БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

СМАЙЛОВА ШОЛПАН АРИКБАЕВНА

ҚАЗІРГІ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

8D02192 Өнертану білім беру бағдарламасы бойынша диссертацияның
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕМЕСІ
(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Рецензент: Театр өнерінің тарихы мен теориясы
кафедрасының профессоры М.Б. Жақсылықова

Алматы 2024

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ___________________________________ ______________3-7
1 БӨЛІМ
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қуыршақ театрының алғышарттары мен қалыптасу негіздері____8-11
Әлемдік театрдағы мультимедиялық әдістердің қуыршақ театрында қолданылуы_________________________ ___________________12-17
2 БӨЛІМ
ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Қуыршақ актер ретінде: театр кеңістігінде жансыздың жандану феномені___________________________ ______________________18-19
Қазіргі балалардың әлеуметтік-мәдени кеңістігіндегі қуыршақ театры_____________________________ ____________________20-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_________________________ _23-24

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі әлемдік театр кеңістігінде жүріп жатқан мәдени, әлеуметтік процесстермен тығыз байланысты. Үнемі даму мен жаңару үстіндегі қоғам мәдениеттің сан түрлі салалары бойынша терең зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді алға тартып отырады. Солардың бірі - қуыршақ театры.
Қуыршақ театры - жансыз затты қайта тірілту феномені арқылы ерекшеленетін мәдениеттегі ең қызықты өнер туындысының бірі. Оның негізгі драмалық және өзге де театрлардан айырмашылығы жанды табиғатымен ерекшеленеді. Алғашқы қуыршақ театрларының пайда болу тарихы тереңде. Ертеде қуыршақ ойыншықтары айрықша маңызға ие болды және адамзат дамуының басты құндылықтарын шоғырлаудағы негізгі роль атқарды. Кез-келген баланың ойыншықсыз ержетуі мүмкін емес. Адам алдағы келген уақытта қандай әлеуметтік жағдайда болмасын, өмірде барлығы да ойыннан басталады, ересек өмірде де солай жалғасады. Ойын өмірдегі алғашқы тәжірибелерді игеруге жәрдемін тигізеді, онсыз адамның жеке дамуы мүмкін емес. Жеке тұлға осы ойын арқылы қуыршақ театрына келеді. Сондықтан да қуыршақ театры уақыт ағымындағы жеке феномен ретінде қарастырылып үлкен өзектілікке ие болды. Олай дейтініміз онда қоғам тынысы мен мағынасы көрініс тапты. Бүгінгі театртанушылық зерттеулерде қуыршақ театры жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызы құралы ретінде танылды. Өйткені адам қуыршақты сәби кезінен бастап, үлкен азамат болғанға дейін пайдаланады. Қуыршақ ежелден әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрдің бөлінбес бөлшегіне айналып, эстетикалық, ойындық қызметтерді атқарған.
Кез-келген халықтың мәдениетіндегі қуыршақтардың маңызын ескере отырып, алдымен қазақ мәдениеті тарихында қуыршақ театрының қалыптасып дамуына тоқталып өтсек. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Көнеден келе жатқан Ортеке ойыны осының айқын дәлелі. Сонау ерте замандарда қазақ халқында ағаштан жонылған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап, жіп тағып, домбыраның сүйемелдеуімен орындалар күйдің, не болмаса әуеннің ырғағында қозғалып, билейтін Ортеке аталатын қуыршақтар көрерменіне қызықты қойылымдар көрсеткен. Сол арқылы халық үлкен өнердің куәсі болған. Осынау ұлттық өнер түрі кейін, уақыт өте келе дамып, жетіліп басқа да қуыршақтардың өмірге келіп, өнер көрсетуіне ықпал етсе керек. 1935 жылы академик Ахмет Жұбанов Қазақ халқының қуыршақ театры Ортеке деген мақала жариялайды. Онда: Бұл арнайы тұғырға орналастырылған текенің ағаштан жасалған бейнесі. Қуыршақты жіппен жалғап оң қолдың саусағымен байлап тартып отырып қозғалысқа келтіреді. Бұл қозғалыс музыканың ырғағына ілесіп отырады. Домбыра тартқан кезде теке қуыршақ біресе секірген болып, біресе жүгірген болып әр түрлі қимыл жасайды [1, 3б] деген. Ал қуыршақтадан құралған кәсіби театр 1935 жылы құрылған Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры.
Қуыршақ театры маңызды құрал ретінде қоғамның бөлінбес бөлшегіне айналып, мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоғамдық идеологияның қалыптасуына және жасөспірім жеткіншектердің мәдени болмысының түзелуіне ықпал етеді. Елімізде философия, мәдениет саласында ғалымдар түрлі еңбектер дүниеге әкелгенімен, қуыршақ театрының күрделі түйіткілдерін зерттеушілер саусақпен санарлық. Бұл тұста ең алдымен театр өнерінің бір саласы - қуыршақ театрының табиғатын, қоғамда алар орнын зерттеу мәселесі тұр. Кеңес үкіметі кезіндегі қуыршақ театрының классиктері: Е.С.Деммени, С.В.Образцова, Н.И.Смирнова, А.Ф.Некрылова, В.Е.Гусева, А.Федотовалар ғылыми зерттеулер жасап құнды монографиялар қалдырды. Бірақ, бұл салада қазақ тіліндегі практикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары аса аз жүргізілгенін өкінішпен айтуға болады. 1994 жылы өнертану кандидаты дәрежесін алу үшін театртанушы Е.Т.Жуасбек Қазақ қуыршақ театрының құрылуы мен дамуы атты еңбегін Алматыдағы Республикалық қуыршақ театрының шығармашылығы негізінде қорғаған. Аталмыш зерттеу еңбегі еліміздегі қуыршақ театрларының күрделі мәселелерін шешуге деген алғашқы талпыныстардың бірі болды. Сауатты теория - сапалы тәжірибенің өзегі десек, қуыршақ театры жайлы тұщымды тұжырымдар, келелі ой білдіру уақыт талабы. Бұл салада авторлардың шығармашылығында ізденістердің аз болуы мәселе тудырады. Бұл бүгінгі қуыршақ театрының ұлттық мәдениеттегі көркем аспектісі мен ғылыми өзектілігін көлеңкеде қалдырып тұр. Мәселені осылайша талдау зерттеудің жалпы гипотезасын анықтап, қазақ қуыршақ театрын әлемдік театр кеңістігінде қарастырып, қуыршақ феноменін ғылыми тұрғыда салмақтауға, олардың бүгінгі театртану ғылымындағы өзектілігін, жаһандану мен өндірістің коммерциалануы жағдайында қазақ қуыршақ театрының деңгейін көтеру мәселесін алға тартады.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Шын мәнісінде, әр қуыршақ, мәселен көркем қуыршақ, театр қуыршағы, кеңінен алып қарасақ ойыншық болып табылады. Қуыршақ түсінігінің басты көрсеткіш оның адам тәріздес (антропоморфты) болып табылуында. Қойылым кезінде қуыршақтарға жан бітіп, өздерін адамдар тәрізді ұстайды, содан өзінің антропоморфтылығын көрсетеді. Зерттеудің өзегі қуыршақ театрының алғышарттары мен қалыптасуын негізге ала отырып, әлемдік театрдағы мультимедиялық әдістердің қуыршақ театрында қолданылуын анықтау болып табылады.
Бүгінгі театр кеңістігіндегі өзгерістер, медиа технологиялар театрдағы дәстүрлі құндылықтар жүйесінің құлдырауына әкелді. Театр өнеріндегі трансформация қуыршақ театрында бар театрлық шындықтың өзгеруіне әкелді. Бұл тұста парадокс қуыршақ театрының осы өнер түрінің негізгі экспрессивті құралынан бас тартуынан тұрады, яғни қуыршақтың өзі қазіргі мәдениеттану ғылыми еңбектері мен эмпирикасы қуыршақ театрында әр түрлі экспрессивтілік құралдарын қолдануды көрсетеді, бұл қуыршақтың өзінен басқа, талдауды қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда қуыршақ театрының ерекшелігін және оның мәнерлеу құралдарын бейнелейтін А.Н. Васильков, Е.С.Деммени, А.В.Минаков, Ю.И. Козюренко, М.М. Королев, С.В. Образцов, Н. Симанович-Ефимов, Н.П. Александров, Е.С. Калмановский, Н.И.Смирнов, О.И.Поляков, Л.Пумпянскийдің, актерлік ойында қуыршақтарды жүргізу техникасы бойынша Э.Г.Крэгтің, қуыршақ жүйесінің теориялық мәселелерін қамтитын А.П.Федотов шығармаларының кең ауқымы бар. Қуыршақ театрының еуропалық зерттеушілерінің нақты тарихи дәуірлері мен театр типтері контексінде Э.Мендрон, Ш.Маньен, Йорик (П. Ферриньи), Г.Бати, Х.Юрковский, М.Вашкель еңбектерін ерекше атауға болады;
Ұлттық қуыршақ жүйесі Б.П. Голдовский, М.Ю.Дмитриевская, М.А.Кадыров, Л.А.Перепелицина, И.Н.Соломоник, Е.Я.Романовский және т.б. еңбектерінде кеңінен жарық көрді. Қуыршақ театрын отандық зерттеуде Е.Т.Жуасбековтың Қазақ қуыршақ театрының қалыптасуы мен дамуы атты диссертациялық зерттеу жұмысы алғашқылардың бірі болып табылады (1994). Қуыршақ театрын қарастыруға арналған феноменологиялық бағыттағы диссертациялық зерттеу Т.С.Хасанғалиеваның Қуыршақ театры мәдениет феномені ретінде, А.К. Ешмұратованың Қазақ қуыршақ театрының режиссурасы: генезис, эволюция, жаңғырту докторлық жұмысы болып табылады (2019 ж).
Зерттеудің гипотезасы: зерттеуде біз жалпы қуыршақ театрының қалыптасуы мен негізгі алғышарттарын зерделей отырып, қазіргі қуыршақ театрының көркем трансформациясын әлемдік театр процесстерінің контекстінде қарастырылады. Қазақ қуыршақ театры және әлемдік сахналық өнердің мұрасын жинай отырып, олардың даму эволюциясы, репертуарды таңдауы, қуыршақтардың қолданылуы, қазіргі заманғы мультимедиалық әдістердің көмегімен қазіргі отандық және шетелдік тәжірибені жан-жақты талдау жүргізіледі. Зерттеу нысаны әлемдік үрдістер ықпалының контексіндегі сахна өнерінің феномені ретіндегі қазақ қуыршақ театры болып табылады. Зерттеу жұмысының пәні - отандық қуыршақ театрының көркем трансформациясын әлемдік театр кеңістігінде қарастыра отырып оның мәдени-тарихи дамуын зерделеу. Зерттеу мақсаты - қазақ қуыршақ театрының бүгінгі күндегі қалыптасуы мен жаңғыруының эволюциясын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері: ұлттың қазақ қуыршақ театрының даму тенденциясы мен көркем ізденістерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдері арқылы анықтау. Еліміздің мәдени бірегейлігін қалыптастыру үдерісіндегі қазақ қуыршақ театры қызметінің маңызын ашып көрсету. Қуыршақ өнерінің театралды формаларын қоса алғанда, қазақ қуыршақ театрының пайда болу алғышарттарын зерделеу. ХХІ ғасырдағы қазақ қуыршақ театрының қалыптасу үдерістерін сипаттау. Қазіргі қуыршақ театрын әлеуметтік-мәдени кеңістік тұрғысынан ерекшелігін анықтау. Қуыршақ театрындағы мәнерлілік құралдарының инновациялық үрдістері мен жаңғыртылуын, атап айтқанда, қазіргі заманғы жаңа мультимедиялық әдістердің қолданылуын айқындау.
Зерттеу әдіснамасы. Зерттелетін жұмысқа жалпы ғылыми және арнайы тәсілдер кешені қолданылады. Атап айтқанда: мәдениеттану, антропологиялық, теориялық, тарихи тәсілдер. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында әртүрлі ғылыми-тәжірибелік әдістер, оның ішінде театртану және семиотикалық талдау әдістері. Зерттеу бойынша негізгі тұжырымдар: қуыршақ театры арқылы жас ұрпақтың адамгершілік қасиетін ояту. Олардың моральдық-рухани жетілуіне деген қажеттілігін дамыту арқылы, қуыршақ спектаклімен балалардың бойында негізгі моральдық құндылықтарды қалыптастыру. Себебі, қуыршақтардың қойылым арқылы нақты өмірдегі адамның мінез-құлқының моделін бере алуы. Қазақ қуыршақ театры негізі бастауы ежелгі миф-салттық тәжірибелермен астасып жатыр, бұл туралы қазақтардың көркем санасы эволюциясының барлық кезеңдерінде мәдениеттің ойын нысандарының сюжеттік және бейнелі-стильдік бірлігі куәландырады. Ұлттық мәдени дәстүрдің өзіндік белгісі техника мен тәсілдердің, жанрлардың, тіпті өнер түрлерінің органикалық қосылуында көрінетін синкретизм болып табылады. Оның жарқын мысалы ортеке қуыршақ-музыкалық өнері. Қуыршақ театры Қазақстандағы кәсіби жанр ретінде тек ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғана пайда болған, дегенмен қазақ қуыршақ театрына кеңес мектебінің үлкен ықпалы зор болған. Бұл ретте театрлардың репертуары сахналық жанрлардың алуан түрі қолданылды. Салыстырмалы түрде жақын тарихи кезең тұрғысынан алғанда, қазақ қуыршақ театры қалыптасқалы бері өзіндік бірегейлікті, ұлттық негізділікті және ұлттық негізделген ойнақы қуыршақ өнерін қалыптастыра алды. Ұлттық қуыршақ театрларында көрнекті қоюшы режиссерлерді, қуыршақ актерлерін тәрбиелеуге мүмкіндік туды, олардың шығармашылығы арқасында көрермендер аудиториясының қажеттіліктеріне, мүдделеріне жауап беретін қойылымдар өмірге келді. Бүгінде жаңа мультимедиялық технологиялардың енуі және қуыршақ театрларында көркемдік ізденістер эволюциясының ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, медиалық дәуірде театрға көрермендер назарының артуына, актермен жанды эмоционалдық қарымқатынасты іздеу театр қойылымдарын нақты режимде көруге түрткі болды. Шымылдықтың қатаң шектері жойылды, полижанрлық, әралуан түрдегі сахналық нысандар, сахналық метафоралар қолданылды. Қуыршақ театры әлемдік театр өнерін дамыту логикасында жылжи отырып, ұлттық қуыршақ театры жоғары инновациялықпен сипатталады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақ қуыршақ театры өзіндік өнертанушылық феномен ретінде қарастырылды. ХХ ғасырдың екінші жартысы XXI ғасырдың басындағы қазақ қуыршақ театрының алғышарттары мен қалыптасу кезеңдері ғылыми айналымға енгізіледі. Бүгінгі қазақ қуыршақ театрының негізгі бағыттары анықталды. Қазіргі кезеңдегі қазақ қуыршақ театрында мультимедиялық технологияларды қолдану жолдары зерттеледі.
Зерттеудің ғылыми-теориялық және тәжірбелік маңыздылығы. Зерттеудің негізі ретінде алынған материалдары өнертанушылардың, мәдениеттанушылардың тарихи-театртанушылық еңбектерінде, театртану тәжірибесінде және қуыршақ спектакльдерінің көркемдік сынында қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері білім беру саласында, педагогтардың әдістемелік әзірлемелерінде, студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылатын әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспе бөлімде зерттелетін тақырыптың өзектілігі негізделеді, оның мақсаттары мен міндеттері, ғылыми әзірлену дәрежесі мен ғылыми жаңалығы анықталады.
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ бірінші тарауы екі бөлімнен тұрады. Бірінші тараушада қазақ қуыршақ театрының тарихи-теориялық алғышарттарының дамуы өнер феномені ретінде зерттеудің әдіснамалық тәсілдері қарастырады. Екінші тараушада қазақ қуыршақ театрында әлемдік театр өнеріндегі жаңа әдістердің қолданылуы тұрғысынан зерделеніп, оның әлеуметтік-мәдени және тәрбие аспектілерінде функционалдық маңызы анықталады. Сонымен қатар бүгінгі қуыршақ театрының көркем ізденістері мәдени бірегейлікті қалыптастыру ресурсы ретінде айқындалады.
ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ 2 тараушадан тұрады. Оларда, тиісінше, сахналық қуыршақ өнерінің негізгі театралды формалары анықталады, қазақ қуыршақ театрларының пайда болуының алғышарттары айқындалады, театртанулық талдау негізінде әлемдік театр процесстерінің қазақ қуыршақ театрына ықпалы айқындалады, заманауи қазақ қуыршақ театрларының көркем ізденістерінің қадамдары көрсетіледі. Қуыршақ актер ретінде: театр кеңістігінде жансыздың жандану феномені ретінде зерделенеді. Қазіргі балалардың әлеуметтік-мәдени кеңістігіндегі қуыршақ театры ролі, цифрлық технологиялар әлемінде балаларға қуыршақ театрының маңызы, әсер ету дәрежесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Цифрлық ұрпақ өкілдерін қуыршақ театры арқылы тәрбиелеудің жолдары қарастырылады.
Қорытындыда диссертациялық зерттеудің қорытындысы және оның нәтижелері шығарылады.

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қуыршақ театрының алғышарттары мен қалыптасу негіздері
Қуыршақ театры синтетикалық өнер, ол жас көрермендерге бүкіл көркемдік құралдармен әсер етеді. Қуыршақ театрының спектакльдерін көрсету кезінде көркем сөз де, бейнелік образ - қуыршақ, көркем де сәндік безендіру, ал музыка - ән, музыкалық сүйемелдеу қолданылады. Қуыршақ театрын қоғамда шебер пайдалану балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесіне үлкен көмек көрсетеді. Қуыршақ өнері - сахна суретшісі мен режиссердің қиялынан туындап, актердің қимылы мен сөзі, музыка әуені қосылып, бейнелі түрде баланың жүрегіне жететін қызықты өнер. Актер қолында жанды кейіпке айналған қуыршақ бала тілінде жақсылыққа куанып, жамандықтан бой тартып, адам жанының мұңын, жүрек жарды қуанышын, орны толмас өкініш, ыза, достық, махаббат сезімдерін басынан кешеді.
Қуыршақ театры - қуыршақ арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Бала жанын адамгершілік, мейірімділік, ізгілік шуағына бөлейтін, жарқын болашаққа жетектейтін өнер ордасы.
Қуыршақ театрларында қолға киілетін қуыршақтар қолданылады. Оларды қолғапты қуыршақ немесе ақжелкен деп атайды. Олардың басты кейіпкері халықтық қуыршақ театрынан алынған - Петрушка. Мұндай қуыршақ қолға киілгенде, қуыршақтың басы мен қолының қимылдарын басқаруға болады. Қуыршақтың беті қимылсыз және қимылдары шектеулі болғанына қарамастан, бұл көрермен қауымға тірі жан сияқты әсер етеді. Қуыршақ көп жағдайларда ертегі кейіпкерінің мінез-құлқын шынайы және әділ жеткізе алатындығымен ерекше.
Қуыршақ түріне, актердың қимылға келтіру тәсіліне қарай, сахнасына қарай төмендегідей бірнеше топқа жіктеледі, атап айтқанда: киілмелі-қолға киіп ойнайтын (петрушечный), сылдырмақты-жіп немесе сым арқылы қозғалтатын (тростевой), қуыршақ кескінін экранға түсіретін (теневой), жіп арқылы жүретін (марионетечный) ойын көрсететін қуыршақтар.
Қуыршақ театрлары жайлы алғашқы деректер Аристотель, Герадот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде жиі кездеседі. XI ғасырда Діни жазба тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Қуыршақ театры туралы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған. 1550 жылы өмір сүрген қуыршақ театрының басты кейіпкері - Пульчинелла кейін дүние жүзі театрларында негізгі тұлғаға айналды. Ол Францияда Полишинель, Англияда Панч, Испанияда дон Кристоваль Пульчинель, Голландияда Пикельгеринг, Германияда Кашперле, Чехословакияда Кашпарек деген атқа ие болды. Қуыршақ театры алғашқы жылдары Европа, Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді.
Ресей елінде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен өзара байланысты. Ресейдегі алғашқы қуыршақ кейіпкері Петрушка негізінен кезбе актерлердің ойын көрсету құралы болды. XVIII - XIX ғасырларда марионетка қуыршақтары жәрмеңкелерде балагандарының бас құралы болды. Осы тұста Петроградта Л. В. Шапориннің, Мәскеуде И. С. Ефимовтың басшылығымен тұңғыш кәсіби қуыршақ театрлары өмірге келді. Олар балаларға арнап арнайы қойылымдар қойып, көпшіліктің көңілінен шықты. Ал 1930 жылдары ТМД елдерінде 25 Мемлекеттік қуыршақ театрлары жұмыс жасады. 1931 жылы Мәскеу қаласында С.В.Образцовтың жетекшілік етуімен Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды. Ол бүкіл ТМД елдеріндегі қуыршақ театрларының дамуына айрықша зор ықпалын жасады. 1970 жылдары ТМД елдерінде 100-ден астам қуыршақ театрлары жұмыс жасап, қуыршақ өнерінің дамуына үлес қосты.
Ал, ұлттық қуыршақ театры дегенде, есімі елге ежелден мәлім Ортеке бейнесі көз алдымызға келеді. Себебі, қуыршақ театры өз бастауын осы Ортекеден алады. Сонау ерте замандарда қазақ халқында ағаштан жонылған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап, жіп тағып, домбыраның сүйемелдеуімен орындалар күйдің, не болмаса әуеннің ырғағында қозғалып, билейтін Ортеке аталатын қуыршақтар көрерменіне қызықты қойылымдар көрсеткен. Сол арқылы халық үлкен өнердің куәсі болған. Осынау ұлттық өнер түрі кейін, уақыт өте келе дамып, жетіліп басқа да қуыршақтардың өмірге келіп, өнер көрсетуіне ықпал етсе керек.
Ұлттық қуыршақ театры - салт-дәстүрге, көптеген кейіпкерлерге, мазмұнды бейнелерге өте бай. Дегенмен, әлі де болса театртану ғылыми тұрғысынан толық зерттелуі кемшін. Бұл әрине ұлттық рухани мұраның назардан тыс қалып бара жатқаны көрсетеді. Қуыршақ театрының тарихын, қалыптасу кезеңдерін зерттеуде қажетті ғылыми еңбектер де жоқтың қасы. Қуыршақ театры өзге театрларға қарағанда баяу қанат жайып келе жатқан өнер түрі. Ерекшелігі оны әр түрлі жастағы адам тамашалай алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 8 қуыршақ театрлары жемісті қызмет етіп келе жатыр. Олар 1935 жылы - Алматы, 1981 жылы - Ақтау, 1983 жылы - Шымкент, 1985 жылы - Ақтөбе, Жезқазған, 1992 жылы - Петропавл, 2010 жылы - Астана, 2012 жылы - Қостанай қалаларында ашылған қуыршақ театрлары.
Ал әлемдік қуыршақ театрларының тарихына көз жүгіртсек ежелгі қуыршақ өнер түрі, жазбалар қуыршақ театры шамамен 4000 жыл бұрын Ежелгі Грецияда болғанын көрсетеді. Ертеде қуыршақтар әр түрлі қоғамдағы адамдардың қажеттіліктері мен идеяларын хабарлау және жандандыру үшін қолданылған. Кейбір тарихшылардың айтуынша, театрда әртістер сахнада өнер көрсете бастағанға дейін қуыршақ қолданылған. Дәлелдемелер қуыршақтар біздің заманымызға дейінгі 2000 жылдың өзінде Египетте қолданылған. Балшықтан және піл сүйегінен жасалған және сыммен басқарылатын қуыршақтар қолданыста болып, діни драмаларда жаяу мүсіндерді сипаттайтын иероглифтер ретінде де сипатталды. Қуыршақ өнерін сипаттайтын ең көне жазбалар Геродот пен Ксенофонттың еңбектерінде, яғни б.з.д. 5 ғасырға жатады.
Ал Шығыс Азия елінде біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылға жататын, басы алынатын солнымен қатар жіппен басқаруға қабілетті терракота қуыршақтары табылды. Тағы бір қуыршақ кейіпкері - таяқпен басқаруға болатын терракоталық маймыл. Қуыршақтар сонымен қатар атақты Махабхарата, Сангам дәуіріндегі Тамил әдебиеті және бірнеше әдеби шығармаларда сипатталған.
Қытай қуыршақ театрының тарихы тым тереңде, сонау 3000 жылдан бастау алады. Қуыршақтар көбіне көлеңкелі театр ретінде белгілі болды. Әр әлеуметтік таптың, соның ішінде Император сарайында қуыршақтың ойын-сауыққа арналған бірнеше танымал түрі болды. Өте білікті тәжірибелі қуыршақтар тіпті қуыршақтарын ауада сальто тәрізді трюктер жасау мүмкіндігіне ие болған.
Жапонияда қуыршақ театрының ең танымал түрі - бунраку пайда болған. Бунраку қуыршақ театры синтоизм ғибадатханасында дүниеге келіп, бірте -бірте өте күрделі өнер түріне айналды. Бастапқыда бунраку тек бір қуыршақпен орындалса, 1730 жылға қарай оның дамуы мен танымалдығы көрермендердің көз алдында жұмыс істеуіне әкелді. Бірақ бұл қуыршақтар толығымен қара киімге киініп, қара фонда жұмыс жасады. Кесілген, әр түске боялып, алуан түрлі костюммен безендірілген қуыршақтар арнайы шырақпен жарықтандырылды.
Ауғанстанда туған қуыршақ театрының формасы buz-baz деп аталды. Бұл музыкалық қуыршақ театры түрі алғашында Солтүстік Ауғанстанда өмірге келді. Қуыршақтың бұл кейіпкері ағаштан ойылған, гүлдермен, қоңыраулармен безендірілген ешкі кейіпкері болды. Ешкі екі мағынаға ие болды бірі - марфор деп аталды, (жылан жейтін ешкі) екіншісі тау ешкілерінің күші бар деген сенімге ие ешкі. Сол уақытта қуыршақпен бірге дәстүрлі ауған музыкасы да өмірге келеді. Ешкі музыкалық ырғаққа сәйкес дамбура деп аталатын аспапқа қосылған. Яғни қазақтың ортеке ойынына ұқсас. Қуыршақ аспапты қуыршақпен байланыстыратын жіп бар платформаға бекітілген. Бұл қуыршақты басқаруға және бір уақытта дамбураны ойнауға мүмкіндік берді.
Таяу Шығыс елдерінде қуыршақ театры басқа өнер мен театр түрлері сияқты ислам мәдениетінің тікелей ықпалында болды. Түріктің көлеңке театры Карагөз аймақтағы қуыршақ театрына әсер етуде маңызды мағынаға ие болдыОл Қытайдан Үндістан арқылы қоныс аударған деген тарихи болжам бар. Кейін моңғолдар оны қытайлықтардан алып, Орта Азиядағы түрік халқына берген деген тарихи ақпарат бар. Түрік халқы Анадолыға көлеңкелі театрды әкелді. Басқа ғалымдар XVI ғасырда Анадолыға көлеңкелі театрды әкелген мысырлықтар болған деген болжам айтады. Кейбір аудандарда көлеңкелі қуыршақ театрының түрі-хайал-аль-зилл қойылған. Негізі шоу түрінде тірі музыкамен (барабан, флейта, барабан), сондай-ақ от, түтін сияқты эффектілермен, күн күркіреуі, шиқылдау, тарсылдату мен соққылардың сүйемелдеуімен халыққа ұсынылған.
Иранда қуыршақтар біздің эрамызға дейінгі 1000 жылдықта пайда болған. Бастапқыда қуыршақтар қолғап пен жіп тәрізді қуыршақтар болып, кейін, кейін Түркиядан келген қуыршақ өнерінің басқа түрлеріне еліктей бастаған. Қуыршақ шоулары көбінесе дәстүрлі шай мен кофеханаларда қойылып, олар ертегілермен бірге қатар жүрген.
Италиядағы христиан шіркеулері морионеттермен моральдық пьесалар қоятын. Ал Марионетка сөзі Марияның кішкентай фигурасынан шыққан деп есептеледі. Уақыт өткен сайын шіркеуге мүлде ұнамайтын пьесаларға қосымша комедия енгізілді. Бұл шіркеудің қуыршақ театрына тыйым салуына әкелді. Бірақ бұл қуыршақтарды алаңдатпады. Көп ұзамай осыдан кейін Commedia dell'arte деп аталатын итальяндық әйгілі комедия дүниеге келді (ол кейін басқа елдерде қуыршақ театрына әсер етеді). Көп ұзамай спектакльдерде, соның ішінде Шекспирде ойнаған актерлерге қарағанда, қуыршақтарға артықшылығы біліне бастады. Марионет элиталық жоғары топ арасында танымал болғанымен, таяқшалы қуыршақ өнері төменгі сатыдан шыққан.
Қуыршақ театры көпшіліктің көңілінен шығатын театр түрі болғанымен, оны жоғары өнерден төмен деп санаған кездер болды. Ол негізгі театр мен өнерден бөлек өнер түрі ретінде дамыды. Театр ғимараттарының сыртында, жәрмеңкелер мен базарларда өнер көрсеткен жыртқыш және төмен қуыршақтар сығандар мен қарақшылармен қатар жіктелді. Алайда көп ұзамай қуыршақ өнері суретшілерді жоғары өнер дәстүрлерінен шабыттана бастады.
Қуыршақ өнері ХХ ғасырда сан алуан жолмен дамуын жалғастырды. Кино, теледидар мен басқа да медиалық құралдардың қатар дамуы қуыршақ театрына өзінің әсерін тігізді.

Әлемдік театрдағы мультимедиялық әдістердің қуыршақ театрында қолданылуы
Қуыршақ театры - жансыз затты қайта тірілту феномені арқылы ерекшеленетін мәдениеттегі ең қызықты өнер туындысының бірі. Оның негізгі драмалық және өзге де театрлардан айырмашылығы жанды табиғатымен ерекшеленеді. Алғашқы қуыршақ театрларының пайда болу тарихы тереңде. Ертеде қуыршақ ойыншықтары айрықша маңызға ие болды және адамзат дамуының басты құндылықтарын шоғырлаудағы негізгі роль атқарды. Кез-келген баланың ойыншықсыз ержетуі мүмкін емес. Адам алдағы келген уақытта қандай әлеуметтік жағдайда болмасын, өмірде барлығы да ойыннан басталады, ересек өмірде де солай жалғасады. Ойын өмірдегі алғашқы тәжірибелерді игеруге жәрдемін тигізеді, онсыз адамның жеке дамуы мүмкін емес. Жеке тұлға осы ойын арқылы қуыршақ театрына келеді. Сондықтан да қуыршақ театры уақыт ағымындағы жеке феномен ретінде қарастырылып үлкен өзектілікке ие болды. Олай дейтініміз онда қоғам тынысы мен мағынасы көрініс тапты. Бүгінгі театртанушылық зерттеулерде қуыршақ театры жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызы құралы ретінде танылды. Өйткені адам қуыршақты сәби кезінен бастап, үлкен азамат болғанға дейін пайдаланады. Қуыршақ ежелден әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрдің бөлінбес бөлшегіне айналып, эстетикалық, ойындық қызметтерді атқарған.
Кеңес заманынан бері қуыршақ театры көптеген өзгерістерге ұшырады. Олардың ішіндегі ең бастысы-қуыршақ актері ширмадан шығып, спектакльдің толыққанды кейіпкеріне айналды. Қуыршақ классикалық мағынада сирек кездеседі: оның ролін заттар, адамдар, дене мүшелері ойнайды. Сонымен қатар, қуыршақтың өзі ұзақ уақыт бойы ақжелкен мен қуыршақ емес, ол авторлық техниканың қуыршағы болып табылды. Бұл ерекшеліктердің барлығы өткен ғасырдың 1970 жылдарында қаланған, бірақ негізінен ересектерге арналған спектакльдерде қолданылған. Балалардың қойылымдары формада консервативті болды. Көптеген ата-аналар әлі күнге дейін балаларын қуыршақ театрының классикалық қойылымдарына апарғысы келеді, онда қуыршақ немесе ақжелкен бар, ал актер сахнаға тек қойылым соңында қоштасуға шығады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру
Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Театр бала өмірінде
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Қуыршақ театры
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
Балалар театрының түрлері
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер