Бесшатыр қорымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Туристік тартымдылығы бар - Бесшатыр кесенесі

Аннотация
Жұмыстың өзектілігі: Бесшатыр - сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы ( Бесшатыр 31 обадан, оның ішінде 3 үлкен оба қазылды ) тағы бір кедергіден өтуге мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының жәдігерлеріне сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі 1мың жылдықтың ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мемлекеттері туралы сөз етуге болады. Сол кездегі тайпалардың өмір - тіршілігі, әдет-ғұрпы , салт-санасы, жерлеу ғұрпы, шаруашылығы туралы көптеген деректерді береді. Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану жағынан туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты: Бесшатыр қорымы туралы жиналған ақпараттармен бөлісу. Тарихын зерттеу.
Міндеттері: Теориялық және практикалық тұрғыдан ақпараттар жинау, өңдеу, талдау, жинақтау. Гипотеза арқылы таңғажайып тарихы бар жерлердің құпияларымен танысу.
Гипотеза: Қазірдің өзінде Бесшатыр қорымы көп сырға толы жерге айналып отыр. Зерттеушілер бұл жерді әлі де зерттеу үстінде. Сондықтан жаңа археологиялық зерттеулер ашылады деп сенемін.
Зерттеу нысаны: Бесшатыр.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығы: Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Бұл жұмысты Археологиялық зерттеулерін басшылыққа ала отыра, күнделікті сабақта және экскурсиялық топта қолдануға болады.

Аннотация

Актуальность работы: Открытие археологами выдающихся памятников Бесшатырско-сакской культуры (Бесшатыр раскопал 31 могильник, в том числе 3 больших ) позволило преодолеть еще одно препятствие. На основе находок, экспонатов выдающихся произведений искусства можно говорить о древних сакских государствах, возникших на территории Казахстана в середине 1го года до нашей эры. Дает много данных о жизни, обычаях , обычаях, обрядах, погребальных обрядах, хозяйстве племен того времени. Эти памятники свидетельствуют о признаках родства, близости по этнической, кровной и географической концентрации, степени культуры, стадии социально-экономического развития, одинакового характера жизни населявших эти племена.
Цель работы: Поделиться собранной информацией о некрополе Бесшатыр. Изучение истории.
Задачи: сбор, обработка, анализ, обобщение теоретической и практической информации. Знакомство с тайнами мест с удивительной историей через гипотезу.
Гипотеза: Уже сейчас некрополь Бесшатыр превращается в место с большим количеством сережек. Исследователи все еще изучают это место. Поэтому я надеюсь, что будут открыты новые археологические исследования.
Объект исследования: Бесшатыр.
Практическая значимость и новизна работы: Все мы обязаны сохранить памятники материальной культуры, которые являются результатом тесной и неразрывной связи и взаимодействия нашей истории с развитием всей человеческой истории. Данную работу можно использовать на ежедневном занятии и в экскурсионной группе, руководствуясь археологическими исследованиями.

Annotation

Relevance of the work: The discovery by archaeologists of outstanding monuments of the Beshatyr-Saka culture (Beshatyr excavated 31 burial grounds, including 3 large ones) allowed to overcome another obstacle. Based on the finds, exhibits of outstanding works of art, we can talk about the ancient Saka states that arose on the territory of Kazakhstan in the middle of the 1st year BC. It gives a lot of data about the life, customs, customs, rituals, funeral rites, the economy of the tribes of that time. These monuments testify to the signs of kinship, proximity in ethnic, blood and geographical concentration, the degree of culture, the stage of socio-economic development, the same nature of life of the inhabitants of these tribes.
The purpose of the work: To share the collected information about the Beshatyr necropolis. The study of history.
Tasks: collection, processing, analysis, generalization of theoretical and practical information. Getting to know the secrets of places with an amazing history through a hypothesis.
Hypothesis: Already now the Beshatyr necropolis is turning into a place with a lot of earrings. Researchers are still studying this place. Therefore, I hope that new archaeological research will be discovered.
Object of research: Beshatyr.
Practical significance and novelty of the work: We are all obliged to preserve the monuments of material culture, which are the result of the close and inextricable connection and interaction of our history with the development of the entire human history. This work can be used in a daily lesson and in an excursion group, guided by archaeological research.

Мазмұны
І. Кіріспе
1.1 Алтын адам және Бесшатыр қорғаны
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бесшатыр қорымы
2.2 Жетісудағы сақтар. Бесшатыр Қорғандары туралы деректер
2.3 Менгірлер
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Туристік тартымдылық
3.2 Археолог сөздерінен
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер



І. Кіріспе
1.1. Алтын адам және Бесшатыр қорғаны
Алатау мен Қаратаудың ортасын бір тайпа мекен еткен екен. Олар бай әрі қуатты тайпа еді. Бұл тайпаны Қасқалдақ атты батыр билепті. Ол өзінің тоғыз ұлымен өз тайпасын басқа тайпалардан асқан батырлықпен қорғап, ұлан-байтақ жерге иелік етіп отырыпты деседі. Осындай қиян-кескі ұрыстардың бірінде Қасқалдақ батыр өзінің ержүрек төрт ұлынан айырылады. Сөйтіп, ұлдарының есімі ел есінде мәңгі қалсын деген оймен ұлдарының құрметіне төрт қорған тұрғызады. [1]
Күндер сырғып, айлар жылжып өтіп жатады. Бір күні Қасқалдақ батырдың отбасында тағы бір ұл дүниеге келеді. Бұл бала басқа нәрестелерден ерекше болып туылады. Жаңа туған сәбидің еңбегінде бір тұтам алтын шашы болыпты. Сондықтан оны барлығы Алтын Айдар деп атап кеткен көрінеді. Әке-шешесі де баланы қатарының алды қылып өсіруге тырысады. Жауынгерлік өнер, басқа да бағыттарда Алтын Айдардың алдына түсетін қатарласы болмаса керек-ті. Ол мінген атқа қанат біткендей болып, қандай бәйгеге шапса да мәреге бірінші келетін болыпты. Осындай мамыражай күндер ұзақ жылдарға созылыпты. Қасқалдақ батырдың тайпасы Жау дегеннің не екенін ұмыта бастаған күндері шығыс жақтан қара хабар жетеді. Хабаршының айтуы бойынша Іле өзенінің бойымен құмырсқадай қаптаған қара-құрым әскері бар жау шекараларына жақындап қалған екен. Қыздары күң, ұлдары құл болатынын, жерлері жаттың қолында кететінін түсінген халық кеңесуге жиналып, үлкен мәжіліс құрады. Кеңес отырысы жаудың алдынан шығып, барлық амалдарды қолданып, жауды шекарадан асырмау керек деген шешімге келеді.
Жауға қарсы қолды әдеттегідей Қасқалдақ батыр бастап шығады. Алтын Айдар мен оның бес ағасы әкелерінің соңынан ереді. Болат дулығалы, темір сауытты, үшкір найзалы, өткір қылышты атты әскер өте айбарлы көрінеді. Қасқалдақ кенже ұлын жанына алып жүреді. Жас батыр астына алтын түстес, Құлансары атты тұлпарын мініп шыққан екен. Алтын Айдардың киімі де алтын түстес еді. Арқасы мен кеудесін алтын сауыт жауып, басындағы алтын дулығасы күнге шағылысып сонадайдан көрінетін. Беліндегі белбеуінің өзі қасқырдың басы бейнеленген алтын айылбасты белбеу еді. Аяғына кигені алтын түстес былғарыдан тігілген өткір тұмсықты биік етік. Алтын Айдар өз соңынан ерген жүздігімен шайқастың о шеті мен бұ шетіне шығып, өзге батырлардан ерек көзге түсіпті. Жас батырдың әбжіл қимылын, күнге шағылысып жалт-жұлт еткенін көрген жұрт оған Алтын сарбаз деген атақ теліпті. Алтын сарбаздың қиян-кескі ұрыстардың ортасында шешуші рөл атқарып жүргенін дұшпандары да байқап қалады. Өзара кеңескен жау қолбасшылары араларындағы ең сұрмерген садақшыға Алтын сарбазды өлтіруге бұйрық береді. Аңдыған жаудың алмай қоймайтындығы анық. Жау мергені оңтайлы сәтін күтіп жүріп өзінің ең ұзын, ең өткір деген жебесін уға малып алып жас батырды көздеп атып жібереді. Жебе батырдың қолына тигенімен сауытын тесіп өте алмай тайқып кетеді. Жігіттің қолында тек жау жебесінің сызаты ғана қалады. Мұны көрген Қасқалдақ батыр өз жігіттеріне садақшының жасырынған жерін анықтауды тапсырады. Ол екінші жебесін улап, оңтайлы сәтті тауып атамын деген сәтінде алмас қылыштың жүзі басын жерге допша домалатып үлгереді. Қасқалдақ батырдың әскері өздерінен анағұрлым көп жау әскеріне қарсы тұрып, бірнеше күн айқасады. Осы аралықта үш мәрте көлемді шайқас өтеді. Бұлардың оңайлықпен алдырмайтынын сезген дұшпан өз күштері сарқылмай тұрып бітімге келуді ұйғарып хабаршы жібереді. Ұзақ ойланған Қасқалдақ батыр бітімгершілікті қабыл алады. Осылайша жау жеңілгенін мойындағандай болып кері шегінеді. Қасқалдақтың әскері де келісім бойынша оларды соңына түсіп қумаған екен.
Елге жеңіспен оралған Қасқалдақ батырдың жауынгерлері бір-екі күн дамылдаған соң жеңіс құрметіне ат ойындарын ұйымдастырады. Тау етегіне бәйге тамашаламақ болған жұрт жинала бастайды. Ал, ауыздығымен алысқан тұлрпарларға мінген жиырма сегіз батыр сақадай сай тұрған еді. Өзінің Құлансарысын ойнақтатып, маңғаздана жүрген Алтын Айдар да осы топтың ішінде бар еді. Белгі беріле салысымен арғымақтар тасқын судай алдыға лап қояды. Олар айналып шығуы тиіс тау етегі көкжиектегі сағымға дейін созылып жатқан еді. Алтын Айдар алдына екі шабандозды салып, қолайлы уақытты күтіп отырған болатын. Шешуші сәт келді-ау деген тұста жас батыр атына қамшы салып, алдындағы екі шабандоздан басып озады. Алтын киімді адамның атының басқалардан оқ бойы озып келе жатқанын жиналған қауым да көріп тұрады.[9]
Бірақ, осы сәтте алдыңғы шайқаста қолын сызып кеткен жебенің уы оның бойына тарай бастаған еді. Алтын Айдардың көзінің алды қарауытып, көз алдында жер дөңгелеп сала береді. Әйтеуір, атының жалына жабысып, тек қана құлап қалмауын ойлай бастайды. Бұлшық еттері босап, буындары жігіттің ырқына көнбей кетеді. Үстіндегі иесінің осы күйін сезген Құлансары да аққан жұлдыздай, ұшқан жебедей зуылдай түседі. Құйрық-жалы жермен таралған сәйгүлік жеңіс сызығын басқалардан оқ бойы озған күйі басып өтеді. Әудем жер шауып барып тоқтаған Құлансарының үстінен Алтын Айдар ауып түседі. Осының барлығын қырдан бақылап тұрған халық Алтын Айдар аттан құлады. Біздің ержүрек батырымызға не болған? Аттың өзі шауып келгені ме? деп шуылдап кетеді. Жерде жатқан жігіттің қасына жұрттан бұрын әкесі Қасқалдақ жетеді. Сол сәтте Алтын Айдар да бір сәтке есін жинайды. Жігіт кеберсіп кеткен ернін әрең қимылдатып Әке, кешір! Мен аттан құлап қалдым дейді. Ештеңе етпейді, балам! Сен жеңдің! деген әкесінің сөзін естіген жігіт сол сәтте үзіліп кетеді. Алтын Айдардың өлімін бүкіл тайпа жоқтайды. Қасқалдақ батыр баласына улы жебе тиген жерге қорған салдырады. Себебі, сол замандағы салт бойынша атақты жауынгер қаза болған жерге қорған тұрғызылатын болған. Батыр жігіт алтын киімдерімен қоса жерленеді. Әкесі баласының жанына Сен бізден келешекке ерте кетіп қалдың деген күміс жазу ойылып жазылған тостақан қояды. Қайғыдан қан жұтқан Қасқалдақ батыр да көп ұзамай көз жұмады. Батырдың соңғы өсиеті бойынша соңында қалған халқы төрт баласының жанынан бесінші қорған тұрғызады. Мінекей, осылайша Бесшатыр қорғандары пайда болған екен.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бесшатыр қорымы

Бесшатыр -- көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 -- 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Тасмола мәдениеті
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Қазақстан қола дәуіріндегі ескерткіштері
Сақ ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Қарахан кесенесі
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Пәндер