Оқырмандар ұйымдастырған кітап көрмесі


АЛҒЫ СӨЗ
Әр кітапхананың, әр бөлімнің, әр кітапханашының өз келбеті мен стилі бар. Заманауи бағыттағы кітапхананың ерекшелігі жаңа технологияларда ғана емес, оның бай дәстүрінде. Бүгінгі кітапхана - пайдаланушыларға ақпарат берудің негізгі орталығы. Жаһандану дәуірінде жаңа технология қарқынды даму үстінде. Пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсету, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - сол жаһандану үрдісінің бір көрінісі. Сондықтан заман талабына сай кітапхана қызметкерлері де жаңа бағытта жұмыстарын дамытып, білікті маман болуы тиіс. Бұл көмекші құралда кітапханашыларға анықтамалық ретінде замануи бағыттағы жаңа жұмыс түрлеріне түсініктеме берілген. Жинақ кітапхана саласына тигізер септігі мол болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл құрал кітапханашылардың жаңа инновациялық әдістер мен тәсілдерін игеруіне мол мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа технология мүмкіншіліктерін пайдаланып, жаңа бағытта жұмыстарыңызды түрлендіріп, өз дәрежелеріңізді көтеріп, жаңаша жұмыс жасауға болады. Жинақ кітапханашыларға арналған. Өз іс-тәжірибелеріңізге пайдаланыңыздар.
Кітапханашыға «10 кеңес»:
1. Сіз өз кәсібіңіздің креативті шебер маманы болғыңыз келеді ме? Бәрі де өзіңізге байланысты!
2. Жұмысқа жан-жақты дамыған, онлайын форматтағы платформаларды меңгерген, кәсіби шығармашылық жолмен келіңіз, сонда өзіңізге де қызықты, кітапханаңызға да пайдасы көбірек.
3. Кітапханаңыздың қорын, QR код-пен жарияланған кітаптарыңызды жақсы білуге тырысыңыз! Оқырманға қажетті көзді табуға кез-келген сәтте көмек беруге дайын болыңыз.
4. Күнделікті ештеңеге қарамастан, өз бөліміңіздің қорындағы әдебиеттермен танысуды әдетке айналдырыңыз.
5. Кітапханашы өмірлік оқып-үйрену бағдарламасымен өмір сүреді: ол оның күнделікті кәсіби міндеті, өйткені жаңа әдебиеттер мен ақпарат кітапханаға жиі түсіп тұрады және маманнан толық игеруді талап етеді.
6. Креативті кітапханашы болғыңыз келсе, есіңізде болсын! Сіз әрқашан оқырмандар мен әріптестердің, онлайн форматта әлеуметтік желі бетіндегі достардың көз алдындасыз; олар Сіздің біліміңіз бен жұмыс жасаудағы ойлау қабілетіңізді, сыртқы жинақылығыңызды, киіміңізді, ең бастысы - айналаға қарым-қатынасыңызды байқап, бағалап отырады.
7. Облыстық, аудандық орталық кітапханаларда өтетін онлайн, офлайн форматтағы шараларға қатысудан бас тартпаңыз. Оларды неғұрлым көбірек көріп-білсеңіз, соғұрлым тәжірибеңіз молайып, қызметіңізді игеруге септігіңіз тиеді.
8. Тапсырылған істі әрдайым өзіңіз атқарыңыз, басқа біреуге жүктемеңіз. Сонда ғана Сіз өз мамандығызды жақсы, әрі тез игересіз.
9. Өзіңіздің жұмысыңызды құрметтеңіз, жақсы көріңіз, өз мамандығыңызды жәбірлеуге жол бермеңіз.
Кітапханалық кәсіби абройыңызды жоғалтпаңыз !
10. Сіз әрдайым кітапханада жұмыс істейтініңізді, кітапханашы екеніңізді мақтан тұтыңыз!
Міне, осы ұсынысты жадында ұстаған әр маман, өз ісінің шебер кітапханашысы бола алады.
Кітапханашы анықтамалығы
Кітапханашы мамандығы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Олардың оқу талғамын қалыптастырып, оқу қажетін қанағаттандыру, кітап оқуына басшылық ету, әдебиеттерді насихаттау, сондай-ақ кітапханадағы жұмыс процестерінің бүтін комплексі енеді. Кітапханашы өз ісінің бастаушысы болуы керек, оқырмандар бұқарасымен жұмыс істей білуі, кітапхана жұмысының әдістерін меңгеруі, осы әдістердің көмегімен кітапхананың бүкіл жұмысын ұйымдастыра білуі керек. Мәдени ой-өрісінің кең болуы, мамандық білімінің тереңдігі, педагогикалық жұмыс әдістерін игеру -- кітапханашыға тән қасиет.
Абонемент
Оқырманға қызмет көрсету формасы, оның мәні баспа басылымдарын оқырмандардың белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс алып оқуға мүмкіндік береді.
Оқу залы
Оқырмандарға баспа шығармаларын кітапхананың өз ішінде отырып пайдалануға мүмкіндік беретін кітапханалық қызмет көрсету формасы. Оқу үшін көмекші қоры бар. Оқу залының қоры универсалды болып келеді. Оқу залында басылымдардың арнаулы түрлері жинақталған. (мерзімді басылымдар)
Оқу залын пайдалану қағидалары Оқу залында әдебиеттер оқырман қолы қойылған формуляр арқылы беріледі. Оқу залына өзінің және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды. Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға тиым салынады
Оқырман формуляры
Оқырмандар саны мен оларға берілген әдебиеттер санын жеке есептеп отыруға арналған үлгісі бекітіліп берілген кітапханалық документ. Мұнда оқырман туралы мәліметтер көрсетіледі, сонымен қатар оған әдетте әдебиеттердің берілуі және қайтарылуы туралы мәліметтер де жазылады. Оқырман формулярында берілген берілген кітаптар білім салалары бойынша жазылады және оқырман туралы толығырақ мәлімет беріледі. Оқырман формуляры арқылы оқырманның оқу жүйесі туралы жан-жақты мәліметтер алынады, әрі оқуға міндетті түрде басшылық жасауға мүмкіндік туады.
Қор (фонд)
Кітапханалардың атқаратын қызметтеріне сай және қоғамдық пайдалануға арналып жинақталған, каталогтармен картотекалар жүйесі арқылы жан-жақты ашып көрсетілетін баспа шығармалары мен басқа да информация көздерінің жиынтығы. Қор кітапханатанудың бір бөлігі ретінде қор жүйесін, кітапханалар үшін әдебиеттерді іріктеудің теориялық принциптерін, қорды жинақтау методикасын, кітапханаларды кітаппен қамтамасыз ету жүйесін, қорды ұйымдастыру принциптерін, қорды зерттеу әдістерін қарастырады.
Қор айналымы.
Қордың пайдалану тиімділігінің көрсеткіші, ол бір жыл бойына берілген кітап санын қордың жалпы санына бөлу жолымен есептелінеді. Қордың айналымының көрсеткіші кітапхана қорына енетін баспа шығармаларының қамтылу дәрежесіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Жалпы қор айналымы - бүкіл қордың пайдалану көрсеткіші; жеке қор айналымы қордың бір бөлігінің бір сала тұрғысынан алғандағы ( түрі, хранологиясы, тақырыбы жағынан, т. б. ) пайдалану көрсеткіші. Ол қордың осы бөлімінен берілген кітап санын осы бөлімдегі қордың жалпы санына бөлу жолмен есептеледі .
Кітап қорының айналымы кітапқорын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Бір жыл ішінде берілген кітап берілімін жыл аяғындағы кітапханада бар кітаптың санына бөлу арқылы есептеледі.
Кітап берілімі
Кітап қоры саны
Оптималды көрсеткіш 2-ге тең. Облысбойынша - 1, 4
Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету
Анықтамалық-библиографиялық аппарат (АБА) - бұл дәстүрлі және электронды анықтама библиографиялық басылымдардың, кітапхана қорын және оқырмандарға қызмет көрсетуді ашуда пайдаланатын кітапханалық каталогтардың жиынтығы. Ол кітапхананың барлық қызметінің негізі болып табылады, және оқырмандар сұранысының жедел, толық және нақты қанағаттандырылуы оның тиімді ұйымдастырылуына байланысты.
АБА негізгі элементтері:
Каталогтар жүйесі;
Библиографиялық картотекалар жүйесі;
Анықтамалқ және библиографиялық басылымдар қоры;
Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры
Каталогтар жүйесі. Кітапханаларда көбінесе бір-бірін толықтыратын екі каталог қолданылады: алфавиттікжәнежүйелік.
Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры - бұл АБА бөлігі, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету процесіндегі орындалған жазбаша анықтамалардың түпнұсқалары немесе көшірмелерінен тұратын, сондай-ақ, қолжазбада қалған библиографиялық құрал және басқа кітапханалардан айырбастап алынған ұқсас материалдар.
Каталогтар жүйесі. Каталогтар, картотека және
деректер базасының тізімімен сипаттамасы.
Кітапханалық каталог - бұл кітапханалық қордың құрамын немесе мазмұнын ашатын бір немесе бірнеше кітапханалар қорында бар құжаттардың библиографиялық жазбаларының тізімі. Форма Каталог, баспалы каталог(кітаптүрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы каталог көптараған.
Әліпби (Алфавиттік) каталогі - кітапханалық каталог, мұнда библиографиялық жазбалар авторлар аты (фамилиясы) немесе құжаттар атауы әліпби ретпен орналастырылған. Әліпбилік каталог ең алдымен кітапхананың ішкі жұмысына қажет, бірақ сондай-ақ, міндетті түрде оқырмандардың пайдалануына да беріледі. Әліпбилік каталогтың көмегімен, кітапханада белгілі бір кітаптың және қандай басылымдарда бар екенін; сол немесе басқа автордың қандай кітаптары қорда берілгенін анықтауға болады.
Кітапхана-филиалдарда әліпбилік каталог есептік каталогтың қызметін атқарады. Әліпбилік каталогта карточкалар жалпы әліпби жүйесімен орналастырылады. Көмекші сөздер жеке сөздер ретінде қарастырылады. Кітаптың бірінші сөздері, атымен жазылған болса, сәйкес келеді, екінші, үшінші және т. б. сөздері ескерілуі керек. Фамилиялары бірдей авторлардың кітаптарын сипаттағанда алфавитпен аты-жөні бойынша орналастырылады. Бір автордың шығармасын сипаттағанда «авторлық жиынтықта» орналастырылады (Авторлық жиынтық 11 бетте көрсетілген) . Кітапханаға түскен әрбір кітаптың каталогтық карточкасы болады (алфавиттік және жүйелік каталогтар үшін) . Әліпбилік каталогтар үшін карточкалардың өзгеше ерекшеліктері ол - карточканың екінші бетінде түгендеу нөмірінің бары. Карточкалар кітаптан алынып авторлық белгісіне сәйкес каталогқа құйылады. Кітапхана-филиалдардаәліпбилік каталогтан карточкалар әдебиеттер есептен шығарылған соң алып тасталады. Бұл жұмыс ОКЖ-нің есептік каталогында, әдебиет есептен шығарылғаннан кейін акті бойынша жүргізіледі (есептен шығаруды толықтыру бөлімі жүргізеді) .
Жүйелі каталог - бiлiм салалары бойынша, белгiлi бiр жүйелі жіктелумен орналасқан, жіктеу таблицасы бойынша құрылған библиографиялық жазбалар. Жүйелі каталог оқырмандардың пайдалануына арналған. Жүйелі каталог кітапханада қандай білім саласы бойынша басылымдардың, және ғылым мен техника саласы бойынша қандай кітаптар бар екенің білуге мүмкіндік береді. Жүйелі каталог үшін карточкалар кітапханаға кітаппен бірге түседі және КБЖ индексімен сәйкес орналастырылады.
Картотекалар редакциясы- олардың мазмұны мен сұлбасы міндетті. Мазмұнын редакциялауды тұрақты түрде жүргізіп тұру керек. Картотекалардағы карточкалардың сақталуқоры - 5 жыл (өлкетанулық картотеканы қоспағанда) . Басылымдардың тым ескілері, құжаттың бірегей тақырыбына байланысты іріктеліп сақталады.
Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасы - құрылымы бойынша жүйелі каталогқа ұқсас. Бірақ ойланбай баспа карточкаларында қойылған индексті қолдануға болмайды, себебі бұл индекстер көп жағдайда тура емес. Сондықтан картотекаға үнемі тематикалық және пәндік тарау енгізіледі. Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасында (ГМК) мемлекеттік және саяси қайраткерлер, ғалымдар, суретшілер, жазушылар, композиторлар, актерлердің өмірі мен қызметі жайлы материалдар жиналған. Бұл бөлімдер өз алдына «дербес ұя» болып саналады және мұнда тұлға бойынша жинақталған материалдар әліпби ретімен, бірақ сәйкес бөлімдерде орналастырылады. Егер көп карточка жиналып қалса, онда оларды жеке өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға топтастырып және арнайы бөлгіштермен бөледі.
Тақырыптық картотека - белгілі бір тақырып бойынша құжаттарды көрсететін картотека. Тақырыптық карточкалардың ерекшеліктері олардың өзектілігінде, әртүрлі баспа шығармаларын шапшаң насихаттау мүмкіндігінде. Тақырыптық картотекада анықтамалық сипаттамалар елеулі рөл атқарады, сондай-ақ, шығарманың мазмұнын ашып қана қоймай, әртүрлі авторлардың бір тақырыпты қарастыру ерекшеліктерін көрсетеді.
Өлкетанулық картотека - кітапхана қорында болмасада, өлкетанулық сипаттағы құжаттарды көрсететін арнайы картотека, материалды топтастыру бойынша бұл картотека жүйелі болып табылады. Жүйелеуге «Кітапхананың өлкетанулық каталогтары үшін кестесі» қолданылады.
Библиографиялық анықтамалардың түрлері. Мәліметтердің мазмұнына қарай анықтамалар библиографиялық және нақтылық (фактические), ал орындалуы түрлеріне байланысты - ауызша және жазбаша болып бөлінеді.
Көркем шығармалар атауларының картотекасы. - тез арада сол ма немесе басқа шығарманың авторының фамилиясын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы картотека. Әр картотеканың карточкасында шығарманың аты, оның жанры, автордың фамилиясы мен аты жөні, шифрі көрсетіледі. Карточкалар шығарманың атымен алфавиттік ретте қойылады.
Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры.
Қордың құрамы мен толықтығы, кітапхананың библиографиялық жұмысты қандай көлемде орындайтындығымен, қандай топтағы оқырмандарға қызмет көрсететіндігімен шартталған. Ақпараттық қордың құрамына әдетте ресми құжаттар, энциклопедиялар және энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, күнтізбелер, қанатты сөздер жинағы, мақал мен мәтелдер жинағы т. б.
Жазбаша анықтамалар көбінесе күрделі сұраныстарға жауап береді, сондықтан мұндай анықтамаларды орындау мерзімі, сұранысты қабылдаған кезде келісіледі.
Библиографиялық анықтамалар - бұл баспа шығармалары туралы мәлімет. Библиографиялық анықтамалар мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі. Кітапхана тәжірибесінде ең жиі орындалатын анықтамалар олар, тақырыптық анықтамалар, библиографиялық деректерді нақтылау анықтамалары және кітапхана қорында өздеріне қажет шығарманың бары туралы.
Нақтылық анықтамасы нақты факті жайлы мәліметтерді, мысалы бір адамның өмірі мен қызметінің мерзімін, бір мекеменің мекенжайы мен тура атауын және т. б. қамтиды.
Ауызша анықтамалар әдеттегідей, жедел, оқырмандар қатысып отырғанда немесе телефон арқылы орындалады.
Ақпараттық қызмет көрсету - ақпараттық мекеме қызметінің негізгі екі түрінің бірі (біріншісі - ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстардың жиынтығын құру - ақпараттық қордың, ДБ түрінде анықтамалық аппарат, каталогтар және т. б. ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушылардың құжаттарға және ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін кітапхананың қызметі) . Ақпараттық қызмет көрсетудің мақсаты - жалпы - ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру.
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуыотбасында басталады, оған БАҚ, мектеп, ЖОО қосылып, кейіннен ол өмір бойы жалғасып отырады. Ақпараттық мәдениет ұғымын адамға қажетті ақпараттық ортада еркін бейімделуіне жағдай жасайтын ақпараттық дайындық деңгейі деп қана емес, сонымен қатар сол ақпараттық ортаның қалыптасуы мен өзгеруіне ат салысу ретінде түсіну керек.
«Бақылау көрсеткіштері» ауылдық кітапханалардың жылдық есептерінің маңызды бөлімі болып табылады. (II бөлім) . Осы бөлімді жоспарлауда, әсіресе кітапхананың өткен жылғы нәтижелерін білу маңызды. Оқырмандар санын жоспарлағанда бұрын тіркелген оқырмандарды ескеріп, ересектер мен мектеп жасындағы балалардың жалпы санына сүйену керек. Ауылдық кітапхана сол елді мекенде тұратын барлық отбасыны қамту қажет.
Абсолюттік бақылау көрсеткіштер
Оқырмандар есебі кітапхана қызметін пайдаланатын оқырмандар санын көрсетеді. Есеп бірлігі ретінде оқырман формулярлары алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 300-ден 500 адамға дейін болу керек (тұратын халықтың саны ескерілуі қажет) .
Кітап берілімі есебі оқырмандар оқыған баспасөз өнімдерінің санын көрсетеді. Берілімнің есеп негізі ретінде оқырман формулярында жазылған жазбалар алынады. Берілім бірлігі ретінде кітаптар мен брошюралар, қалың журналдар үшін - дана, ал газеттер мен жұқа түпті журналдар үшін - жинақ саны алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 8 мыңнан 10 мыңға дейін құжат берілімі болу керек.
Келушілер есебі кітапханаға бір күн ішінде келген, күнделікті оқырмандар формулярын санау арқылы жүргізіледі. Есеп жұмыс күнделігінде жүргізіледі
Көпшілік жұмыстар есебі кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелерінің, түрлі кештер мен конференциялардың, шолу, әңгімелердің, ауызша журналдар жиынтығынан тұрады. Есеп жұмыс күнделігінде жүргізіледі.
Салыстырмалы бақылау көрсеткіштер
Оқылымдық бір жыл ішінде бір оқырманға берілген кітаптардың орташа саны. Бір жыл ішінде берілген кітап санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.
Кітапберілімі
Оқырмандар саны
Оптималды көрсеткіш
Келушілік бір жыл ішінде бір оқырманға келетін келімдердің орташа саны. Бұл көрсеткіш оқырманның кітапханаға белсенді келгенін сипаттайды. Бір жыл ішінде келушілер санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.
Келім саны
Оқырмандар саны
Оптималды көрсеткіш - бір жылда келуі.
Кітап қорының айналымы кітапқорын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Бір жыл ішінде берілген кітап берілімін жыл аяғындағы кітапханада бар кітаптың санына бөлу арқылы есептеледі .
Кітап берілімі
Кітапқоры саны
Оптималды көрсеткіш
Кітаппен қамтамасыз етілуі тіркелген бір оқырманға келетін кітаптың орташа саны.
Кітаппен қамтамасыз етілу оқырмандар санына қатысты. Кітап қорының көлемін, яғни, жеткіліктілігін сипаттайды. Жыл аяғындағы кітапханада бар кітап санын оқырман санына бөлу арқылы есептеледі.
Кітап қоры саны
Тұрғындарсаны
оқырмандар саны
Бір оқырманның кітаппен қамтамасыз етілуі - 10-12 кітапты құруы керек.
Бір тұрғынның кітаппен қамтамасыз етілуі - 5-7 кітапты құруы керек.
Қорды жаңарту- кітапхана қорын жүйе ретінде анықтайтын, қорды ақпараттық мазмұны, құжаттардың түріне және басқа да параметрлер бойынша жаңа жағдайға келтіретін процесс. Қазіргі заманғы ақпараттық мазмұнды жаңа құжаттар қорға келіп түскенде, ондағы ескірген басылымдар есептен шығарылады. Бұл процесс толықтыру процессі сияқты шектеусіз. Қордың толық жаңару уақытын анықтау үшін келесі жаңару дәрежесі көрсеткіші қолданылады:
Фпt - «t» мерзімі ішінде (1 жыл) түскен құжаттар саны. (Мысалы 1000 дана)
Ф иt - «t» мерзім ішінде есептен шығарылған басылымдар саны (Мысалы 500 дана)
Фо - «t» мерзім басындағы қор көлемі ( Мысалы 10 000 дана)
Осылайша, Н=1000/1+1000-500) = 0, 9 немесе 9%. Яғни, қор жыл сайын 9% жаңарады. Оның толық жаңаруы үшін 11-12 жыл керек.
Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді қамтудың пайызы оқырмандар санын тұрғындар санына бөлу жолымен және оны 100%-ға кеміту арқылы есептеледі.
Кітапханадағы статистикалық есеп.
Статистикалық есеп - кітапхана қызметін зерттеу, тәжірибені жинақтау және кітапхана ісін дамытуды жоспарлау үшін кітапхана қорының көлемін, құрамын және қозғалысын; оқырмандардың және оларға берілетін кітаптардың саны мен құрамын; көпшілік, библиографиялық, әдістемелік және көшпелі жұмыстардың көлемін тіркеп, есептеп және сандық сипаттама беріп отырады. Статистикалық есеп- кітапханалардың барлық типтерінде міндетті түрде жүргізіліп, бірыңғай әдістер бойынша жүзеге асырылады. Оның формалары- жұмыс күнделігі мен жиынтық есеп кітабы. Статистикалық есеп мәліметтерінің негізгі көзі кітапханадағы мәліметтерді, оқиғалар мен процестерді алғашқы тіркеу. Алғашқы есеп құжаттары- оқырман формуляры, инвентарлық кітап, кітап формуляры т. б. Бастапқы есеп мәліметтері бойынша қорытындылар шығарылып, белгілі бір мерзім арасындағы ( ай, тоқсан, жыл) жұмыс көлемі талданады.
Есеп жүргізудің өзара байланысты үш түрі бар, олар: қаржылық, оперативті және статистикалық есептер.
Кітапханалық есеп құжаттары:
- Оперативті
- Кітаптарға уақытысымен құжаттарды толтыру
- Оқырман формулярын толтыру
- Күнделік толтыру
- Кітапхана жұмысын жүйелі тіркеу
- Статистикалық
- Қордың құрамы
- Оқырман құрамы
- Кітап берілімі
- Өткізілген іс-шаралар
- Қаржылық
- Кітапханаға алынған барлық заттың есебі.
- Бөлінген қаржының жаратылуын қадағалау.
- Статистикалық есептің үлгілері- жұмыс күнделігі мен жиынтық есеп кітабы.
- Алғашқы есеп құжаттары- оқырман формуляры, инвентарлық кітап, кітап формуляры т. б.
- Оперативті есеп- атқарылатын жұмыс және нормалардың орындалуының есебін жүргізеді.
- Қаржылық есеп- қаржының жұмсалуына, кітапхана мүлкінің, кітап қорының, жабдықтардың, жиһаздар мен каталогтік жәшіктердің сақталуына т. б. бақылау жасайды.
- Статистикалық есеп : кітапхана қызметін зерттеу, тәжірибе жинақтау және кітапхана ісін дамытуды жоспарлар үшін кітапхана қорының көлемі, құрамы мен қозғалысын беру, оқырмандардың және оларға берілетін кітаптардың саны мен құрамын беру, көпшілік, библиографиялық, әдістемелік және көшпелі жұмыстардың көлемін тіркеу, есептеу және сандық сипаттама беру.
Кітапханалық статистика көрсеткіші
Кітапханалық статистика көрсеткіші дегеніміз- кітапхана ісінің үдерістері мен құбылыстарының көрсеткіштері. Абсолюттік шамада (оқырман саны, қор саны, кітап берілім саны, келушілер саны) және салыстырмалы мөлшерде (қор айналымы, оқылымы, келушілер) көрсетеді.
Негізгі бақылау көрсеткіштері нормативке сәйкес жоспарлануы
(Нормативтері)
- Жалпы кітапхананың бақылау көрсеткіштері негізінен арнайы нормативтерге сәйкес жоспарлануы қажет.
- Кітапхананың келушілер санын табу үшін жалпы оқырман санын 10 есеге көбейту керек. Мысалы: 22452 оқырманды көбейту керек 10-ға сонда 224520 келушілер саны болады.
- Жалпы кітап қорының берілімін анықтау үшін оқырман санын 20 есеге көбейту қажет. Мысалы : 22452 оқырман санын 20-ға көбейткенде 449040 кітап берілімі
Негізгі көрсеткіштерді салыстырмалы түрде процентпен шығару
2017 2018 %
- Оқырман саны 21455 22452 4, 6
- Кітап берілім 476849 484056 1, 5
- Келушілер саны 204303 211865 3, 7
Мысалы : Оқырман саны - 22452 : 21455 = 1, 046469 х 100 = 04, 6-100 = 4, 6 %
Кітап берілім- 484056 : 476849 = 1, 0151137 х 100 = 101, 5 - 100 = 1, 5%
Келіушілер саны - 211865 : 204303 = 1, 037013 х 100 = 103, 7 - 100 = 3, 75%
Негізгі көрсеткіштерді анықтап процентпен шығару.
Оқылым
Есеп беріліп отырған мерзім ішінде бір оқырман оқыған баспа шығармаларының орташа саны.
Ол кітапхананың қызмет көрсету дәрежесін сипаттайтын және қордың пайдалану барысы мен жинақталу құрамының сапасын білдіретін ең маңызды көрсеткіш болып саналады.
Оқылым - барлық берілген кітаптар санын оқырмандар санына бөлу керек
Оны анықтау үшін О=В:А (Ч= В:А) деген формула қолданылады.
О-оқылым саны, В-кітаптың берілу саны, А- оқырмандар саны
Мысалы: 484056 мың дана кітап берілімін : 22452 оқырман санына бөлгенде = 21, 6% оқылым шығады.
Келушілер
Келушілер саны дегеніміз - кітапханаға келетін оқырмандардың саны.
Келушілер - барлық келушілер санын оқырмандарға болу керек.
К=К:А
К- келушілер, К- келушілер саны, А- оқырман
Мысалы: 211865 келушілер санын 22452 оқырманға бөлгенде = 9, 4 % келушілер саны шығады ( норма 10, 0)
Қор айналымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz