Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі

Кіріспе:
Зерттеудің өзектілігі; мақсаты; міндеттері; зерттеу болжамы
Негізгі бөлім:
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Химияның экология, биология, салауаттану пәндерімен пәнаралық байланысы;
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыра оқыту үшін жасалған эксперимент нәтижесі
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, ол сондай - ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында "Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған" деп көрсеткен.
Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр. Міне, осыдан - ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкесті мәселе екендігі түсінікті. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.
Жаратылыстану ғылымына енетін пәндер - химия, биология, салауаттану, экология - әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырғанмен, оларда пәнаралық байланыста ғылыми тұрғыдан салауатты өмір сүру мәселелері қамтылмаған. Демек, салауатты өмір сүруге байланысты білім беру мәселелерін шешу пәнаралық байланысты жүйелі түрде күшейту арқылы, жаратылыстану пәндері мазмұнын кіріктіре отырып оқыту негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Пәнаралық байланыс арқылы жүйелі және мақсатты түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын нығайтады. Жаратылыстану пәндерінің білім мен тәрбие беруде мол мүмкіндігінің барлығына қарамастан, орта мектепте химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда оқушылардың салауаттылықтанымын қалыптастыру мәселелері жүйелі зерттелмей келеді. Жарық көрген ғылыми еңбектерді зерттей келе салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру жалпы педагогикалық негізде қарастырылғанымен, химияны оқытуда пәнаралық байланыс арқылы оны жүзеге асыру проблемалары жете зерттелмегендігін байқадық. Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың салауаттылық туралы меңгеруге тиісті білімдері мен іс жүзінде меңгерген білімдері арасындағы қайшылықтардың туындау себептері анықталды. Олар: орта мектепте пәнаралық байланысты күшейтуге өз дәрежесінде мән берілмейтіні; жаратылыстану пәндері арасында кіріктіре оқыту ұстанымының жүзеге аспай отырғандығы; пәнаралық байланыс негізінде қалыптасатын салауаттылық ұғымдардың жүйеленбейтіндігі. Сондықтан да, оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беруге қойылатын талаптар мен оны білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүзеге асыру арасында қайшылық туып отыр.
Осы қайшылықтарды шешу үшін, химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін жетілдірудің жолдары мен әдіс- тәсілдерін зерттеуді мақсат етіп, "Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі" деген тақырыпты алдық.
Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу;
химияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
тәжірибеден өткен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін мектептердің іс - тәжірибесіне ендіру.
Зерттеудің болжамы: химияны оқыту барысында пәнаралық байланыс негізінде салауатты өмір салты мәселелері туралы білім мен тәрбие беру нәтижелі болады, егерде:
салауаттану, биология, экология пәндеріндегі салауаттылық туралы берілетін ұғымдар жүйеленіп, оны химия пәні мазмұнымен кіріктіруге көңіл бөлінсе;
орта мектеп химия курсындағы салауаттылық туралы материалдар теориялық және әдістемелік жағынан негізделсе;
күнделікті ақпараттардан салауаттылық туралы бұқаралық ғылыми материалдар іріктеліп және ол деректер сабақ барысында тиімді пайдаланылса;
оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту сабақта, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерінде жүйелі жүргізілсе.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2021 - 2022 жж.) зерттеу мәселесін анықтау үшін философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасалды, орта мектептегі химия пәнінен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жайы сараланды, зерттеудің мақсат - міндеттері, болжамы анықталды. Сауалнамалар арқылы оқушылардың теориялық және әдістемелік деңгейлері айқындалды.
Екінші кезеңде (2022 - 2023 жж) анықтауж эксперименті нәтижесінде оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарының деңгейі айқындалды. Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне арналған сабақтар жоспары әзірленді. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыс түрлері, оларды ұйымдастыру жолдары сараланды. Зерттеу жүргізілетін мектептердегі эксперимент және бақылау сыныптары оқушыларының салауаттылық туралы білім деңгейі анықталды.
Үшінші кезеңде (2023 - 2024 жж) химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді. Алынған мәліметтер талданып, бір жүйеге түсірілді. Зерттеу нәтижелері математикалық жолмен қорытындыланды.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми - жаратылыстық, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
химия, биология және салауаттанудан салауаттылық туралы білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, бағдарлама, оқулықтарды, оқу - құралдарын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастыру;
оқушылардың салауатты өмір салты бойынша білімі мен білігін анықтайтын сауалнамалар алу және олардың нәтижесін талдау;
педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін сапалық және сандық тұрғынан саралау;
Зерттеудің теориялық мәнділігі: ғылыми - зерттеу нәтижесінде жасалған ұсыныстар және жарияланған материалдар мұғалімнің әдістемелік әзірлігін арттырып, жаратылыстану пәндерін оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздері айқындалады.
- химия пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық байланыс арқылы салауаттылық туралы білім беру теориялық тұрғыдан негізделеді.
- химия сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесі жасалады.
- орта мектеп химиясын пәнаралық байланыста оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие берудің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында дәлелденеді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
химияны пәнаралық негізде оқытуда салауаттылықты қалыптастыруға бағытталған химиялық эксперименттердің әдістемесі жасалды.
жалпы білім беретін мектептерде Химия және салауаттылық атты факультативтік курс бағдарламасы жасалынып, оқу үрдісіне енгізілді.
химия пәніне байланысты сыныптан тыс жұмыстарда салауатты өмірге тәрбиелеудің әдістемелік нұсқауы дайындалды.
- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі химиядан білім беру үрдісінде, колледждер мен жоғары оқу орындары мен мұғалімдер білімін жетілдіру мекемелерінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы Зерттеу нәтижелерінің негізделуі мен сенімділігі зерттеудің жалпы әдіснамалық тәсілінің дұрыс таңдалуы, тәжірибелік бағдарламаның оқу үрдісінде қолданылуымен, педагогикалық эксперименттің жоспарлылығы мен кезеңділігімен қамтамасыз етілді.

Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "салауаттылық сауаттылығы" , "салауаттылық білім" , "салауатты өмір сүруге тәрбиелеу", "салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру" т. б. ұсынады. Бұлардың ішінде нақты, дәлірек термин "салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру" деп есептейміз, өйткені білім беру оқушылардың ғылыми білім және танымдық іскерлік пен дағдылар жүйесін меңгеру нәтижесі және үрдісі, соның нәтижесінде олардың шығармашылық күштері мен қабілеттері дамып жеке адамның адамгершілік және басқа сапалары, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Ал тәрбие беру - жеке адамның дамуына мақсатты түрде әсер ететін қоғамдағы мінез - құлық тәсілі, сенім, көзқарас, сапалық қасиеттер нәтижесі және үрдісі, жалпы олар бір - бірінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.
Қорыта келгенде, салауатты өмір салты туралы білім мен тәрбиені меңгерген тұлға салауаттылықтың маңызды элементтерін түсініп, ондағы түрлі шиелініскен өзекті мәселелердің алдын алуға дайын, өз денсаулығының қамқоршысы бола алады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыра тәрбие беру - денсаулықты қорғауға бағытталған қоғамға пайдалы еңбек ету, денсаулық туралы алған білімін құрбыларының және көпшіліктің арасында насихаттау, салауатты өмір сүру саласы бойынша ұйымдастырылатын істерге белсенді түрде араласу болып табылады.
Салауатты өмір салты туралы білім берудің мақсаты- оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру, ғылыми білім беру негізінде дүниеге көзқарасын, өзіне, өмірге деген сенімін қалыптастыру болып табылады. Алға қойған мақсат бойынша салауатты өмір салты туралы білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында екі түрлі үлгісі қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәндік үлгі. Мұнда мектепте оқытылатын дәстүрлі пәндердің мазмұны салауаттылық туралы мәселелермен толықтырылып, байытылады. Екіншісі - бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы салауаттылық мәселелері қарастырылатын факультативтік курс еңгізу арқылы жүзеге асады.
Зерттеуімізге байланысты медициналық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді саралап зерделеу негізінде түйіндегеніміз, оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беруде жеке адамның салауаттылық туралы ойлау қабілетін жетілдіру, қоршаған орта және оның денсаулыққа әсері туралы оң көзқарасын дамытудың қажеттігі. Бүгінгі күн талабы әрбір оқушының негізгі ғылым салаларынан білімді болуымен қоса, ізденімпаздығы, пікір алмасу, ой бөлісу қабілеті жоғарғы деңгейге көтіріліп, өзінің жеке бас сапасын, сауаттылығын күнбе - күн жетілдіріп отыру мүмкіндіктерінің артуы.
Салауаттылық жайында білім мен тәрбие беру және білімдері мен біліктерін қалыптастыру жалаң уағыздаумен жүзеге аспайтындығын біле отырып, мәселенің шешімін орта мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі - химияның мазмұнымен байланыстыру арқылы жүзеге асыруды мақсат еттік. Сонымен қоса, химия пәнінің бағдарламалық мазмұнын басқа да биологиялық пәндермен кіріктіре отырып оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға болатындығын дәлелдемекпіз.
Орта мектептегі химия пәнінің басқа биологиялық пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған зерттеу әлі күнге дейін болмай отыр. Бұл біздің зерттеуімізге бірнеше талап қоюға душар етеді. Алдымен химия пәнінің мазмұнына байланысты салауаттылық жайында білім беруге негіз бола алатын материалды іріктесек, екіншіден, осы материалды басқа биологиялық пәндердің қай тарауымен, тақырыбымен, ұғымымен және сарамандық жұмыстарымен кіріктіру мүмкіндігінің бар екендігін анықтаудың керектігі. Үшіншіден, осы мазмұнды оқушыларға меңгертуде қолданылатын жұмыс түрлері мен әдіс- тәсілдерді анықтау. Төртінші, осы материалға байланысты сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың түрлері мен олардың түрлерін саралау.
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беруде жоғары деңгейіне қол жеткізуде, білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденцияларға сүйенуді көздейді.
Зерттеуіміздің мақсаты оқушыларға химияны пәнаралық байланыста оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан, жаратылыстану пәндерінің мазмұнындағы салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім беру жайы сараланып, олардың бір- бірімен байланысы айқындалды.
Жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде салауаттылықтанымды қалыптастыру үшін төмендегідей бағыттарды анықтауға болады:
Бірінші бағыт - адам ағзасында жүретін биохимиялық үрдістердің қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсерін ашып көрсету.
Екінші бағыт - жаратылыстану ғылымдарының зерттеу объектілері, олардың салауаттылық аспектілері арқылы әлеуметтік ұғымдарды қалыптастыру.
Үшінші бағыт - жаратылыстану пәндеріндегі салауаттылық ұғымдарын әлеуметтік ұғымдармен ұштастыру.
Төртінші бағыт - алдыңғы үшеуінің негізінде химия пәнін кіріктіре отырып оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
"Салауатты өмір сүру", "салауатты өмір салтын қалыптастыру", "салауаттылықтаным" ұғымдарын қалыптастыру барысында, барлық жаратылыстану ғылымдары "денсаулық сақтаудың" теориялық негіздеріне сүйенеді. Салауаттылық нысаны біріншіден - дені сау адам, екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден - аурудың пайда болу себептері, ағзаның дені сау күйіне оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру және сауықтыру шаралары.
Сондықтан салауаттану, экология, биология және химия пәндерінің бағдарламаларындағы білім мазмұнына сәйкес берілетін материалдарды оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдарын көрсету барысында мынадай міндеттер туындайды:
- оқушыларға салауаттылық теориясын меңгерту;
- оқушыларға салауатты өмір салтын жүзеге асыру әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- оқушыларды негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және олардың алдын алу шараларымен таныстыру.
Салауаттылық туралы білім беруде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі төмендегі критерийлермен анықталады:
а) Әртүрлі пәндер бойынша берілетін түсінік, заң және теориялардың бір жүйелілігі;
б) Пәннен аралық мазмұндағы ұғымдарды әрбір пәнді оқу кезінде пайдалана білуді жүзеге асырудың жолдары, әдістемелік ерекшеліктері.
Жаратылыстану пәндерінің байланысы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтінінің бір- бірімен өзара кірігуін қамтамасыз ететіндей жүйелілікте беріледі.
Салауатты өмір салты ұғымының көлемі мен оларды зерттейтін ғылымдардағы маңызын төмендегі сызбанұсқадан көруге болады (1 - сызбанұсқа ). Химиялық заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде заттардың бір - біріне айналу өзгерістерін қарастырады, өзінің зерттеу объектісі ретінде биология мен салауаттануды байланыстырады.
Осы көрсетілген сызбанұсқада жаратылыстану пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыстың басты мақсатының бірі әр бір пәнде жеке қаралатын тақырыптың ғылыми мазмұны мен салауатты өмір сүру туралы материалдың мазмұнын кіріктіре отырып қарау. Бұл алдын ала дайындалған бағдарлама негізінде салауаттылық білім мен ғылыми көзқарасы қалыптасқан оқушы дайындау міндетін шешуге көмектеседі.
Пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру мынадай қызмет атқарады:
- әдістемелік қызмет- салауатты өмір сүру туралы материалдарды меңгеру үшін әдіс- тәсілдерді іздестіруге, тақырыптың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызын ашуға көмектеседі.
- таным қызметі - оқушылардың салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
- білім беру қызметі - пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында оқушылардың ой- санасын, іскерлік дағдыларын дамыту.

Химияның экология, биология, салауаттану пәндерімен пәнаралық байланысы
1 сызбанұсқа - Салауатты өмір салты туралы ұғымдардың пәнаралық байланыс арқылы қалыптасуы
Биология
Экология

Салауатты өмір салтын қалып -
тастыруда тірі ағзаның атқара -
тын қызметі, денсаулық сақтау мен нығайту шаралары.
Адам баласының өзін қоршаған табиғы ортамен қарым қатынасы
ның үйлесімділігін тұрақтандырып, салауатты өмір сүруге жағдай жасау.

Химия

Адам ағзасында жүретін биохимиялық үрдістердің қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсерін ашып көрсету. Осының негізіде химия пәнінен салауатты
лықтаным ұғымдарын қалыптастыру.

Салауаттану
Қоғамдық пәндер

Адам және сол адам өмір сүретін қоғамның салауаттылығы ның әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылуы.
Әлеуметтік мәселелер негізінде салауаттылық ұғымдарын қалыптастыру

Сол үшін химия пәнінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес базалық білім мазмұнының (міндеттi деңгейіне сәйкес) оқу процесінде оқып үйренуге және меңгеруге қажет білімдерінің жүйеленген көлеміне сәйкес, химияны оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары айқындалды.
Химияның экология пәнімен пәнаралық байланысы: химиялық заттардың атмосфераға, табиғи су көздеріне әсері, ауыл шарушылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және химия өнеркәсіп орындарының мұржаларынан шығатын әр түрлі улы газдардың жер бетіне қайта атмосфералық жауын - шашындармен жаууы. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін және адам денсаулығына зиян келтіретінін қарастыру.
Химияның биология пәнімен пәнаралық байланысы: адам ағзасында кездесетін химиялық заттардың денсаулыққа әсері, химиялық элементтер мен химиялық заттардың жетіспеуінен туындайтын әр түрлі аурулар, олардың алдын алу шаралары, адам денсаулығы үшін маңызды химиялық заттардың мөлшерінің ағзада өз нормасында болуы. Дұрыс тамақтанудың денсаулық сақтауда алатын орны.
Химияның салауаттану пәнімен пәнаралық байланысы: денсаулықты сақтаудың негізгі критерийлерінің бірі, салауатты өмір салтын қалыптастыруда маскүнемдік, шылым шегу және есірткілік заттарды қолдану сияқты зиянды әдеттерден сақ болуға тәрбиелеу. Алкоголь, никотин, наркотик - химиялық улы заттар екеніне химия ғылымы тұрғысынан көздерін жеткізетін ғылыми ұғым беру.
Салауатты өмір сүруге бағыттайтын мәселелерге химия сабақтарында психологиялық зерттеулерді қолдану да жатады, себебі бұл зерттеулердің адам денсаулығы үшін маңызының зор екені дәлелденді.
Жалпы білім беретін орта мектепте химия пәнінің бағдарламасына сәйкес оқу материалының мазмұнындағы тараулардың салауаттылық мәселелері қарастырылатын тақырыптары және жүргізілетін зертханалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Кіріктірілген оқыту принциптері
Амин қышқылдарына жалпы сипаттама
Пәндер