты, ал қазіргі қала сөзінің мағынасының критерийлері қандай? Екі кезеңнің қала типтері бір деп айту кисынсыз және сауатсыз болар еді.
Дегенмен, біз ақ пен қараны, жаксылық пен зұлымдықты ажырата білетін озгенің бірін жақтайтын, әлемді ак-кара ретінде танитын диалектикалық козкарастан аулақпыз. Әрине, ойшыл қайырымды қаланын қалыптасуында онын болмысына карсы қала типтерін атап өтіп, оларды сынайды. Этикалық тілмен айтканда, оларды қайырымсыз қалалар деп айтамыз. Қайырымды және кайырымсыз антонимі бізге не береді? Бізге маңыздысы да осы болып табылады. Трактатта этика мәселесіндегі жақсылық пен зұлымдық бейнелері ашық көрсетілсе, қаланың қисынды экстазы кандай немесе қандай болмақ? Әлде Әл-Фарабидің бұл еңбегіне тек авангардтық сипат беріп қана қоямыз ба? Ендеше трактат жайлы ойымызды таркатып, талдап көрелік.
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзкарасы трактатын Платонның Саясат, Мемлекет еңбектеріне сүйеніп жазған туын дысы екеніне ешкімнің күмәні жок. Кейбір зерттеушілер бұл трактатты ойшылдың үлгілі мемлекет қалыптастырудағы жазған еңбегі деп пайымдап жүр. Мысалы, ...автор мемлекеттің саяси құрылымы жайлы мәселелерге мағыналы назарын бөледі. Бірнеше беттерде ол үлгілі мемлекетті тұспалдайтын кайырымды қала кандай болу керек екендігіне түсініктеме береді [3, 387 б.]. Бірақ аталмыш ғалымдардың қайырымды қаланы Әл-Фараби қайырымды мемлекет құру мақсатында жазган еңбегі деген пікір қаншалықты шындыққа жанасымды? Сократ бірінші философпа, әлде бірінші философ емес пе? Сократты біз Платонның диалогы немесе Ксенофонт, Аристофан аркылы білеміз. Сократ ешкандай жазба ескерткіш калдырмаған. Бірақ Платонның Сократ персонажы баска, Ксенофонт пен Аристофанның Сократ жайлы персонаждары баска. Пікір-талас тудыртатын мәселе. Егер Сократ жайгана персонаж болса, ол өмірде болмаған болса, демек, Сократ алғашқы философ емес. Платон алгашкы философ. Себебі ол артынан философиялық жазба ескерткіштерін жазып қалдырды. Дәл сол секілді Әл-Фараби қайырымды қала емес, қайырымды мемлекет жайлы жазса, атақты трактатын неге қайырымды мемлекет деген такырыпта атамаған? Немесе ортагасырларда Батыстың қиялы шығыста мемлекет түсінігі болмады ма? Иә, казіргі таңдағы мемлекет ұғымы түсінігінің критерийлері калыптасып, кұкыктык мемлекеттердің құрылғаны ортағасырлардан бері уақытта болғаның мемлекет теориясымен айналысып жүрген ғалымдардың айтып жүргені белгілі. Бырак грек полисі өз кезенінде мемлекеттің идеалды типти демократиялық моделін калыптастырды, бірақ оны толыққанды практикада жүзеге асырмады. Антикалықтың батуы бұл мағыналы денгейде полистік, қалалық мәдениеттің батуы. Және тек сонғы орта ғасырлар дәуіріндегі еуропалық калалардың туындауымен грек полис-теріне қатысты институттар кайта калыптаса бастады. Коне шығыска қолдангандай ортағасырлық қоғамга билік, саясат, құкык, мемлекет, демократия ұғымдарын колдануға қазіргі ғалымдар күмәнмен карайды [2, 59 б.]. Яғни қазіргі кездегі Батыстық мемлекет үлгісінің ка лыптасуы бертін болған әрекет.
Болмысты пайымдап сипаттаудан бейболмыс жайлы пайымдау әлдекайда жеңіл ме, әлде бейболмыс сезім арқылы пайымдалғаннаң және бейболмыс болғандықтан ол жайлы пікір айту жеңіл ме? Платонның жаны аллегориялы болса, жоғарғы күш тағы басқалай аталып жүрген абстракциялы ұғымдар бейболмысты құрап, оның түбі антиномиялық мәселелерге тіреледі. Болмыс жайлы пайымдаудың қолжетімдігі және оның анықтығы адамдардың сезімдік мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды ма, ХХІ ғасырдың өзі жаңа ортағасырлар дәуірінің басталуы деген пікірлер бар. Әлде ХХ ғасырдың басындағы метафизикалық проблемалардан бастартып, ондай мәселелерге карсы болған прагматистердің идеялық сарынының тоқырауы болар. Қаншалықты сыни пікірлер танытсақ та, ХХІ ғасыр озінің бастауын жаңа технологиялық-инновациялық қарқынды дамуымен қатар каржылық дағдарысымен бастады. Ал Қазакстан жағдайындағы абстракциялы адамдардың рухани мәдениеті мен сыни, философиялық ойлау мәдениетінің күйі кандай?
Қайырымды қала болмысы Әл-Фараби бойынша, адамдарды бақытты ететін баскару жүйесі. Жүйе тетігі белгілі критерийлерге сәйкес келетін дана баскарушы немесе имам. Бірақ ондағы бақыт интеллектуалды және этикалық игілік болып табылады. Әл-Фараби қайырымды қаланың құрылымын толыққанды, сау тәнмен үйлестіреді. Егер тәндегі барлық мүшелер бір-бірімен байланысты болып, толыққанды өмір сүру үшін қажет болса, қала тұрғындары да бір-біріне көмектесу аркылы жан сактап, өмір сүреді. Дене мүшелерінің табиғаты мен мүмкіндіктерінің айырмашылығы болса, қала құрылымындағы адамдардың табиғаты мен мүмкіндіктері жағынан да айырмашылықтары бар. Тәнде ең басты мүше жүрек болса, калада ол баскарушы. Сонымен, Әл-Фараби баскару жүйесінде органикалық ыңғайтанытады екен [3, 423 б.]. Біріншінің екіншіге немесе керісінше тәуелділігі деп айтамыз ба, жоқ қоғамдық келісімі деп айтамыз ба организмнің жүрегі болу немесе қаланың баскарушысы болу үшін интеллектуалды немесе он екі критерийге сәйкес болып мәдени гегемонияға жету деп түсінуге болады. Мәдени гегемон болу үшін жүрілген жол, білім мен өнер ағымының сәулесі сәулелердің сәулесі болмақ. Ондай шешімдер, жетістіктер, келісімдер әділ, әрі қисынды. Күштеу, жазалау сипаттағы гегемонды әділетсіз деп танимыз.
Әл-Фарабидің кайырымды қаласының билік жүйесі иерархиялы деп айтсак кателеспейміз. Себебі сол кездегі қала болмысын сипаттауда оның құрылымы, сипаты болды. Оның казіргі көрінісінің де нышандары бар. Квартал және қыстақ (селение) екеуі де қалаға карайды ... Көше кварталдың бөлігі болып табылады, үй көшенің болігі, кала аймақтың болігі [3, 304 б.]. Немесе қазіргі билік М. Фуко тілімен айтканда, иерархиялы емес, горизонтальды, тіпті рентген сәулесі іспеттес барлығын қамтиды. Сілтеменің баска тұсынан карайтын болсак, қала болмысының бөлшектерден құралып, біртұтас бірлігінің өзі қала тұрғындарына өз ықпалын тигізбей коймайды. Әлде қала болмысының гармониялы ғұмыр кешуінің мәні осында болар. Бөлшектердің бірігіп біртұтастықтың қалыптасуы белгілі бір жүйенің орнауы, тәртіптің және тұтастықты сезінудің пайда болуы. Үй көлемі жағынан кіші болса да, өзін тұтас бір аймақтың бөлігі ретінде сезінуі адам ойлануының бөлменің төрт кабырғасының арғы жағын ойлауы болып табылады. Тұтастықты сезіну нәтижесінде қаланың өзі жаппай тұрғындардың ортақ үйіне айналады. Үй, көше, кварталдан бұрын қаланың аты адамдардың санасында терендей бойлап, қоғамдық сананың касиетті нышанына айналады.
Қала тұрғындарының кеңістіктегі бір-біріне жақын тұруы олардың бір-біріне деген бауырмал сезімдерінің калыптасуы қиын сәттерде, кері әсері глобальды жаттануы. Адам организміндегі қан тамырларының дене мүшелеріне қан тасымалдауы, бір мүшеден екінші мүшеге өтуі секілді қала қозгалысыда дәл солай. Іс-әрекетте өзара комектесу мақсатында кұрылған адамдар бірлігіндегі қала, ақиқат бакытка кенеліп, қайырымды қала болып табылады және бакытка жету максатында бір-біріне көмектескен қоғам, қайырымды қоғам болып табылады [3, 305 б.]. Игіліктің мәні ортаңғыны сақтау, ұстау болса, ол қанагат пен сабырлыққа шақырады. Біздің коғамда адамдарының бір-біріне көмектесуінде еңбек жатыр. Көмек сөзін кызмет сөзімен алмастырсақ, дөп үстіңен басамыз. Қала адамдарының көмегі кызметтен тұрады және ол айлық мөлшерінде және нақты акшамен бағаланады. Маркстың тілімен айтқанда, еңбекті (кызмет көрсетіп) сатып, ақша табу. Акшаның арқасында қажеттіліктер мен мұқтаждыктарды канағаттандырып өмір сүруді жалғастыру. Қалада туындаған үрдістердің бірі капитализм болса, ол алысберістен басталып, эволюциялық дамуын осы күнге дейін жалғастырып келеді. Қаладағы түрлі әлеуметтік институттар, өндіріс ошақтары, кәсіпкерліктер т.б. тұтас тікелей және стихиялы жүйені құрап отыр. Оған урбандалуды косатын болсак, каланың глобалдылығы артып, радиусы кеңеюде.
Көптеген өзге жануарларға ұмтылған және зиянкестік пен оларды
жоюды аңсайтын, бұдан өздеріне ешқандай пайда әкелмейтін көптеген жануарларды біз коріп жүрміз, олардың әрбірі өзінен баска әлемде өзге тіршілік иесінің болмауына талпынуы сынды немесе өзге жануардың өмір сүруі оған залал келтіретіндей сынды. Кейін, егер екі тіршілік несінің әрбірі бұл максатты аңсамаса, онда ол өзге тіршілік иесін өзінің пайдасына жұмыс жасаткызуға талпынады [3; 345-346 66.). Жұмсағырак айтсак, қоғамдық келісімнің пайда болуы, адамдардың өзара тиімді қатынастарға көшуі. Жоғарыда атап өткеніміздей, мәдени гегемондыкпен әділ мәдени сайысы жемісінің қорытындысы адамдардың революциялық (тағылык, күш көрсету) жолмен емес, эволюциялық дамуы, тұрақтылық кепілі. Мәдени ықпал етушінің идеологиялык күші басым болса, ол ыкпады салыстырмалы төменге алға талпынуға мүмкіндік беріп, ұрыс-жанжалдың алдын алады. Әл-Фарабидің өзге пайдасын біз екеудің бір-біріне өзгешелігінің тиімділігінің аркасындагы пайданы және оған талпынуды айтамыз.
Қала адамдарының әдеті, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі. Әрбір күндер, апта, ай, мезгілдер, жыл барлыгы қала адамының циклдік қайта-лауына әкеледі. Осыдан да мүмкін қала адамдарының мінез-құлықтарынын жаттануы. Дәлелі сол, мінез-құлық әдеттен калыптасады, сен оны қаладағы құбылыстардан көресін [4, 146.). Тіпті күнделікті жұмыс уақыты мен демалыс уакыты, үй мен кенсе кеңістігі ешкандай сыни ойлауды кажет етпейді. Бұл қаланың адамдары немесе қаланың табиғаттан тыс тары (извращенцы) [5, 305 б.]. Немесе төрт қабырғалы бөлменің ішіндегі экран ТВ, Интернет желісі адамдардың индивидуалдылығын қалыптастырып, қала тұтастығының қасиетінің күшін басып озуда. Кеңістіктің тарлығы адам санасындағы көпқабатты үйдің есігін кілттен жабумен өзін кауіпсіз, ынгайлы сезінумен аякталады. Табиғи үнгірлер жасанды үнгірлерге айналып, компьютерлік папкаларға ұксас ассоциацияга кетесің.
Ағаш ұстасы секілді ағашты өз ыңғайына немесе формаға сәйкес өзгертуі сынды біздің де жоғарыдағы айтылған ойларымыз белгілі деңгейде артыкта болар. Ағашты түрлі формадағы калыпка келтіру ағаш шеберінің шеберлігіне байланысты. Шеберлік бұйым формасының эстетикалык көрінісі, ұстаның дара өнері сол бұйым формасының шенберіндегі және сол өнер саласы бойынша ойлауды қажет етеді. Қала аламының отырықшы мәдениет аясындағы ойлауы Батыс үлгісіндегі үрдіске сәйкес.

2. Адамның бойына дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тон және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық, ізгіліктер және практикалық өнерлер.Теориялық ізгіліктер дегеніміз түпкі мақсаты өмірде бар нәрселерді зерттеу болып табылатын және пайымдағы (мазмұны) өзінің көздеген мақсаттарын ғана қамтитын білімдер. Бұл білімдердің ішінде адам әуел бастан көңіліне тоқи- тын білімдер бар, бұлардың қалайша және қайдан пайда болғанын ол анда- май да, білмей де қалады, бұлар алғашқы білімдер. Олардың ішінде адам- ның ойлау, тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы алатын білімдері де бар.
Алғашқы білім ретінде белгілі нәрселер алғашқы алғы шарттар болып табы- лады ; олардан тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы қалыптасатын ке- лесі білімдерге көшеді. Адам тексеру және оқу арқылы танып білуге тал- пынатын нәрселер алғашында мәлімсіз болады, ал егер тексере келіп, танып білуге талпынса, бұлар көздеулі мақсатқа айналады, егер де осылайша зерт- теп, оқығаннан кейін адамның зердесінде сенім, көзқарас немесе білім қа- лыптасатын болса, онда бұлар қорытындыға айналады. Әрбір көздеулі мақсатта адам шынайы ақиқатқа жетуге талпынады, алайда біз қанша талпынға- нымызбен, шынайы (ақиқатқа) екінің бірінде жете бермейміз. Кейде біз әйтеуір бір нәрсе жөнінде шынайы (ақиқатқа) жетеміз, ал екінші бір нәрсе жөнінде пікіріміз бен сеніміміз болады, не болмаса біздің ол жөнінде бейнелі түсінігіміз болады, кейде ақиқат жөнінде біз оған жеттік қой деп адасамыз, ал шынында оған жетпеген болып шығамыз. Егер кейде ақиқат пен жалғанның екеуі бірдей (ықтимал) болып көрінсе, онда біз күмәнданамыз. Мұның себебі біздің көздеулі мақсатқа барып жететін жол- дарымыздың әр түрлілігінде.
Бір жолдың бізді көздеулі мақсаттар жөнінде әр түрлі сенімге келтіруі мүм- кін емес. Қайсыбір көздеулі мақсаттар жөнінде бізді әр түрлі сенімге келтіре- тін әр түрлі жолдар болуға тиіс, алайда біз олардың (жолдардың) айырмашы- лығы мен алуан түрлілігін аңдамаймыз да, сөйтіп кез келген көздеулі мақсатқа бәз-баяғы бір жолмен барамыз деп ойлаймыз. Белгілі бір көздеулі мақсатты іздегенде, біз өзімізді (ақиқат) жөнінде сенім мен пікірге келтірерлік жолды пайдалануға тиіспіз, бірақ біз мұны аңдамаймыз, сондықтан бізде мұның өзі бәз-баяғы бір жол, біз екінші (ретте)жүрген жол - бұл нақ біз бірінші (ретте) жүрген жол деген сияқты әсер туады. Біз көп ретте өзімізде де, зерттеу және үйрену ісімен айналысатын адамдардың көпшілігінде де осындай жағ дайды байқаймыз.
Бұдан айқын көрінетін нәрсе, көздеулі мақсаттарды зерттей бастаудан бұрын біз бұл жолдардың бәрі әр түрлі өнерлерге қатысты екенін білуіміз ке рек, осы әр түрлі жолдардың арасындағы айырмашылықты осы жолдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент типтерінің сипаты
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Темпераменттің типтері, қасиеттері
Темперамент жайында
Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Темперамент түрлері
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Білім-педагогикалық процесс
Пәндер