Қазақ тіліндегі калька сөздердің қолдануы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
мектеп атауын жазасыз

Қазақ тіліндегі калька сөздердің қолдануы

Бағыты : Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар
секция:тіл білімі
Орындаушы:
Жұмыстың жетекшісі:
жұмысытың орындалған уақыты

Жұмыс мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Сөз мәдениеті
2.2 Сөйлеу мәдениетіндегі калька мәселесі
2.3 Қазақ тіліндегі калька сөздердің қолдануы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Андатпа
Зерттеудің өзектілігі:
Тілдің құрылысы қаншалықты күрделі болып, тіл білімінің міндеті қаншалықты қиын болғанмен, сол тілде сөйлеуші жұрттың тілді игеру, жұмсау жағдайы одан өзгеше. Әр кісі өз ана тілін жарық дүниеге келгеннен құлағына құйып, практика жүзінде игереді, оның тіл білуі - практикалық білу. Сондықтан да сөйлеушінің сол тілде сөйлеу дағдысына сүйенеді және тек жеке басының дағдысына емес, коллективтік дағдыға сүйенеді.Сол себепті де тіліміздегі кальканың соңғы кезде жиі кездесуі тілдің бүзылуына әкеліп отыр.Тіпті менің құрдастарымның өзі калька деген не екенін де түсінбейді. Өзге тілдегі фильмдерді көріп қызығып сол тілдің құрылысымен қазақ тілінің сөйлеу құрылысын яғни логикалық сөйлемдердің құрылымын қате айтып жазып келеді.Бұл өкіндіретін мәселе болып тұр.Сондықтан тіл тазалығын арттыру үшін өз үлесімді қосуды көздеп жобамды жүргіздім.
Жұмыстың мақсаты:Қазақ тіліндегі калька сөздердің әсері және оның алдын алу жолдары.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
-Сөз мәдениеті туралы ғылыми деректерді зерделеу;
-Қазақ тілі қолданысындағы сөз жасам ерекшеліктерін зерделеу;
-Калька туралы түсінікті зерттеу;
-Қазіргі кездегі аударламалр сапасын зерттеу;
-Калька сөздердің қауіпі қандай және оны шешу жолдарын саралау,зерттеу
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жобам арқылы көптеген тілімізде қате қолданылып келе жатқан сөздерді зерттеу арқылы тіл тазалығын насихаттайтын зерттеушілер мен қолданушылар санын көбейту.
Зерттеудің кезеңдері:
1-кезең Сөйлеу мәдениеті ғылыми дереккөздерді саралау.
2-кезең Калька туралы мәліметтерді зерделеу
3-кезең Қазақ тілінің тазалығын қамтамасыз ету жолдарын сараптау ,ұсыну
Зерттеу жаңалығы: Калька тілдің тазалығына қарсы мәселерді құрдастарыма түсіндіру
Қолданылатын жері : "Тіл тәртібі" үйірмесі

Аннотация
Актуальность исследования:
Каким бы сложным ни было построение языка и насколько сложной была задача языкознания, ситуация, в которой люди, говорящие на этом языке, осваивают, расходуют язык, отличается от этого. Каждый человек вливает свой родной язык в уши после рождения света и осваивает его на практике, его знание языка-практическое знание. Поэтому он опирается на навыки говорящего на этом языке и опирается не только на личные навыки, но и на коллективные навыки.Поэтому в последнее время все чаще встречается калька на языке.Даже мои сверстники не понимают, что такое калька. При просмотре фильмов на ином языке, а также при построении одного и того же языка, неправильно произносится построение речи казахского языка, то есть структура логических предложений.Это вопрос сожаления.Поэтому я вел свой проект, намереваясь внести свой вклад в повышение чистоты языка.
Цель работы: влияние слов калька в казахском языке и пути его предупреждения.
Основные задачи исследовательской работы:
- Изучение научных данных о культуре слова;
- Изучение особенностей словообразования в казахском языке;
- Исследование понимания кальки;
- Исследование качества современных переводов;
- Проанализировать,изучить, в чем опасность кальки и способы ее решения
Прогноз исследования: увеличение числа исследователей и пользователей, продвигающих чистоту языка, путем изучения слов, которые неправильно используются во многих наших языках с помощью моего исследовательского проекта.
Этапы исследования:
1 этап культура речи дифференциация научных источников.
2 этап изучение сведений о кальке
3 этап экспертиза ,представление путей обеспечения чистоты казахского языка
Новизна исследования: разъяснение моим сверстникам вопросов против чистоты языка кальки
Место действия: кружок" языковой порядок"

Annotation
Relevance of the study:
No matter how complex the construction of a language is and how difficult the task of linguistics is, the state of mastering and spending a language by those who speak it is different from it. Each person learns his native language in practice, pouring it into his ear from the birth of light, his knowledge of the language is practical knowledge. That is why it relies on the speaker's ability to speak that language and relies only on collective skill, not personal skill.For this reason, the recent frequent occurrence of tracing paper in our language has led to the destruction of the language.Even my peers do not understand what tracing paper is. He was interested in watching films in another language, and he incorrectly wrote the structure of speech of the Kazakh language, that is, the structure of logical sentences.This is a regrettable problem.Therefore, I conducted my project with the aim of making my contribution to improving the purity of the language.
The purpose of the work:the influence of tracing paper in the Kazakh language and ways to prevent it.
The main objectives of the research work are:
- Study of scientific data on the culture of the word;
- Study of the features of Word formation in the use of the Kazakh language;
- Study of the concept of tracing paper;
- Study of the quality of current programs;
- Differentiation, study of what is the danger of tracing paper words and ways to solve them
Research forecast: increase the number of researchers and users who promote language purity by studying words that are being misused in many of our languages through my research project.
Stages of research:
Stage 1 speech culture differentiation of scientific sources.
Stage 2 study of tracing paper data
Stage 3 examination and presentation of ways to ensure the purity of the Kazakh language
Research novelty: tracing paper to explain to my peers the problems against the purity of the language
Place of application: circle" language discipline"

Кіріспе
Сөз мәдениетінің екінші шарты деп оның орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай айтылуын атағанбыз. Бұл талап - тілдің қоғамдық, қатынас құралы болуының басты бір шарты. Тілдегі сөздердің, барлық грамматикалық формалардың құрылуы, айтылуы, қызметі, жұмсалу аясы сол тілде сөйлеушілер түгел мойындаған межеге, шартқа бағынады. Сонда әр тіл даму, қалыптасу үстінде, сөйлеушілердің сол тілді пайдалану тәжірибесі негізінде, өзіне ыңғайлы норма қалыптастырады. Тілімізге тән ережені біз бәріміз ұстаймыз. Тілдегі сөздерді, грамматикалық формаларды қауымның бәрі қабылдап, ұстанған шартты ережеге сай жұмсамасақ, біз бірімізді-біріміз нақты түсінбеген болар едік, тіл қоғамдық қатынас құралы ретінде қызмет ете алмас еді. Калька - қай тілде болса да бар нәрсе. Қазақ тілінде бұрын болмаған көптеген саяси, әлеуметтік терминдер, ғылым, техника атаулары, фразалар, идиомдар калька амалы арқылы жасалып, тиісті орнын алды. Бірақ кальканы тілдің қажетіне сай, терминдерді байыту, көркемдік тәсілдерді молайту тұрғысынан пайдалану бар да, тілдік қатынасқа талғамсыз қарап, сөзді салдыр-салақ құрай салудан туатын калька бар.
Трамвайда, автобуста, басқа да жерлерде кісі аузынан естіген бір-екі мысалды келтірейік. Бізге командировкадан келген кісі. Дала жұмысы кең майданда жүріп жатыр деп елде көргенін айтып жатыр. Осы сияқты мекеме тәртібіне пысық жігіттің Бастығымның басынан секіріп істей алмаймыз дегені немесе ренішті кісінің сөзім жселге ұшып кетті дегені, жас ананың сәбиіне қолыңды аузыңа алма дегендер қазақ тілінің сөз жұмсау ретіне дөп келмейтіні, тыңдаушыны қиысусыз соз боп көрінетіні аңғарылып тұрады. Бұл сөздер түгел калька ретімен құрылған. Сөзге талғамсыздықтың тағы бір көрінісі - екі тілден білетін сөздерді араластырып сөйлеу. Көрші тілден сөз алмаспайтын тіл болмайды.Алайда тіл тазалығын да ұмытпағанымыз жөн.

Негізгі бөлім
2.1 Сөз мәдениеті
Қазір өндірісті, оның процестерін, мекеме жұмысын ұйымдастыруда да жеке адам ез тіршілігін құруда болса да көркемдікке, мәдениеттілікке, эстетикалық талғамға қол созады. Бұл - заман белгісі, елімізді экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытудың үзбей жүзеге асуының көрінісі.
Халыққа жаппай орта білім беру мақсаты кезектегі іс қатарына енгізілді, мамандық беретін орта және жоғары оқу орындары көбейтіліп, олардың студенттерге білім, тәрбие беру жұмысы жетілдірілуде, еңбектегі жұртшылықтың творчество жолында ізденуіне, өнерін дамытып, көрсетуіне жәрдемші болатын ұйымдар көптеп ашылуда. Интеллигенттік, өнершілдік, мәдениеттілік көптен озық шыққан аз топтың еншісі емес, қалың жұртшылықтың, еңбектің бар саласында жұмыс істеушінің бір-бірінің қолын созса уысына түсетін телі болды. Осы жаппай әлеуметтік ағым қоғамның тіл қолдану тәжірибесіне де әсер етуде. Олай болмауы мүмкін де емес. Пікір алмасу интеллектуалдық процесс. Кісінің ой білдіруінен, сөйлеуінен оның бар рухани сырын, қазынасын байқауға болады. Сондықтан да қоғамдағы тіршілік әрекетіне салмақпен байсалды қарайтын адам сөйлеу мәдениетін ерекше құнттайды.
Тілдің құрылысы қаншалықты күрделі болып, тіл білімінің міндеті қаншалықты қиын болғанмен, сол тілде сөйлеуші жұрттың тілді игеру, жұмсау жағдайы одан өзгеше. Әр кісі өз ана тілін жарық дүниеге келгеннен құлағына құйып, практика жүзінде игереді, оның тіл білуі - практикалық білу. Сондықтан да сөйлеушінің сол тілде сөйлеу дағдысына сүйенеді және тек жеке басының дағдысына емес, коллективтік дағдыға сүйенеді.
Сөз мәдениеті жетік болсын дегенде, оған қойылатын бірнеше талап бар: сөз жүйелі, анық, түсінікті айтылуға тиіс; сөз тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуға тиіс; сөз жағдайы қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуға тиіс; сөз сөйлесу жағдайына қарай бейімделуге тиіс. Ең алдымен, бірінші талабымызды айқындап, ашып алайық. Кісі ой айтқанда оны неден бастап, неден аяқтайтынын, негізгі пікірін қалай айқын білдіретінін жоспар алады. Бұл - әсіресе келелі іс, мәселе жөнінен пікір алысқа немесе көпшілік алдына шығып баяндама, лекция өткізген әңгіме жүргізгенде ескеретін жағдай. Кейде біреулер дайындықсыз (бұны ғылымда экспромтпен деп атайды), ойша сөйлеп шыққандық мақтаныш көреді, ерекше шеберлік санайды. Әлбетте, мұндай сөз сәтті болып шыққанда еркін көсілген шабыттың, творчествоның көрінісі ретінде ұтымды шығатыны рас. Бірақ ылғи да экспромт сәтті шыға бермейді, көпшілік алдындағы жауапкершлікке, талапқа сай келе қоймайды. Сөйлеушінің көңіл күйі немесе аудитория жағдайы мұндайда көп мән алып кетеді. Сондықтан да жауапты сезінген адам айтатын сөзін алдын ала түйіп ала, Мұндайды антика дәуірінің атақты сөз шебері Демосфен де ар көрмеген. Тарихта Мидияға қарсы дау деп аталып, қалған сөзінде Демосфен: Афина азаматтары, мен алдарыңда айтатын сезімді әлім келгенше құрап, жаттап алдым. Оны сендерден жасырмаймын деген.
Сонымен, сөйлейтін сөзді жоспарлап, жүйеге келтіріп алу - сөз мәдениетінің бір шарты.
Адамның әр құбылыс, зат туралы білімінің нақты да анық болуы тиімді. Өмірдің осы интеллектуалдық талабы мәдениетінен де көрінеді. Әр кісі бір тақырыпты қозғап өткенде оны ғылымдық негізін біліп сөйлеуге тырысады. Мәдениетті адамдар қазір киноға, театрға барады, музейге сурет көрмелеріне қатысады, концерт тыңдайды. Бірақ алған әсерін таратып, жеткізіп айтып беру әркімнің қолынан келе бермейді. Көпшілік жағдайда кино қызық екен, көрмедегі суреттер әдемі екен, концерт жақсы екен деумен тынады.
Симфониялық немесе ұлт аспаптары оркестрінің концертін тыңдап, алған әсерін білдіруді үйренген адам шығармадан жанрын, сазын, қандай музыкалы аспаптардың қатысатынын, үндердің сырын айтуға машықтанады. Осыны ешкім туа білмейді, жүре, талап қылып үйренеді (оған үлгі-жетек болатын халық сөзі, жазушылар сөзі, музыкаға, сурет, сахна өнеріне арналған мақалалар, еңбектер, солардың таңдауы. Маған Т. Әлімқұловтың домбырашы өнерін суреттеген мына бір үзіндісі өте ұнады:
Домбыраның құлағы қатты бұралған екен. Дәрменнің байырырғы текірегіне ырық бермей, басы қатты асаудай алып қаша жөнелді. Әуелінде "Көңіл ашардан" бастамақ еді, бірақ өзінене де түсініксіз тызалақтаған сары дыбыстар салдыр-гүлдір еткендей болды. Енді бір жерде жазушы "талмаураған сыбызғының сыңсуы", "домбыраның бебеуі қосылды" деп сурет келтіреді (Т.Әлімқұлов, "Сейтек сарыны", "Сары жайлау").
Осы үзіндіде профессионалдық терминдер жоқ десек те болады. Бірақ жазушы халық тіліндегі сөздерді орындаушылыққа, үнге байланысты музыкалық ұғымдарды білдіру үшін шебер қатыстыра білген. Жатық, ұтымды терминдер осы жолмен жасалады. Біз де өз сөзімізде айтатын ойымызды тиісті терминдерді, атауларды келтіріп, олар ойға түспегенде, орайлы сөзбен дәл атап сөйлеуіміз керек.
Сөз мәдениетінің екінші шарты деп оның орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай айтылуын атағанбыз. Бұл талап - тілдің қоғамдық, қатынас құралы болуының басты бір шарты. Тілдегі сөздердің, барлық грамматикалық формалардың құрылуы, айтылуы, қызметі, жұмсалу аясы сол тілде сөйлеушілер түгел мойындаған межеге, шартқа бағынады. Сонда әр тіл даму, қалыптасу үстінде, сөйлеушілердің сол тілді пайдалану тәжірибесі негізінде, өзіне ыңғайлы норма қалыптастырады. Тілімізге тән ережені біз бәріміз ұстаймыз. Тілдегі сөздерді, грамматикалық формаларды қауымның бәрі қабылдап, ұстанған шартты ережеге сай жұмсамасақ, біз бірімізді-біріміз нақты түсінбеген болар едік, тіл қоғамдық қатынас құралы ретінде қызмет ете алмас еді.
Тілдегі негізгі лексикалық, грамматикалық амалды жаппай жұмсала бермейді, сөйлеу тәжірибесінде көп амалдар белгілі стильдік аяға немесе контекске ыңғайланып жұмсалады. Өзге стильдік аяда немесе контексте сөздер тобында басқа синонимдес амалдар жұмсалады. Осы пікіріміз түсінікті болу үшін мынандай мысалды келтірейік. Қазақ тілінде аспан, көк деген екі сөз синоним ретінде жұмсалады.
Бірақ белгілі бір контекстерде бұларды саралап жұмсау керек болады. Күлі көкке ұшты, жерден іздеп, көктен іздеп таба алмадым деген тәрізді экспрессивті сөйлемдерде аспан сөзін қатыстыра алмаймыз Күлі аспанға ұшты, жерден іздеп аспаннан іздеп таба алмадым деп айтсақ, тілге сақ қарайтын кісі бізді тіл білмегеннің санына жатқыза салады, әйтпесе "мына сөзің қазақша емес, қарағым" деп ескертуі де мүскін.
Мәдениетті жұрт, тілін қадірлейтін жұрт осылай істейді де, тілдің мұндай нәзік жайларын елеусіз қалдырмайды. Шынында да, тілдің сөздік құрамын, негізгі грамматикалық жүйесін білу - тілді шебер білу емес. Тілге шеберлік аталғаннан нәзік нормаларды игеруден басталады.
Осындай норма грамматика жүйесінде де бар. Осыған да бір мысал келтіре кетейік. Қазақ тілінде изафеттік тіркестің үш түрі бар: қой қора, қой қорасы, қойдың қорасы. Осылардың әрқайсысының ерекше қызметі, жұмсалатын аясы, ерекшелігі бар. Изафеттік тіркестің жалғаусыз, қабысу арқылы құралатын түрі айтуға жеңіл, ықшам болғандықтан затты, құбылысты атау үшін көп пайдаланылады: қой қора, қол сағат, бала жігіт, бал ара т.б. Біріккен сөзге қосып жүрген көптеген атаулар осы изафеттік тіркестердің негізінда пайда болған қолғап, белбеу, т.б. Ал изафеттік қалған түрлері меншіктілік қатынасты білдіру үшін жұмсалады: заводтың маңы, ел аңызы т.б. Бірақ изафеттік тіркестердің өзара ерекшеліктерін ескере жұмсау ескеріле бермейді. Және бұл тек ауызекі сөзде ғана емес, газет тілінде де ұшырап қалатын кемшілік.
Мектепте қазақ тілін оқыған кісі орфографиялық норманың не екенін білуге тиіс. Бірақ осыны теория жүзінде білеміз де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалиялардың аудару мәселелері және реалийлердің жіктелуі
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Пәндер