Сана туралы әртүрлі көзқарас


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ, ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДАСТР КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ /СӨЖ
Тақырыбы: Философиядағы сана мәселесін сипаттаңыз
Орындаған:
«Кадастр» мамандығының
2 курс студенті
Қуантқан Нұрсипат
Тексерген:
Сулейменов П. М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
Алматы, 2024
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Сана ұғымы
II. Негізгі бөлім
2. Сана туралы әртүрлі көзқарас
3. Сана және бейсаналық
4. Қоғамдық сана және оның түрлері
III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе1. Сана ұғымы
Философиядағы сана мәселесі ең басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі. Сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі. Сана өзінің ерекше табиғатымен, тек адамға ғана тән болуымен, дүниені бейнелей алуымен және өзін-өзі ойлау қасиеттерімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда адамзаттың жетістіктері, білім мен ғылымның дамуы, өзін қоршаған ортадан ажырата алуы осының барлығы дерлік сананың жемісі болып саналады.
Сана - объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түрдегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені ой елегінен өткізіп, тұтас дүниетаным құрайды. Ол псхикалық үдерістердің бірлігінен құралады: ойлау, тіл, қиялдау т. б. және бұлар - сананың нақты көріністері болып табылады.
Сана - әлемді бейнелеудің ең жоғары формасы. Сананың тасымалдаушысы - бұл миы бар адам, ол әлемнің идеалды көрінісін жүзеге асыруға қабілетті жоғары дамыған материалдық жүйе. Сана адамдардың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде ғана қалыптасады және сондықтан әлеуметтік-тарихи сипатқа ие болады.
Сананың негізгі түрлері:
•қабылдау;
• түсіну;
• бағалау;
• еске алу;
• фантазия;
• өмірлік тәжірибе.
Негізгі бөлім2. Сана туралы әртүрлі көзқарас
Сананың пайда болуы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар: эволюцияның нәтижесінде жетіліп шыққан органикалық-физиологиялық мүше мидың басты қызметі; жаратушының ықпалы арқылы адам жаратылысымен пайда болған ерекше құбылыс т. б.
Метафизикада сана «рух», «жан» түсініктерімен байланысты түрде айтылады. Рух - пневма, спирит деген латын және грек сөздерінің аудармасынан алынған, «қозғалғыш ауа», «дем» деген сияқты мағыналарды білдіреді. Рух бірнеше мағынада қолданылады: тәнді уақытша немесе мәңгілікке тастап кететін жан; елес; құдайдын мәні - «Құдай дегеніміз рух» деген пафоспен айталады; әлем мен жердің ішкі мәні - жер рухы, әлемдік рух; жалпы сипат: халықтық рух, дәуір рухы және т. б. Классикалық қолданыста табиғатқа, материяға қарсы мағынада және тәнді жетілдіретін, асқақтанатын, кемелденетін құбылыс. Метафизикада: жеке рух, объективті рух, объективтенген рух болып үшке бөлінеді.
Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар: олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.
Физикализм - сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана- ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы-табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер) ; дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану) . Физикалистердің негізгі мәселесі- ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады - үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты - нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды) .
Материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат) . Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар. Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана балық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің ( hule - материя, zoe - тіршілік деген екі сөзінен құралған) . Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой - мидың рухани жемісі де, өт - бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Ф. Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, орынды сынға алады.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғылымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя - адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы - күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. Әрқайсысы сияқты сигналды жеке-дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ, олар өзара тығыз байланыста болып, түрлі операция жасағанда, миллардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам мифы 10 20 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда, оның Мәскеудегі Мемлекеттік көпшілік кітапханадағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде сақтай алатын мүмкіндігі бар көрінеді. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса, адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.
Солипсизм -индивидтың санасы- жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние - оның туындысы деп есептейтін бағыт (субъективтік идеализм - Беркли, Юм, Фихт) .
Тағы бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар - алғашқы рухани бастамалар, олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана- адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем- гиганттық ақыл, сана-материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы - материяның қасиеті.
3. Сана және бейсаналық
Сананың мәнін ашу үшін оған қарама-қарсы құбылыс бейсаналылық пен оның ең жоғары көрінісі өзіндік сана, рефлексия мәселелері таразыланатын объектіге айналдырылған.
Біздің саналы, әдейі іске асыратын, ойластырылып, мақсат қойылып барып жүзеге асыратын қызметтерімізбен қатар түпкілікті түсіндірілмейтін, тылсым күш сияқты болып көрінетін, кейде ырқымызды да билей алатын құбылыстың бар екендігі сөзсіз. Бірақ ол объективті факторлар емес, сананың ішкі қарама-қарсы көрінісі, психиканың басты мазмұны болып табылатын -
бейсаналылық аймақ.
Бейсаналылыққа қарама-қарсы түсінік, сананың жетілген формасы, шыңы болып саналатын деңгей - өзіндік сана, рефлексия, «Мен-Тұжырымдамасы» сияқты құбылыстармен шартталады. Өзіндік сана - адамның өзін-өзі объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниемен қатынасын, істерін, әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүлделерін, әрі өзін тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы.
Философия тарихындағы бейсаналық концепцияларды салыстырмалы талдау.
Адамның психикасы мен мінез-құлқы туралы ойлана отырып, менің ойымша, сана мен бейсананың өзара байланысы мәселесіне ерекше назар аудару керек. Сана психологияның, философия және барлық антропологиялық ғылымдардың маңызды ұғымы болып табылады. Сондықтан сана мәселесі және оның бейсаналықпен өзара әрекеттесуі оған әртүрлі көзқарастарды, оның жеке аспектілері туралы көптеген көзқарастарды тудырады. Сана-бұл нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі, шындықты әлеуметтік және мақсатты түрде бейнелеуден, іс-әрекеттерді алдын-ала ойластырудан және олардың нәтижесін алдын-ала болжаудан, адамның мінез-құлқын саналы түрде реттеуден және өзін-өзі бақылаудан тұрады.
Жоғарыда айтып кеткенімдей сана - психиканың ажырамас бөлігі. Ол адамның сыртқы әлемін ғана емес, сонымен бірге ойларын, сезімдерін, идеяларын қамтиды. Ал оның басқа бөлігі - бейсаналық болып табылады. Адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқару үшін сыртқы ортадан да, ішкі органдар мен жүйелерден де келетін сигналдарды қолданады. Сигналдардың көпшілігін адам түсінбейді және олар мінез-құлықты реттеу үшін қолданылатынына қарамастан, бұл сана деңгейінде болады. Субъект қабылдамайтын психикалық құбылыстардың жиынтығы - бейсаналық деп аталады. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Бейсаналықтың аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы.
Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әдісі бар:
1. Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т. б. ) жасалған әрекеттер;
2. Субъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер;
Адамның жеке басындағы бейсаналық - бұл адамның өзіне тән, бірақ санасы қабылдамайтын сезімдер, мүдделер мен тілектер. Олар қабылдау, есте сақтау және қиялмен байланысты әртүрлі еріксіз реакцияларда, әрекеттерде, психикалық құбылыстарда байқалады. Бұл құбылыстардың барлығы "қате әрекеттер"деген анықтама алды. Бейсананың мысалдары: қате жазу, сөздерді дұрыс тыңдамау; адамның жағымсыз эмоцияларын тудыратын есімдерді, уәделерді, оқиғаларды және басқаларды еріксіз ұмытып кету;
Көптеген шетелдік және отандық ғалымдар бұл мәселені көп уақыт зерттеді және әлі де зерттеп келеді. Шетелдік психологияда Зигмунд Фрейд бейсаналық ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бейсаналық - психикалық өмірді реттеуде жетекші рөл атқарады, ал сана - бұл біздің психикамыздың аз ғана бөлігі дп түсіндірді. Кейіннен оның теориясын г. Юнг дамытып, толықтырды. Ол психиканы динамикалық қарама-қайшылықты бірлік деп санады, сана мен бейсананың өзара әрекеттесуімен олардың арасындағы үздіксіз энергия-ақпараттық алмасумен толықтырады деп тұжырымдады. Л. С. Выготский сана - бұл психикалық функциялардың, қабілеттер мен жеке қасиеттердің бірлестігі екенін атап өтті.
Қазіргі кездегі ғылыми мәліметтерге сәйкес, сана мен бейсаналық арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе әлі де ашық және біржақты шешілмейтінін мойындау керек. Мұның басты себебі - санамен, сондай-ақ адамның мінез-құлқымен және оның саналы реттелуімен байланысты бейсаналық психикалық құбылыстардың көптеген түрлерінің болуы.
3. Қоғамдық сана
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz