Балаларда мәдени - гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І
ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-ГИГИЕНАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Ортаңғы топ баларының мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың мәні мен маңызы
1.2
Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
ІІ
ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ- ГИГИЕНАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1
Ойын арқылы балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың тиiмдi әдiс - тәсiлдері мен жолдары
2.2

III
Ортаңғы топ балаларын ойындар арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшылар

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: 2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады. Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады .
Баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- тәрбиеші. Мектепке дейінгі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында балаларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектепке дейінгі кезең баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және тәрбиешілердің арасында дабыл қағуда. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда балабақшаның жауапкершілігінде деп көрсетіледі.
Демек, мектепке дейінгі балалардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына балабақшада және отбасында қарапайым мәдени-гигиеналық нормалардың орындалмауы, артықша теледидар алдында, компьютерлерде отырып алуы, тәрбиеші мен балалардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, балалардың арасында 40% мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптаспауының себептерінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дамыту қажеттілігі туады.
Қазіргі балабақша бүлдіршінін мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
oo халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);
oo баланың бойында салауатты өмір салтын, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
oo мәдени-гигиеналық дағды - ұғымын қалыптастыру;
oo салауатты өмір сүруге балаларды ынталандыру;
oo балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
oo өз денсаулықтарын сақтауда, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындауда жауапкершіліктерін қалыптастыру.
oo арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың салауатты өмір сүру, мәдени-гигиеналық дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби , Абу Али Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, А.Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.
Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н.М., Ақбердиева Д.Ф., Колбанов В.В., Зайцев Г.К., И.И.Соковня-Сейшона, А.С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т.Г. Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С. Исаев, Е.Г. Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы баланың алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін алғашқы кезеңді - мәдени-гигиеналық дағдыларды тізбектей анықтау қажет екендігін айтады .
Тұлғаны теориялық дамыту бойынша зерттеулер бойынша (А.Маслоу, У.Джейс, Л.С.Выготский, С.Л.Рубенштейн, А.Н.Леонтьев) және өз тарапымыздан жүргізілген жекелей зерттеу жұмыстары бойынша талдау деректері арқасында балабақшада балаға салауатты өмір сүру, оның ішінде мәдени-гигиеналық дағдыларын тәрбиелеудің қажеттілігі айқындала түсті.
Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір арнайы зерттеулерде де қарастырылған. Ол зерттеулердің мынадай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:
oo Оқу - тәрбие үдерісінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ж. Ембергенова, Б.Қ. Мұхамеджанов, Қ.М. Рахымғали, С.С. Тілеуова, Ю.В. Салов, Г.Ж. Нұрышова, Б.К. Игенбаева Т.К.Бөлеев т.б. еңбектерінде;
oo Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері А.С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж.Ж. Нұржанова т.б. еңбектерінде;
oo Нашақорлық, жат әдеттердің денсаулыққа кері әсерін ескере отырып тәрбиелеу туралы Т.К.Бөлеев, Т.Н.Беркалиев, Г.Е.Шлымова, Ш.А.Тулепова еңбектерінде.
Бұл жұмыстар бүгінгі таңда балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды.
Жоғарыда айтылған проблемалардың өзектілігі, оның педагогика ғылымы мен балабақша практикасына тікелей қатынастылығы, теориялық деңгейде талдау мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын былай деп таңдап алдық: Ортаңғы топ балаларының мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. Зерттеу проблемалары балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбие мазмұнын анықтаудан, педагогикалық үдерісті қалыптастырудан тұрады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын арнайы әдістер мен тәсілдер арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда талдап және тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, тексеру.
Зерттеу нысаны: балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдері арқылы қалыптастыру мазмұны.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруды тарихи - педагогикалық тұрғыда анықтау;
- балалардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып мәдени-гиигеналық дағдыларды қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;
- зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіншілік беретін денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдерін анықтау;
- экспериментальды жұмыс арқылы балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың нәтижесін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, балабақшада мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үдерісін бақылау, пікір талас, сауалнама, тест алу, тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Тәжiрибелiк маңыздылығы: Бұл жұмысты студенттер мен балабақша тәрбиешілері әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Зерттеу базасы:
Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi мен тiркемелерден тұрады. Көлемi - бет

І ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-ГИГИЕНАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1. 1.1.Ортаңғы топ балаларында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың мәні мен маңызы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Бұл өз кезегінде баланың салауатты өмір салтын сақтауға негіз болатын екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл-ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегінде соның төрт негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі - жер үстіндегі байлық. Жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы. Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу - ең көкейкесті мәселе екендігі ақиқат. Өйткені қоғамның байлығы тек табиғи байлықпен ғана емес, адамдық байлықпен, жалпы адамгершілік құндылықпен, әрбір адамның төл ерекшелігімен, қабілетімен айқындалады. Қазіргі ұстаз жан-жақты білімді, зерделі, жастардың ең сенімді досы, нағыз өз мамандығының шебері болуы тиіс. Мектеп оқушылары мұғалімдердің жаңаша ойлай білетін адам болғандығын қалайды. Сондықтан да мұғалім жастар алдында жауапкершілікті түсініп, жаңашылдықты қабылдай отырып, оның нәтижесінде алдын ала болжай алатын жаңа ғасыр мектебінің басты тұлғасы болуы қажет. Қазіргі мұғалім білім берумен қатар қоғамдағы немесе мектептегі сапалы білім беруді де қажет етеді.Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді делінген. Бұл ұстанымдар Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да көрініс тапқан.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Мектепке дейінгі жастағы баланың адамгершілік қасиеттерінің дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасайды.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі мәдени-гигиеналық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еңбекке тәрбиелеу, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, ойын және оқуіс-әрекетінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық қатынас пен бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы-оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Баршамызға адамның денсаулығының негізі сәби шақтан бастап қалыптасатыны белгілі. Бала организмі сәбилік шақта өте иілгіш, икемді келеді, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде де үлкендерге қарағанда сезімтал болады.Оның осы шақтағы кезеңінде сырьқы факторлардың әсері жағымды немесе жағымсыз болуына байланысты келешекте оның денсаулығы қалыптасады. Сондықтан да баланы гигиеналық оқыту және тәрбиеленуінен оның денсаулығы нығайып, оны қорғауға болады.
Гигиеналық тәрбие дегеніміз - жалпы тәрбиенің бір бөлігі, ал гигиеналық дағдылар дегеніміз - мінез-құлық мәдениетінің бөлігі. Балаларға гигиеналық білім мен гигиеналық дағдыларды қалыптастырумен медицина қызметкерлері айналысуы қажет деп айтатында қатты қателеседі. Бұл бірінші кезекте, ата-аналардың негізгі міндеті, себебі баланы сәби шақтан бастап мәдени-гигиеналық нормаларды оырндауға отбасыныан баулу қажет. Бала мектепке немесе балабақшаға қолын таза жуып келуі, немесе жөтелгенде аузын беторамалмен жабуы бұл сонда гигиеналық немесе жалпымәдени ережеге жата ма? Бұл ережелер мен оларды негіздейтін білім қоры баланың санасына жүйелі тәрбие арқылы, сендіру, иландыру әдістерінің көмегімен бірінші кезекте ата-аналар жасауы керек.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды дейді.
Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ғана автоматтандырылады.
Дағды алудың белгісі - әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мәселенғ турникке ойнаған спортменнің дағдысы).
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып денсаулық түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің, оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан - дүниесі де, яғни мінез-құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді. Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа әсерлерді өмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы - бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің көптеген күрделі факторларының, кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады. Салауатты өмір салты сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі теңдесіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады.
Көне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни өз-өзін білетін тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді, деп ол адамның сана-сезімі арқылы өзін-өзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде көрсетті. Платон салауатты өмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап көрсетті, себебі кез-келген істегі ең бастысы - оның ерекшелене бастауы.
Аристотель Этика, саясат, поэтика деп аталатын еңбегінде адамның жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені денеге қамқорлықтан бастап, сонан соң, рухани тәрбиеге ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты өмір салтының тәрбиесін адамның белсенді өмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен байланыстырады. Демек, ерте кезде де салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу мәселесі қарастырылған. Осы кезеңде өз-өзіңді тани біл, өзіңе қамқорлық жасадеп аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға бастады.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелерін Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті. Салауатты психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. Дәрігерлік ғылымның баспалдағы еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге байланысты. Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап көрсетті. Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты өмір салтының мына төмендегідей принциптерін сақтау қажет: 1) жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау); 2) тамақты таңдау (тамақтану мерзімі); 3) денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау); 4) дене пішімін сақтау; 5) дұрыс дем алу; 6) киім тазалығы; 7) дене және рухани қозғалыстың теңдесуі
Сонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі күндері өзекті және жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде аса құнды. Шығыстың ойшыл-ғалымы Аль-Фараби дене және ойды тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында, адам өз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет, - деп атап көрсетті, себебі адамның денесі-сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтанумен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекетпен ой-сана пайда болады. Сонымен қатар Аль-Фараби ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын ала сақтау мен нығайтуды аса атап көрсетті
Орта ғасырда өмір сүрген Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының қазақша жазба мұраларынан жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттарды кездестіруге болады
Ө. Тілеуқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді. Сонымен ойшылдар сұлулығымен қатар рухани сұлулықты дамытуды ұсынды.
Ө. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішіміне, көрінісіне аса назар аударған, егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның көңіл-күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады. Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.
XV ғ. белгілі оқымыстысы М.Х. Дулатидің өсиетінде тәрбиелеудегі зиянды әдеттерге қатынасты негіздемелер қаланған (шарап ішу, нашақорлық заттармен шұғылдану, темекі тартуға үйір болу сияқты). Зиянды әдеттерді мәдениеттілік пен еңбекке тарту арқылы жою керек дейді
Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, өмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы сапа иесі болуы тиісті адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық, тұрақтылық. Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.
Қ.Ж. Қожахметова Қазақ этнопедагогикасы: әдістемесі, теория және практика деп аталатын монографиясында қазақ халқы әрқашанда мақсатты, саналы адамзатты тәрбиелеуде тәжірибелерге бай-екендігін атап көрсетті.
Жас сәбидің дүниеге келген күнінен бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеу ерекшеліктері У. Жәнібековтың Алтын домбыра жаңғырығы атты еңбегінде суреттелген.
У. Жәнібеков, К.С. Әбішев, К.Д. Ордабаев, А.К. Айтпаев, К.Б. Жарықбаев, В.В. Цистов, К.Ж. Қожахметованың еңбектеріндегі Денсаулық, Салауатты өмір ұғымдары денсаулықты сақтаудың басты терминдері болып табылады және өзектілігін жоғалтпай қазіргі кезде жаңаша өрлеу үстінде
А.С. Иманғалиевтің пікірінше салауатты өмір салты адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр. Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы: мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады. Сонымен, денсаулық өмір салтымен байланысты. Салауатты өмір салты - еңбек ету және демалыс режимдері, мәдени-гигиеналық дағдылары, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді
Салауатты өмір салты түсінігін былайша бөліп көрсетуге болады:
- Салауатты өмір салты - бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;
- Салауатты өмір салты - адамның өзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік, тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;
- Салауатты өмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтік
және тарихи көзқарас, сондай-ақ , өмірдегі тәжірибеге оны
интеграциялау құралдары мен әдістері;
- Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады, биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық жағдайларында өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, тәрбие үдерісінде оларды мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. Заманауи педагогикада сәбилік шақтан бастап білмегеннен білуге және тәрбиешімен бірлесе отырып сәйкес ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту ретінде қарастырылады. Тәрбиелеу үдерісі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы үдерісті едәуір тиімді де нәтижелі ететін бала мен тәрбешінің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз болғанда ең алдымен денсаулық сақтау технологиясы туралы айтылуы керек. Әдебиеттердегі талдау, шолудан байқағанымыз оқу құралдарында осындай ұғым анық көрсетілген, оқу материалы педагогикалық процестің ерекшеліктерімен ұштастырылған.
Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық көзқарастары жағынан қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысында, яғни оны оқушы бойында қалыптастыру әдіс-тәсілдері, формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі анықталады.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып тәрбиеші балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы қасиеттерге, мәдениетке, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады.
Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, мәдени-гигиеналық дағдыларын жетiлдiру, салауатты өмір салтын жетілдіру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырудың тарихы ерте кезден басталған. Бұл мәселені ежелгі грек философтары біздің жыл санауымыздан бұрын қарастырса, ал қазіргі кезде белгілі педагогтар, психологтар, социологтар, мәдениеттанушылар және т.б. көптеген мамандар мәселені зерттеп, жаңа тұрғыдан жан-жақты ғылыми негіздегі талдауларды жасауда.
Ежелгі философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің әсерін ескермей, ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартса, бихевиоризм бағытының негізін салушы Америка психологы Эдуард Торндайк ежелгі грек ойшылдарының тұжырымдарына қолдау жасайды. Атап айтқанда, тұлғаның барлық қасиеттері геналарға, яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген. Ал, ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген сыңаржоқ қорытындығы келді.
Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін айтар болсақ, баланың дамуына ықпал ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.
Белгілі ғалым Н.Н.Ахмерова тұлға ұғымына 70-тен астам анықтама берілгендігін, сондай-ақ оның құрылымының 25-тен астам анықтамасы бар екендігін, алайда тұлға ұғымының бір мағыналы түсіндірмесіне жалпы негіздеме осы күнге дейін берілмегенін айтады. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей педагогтары әсәіресе П.Г.Реткин, П.Д.Юркевич, Н.И.Пирогов және басқа да орыстың көрнекі өкілдері Индивид, Даралықтағы жеке бас, Тұлға ұғымдарын қалыптастыру мақсатында жан-жақты түсіндіруге әрекет жасаған болатын. Ол түсіндірмелер тәрбиенің мақсат-мүддесінің түрлі кезеңдердегі жағдайына байланысты өзгеріп отырған. Н.И.Пирогов балалардың жеке қасиеттерін ескеруді, оларды байқап, олармен санасу керектігін айта келіп "тұлға балада да, улкен адамда да дербес мызғымас қасиет"- дегенді айтады. Сол сияқты К.Д. Ушинский де балаларды зерттеп олардың жеке адам ретінде қабілеттерін және қызығушылығын білу қажеттігін талай рет атап көрсеткен болатын Н.Х.Вессель баланы "субъект" және "обьект" ретінде қарастыра келе субьект ретінде тұқым қуалаушылық үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым екендігін айтады. Атақты психолог К.К.Платоновтың пікірі бойынша тұлға - адам ретінде сананың иесі. Бұл жағдайда сана іс-әрекет арқылы адам психикасының белсенді компоненті -,болатынын айтады. Қазақстандық ғалым Е.О.Омар тұлға туралы мынадай сипаттама береді: "Тарих, ежелгі дүние ғалымдары айтқандай-өмір ұстазы". Тарих адамды обьект деп қана қарамай, оны әлеуметтік іс-әрекеттік, қоғам дамуының, тарихтың субьектісі деп те есептейді. Осы тұрғыдан әдебиеттерде "личность" деген ұғымның "жеке адам", "тұлға", "жеке тұлға" деп түсіндіріліп келе жатқаны белгілі
Ал С.И.Ожеговтың сөздігінде "тұлға" қандай да бір касиетті иеленуші ретінде сипатталады. Ол "индивид", "индивидум" уғымдары бір мағынаны білдіреді деп, оларға мынадай "жалпы тірі организм, адам" деген түсініктеме береді.
Қазақстандық ғалымдар Ж.Әбиев, С.Бабаев, және А.Құдиярова "индивид" деп адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне катысынсыз тануға болатын және бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам "индивид" бола алатынын айтады. Сонымен қатар бұл авторлар "жеке адам" ұғымын қолданып оған төмендегідей анықтама береді."Жеке адам" адамның қоғамдық сипаттанытып, онын өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. "Адам"- ойлау және сөйлеу сыйына, құрал-сайман жасай және еңбек процесінде оны қолдана алатын қабілетіне ие тірі организм, ол физикалық жою рухани, табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық жөне иемденушілік бірлікті білдіреді "Тұлға" деп қоғамды дамудың өнімін, еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады
"Адам", "индивид", "тұлға", "даралықтағы жеке бас" уғымдарын салыстыра келіп, ғалымдар әрбір адамзат баласы өмірге жеке адам болып келеді. "тұлға" ретінде қалыптасады. Ал даралықтағы жеке бас ретінде өзін сақтап қалады - деген тұжырымға келеді. Тұлғаның өмір барысында "дамуы", "қалыптасуы" уғымдарымен қатар. соңғы кезде педагогика ғылымында "әлеуметтену" ұғымы да кеңінен қолданылып жүр. Әлеуметтену дегеніміз адамзат қоғамның өзара қатынасы, тұлғаның әлеуметтік ортаға интеграция процесі, яғни бейімделуі. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі тиіс. Бұның басты принципі баланың барлық қызығушылығын, мүмкіндігін және шығармашылық қабілетін көрсетуге жан-жақты ықпал ету. А.Маслоу адамгершілік адамның жан -жақты әрекеті, яғни өзін-өзі көрсетудің барлық түріне және адамдардың жан-жақты сипаттамасына әкеледі. Шығармашылыққа деген қабілет әрбір адамда бар және арнайы талант керек емес деген пікірді айтады
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi мектепке дейінгі кезеңде қаланатыны бәрiмiзге белгiлi.
Осы айтылған мәселелерден анықтағанымыз мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, жетілдірудің ғылыми негіздері толық зерттелмегені байқалды.
1.2. Балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
Тәрбиенің негізгі бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Тәрбие жұмыстары мектепке дейінгі мекемелерде тек оқу-танымдық әрекеті барысында ғана емес, басқа да іс-әрекеттер барысында көп мәнге ие екендігі және бұл бағытта білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын балабақшалардың топтарындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі ерекше.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: "Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең - мiнез орасың, мiнез ексең - тағдыр орасың". Әдет адамның мiнез - құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар:
oo адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).
oo мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).
oo гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: "Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште" десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: "Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi" дейдi
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне-бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал белгілі бір іс-әрекетке (ойын, оқу, еңбек) деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез-құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Сол әдеттенудiң арқасында бала жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер бала өз-өзiне сенбесе, оған ойында, оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Баланың пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi - тәрбиешінің балаларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. "Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет" [37].
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында [39].
Мектепке дейінгі мекемедегі ересектер тобында балаларда мәдени-гигиеналық дағдылар шеңбері кеңейе түседі және тұрмыстық әрекеттердің амал-тәсілдері жетілдіріліп, құрылымы өзгеріске түседі. Тәрбиешілердің алдына келесідей міндеттер жүктеледі:
- балалардың адамгершілік сезімдерін, адамгершілік санасын және моральдық құлықтарын ұжымшылдық дағдылары, достық қарым-қатынас, ойын ережелерін орындау, ортақ идеяға бағыну дағдыларын қалыптастыру; оқу және ойын іс-әрекетінде - оқу іс-әрекетінің мәдениетін, ортақ іс атқару барысында тәртіптілік сақтау, өзін ережелерге сай ұстай білу, ұйымшылдық қасиетін, жауапкершілік, өзара келісе отырып жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; еңбек іс-әрекетінде - еңбексүйгіштік, ұқыптылық, жауапкершілік сезімін қалыптастыру міндеттері тұр.
Баланың туылған күнінен бастап жеті жасқа дейінгі кезеңі - мектеп жасына дейінгі кезең.
Ғылымда мектеп жасына дейінгі жас кезеңінің периодизациясымен Аристотель, Я.А.Коменский, Ж.-Ж.Руссо, К.Штрац, П.П.Блонский, Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский және т.б. айналысқан.
Л.С.Выготскийдің ұсынған периодизациясын негізге ала отырып, келесі жас кезеңдерін атап көрсетуге болады: нәрестелік шақ, сәбилік шақ, мектепке дейінгі шақ.
Д.Б.Элькониннің зерттеулері әр жас кезеңіне сай жетекші іс-әрекеттерді анықтауға мүмкіндік берді. (нәрестелік шақ - эмоционалдық қарым-қатынас, сәбилік шақ- заттық іс-әрекет, мектепке дейінгі шақ - ойын).
Анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері Бала организмі әрі қарай дамуда, бойы, салмағы, көлемі, дамиды, бұлшық ет-сүйек жүйелері дамиды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Баланың алғашқы тұлғалық қасиеттері оның үлкендер мен құрбыларымен қарым қатынаста айқындалады. 3-4 жаста қарым-қатынас танымдық сипатқа ие. Ал мектепалды жастың соңына қарай жеке сипатқа ие, себебі бала үлкендермен бірге мінез-құлық мотивтері мен қасиеттерін талдай алады.
Жас кезеңінің даму жаңалықтары. Қоғамдық-мәні бар, қоғамдық бағаланатын іс-әрекетке қажеттіліктің туындауы.
Жетекші іс-әрекет.. Бұл сюжетті-рольдік ойын, өзі белгілі бір рольді ойнай отырып, бала адамдар қарым-қатынасының мәнін түсіне бастайды, оны игереді.
Тұлғаның дамуы. Мектепке дейінгі жаста тұлға дамуының алғашқы кезеңі.
1. Мотивтерді басқа балалардың мотивтері бағындыра алуы.
2. Мінез-құлық нормаларын игеру.
3. Мінез-құлықтың ырықтылығының өсуі.
Сонымен "тұлға" дегеніміз сананың иесі, адамның әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығы, әлемге жөне әлеммен қатынасы, өзіне және өзімен-өзінің қатынасы деген тусінік қалыптастыратын сөз түрі демекпіз.
Ал, баланың алғашқы тұлғалық қасиеттерінің дамуы дегеніміз мотивтерді басқа балалардың мотивтеріне бағындыра алуы, мінез-құлық нормаларын игеруі, мінез-құлықтың ырықтылығының өсуі, әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығы игеруі, өзіне және өзімен-өзінің қатынасының қалыптасуын айтамыз [40].
Кез келген іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында балалардың алдына мінез-құлық мәдениетінің негізін құрайтын моральдық сана, адамгершілік сезімдер және әдеттерді қалыптастыру міндеттерін қойып отыру керек. Бұл үшін балаларға ыңғайлы жағдайлар жасалынуы қажет: жабдықталған топ бөлмесі, балалардың жас ерекшеліктеріне сай жиһаздар. Бұл балалардың тек қызығушылығын оятуы мүмкін, ал біз баланы осы жағдайда іс-әрекет жасауына қол жеткізуіміз қажет.
Балалардың жеке және қоғамдық мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру олардың тұрмыстағы мінез-құлқы мен қоғамдық орындардағы моральдық нормаларды орындауда және олардың денсаулығын қорғауда ерекше маңызға ие.
Балалардың күнделікті қажетті гигиеналық ережелер мен мінез-құлық нормаларын біліп, орындауларынан тек өздерінің ғана емес, басқа да балалар мен үлкендердің денсаулығын қорғап қалуға болады. Тәрбиешіге балалармен күнделікті іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында әрбір баланың жеке гигиенасының ережелерін орындап қана қоймай, сол ережелерді күнделікті үйреншікті гигиеналық дағдыларға айналдыру қажет және оларды үнемі жетілдіріп отыру керек.
Бастапқы кезде балаға элементарлық ережелерді орындауды үйретеді: тамақтану алдында, ойнап болғаннан соң, серуеннен кейін әжетханадан шыққанда қолын жууды. Екі жасар балаға ауыз қуысын сумен шаюды әдетке айналдыру қажет. Енді біз мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың мазмұнына назар аударайық.
Балбөбек бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мазмұны ашып көрсетілген. Зерттеу тақырыбымыздың аясында келесі мазмұнды анықтап отырмыз.
Баланың жас шамасына қарай даму ерекшеліктері.
Екі жасар бала. Бала үшін екі жас аралығындағы кезең аса бір күрделілігімен ерекше көңіл аударуды талап етеді. Бала екі жас аралығында тәуліктік тіршілігінің екі түрлі режимін сақтайды. Алғашқы жартысында, яғни, бір жарым жасқа дейін оның ұйқысының көлемі молырақ, серуендеуі аз, ал екінші жартысында - керісінше ұйқысыз сергек өткізетін уақыты 1- 1,5 сағаттай ұзарады. Бала таңғы асын оянғаннан кейін бірер сағаттың арасында ішер болса, кешкі тамағын ұйықтар алдында бірер сағаттай бұрынырақ ішкені дұрыс болдаы. Сонда ғана оның түнгі ұйқысы жайлы болады. Баланың таза ауада болуы жаз айларында мөлшермен сағат он бірге дейін десек, түскі асының мерзімі - он бір жарым мен он екінің аралығында өтеді. Міне, осындай әрекеттердің үстінде бір жарым жастағы балалардың беті-қолдарын жуып, тазалауды негізінен тәрбиеші атқарса, ал екі жастағы балалар тазалық тағылымдарын өздері атқаруға тырысады.
Тіпті қыс айларында бірінші топ немесе бір жарым жастағы балалар далаға шықпайтын болса, екі жасқа тола бастаған топ міндетті түрде бір мезгіл серуендеп келеді. Бірінші топты үйіне келгеннен кейін ата-анасы серуендететін болады, өйткені олар қысқы киімдерімен қорбаңдап, өз беттерінше жүре алмайды. Жаз айларында бірінші және екінші топтың балалары серуендерін де, ұйқысын да таза ауада өткізеді. Балалардың ұйқыдан, серуеннен, жуынудан артылған уақыттары әртүрлі ойын-ермектер өткізуге жұмсалады. Жалпы осы айтылған тәуліктік режимдер еш қыспақсыз, өз еріктерімен ауысып жатуға тиісті. Не істесе де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі кіші жастағы мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың педагогикалық шарты
Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі
Баланың мектепте оқуға дайындығы
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі бала өмірінің даму сатылары
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы
Пәндер