Геометриялық фигураны қарастыру
Жаһанша Досмұхамедова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Геометриялық элементтерді оқыту әдістемесі
Тобы:4асКШО-9
Орындаған: Тынышбаева Гүлназ
Жетекші: Сапахова Г.М.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Геометриялық элементтерді оқыту әдістемесі
1.1. Геометриялық материалды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 5
1.2. Геометрия негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Бастауыш мектеп математикасындағы геометриялық денелер ... ... ... ... ..10
ІІ. Тәжірибелік бөлім
2.1.Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 12
2.2. Математика оқулығындағы геометриялық фигуралар ... ... ... ... ... ... .. ... .16
2.3. Геометрия элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы ... ... ... ... .18
2.4. Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Тақырып. Геометриялық элементтерді оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
1-4 сыныптардағы математика оқулықтарының әрқайсысының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі - қарастырылатын мәселелердің және оқушылардың игеруі тиіс білік пен дағдыларының іргетасы болып табылатын, математика ғылымының негізгі қағидаларын айшықтап көрсетумен және түсініп сезінумен сипатталатын теориялық білімнің жетекшілік рөлін қамтамасыз ету болып табылады.Ал теориялық білім жайында сөз болғанда, тек қана терминдермен және анықтамалармен шектеліп қалмайды, керісінше, тәуелдіктерді, заңдарды және т.б.игеруге де ерекше мән береді,яғни оның жан-жақтылығын да ескереді.
Оқулықта әр сабақтың жаттығулар жүйесіне негізделген жұмыс әдістемесінің үлгісі берілген.Оқулықтағы тапсырмалардың берілу формасы; түрі; көлемі;орналасу қалпы және рет-тәртібі әр оқушының өздігінен оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінің объектісі ғана емес; оқытудың белсенді субъектісі деңгейіне көтерілуі керек.Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттердің түрін және рет-тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша келтіріледі.
Зерттеу болжамы: Егер геометриялық фигураларды оқытуда көрнекіліктер мен жаңа технологияларды қолданса оқушыларда геометриялық фигуралар жайлы жалпы түсінік дұрыс қалыптасар еді.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта геометриялық фигураларды оқытып талдап білу.
Зерттеу пәні: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты :Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет. Осыған орай бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендер жазылды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Сондықтан да бастауыш сыныптарда математиканы оқыту процесінің және оның құрамды бөліктерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды:
Математиканы оқытудың мақсаты тұжырымдалады;
Кімді оқытамыз, яғни бастауыш буындағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері зерттеледі,
Оқытудың мазмұны анықталады және оны қарастырудың тәртібі негізделеді;
Оқытудың әдіс-тәсілдері іріктеледі;
Оқытудың құрал - жабдығының түрлері ұсынылады;
Оқытуды үйымдастыру түрлері айқындалады;
Оқытудың нәтижелері және олардың нақты деңгейінің қандай болу керектігі анықталады.
Геометриялық кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.
Геометриялық фигураларды бір бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылған жөн.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұны , оны оқытудың ерекшеліктері анықталады және оны ғылыми негізі жасалады;
Математика курсының мазмұны мен логикалық құрылымы және ғылыми - техниканың бүгінгідаму деңгейіне сай негізделеді;
Бастауыш буында математиканы оқытуға қатысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары , озық тәжірибе жұмыстары өз деңгейнде қарастырылады.
Геометриялық кеңістік ұғымдары.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында геометриялық фигуралар жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының геометриялық фигуралар бойынша қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 25 беттен, 2 бөлімнен тұрады.Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері айқындалды, пәні, әдістері таңдап алынды.

1.1. Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан бастауыш сыныпта: кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралыұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар , оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру, әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру және т.б. қарастырылады. Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялықфигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайында түсініктер де біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар бір тұтас деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары - кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары - сәулелер, олардың төбелері- нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың , төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері (бұрыштың төбелері, қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта : сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады.
Сондай-ақ , көпбұрыш; тіктөртбұрыш; шаршы; тік, сүйір, доғал бұрыштар; текше; шеңбер; дөңгелек; параллелепипед; параллель ; перпендикуляр түзулер оқытылады.
Тақырыптың міндеттері :
Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай ( көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.
Кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.
Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылады.
Тапсырмалар :
Геометриялық материалды оқытуды мынадай қағидалар басшылыққа алынды:
Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді.
Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың құралы да, геометриялық материалдар санларды нөмірлеу, арифметикалық амалдар, мәтінлі есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту баысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады:
Геометриялық ұғымдарға (тік бұрыш, шаршы және периметрден басқаларына) анықтама тек қана онтенсивті түрде көрсету арқылы беріледі,
Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларға ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.
Сурет 1. Әдіснама жүйесі
Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.
Геометриалық шамалар ( ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.
Көптбұрыштың периметрін , ауданын табуға арналған есептер.
Салу есептері
Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаз деген сияқты).
Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элеметтері бойынша фигура құрастыру.
Әріпті пайдалана отырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.
Нәрселердің немеес оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.
1.2. Геометрия негізгі түсініктері.
Әлі адамдар ештеңе білмейтін , ештеңе қолдарынан келмейтін ертедегі алғашқы заманарда да олар өздеріне әр түрлі пішінде үйлер салып , құнарлы жерлерді өлшеп , оларды учаскелерге бөлді. Біртіндеп өлшеумен және тұрғызумен байланысты дағдылар, әр түрлі ережелер пайда болды.. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды, ол грек тілінен аударғанда жер өлшеу деген мағынаны білдіреді. Осылай аталуы геометрияның жердегі өлшеу жұмыстарында қолданылуымен байланысты. [1]
Оқушы өзін қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида, конус, призма, цилиндр пішінді заттарды оңай таба алады.Бұлар - көлемді фигуралар немесе геометриялық денелер.
Сурет 2. Көлемді фигуралар
2 - Суреттен көлемді фигуралар - геометриялық денелердің бейнелерін көруге болады. Оқушы өзі де үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы , көпбұрыш, шеңберді оңай сала алады. Бұлар - жазық геометриялық фигуралар. Ал жазық фигуралар дегеніміз не?
Олардың ерекшелігі сонда , әрбір жазық фигураны қағаз бетінен қиып алуға және үстел бетіне тұтасымен орналастыруға немесе тақтаға ілуге , қатты қағазға жапсыруға болады. Ал мұндай көлемді фигуралармен істеуге болмайды.
Жазық геометриялық фигуралар
Нүктелерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Сен суреттен А,В,М нүктелерін көріп тұрсың. Нүктені белгілеу үшін былай айтылады: А нуктесі, В нуктесі, М нуктесі .
Сызу кезінде түзуді бейнелеу үшін сызғыш қолданылады. Бірақ сызбада біз түзудің бөлігін ғана көрсете аламыз. Сондықтан да түзуді басы да, ұшы да жоқ шексіз деп айтады.
Түзуді бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгілейді.
Нүктемен танысу әдістемесі.
Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.
Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетінеқалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзеуге қоюды,берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге,оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады. [2]
А● М ●
● ●В
Былай айтылады: а түзуі , СD түзуі
Бір нүкте арқылы неше түзу болса да жүргізуге болады

Екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады

Түзу шексіз болғандықтан , оны өлшеуге болмайды. Оқушылардың естеріне түсірген барлық геометриялық фигуралар нуктелер және түзулерден тұрады.
Сәуле
Нүктемен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сәуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процессінде өтеді:
1) нүкте саламыз
2)нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте-сәуленің басы,сәуле оңға бағытталған).
3)латын әрпімен сәуленің басын белгілейміз
4)әр түрлі бағытта сәулелер салу.
Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да,соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі-сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейді [7].
Сәуле-MN, M-сәуле басы
Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені латынның бас әріптерімен белгілейтінін үйренеді. Мысалы: D,K,M,O,E,A және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады( үлгісі тақтаға жазылады). Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады. [4]
1.3. Бастауыш мектеп математикасындағы геометриялық денелер.
1-Сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы, жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық қисық немесе түзу қалай пайда болғанвн айтып отырады.Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы, оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білуі керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. [5]
Жаттығуларды орындау барысында балалар түзудің кейбір қасиеттерімен танысады. Мысалы, нүкте арқылы түзу немесе қисық, ал екі түкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды.
Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады.Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады.Сызықтардың да нүктелер сияқты түсі, иісі, қалыңдығы, ені болмайды. Бірақ олардың ұзындығы болады және ол шексіз болуы мүмкін. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктерелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады. Тұйық сызық жазықтықта ішішне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізіге мүмкін емес шектелеген фигураны бейлейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе , онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады.Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе онда ол - сынық болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Тұйықталған және тұйықталмаған сынықтар болады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табылады
АВСD- СЫНЫҚ
А,В,С,D - төбелері
АВ, DС, СD, DЕ- бөліктері
Кесінді
Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету,кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. М-1-сынып 13 бет.
Сымның қиындысын алып,басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптін үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса,тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап,бұл кесінді деп түсіндіреміз [6].
Бұрыш
Бұрышты қағазды бүктеп шығарып алуға немесе әр түрлі құралдармен бұйымдардан көрсетуге болады.

1)сәулелер арасындағы жазықтық бөлігін басқа түспен бояймыз (бұрыш)
2)қағаз бетіне бұрыш саламыз да оны қиып аламыз. Бұрыш үлгісі (моделі) бойынша бұрыштың төбелерімен қабырғаларын таныстыру.
3)айналадағы заттардын бұрышты табу, шама бойынша бұрыштарды салыстыру. Балаларды бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезеңдерде бұрыштардың қағаздық үлгілерімен жұмыс жасайды. (ермексазбен жұмыс жасату). Бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір -- біріне қатысты өзара орналасуына байланысты-қабырғалары неғұрлым жақын болса, бұрыш аз,ал қабырғаларының арасы қашық болса,бұрыш үлкен болады
Басы ортақ екі сәуле жазықтықты екі бөлікке бөледі. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады,ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады [8].
Бұрыш үш нүктемен бнлгіленеді: біреуі бір қабырғасында, екіншісі-төбесінде, үшіншісі-екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы ABC-ABC бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықты екігебөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш төбесі деп аталады. М-2-сынып. 83-бет.
Сүйір бұрыш. Егер тік бұрыштың ішінде сондай төбе мен бұрыш салатын болсақ,ол тік бұрыштан кіші болады. Мұндай бұрыштар сүйір бұрыштар деп аталады.
Доғал бұрыш. Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен, бірақ екі түзуден кіші болса доғал бұрыш деп аталады.
ІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1.Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі
Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы түсінігі бас- тауыш сынып кезеңдерінде және одан кейінгі сыныптарда бір- тіндеп қалыптасады.
Алдымен, алғашқы ондықты игеруде геометриялық фигура- лар дидактикалық материал ретінде қолданылады. Соған сүйене отырып, балалар санауға, есептер шығаруға, салыстыруға, жіктеуге және т.б. үйренеді. Аралықтарында басқа фигуралар туралы түсініктер бекітіледі, мысалы, үшбұрыш, шаршы.
"Көпбұрыштар" ұғымымен байланысты жұмысты былайша жүзеге асыруға болады:
1. Геометриялық фигураны қарастыру. Үшбұрышты қарас- тырыңыз: кесінділер қанша, оларды көрсет; бұрыштары нешеу, оларды көрсет; қанша төбесі бар екенін көрсет.
2. Фигураның элементтерін санаймыз және оларға ат береміз. 3. Санау таяқшалары немесе қағаз бөліктерінен үшбұрыш үл- гісін дайындаймыз.
4. Басқа фигуралар жиынынан үшбұрыш үлгісін тауып аламыз. 5. Берілген фигураны сызу.
Жалпы геометриялық метериалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
1. Геометриялық фигураларды санау метериалдары ретінде пайдалана алады.
2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.
3. Көпбұрыштың периметрін,ауданын табуға арналған есептер.
4. Салу есептері.
5.Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаздеген сияқты).
6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.
7. Әріпті пайдалана отрырып геометриялық сызбаларды оқу,жазу.
8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.
Үшбұрышпен танысу әдістемесі
Бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүктені белгілеп, оларды кесінділермен қосайық. Сонда үшбұрыш деп аталатын геометриялық фигураны аламыз. Белгіленген үш нүкте үшбұрыштың төбелері, ал кесінділер- қабырғалары деп аталады.
Үщбұрыштың үш қабырғасы ұзындықтарының қосындысын оның периметрі деп атайды.
A
c Педагогикалық конфли b Р=a+b+c
В а С
Тіктөртұрышпен таныстыру әдістемесі
Бұрыш ұғымы көпбұрыштарды, мысалы, тіктөртбұрышты қарастыру барысында бекітіледі. Оқушыларға мынадай мазмұнды машықтық жұмысты ұсынуға болады:
1. Фигуралар жиынтығын орналастыру;
Төртбұрышты таңда, оның төртбұрыш екенін дәлелде.
1. Тік бұрыштың үлгісін алыңыз, тік бұрышы бар фигуралар- ды көрсетіңіз, төртбұрыштың барлық бұрыштарын тексеріп шығыңыз. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрышты таңдап алыңыз.
2. Мұғалім "Барлық бұрыштары тең болатын төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады" - деп хабарлайды.
3. Басқа фигуралар ішінен және басқа заттарды салу кезінде Тіктөртбұрышты табу.
4. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиет- терімен танысу. "Суретке қараңдар. Бірдей түспен сызылған тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады".
5. Сызғыш көмегімен торкөз қағазда тіктөртбұрышты сызу.
6. Еңбек сабағында үшбұрыш көмегімен қағазда тіктөртбұрышты сызу.
Тіктөртбұрыш - барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш.
a
P=(a+b)*2 S=a*b (m2)
b P=2a+2b
P=a+b+a+b
Шеңбермен , дөңгелекпен танысу әдістемесі
Тақтадан циркуль көмегімен, ал оқушылар дәптерінде қисық тұйық сызық сызады. Сызық шеңбер деп аталатынын таныстырамыз. Оқушылар шеңбермен дөңгелек ұғымдарын айыру үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Мысалы, шеңбер сал,дөңгелекті боя,дөңгелекпен шеңбердің центрын,сонымен қатар шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді белгілету [9].
Шеңбер тұйық қисық. Барлық нүктелер бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасса, оны шеңбердің центры деп атайды. Бұл қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Шеңберді шаблон немесе циркульдың көмегімен салады. Шаблон арқылы салынған шеңбердің центрын табу қиын. Ал циркульмен салынған болса,циркульдың бір аяғы центрда орналысады.
Шеңбер; O-центр
AO=BO=CO=DO-радиустары
Радиус-шеңбер нүктесінен оның центріне дейін қашықтық.
Диаметр-центр арқылы өтетін шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді.
Шеңбер диаметры әрдайым оның радиусынан екі есе үлкен болады.
Дөңгелекпен танысу әдістемесі.
Шеңбер сызып,шеңбер бойынша дөңгелек қиып аламыз, ал оқушылар шеңбердің ішіндегі бетті штрихтайды. Шеңбердің бұл бөлігі дөңгелек екені таныстырылып,дөңгелектің центры белгіленеді. Шеңберден нүкте салынады да, ол центрмен қосылалы. Бұл кесінді-шеңбердің радиусы. Бірнеше радиустар жүргіземіз,өлшейміз,олар өзара тең деген қортынды жасаймыз.
Дөңгелек-шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.
О-шеңбермен дөңгелектің центры;
ОА-радиус.
Текшемен танысу әдістемесі.
Текше 3-сыныпта қарастырылынады. Балалар текшені қарастыру кезінде қабырғаларымен,қырларымен,төбелерме н танысады. Бұл-текше,оның үш өлшемі бар: ұзындығы-1 см,ені-1 см,биіктігі-1 см. Бұл текшенің көлемі 1 см (1 текше метр).
Текшенің көлемін өлшегеннен кейін оқушылар текшені салумен танысады. Бұл былайша жүзеге асады:бұл-текше. Оның 8 төбесі бар. Оның 2 төбесін қосатын кесіндіні қабырғасы деп атаймыз. Барлық қабырғаралының ұзындықтары бірдей. Текшенің 6 жағы (алдынғы,артқы,төменгі,жоғарғы,оң және сол жағы) бар (текшенің суретін салу,қабырғаларын санау).
Тіктөртбұрыштардың ішінен оқушылар қабырғалары тең тіктөрт-бұрыштарды - шаршыларды анықтайды. Шаршы ұғымымен таныстыру үшін оқушыларға мынадай машық жұмы сын ұсынуға болады:
1. Төртбұрыштар жиыны.
Тіктөртбұрыштарды таңда.
2. Барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыштарды табыңыз.
3. Мұғалім "барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш
шаршы деп аталады" деп хабарлайды.
4. Басқа фигуралар ішінен шаршыны іздейміз.
5. Таяқшалардан құрастырамыз.
6. Төркөз қағазда шаршы сызу.
Шаршы саған таныс төртбұрыш. Шаршының барлық бұрыштары тік, ал барлық қабырғалары өзара тең. Кез келген шаршы тіктөртбұрыш болады. Бірақ кез келген тіктөртбұрыш шаршы болмайды, тек қана барлық қабырғалары өзара тең төртбұрыш шаршы бола алады
a
P=a+a+a+a
a P=4a
S= a*a=a2
2.3. Математика оқулығындағы геометриялық фигуралар
Қазіргі заманғы білім беруде мақсатқа жетудің негізгі көзі - мектептегі оқу - тәрбие үрдісін оқыту формаларын және әдістерін жаңарту . Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі оқушылардың жан жақты дамуын жетілдіру. Осы бағытта білім алып отырған әр бір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алуына зерттеушілік, байқампаздық, зеректік қабілетін дамыту ісі ǝp шеберлікті қажет етеді.
Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі корша ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп дамыту үшін түрлі әдіс тәсілдер қолданып келемін. Солардын бірі- геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдіерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады.
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек.Мұғалімнің міндеті оқушыларды осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге, екінші сыныптан бастап әріппен белгілеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Нүктемен окушылар бірінші сыныпта алғашқы қадамынан бастап-ақ танысады. Бірінші сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады.
Нүкте. Сәуле. Бұрыш тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Оқушылар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.
Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілеймін. Окушыларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Коршаған ортадан сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.
1-сыныпта геометриялық фигураларды оқу құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар фигураларды көру арқылы танысады, ажырата алады. 1- сынып 2 бөлімде:
-Заттардың қандай айырмашылығы бар
-Нүкте. Сызық. Сәуле
-Кесінді. Сынық сызық.
-Кеңістік фигуралары
-Жазық фигуралар
2-сыныпта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz