Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

РМҚМ «БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

РГКП НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР «БОБЕК»


«БӨБЕК» КОЛЛЕДЖІ

КОЛЛЕДЖ «БОБЕК»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

« Шығармашылық іс-әрекетті дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары»

И

Орындаған: Ауелова Ақбота Даниярқызы

4-курс ҚМ 405 тобының студенті

Мамандығы:0101000 «Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту»

Жетекшісі: Альдибаева С.

Қорғалған күні:

Бағасы:

Жетекшісінің қолы:

Студенттің қолы:

Алматы, 2023 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1. Шығармашылық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың мақсат міндеттері мен іс-әрекет түрлері . . .

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ БІЛІМ БЕРУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ТҮРЛЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

2. 1 Мектепке дейіңгі білім беруде АКТ қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды дамытуда педагогикалық технологиялық мен шығармашылық іс-әрекет түрлері . . .

2. 2 Шығармашылық дағды түрлерінде ҰОҚ ақпараттық технологияларды қолдану әдіс-тәсілдері . . .

Қортынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы - мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына септігін тигізетін жаңа ақпараттық технологияларды жетіп меңгеру болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

«Шығармашылық іс-әрекетті дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары» жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары және т. б. ) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру. Шығармашылыққа бағыттау. Ақпараттық технологияны қолдана отырып балаларды шығармашылыққа дағдыландыру. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бағытын жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін ақпараттық технологиясына дағды қалыптастыру.

Ақпараттық технология ерекшеліктері қолдана біліу. Қызғушулығын артыру.

Шығармашылық технологияларды қолдану әдістері.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта балабақшада шығармашылық іс-әрекетті дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын қарастыру. Шығармашылық дағдыларды, зерттеушілік қабілеттерді дамыту үшін шығармашылық қиялды, эмоционалды-сезімдік саланы, дүниетанымды, ойлауды, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасалады.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту міндеттері: өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсініктерді қалыптастыру.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды ақпараттық технологияны қолдана отырып шығармашылық

Мектепке дейіңгі білім беруде шығармашылық іс әрекет дағдыларын қалыптастыру

Шығармашылық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың мақсат міндеттері мен іс-әрекет түрлерін қарастыру.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру шығармашылық дағдылар түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану әдістері

Мектепке дейіңгі білім беруде акт қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды дамытуда педагогикалық технологиялық мен шығармашылық іс-әрекет түрлері анаықтау.

Шығармашылық дағды түрлерінде ұоқ ақпараттық технологияларды қолдану әдіс-тәсілдері тиімді қолдану.

Зерттеу міндеттері

- ақыл-ой қабілеттердің функционалды даму деңгейін анықтау;

-балабақша жас ерекшелігіне сәйкес ақпаратты технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындап алу;

-арнайы сабақтарда қолданылатын технологиялық құралдарды анықтау;
-бос уақыттарында ақпараттық технология құралдарын қалай пайдалану керектігін дайындау;
-осыны жүзеге асыруға арналған әдістемелік көмекші құрал дайындау. -

ақпараттық технологияға зерттеу жасау және талдау;

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар

Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі ақпараттық технологияны мазмұны мен қолдану тиімді жолдары.

Ғылыми болжам: мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық технология қабілетін дамыту, олардың АКТ ға деген қызығушылығын арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады. Мектеп жасына дейінгі балаларының шығармашылық іс-әрекетті дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары дамыту табысты өтеді, егерде АКТ теориясын үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, түрлі АКТ туралы білімді арттыруға бағытталған, яғни АКТ дамыту үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.

Зерттеудің теориялық мәні: балалар АКТ технологиясын ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды

Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата-аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1. Шығармашылық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың мақсат міндеттері мен іс әрекет түрлері.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы - мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарын талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, т. б. ) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

2. 1 Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;

- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары - бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.

Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін - ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:

- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял - елесі;

- коммуникативтік - ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;

- рефлексия қабілеті - басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;

- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.

Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі - бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.

Мақсаты: балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.

Міндеттері:

-түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту;

-өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту;

-өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру;

-қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;

-өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем-эстетикалық талғамды дамыту;

-қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;

-балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді ұсыну;

-балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

сурет салу бойынша:

жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады;

қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына қызығушылық танытады;

заттарды пішінін, түсін ескере отырып салады;

қазақ оюларының элементтерін салады, оларды қағаз бетінде дұрыс орналастырады;

қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды;

сурет салуда әртүрлі түстерді қолданады, көп түске назар аударады;

суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі;

қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізеді;

бейнелейтін заттарды қарайды, қолмен ұстап зерттейді;

әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын жеткізеді;

өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалайды;

мүсіндеу бойынша:

мүсіндеуді қызығушылықпен орындайды;

ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндейді;

мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді;

бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады;

мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады;

мүсіндеуде кескішті қолданады;

ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады;

ұжымдық жұмысқа қатысады;

қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылық танытады;

мүсіндейтін затты қолына алып, зерттейді оның өзіне тән ерекшеліктерін беруге тырысады;

мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

жапсыру бойынша:

қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады;

қысқа және ұзын жолақтарды қияды;

текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қияды;

жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды түрлі тәсілдермен қияды;

бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;

қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;

ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіреді;

ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өз бетінше ойдан қиып жапсырады;

жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтайды, жұмысты ұқыптылықпен орындайды;

құрастыру бойынша:

құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;

заттарды өз бетінше сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдайды;

құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындайды;

дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнайды;

өз бетінше ойдан құрастырады;

қағаз парағын түрлендіреді;

бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады;

"оригами" үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастырады;

қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, тұрмыстық заттарын, олардың қандай материалдан жасалғанын біледі;

табиғи және қалдық заттардан құрастырады;

заттарды өз бетінше таңдап, ойдан композиция құрастырады;

құрастыруда шығармашылық танытады;

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып (5 жастағы балалар)

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.

Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдауын, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауын қалыптастыру, өзінің түсініктерін, ойларын, сезімдерін көркем түрде жеткізе білуге үйрету болып табылады.

Міндеттері:

-балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;

-балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;

-қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

-өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

-балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Күтілетін нәтижелер:

Сурет бойынша: заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсінеді;

-тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы жеткізеді;

-түстерді өз қалауы бойынша таңдайды;

-бояуларды қолдануды, бояғышта акварельді сумен араластыруды, қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояуды біледі;

-өз жұмысының нәтижелерін бағалай алады;

-сурет салуда әртүрлі техниканы қолданады;

-парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратады;

-жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығарады;

-қазақ ою-өрнектерінің түрлерін біледі;

-ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін салады;

-оюды өз бетінше ойдан салады;

-ұжыммен бірге жұмыс істейді, міндеттерді өзара келісіп орындайды;

-ою-өрнек элементтерін пішіндердің ортасында және шеттеріне салады;

-қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;

-сюжеттік суреттерді салады;

-ұжымдық жұмыстарды орындайды, ойдан сурет салады;

-суретті бейнелеуде мәнерлі құралдарды, қазақ оюларының элементтерін қолданады;

-сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтайды;

Mүсіндеу бойынша: сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеу ерекшеліктерін біледі;

-шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды мүсіндейді;

-қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндейді;

-мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады;

-қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын, тұрмыстық заттарын, зергерлік бұйымдарын мүсіндейді және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен безендіреді;

-біртекті заттардан сюжеттер құрастырады, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастырады;

-ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құрады;

-ортақ композиция құру үшін ұжыммен мүсіндеу дағдыларын меңгерген;

-мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнайды;

-жұмысты ұқыпты орындайды, қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

-жапсыру бойынша:

-қайшымен түрлі геометриялық пішіндерді қияды;

-таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қияды;

-қазақ халқының тұрмыстық заттарын, киіз үйдің жабдықтарын таниды, оларды қиып жапсырады, ою-өрнектермен безендіреді;

-жұмыс тәсілдерін таңдайды және түсіндіреді;

-бірнеше бөліктерден бейнелерді құрастырады;

-сюжеттік композициялар жасайды, оларды сәнді бөлшектермен толықтырады;

-жұмысты жеке және топпен бірлесіп жасайды, топтық жұмыста міндеттерді келісіп атқарады;

-сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын береді;

-шаблондар мен трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істейді;

-геометриялық элементтерден құрастырады, заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіреді;

-қайшы мен желімді дұрыс қолданады;

-еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтайды;

Құрастыру бойынша:

-ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастырады;

-құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастырады;

-өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табады, оларды құрастыруда қолданады;

-бейнені кескіні бойынша қияды;

-қалдық және табиғи материалдан құрастырады;

-көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасайды;

-қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын, киіз үйдің жасауларын, тұрмыстық заттарын, ыдыстарын таниды, олардың қандай материалдан жасалғанын ажыратады;

-ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастырады, жұмысты бірге келісіп орындайды, дайын құрылыспен ойнайды;

-ұжыммен бірге жұмыс істейді;

-жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгертеді;

-жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру балалардың қызығушылықтары ескеріле отырып, шағын топтармен ұйымдастырылады және кезектестіріліп өткізіледі.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ БІЛІМ БЕРУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ТҮРЛЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

2. 1 Мектепке дейіңгі білім беруде АКТ қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды дамытуда педагогикалық технологиялық мен шығармашылық іс-әрекет түрлері

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі балабақшалардың жұмыс тәжірибесіне әртүрлі технологияларды енгізудің жылдам қарқынымен сипатталады. Ең бастысы-қандай да бір білімді беру ғана емес, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту және заманауи педагогикалық технологиялар арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыру. Мен елдің қалай өзгеретінін көремін, яғни адамдар мен балалар. Қазіргі қоғамды материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарынан кем емес ақпараттық ресурстарсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістік бізден компьютерге ие болуды талап етеді, ол біздің өмірімізге белсенді еніп, ересектер өмірінің қажетті атрибуты ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту құралы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда интерактивті технологияларды қолданады. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамының барлық салаларында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне әсер ете алмады. Білім беру мекемелері сөзсіз инновациялық процестерге қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Компьютерлік оқыту жүйелері
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz