Өндірістік тәжірибе өткен мекеме


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Су, жер және орман ресурстары» факультеті
“Жер ресурстары және кадастр” кафедрасы
Өндірістік практика есебі
Орындаған: КД-21-14К Шарафатдинов Қайырғали
Кафедрадағы практика жетекшісі: Жоламанов К
Өндірістегі практика жетекшісі: Китобанов А. С
Алматы, 2023
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Бұйрық
3. Келісім шарт
4. Мекеме туралы мәлімет
5. Есеп беру
6. Қауіпсіздік ережелері
7. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
8. Студенттің өндірістік практикада атқарған жұмыстары
9. Қорытынды
10. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен, Шарафатдинов Қайырғали Жаныбекұлы, өндірістік тәжірибемді Алматы облысы «Іле аудандық тіркеу және жер кадстры бөлімі»ММ бөлімінде 22. 05. 2023 - 26. 06. 2023жж. аралығында өттім. Тәжірибе барысында мекемемен, мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, онда атқарылатын жұмыстармен толық таныстым. Универ қабырғасында алған теориялық білімімді шыңдадым. Әрине жер-кадастрлық геодезиялық жұмыстар, жер құқығы секілді пәндерден өткен құжаттар өзіме таныс болғанымен, мен білмеген документтер одан да көп болды және тәжірибеден өту барысында сол құжаттарды толық білуге тырыстым.
Практика кезінде үйренген құжаттар:госакт, корректорлық парақ, тапсырыс бланкісі, межелік белгілерін сақтауға тапсыру туралы акт, жер учаскесінің шекарасын белгілеудің (қалпына келтірудің) сызбасы, сонымен қоса оны қамтамасыз ететін барлық құжаттардың құрамын білдім.
Өндірістік іс - тәжірибеден таңға сағат 9:00 бен 16:00 аралығында өттім. Тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар мен үйреніп білгенімді күнделікке жазып отырдым.
Жоғарғы оқу орны -«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті» КеАҚ
Факультеті - «Су, жер және орман ресурстары»
Кафедрасы - «Жер ресурстары және кадастр»
Мамандығы - 6В07308-«Кадастр»
Өндірістік тәжірибе өткен мекеме : «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Алматы облысы Іле ауданы бойынша филиалы, тіркеу және жер кадастры бөлімі
Өндірістік тәжірбиенің уақыты: 22. 05. 2023 жыл - 26. 06. 2023 жыл
Кафедрадағы практика жетекшісі - Жоламанов К
Өндірістегі практика жетекшісі - Китобанов А. С
Кадастр (французша: cadastre - парақ, тізілім) -
экономикада - елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:
• Жер кадастры - ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;
• су кадастры - жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;
• сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;
Жер кадастры - мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мекеме туралы
1. "Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттің және қала бойынша жер саясатын, сәулет және қала құрылысы саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлімде мынадай ведомства бар:
"Бас жоспар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Бөлімнің орналасқан жері: Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, №5 үй. Пошталық индексі - 060009.
Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасын) жүзеге асырылады.
Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Мақсаттары:
1) Атырау қаласының аумақтарында жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Жоспарлау жобаларына, қаланың бас жоспарына сәйкес аумақтарды мемлекеттік дамыту және елді мекендерді дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және үйлестіруді ұйымдастыру;
3) Инженерлік-көлік инфрақұрылымын салу және елді мекендерді абаттандыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
4) Қаланың сәулеттік келбетін жасауда жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау;
5) Жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғаудың басқа да табиғатты қорғау шараларымен үйлестіру бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
6) Атырау қаласын дамытудың бас жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
7) Аумақтарды қала құрылысы мен құрылысты дамыту кезінде өмір сүру және өмір сүру үшін қолайлы және экологиялық қауіпсіз орта үшін азаматтар мен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ету;
8) Қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, қаланы дамыту және өзгерту процесінде сәулет өнерінің идеялық-көркемдік деңгейін көтеру;
9) Жер нарығын және жер пайдалану құқығын, сондай-ақ жер реформасын жүргізуге байланысты кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;
10) Жер қатынастары саласындағы, сондай-ақ сәулет және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттің мүдделерін қорғау;
Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- бөлімнің құзіретіне кіретін қала әкімдігінің және (немесе) әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларын жобаларын дайындауға қатысуға;
- мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру мақсатында заңды белгіленген шекте қажетті ақпаратты сұратуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
- егер олар жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылса тиісті органдарға меншік құқығын, жерді пайдалануды тоқтату, қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша шектеулер енгізу, құрылыс жұмыстарын тоқтата тұру, жерді игеру және абаттандыруға байланысты шараларды жүзеге асыру туралы ұсыныстар енгізуге;
- жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеу, жерге орналастыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін нормативтік актілерінің күшін жою туралы белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізуге;
- сотта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізудің тарап ретінде қатысуға;
- жерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыруды, жер шекарасын белгілеуді және тиісті құжаттарды ресімдеуді жүзеге асыруға;
- қолданыстағы заңнама нормаларын, қала құрылысы, экологиялық және өзге де нормативтік талаптарды бұза отырып жұмыстарды орындайтын жобалау, құрылыс және өндірістік ұйымдардың құрылыс және құрылыс өнімдерін өндіру кезінде заң бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдауға;
- өз құзыреті шегінде Атырау қаласының сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
-қаланың бас жоспарын жүзеге асыру, қала қызметін бақылау мақсатында мониторинг жүргізуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға
Мекеменің қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе өту барысында білімгер міндетті:
- тәжірибе жоспарымен белгіленген тапсырманы толық орындауға;
- кәіпорында, мекемеде, ұйымдағы ережелерді сақтауға, бағынуға
- ; - еңбек қорғау, тіршілік қауыпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін оқып үйреніп қатал сақтауға;
- негізгі атқарған жұмыстарының нәтижелерін, жетекшімен жүргізген ішкі әңгімелер тезистері жазылған тәжірибе күнделігін жүргізуге;
- тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе жетекшісіне орныдаған тәжірибе жоспары туралы жазбаша есеп беруге;
Тәжірибе тапсырмасында белгілі әдіспен немесе шығару әдісін зерттеуді талап ететін кейбір есептер қойылады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
- байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
- экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
- аппаратураны жетекші рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
- дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
- су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.
Жұмыс уақытында:
- Аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, жетекшіні алдын-ала ескертіңіз;
- Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
- Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
- Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
- Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін.
- Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек.
- Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды.
Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін катаң тәртіпте орындау керек; электр тогымен зақымдалған қызметкерке әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білу керек; электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек; егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек; өрт сөндіретін құралдармен әрбір қызметкер жұмыс істей алу керек; өрт болған кезде қызметкертер эвакуация жолдарын білу керек;
Есеп беру
Мен, Шарафатдинов Қайырғали Жаныбекұлы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің «Су, жер және орман ресурстары» факультеті, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының 6В07308-«Кадастр» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті өндірістік тәжірибемді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Алматы облысы Іле ауданы бойынша филиалы, тіркеу және жер кадастры бөлімінде өттім.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты: жалпы кәсіптік пәндер бойынша теориялық білімді тереңдету, жылжымайтын мүлік кадастры, кадастрлық саласындағы практикалық дағдылар қызметін меңгеру, жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік кадастрлық тіркеу жұмыстарын жасау арқылы үйрену, еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану.
Ал менің өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, университетте алған білімімді тәжірибе жүзінде қолданып көру, әрі қарай біліміді арттыру, оқып жатқан білімімді, мамандығымның қыр-сырын үйреніп сол жерде қолдану, тәжірибе өтетін мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, ақпараттық жүйелерімен, болашақ жұмысының барысымен танысу.
Мен өндірістік тәжірибенің ең алғашқы күні «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы облысы Іле ауданы бойынша филиалының техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Сонымен қатар мекеменің бөлімдерімен, ондағы мамандармен, атқарылатын жұмыстармен толық танысып шықтым. Жетекші сайланып, мені өз бөліміме алып барып, атқаратын жұмыстарыммен таныстырды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
1. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi:
1) заңдылық;
2) өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының кепiлдiктерi;
4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
5) жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi;
6) субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы болып табылады.
Қарауға жатпайтын өтiнiштер
1. Мыналар қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және ( немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту
мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік) - жер учаскелері, ғимараттар,
құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың мақсатына шамадан тыс зиян келтірмей орнын ауыстыру мүмкін емес объектілер;
2) далалық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне маманмен абрис жасай отырып, жылжымайтын мүлік объектісін өлшеу бойынша жұмыстар.
3) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауданы мен көлемін есептеу, жер учаскесін және қабаттық жоспарды сызу, техникалық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу ісін қалыптастыру, ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу бойынша жұмыстар;
4) абрис - жер учаскесінің, күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың), оқшауланған үй-жайдың, аяқталмаған консервацияланған күрделі құрылыстың ( ғимараттың, имараттың) схемалық жоспары, тұрақ орны-жылжымайтын мүлік объектісінің және оның құрылымдық элементтерінің контурлары, өлшеу нәтижелері, жылжымайтын мүлік объектісінің нақты жоспарын жасау үшін қажетті атаулар мен басқа да мәліметтер көрсетілетін орын;
5) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті мемлекеттік техникалық тексеру немесе қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің құрылымдық элементтерінің сипаттамасы;
6) кадастрлық нөмір - жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі;
7) тұрғын бөлме - адамдардың тұруына арналған, жылыту құралдары болған жағдайда, тікелей күндізгі жарық беретін алаң;
8) тұрғын емес жай - тұрғын жайлардан өзге мақсаттарда, тұрақты мекендеуден басқа мақсатта қолданылатын жеке жай;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz