Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министірлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы

Курстық жұмыс

Қазақстанның ежелгі тарихы

Тақырыбы: Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері

Қабылдаған: т. ғ. к., профессор С. У. Жауымбаев

Орындаған: ИО-23-2к тобының студенті А. А. Жумажанова

Қарағанды, 2024

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Батыс Қазақстандағы сақ тайпалары. Арал-Каспий тайпаларының ескерткіштері.

1. 1 Батыс Қазақстандағы сақ тайпалары жайлы жалпы мәліметтер . . . 5

1. 2 Алғашқы археологиялық экспедициялар . . . 8

1. 3 Археологиялық ескерткіштері . . . 12

2. Батыс Қазақстандағы сарматтар. Сармат ескерткіштері.

2. 1 Сармат тайпасы жайлы жалпы мәлімет . . . 20

2. 2 Сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштері . . . 23

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Курстық жұмыс өзектілігі. Темір дәуірі кезіңдегі алғашқы тайпалық одақты құраған сақтар болатын. Сақ тайпалық одағы Қазақстан жерінің әр аймағын мекендеп, өз жерлерінде өмір сүрген. Сақтар жайлы жазбашамәліметтерді біз парсы, грек деректерінен білеміз. Грек деректерінде сақтар жайлы мәліметті келтірген Герадот болып табылады. Герадот өзінің «Тарих» атты 9 томдық еңбегінің 4 томында сақ тайпалық одағы мен олардың көршілері жайлы мәліметтер келтіреді. Б. з. 1 ғ. Көне римдік оқымысты Плиний Үлкені «Скиф халықтарының саны хисапсыз көп . . . Олардың ішіндегі ең әйгілілері сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар мен аримаспылар» - деп жазған. Көптеген антикалық тарихшылар деректерінен бөлек сақтар өмірінен сыр шертетін бізде оларың қалдырып кеткен археологиялық ескерткішері болып табылады.

Курстық жұмыс нысаны. Батыс Қазақстадағы сақ ескерткіштері.

Курстық жұмыс пәні. Батыс Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің ерекшелігі, сипаттамасы.

Курстық жұмыс мақсаты. Батыс Қазақстан жеріндегі сақтардың ескерткіштерін зерттеу.

Курстық жұмыс міндеттері:

-Батыс Қазақстан жеріндегі сақтар, сарматтар жайлы жалпылама мәлімет беру. - Алғашқы археологиялық экспедициялар.

- Батыс Қазақстан жерінен табылған сақ, сармат ескерткіштер.

Зерттелу деңгейі. Сақ дәуірі Қазақстан территориясында өзінің өшпес ізің қалдырып, көптеген ескерткіштерімен яғни оба, қорғандарымен танымал. Әр территориядағы жүргізілген археологиялық экспедициялар сақтардың өзінің мәдениетінің бар екенің дәлелдей түседі. Қазіргі уақыттады өзінің жалғасын тоқтатпаған археологиялық экспедициялар Қазақстанның кең байтақ Сарыарқасынан, Бетпақдала мен Шу, таулы Алтайы мен Жетісуынан және шөлді Арал маңынан көптеген баға жетпес ескерткіштер табуда. Табылып жатқан археологиялық ескерткіштерді қазып, зерттеген бірқатар археологтар мен ғалымдар ретінде біз К. Ақышев, В. Черников, А. Т. Төлеубаев, З. С. Самашев және т. б айта аламыз.

Олар сақтардың осы уақытқа дейінгі археологиялық ескерткіштерін тауып, баға жетпес материалдармен деректерді беретін Бесшатыр, Шілікті, Берел, Жалаулы, Талды-2және т. бқорымдарды ашып зерттеді. Одан бөлек қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нышанының біріне айтналған Есік қорымынан табылған Алтын адамды ұмытпағанымыз абзал.

Ескерткішті 1969-1970 жж. аралығында жетекшісі К. Ақышев, мүшелеріБ. Нұрмұханбетов, А. Максимова болған Жетісу археологиялық экспедициясы ашып, зерттеген. Бұл ескерткіштерден табылған байлыққа толы мәліметтер қазірде әлемдік ғалымдардың назарын аудартуда. Сақ дәуірінің көптеген петроглифтері қазіргі уақытты зерттеуді алдағы уақытта қажет ететін қызықты тақырыптардын бірі болып табылады. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалық одағының ескерткіштерін зерттеу Қазақстан ғылыми одағының бастапқы бағыттарының бірі болып есептелінеді. Зерттелудің барлығының басталуы 1946 жылы Ғылым Академиясының құрылуымен тығыз байланысты болып табылады. Сақ ескерткіштерін зерттеу барысында сақ қоғамына байланысты көптеген мағлұматтар алынды. Соның бірі сақ мәдениетінде «аң стилінің» болуы, олардың жерлеу кезіндегі ерекшеліктермен оларда абыздардың және шаманизмның болғандығы. 1970 жылы Іленің тау бөктерінде орналасқан Есік қаласында сақтардың үлкен қорымынан алтынға оратылған жауынгер (кей жағдайда ханзада делінеді) табылып, қасынан табылған заттар ішінде күміс тостағаншада жұмбақ жазу табылды.

Кейін ол жазудың руна жазуы екені анықталды. Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу осындай тұрғыдағы мәліметтерді білуге мүмкіншілік туғызды. Қазақтың ұлан байтақ жеріндегі сан алуан ескерткіштер жайлы айта беру ұзаққа созылады. Сол себептендеөзімнің алдағы уақытта қарастыратын курстық жұмысымда мен сақтар яғни нақты айтар болсақ Батыс Қазақстанды мекендеген сақ, дай, дах, арал, каспий тайпалыры мен олардың көршілері сарматтардың ескерткіштері жайлы жалпылама айтатын боламын. Жұмыс барысында Батыс Қазақстанда мекен еткен тайпалардың ескерткіштерін зерттеудегі алғашқы экспедициялар мен қазіргі уақытта жаңартылған тұрғыда зерттеліп жатқан Маңғышлақ (Маңғыстау), Үстірт, Арал мен Каспий маңындағы сақ тайпаларының қорымдары жөнінде жалпылама мәліметтер бере кететін боламын. Алғаш болып Батыс Қазақстан жеріндегі сақ тайпаларының ескерткіштерін зерттеу 1989 жылдан бастап З. Самашев басқарған экспедиция арқылы басталды. Курстық жұмысымда тек қана Батысты мекендеген сақтар жайлы ғана емес соңымен қоса олрдың көршілері сармат тайпалық одағының ескерткіштерін айта кеткенім жөн деп есептедім. Сол себептенде курстық жұмысымда темір дәуірі кезіңде Қазақстанның Батыс өлкесін мекендеген тайпалардың қалдырып кеткен ескерткішері жайлы жалпылама және құнды ақпаратты беруге барынша тырыстым.

Хронологиялық шеңбері. Сақтар Қазақстан территориясын б. з. б. VII-IV ғғ. аралығында мекен еткен. Ал Батыс Қазақстан жеріндегі сақтар ескерткіштерін зерттеу 1989 жылдан басталып, қазірге дейін жалғасуда.

Территориялық шеңбері. Арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағын мекен еткен. Ал Батыс Қазақстанның Орал-Ақтөбе даласын сармат тайпалық одағы мекен еткен.

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.

1. Батыс Қазақстандағы сақ тайпалары. Арал-Каспий тайпаларының ескерткіштері.

1. 1 Батыс Қазақстандағы сақ тайпалары жайлы жалпы мәліметтер.

Батыс Қазақстандағы Арал- Каспий маңында көптеген сақ тайпалары мекен еткен. Олар парсы деректерінде сақ-тиграхауда деп аталынды. Ежелде Арал-Каспий маңын мекен еткен сақтар парсы патшаларыКир II (б. з. б. 530ж. Томирис патшайымнан жеңіліс тапты) мен Дарий I(б. з. б. 519-518 жж. ) сәтсіз жорықтарынан кейін танымал бола бастады[1, 3б] . Массагеттер көшпелі халық болып, Маңғышлақ, Үстірт, Солтүстік Каспий мен Аралдың кең аймағында өмір сүрген. Алайда көшпелі өмір салтының ұстанып, көрші көптеген мемлекеттермен жүргізілген соғыс әсерінен Батыс Қазақстан жеріндегі Арал-Каспий тайпаларының орналасқан орнын анықтау жазбаша деректерде көптеген қиыншылықтар тудырды. Археолог ғалымдардың айтуы бойынша Арал-Каспий маңын мекен еткен сарматтар, массагеттер мен скиф-сақтар және дай-дахтардың материалдық мәдениеті бір-біріне өте ұқсас. Деректемелерге сәйкес Арал-Каспий аймағын толықтай және оңтүстікке қарайғы өңірді дахтар мекен етіп, көшіп-қонып жүрген. Ал Каспий (бұрынғы атауы Гиркан) теңізінің оңтүстік-шығыс бөлігінде дай-дахтардың жартылай ғана көшпелі халқы мекен етіп, егіншілкпен айналысқан. Солтүстікте көршілері ретінде туыстас «сармат» тайпалары мекен етті. Деректер бойынша бұл иран тілді халық көшпелі малшаруашылығымен айналысып, қыстауды Маңғыстауды оңтүстік аймақтарында өткізіп, қалған жартылай көшпелі халық Үстірт пен Қызыл-құмда орналасқан. Б. з. б. IV-III ғғ. - б. з. III-IV ғғ. Батыс Қазақстанда массагеттер туыс тағы бір дай (Авеста бойынша «дах») кейін алантайпалары өмір сүрген. Соның ішінде дай тайпалары Таяу Шығыста маңызды рөл атқарған. Б. з. д. III ғасыр ортасында Арал- Каспий тайпаларының ішіндегі дайлар Аршак бастауымен Каспийдің оңтүстік-шығысын басып алды. Нәтижесінде мықты 5 ғасыр бойы өмір сүрген Парфия патшалығы құрылады. Парфияда дай-дахтар тегі есептелетін Аршакидтер әулеті өз билік ету кезеңін бастайды. «Дах-дай» атауымен Птолемейдің б. з. д. IIғ. салынған картасындағы «Даикс» атауымен берілген Жайық өзеніне байланысы болуыда әбден мүмкін. Ал алан тайпалары б. з. д. 1 мыңжылдықта солтүстік Арал-Каспий маңында қуатты Яньцай (Аланья) мемлекетін құрады. Алайда шығыстан хунну-ғұн тайпаларының батысқа жылжу нәтижесінде өз өмір сүруін тоқтатады. Дай-дахтар жөнінде алғашқы деректер Ахеменид патшасы Ксеркс жазбасында кездеседі. Оған дейін сақтар «Авестада» кездеседі. Жазба деректе дай-дахтардың сақтарға іргелес орналасқандықтары айтылады. Ал б. з. д. Iғасырда Страбон оларды «сақ-дах» деп атап көрсеткен. Дай-дахтар сақ тайпаларымен бірге ахеменидтер әскерінің құрамында македондықтарға қарсы Гаугамела шайқасына қатысқандары жөнінде де деректер кездеседі. 1954 жылы Орталық Азияның көне жәдігерлерін зерттеуші Вадим Мейсон өзінің кандидаттық диссертациясында дахтар жайлы көптеген мәліметтер жазады. Вадим Мейсон өз диссертациясында «Олар металды білетін. Жебенің ұштары қоладан жасалды - пішіні әртүрлі болған. Сондай-ақ қару ретінде қылыш қолданған. » деп жазады. Дах-дай тайпаларын көп жағдай ғалымдар сақ-массагеттер құрамына қосады. Алайда кей тарихшылар сақ-массагеттер мен дай-дахтар екі бөлек халық болған деп есептейді. Дай-дахтардың нақты қатысы барма жоқпа ол белгісіз болып қала бермек. Себебі олардың мекен еткен аймақтары жөнінде нақты деректер кездеспейді. Герадот пайымдауынша дайлар парсыла құрамындағы көшпенді халық болған. Ал Ксеркс болса өз еңбегінде оларды мүлдем ахеменидтерге қатысы жоқ халық деп жазады. Бұл мәліметтер бізге сол кезде дай-дахтардың Оңтүстік-Шығыс Каспий маңын мекен еткенін көрсетеді. Ал келесі бір топ зерттеушілер пікірі бойынша дай-дахтар Солтүстік-Шығыс Арал маңын мекен еткен.

Олардың бұндай шешімге келудегі басты себебі Страбонның еңбегі болып таылады. Страбон өз еңбегінде «дайлар өмір сүруші Меотидада»(Арал теңізі) деп жазған. Ал б. з. д. 285-282 жж. Шығыс Каспий маңында саяхат жүргізген Патрокл дайлар жайлы ештеме жазбайды. Осы деректерге сүйене отырып, дайлар Каспий маңын б. з. д. III ғасырда Парфия мемлекеті құрылғаннан кейін ғана мекен ете бастады деп тұжырымдама жасауымызға болады. Дай-дахтардың қайда қоныстанғаны жөнінде қиыншылыққа туындап қалмас үшін б. з. д. Iмыңжылдықта Страбон еңбегіне сүйене отырып, олардың Шығыс Каспиймен байланысын айта кеткеніміз жөн. Ол жайында Страбон «біздің уақытта дайларды Каспий теңізі маңында өмір сүретін көшпелілер деп атайды» деп жазып кеткен. Осы дерекке сүйене отырып, біз дайлардың сол уақытта Маңғышлақ, Үстірт аумағында көшіп-қонып өмір сүріп жүргендерін байқауымызға болады. Дай-дахтар Арал-Каспий маңында өздерінің өшпес ізін ұалдырды деп айтуымызға болады. Оған себеп дайлар атымен байланысты Яик(Жайық) өзенінің гидронимі болып табылады. Ең алғаш рет бұл өзен Страбон еңбегінде «Даиксу» деп белгілеіп, берілген. Археологтар Д. А. Мачинский мен К. Ф. Смирнов Жайық өзенінің атауының шыныменде дай-дхтарға байланысы бар болу мүмкіндігін аша жазады. Зерттеуші Вивьена де Сен-Мартино Каспийдің оңтүстік-шығысындағы Дахистан мен дай-дахтардың байланысы жөнінде айтады. Ал бізге тағы бір үлкен ұқсастық ретіндегі Батыс Қазақстанда мекен ететін қазақтың «адай» руымен дай-дахтардың байланысы бар екендігі анық. Осыған байланысты Батыс Үстірттен табылған б. з. д. IV-III ғасырларға жататын үш қорғаннан құралған Байте қорымының дай-дахтарға тиесілі болуы әбден мүмкін. Ал Батыс Қазақстанды мекен еткен келесі сақ тайпаларының туыстасы тайпасы ретінде Аландарды алар болсақ. Аландар жайлы алғашқы дерек Қытайдың «Хоу Хань Шу» династиялық шежіресінің 118-тарауында кездеседі. Онда Яньцай иелігінің Алания деп өзгертілгендігі жазылады[2, 287б] . Сыма Цяньнің «Ши Цзи» еңбегінде «Яньцай Кангюдің солтүстік-батысында 2000 ли арақашықтықта орналасқан» деп жазады [3, 16б] . Ю. А. Зуев қытай деректерінің барлығын қорытындылай келе Янцай (кей деректерде Хэсу) сармат-аландардың мемлекеті жөнінде және оның біртұтас үлкен мемлекет болғандығы жөнінде жазады. Одан бөлек қытай деректерінде аландардың Батыс өлкесін түгелдей дерлік өздеріне бағындырғандары жөнінде дерек қалдырылған. Зерттеліп келгендеректерге сүйенер болсақ көшпелі алан тайпаларының территориясына Шығыс Каспий теңізі, оңтүстік-шығыс Арал ауданы, Үстірт және Хорезммен шектесетін аймақтардың кіргенін білуімізге болады. Келесіде Қытайдың «Вэй Люе» шежіресінің 30 тарауында «Бұрын Кангюге тиесілі болған, қазір жоқ» деп алан иелігі жөнінде айтады. Аландар этногенезі ежелгі сармат-массагеттермен байланысты болған. Бұған дәлел ретінде Дион Кассий мен Аммиан Марцеллин «бұрынғы массагеттер» деп жазады. Аммиан Марцеллин дерегіне сүйенер болсақ ол аландар көшпелі халыө болаған және егін егіп, бау-бақшамен айналысуды білмеді және тек етпен, сүтпен ғана қоректенгендіктері жөнінде жазып қалдырған. Б. з. д. III ғасырда шығыстан хуннулардың батысқа жылжуы салдарынан Алания құлап, хуннулардың құрамына аландар кіре отырып, батысқа жылжуына көмек бергенін білуімізге болады. Ал Арал-Каспий жерінде қалған аландар түркілену процесіне тартылды. Батыс Қазақстанның Арал-Каспий маңайын мекен еткен тайпалар көшпелі мал шаруашылығы мен өңдіруші күшке негізделген шаруашылықтың экстенсивті түрімен айналысты. Көшпелілер қыстағы қыстаулары Оңтүстік Үстірт пен Маңғыстау маңайында болса, жаздағы жайлаулары барынша солтүстік аймақ Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік Қазақстанда болған. Дай-дах және массагеттердің мал шаруашылығының негізі тебінді ұсақ мал қой мен жылқы өсіруден құралды. Жылқы өсіру көшпелілер үшін көшіп-қонуға өте ыңғайлы көлік түрі ретінде қызмет етті. Дай-дахтар және массагеттер мекен еткен жерлерде олардың орналасқан тұрғын жерлері мен қалалардың кездеспеуі ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес олардың ат арбаларда киіз үй арқылы көшіп-қонғанына дәлел бола алды. Арал-Каспий маңайындай дай-массагет тайпаларының шаруашылыққа қажетті дүниелері рулық-тайпалық ұжым ішінде дайындалып, сауда айырбасына шығарылып отырған. Арал-Каспий тайпалары алтын, күміспен жақсы таныс болғандықтан жасалған зергерлік бұйымдарының көбі осы металдардан жасалынды. Қола мен темірден тұрмысқа қажетті құралдар мен қару-жарақтар жасалынды. Осы металдардан жасалған көптеген бұйымдар сақ ескерткіштерінде кездеседі. Әк-ұлутастардан мүсіндер, құрмандық шалатын ыдыстар мен тақтайшалар жасалынды. Бұндай бұйымдарды біз ғибадатханалар мен қорғандардан көптеп кездестіруімізге болады. Жерлеу орындары, ғибадат ететін орындар, обалардың төбесін жабу секілді дүниелерге көптеген тас құралдар қажет болған. Арал-Каспий өңірін мекет еткен дай-дахтар түсінігі сарматтар мен Қазақстан жеріндегі сақтарға ұқсас болды. Олардың діни наным түсініктерінің астарында политеизм - табиғат пен адамды тәртіпке келтіретін басты бір құдай болады деген сенімнің болуы. Дах-массагеттер жартастың, судың, жануарлардың және тағы басқа заттардың жаны яғни, рухы бар деп есептеген. Сонымен қатар дах-массагеттер арасында өлген адам қайта тіріледі деген нанымға сенуі және ата-баба культіне табынудың болғанын қазірдің өзінде қазылып алынған археологиялық ескерткіштерге қарап айта аламыз. Сол себептенде Арал-Каспий маңын мекен еткен көшпелілер үшін адам жерленген орын киелі деп есептелінді. Ара тұра уақыт өте абыздар көмегімен өлген адамға ас беру және еске түсіру ғұрыптары жасалып тұрған. Осылайша біз Батыс Қазақстанды мекен еткен сақтардың Арал-Каспий тайпалары жөнінде қысқаша мәлімет ала отырып, олардың көшпелі халық болғанын және тарихта өзінің өшпес із қалдырғандығы жөнінде білуімізге болады.

1. 2Алғашқы археологиялық экспедициялар.

Батыс Қазақстандағы аз зерттелген Арал-Каспий маңынын ескерткіштері мен географиясын зерттеуXIX ғасырға жатады. Ең алдымен археологиялық ескерткіштермен олардың қай тайпаларға жататының зерттемес бұрын географиялық жағдайды зерттеу үлкен қажеттігін туғызды. Сонымен бізде Арал-Каспий маңын географиялық тұрғыдан зерттеу 1889 жылы басталған болатын. Бұл зерттеуге қысқаша тоқталар болсақ зерттеу Маңғышлақ (Маңғыстау), Үстірт, Арал мен Каспий маңын зерттеуге тоғысты. Ал археологиялық тұрғыдан зерттеу осы географиялық түрде зерттеумен тұспа тұс келіп, басталған болатын. Арал-Каспий маңынын орталығына қарайғы құрғақ далалы аймақ уақыт өте келе өз қызығушылығын археологтар мен этнографтар арасында туғызуда. Оның себебі Маңғыстау, Үстірт және солтүстік Арал мен Каспий де табылып жатқан ескерткіштер болып табылады. Табылып жатқан ескерткіштер ішінде ең маңыздылары және қызықтылары болып, б. з. б. IIғасырына жататын дах-массагеттердің ескерткіштері болып табылады. Бұл ескерткіштер археологтар мен тарихшыларға олардың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығы жәнеде наным-сенімдері жайлы мәліметті көптеп берді. Арал-Каспий маңы оған қосқандағы Тұран жазығы, Каспий теңізінің төменгі жағасы мен Орал тауларының аз зерттелгендігі бәріне анық. Осы жамауды толықтыру мақсатында және әлі күнге дейін табылып жатқан ескерткіштерді қазып, темір дәуірінде сақ тайпалық одағының құрамына кіріп, тұспа-тұс өмір сүрген дах-массагеттер мен алан тайпалары жайында мәліметтерді жарыққа шығару көптеген салаларды тоғыстыруы қажет. 1829 жылы Солтүстік Каспий жағасына барған Александр Гумбольдт өзінің «Asie Centrale» еңбегінде бұл аймақтын ерекшеліктерін атап көрсетеді. Осы ерекшеліктердің салдарынан көптеген ғалымдар бұл аймақты тереңінен зерттей бастады. Себебі темір дәуірі кезінде мекен еткен тайпалардың көшпелі малшаруашылығымен қалай айналысқандығын білу болды. Өлкенің географиялық орналасуы осы жерде мекен еткен тайпалардың этномәдениетіне әсер етуі кездейсоқ емес еді. Олардың көбі үлкен дәрежеде Арал-Каспийдің эко-мәдениетіне келіп тіреліп отырды. Арал-Каспий тайпаларының орналасуы Орталық Азия, Кавказ, Батыс Еуропаның тарихи-мәдениетін өзіне сіңіргендігін және олардың кейін көшпелі халықтарды Батысқа өтуіндегін қақпа болғандығын ғалымдар айта кетеді [3, 4б] .

Себебі осы маңайды мекендеген дах-массагеттер мен аландар Батыс Еуропа мен ТаяуШығыстың тарихына елеулі із қалдырған болатын. Алайда осы себептердің болғанына қарамастан Еуропаға Арал-Каспий тайпаларының ықпалы әліде болсын көп жағдайда белгісіз болып қала бермек. Арал-Каспийді тарихы орталығы болып табылатын тайпалар соның ішінде массагеттер, дах-парфяндар мен аландар осы маңайды мекен ете отырып тарихи сахынада өздерінің үлкен ізін көшпелі малшаруашылығы мен саяси бірігулері мен үлкенді кішілі мемлекеттер мен тайпалардың өркендеуі мен құлауы және олардың қалдырып кеткен тарихи жәдігерлері ғалымдар арасында зерттеу кезінде қызығушылықтарын туғызған болатын. Соңғы жылдардағы уақытта Қазақстанда және оның көрші мемлекеттері 70 жыл бойы идеологиялық қыспақ көрудін әсерінен өз тарихтарын білу мақсатында әрекет етіп, тарихи жәдігерлерді жалпылама зерттеу үстінде отыр. Сондай үлкен қызығушылық тудырып, тарих жөнінде үлкен қадам туғызатын аймақтардың бірі Батыс Қазақстанды мекен еткен сақтар болып табылады. Соның ішінде біз дах-массагеттер мен аландардың ескерткіштерін жатқызуымызға болады. Осындай өз тарихын білуге ұмтылып Батыс Қазақстанды зерттеуді қолға алған ғалымдар алғаш болып, көшпенді халықтарға малшаруашылығы кезінде үлкен қолайлылық туғызған Тұран жазығын зерттеуден бастады десек артық емес[3, 5б] . Тұран жеріндегі көшпенділердің үлкен мұрасы, тарихи орналасуы мен ескерткіштері және қорымдары мен обаларын зерттеу үлкен айсберг секілді. Қазірде зерттеліп жатқандығына қарамастан үлкен шыдамдылық пен көптеген құнды мәліметтер береді. Тұран жерін Арал-Каспий тайпаларының мекендеуіне байланысты олар жайлы мәліметтер көбіне этникалық тарих пен этнографиялық мәдениет ретінде көптеген ғалымдар қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Сақ ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ғұндар Саяси тарихы
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz