Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі жанрын оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

Педагогикалық институт
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ертегілерді оқытуда комикс қолданудың әдістемесі

Мамандық цифры
Оқу бөлімі
6В01707-Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: Капарова Молдир Есенгельдиновна, Сәлім Айдана
Тексерген: ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор
Смагулова Нургуль Каирбековна
Бағасы:

Көкшетау, 2023

МАЗМҰНЫ Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І . ЕРТЕГІ ЖАНРЫНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 5
1.1 Ертегі жанрының тарихы және комикс ұғымына анықтама ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІ . МЕКТЕПТЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі жанрын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... . 17
2.2 Қазақ әдебиеті сабағында комиксті қолдана отырып сабақ беру ... ... ... ... .. 23 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер орын алуда. Оқыту үшін жаңа педагогикалық технологиялар пайдаланылып, мұғалімдер әртүрлі әдістерді жандандырып, түрліше қарастырып, балаларға тәжірибе барысында қолданып келеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ әдебиетін оқыту үшін көптеген дайындықты талап етеді. Қай тақырыпты алсақ та, мұғалімнің бір әдісті болып қалмауы маңызды. Ертегі жанрын бәріне белгілі түрде, яғни тек қана құр оқытып, рөлге бөліп оқытудан гөрі басқа жолдарды қарастыру баланы жалықтырмайды. Керісінше, ертегі бітпсесе екен деп отырады. Сол үшін ертегі жанрын комикс түрінде оқыту тиімді. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі, салт дәстүрі, әдет ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым қатынасы, мінез құлқы тағы басқалары бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді, негізгі тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға деген отансүйгіштік,тағы да басқа тәрбиелер беруде ғана емес,олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы зор .Ертегілер мектеп оқушыларының ой өрісін жетілдіріп , Отанын сүюге ,елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен бірге, баланың сөздік қорын молайтып, тілін дамытады. Сондықтан курстық жұмыс өзекті мәселеге арналған деп білеміз және ертегілерді әртүрлі тәсілдермен оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту енді енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек,біздің жұмыстың өзекті екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ. Ертегілерді оқыту барысында балалар қарапайымдылыққа , кішіпейілділікке , қарапайымдылққа, адалдық сияқты қасиеттерді бойыңа сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті , қанатты сөздер,бейнелі тіркестерге бай болып келеді. Ертегінің негізгі мақсаты тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын екі қызметі бар. Бірі оның тәрбиелік мәні , екіншісі оқушы тілінің, ой өрісінің дамуы. Оқушыларға ертегінің көлемі шағын болсын, көлемді ертегі болсын комикс түрінде берсек, баланың оқуға деген шабыты ашылады. Бұл әдіске кейде ересектерде қызығып жатады. Бастауышта немесе орта буында балалар әлі де оқу үрдісіне кіріге алмай, оқуға ерініп, сабаққа салғырт қарауы мүмкін. Сол сәтте әр білікті ұстаз өз шәкіртін осы жағдайдан құрғақ алып шығуы керек. Мектеп бағдарламасында роман, поэма, жырдан бұрын ертегі беріледі. Оның себебі, біріншіден, жас ерекшелігіне байланысты, екіншіден, балалар қызықты шығарманы оқып, ақ-қараны түсінеді. Ал осы тұста ертегілердің реңкін, мақсатын, мазмұнын түсінбей қалса, басқа күрделі шығармаларға көшуі қиындық тудырады. Комикс арқылы оқыту баланың ой-санасын жетілдіріп, көру арқылы түсінуге және әр шығарманың маңызын көрсетуге ммүкіндік тудырады. Бүгінгі күні кішкентай балаларға ертегі айтатын әже де көп емес. Мектеп жағдайында дұрыс оқыта білу сол себепті де өзекті мәселе. Зерттеу нысаны - Ертегілерді оқытуда комиксті пайдалана оқыту. Зерттеу пәні - Қазақ әдебиеті сабағында комиксті қолдану арқылы оқыту . Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - Оқыту барысында комиксті қолдану арқылы сабақ өту жолдарын зерттеу, зерделеу, комиксті қолдануды көрсету. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
Ертегілердің зерттелуін қарастыру;
Комикс түрінде оқытудың ерекшеліктерін анықтау
Ертегілердің бала өміріндегі орнымен таныстыру
Зерттеудің практикалық маңызы - Оқыту кезінде балаға әрдайым бір әдіспен ғана түсіндіру, мұғалімнің осалдығы. Сол себепті бұл жұмыс ертегілерді оқытуда оқушыларға комикстің көмегімен түсіндіру өте қызықты болатындығына сенімдіміз.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері - кітаптар, мақалалар Зерттеу жұмысының әдіс- тәсілдері: Танысу, жинақтау, зерделу, жүйелеу Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І . ЕРТЕГІ ЖАНРЫНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Ертегі жанрының тарихы
Ауыз әдебиетінің қара сөзбен жазылатын, айтылатын ерекше мол түрінің бірі - ертегі. Ол қазақ әжелерінің ауызша айтатын көркем түрдегі әңгімесі. Ертегілердің қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер, тұрмыс- салт ертегілер деген сан алуан түрлері бар. Барлық түрлері өзінің алуан түрлі артықшылықтарымен зерттеліп келеді. Ерте күнде, ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде деген сөздерден ертегі атауы шыққан. Кей кезде ертек деп те аталады. Ал ертегі айтушы адамды ертекші немесе ертегіші деп атайды. Ертегі бұрынғы өткен ғасырлардан бастап, соңғы ғасырдың ширегіне дейін көбейіп, өсіп-өркендеп келген мол дүние. Тіпті, Қаңлы, Үйсін, Қыпшақ дәуірлерінен бері балаларға айтылып келе жатқан ертегілерде кездеседі. Ертегілердің елдер арасында араласып, танылуы Оңтүстік Қазақстаннан өткен сауда керуен жолының (Батыс пен Қиыр Шығыс арасындағы)себебінен болатын. Сол кезде Тибет, Алыс Батыс, Алыс Шығыс, Орта Азия, Монғол елдерінің ертегілері бізге жетеді. [11.] Ертегі жанрының пайда болуы мен қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы кезеңдерде туған көне мифтер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар болып табылады. Өзінің даму барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Осы жанрлардың кейбірі өз ерекшелігін мүлде жоғалтып, тұтас, толық ертегіге айналған. Солардың бірі ретінде - миф жанрын алайық. Оның ертегіге айналу процесі сан түрлі кезеңнен өткен. Миф дегеніміз алғашқы рулық қауымның киелі деп саналған құпия әңгімесі . Ол құпияны әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жайында баяндалған. Дегенмен ол заманда осының бәрі шындық деп қабылданған және мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ шамалы мерзім өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, құпия болмай қалады. Сол себепті мифке сенушілік әлсіреген. Мифтің барлық дерлік белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы көлемі тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келіп тірелді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айнала бастады. Ертегінің тағы бір ерекшелігі - алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары еді.. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің баршылық. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрініс табады.
Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтардан (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бастау алады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол үшін миф немесе хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған.
Ертегінің зерттелуіне ғалымдар көп көңіл бөле қоймады, олар тек қана ертегілерді жинаумен ғана болған. Ертегілерді бір топқа топтастырып, жинаудың басында тұрған ғалымдар кімдер деген сұраққа жауап берейік. Миссионер-ғалымдар Радлов, Потанин, Шығыстан шыққан Диваев, Шоқан және тағы басқа ақындар ертегілерді жинаудағы топты толықтырады. Бірақ, олардың өзіндік кемшілігі бар - ауыз әдебиеті түрлерінің бәрін жіктемей, реттілік сақтамай, аралас жинаған. Яғни, нақыл сөздерді, тақпақтарды, жұмбақты, мақал-мәтелдерді ертегімен қатар араластырған. Мысалы, Шәкір-Шәкірат ертегісі жыр болып танылып кеткен. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде ертегіні өлең түріне айналдыра айту бой алды. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып зерттелуі 18 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы -19 ғасырдың 2- жартысы.Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.Радлов,И.Березин,Г.Потанин, Ы.Алтынсарин, А.Алекторов, Ә.Диваев, Я.Лютш жинақтарында ертегілердің сандаған мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғылыми пікір айтылды. Бұл ғалымдардың жинақтарында әр ғалым ертегі түсінігін әрқалай түсініп, ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Бірақ, соған қарамастан, көптеген ертегілер жарық көрді. Міне, соның арқасында қазақ ертегілері Радловтың, В.Стасовтың, Г.Потаниннің ғылыми зерттеулерге ілікті. Бұл кезде қазақ ақындары да зерттеп, жинастырып, Дала уәлаятының газетінде жекелеген мәтіндерді де жарыққа шығарды.Шоқан Уәлихановтың бастаған зерттеу істерін Әлихан Бөкейханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин жалғастырды. Ертегілерді зерттеп және жинақтау 20 ғасырларды қолға алына бастады.Бұл ғасырдың 40-50 жылдарына дейін көбінесе ертегілер, оқу-ағарту жайымен жарияланып, оқулықтарда, жекелеген кітаптарда қарастырылды. Осыған орай Мұхтар Әуезовтың, Халел Досмұхамедовтың, Сакен Сейфуллиннің , Ахмет Байтұрсыновтың жарық көрген кітаптары Б.Кенжебаевтың, С.Мұқановтың, Е.Ысмайловтардың мақалалары ертегі жанрна арнайы көңіл бөлгенін айтты. Бірақ, аталған авторлар, ертегіге әр түрлі түсінік қалдырған. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми талқыға түсті. Бұл жерде М.Әуезовтың,Ысмайловтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері еңбектері айрықша болды. Бұл ғалымдар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, ертегі туралы жаңаша ой толғап,мәтіндер мен ертегілерге түсінік берді. Ертегі жанрына қатысты Ғабдуллиннің жоғарғы оқу орнына арналған, Н.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген История казахской литературы атты 3 томдық еңбектің 1 томында арнайы тараулар берілді. Ертегілерді сала-салаға бөліп, типологиялық тараптан зерттеу 1970 жылы қолға алына бастады. С.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерді шығу арналған монографияларды 1972-1973 жылы баспадан шықты.
Әдебиет саласында ойып орын алатын жазушы Мұхтар Әуезов Омарханұлы Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі атты алғашқы мақаласында осы тақырыптың маңыздылығына тоқтала келе былай дейді: Ескі әдебиеттің түрін білу, бетін ұғу, ағымына түсіну біздің өзіміз үшін керек. Шаң басып жатқан ескілікті жинап, басын құрап, көпшіліктің мүлкі қылып беру, жалғыз ғана әдебиетті сүйетін қазақ оқушысына ой, сезім азығын беру болса, одан кейінгі зор пайдасы қазақ тілінің қалыптасып, нығайып, өзіне біткен көркі мен күшін жинау үшін керек [1]. Осы еңбекте: Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, біздің ескі ауызша әдебиетіміз бай, өрнекті, түрі, тарауы көп кестелі, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы сияқты кең, келешегі көрікті үлкен, жалпы түрік әдебиетінің ішінде үлкен орын алатын әдебиет секілді көрінеді... Себебі, әдебиетімізде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бір заманда тәртіпті жазба әдебиеттің қызметін атқарғандығы білініп отыр. Сол міндетін ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрісін кеңейтіп әкеткенін көріп отырмыз. Сол ескі сөздің ішінде ескі қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және жеке-жеке суреттері де айтылған,-деп келтіреді. Ғалымның халық мұрасын зерттеуге еңбектері 1922 жылы Шолпан журналында басылған Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі атты мақаласынан бастау алады. 1925 жылы 23 сәуірде Қазақ тілі газетінде Әдебиет ескілігін жинаушыларға атты мақаласы жазылып, онда қазақ халқының мәдениетін дамыту үшін ғылымға көңіл бөліп, тіл, әдебиет, тарих, салт-дәстүрді өркендету керектігі жайлы сөз қозғалады, ал бұларды дамыту үшін, әрине халық мұрасын ел ішінен жинап, бастыру қажеттігін еске салады. Өзі осы істі қолға алып, 1924-1925 жылдары Таң журналына, кейін түрлі басылымдар мен жинақтарға жариялап тұрған. Қазақ ертегілері туралы М.Әуезов бірнеше еңбек жазып, жазғандарын әркезде толықтырып, жариялап отырған. Ғалым бұл жанрға тұңғыш рет анықтама берген. Оның жалпы жанрлық белгілерін сипаттаған және ертегінің ішкі жанрларын көрсеткен, әрі ертегі жанрының шығу тегіне барлау жасаған. Ғалымның ойынша, ертегінің қолы бос жұрттың ермегі емес, халық ауыз әдебиетінің ішіндегі қоғамдық ,саясаттық маңызы мол халық шығармасының бір түрі. Қазақ ертегілерін жинап, зерттеушілерді М.Әуезов мынадай екі топқа бөледі: 1. Орыс ғалымдары (Радлов, Потанин т.б.) немесе орысша білім алған, еңбектерін көбінесе орысша жариялаған Шоқан, Әбубәкір Диваев сияқты оқығандар; 2. Қазақтың өзінен шыққан хат таныған ақын-жазушылар (Ақылбек Сабалов, Мақыш, Шәді т.б.). Сонымен қатар, ғалым қазақ ертегілерінің басқа халық ертегілеріне ұқсастығының екі себебін атап көрсетеді, біріншісі, сол замандағы шаруашылық, тұрмыс-салт, қоғамдық жағдайлардың ұқсас болуынан туған ұқсастық; екіншісі- бір әңгімені елдер арасында қыдырып барғандардың айтып таратуы, яғни қазақ ертегілерінің ішінде араб, парсы, Мысыр елдерінің, Мың бір түндегі ертегілерэлементтерінің кезедсетінін атап көрсетеді. Мұхтар Әуезовтың жіктелімдерін С.Қасқабасов былай бағлайды: Мұхаңның қазақ ертегілеріне жасаған жанрлық классификациясы-ұлттық ғылым мен руханият үшін зор жаңалық болды. Мұхаң қазақ ертегілерінің ішкі мазмұны мен сыртқы түріне қарай былайша топқа бөледі: Қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің ішіндегі ең ескі түрі, олардың саны көп емес, сонымен қатар өзгеріске көп ұшыраған, жаңарып, алғашқы қалпын бұзғаны аз емес. Шыншыл ертегілер. Қазақ ертегілерінің мол түрі, халықтың өзінің қоғам, тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы, басқа тіршіліктегі барлық ақиқатын, тартысын жиып-түйген түрі. Хайуанаттар жайлы ертегілер. Жан-жануар мінезінен адамның қоғамында болатын жауыздық-мейірім, момындық-сотқарлық сияқты көптеген жағдайдың елесін көрген. Хайуанат тардың іс-әрекеттерімен, мінез-тартыстарымен адам тірлігі, адам мінезі арасында ерекше ұқсастық барын таныған [4].
Комикс (ағылш. comic -- күлкілі) -- суретті әңгімелер мен оқиғалар , комикс әдебиет пен сурет өнері сияқты өнер түрлері сипатты. Ережесі: Комикстың сандаған ережелері бар. Олардың барлығы аяғында оның белгілі бір әңгіме туралы сөз болатын суреттердің тізіміне сай келеді. Комикс - бұл оқиға мен визуалды қимылдың бірлігі. Скотт МакКлауд өзінің Комикстің мәні атты кітабында бірізділік кескіндер және қысқа түрде мағыналық бірізділікте көршілес суреттердің және басқа да кескіндердің ережесін берді. Комикстарда мәтіннің болуы аса маңызды емес, интуициялық түсінікті сюжеті бар мылқау комикстер де бар . Мысалы: Арзак Жана Жиро . Бірақ көп жағдайда комикстерде төл сөз автордың аузынан үрленіп шығатын филактердің - сөздік көпіршіктің көмегімен беріледі. Автор сөзі кадрдің үстінде не астында беріледі.
Стандартты комикс 17х26 см мөлшерлі болып келеді. Комикстер әдеби жанр тұрғысынан да , сурет салу тұрғысынан да әр түріл болып келеді. Классикалық әбебиет туындыларының еңбектері де комикс түріне сай келеді. Тарихи қалыптасқан түрі қызықты оқиға түрі. Комикс- суретпен түптеп салынған хикая. Әдебиет пен сурет өнерін ұштастырып, байланыстырады. Бұл өнердің әр түрлі тармағы бар.
* Графикалық роман тәрізді
* Қысқа, оларды стрип деп те атайды.
Кейбір мемлекеттерде суретті шығармалардың өзіндік атаулары бар. Мысалы: Француз тілді елдер комиксті bande dessinée, яғни суретпен салынған лента десе, жапониялық комикс манга деп аталады. Суретпен салынған әңгімелер алғаш рет XVI-XVII ғасырда Валенсия және Барселонадан басталған. Эпиналда тұрғындары ХІХ ғасырда бұл өнерді тұрмыс тіршілігіне айналдырды. Пеллерен фабрикасында 16 ұсақ суреттермен салынған 600-ге тарта хикаялар бастырылып шығарылды. Міне, осыдан кейін адамдар өз беттерімен суретті хикаяттар жазып, таратқан. Америкаға бұл өнер ХІХ ғасырдың соңында жетті . Комикстің алтын дәуірі ХХ ғасырда басталады. XX ғасырда комикс көпшіліктің назарын аудара бастады. Комикстер бастапқы тұрғыда күлкілі оқиғаларға негізделген. Бірақ бұл стереотипті 1938 жылы Супермен образы бұзды. Міне, осыдан кейін оған фантастика ,шытырман, суперқаһармандар оқиғасы келіп қосылды. Суперменнен бастау алған алтын дәуір 1930-1950 жылдар аралығын қамтыған. Екінші Дүниежүзілік соғыс қаһармандардың тууына себепші болған. Сол уақыт аралығындағы оқиғалар комикстерде де көрініс тапты. Америка Капитаны сынды образдар осы кезде шыға бастаған. Ал комикстің күміс дәуірі 1956-1970 жылдар аралығын қалыптасты. Күміс дәуір - DC Comics америкалық комикс баспасының Флэш образымен бастау алды.Уақыт өте келе өткен ғасырдың 60-шы жылдары әлемдік сахнада Марвел компаниясы Фантастикалық төрттік, Өрмекші адам, Халк, Х-адамдар, Темір адам, Тор атты қаһармандарымен таныла бастады. Бұл дәуірдегі комикстер Жерді өзге ғаламшарлықтардан қорғау, зұлымдықтан тыйылу секілді құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.
Комикстің қола дәуірі 1970-1985 жвлдарды қамтиды. Нашақорлық, ішімдікке салыну, ортаның бұзылуы сияқты сол кездің өзекті тақырыбымен күресті. Ал қазіргі кезде комикс дәуірінің оқиғалары әлемді құтқару, әділетке жақтасу негізімен шығарылып жүр. Тылсымсыз күшке ие қаһармандарға кері тұратын жағымсыз образдар да комикстерде орын алып жатыр. Кітап бетінен, парақ бетінен киноиндустрия бағытына өзгеріп бара жатқан бұл өнер әр дәуірде әртүрлі танылды. Комикс - әртүрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастыратын әңгімелері. Комикс жасау қызықты да, қиын шығармашылық. Педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.Д.Абдиева былай дейді: комиксті жасаған кезде адамның, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады, шығармашылығы, қазақша сөйлеу мен жазу қабілеті дамиды. Әлемдік әдістемеде қазіргі кезде қолданылып келе жатқан комикс жасаудың мынадай жолдарын көрсетеді:
1. Мултьфильмлерді қолдану
2. Дайын анимацияларды пайдалану
3. Интернеттегі Paint бағдарламасымен салынған суреттер
4. Суреттерді түсіріп, соларды пайдалану
Ешбір жағдайда сюжетті суреттерсіз комикс салуды бастауға болмайды. Бұл графикалық романның немесе нобайдың екінші нұсқасы. Мұнда алғашқы эскиздер жасалады. Суреттердегі әңгімелер бір-бірімен байланыстырылуы керек, сондықтан сюжеттік тақтаны қолданыңыз. Ол үшін комикстің әр квадратын тіркеу, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен олардың ескертулерін сипаттау қажет. Басқаша айтқанда, болашақ кадрларды сипаттау керек. Комикс жасауды үйренгісі келетіндер үшін көмекке дайын графикалық романдарға жүгіну керек. Стильге назар аудару керек. Егер бұл суперқаһармандар туралы әңгіме болса, онда барлық суреттер жарқын, ал диалогтар бірден көрініп тұруы керек. Шытырман оқиғаны таңдағанда, жылы, ашық түстерді қолданыңыз.Детектив пен триллер көлеңке түсіріп, оқырманды қызықтыруы керек, сондықтан көк, сұр және қара түстер қолданылады. Зейінді оқырман комикстердің кадрлары бірдей емес екенін байқайды. Кейде көрініс парақтың үштен біріне орналастырылады, ал қалған 10-ы кішкентай және кішкене қағазға сыяды. Бұл стиль комикстерді оқуды едәуір жеңілдетеді.
Неге комикс жасалады?
Сызылған әңгімелер яғни комикстер оқырманды олардың әсерлі әңгімесіне қызықтыратындай етіп жасалған. Тәжірибе көрсетіп өткендей, кішкентай суреттер болса да, шытырман оқиғалар мен детективтер өте танымал. Әдетте, бәрі бірдей қалың кітап оқығысы келмейді. Комикстер бірінші секундтан бастап оқырманды ойдан шығарылған әлемге немесе ғаламға толық батырып алады. Әр графикалық сюжеттің өзіндік сурет салу стилі мен мәтіні бар. Комикс - күрделі емес суреттер мен мәтіндер арқылы қызықты оқиға құру. Сценарийсіз қандай комикс жасалады? Дәл солай, жоқ. Бірегей және қызықты сценарий жазу - графикалық роман жасауға алғашқы қадам. Сізге оқиғаны, кейіпкерлердің мінезін және диалогтарды жазу керек. Сипаттаманы шамадан тыс пайдаланбаңыз, өйткені олар барлық бөлшектерді ашатын күлкілі суреттер. Диалог пен динамикалық сюжетке баса назар аудару керек. Сценарий бұрыннан бар оқиғаға немесе фильмге негізделуі мүмкін. Ең бастысы, суреттегі әр оқиға ерекше болатынын ұмытпаңыз. Комикс жасауды, құруды үйренгісі келетіндер үшін көмекке дайын графикалық романдарға жүгіну керек. Стильіне назар аудару керек. Егер бұл суперқаһармандар туралы әңгіме болса, онда барлық суреттер жарқын, айқын ал диалогтар бірден көрініп тұруы керек. Шытырман оқиғаны таңдағанда, ашық, жылы түстерді қолданыңыз.Детектив пен триллер көлеңке түсіріп, оқырманды қызықтыруы керек, сондықтан көк, сұр және қара түстер қолданылады.Зейінді оқырман комикстердің кадрлары бірдей емес екенін байқайды. Кейде көрініс парақтың үштен біріне орналастырылады, ал қалған 10-ы кішкентай және кішкене қағазға сыяды. Бұл стиль комикстерді оқуды едәуір жеңілдетеді. Ең қызығы, алғашқы мультфильмдер графикалық суреттер сияқты принцип бойынша жасалды: сюжеттік тақта, сюжеттік желі және ескертулермен жазылған сөздер қолданыла бастады. Балалар комикстерінің басты ерекшелігі-шытырман оқиғалы жанр. Шытырман оқиғалы комикстер бүкіл комикс барысында күтпеген жағдайлармен кездесетін және оларды шешетін кейіпкерлерге бағытталған.

Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлі
Ертегілер көркем, қарапайым, түсінікті тілмен айтылатын, жеңіл болып келетін фольклордың бір түрі. Осы ертегілер арқылы балалардың ақыл-ойы дамып қана қоймай, сондай-ақ тіл байлықтары мен сөйлеу мәдениеті арта түседі. Дегенмен ата-аналар балаларға ертегі айтуда, айтатын ертегісін дұрыс таңдай білуі керек. Яғни, ол балаға қаншалықты әсер ететіндігіне назар қоя білген жөн. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Деңгейлік саралап оқыту
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері
Әңгіме - эпикалық шығарма
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Пәндер