Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері


Жаркент жоғары педагогикалық колледжі
Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілігі : 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі»
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
НА-21/ 310 топ студенті:
Тельманова. Г (қолы)
Ғылыми жетекшісі:
Омарова. Д (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыЖ. С. Жаманшалова
« »2024 ж.
Курстық жоба (жұмыс) « » бағаға қорғалды.
Жұмыстың мазмұны
Кіріспе . . . 3
I ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері . . . 6
- Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы, оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері . . . 10
II ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН, ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2. 1. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы . . . 16
2. 2. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін бағалау әдістері мен тәсілдері . . . 23
Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31
1
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республика өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар, білім саласындағы басты мәселе-келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениетті, елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл тұрғыда оқушы тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінің маңызы зор.
Оқу-тәрбие үрдісі-педагогикалық процестің бірлігі. Ал, педагогикалық процесте оқушылардың жас кезеңдері мен дербес ерекшеліктерін есепке алу негізгі мәселе. Тұлға болып одан әрі жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты прктикалық қызметте аша біліуі шарт. Бұл тұста да оқушылардың жас кезеңдері мен дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды қызмет атқарады.
Баланың болашақта қандай адам болып өсетіндігі мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты. Аталған мазмұн мен әдістерді тиімді қолдану оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып оқу-тәрбие үрдісінде жас ерекшеліктері және оны есепке алу туралы ой-тұжырымдарды жүйелеу, түсінік беру
Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 бағдарламасында Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу - мақсаттың бірі болып отыр. [1] Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес Әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.
2
Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде : Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту. Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңарту Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет. Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы - бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру сапасын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұңдай дәстүрсіз түрлсрі көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компыотерлік сабақтарын жатқызуға болады. [2] Бірақ, жоғарыда аталғап сабақтың дәстүрлі емес түрлсрі - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданалатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) -сабақтың элементтерінен қарау керек. Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру
3
университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін "Өздігінен білім алу мектебі" т. б. жұмыстар.
Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру. Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы және т. б. осы аталған сабақтардың әрқайсысын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға тәрбие беруге болады. Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор. Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр-түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалыктарын іс-тәжірибесінен байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде. [4] Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе Қазақстан мектебі журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады. Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. И. Ильин т. б. ) белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.
4
І ТАРАУ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында: Білім беру жүйесінің басым міндеттері - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту - деп көрсетілген. Мұнда бүгінгі таңда мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ұстанатын ең басты қағидасы болу керек екендігін көздейді. Осыған орай, біз мұғалім өзінің кәсіби педагогикалық міндетін атқаруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың бойындағы дара қажет, қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір ерекшеліктерге тоқталамыз. [6] Жалпы алғанда, оқу- оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды орта білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру керек. Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі орта буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру - мұғалім құзырындағы іс. [8] Оқушыларды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке
5
жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігі тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемелік және тәсілін пайдалану керек. Бастауыш сынып жасында баланың салмағы бір жылда 2-2, 7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейін аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килогрммнан 36 килогрммаға дейін артады. Осы жаста үлкен адам миынің 90% дай болса, 10 жаста 95% на тең болады.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болады. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әліде бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін» деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттен (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларын үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білім алу іс-әрекетіндегі маңызды әрекеті - бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді - енді келеді, Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын, Бұрын қандай болдым - қазір қандаймын, міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субьекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясына қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық
6
жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқытудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау ағымдық қорытындылау және шолу түрлерімен ажыралады.
Мұғалім оқушылардың жас және жеке ерекшелігіне қарай үй тапсырмасын беруі тиіс.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс - тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
2. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен, олардың іс - тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
7
3. Үй тапсырмасы бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушылараға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сипатына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
- Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы, оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері.
Оқушыларды оқытуда жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктеріне сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі. [9]
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
-тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
-сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
-сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
-сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
-сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдалана өткізу мұғалімнің ғылыми - әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
8
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қалыптастыру:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындаған, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу. т. с. с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады . . . Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. [16] Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді
.
9
Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.
Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz