Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі от концептісі

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1. Қазақ тіліндегі от концептісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Фразеологизмдерде кездесетін от ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
ІII Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Әлемнің саналы тіршілік иесі саналатын адамның жаратылысқа, ақиқат өмірге қатысы тілімен танылып, соның негізінде ақпарат жүйесі қалыптасады. Ғалам туралы ой, оның бейнесін бейнелеу халық түсінігінде ғасырлар бойы дамып жетіледі.
Бүгінгі таңда қандай да бір халық туралы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық және рyхaни мәдениетi мен адамзат арасындағы байланысын, қарым-қатынасын тіл білімінің лингвомәдениеттану саласы қарастырады. Линвомәдениеттанудың ғылымдағы маңызы жөнінде зерттеуші ғалым Ж.А.Мaнкeeвa: Бүгiнгi тіл біліміндегі ұлттың рухани-мәдени байлығы болып саналатын тілімізді зерттеудің өрісі кеңейеюде. Басты себебі: әр тіл - ұлттың тарихын, танымы мен түсінігін, мінезі мен санасын, салт-дәстүрін, көрегенділігі мен даналығын тұтас сақтаған таңбалық жүйе. Осыған орай бүгінгі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, тілдегі ұлттық сипатты, ұлт рухын тануға бағытталған когнитивтік лингвистика, ішінара лингвомәдениеттану және этнолингвистика т.б. салалары дамып отыр [1, 15 б ] деп көрсетеді. Бұған байланысты ғаламның тілдегі көрінісін түсінуге, зерделеуге көмектесетін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күйін, қалпын анықтайтын ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасып отыр. Бойынқұл Қалиұлы - - Дүниенің тілдік бейнесі ұлттың ортақ ұжымдық бірлескен тәжірибесі негізінде жасалған білім - деп түсінік береді. Ғаламның тілдік бейнесінің бөлігі болатын концептілердің адам танымында орны маңызды. Бастысы осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынған. Белгілі бір мәдениет үшін маңызды әрі көкейтесті мағынасы бар мәдени атаулар ғана концепт болып есептеледі. Тіл арқылы көрініс беретін концептілер осы тілде сөйлейтін халықтың дуниетаным көрсеткіші.
Концепт - - тілге өзек, негіз, тірек болатын заттық ұғымынан бөлек бейнелік мағынасы.
Тіл білімінде концепт теориясын зерттеу жазған шетелдік ғалымдардың В.И. Поставалова, Е. С. Кубрякова, А.Брутян, Н. К. Рябцева, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич, А. А. Залевская, А. Вежбицкая т. б. секілді ғалымдар жан-жақты зерттеген. Қазақ тіл білімінде концепт термині А. Қaйдaр, Р. Cыздық, Ж. Мaнкеевa, Н. Уәлиев, Б. Қaлиев, Қ. Жaмaнбаева, Г. Смaғұлова, Б. Ақбердиев, Г. Cнacапова, М. Күштаева, C. Жапақов, Қ. Қайырбаева, А. Cыбанбаева, А. Ислам, Ш. Елемесова, Н. Аитова, А. Әмірбекова, Ж. Cаткенова, Ж. Жампейісова, C. Жиренов, Б. Нұрдәулетова, Г. Мұрaтова, Ж. Қошaновa, Ғ, Айдаров т. б. зерттеушілердің еңбектерінде әр қырынaн зерттелген.
Зерттеу жұмысында қазақ ұғымындағы от концептісінің түркі тілінен бастау алған түпкі мағынасы мен тілдегі осы сөздің концептілік ұғымы мен білдіретін ауыспалы мағынасы назарға алынды.
От сөзі қатысатын фразеологиялық терминдердің мағынасы қарастырылады. Екі түрлі мағынада қолданылатын термин тілдегі тұрақты тіркестерді қарастырады және бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығын зерттейді.

Қазақ тіліндегі от концептісі
Табиғаттың негізі болып саналатын төрт элементтің бірі әрі дүниенің жаратылысына негіз болатын төрт тұлғаға жататын от ежелден адам эволюциясында маңызды саналып, өркениетке жету үшін ең қажетті орны бар. Тасты балқытып, метал алуда, шикі тамақ жеуді доғарып, отты пайдалану арқылы түрлі аурулардан тиылып, суықтан қорғанып, бір жерге жиылып отбасы болуға негіз болған оттың орны адам үшін өте маңызды. Отбасы сөзінің шығуына себеп болған да осы үй ортасындағы жанған оттың қасиеті. От басы, ошақ қасы - үй-і - ші, әйел, бала-шаға ортасы [3, 421 б].
Түбі бір арнадан бастау алатын түркі тілінің алғашқы анықтамалық сөздігі М.Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрік еңбегінде от сөзі түркі тілдерінен де бай мағыналық шеңберде қолданылған. Ot tutun tutеttі: Ол түтін түтетті, яғни от түтін шығарды [4, 332 б ], бұл жерде түркі сөзіндегі от мағынасы ең бастапқы мағынасында - - жалын, алау, от ұғымын беріп тұр. Ot buttі: от бүтті - шөп бітті; шөп шықты, Ат отлады - ат оттады [4, 389 б] қазіргі қазақ тіліндегі мағына жерде өсіп тұрған көк шөпті білдіріп тұр. Осы мысалдарға қарап от ұғымы көне түркі тілінде зат есім қызметінде омоним болғанын көреміз. Бұдан басқа от сөзінің түркі тілі сөздігінде От: у, зәхар, Ot ішtіm: от іштім дәрі іштім - қазіргі қолданыстағы дәрі әрі у деген мағынада қолданылғанын көріп тұрмыз. Қазіргі тіліміздегі мағынасы көнеленіп бара жатқан тәуіп сөзінің түбірі осы от сөзінен шыққан дейді. Сөздікте көрсетілген оташы сөзі бүгінде ота жасайтын дәрігер атауын алған, негізгі сөздің түп төркіні түркі тілінен алынады екен [4, 69 б ].
Дүние бейнесінің адам санасында жаңғыруы бөлінбеген және біртұтас құрылым, әдетте шындықтың логикалық моделі түрінде беріледі. Бірақ дүние бейнесін концептуалды (логикалық) және лингвистикалық модельдер түрінде көрсету де бірдей заңды. Тіл санадағы танымды жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады, оның көмегімен сыртқы және ішкі дүние туралы біліміміз жазылып, басқалардың меншігіне айналады дейді тілтанушы ғалым А.Г.Брутян. Ғалым түсінігі бойынша күллі дүние бейнесін халық тіліндегі ішкі және сыртқы дүние туралы ақпараттар жиынтығы құрайды дейді [ 5, 325 б ].
Қазіргі қазақ халқының тілінде от сөзі бірнеше ұғымда жұмсалады. Бұл от концептісінің уақыт өте мағынасы ұлғайып, кең көлемде қолданылуын көрсетеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде от сөзіне көп мағыналылықты тән етіп көрсетеді:
I. Жалын - заттық ұғымда. Жоғары температурада жанып тұрған газ, жалын. Үй ортасында маздап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Сөздіктің түрлері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Пәндер