Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

Педагогикалық институт Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз хикаятын оқыту

Мамандық цифры
Оқу бөлімі
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: Нағашыбай Гүлназ Тойлыбайқызы.
Тексерген: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Смагулова Нұргүл Қайырбекқызы.
Бағасы:

Көкшетау, 2023

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Шыңғыс Айтматовтың ғұмырламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Шыңғыс Айтматов шығармашылығының зерттелуі ... ... ...6
МЕКТЕПТЕ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..8
2.1 Повесть жанрының теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Мектепте Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын оқыту (Алғашқы ұстаз повесті) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың бас кезеңі еліміздің тарихындағы қоғамдық - саяси жағдайлар,бетбұрыстар кезеңі ретінде алтын әріптермен жазылып қалды. Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, ұлт әдебиетін өркендету мәселеріне көңіл бөлінді. Сол заманның қоғамдық саяси жағдайын шыншылдықпен көрсете білген ғұлама жазушы Шыңғыс Айтматов болды. Жазушының көптеген шығармалының біразы соғыс кезіндегі ауылдың ауыр тіршілігі, қандай қиындықтар болмасын, аңсаған арманы үшін күресе білген жаны нәзік, жүрегі таза, жаны сұлу, қарапайым жастардың бейнесі. Сонымен қоса жазушының романдарында да қоғамдық өмірдің сан қырлы қатпарларына үңілгені, оның ішкі сырларын ашуға ұмтылғаны көрінеді. Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын мектепте оқыту осымен ерекшеленеді. Шыңғыс Айтматов өзінің Алғашқа ұстаз шығармасы арқылы 1924 жылы орын алған мектеп, ұстаз, бала құқығы, бала болашағы сияқты мәселені көтере алды. Қазақта Ұстазы жақсының ұстаны жақсы деген жақсы сөз бар. Ұстаз - әр адамның бойында ерекше жылулық беретін аяулы тұлға. Ұстаздық ету - тағылымы терең өнер, қажырлы еңбек. Нағыз ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек қажет. Осы қасиеттерді бойына жинаған адам ғана шынайы ұстаз бола алады. Ұстаз болу - өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді.Мұғалімнің қоғамдағы рөлі - шәкіртіне білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірде тиімді қолданып, жарата алуына жағдай жасау. Сондай-ақ, оларды бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу. Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестін оқушыларға оқыту арқылы мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін айшықтап көрсету. Повестте көтерілген заман шындығындағы мәселе мен жаңа қоғам заманданындағы мәселені салыстыру. Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повесті жалпы білім беретін мектептің оныншы сынып оқушыларына арналып жазылған. Жазушының шығармаларын мектепте оқытудың өзіндік ерекшелгі оқушылар Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын оқып қана қоймай, еліміздің тарихына, қоғамда орын алған мәселерге назар аударады. Сол арқылы оқушының танымдық жүйесі, сыни пікірі, көзқарасы қалыптасады. Сол себепті Шыңғыс Айтматовтың еңбектері әдебиетімізді оқытуда айрықша орын алады.
Зерттеу нысаны: Мектеп бағдарламасында оқытылатын Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестін әдіс-тәсілдерді қолданып оқыту.
Зерттеу пәні -- Қазақ әдебиеті пәнінің оныншы сыныбында оқытылатын Алғашқы ұстаз повесті.
Зерттеу мақсаты: Шыңғыс Айтмановтың Алғашқы ұстаз шығармасын оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыру .
Зерттеудің міндеттері:
Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестінің идеясы;
Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестінің оқытылу;
Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестіні арқылы оқушылардың сыни ойлауының қалыптасуы;
Зерттеудің практикалық маңызы - Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестінің практикалық маңызы оқушылардың шығарманы оқып, талдау арқылы ертегегі қоғамда орын алған қилы кезеңдер мен қазіргі заман кезеңін салыстыра алуы.

Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестінің идеясынан; бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ

1.1 Шыңғыс Айтматовтың ғұмырламасы
Шыңғыс Айтматов қос ұлттың рухани мұрасымен сусындап, әлемдік құбылысқа айналған қаламгер. Осы бір есімнің төрткүл дүниені дүбірлетіп, аузына қаратып тұрғанына жарты ғасырдай уақыт болды. Қазақ мен Қырғыз Алатауының бауырында өмірге келген жас Шыңғысты аумалы-төкпелі замандардың небір қиындықтары, соғыс кезіндегі қырғыз ауылының тұрмыс-тіршілігі тез есейтіп, қанаттандырып, әдебиет әлемінің биігіне қарай ұшырды. XX ғасырда түркі топырағынан шығып, әлемдік әдебиет алыптарымен қатар тұрып, төріне шыққан Шыңғыс Айтматовтай ұлы жазушы жоқ десе де болғандай. Оны осындай биікке көтерген ең алдымен, қырғыздың киелі топырағы болса, содан кейін оның шығармаларында өрнек тапқан қазақтың даласы мен жиырмасыншы ғасырда түркі жұртынан шыққан тағы бір ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің інісіне шығармашылық табыс тілеп берген ақ батасы.
Сөйтіп, түркі әлемінен шыққан М.Әуезов пен оның ізімен жарқ етіп көрінген Шыңғыс Айтматов әлемдік әдебиет оқырмандарын әрбір шығармасымен елеңдетіп, ақ басты Алатаудың екі жағында жатқан тау мен дала хикаяларымен дүние оқырмандарын таныстырып жатты. Мұхтар мен Шыңғыстың қазақ пен қырғыздың, одан қалды түркілік тыныс-тіршіліктің өзгеше бір өрнек тапқан қыр-сырларын, философиясын жер-жаһанға паш еткен ұлы ерліктері кейінгі толқын өнерпаздарға өшпес өнеге болып қалды.
Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ оқырмандары өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап, іздеп жүріп оқыды. Шыңғыс сомдаған кейіпкерлер қырғыз сияқты әрбір қазақтың жүрегіне жол тауып, сырласына айналып жатты. Жазушының жаңадан шыққан әрбір кітабы қазақ әдебиеті өміріне серпіліс әкеліп, қоғамдық ой-пікір туғызды.
Шыңғыс Айтматовтың есімін белгілі қазақ ғалымы Бейсембай Кенжебаев қойған.
Атақты әдебиеттанушы ғалым, Құлбек Ергөбектің рухани әкесі Бейсембай Кенжебаев пен Шыңғыстың әкесі Төреқұл Мәскеуде И.В.Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетінде бірге оқыпты. Олар айнымас достар болыпты. Достықтары соншалық, университетті бітірерде: Үйленіп, перзент көрерміз. Сонда бірімізден ұл, бірімізден қыз болып жатса, атастырайық, екеуміз бел құда болайық. Егер екеумізден де ұл болса, Шыңғыс қағанның атын берейік, ал егер екеумізден де қыз болса, Шолпан деп атайық, - деп қол алысып, төс түйістіріп серттесіпті. Міне, осылайша Шыңғыс атанған.
Шыңғыс шығармаларының әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен таралуына онда ұлттық және адами құндылықтардың шынайы үйлесім тауып, көркем бейнеленуі себеп болса керек. Әлемдік әдебиеттің өрінісіне арқасын өз ұлтына сүйеген, табанын туған жерінің қасиетті топырағына нық тіреп тұрған, жалпы-адамзаттық құндылықтармен қарулана алған сөз зергерлері ғана шыға алады, мерейі үстем болады. Шығармаларында жер бетінде өмір сүріп жатқан күллі адам баласын ертеңіміз қалай балады деп, толғандырып отырған жалпыадамзаттық проблемаларды бірлесе отырып шешуге шақырған Шыңғыс Айтматов осындай қасиеттердің арқасында ХХ-XXI ғасыр әдебиеті көшбасшыларының бірі болды.
Міне, Шыңғыстың өмірге аяқ басуы осы сәттерден көрініс табады. Өмірдің небір қиындығын көрседе , өзінің өнерге деген, білімге деген құштарлығын тастамай, керісінше шығармашылық жолын бастады. [1, 101 б.]

1.2 Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы
Шыңғыс Айтматов - өмірден өткергені мен сезініп-түйгендерінің жазушысы. Оның шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде көптен сақталып, өз еркімен жазылған . Тақырып, идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға үңіліп отырады.
Ш. Айтматов шығармашылық жолын газеттерге мақала жазудан, аударма жасаудан бастаған. Тұңғыш әңгімесі Әшім 1952 жылы 24 жасында жарық көрген. Одан кейін Аспалы көпір (1956), Бетпе-бет (1957) әңгімелері жарияланады. Шыңғысты жазушы ретінде танытқан - Жәмила повесі.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап шыға бастаған Шыңғыс Айтматовтың әрбір кітабы әдеби өмірдің елеулі оқиғасына айналды. Оқырманын баурап алып жатқан шығармалары халықтың ықыласына бөленумен бірге сол кездегі ең жоғарғы әдеби сыйлықтарды да қанжығасына байлап жатты. Жәмила, Шынарым менің, шырайлым менің, Алғашқы ұстаз , Ана - Жер-Ана повестері енген Тау мен дала хикаялары атты кітабы үшін Ш. Айтматов 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. Қош бол, Гүлсары (1967), Ерте қайтқан тырналар (1975), Боранды бекет (1980) үшін үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Жоғары мемлекеттік сыйлықты бір адамның қатарынан үш рет иеленуі бұрын-соңды кеңестік әдебиеттің тәжірибесінде болмаған жағдай еді.
Көркем шығармашылықтағы жолын әңгіме, повесть жазудан бастаған жазушы кейіннен роман жанрына қарай біржола ойысты. Ақ кеме (1970) повесінен кейін Боранды бекет (1980), Жанпида (1986), Кассандра таңбасы (1995), Құз басындағы аңшының зары (1997), Таулар құлағанда (2007) сияқты кесек- кесек туындылары әлемдік әдебиеттің тай қазанына құйылды.
Жазушының соңғы романдары қоғамдық өмірдің сан қырлы қатпарларына үңіліп, оның ішкі сырларын ашуға ұмтылысымен, көтерген әлеуметтік мәселелерінің философиялық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Ақ кеме шыққанда повестің негізгі әлеуметтік астарлары, оны көркемдікпен бейнелеу құралдары жайлы одақтық баспасөзде жүрген қызу пікіралысулардың бірнеше жылдарға созылғаны есімізде.
Жазушының бірсыпыра шығармалары бойынша кинофильмдер түсірілген. Ана - Жер-Ана, Көктөбедегі кездесу (Қ. Мұхамеджановпен бірге), Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот (М. Шахановпен бірге) спектакльдері Қазақстанның республикалық, облыстық театрларының тұрақты репертуарына айналды.
Ш. Айтматовтың шығармалары әлем халықтары тілдерінің көпшілігіне аударылған. Қырғыз, орыс тілдерінде жазатын жазушының туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Көзі қарақты қазақ оқырманы да әлем таныған шынайы шығармалармен етене таныс.
Шыңғыс үлкен әдебиетке ұстазы Мұхтар Әуезовтың ақ батасымен аяқ басты.Міне, осыдан кейін Шыңғыс, мен ұлы Әуезовтың жолын қуған шәкіртімін деп, қазақты өзіне жақын тарта келді.
Кейіннен өзі де ұлы жазушыға айналған Шыңғыс Айтматов ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовтің рухы алдында өмір бойы тағзым етумен болды. Оның: Мұхтар Әуезов мен үшін алыстан мұнартқан әлдебір академиялық тұлға десем, әрине, ағат айтқаным: өзім көріп, өзім білгендер ішіндегі ең ұлы суреткер десем, мұным да жалпылама сөз. Мұхтар Әуезов - маған әкедей қамқор болған кісі.
Шыңғыс Айтматов Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы жайлы жылы пікірлерін мақалаларында, түрлі әдеби жиындардың биік мінбер- лерінен ұдайы білдіріп отырған. Ол идеялық себептермен жарық көрмей келген М. Әуезовтің Қилы кезең романына алғы сөз жазып, Новый мир (1972, ) журналында жариялады.
Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ оқырмандары өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап, іздеп жүріп оқыды. Шыңғыс сомдаған кейіпкерлер қырғыз сияқты әрбір қазақтың жүрегіне жол тауып, сырласына айналып жатты. Жазушының жаңадан шыққан әрбір кітабы қазақ әдеби өміріне серпіліс әкеліп, қоғамдық ой-пікір туғызды. Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы жайлы, оның өзіндік өзгешеліктері, жаңалықтары хақында ой толғаған мақалалар баспасөз бетінде жиі көрінді. Оларды тізіп, атын атаудың өзі ұзақ уақытты алады.
Қазақ айтматовтанушыларының бағыт-бағдарын, жазушы шығармашылығына деген көзқарасын бір-екі мысалмен аңғарта кетсек.
Академик Зейнолла Қабдоловтың мына бір пікірі ыстық лебізге толы: Шыңғыс туралы пікір қырғыздар арасында ала- құла деп естиміз (сірә, өсек болар). Ал қазақтар арасында, әсіресе мына біздер, біздерге кейінірек келіп қосылғанмен, бізден де гөрі тонның ішкі бауындай жақындасып кеткен Қалжан Нұрмаханов (марқұм), Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза тәрізді қазақтарда Шыңғысқа деген сүйіспеншілік, тіпті қырғыз қаламгерлерінен де гөрі асыра мақтан тұтатын от махаббат кеше қандай болса, бүгін де сондай тап-таза, мөп-мөлдір. [1, 134 б.]
Жазушы Тахауи Ахтанов Шыңғыс Айтматовты әдебиет әле- міндегі Кәусар бұлаққа теңепті: Шынында да қазіргі топан өлең мен топан прозаның мол заманында Шыңғыс шығармасын оқысаң, шөл қандырмайтын жылымшы суды іше-іше ішің кепкен кезде қайнар бұлақтың мөлдір суына бас қойғандай мейірің қанады . Тахауи Шыңғыстың шығармашылық болмысын, жаңалықтарын төмендегіше сипаттайды: Айтматовтың қай дүниесін алсаң да ар жағында айтылмаған еш нәрсе қалмаған сияқты. Әрбір өмір құбылысын, драмалық қайшылықты түбіне дейін үңгіп, әбден ширатып, ширықтырып береді... Ол адам жанына микроскоппен үңілмейді. Оның кейіпкерлері екі ұдайлықты білмейтін, дүдәмал- дан аулақ кесек, сом тұлғалар да, суреттейтіні үлкен жан күйзелісі, ірі отты сезімдердің қақтығысы... Ол өмірлік оқиғаларды арам майынан арылтып, драмалық өзегін тереңнен аршып алады да жеріне жеткізе ширықтырып бере біледі... Сонымен бірге жазушының жіті көзі, Абайша айтқанда, көңіл көзі қарапайым өмір құбылысының ар жағындағы өзге адам аңғармайтын терең сырын қапы жібермейді... Үлкен әлеуметтік проблема, азаматтық тақырыбы Айтматов шығармаларында бәсеңсіп көрген емес.
Аса дарынды жазушы планетарлық деңгейде ойлай білді, сол үшін ол Адамзаттың Айтматовы атанды. Әлемнің көптеген елінің оқушылары сөз зергерінің әрбір жаңа шығармасын үлкен тағатсыздықпен күтуші еді, оның шығармаларынан үлкен рухани нәр мен өнегелік бағыт алатын. [1, 123 б.]

МЕКТЕПТЕ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ
2.1 Повесть жанрының теориясы
Өнер атаулысының ең құдіреттісі - әдебиет. Әрбір өнердің өзіне тән қолданатын құралы бар. Ал, Әдебиеттің құралы- тіл. Тіл дыбысты да, суретті де айдан анық пікірді бере алады. Сондықтан әдебиеттің бойында көркемөнердің барлық түрінің қасиеті бар. Көркемөнердің басқа түрлерінің еншісіне тиген азды- көпті мүмкіншіліктерді әдебиет үзіп жармай , бірден түгел пайдалана алады. Әдебиет- өнер атаулының бәрін қамтитын тұтас тұлға, өнердің уызы. Оның бойында көркемөнердің баршасына тән барлық қыр, барлық сыр, барлық жақындық, барлық алшақтық бар.
В.Г.Белинский өз еңбегінде:Әдебиет идеяны сыртқы көрініске, рухани тіршілікті нақтылы, пластикалы образға айналдырады. Ішкі сыр түгелдей сыртқы көрініске айналып, ішкі мен сыртқының жігі білінбей екеуі біте қайнасып келіп, дербес бір шындық - оқиға болады. Ондайда автордың өзі тасада қалады да, біздің көз алдымызда өздігімен өсіп-өніп жатқан өмір ғана тұрады. Автор сол өмірдің жай-жапсарын айтып беруші ғана тәрізді. Эпикалық жанр деп осыны айтамыз.
Ғалым Қ.Жұмалиев Эпос (грекше- epos- сөз әңгіме). Эпос-көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым - қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылыцсын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез- құлық, іс- әркеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші,бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенінің , обьективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар , мейлі өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады. деген анықтама береді.
Академик Зейнолла Қабдолов: Эпос (грекше epos - баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр деген пікірді ұсынады.
Көркем шығармаларда тегіне қарай бітім тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп ажырату ерте заманнан-ақ кездеседі. Осылай нұсқаларды тегіне, түр-түріне қарай ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Әдеби жанрдың үш тектері бар:
1. Эпос
2. Лирика
3. Драма
Бұл үш тектің өзіндік теориялық және практикалық ережелері бар. Сонымен қатар, байланысы, айырмашылығы, жіктелім түрлері де бар.Осы үш тектің бірінші түріне назар салып тоқталатын боламын.
Эпос (грекше epos - баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Эпостың туу, қалыптасы тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Қай халықтың болсын, баяғы бабалар заманынан қарай ауыздан -ауызға таратып, ұрпақтан -ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені -эпостық шығармалар.Олай болса, эпос көркем шығарманың ең бір егде, етене кең түрі. Эпостық шығарманың арқауы -автор үшін жекелеген адамдардың көңіл -күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс- тіршілігі, тарихи тағдыры мен ұлттық заңдылықтары. Адамның көңіл- күйінен туатын лирика мен қимыл -әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмашылығы -мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармалардағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог, монологтары- эпостық баяндауы жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық шығармалар үш түрге бөлінеді :
1. Шағын көлемді эпикалық шығармалар
2. Орта көлемді эпикалық шығармалар
3. Кең көлемді эпикалық шығармалар
Жанрдың екінші саласы орта көлемді эпикалық шығармалар. Орта көлемді эпикалық жанрдың түрлеріне повесть, поэма, дастан жатады.
Повесть -- орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатады. Повесть (хикаят) - баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі.Ал повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
Повесть деген не?
Әдебиет зерттеушілері бұл сөзді алдымен термин ретінде анықтамақ болып оның тамырын тереңге әкетеді. В.Шкловский, мысалы, ежелгі орыс шежіресінде, одан келе Игорь полкі туралы сөзде повесть деген атау бар екенін, екеуінде де бұл термин болған оқиға жайлы әңгіме деген ұғымда қолданылғанын, ал XVIII ғасырдың елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп, французша роман - орысша повесть деп түсіндіргенін айтады. Сөйтіп, повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғымды берсе, бірде роман деген ұғымды берген.
Повесть туралы бүгінгі пікірлер де әр тарап: В.Сорокин оны - үлкен әңгіме немесе кішкене роман деп дәлелдесе, Ф.Головенечко повестің бұл секілді аралық сипатын мойындай тұра, Пушкиннің Капитан қызы повесі Лермонтовтың Біздің заманымыздың геройы романынан үлкен екенін тілге тиек етеді де, повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатқанын еске салады.
Повестің таңдайтын тақырыбы - депті бір жолы Гоголь жанрға теориялық анықтама бермек болып, - кез келген кісінің басында шынымен болған не болуы мүмкін жайлар, психологиялық жағынан бір түрлі қызық жайттар; осының өзі кейде біреуге бірдеңе үйрету үшін емес, әр нәрсені байқап, байыптай алатын адамның әншейін көңілін аударып, көзін тоқтату үшін жазылады. Повесть қилы-қилы; оның поэзиялық касиеті аса биік болатыны сондай, кейде тіпті повесть емес, поэма атанып кетеді..." Бұл арада Гоголь повестің аса құнды қасиеттерін - мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік болатынын саралап айтқан.
Әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, ондағы өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі де әлдекайда табиғи, заңды, оқиғаларға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде тіпті ондап саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім бейнелері бедерлі, арақатынастары арналы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу, даму үстінде көрсетіледі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық, әрине, бас қаһарманның өмірі болмақ. Мысалы, Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повестінің негізгі желісі - Толғанай тағдыры болса, Т.Ахтановтың "Дала сыры" (кейін "Боран") повестінің арқауы - Қоспан өмірінің композициялық жағынан тұтасқан бір алуан келелі һәм кезеңді эпизодтары. [2,79 б.]
З.Қабдолов: Әңгіме шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша асыл үлгісі ... Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі жинақтылығы. Ал, ұзақ әңгіме, яки повесть орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесттің жұрт таныған кейбір жанрлық сипаты мұнда шағын эпостағыдай емес,бірнеше оқиға: адам өмірінің бір не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстарды кеңірек, біраз дамыта суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі.

2.2 Мектепте Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын оқыту (Алғашқы ұстаз повесті).

Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повесі жалпы білім беретін мектептің оныншы сынып оқушыларына арналған шығарма. Повесть
1962 жылы жазылып шықты. 1924 жылы болған оқиға адам тағдырын қалай өзгерткенін, ауылда өскен жетім қыздың академик дәрежесіне жетуіне себеп болған алғашқы ұстазы туралы баяндалады.
Алғашқы ұстаз повестінің жазылуында да жазушының өзінің өмірбаяндық тәжірибелерінің әсерлері болған. Бірақ та шығармаға себеп болған өмір материалының мезгілі басқа бір кезеңге ауыстырылған, соған орай мазмұны да өзгертілген. Поветтегі негізгі оқиғалар да , жекелеген оқиғалар да, нақты айтқанда , Дүйсенді қасқырлардың қаумалап, астына мінген атын жарғаны, өзінің зорға қашып құтылғаны, Ерте келген тырналар повестіндегі Сұлтанмұраттың қасқырлармен қамсы келуге дайындалу оқиғасы, кейінірек Жанпида романындағы Ақбөрі мен Тасшайнар өмірі сияқты қасқырлар өміріне байланысты суреттер де жазушының шындық өмірімен байланысты.
Оқушылар жоғары буын оқушылары болып саналғандықтан, бұл шығарманы оқуда әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүргізе алуы тиіс, проблематикалық мәселелерді туғызып, оларды шешу жолдарын анықтауы тиіс.
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың Алғашқы ұстаз повестін оқыту. Мектепте повесті оқытудың ерекше маңызды әрі ауқымды мәселе екені түсінікті. Оныншы сыныпта Шыңғыс Айтматов шығармашылығын талдау кезінде сыныптан тыс оқуларда оқытуды ұйымдастырған жөн. Кітап оқу кезінде тұжырымды түрде анотациялар жазып отыруды тапсыру керек. Яғни әр бөлімнің басты басты оқиғаларын қамтуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептің қазақ әдебиеті пәніне арналған Ақтанова А.С., Жүндібева А.Қ., Жұмекенова Л.К оқулығы бойынша үзінді тапсырмалары.

1-тапсырма. Повесті оқып, композициялық жүйесіне назар аудар. Повесть сюжетіндегі негізгі идеяны анықта.
Композияциялық жүйесі
Оқиғалары
Басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиелінісі

Шарықтау шегі

Аяқталуы

Негізгі идеясы

2-тапсырма. Повестің прологі мен эпилогіндегі автор ұстанымын анықтап, кейіпкерлерімен байланысын білдіретін тұстары туралы айтып беріңдер.

Прологтегі оқиға
пПОР
Эпилогтағы оқиға

3-тапсырма. Повесть кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктерін ашатын оқиғаларды тауып, кестеге көрсетілген үлгі бойынша толтырыңдар.
Кейіпкер мінезін білдіретін оқиға
Оқиғаның композициядағы орны
Повесть идеясын ашудағы рөлі
...Дүйсеннің мектебіне келдім де, қаптағы тезекті там түбіне төге салып, жүгірген бойда адырдың қойын-қолтығын кезіп, тезек теруге асықтым.
Композициялық жүйеде бұл оқиғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Шыңғыс Айтматов
Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
Ш.Айтматов шығармашылығы
Аударма дәл аударма
Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі
Ш.Айтматовтың “Қош бол, Гүлсары!” повесі және оның қазақша аудармасы
Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары
Толғанай - аяулы бейне
Пәндер