РУХ ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 225 бет
Таңдаулыға:   

Бақтыбек АМАНТАЙҰЛЫ

ҒИБРАТ

УДК 37. 0

ББК 74. 00

А 52

Пікір жазғандар:

Үсенбаев Болат Әшімұлы . - ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Ауелғазина Толқын Құдайбергеновна, саяси ғылымдарының докторы, доцент.

Құрастырушы: ҚАҒАЗОВ Б. А.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, тренері

Амантайұлы Б.

А52 Ғибрат: - Алматы, 2021 - 228 бет

ISBN 978-601-08-1094-5

Ұсынылып отырған кітапта автор ұстаздардың біліктілік арттыру саласында қызмет ету барысындағы толғаулы мәселелерге талдау жасаған. Бұған қоса, тәжірибелік дағдылар мен тиісті машықтарды игеру, білім берудегі кедергілерді еңсеру жолдары қарастырылған. Шетелдік педагогтердің ұстанымдарын қазақ ғұламаларының ойларымен сабақтастырудың өзектілігін көрсете алған. «Алаш» тарихи зерттеу орталығында жазылған зерттеулері мен мұрағат материалдары негізінде жариялаған құнды мақалалары да енгізілген.

ISBN 978-601-08-1094-5 УДК 37. 0

ББК 74. 00

© Қағазов Б. А., 2021

АЛҒЫ СӨЗ

Асыл пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мынадай дұғасы бар екен: «Қорықпайтын жүректен сақта, қабыл болмайтын дұғадан сақта, тоймайтын нәпсіден сақта, пайдасыз білімнен сақта ».

Осы жерде жоғарыда айтылған дұғадағы «пайдасыз білімнен сақта» дегендей, «осы кітап басылып шығар, алайда қаншалықты қоғамға пайдасын тигізбек, оқырманы кімдер болмақ, бұдан қаншалықты ғибрат алуы тиіс» деген мәселе мені де ойландырды.

Нәтижесінде «Алаш» тарихи зерттеу орталығында ғалымдардың ортасында қызмет етіп, құнды және сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптарға сілтеме жасай отырып жазылған дүниелер және Алматы облысының мұрағатында жазылған зерттеулер мен мақалалар құндылығын қай кезде де жоғалтпасы анық болып көрінді. Бұған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында әдіскер, аға оқытушы, тренерлік тәжірибе кезінде жинақталған әдістемелік нұсқаулықтар, әзірлемелер мен әлемдік әдіс- тәсілдерді қазақ ғұламаларының ойларымен сабақтастыру бойынша жарияланған материалдар, талдау жасау стратегия- лары да білім беру саласы мамандары мен бала тәрбиесіндегі ата-аналар үшін қажетті ресурс болар деген ой келді.

Бұған қоса, аталған институтымыздың Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасында жүргенде ұйымдас-тырылған шараларға қатысып баяндама жасау және әріптестерімізбен бірлесе басылып шыққан тәрбиеге қатысты нұсқаулықтар да өзекті болып табылады. Осы негізде жас ұрпақтың бойынша биік рух қалыптастыру үшін жазылған бірнеше эссе мен толғаулар да оқырман үшін қажет болар деген ойдамын.

Кітап негізгі 5 тараудан тұрады: РУХ, БІЛІМ - НҰР, ТӘРБИЕ

- ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАРЫТУ, ТАРИХИ САНА, СЫРТ КӨЗ.

«РУХ» тарауына «Айқын» газетіне басылған «Қазақ болмысы» толғауы, «Мен қазақпын» және «Тәрбиесі биік тұрған!» сынды бірнеше эссе кіріп отыр. Бұл жас буынның қазақы рухта тәрбие алуына көмегін беретін шығармалар деген ойдамыз.

«БІЛІМ - НҰР» тарауында білім беру ұйымдары саласының қызметкерлері мен педагогтері үшін құнды дүниелер топтастырылған. Әсіресе, дәстүрлі оқуда мүлт кеткен тұсымыз қайсы, міне, осыған жақсы талдау жасалған. Тәжірибе барысында байқағанымыздай, көптеген әріптестеріміз талдау жасау жағына келгенде қиналады екен. Осыған байланысты талдауға қатысты көптеген стратегияларды жинақтап, мысалдар арқылы ұсынып отырмыз. Сонымен қоса, оқу мен оқытуға қатысты көптеген терминдер, яғни түйін сөздер берілген.

Бұл тарауда білім берудегі әдіс-тәсілдер қарапайым мысалдар арқылы жете түсіндірілген. Бұған дейін шыққан нұсқаулықтағы тақырыптар толықтырылған.

«ТӘРБИЕ ДАРЫТУ» тарауында тәрбие беру ісіне қатысты мақалалар мен ресурстар топтастырылған. Негізінен тұлғаға бағытталған амалдар мен өзекі материалдар жинақталған.

Кезекті «ТАРИХИ САНА» тарауында жоғарыда атап көрсетілгендей, «Алаш» тарихи зерттеу орталығындағы сирек кездесетін құжаттар жинақтары негізінде жазылған зерттеулер еніп отыр. Оның ішінде Ана тіліміздің тағдырына байланысты жүргізілген тіл саясатына қатысты архив материалдары негізінде жазылған мақала «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған. Бұған қоса, батырлар туралы деректер мен көп айтыла бермейтін «Қарақұм құрылтайы» туралы маңызды оқиға суреттелген. Сондай-ақ, қазақ жеріндегі білім саласының

тарихына қатысты ескі мектеп суреттері мен осыған қатысты мұрағат жазбалары кімге болмасын қызықты екені аян.

«СЫРТ КӨЗ» тарауы енді ғана басталған жеке көзқарас негізінде жазылған ойлар мен ауылымызға арналған терме мен

«Ауылым» әнімнің сөзі беріліп отыр.

«Өмір - өзен» дейді халық даналығы. Өмірдің өзен сияқты жаңарып, жаңа ағыспен толығып отыруы табиғи заңдылық. Бір орнында тұрған судың бұзылатыны сияқты білім саласына да жаңашылдық, жаңа өмірге, жаңа ұрпаққа сай ағын керектігін жеткізгіміз келді.

Кітаптың атауы «ҒИБРАТ». Себебі, саналы азамат барлық үйренер дүниеден ғибрат алуға ынтығады. Қасиетті Бақара сүресінің 164-аятында Алла Тағала «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселер мен теңізде жүрген кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әртүрлі хайуанды таратуында, желдерді және көк пен жердің арасындағы бұлтты басқаруында әлбетте ойлаған елге белгілер бар» деп көрсеткен.

Бұған қоса, Ғашия сүресінің 17-21 аяттарында: «Олар, түйеге қарамай ма, қайтіп жаратылған? Олар аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? Олар тауларға қарамай ма, қайтіп тігілген? Олар, жерге қарамай ма, қайтіп төселген? (Мұхамед Ғ. С. ) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың» деп барлық жаратылыстан адам баласына ғибрат алу қажеттілігін білдірген.

Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) хадистері ғибратқа толы. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Лев Толстойлардың шығармалары тұнып тұрған ғибрат. Сондықтан, жоғарыда аты аталған ғұламалардың шығармалары мен Басты ресурсқа (Құран) сілтеме жасап отырмын.

«Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, бұл шағын кітапта педагогтер үшін, оқырман үшін аз-кем пайдалы дүниелер болса, сауаптан үмітіміз жоқ емес.

РУХ ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ АМАНАТЫ - ЖЕР-АНА! ҚҰЖАТЫ - ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХЫ! ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОДЫ - САЛТ-ДӘСТҮР! ҚАЗАҚТЫҢ ПАНАСЫ - ҰЛЫ ДАЛАСЫ!

ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІГІ - АНА ТІЛІ! ҰРАНЫ - АЛАШ!

ҚАЙСАРЛЫҚ СИМВОЛЫ- КӨК БӨРІ! ЖАНЫ - АРЫНЫҢ САДАҒАСЫ!

ТАМЫРЫ - ШЕЖІРЕСІ! ТЕКТІЛІГІ - ЖЕТІ АТА! КИЕЛІСІ - ШАҢЫРАҚ!

БЕРЕКЕСІ - ТАЙҚАЗАНЫ! ИМАНЫ - ЖҮРЕГІНДЕ!

БӘСІ - ТӘУЕКЕЛІНДЕ! МІНЕЗІ - СЕРТІНДЕ! БАРЫ - ҚАНАҒАТЫНДА! ҚҰШАҒЫ - КЕҢДІГІНДЕ!

КӨҢІЛІ - ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫЛЫҒЫ! БЕТ ПІШІНІ - ИМАНЖҮЗДІ!

ӘДІЛДІГІ - ТУРА БИІНДЕ! ЫРЫСЫ - КИІЗ ҮЙІНДЕ! КҮШІ - БІРЛІКТЕ!

САҒЫНЫШЫ - ЖУСАННЫҢ ИІСІНДЕ! СЫРЛАСЫ - ТАБИҒАТ!

ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІ - ДОМБЫРА! ҒАЖАЙЫБЫ - КҮЙІНДЕ!

ШАТТЫҒЫ - ҚАРА ЖОРҒА БИІНДЕ! КЕЛБЕТІ - ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ!

НЫШАНЫ - ОЮ-ӨРНЕГІ! ТАҒЫЛЫМЫ - ДАНАСЫНДА! МЕЙРІМІ - АНАСЫНДА!

ЕРКЕЛІГІ - БАЛАСЫНДА! ҚАНАТЫ - ТҰЛПАРЫ!

БАЙЛЫҒЫ - ҰРПАҒЫ! САЛТАНАТЫ - ТОЙЫНДА! АЛҒЫСЫ - БАТАСЫНДА! ДУМАНЫ - АЙТЫС!

ӨНЕРІ - ЖЫР-ТЕРМЕСІ, ӨЛЕҢІ! БИІКТІГІ - ХАН ТӘҢІРІ!

ӨРКЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ - АЛТЫН АДАМ! РУХАНИ ОРДАСЫ - ТҮРКІСТАН!

ҒАЛАМДАҒЫ ОРНЫ - ҚАЗАҚСТАН! ҚАЗАҚТЫҢ ТӘЖІ - АСТАНА!

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ИММУНИТЕТ, РУХАНИ ИММУНИТЕТ - ҚАЗАҚТЫҢ САУЫТЫ!

МЕН ҚАЗАҚПЫН! (Эссе)

Ойланып отырмын. Өзіме-өзім сұрақ қоямын. Оған өзім жауап беремін. «Сен кімсің» дейді ішкі ойым. «Мен қазақпын» деп жауап беремін. «Ал қазақ деген кім?» деп сұрақты үстемелей түседі. «Қазақ деген осы жердің байырғы халқы, осы жердің иесі» деймін. «Себебі бұл жерді бізге ата-бабаларымыз аманаттап кеткен». «Дәлелде» деп менің мысымды баспақ болады. Мен тарихқа жүгінем.

Иә, мен қазақпын. «Қазақ» дегенде көз алдыма ең алдымен аққұба келген, қой көзді, атжақты, қара шашты, орташа бойлы, иман жүзді адам келеді. Бұл қазақтың басты келбеті пен сыртқы сипаты. Ал қазақтың ішкі жан сарайына үңіліп көрейік. Бұл тұста біздің байқайтынымыз, шежіресін тарқатып отыратын тектілігі, қолөнерге деген ептілігі, атажұртын білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған батырлығы, суырып салма ақындығы, соңғы тайын сойып беруге даяр тұратын қонақжайлығы мен дархандығы, жауына да сеніп қалатын аңғалдығы, «Көңіл сыйса, бәрі сияды» дейтін кеңдігі, жүрегін жұлып беруге даяр тұратын балажандығы т. б. қасиеттерін байқаймыз.

Осы пейіліне қарай қазақ Алтай мен Атырауға, Алатау мен Қаратауға ие. Осы пейіліне қарай қазақ Есіл мен Жайыққа, Іле мен Ертіске ие. Осы пейіліне қарай қазақ Жетісуға, одан ары Еуразияның кіндігі - қазақтың кең даласына ие.

Мен «Қазақпын» деп мақтанам. Неге десең біздің халықтың төл өнері жыр дәстүрі мен айтысы бар. Біржан мен Ақандай сал-серілері бар. Қазақтың рухани талғамының бір өлшемі - өнер болса, әлемде қазақ халқы ғана ұлт-аспаптық оркестрін ұйымдастырып, жаңғыртып отырған бірден бір халық. Қазақтың домбырасының күмбірлеген күйлері мен ән дәстүрі еш дүниеге ұқсамайтын жеке бір әлем.

Қазақтың арғы тегі сақтар болса, сақ патшайымы Томирис парсы патшасы Кирдің басын қанға бөктірген. Скиф

батыры Шырақ өзін құрбан етіп парсы әскерін шөлге шөктірген.

Қытайлар қазақтың арғы тегі - ғұндардан қорғанып

«Қытай қорғанын» салдырған. Ал, Ғұн патшасы - Еділ ерлігімен Батысты таңқалдырған.

Иә, мен қазақпын, қазақтар тарихын данагөй Тоныкөктей бабаларамыздың арқасында өсиеттеп тасқа жазған. әл-Фарабидей бабамыз ғылым іздеп, біліп, түйгенін хатқа жазған.

Бейбарыс болса Мысырды билеген, Жалаңтөстей батырлар жауға найза түйреген! Қазақтар ешқашан, ешкімге өздері барып тимеген, бейбіт өмір сүріп домбырасын күйлеген,

«Қаражорғасын» билеген!

Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек құрса, Қасым хан тұсында қазақ саны миллионға жеткен! Абылай хан теріскеймен де, күнгеймен де тең, сұңғыла саясат жүргізіп қазақтың жерін баянды еткен.

«Мекке, Мединаде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда пір Бекет» деген сөзі әулие қазағыма кім жетеді? Иә, мен қазақпын. Қазақта «Хан емессің қасқырсың» деп ханның өзіне айбат шеккен Махамбет бар. Қазақта Ыбырай мен Шоқан бар. Қазақта Абай мен Шәкәрім бар. Қазақта әлемді тамсандырған күш атасы Қажымұқан бар. Қазақта даусы Германия мен Францияны таңқалдырған күміс көмей әнші -

Әміре бар.

Қазақтың азат, сауатты ел болуы жолында барлық қабілет- қарымын жұмсаған зиялы қауым жұлдыздар шоғыры іспетті. Қазақта қазақтың намысына айналған Бауыржаны бар. Қазақта

«Қазақ деген атым бар» деп қазақтың намысын жаныған қайратты Қайраты бар.

Қазақ - ғарыш айдынына Айдыны, Тоқтары мен Талғатын ұшырған саналы халық.

Мен қазақпын. Елім - Қазақстан. Елімнің елдігін белгілейтін, қазақтың рухани талғамынан шыққан желбіреген көк Туым, шаңыраққа ұйысқан айшықты Елтаңбам бар. Ал

қазағымның Әнұраны - қазақтың рухын асқақтатып отырған басты ұраны. Сондықтан болар «Мен қазақпын» деп қазақтың рухының асқақтайтындығы . . .

Асырып айтсам, қазаққа ешкім тең емес! Ашығын айтсам, қазақ ешкімнен кем емес!

ҚАЗАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІ БИІК ТҰРҒАН . . . (Эссе)

«Адам» деген қастерлі де қасиетті ұғым. Адам - жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы рух, парасат, тіршілік иесі. Адам - абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Қазақ халқының да осы адамзат қоғамында өзіндік орны, ерекшелігі, сыр-сипаты мен мәртебесі бар.

«Қазақтар деген ғаламат халық! Өмірді олар ойыншық көреді, қауіп-қатерден, өлімнен қорқу дегенді білмейді. Олардың кішкене қара көздерінде ержүректілік оты жанып тұр». Бұл дәйексөз әдебиетші Владимир Степанович Бурьяновтың жазып қалдырған естелігінен.

Ал, А. А. Васильев : «Бостандыққа сүйіспеншілігі, кіші- пейілдігі, сенімі мен білімге құмарлығы - қазақтарға тән қасиеттер . . . » деп жазды. Завалишин Ипполит : «Қазақ өте қонақжай, қонақты ерекше құрметтейді, қадір тұтады, шын көңілмен уәде берсе, басынан айырылса да оны орындайды! Қазақтар өте батыр халық. Олар қалмақтармен, жоңғарлармен талай рет соғысып жеңіске жеткен. Олардың барлығы бала кезден бастап ат мініп жүргенге үйреніп кеткен, шабандоз. Егер сізден бір нәрсені өтінетін болса, айтатын сөзін батыл, тура айтады, жасқанбайды».

Ал, ағылшын саяхатшысы Аттиксон /Томас-Вильям/:

«Халықтың қаһармандық тарихын жырлаған ақынын малшы- лар зер салып тыңдап отырды, мүмкін, кезінде Гомердің өзі

мұндай ықыласқа бөленбеген де шығар. Шайыр тау мен даланың әдемілігін, жүйрік аттардың сұлулығын әндеткенде, оны тыңдаушылар сабыр сақтап отырды, ал ұрыс-соғыс туралы жыр басталысымен, олардың бет-жүздерінде толқудың белгісі пайда болды. Қазақтарға қан жүгіргені соншалық, кейбіреу- лері, тіпті орындарынан атып тұрып, қалайша соғыс балталарына жармасқандарына өздері білмей қалды. Содан кейін тайпа көсемінің қаза тапқаны туралы әңгіме басталды, оны адамдар түнеріп тыңдады».

Немістің табиғат зерттеушісі Брем Адольф Эдмунд:

«Қазақтың әйелдері мен қыздары киім, әшекейге қызығу жағынан біздің әйел-қыздардан кем түспейді. Беттеріне опа- далап және қызартпа жағуды, сондай-ақ түріктердің салты бойынша тырнақтарын қынамен бояуды біледі. Әйелдері беттерін вуальдың қызық түрі - жаулықпен жабады, бірақ Шығыс елдерімен, мысалы түрік әйелдерімен салыстыр-ғанда, бұл жағынан онша қысылмайды. Мұсылман еместермен қарым-қатынастары да анағұрлым еркін».

Ресейдің Ташкенттегі елшісі Тимофей Степанович Бурнашев: «Қазақ орталарында оларды бір ойдың айналасына біріктіріп отыратын күш не десек: қауіп төңген кезде ортақ мүдде, құқықтарын қорғау үшін, жағдайларына қарамастан, ауызбірлікте болады. Қазақтар әдет бойынша ат мініп жүреді. Қазақтар батыл . . . халық. . ».

Неміс этнографы Георги Иоганн Готлиб: «Тумысынан олардың ақылы кең, өздері тақыршақ жерлерді жақсы көреді, көңілшек, мейірімді, өте сезімтал келеді, демек, қанішер емес. Әйелдері үй шаруасына ұқып-тылығы, жинақылығы, адал ниеттілігімен ерекшеленеді; тұтқындарға жандары ашып, өздеріне қауіп төндіретін-деріне қарамастан, қашып құтылуға көмектеседі. Өздерін тым еркін ұстайды, ешқайсысы біреудің

құлы не малайы болуды қаламайды . . . Халыққа туыс деп қарайды. Ханға аса бағынбайды, бірақ қасиетті тұлға дегендей өте құрметтейді».

Н. Зеланд: « . . . Бұл халық аң аулауда ерекше батылдығымен ерекшеленеді. Қазақтың жападан жалғыз аю, тіпті жолбарыс атуға шығатын мысалдары аз емес». Әйелдерінің бет әлпеттерінде ақылдың белгісін жиі көруге болады. Өнегелік жағынан қарағанда, олардың шыдамдылығы, еңбекқорлығы, ұқыптылығы ер адамдардан асып түсті».

А. Кастальский: «Қазақ әуендері кең тыныстылығымен, жан-жақтылығымен, өзінің тамаша ырғақтылығымен ерекше- ленеді, әндерінің құрылымдары да бөлек, күтпеген жерден шырқай шығатын, ешкімге ұқсамайтын әуезділігі де таң қалдырады, ән иірімдерінің құлаққа жағымдылығын айтып жеткізудің өзі қиын. Тыңдаушыны бірден өзіне баурап алады. Бірде өте нәзік, кейде көңілді көтеретін сұлулық бар».

Бұдан өзге қазақ халқы туралы венгер түркологы, лингвист, саяхатшы Вамбери Герман , швед саяхатшысы, географ, этнограф Гедин Свен ғалымдар өте жақсы мінездеме айтып, жоғары баға беріп кеткен.

Осы жерде, шетелдік саяхатшылар мен зерттеушілердің қазақ жұрты туралы осындай жоғары пікір айтуына не себеп болды екен сұрақ туса, оған бір-ақ сөзбен жауап беруге болады:

ОЛ КЕЗДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІ БИІК ТҰРҒАН!

Қоғамда адам санасының деңгейлеріне қатысты жоғарыда көрсетілген негізгі 4 сана анықталған екен. АТАЛЫҚ САНА - бұл сана иелері қоғамдық ортасы тар, тұрған жерінен алыс бара қоймаған, оқыған-тоқығаны да шамалы, қарапайым тұрмыс кешкен адамдар тобына қатысты берілген баға болар.

Кезекті РУЛЫҚ САНА - орта ғасырларда өмір қажеттілігінен туындаған, облыстық, аудандық әкімшілік бөліністер бола қоймаған кезеңде, «Аттан» деген ұран тасталған сәтте, руы мен тайпасы бірден атқа қонып, бірден ұйымдасып, ұйысатын және жетімі мен жесірін жылатпау, құн төлегенде руымен бірігетін кездегі сана деңгейі.

Ал ЕЛДІК САНА - қазіргі қабылданып жатқан көптеген бағдарламалар мен идеялар негізінде туындаған жоғары сана!

«Мәдени мұра» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» идеясы, «Ұлы дала» идеологиясы қазақты рулық санадан елдік санаға көтеру мәселесінен туындаған деп білемін.

ӘЛЕМДІК САНА - бұл сана деңгейін бүкіл қазақ рулық сана деңгейінен елдік сана деңгейіне көтерілген кезде талдауға болар.

Айтпақшы, бұдан да жоғары сана деңгейі бар екен! Бұл ИЛАҺИ САНА! Бұл деңгейге жеткендер Абай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім болар. Абай атамыз: «Алланың Өзі де рас! Сөзі де рас» дегені ше? Шәкәрім Құдайбердіұлының «Келдім қайдан, қайтсем пайдам, өлгеннен соң не табам» деп түйгені, оның осы деңгейін көрсетсе керек.

Шын мәнінде, қайдан келдік, өзі . . . Не пайда келтіріп жүрміз, қоғамға пайдалы адамбыз ба? Ақирет күніне не әзірлеппіз? Намаз оқимыз ба? Ораза ұстадық па? Алла Тағала барлық нығметті беріп жатыр, беріп жатыр . . . Ал біз не жауап қатыппыз? Нені таныппыз, нені тануымыз керек?

Айтпақшы, енді осы тұста әркім өзінің санасын бір рет өлшеп алса болар еді. Санамыз қай деңгейде . . .

БІЛІМ - НҰР БІЛІМ БЕРУДІҢ КІЛТІ НЕДЕ?

Дәстүрлі оқыту әдістерінде оқушының тұлғалық дербес- тігіне, ұмтылысы мен ынтасына, мүдделері мен дағдыларына, оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмей келді.

Шетелдік білім беру үдерісінде оқу мен оқытуға бірден кірісіп кетпес бұрын алдымен білім-білік дағдысын қалыптастыруға күш салады. Олай болмаған жағдайда машығы қалыптаспаған бала оқуда өзіндік қиындыққа тап болуы ықтимал. Бұл мәселе мұғалімдердің біліктілігін арттыруы саласына да қатысты. Оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. Деңгейлік курстар мен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік арттыратын мұғалімдердің өзі де тәжірибелік, рефлексиялық ойлау, оқыту үдерісін жоспарлау және өзін-өзі жетілдіру қабілетін дамытады, коучинг және тәлімгерлікті жүзеге асыру дағдыларын меңгеруі тиіс.

Осылайша балаларды ХХІ ғасырда қажетті дағдылар- мен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Дағды қалыптастыру- дың құндылығы сол - деңгейлік бағдар-ламалар курсының Мұғалімге арналған нұсқаулығында «дағды» ұғымы 118 рет қайталанса, жаңартылған білім мазмұны нұсқаулығында 139 рет кездеседі.

Елбасының Жолдауында да білім саласына қатысты

«Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетілген.

Осы тұста мына бір ғибратты әңгімені айта кеткен жөн

болар.

Немересі атасынан сұрап отыр дейді: «Ата, осы адам бойындағы жалқаулық, көреалмаушылық, көрсеқызарлық, кекшілдік, надандық сияқты дағдылар не?» деп сұраса, атасы:

«Қасқыр ғой» деп жауап беріпті. Сәл ойланып отырған немересі сұрағын жалғастырып: «Ал, еңбекқорлық, білмекке құмарлық, талап, сүйіспеншілік, мейірімділік сияқты қасиеттер неге жатады?» деген сауал тасталғанда, атасы: «Олар да қасқыр» деп жауап беріпті. Немересі аз-кем отырғаннан кейін

«Осы екі қасқырдың қайсысы жеңеді?» депті. Сонда атасы:

«Қайсысын асырасаң, сол жеңеді» деген екен. Міне осы мысалдан-ақ бойымыздағы тиісті дағдыларды жетілдіріп отырсақ, есесіне қабілетіміз арта түсері анық.

Тіпті қалтаға түсетін ұрылардың өздері де алдымен дағдыны қалыптастырумен айналысатыны анықталған. Олар ыдысқа су құйып, соған сабын салып, сол судағы сабынды екі саусағымен алып шығумен айналысады екен. Есесіне қолы әбден машықтанып алған сол ұрылар жолаушылардың қалтасындағы әмияндарын әп-сәтте қолды қылатынын естіп жүрміз.

Сонда ұрылардың өзі дағдының құндылығы мен артықшылығын біліп, соны өздерінің мақсатына жетуге пайдаланғанда, біздер, мұғалімдер неге осы мәселені кәсіби тұрғыдан қолданбасқа.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
Болмыстың негізгі формалары
Шәкәрім рух туралы
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым
Түркі халықтарының философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасы
Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы
РУХАНИ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Рух және оның табиғаты туралы жекелеген дәлелдер
М. Қозыбаевтың Өркениет және ұлт еңбегіне аннотация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz