Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
HШ.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГУНИВЕРСИТЕТІКЕ АҚ
ИНЖИНИРИНГФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰРЫЛЫС ИНЖИНИРИНГКАФЕДРАСЫ
6B07303 - Құрылыс инжиниринг
(Бакалавриат,магистратура,докторант ура) бойынша білім алушылардың
Күндізгі оқукурсы
Өндірістік тәжірибе бойынша
Муратов Мақсат
(Т.А.Ә.)
ЕСЕБІ
ТЕКСЕРГЕН:
Кәсіпорныннантағайындалған Универси теттентағайындалған
тәжірибежетекшісі: тәжірибежетекшіс і:
Аға оқытушы,магистр Суйменова М.К.
(лауазым,Т.А.Ә.кәсіпорынжетекшісі) (лауазым,Т.А.Ә.университетжетекшісі )
(баға) (қолы) (баға) (қолы)
(күні) (күні)
АҚТАУ2024ж.
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
* Қолданылу саласы
* Мақсаты және функционалдық саласы
* Терминдермен анықтамалар
* Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
3. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Құрылыс мамандығының шешетін мәселесі мен мақсаты - осы заманғы капиталды құрылыстың талаптарына сәйкес өңдеулік материалдары өндірісінің озық технологияларын, олардың құрылыстық-қолданыстық қасиеттерін терең меңгерген бакалаврларды дайындау. Мемлекеттік білім стандартының талабына сәйкес пәнді оқып, меңгерудің нәтижесінде студенттер білу керек:
- бетон және темірбетон бұйымдарын қолданылу аясына байлланысты өндіруде энерго- және кор сақтау технологияларын жасаудағы ғылым мен өндіріске жаңалық енгізудің құрылыс материалдары саласындағы атқаратын жетекші орны тұрғысында түсінігі болуы керек;
- құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өндірісінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін, шикізаттарды тасмалдау мен сақтау тәсілдерін, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологиясын және құрылыстық кешендегі тұрмысэкономикалық жағдайдарды дамытудың тиімді бағдарларын білуі қажет;
- құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің түрлі технологиялық тәсілдерін есептеуді;
бетон араласпасы мен дайын бұйымдар мен конструкцияларының сапасын бақылауды қамтамасыз ететін қызметтерді орындауды меңгеруі қажет. Жоғарғы оқу орындары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартна сәйкес жасалынған тип тік оқу бағдарламасы мен салат көлемі негізінде жұмыс бағдарламасын дербес енгізеді.
Осы құрылыс нормалары Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік құжаттардың бірі болып табылады және құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған. Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленді. Осы құрылыс нормаларында:
- нормативтік талаптардың мақсаты;
- функционалдық талаптар;
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар.
Мекеме туралы жалпы ақпарат
ЖШС "White Pearl" құрылыс компаниясы
Практикадан өткен жобалау-құрылыс компаниясы аймақтағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Ол әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды жобалау, салу және қайта құрумен, сондай-ақ құрылыс және жобалау саласында кеңес беру қызметтерін көрсетумен айналысады.
Компания 2005 жылы құрылған және өзінің қызмет ету барысында сенімді серіктес ретінде танылды. Оның ішінде тұрғын үй кешендері, кеңсе ғимараттары және өнеркәсіптік объектілер бар көптеген табысты аяқталған жобалары бар. Бұл компания құрған ірі проекттерді атап өтсек оларға Royale House, ЖК Маэк-Куат, ЖК Инара и Жасмин, ЖК 72 31 мкр, ЖК 20 17 мкр, ЖК Isli Rose сияқты тұрғын үйлер қазіргі үлкен сұранысқа ие.
Компания бірнеше бөлімдерден тұрады, оның ішінде архитектуралық, инженерлік, құрылыс және клиенттермен жұмыс істеу бөлімі бар. Әр бөлім белгілі бір жұмыс кезеңдеріне жауап береді, бұл процесті тиімді ұйымдастыруға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары құрама бетон және темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісіне талаптарды белгілейді.
1.2 Осы құрылыс нормалары жеңіл, ауыр, ұсақ түйірлі, ыстыққа төзімді темірбетон құрылыс конструкцияларынан жасалған құрама бетон және темірбетон элементтерінің және барлық құрылыс түрі үшін кернелген бетондар өндірісіне таратылады.
1.3 Құрылыс нормаларын құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісін жүзеге асыратын барлық шаруашылық субъектілері сақтауы тиіс және жаңа және қолданыстағы құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалаған және техникалық қайта жарақтаған кезде ескеруі тиіс.
1.4 Осы құрылыс нормалары ұялы және тығыз силикатты бетондардан, полимербетондардан, полимерцементтік бетондардан және фибробетондардан жасалған бұйымдардың ӛндірісіне таратылмайды.
2 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
2.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Нормативтік талаптың мақсаты - адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарларды, мүлікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеу мақсатында құрама темірбетон құрылыс конструкциялары мен бұйымдардың элементтерінің өндірісі кезінде қауіпсіздікті, сенімділікті, пайдалану жарамдылығын қамтамасыз ету.
2.2 Функционалдық талаптар
2.2.1 Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар олардың қауіпсіздігін, ұзақ мерзімділігін, пайдалану жарамдылығын, зақымдауларсыз және бүлінусіз әртүрлі физикалық, химиялық және технологиялық әсерлерге қарсы тұруға қабілеттігін қамтамасыз ететіндей өндірілуі тиіс.
2.2.2 Бетон және темірбетон конструкцияларын дайындау кезінде бетонға және оны құрайтындарға, арматураға, технологиялық параметрлерге қойылатын талаптарды орындау қауіпсіздікті, пайдалану жарамдылығын, төзімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
2.2.3 Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын қатаң орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
2.2.4 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіруді оттың болмауымен немесе таралуын шектеумен өрттің есептік әсер ету уақыты ішінде төзетіндей сенімді оттан қорғау тәсілдерін таңдауды, отқа төзімділіктің қажетті шегін қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асыру керек.
2.2.5 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі үздіксіз қорама қалыпты дірілдік қалыптау әдісімен бетондық қоспаны нығыздаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
2.2.6 Арматуралық бұйымдарды, оның ішінде құрама темір бетон бұйымдар өндірісі кезінде дәнекерлік қосқыштарды даярлау технологиясы олардың сапасын, тоттанудан қорғауды және конструкциядағы жобалық ережені қамтамасыз етуі тиіс.
2.2.7 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі кезінде бетон құрамын іріктеуге, оны қалау мен қату режиміне қойылатын талаптар орындалуы тиіс. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдарды жылумен өңдеу режимін негізді энергетикалық шығындар кезінде сапаның, сенімділік пен ұзақ мерзімділіктің нормаланатын кӛрсеткіштерін қамтамасыз ету талаптарының нәтижесінде белгілеу қажет.
2.2.8 Құрама темірбетон конструкцияларын және бұйымдарын дайындау кезінде жылумен өңдеуге кететін шығынды химиялық қоспалар, нақты шарттарға және өндіріс схемаларына арналған тиісті техника-экономикалық негіздемелер болған жағдайда, әртүрлі технологиялық тәсілдер қолдану есебінен қысқарту талап етіледі.
2.2.9 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарының сапасын бақылау бетон және темірбетон конструкцияларына қойылатын талаптарға қол жеткізу үшін ӛндіру процесін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
2.2.10 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын әртүрлі фракциядағы шаң бөлшектерінің үлкен мӛлшерде атмосфераға шығарумен, шу деңгейімен және басқа кері әсермен ескертілген қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін экологиялық талаптарды сақтай отырып өндіру керек.
2.2.11 Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар өндірісінің параметрлері энергия тиімділікті және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Конструктивтік арматура: Есептік конструктивтік түсініктермен орнатылатын арматура.
3.2 Алдын ала кернеуленген арматура: Пайдалану кезеңінде сыртқы жүктемелерді салғанға дейін конструкцияларды дайындау процесінде бастапқы (алдын ала) кернеу алатын арматура.
3.3 Жұмыс арматурасы: Есеп бойынша орнатылатын арматура.
3.4 Жеңіл бетондар: Тығыздығы (құрғақ күйде) 800 кгм3 кем емес, бірақ 2000 кгм3 көп емес бетон. Жеңіл толтырғыштарды толық немесе ішінара қолданып дайындалады.
3.5 Кернеуіш бетондар: Қатайған кезде кеңейетін және қатаю кезінде конструкцияда алдын ала кернеуді (өздігінен кернеуді) құруға арналған кернеуіш цемент негізіндегі арнайы бетондар.
3.6 Ауыр бетондар: Цементтік тұтқыр және тығыз ірі, ұсақ толтырғыштардағы тығыз бетондар.
3.7 Төзімділік: Құрылыс конструкцияларының, ғимараттардың және құрылыстардың жобалық сипаттамаларын нашарлатпай ұзақ мерзім бойы химиялық, физикалық және басқа әсерлерге қарсы тұру қасиеті.
3.8 Бетонның қорғаныш қабаты: Элементтің шетінен арматуралық шыбықтың жақын бетіне дейінгі бетон қабатының қалыңдығы.
3.9 Конструктивтік оттан қорғаныс: Конструкцияның қыздырылатын бетінде отпен әсер еткенде өзінің қалыңдығын өзгертпейтін оттан қорғау құралының жылу оқшаулағыш қабатын түзуге негізделген оттан қорғау тәсілі. Оттан конструктивтік қорғанысқа оттан қорғайтын бүркіме құрамдар, сылақтар, отқа төзімді плита, табақша және басқа материалдар, оның ішінде қаңқада ауа қабаттары бар қаптауыштар, сонымен қатар осы материалдардың, оның ішінде жіңішке қабатты қатпарланатын жабындармен комбинациялары жатады. Конструкцияларға бекіту тәсілі сынақтар хаттамасында жазылғанға қатаң сәйкес болуы тиіс.
3.10 Темірбетон конструкциялар: Жұмыстық және конструктивті арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетон конструкциялар); темірбетон конструкцияларындағы барлық әсерлерден түсетін есептік күш бетонмен және жұмыс арматурасымен қабылдануы тиіс.
3.11 Бетондағы арматураның тоттануға төзімділігі: Болат арматураның тоттандырушы ортамен химиялық немесе электрхимиялық әрекеттесуі нәтижесінде өзінің қасиеттерін сақтау қабілеті.
3.12 Бетонның аязға төзімділігі: Мұздату мен еріту көп ауысып отыратын жағдайда бетонның физикалық-химиялық қасиеттерін сақтау қабілеті, аязға төзімділік F маркасымен реттеледі.
3.13 Конструкцияның сенімділігі: Конструкцияның талап етілетін режимдерге және пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау шарттарына сәйкес белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің мәнін мерзім ішінде берілген шектерде сақтай отырып берілген функцияларды орындау қасиеті.
3.14 Бетонның отқа төзімділігі: Конструкциядағы бетонның өрт кезінде (оттың әсер етуінде) көтергіш және отты шектеуіш қабілеттің сақталуы.
3.15 Бетонның тығыздығы: Бетон салмағының көлемге қатысына тең болатын сипаттамасы, орташа тығыздық бойынша D маркасымен реттеледі.
3.16 Бетонның өткізгіштігі: Қысым градиенті болған жағдайда, бетонның ӛзі арқылы газды немесе сұйықтықты өткізу (су өткізбеушілік W маркасымен реттеледі), не қысым градиенті болмаған жағдайда суда еріген заттардың диффузиялық өткізгіштігін қамтамасыз ету (токтың және электрлік әлеуеттің нормаланатын тығыздық шамаларымен реттеледі) қасиеті.
4 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1 Сенімділікті қамтамасыз ету бойынша талаптар
4.1.1. Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентіне сәйкес қауіпсіздік жөніндегі талаптарды қанағаттандыру үшін технология құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдар өндірісін қамтамасыз етуі тиіс, оларда құрылыс салу барысында әртүрлі есептік әсерлер кезінде сенімділіктің тиісті деңгейі үшін бастапқы сипаттамалар болуы тиіс және ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану азаматтардың ӛмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға келтірілген залалға байланысты пайдалану жарамдылығының бұзылуынан немесе кез-келген сипаттағы бұзылушылықтан шығарылды.
4.1.2. Есеп және құрастыру нәтижесі бойынша темірбетон конструкцияларының өндірісі кезінде Темірбетон, бетондық конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентіне сәйкес сенімділік бойынша талаптарды қамтамасыз ету үшін конструкцияның қауіпсіздігін, пайдалану жарамдылығын және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін бетон сипаттамасының нормаланатын және бақыланатын мәндері белгіленуі тиіс. Темірбетон конструкциялардың негізгі нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретінде жарылуға төзімділігі, қаттылығы және аязға тӛзімділігі белгіленуі тиіс.
4.1.3. Конструкцияның төзімділік талаптарын қанағаттандыру үшін белгіленген ұзақ мерзім бойында оның конструкцияның геометриялық сипаттамасына және материалдардың әртүрлі есептік әсерлерінің сипаттамасына (күштің ұзақ әрекет етуі, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғалдық әсерлер, алма-кезек қатып қалу және еріп кету, агрессивтік әсерлер және т. б.) ықпалды ескере отырып, қауіпсіздік пен пайдалану жарамдылығы бойынша талаптарды қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамалары болуы тиіс. Құрама темірбетон конструкциялар мен бұйымдардың төзімділігін қамтамасыз ету үшін элементтердің тоттануға қарсы қорғау әдісін дұрыс таңдау қажет.
4.1.4. Темірбетон конструкциялар жеткілікті сенімділік арқылы шекті жағдайлардың барлық түрінің пайда болуына жол бермейтіндей ретпен құрастырылуы тиіс. Бұл осы құрылыс нормасы мен қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес материалдар сапасының көрсеткішін таңдауға, көлемі мен құрастырылуын белгілеуге жеткізеді. Бұл жағдайда конструкцияларды даярлаған кезде технологиялық талаптар орындалуы, ғимаратты пайдалану жөніндегі талап, сондай-ақ экология, энергия үнемдеу, өрт қауіпсіздігі мен тиісті нормативтік құжаттармен белгіленген төзімділігі сақталуы және негіздің ауытқымалы отыруы ескерілуі тиіс.
4.2 Өрт қауіпсіздігі және пайдаланушылық сипаттамалар бойынша талаптар
4.2.1 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдары шығарылатын өндірістік ғимараттардың өрт қауіпсіздігі Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар техникалық регламентінің талаптарын орындаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.2.2 Материалдың көтергіш жәненемесе жылу оқшаулағыш қабілеттерін, тұтастығын жоғалтпас үшін және физикалық қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі темірбетон конструкцияларын өрт кезінде қызып кетуден қорғаумен қамтамасыз етуі тиіс.
4.2.3 Құрама темірбетон конструкциялары мен бұйымдары үшін отқа төзімділік шегінің талаптары тиісті нормативтік құжаттармен белгіленеді.
4.2.4 Егер бетонның қорғаныштық қабаты қалыңдығы талап етілетін шекті қамтамасыз етпейтін болса ғана темірбетон конструкцияларын оттан қорғау талап етіледі. Осы конструктивті ерекшеліктерді, конструкцияларды пайдалану шарттарын және оның талап етілетін отқа төзімділік шегін ескере отырып оттан қорғау тәсілі және материалы, сонымен қатар оттан қорғайтын жабын қабатының қалыңдығы таңдалады.
4.2.5 Оттан қорғаудың осы немесе басқа тәсілін таңдау темірбетон конструкцияларының қажетті отқа төзімділік шегін, олардың типін, кеңістікте бағдарлануын (ұстындар, арқалықтар), конструкцияға әсер ететін жүктеме түрін (статикалық, динамикалық), пайдаланудың температуралық-ылғалдық режимін, қоршаған ортаның жебірлі деңгейін, оттан қорғау, эстетикалық талаптар есебінен конструкцияға түсетін жүктемені ұлғайтуды ескере отырып жүргізеді.
4.2.6 Қорғалатын конструкциялардың үстіңгі беті арқылы оттан қорғайтын бетондық жабын байланысы конструкция жабынынан оның материалына (темірбетонға) ішкі жарықтардың таралуына және дамуына кедергі келтіруі тиіс.
4.2.7 Темірбетон конструкцияларының талап етілетін отқа төзімділік шектерін қамтамасыз ету үшін плиталық материалдармен оттан қорғау (конструктивті тәсіл) немесе бетонның бетіне оттан қорғайтын құрамдарды жағу қолданылуы мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz