Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейі
Орындаған: Қаһарман Сезім
Сыныбы: 7 Ә
Жетекшісі: Есенбек Мөлдір
ҚЫЗЫЛОРДА,2023
Жоспары
І. Кіріспе
Дәуірдің дара тұлғасы - Темірбек Жүргенов
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1. Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
2.2. Қазақ мәдениетінің дамуындағы Темірбек Жүргеновтің орны
2.3. Темірбек Жүргеновтің тарихтағы рөлі
ІІІ. Қорытынды
Т.Жүргенов тағылымы және ұрпақтар сабақтастығы
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ұлт ертеңі үшін қыруар еңбек істеп қалдырған тұлға тағдыры тағылымға толы. Өйткені, өткен ғасырдағы қазақ руханиятына қатысты келелі жұмыстардың барлығын Темірбек Жүргеновсіз елестету мүмкін емес. Сол себепті осындай нар тұлғаның тарихтағы ролі мен мәдениет көшбасшылығына зерттеу жұмысын жасау аса мағызды. Бұл зерттеу жұмысы Темірбек Жүргеновтің ел мәдениетіне сіңірген еңбегін жаңа қырларынан ашуға негізделді.
Зерттеу мақсаты: Сыр бойының ғана емес, бүкіл қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі - Темірбек Жүргеновтің қазақ қоғамы үшін сіңірген еңбегін талдау. Қазақ тарихы,мәдениеті,әдебиеті,музыкасы, саяси ахуалы,білім беру ісінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтау үшін еңбегін дәріптеп,өнегелі ісін үлгі ету.
Кіріспе

Мәдениетіміз бен руханиятымыздың дамуына, өрістеуіне көз жіберсек, оның бүгінгі жетістікке жетуіне қазақтың дара тұлғаларының ықпалы аз болмағандығын көреміз. Ұлт руханиятының кемелденуіне ерекше әсер еткен қоғам қайраткерінің бірі - Темірбек Қараұлы Жүргенов. Темірбек Жүргенов - қазақ мәдениеті мен өнері, әдебиетінің дамуы, білім беру ісінің өркендеуі секілді ауқымды істердің ұйытқысы болып, халық үшін сіңірген еңбегімен танылған талантты мемлекет қайраткері.Оның есімі тек қазаққа ғана емес, исі түркі жұртына мәлім.Ұлттық мәдениетке жан бітіріп, қазақ топырағында ұлттық опера өнерін дүниеге әкелген,қазақ мектептерін салдырып, жаппай сауаттандыру жұмыстарын жандандырған, мәдени өмірдің мұқалмас жанашыры бола білген Темірбек Жүргенов секілді дара тұлғалардың жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда орны ерекше. Жас ұрпақ тәрбиесінде тарихи тұлғалардың болмысы мен мол мұрасын жиі насихаттау туған елімізге деген сүйіспеншілікті арттыра түсері сөзсіз.
Орта Азия мен Қазақстанға аты мәшһүр Темірбек Жүргенов республикамыздың мемлекет және қоғам қайраткері ретінде мәдениет, өнер, әдебиет саласының біртуар жанашыры, дарынды ұйымдастырушылығымен қатар, қаламы ұшқыр сыншы, көсемсөз иегері ретінде де өз қарымын биіктен көрсете алды.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген Темірбек -Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады. Сыр елінің әйгілі шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуовтен дәріс алуының өзі, болашақ қоғам қайраткерінің өнерге, әдебиетке, мәдениетке, өткен тарихымызды түгендеуге деген көзқарасын қалыптастыруға жол ашқаны сөзсіз. Жобамызға арқау болып отырған Темірбек Жүргеновтың өмір жолын, атқарған қызметтерін түгендеп айтып жатпай, біз ірі тұлғаның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі және оның тарихтағы орнын айтуды жөн санадық.
Ол ұлттық идеология тарихында, оның ішінде халық-ағарту, мәдениет ісінде орны дара тұлға, елді сауаттандыру жолында еліне қалтқысыз қызмет еткен тарихи тұлға, ұлт қайраткері. Темірбек Жүргенов қазақтың ғана емес, Орта Азия республикаларының да қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан қайраткер. 1922 жылы Орынбор рабфагін бітіргеннен кейін осы факультеттің таңдаулы студенттерінің бірі ретінде Темірбек Жүргеновке Ташкенттегі Орта Азия университетінің заң факультетіне жолдама беріледі. Бірінші курста оқып жүріп-ақ ол осында жауапты қызметтер атқара бастайды.
Темірбек Жүргенов есімін 1930 жылдардағы Сталиндік репресиямен байланыстырады. Себебі оның өмір сүрген уақыты осы қанды қырғын жылдары мен тұспа-тұс келген уақыт еді. 1924 жылы Жүргенов Орта Азия мен Қазақстан арасындағы ұлттық-мемлекеттік шекараны белгілеу мәселесі тақырыбында дипломдық жұмысын бастайды. 1926 жылы дипломын сәтті қорғап, еліміздің территориялық тұтастығының сақталуына зор үлес қосады. Айта кету керек, Темірбектің дипломдық жұмысы шыққанға дейін елдің партиялық элитасы Жетісу мен Сырдария жерлері Өзбекстанға өтуі керек деген пікірде болған, бірақ Жүргенов бұл жерлердің Қазақстанға тиесілі екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берген. Университетті тәмамдаған соң Темірбек Жүргенов 1929 жылға дейін Қазақ педагогика институтының ректоры болып жұмыс істеген.
Ол бар ғұмырын бай мен кедейсіз, барлық адам тең құқыққа ие жаңа өмір мен жаңа әлемді құруға арнады
Т.Жүргенов қызмет еткен кезінде біраз білім ошақтары ашылады. Атап айтқанда қазақ кен-металлургия институты (қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), ветеринарлық институт және С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ашылады. Ағарту мәселелерімен қатар Темірбек Жүргенов мәдениет мәселелерімен де айналысады, ол Қазақ АССР-і Өнер ісі жөніндегі комитетті басқарады. Комитет төрағасы лауазымында ол дарынды жастарды мейлінше қолдап, кейбір партиялық функционерлердің орынсыз тиісулерінен қорғап жүрген.
Темірбек Жүргенов қазақтың төл мәдениетінің асқан білгірі болатын. Жалаң сөзден гөрі қашанда іске бейім тұратын әдетімен ол бұл бағытта да өзгелерге үлгі-өнеге көрсете білді, атап айтқанда Қазақстандағы мәдениет революциясы, Қазақстандағы сауатсыздық жою кітаптары, Саяси экономия оқулығы, Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері,Қазақ педагогикалық институтын құру, Қазақ халқының ақындары мен жыршылары т.б.мемлекетшіл тақырыптағы очерктері мен мақалалары бүгінгі ұрпақ үшін өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Биыл қазақ мәдениеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, еліміздің оқу-ағарту саласында өшпес ізін қалдырған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толып отыр.
Темірбек атамыздың ерен тұлғасы тек республика көлемінде ғана емес, барлық түркі әлеміне ортақ. Осыған орай биылғы 2023 жыл Түркі әлемі бойынша Жүргенов жылы деп танылып, кең көлемде аталып өтуде.

Әрбір халықтың өзіне тән тарихы, салт дәстүрі, мәдениеті және өмір тіршілігі бар. Ел егемендікке ие болып, қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге ұшырауына байланысты, еліміз тарихи дамудың жаңа серпінді сатысына көтерілді. Осыған орай ұлттық дүниетанымды, халықтық табиғи санада елеулі идеялардың жаңғыруымен, халықтың табиғи болмыстық ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетті толықтай танып-түсінуге бетбұрыстар жасалына бастады. Ал болашақты айқындаудың негіздерінің бірі өткен тарихи-мәдени сатыларды сана талқысынан өткізіп, ұлттық мемлекет пен көп ұлтты қоғамның қалыптасуындағы құндылықтар мен іргелі принциптердің мән-мағынасын ашу болып табылатындығы белгілі.
Жүргенов Темірбек Қараұлы Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол жастайынан-ақ орыс, қазақ, шығыс мәдениеттері рухында үлгі-өнеге алып өскен.
Темірбек Жүргенов қазақ өнерінің өркендеуіне ерекше қызмет еткен жан. Оның ұсынысымен 1934 жылы халық өнері таланттарының бүкілқазақстандық слеті өткізіліп, оған республиканың жер-жерінен түрлі өнер иелері қатысып, есімдері елге танылды. 1935 жылы Қазақ филармониясы, Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақтың ұлт аспаптары оркестрі құрылған. Сахналық өнердің жаңа нұсқалары пайда болды, ел арасыннан жаңа таланттар шықты. 30-шы жылдары облыстарда, бірқатар аудандарда, жекелеген колхоз-совхоздарда театрлар ашылып, кітапхана, клуб мекемелерінің жұмысы жолға қойылған.
Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады [3]. Т.Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, кескіндеме т.б. жаңа өнер түрлері пайда болып, оның ауқымы кеңи түсті.
Темірбек Жүргенов - озық ойлы, ел үшін еңсе көтерген азаматтың бірі, халқымыздың ұлттық мақтанышы. Оның еңбектері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен рухани мұрасын игеруде баға жетпес құнды дүние.
Жүргеновтың қажымас қайратпен ұйымдастырушылығының арқасында бас аяғы үш - төрт жыл ішінде республика мәдениеті тамаша нәтижелерге жетті. Бұл жөнінде өз естелігінде Ахмет Жұбанов: Темірбек Қараұлының басқаруымен оқу ағарту, мәдениет салаларының соның ішінде өнердің даму екпінінің күштілігі сондай төрт-бес жылы ішінде Мәскеуге алып барып көрсетуге де жарап қалдық,-дейді.
1933-1937 жылдары Қазақ АССР-нің Халық Ағарту комиссары қызметтерін атқарып жүрген жылдары республиканың мәдени - рухани бейнесін түбегейлі өзгертті,халықтың біліми әлеуеті нығайды, мәдени - ағарту мекемелерінің кең жүйесін қалыптастырды. Мыңдаған адамдар сауатын ашып, мәдени құндылықтарды белсенді түрде игеретін дәрежеге көтерілді. Жаппай сауатсыздықпен күреске, жаңадан оқу орындарын ашуға, мәдени - ағарту мекендердің жүйесін кеңейтуге зор мән берілді. Бұрын оқу - білімнен алыс тұрған кедей - кепшіктер өмірінде тұңғыш рет қолына кітап алып, газет - журналдардың бетін ашуға кірісті. Бастауыш, жеті жылдық және орта мектептердің тұтас жүйесін құру арқылы сауатсыздар қатарын жыл сайын толықтырып отырған толқынды тоқтата алды.
Бұл - Темірбек Жүргеновтің мақтануға тұрарлықтай жеңісі деп сеніммен айтуға болады. Қашан болсын нақты, қысқа және батыл сөйлейтін қайраткер қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалуы үшін де аянбай тер төкті. Бастауыш, орта, жоғары оқу орындары өз тілімізде болуы керек. Осындай жағдайда ғана жер жүзінің өнер-біліміне қазақтың қолы жетеді,-деп өркениет биігіне ана тілін сақтай отырып халқының көтерілетініне сенім білдіреді Мектептің түрі, тілі туралы деген мақаласында.
Қалың бұқараның ілім - білім мен мәдениетке деген ынта - ықыласы мен большевиктер партиясының жоспарлы түрде жүргізген саясаты арқасында Қазақстан халқы айналдырған он бес - жиырма жыл ішінде үш мәрте, яғни араб, латын, орыс әліпбиінде хат танып шықты. Осылайша, ойланбай жасалған әліпби реформалары бір адамның үш мәрте сауат ашуына мәжбүр етті. Бұл революциядан кейінгі конфискация, ұжымдастыру, ашаршылық, репрессия, материалдық жетіспеушілік, оқытушы кадрының тапшылығы жағдайында атқарылатын оңай шаруа емес еді.
Тұтастай алғанда, Қазақстан халқының сауатсыздығын жою кеңестік жылдардың айтулы табысы екені ақиқат. Оған жеткізген факторлар қатарында мемлекеттік саясат, ұстаздар еңбегі, халықтың ілім - білімге құштарлығы тұр. Әрине, бұл істің 20 жылдан астам уақытқа созылғаны кемшіліктердің де аз болмағанын айғақтайды. Өйткені ересек адамды хат танытып шығу үшін 2-3 ай мерзім жеткілікті. Әліпбиді игеру жүздеген мың адамдардың тағдырына оңтайлы әсерін тигізгені күмән тудырмайтын ақиқат.

Сырдың бойы қазақ руханиятын қалыптастырған қаншама талантты адамдардың шыққан жері. ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар Темірбек Қараұлы Жүргенов. Шығыс пен Батыстың мәдениетін тең игерген жаңа толқынның өкілі болды. Ол кезінде Ырғыз бен Сыр бойы аралығын жайлаған қалың елге белгілі болған, ел ұстаған билік иесі, өз заманының талабын аңғара көзіқарақты жан Қара Жүргенұлының белбаласы. Осындай дәулетті тәрбиелі ортада өскен Темірбек өз кезеңі үшін тиянақты білім, ұлағатты тәрбие алды.
Темірбек Жүргенов туралы ғалымдардың зерттеулері мен мақалалары, қайраткердің көзін көрген замандастары мен туыстарының естеліктері бүгінде оқырман жұрттың жүрегінен орын алуда. Мәселен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz