Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары


1-апта
1. Психология пәні және оның міндеттері.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде ӛндіріс, ғылым, медицина, ӛнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С. Л. Рубинштейн ӛзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық кӛрінеді - олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен
түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б. жатады…»
Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың кӛзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бӛлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір кӛрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам ӛледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы ӛмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиетте; 3) психикалық қалып.
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу, қиял және елес, ес;
2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері.
Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің кӛпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы ӛте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп кӛпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жӛн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т. б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады.
Психологияның тӛмендегідей негізгі дәрежелері бӛлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл «әлеуметтік» және «биологиялық» ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам ӛміріндегі ролі қарқынды түрде ӛзгерген. Ол ӛнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т. б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды ӛзгеріске ұшыратады.
Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
2. Психология ғылымының даму тарихы.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай ӛзінің зерттеу пәніне деген кӛзқарасының ӛзгеретінін байқау қажет. Психология ӛте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г. Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бӛлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т. б. ) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының ӛрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф. Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф. Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден - дерексіздерге кӛшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас кӛтеріп эканомикада ӛз орнын ала бастаған буржуазия тобы, ӛздерінің ӛндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф. Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф. Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, ӛмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К. Маркс Ф. Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге кӛшу мәселесі қолға алынды.
Дж. Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол ӛзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік кӛзқарасты дамытады. Бұл кӛзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы - табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж. Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол ӛзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде - идеялист болып кӛрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін кӛруге болады. Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т. б. дамытты. Юм адамның ӛте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың кӛшірмесін елестеулерге бӛлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады.
Гартли мен Пристли деген оқымыстылар эмперикалық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше ассоцияциялық байланыстар Юм айтқандай елестеулерде амес, мидың ӛзінде болады; әсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларын қоздырып, бірбірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір жүйесі қозса еріксізденеріксіз ассоцияция арқылы мидың басқа салалары да қозады.
Ӛткен ғасырдың орта шенінде кӛп табыстарға жетіп, ӛршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымына да ене бастады. Психология бара бара ӛзінің зерттеулерінде дәл ақпараттарды пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психологияның ӛзінде-ақ кейбір психологтар, әсіресе, Вундт пен Джемс ассоциятивтік психологияның шыли ӛрескел жетімсіздіктері мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт - заттарды қабылдау - түйсіктері мен елестеу - тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны ӛндіріп отыратын ӛте күрделі психикалық процесс екендігін айтты. Джемс - сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша ӛзгешеліктеріне кӛбірек кӛңіл бӛлді; психикалық әрекеттердің ӛне бойы ӛзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел кӛрсете алмады. Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:
1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз ӛзінен-ӛзі іштен пайда болып, ӛз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның ӛзін-ӛзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам ӛзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке ӛзін-ӛзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3. Психикалық әрекеттерді механистік кӛзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бӛлшектер есебінде қаралған. Ол - сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта ӛзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, ӛсіп-дамып отыруын зерттемеді.
Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.
5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы ӛз алдына ӛмір сүреді, олардың әрқайсысы ӛз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.
Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, ӛнер жүйесінда, әдебиетте, ӛндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т. б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады. 19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т. б. ) эксперимент жүзінде әр-түрлі құрал-жабдықтың кӛмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология ӛз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады.
Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сӛз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніні байланысты кӛзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның ӛзекті мәселесі - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған.
Осы мәселе тӛңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, ӛз бетінше ӛмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика - тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» кӛрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде кӛрсетеді.
Идеалистік философия ӛкілдері материядан тәуелсіз еркше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі ӛлмейтін жан түрінде қарастырады. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, кӛрінбейтін, әрі мәңгі жасайтын, тәннің екінші бір баламасы- рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік бағыттар дамыды.
Психиканы адамның рухани ӛмірінің кӛрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық кӛзқарасты кӛптеген ғасырларға ығыстырды. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын кӛрсетті. Р. Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол ӛз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, ӛзара тәуелсіз екі болмыс - материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды.
Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас ӛзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың ӛкілдері - В. Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс және т. б.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының ӛрістеп алға басуына себепші болды Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философия Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан - қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден - дерексіздерге кӛшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас кӛтеріп эканомикада ӛз орнын ала бастаған буржуазия тобы, ӛздерінің ӛндіріс орнындағы жұмысшылырдың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф. Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, ӛмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К. Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Шамамен осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Сезім, ойлау қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына сана психологиясы келді. Психиканың мазмұндарының орнына сананың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы психика туралы ғылыми есебінде кӛрінген психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой кӛтерді. Сӛйтіп, 18 ғасырдан бастап сананы зерттейтін «психикасыз психология» ғылыми сахнаға шықты.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын ӛзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы ӛз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды: - сана элементтер теориясы, негізін салғандар В. Вундт және Э. Титченер;
- саналық әрекеттер психологиясы, Ф. Брентаноның есімімен байланысты;
- саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған; - дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология; - Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік - психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В. Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.
Диалектикалық материалазм кӛзқарасы бойынша материя 1-ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана - бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі.
Сыртқы психикалық ӛмірсіз ішкі психикалық ӛмір бола алмайды. Яғни, ӛзінен тьәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ.
Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің ӛзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның ӛсіп, ӛшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон керісінше «психика мәңгі ӛлмейді, ӛшпейді». - деп тұжырымдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz