Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі
Халықаралық Бизнес Университеті
Срсп
Тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы
Орындаған:Жолдыбай Камила 21.241
Тексерген: Мырзаханова Д.
Алматы, 2024 ж
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 Қазкоммерцбанк АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
К І Р І С П Е
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін ең маңызды инструмент - қаржы жүйесі болып табылады. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі - банк жүйесі болып табылады.
ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млрд. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді. Сондай - ақ ипотекалық кредиттері кепілдендіру қоры мен алғашқы кредиттік бюро құрылды.
Банктер экономиканың нақты секторы ірі кәсіпорындарды несиелендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр.
Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі - банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.
Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.
Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты банктік несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру - қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге әсер етеді.
Жалпы алғанда, несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.
Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық - бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:
орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
несиеге деген сұраныс;
несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Несиелеудің келесі бір қағидасы - берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.
Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады
Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.
Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:
субъект;
объект;
қамтамасыздандыру.
Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.
Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
кооперативтер;
акционерлік қоғамдар;
жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
банктер;
билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.
Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның арзанға сатып алып, қымбатқа сату принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің техникалық қабаты ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
несиелік мәмілені құжаттау;
несиенің мөлшерін белгілеу;
несиені беру процедурасы;
несиені қайтару тәртібі;
несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Несиелеу әдістері - ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған :
қалдық бойынша;
айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.
Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі - несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген варианттары болады:
мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
несиенің қайтарылу мерзімін созу;
мерзімі өткен қарызды мерзімі өткен несиелер шотына аудару;
банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.
Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.
Кепіл механизмі - кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.
Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану.
Несиелеу механизмінің құрамдас элементі - несиені беру процесінің өзін- дік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге болады. (1.1-сурет):
БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС
Несиелік комитетке дайындау
Несиелік қабілетін талдау
ия
жоқ
Несиелік комитет
Несиелік процесс
Несиені қайтару
Төлемдер.
Мониторинг.
Мерзімі өткен төлем.
1-ші өтініш
2-ші өтініш
1.1 - сурет
Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;
табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: кәсіпорынның орналасқан жері, тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
4-кезеңде нақты несиені беру кезеңі жүзеге асырылады. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Соңғы 5-кезеңде несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
J=(i*p*n)360*100%,
мұндағы: і - сыйақы мөлшері;
р - қарыз қалдығы;
n - сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны.
Күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
J=p * ((1+(i1200))^n - 1),
мұндағы: і - сыйақы мөлшері;
р - несиенің бастапқы сомасы;
j - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;
n - аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:
Jg=Q*[(1+ig1200)^t1-(1+ig1200)^t2 ],
мұндағы: Jg - мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
Q - мерзімі өткен қарыз сомасы;
Ig - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі
(айыппұл);
t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты
сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;
t2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға
дейінгі уақыт мерзімі.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны - 30, ал жылдағы - 360 күнмен алынады.
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.
Банктер қарыз алушы және алынатын несие туралы мәліметтер жинағаннан кейін қарыз алушылардың несие және төлем қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Қарыз алушылардың жеке немесе заңды тұлға болғандығына байланысты олардың несие және төлем қабілеттері де әртүрлі анықталады.
Жеке тұлға болып табылатын клиенттің төлем және несие қабілетін бағалау үшін отандың тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады: [12]
Ай сайынғы төленетін негізгі қарыз сомасын анықтау, яғни қарыз алушының ай сайын несие бойынша пайызды қоспағанда төлеуге тиісті сомасы. Бұл коэффициент келесідей формуламен есептеледі:
Берілетін несие сомасы
Ат = ----------------------------------- ---
Берілген мерзімі
Ай сайынғы төленетін пайыз сомасы. Бұл жерде ай сайын несие бойынша пайыздың төленуге тиісті сомасы анықталады. Бұл келесі формулаға сәйкес есептеледі:
Берілетін несие сомасы * %
А% = ----------------------------------- --
Берілген несие мерзімі
Ай сайынғы несие бойынша төлемдер мен пайыздар мөлшері. Келесідей анықталады:
А = Ат + А%
Нақты несие қабілеттілік коэффициенті, яғни қарыз алушының өтеуге мүмкіндігі бар соманы көрсетеді. Басқаша айтқанда, тек осы сома шегінде банк клиентіне несие бере алады. Ол мына формуламен есептеледі:
Ат + А%
Нақты несие қаб.коэф. = -------------------------
Таза табыс
Сондай-ақ, жеке тұлғаның төлем қабілетін есептеудің тағы бір түрін келтіруге болады, бұл банктің несиеге бере алатын максималды соманы көрсетеді. Ол келесідей есептеледі:
Тқ = Таза табыс * % * несиенің мерзімі
Заңды тұлға болып табылатын қарыз алушылардың несие қабілетін анықтауда басқа көрсеткіштер пайдаланады. Қарыз алушының несие қабілетін бағалайтын негізгі көрсеткіштерге жатады:
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
Жалпы өтеу коэффициенті
Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздану көрсеткіші.
ҚР ҰБ несие қабілетті бағалауда банктерге келесідей қосымша көрсеткіштерді анықтауды ұсынады. Олар үш топқа бөлінеді:
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері жоғарыда аталғандармен бірге:
Қаржылық тұтқа коэффициенті
Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі
Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері, соның ішінде:
Сату рентабельдігі
Кәсіпорынның рентабельдігі
Меншікті капитал рентабельдігі
Айналымдылық көрсеткіштері, соның ішінде:
Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім
Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі (күнмен)
Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)
Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)
Енді осы аталған көрсеткіштерді сипаттауға келейік. Ең алдымен қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне тоқталамыз.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті қарыз алушы кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін сату арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз) қысқа мерзімді міндеттемелер
Бұл коэффициенттің мәні 0,75-тен кем болмауы керек.
Екінші көрсеткіш - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz