Жобалаудың теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Білім беру менеджменті кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі

__________________
__ _____________ 2024 ж.

ЖОБА

Тақырыбы: Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы. Жобалаудың теориялық негіздері.

Орындаған: 7М01301-Білім беру менеджменті мамандығының
1-курс магистранты Абулхайрова Гулден
Тексерген:

Атырау, 2024ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Жобалаудың теориялық негіздері.
1.1 Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
1.2 Жобалаудың әлеуметтік-мәдени қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ. Жобалау категориясын айқындайтын ұғымдар мен түсініктер.
2.1 Педагогикалық жобалау түсінігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны ... ... ... ... ... .16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі. Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.
Білім берудің жаңа мазмұны мен нәтижелері білім алушының қоғами ортадан өз орнын бағдарлауға, білім мазмұны мен пәндерді өзі таңдауына бағытталған. Мектепте балаларды оқытудың жекелік сипаты мен оқушының мүмкіндіктерін дамыта отырып, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру талаптары жаңа формациядағы мұғалімдерді, олардың жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік ұстанымдарын қалыптастыруды көздейді.
Бұл инновациялық үдерістер болашақ педагогтарды даярлайтын университеттердегі білім беру мазмұнын жаңғыртуды қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес, әдістемелік және технологиялық қайта құруларды қамтамасыз ететін логикасын айқындап, білім берудің жаңа нәтижелеріне сай оларды тиімді ұйымдастыру қызметін белгілейді. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін меңгертуге арналған пәндер енгізу бүгінгі қоғам сұранысына жауап беру қажеттігінен туындауда.
Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік - мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарды тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері - модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. - жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.

Жобаның мақсаты: Педагогика саласында жобалау ұғымының негізгі мәнін анықтау.
Жоба нысаны: Жобалаудың теориялық негіздері.
Жоба пәні: Жобалаудың инновациялық дамытудағы рөлі.
Жобаның негізгі міндеттері:
Білім беру үрдісінде жобалаудың атқаратын қызметін анықтау;
Жобалау категориясын айқындайтын ұғымдар мен түсініктер туралы ақпарат беру.
Жобаның болжамы: Егер де жобалауды білім беру саласында дұрыс қолдана алсақ, жұмыстың нәтижелігі мен уақытты үнемдеу алға басары анық.
Жоба әдістері: Сипаттама, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері.
Жоба базасы:
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
Жоба құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Жобалаудың теориялық негіздері.
1.1 Жобалаудың пайда болуы және эволюциясы

ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері - модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.
Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау универсалдық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды - өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас, не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны - жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым -қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.
Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, иженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері - ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми - зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ - эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы калыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екенін белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану - әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады.
Зерттеушілер пікірінше, жобалау сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады. Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу болашақ бейнені құрастыру мақсатында қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек технологтардың міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы бұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын, немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік - техникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызын атап көрсетіледі.
Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай- ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе - олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады.
Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз.
Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:
құрастыру әрекетінен - дәстүрлі классикалық жобалауға,
классикалық дәстүрлі жобалаудан - қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді.
Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде жобалау - алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау қызметі деп түсіндіріледі, бұл жерде ең маңызды нәрсе - бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық -құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты шеңберінен шыға алуы - трансценденттенуі - ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады. Жобалаудың осы тұрғыдан алғанда төмендегі қызметтерін атап көрсетуге болады:
−нәтижелік өнім ретінде белгілі бір жобаны орындаудың мақсатына сай нәтижелік көрсеткішін бере алады;
− қоршаған ортаны не белгілі бір объектіні зерттеудің, немесе жаңартудың ғылыми-тәжірибелік әдісі бола алады;
− технологиялық мәдениетке тән инновациялар тудырудың бір түрі ретінде қолданылады;
− басқару әрекетінде ұйымды дамыту қызметін атқара алады.
Жобалаудағы жүйелік тұрғы жаратылыстану ғылымының танымдық парадигмасынан пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жобалаудың адам қызметінің қазіргі заманға тән конфликтілері мен белгісіздік жағдайындағы ситуацияларды шешуді көздейтін жобалаудың жаңа тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Сонымен қатар, қоғамдық санадағы әлеуметтік көзқарастың болуы әлеуметтік жоспарлаудың, әлеуметтік құрастырудың, әлеуметтік басқарудың негізіне адам әрекеттері алынып, оның барлық әлеуметтік қызметтердің объектісі болуына ықпал етті.
Жобалау тарихы техникалық саладан бастау алатыны, басқа салаларға одан кейін көше бастағаны белгілі. В.М. Розин оның эмпирикалық сипатын анықтай отырып, жобалаудың құрастыру ісіне қатысты екенін, бұйымды алдын - ала кескіндеу және оның нобайы мен детальдарын дәл есептеу арқылы жасалатынын атап өтеді. Ал құрастыру әрекетінің бірте - бірте жетілдірілуі мен дамуына орай, жоспарлау мен дәлдік есептеулерге қатысты семиотикалық және ойлау әрекеттері де күрделене бастады, бірақ алғашқы жобалау әрекеттерінің ерекшелігі олардың ішкі үрдістер сипатында болуы еді. Жобалаудың өз алдына бөлек салаға айналуы оның үлгісін құрастырушылар мен бұйымды жасаушылардың әрекеттерінің бөлінуінен басталды. В.М.Розин құрастыруды өзара байланысты төмендегі бөліктерге:1) интеллектуалдық (семиотикалық) құрастыру (жобалаудың өзі), және 2) бұйымды жобаға сай жасау (жобаны жүзеге асыру) әрекеттеріне бөліп қарастырды. Мысалы, педагогикада жобалау қызметінің идеядан - соңғы нәтижеге дейінгі толық цикл жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, педагогикадағы жобалау қызметінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.
Жобалаудың ғылыми негізіне жоба, жобалау, жобалық, жобалаушылық сияқты осы ұғымнан туындайтын түсініктер алынады. Жобалау - (орыс тілінде проектирование), латынның projektus - алға қарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді, оның мағынасы алдағы уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан, осы тұрғыдан қарастыру жобалауды жоба құру үрдісі, яғни, белгілі бір объектінің болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз.
Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны ғылыми-негізделген, дәл есептелген күйінде жасалатын, үнемі технологияда пайдалана беруге болатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты оның өнімнің арзандауын қамтамасыз ететен экономикалық тиімділігі, халықтың көп бөлігіне жеткілікті болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы мен тұтынушылар мәдениетін көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін болды.
Осылайша, тәжірибенің өзгермелілігі бүгінгі қоғамның атрибутына айналып, оны басқару мен ұйымдастырудың өзгермелі жағдайларына сай жобалау қызметі қалыптаса бастады.
Жобалау ұғымын зерделеу үшін әлеуметтік жүйелердегіі жобалау феноменіне терең назар аудару қажет. Феномен - гр.phainomenon - таным мен тәжірибедегі ерекше құбылыс туралы философиялық ұғым. Әлеуметтік жүйелерде жобалау қызметінің кеңінен тарай басталғанына қарамастан, оның алатын орны ғылыми түрде бүгінгі күнге дейін жеткілікті дәрежеде негізделмеген деуге болады. Сонымен қатар, жобалау қызметіне қызығушылықтың өсуі оның баршаға түсініктілігінен, немесе жеткілікті зерттелгендігінен емес, оның көпфункционалдық және көпқырлылық сипатынан дей аламыз.
Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми көзқарас қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік - бағдарлы ғылым контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, әдіснамалық бағдарды ұстанушылар бағдарламалық -жобалық ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.

1.2 Жобалаудың әлеуметтік-мәдени қызметі
Жобалаудың мәдени контексті философия арқылы қамтамасыз етіледі, басқару контекстіндегі жобалау қызметі әдіснамалық қамтамасыз етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім саласына қызмет ететін педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.
Мысал үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісін, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса, басты девизі барлығына да барлық білімді беру болып танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде класс-сабақ жүйесін негізге алады. Үшінші педагогикалық құрылымды инструменталдық, немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым қалыптасып келе жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік, дағдылер мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері - теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым - қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан - технологиялар сипатында болады. Жеке - даралық жағдайда бірде - бір ғылым саласы, не теория мен тәжірибе, немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының өміршеңдігі өз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы ролін белгілеуі болып есептеледі.
Субъектінің өз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың төмендегі позицияларының бірін өзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы және ұйымдастырушы рольдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер сипаты төмендегідей:
− мәдени қорын сақтаушы - мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;
− таратушы - сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын көтере отыры, таратылуын белсенді ықпал ету;
− жүйелеуші - таратушының қызметіне қарама - қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бөлу, теориялар құрастыру;
− құрушы - бұл кейде өзінің сипатына сай жаңалықтар тудырушы деп аталады;
− ұйымдастырушы - жоғарыда аталған барлық позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.
Жоғарыда аталған позициялардың ішінен мәдениет құрушы тұрғысын қарастыратын болсақ, ол көбіне жобалаушының позициясына сәйкес келеді. Ол үшін мәдениет - өзінің айналаға көзқарасын білдірудің, өзіндік тәжірибесін жариялаудың, өз түсінігін көрсете отырып, оны дәлелдеудің орны болып табылады. Бұл жерде парадигмалық - құндылықтық негіздеме басты орын алады, ал соның негізінде ұжымдағы келісімге келудің принципі - коммуникативтік, немесе әр адаммен тіл табысу арқылы келісім жасалынады. Коммуникативтік принциптің сипаттамалық белгілері ретінде кәсіби позициялардың мазмұнымен алмасу, тақырыпты жалпылау талдау, талдау кезінде барлық қатысушылардың позициялары тең сақталуы, бір бірінің құндылықтық позицияларын түсіну және қабылдау сияқты адамдардың әлеуметтік болмысының ерекше түрі алынады. Осыған орай, адамның мәдениеті оның белгілі бір ортада өзін ұстай алуынан көрінбейді, бұл қасиеттер оның тәрбиелілігі мен дәстүрді сақтауына байланысты..., адамның мәдениеті оның өзіне бейтаныс жағдайға немесе құбылысқа тап болған кезде оны басқа да құбылыстар қатарына қоя ма, әлде ерекше құбылыс деп есептей ме, немесе, жат құбылыс ретінде жойып жіберуге тырыса ма, әлде қажетсіз деп қабылдамай ма, содан білінеді деген пікілер де бар.
Ұйымдастырушы позициясы үшін мәдениет дәстүрлілік пен инновациялықтың күресі ретінде көрінеді. Жаңа мен бұрынғының арасындағы қарым - қатынас дамуының төмендегі бағыттары белгілі болып отыр, олар: экспанция, ассимиляция, даму, шығармашылық, алмасу, қайталану, аннигилиция.
Жобалаудың дамыту мақсатын көздейтінін ескере отырып оның мәдениет түрлері қабатындағы түсінігін анықтап алу қажет. Мәдениет контекстінде дамыту дәстүрлілік пен инновациялықтың өзара келісімі негізінде пайда болатын жаңа түзілім деп қарастырылады. Мәдениетті ұйымдастырушының назары ең алдымен жобалаудың құралдары мен механизміне, білім берудегі жобалардың жүзеге асырылуына аударылады. Сонымен қатар, жобалаушының өзі ұстанған және таңдаған жобалау әрекетін транформациялау және нормаландыру тәсілдеріне де қатысты болады. Мысалы, оларды ретімен қарастырып көрейік:
− ұйымдастырушының басымдық позициясы дәстүрлі мәдениет түрінде болып, оған қатысушылармен қарым - қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті формальды түрде орындалады;
− ұйымдастырушының корпоративтік-қолөнершілікке негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі жобалаудың үлгісі ретінде өміршеңдігі мен нәтижелілігін дәлелдеген жобаның нормаларын алып, оны дәлме - дәл сақтауға тырысады;
− ұйымдастырушының кәсіби мәдениетке негізделген түрі жобалау әрекетін нормалауда ізденістік зерттеулердің мәтіндік жазбалары мен мен теориялық зерделенуіне назар аударады;
− ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай технологиялық мәдениетке негізделген түрінің басым назары жобалаудың жаңа технологиялық жолдары мен мәдениетін, атап айтқанда, жобалау әрекетінің технологиялық сызбаларын құрастыру мен беруге аударылады.
Жобалаудағы негізгі идеяны беруді нормаландыру тәсілдерінің бір - бірінен айырмашылығын салыстыратын болсақ, кәсіби мәдениетке негізделген түрде - мәтін ретінде, корпоративтік - қолөнершілікке негізделген түрде - қатаң үлгі ретінде, ал технологиялық мәдениетке негізделген түрде - негізгі идея экрандық бейнеде, немесе көрініс түрінде болып келеді. Бұл - жобалаудың басты белгілерінің бірі, өйткені, жобалау арқылы қайта жаңарту үрдісі берілген үлгіні қайталауға да, мәтіндік сипатты құрастыруға да ұқсамайтын үрдіс. Экрандық бейне, немесе көрініс ретіндегі идеяның ерекшелігі семиотикалық таңбалау құралдары - схемалар, сызбалар арқылы әртүрлі тұрғыдағы идеялар мен ойларды бірыңғай көріністерге айналдыру мүмкіндігінде деп есептеледі.
Сөйтіп, мәдениет контекстінен, дәлірек айтқанда, технологиялық мәдениет тұрғысынан қарастырғанда, жобалауды инновацияларды тасымалдаудың негізгі жолы деуге болады. Сонымен қатар, оны орындаушылардың өзара коммуникативтік және тұлғалық құзыреттік қарым-қатынастарының болуы және жобалау барысында міндетті түрде технологиялық сызбалар мен идеяларды қарастыру көрініс ретінде пайдаланылуы тиіс.
Егер жобаны жүзеге асыру жүйенің белгілі бір бөлігіне өзгеріс әкелетін болса, бағдарламаларды жүзеге асыру жүйеге белгілі бір үрдісті, әрекеттерді алып келеді. Мысалы, жобалық бағдарламалар күрделі, кешенді жобаларды құрастырумен қатар оларды ұйымдастырушылық - технологиялық жүзеге асырады.
ІІ. Жобалау категориясын айқындайтын ұғымдар мен түсініктер.
2.1 Педагогикалық жобалау түсінігінің мәні
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды.
Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым - қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға мүмкіндік жасалуын қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл - ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада жобалау әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик жоба түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:
Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған әрекет;
Оқытуды - өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс - әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты - оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс - зерттеулердің әдіс - тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
өндірістік, немесе жасампаздық;
тұтынушылық;
интеллектуалдық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мобилді құрылғыларға арналған балалар әдебиетінің анимациялық сюжеттерін жобалаудың теориялық негіздерін зерттеу
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Қазіргі жағдай Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Заманауи жобалаудың технологиялары
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Жобалау әдісі
Пәндер