Сөздік диктант


Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
Бәйтерек ауданды білім беру бөлімінің
«Жайық жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«1, 2, 3, 4 сыныптарға арналған
тапсырмаларымен берілген диктанттар жинағы»
Оқу-әдістемелік құрал
Орал - 2024 ж
Мазмұны
І. Түсінік хат
- Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
- 1-сынып
- Сөздік диктант
- Көру диктант
- Сурет диктант
- 2-сынып
- Диктант
- Сөздік диктант
- Өздік диктант
- Шығармашылық диктант
- Сурет диктант
- Көру диктант
- 3-сынып
- Диктант
- Сөздік диктант
- Өздік диктант
- Шығармашылық диктант
- Сурет диктант
- Көру диктант
- 4-сынып
- Диктант
- Сөздік диктант
- Өздік диктант
- Шығармашылық диктант
- Сурет диктант
- Көру диктант
ІІІ. Қорытынды
Глосарий
Пайдаланылған әдебиеттер
Түсінік хат
Бұл диктант жұмыстарының топтамасы оқыту қазақ тілінде жүретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Ол барлық бастауыш сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Диктанттар жинағы әдістемелік құралы бүгінгі талапқа сай тіл сабақтары курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған. Оқушылардың қазақ тілінен бағдарламалық материалдарды қиындықсыз меңгеруіне, оқу сапасын айқындауға, әр оқушының кемшіл тұсын байқауға мүмкіндік береді. Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Оқушылардың білімдерін тиянақтап отыруға, қиялдауға және іздену арқылы зерттеу жұмысына үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшілігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгеруге септігін тигізеді. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне үлкен мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай орынды қолдануын жүзеге асырады. Сонымен қатар осы дағдыларды меңгертуге арналған сабақ үлгілер мен белсенді оқыту тапсырмалары ұсынылып отыр.
Мақсаты:
- мұғалімдерге тілдік дағдыларды меңгертуде әдістемелік жағынан көмек көрсету;
- білім алушылардың тіл сабақтарына деген қызығушылығын арттыру;
- нәтижеге жету жолдарын үйрету;
- ауызша және жазбаша сөйлеуді еркін меңгерген, сауатты тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
- оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік қорларын молайту;
- грамматикалық сауттылығын арттыру;
- өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- сабаққа қызығушылығы оянады, білімге деген сенімі нығайып, ынтасы артады;
- грамматиканы меңгере отырып, білім - білік дағдылары молаяды;
- өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артады;
- мәдениетті сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыланады.
КІРІСПЕ
Сауатты жазу, әдетте, бастауыш сыныптардан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ - сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.
Жинақ бағдарлама мен «Қазақ тілі» оқулықтары негізінде түзіліп, қазақ тілін білуге қойылатын тиісті талаптарды бастауыш сынып оқушылары қандай дәрежеде меңгергендерін айқындауды және білгендерін пысықтап, тиянақтауды мақсат етеді.
«Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол - мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда баланың жазбаша тілін дамыту барысында жазба жұмыстарын жүргізу арқылы сауаттылыққа баулу өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Бұл жұмыста қазақ тіліне пән ретінде жүктеліп отырған міндеттер, қазақ тілін оқытуда оқушылардың білімін сынауда қолданылатын жазба жұмыстарының негізгі мақсаты, қазақ тілін меңгеруде сауаттылықты арттыру үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер тұрғысындағы мәселелер қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz