ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ФИЗИКА САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ФИЗИКА САБАҒЫНДА
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Орындаған:Жолдасова Д.Б Қасым Д.А Фк221
Қабылдаған:Сапарбекова А.А

Аннотация
Бұл мақалада білім беруді ақпараттандыру педагогикалық технологиялар орталығы әзірлеген жалпы орта білім беретін мектептер үшін 9 сынып физикасы бойынша электрондық оқулықты қарастырады. Электрондық оқулықтар мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалды. Оқулық мазмұны төрт бөлімнен тұрады. Әр тарауда мәтіндер, демонстрациялар, тәжірибе, тест тапсырмалары ұсынылған. Бұл жаңа буын оқулығы, ақпарат өрісінде болуы мүмкін электрондық технологияларды енгізумен және оқушыларға тек қана алуға ғана емес, негізгі сабақта алынған білім мен дағдыларды бекіту болып табылады.
Түйін сөздер: электрондық оқулықтар, анимациялық демонстрациялар, виртуалды зертханалық жұмыстар, электрондық түрдегі практикалық есептер, электрондық оқулықтардың тиімділігі.

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың мемелекеттік бағдарламасында кәсіптік және техникалық білімді жетілдіру, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталғанын ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлау міндеттелінген [1].
Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп қана қоймай, адамдардың өмірін, ойлау қабілетін түбегейлі өзгертетін үдерістердің бірі екендігін анық айтуға болады.
Білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту - жалпы оқытуға бағытталған бағдарламалық құралдар дайындалмайынша мүмкін емес. Ақпараттық технологияның ауқымы кең. Оларға бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар т.б. жатады.
Жалпы, ХХІ ғасыр ақпараттық даму заманы болғандықтан, ой-өрісі озық оқушы даярлау, оның қызыушылығын сабақ барысында арттыру мұғалімнің міндеті.
Оқушылар үшін электронды оқулық - мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуына мүмкіндік беретін ақпарат көзі [2]. Ал, мұғалім үшін ол - өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе болып табылады.
Осыған байланысты Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы дайындаған 9 сыныпқа арналған физика пәнінен электронды оқулықты қарастырайық. Бұл оқулықтың алғашқы бетінде аңдатпа, пайдаланушыға нұсқау, бағдарламалар, әдебиеттер тізімі және авторлар ұжымы берілген, мұнда оқушы электронды оқулық жайлы толық мәлімет ала алады, танысады (1-сурет).

1-сурет. 9-сыныпқа арналған электронды оқулық

Бұл оқулық мемлекеттік жалпы орта білім берудің стандартына сәйкес жасалынған. Оқулық мазмұны келесідей тараулардан құрылған: Механика, Тербелістер және толқындар, Атом және атом ядросы, Астрономия. Ондағы физикалық құбылыстар анимацияланған демонстрациялармен нақты көрсетілген, бұл оқушы үшін қағаз бетінде көрсетілген сурет немесе қолмен ұстап сезіне алмайтын аспап, кейбір жағдайларда түсініксіз графикалық көрсетілімдерді қайта-қайта қарап шығып, түсінуге үлкен көмек, ал мұғалім тақырыпты бір сабақта әр балаға жеке-жеке түсіндіруге мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар виртуальды зертханалық жұмыс кірістірілген, ол оқушының бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ (АКТ) ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану әдістемесі
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Пәндер