Тобанияз Әлниязұлының қазақ тарихындағы орны
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Ғылыми жоба
Тобанияз Әлниязұлы
Облыс, аудан, мектеп:Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы,
19 мектеп-гимназия
Сыныбы:
Оқушы аты-жөні:Ахметкали Ринат
Ғылыми жетекші аты-жөні: Аймекен Салима Энгельсқызы
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Негізгі бөлім 5
1.1 Тобанияз Әлниязұлы өмірбаяны 5
1.2 Тобанияз Әлниязұлының еңбегі 7
2 Эксперименттік бөлім. 20
2.1 Тобанияз Әлниязұлының қазақ тарихындағы орны 20
Қорытынды 21
Әдебиеттер тізімі 22
Аннотация
Ғылыми жобада оқушы Тобанияз Әлниязұлы жайлы жан-жақты зерттеулер жүргізген. Ұсынылып отырған ғылыми жобада оқушы тақырыпқа байланысты жан-жақты ізденіп, дереккөздер негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ізденіс барысында оқушы интернет, т.б. ашық мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдемелер келтірген. Теориялық бөлімдегі мәліметтерге сүйене отырып, практикалық талдаулар жүргізген. Ғылыми жобаның мақсатынан құрастырылған міндеттер бойынша жұмыстар жүргізіліп, талдаулар мен зерттеу жұмыстары дәлелді тәжірибемен ұйқасқан.
Abstract
In the scientific project, the student conducted comprehensive research on TobaniyazAlniyazovich. In the proposed research project, the student conducted a comprehensive search on the topic and conducted research on the basis of sources. During the search, the student provided evidence based on open data on the internet, etc. Based on the data in the theoretical part, he conducted practical analyzes. Work was carried out on the tasks compiled from the objectives of the research project, analysis and research work were combined with evidence-based experience.
Аннотация
В научном проекте учащийся провел всесторонние исследования о ТобаниязеАлниязовиче. В предлагаемом научном проекте учащийся провел всесторонний поиск по теме и исследования на основе источников. В ходе поиска учащийся приводил доказательства, опираясь на открытые данные интернета и др. Провел практический анализ, опираясь на данные теоретического раздела. Были проведены работы по задачам, составленным из целей научного проекта, анализ и исследовательская работа пронизаны доказательной практикой.
Кіріспе
Қазақ халқының тарихында "Ел басына күн туған" алмағайып кезеңдер аз емес. Кеңестік идеологияның əсерінен тарихи маңызы жоғары оқиғалар мен халқымыздың талайлы тағдыры тудырған көтерілістер, оның басшылары туралы деректер шындықтан мүлдем алшақ жазылды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ғана тарихи мəселелердің шынайылығына көз жеткізу жүзеге аса бастады.
Жетпісінші жылдардың өзінде М.Əбдіхалықовтың туған жерінің, өлкенің тарихи тұлғалары "халық жауы" ретінде жазықсыз жапа шеккен, кейін ақталған көрнекті қоғам қайраткерлері Тобанияз Əлниязов туралы очерктер жазуы - оның тарих, қоғам алдындағы үлкен еңбегі, ерлік ісі деуге болады. М.Əбдіхалықовтың 1973 жылы "Жұлдыз"журналында жарық көрген "Қаратөбе келісімі" очеркінде 1918 жылы тұңғыш Адай ревкомының төрағасы болып сайланған кеңес өкіметін ақгвардияшылардан қорғау, елді сауаттандыру, елшілік, шаруашылық істерімен айналысқан қоғам қайраткері, шешен, би, отызыншы жылдардағы қуғын - сүргіннің құрбаны болып "халық 198 БҚМУ Хабаршы No2-2018ж. жауы" ретінде атылған Тобанияз Əлниязұлы туралы баяндалады.
Негізгі бөлім
1.1 Тобанияз Әлниязұлы
Тобанияз Әлниязұлы (1875, бұрынғы Маңғышлақ уезі, Закаспий облысының Жетеней болысы - 9.10.1930, Алматы) - қоғам қайраткері. Бастауыш білімін діни мектепте алған. 1915 жылы ол болыс билеушісі болып сайланды. 1916 жылы ол патша жарлығына қарсы шыққаны үшін қамауға алынып, 1917 жылы патша билігі құлағаннан кейін түрмеден босатылды. 1918-1923 жылдары Адай аудандық революциялық комитетінің төрағасы. Ол Алашорда үкіметінің Батыс тармағының жетекшілері-Халель және Жайянша Досмұхамедовпен тығыз жұмыс істеді. Жангелдин экспедицияны қолдады.
Қазақтар мен түрікмендер достық қарым-қатынасты сақтауға күш салып, екі халық арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттей алды. Қылмыс жасағандарға құрмет көрсету қажеттілігінің пайдасына ол оны өзі басқаратын округке енгізбекші болды. Ол Қарақұмдағы Кеңес өкіметіне қарсы қозғалысты қолдады. Биліктің нұсқаулары жергілікті халықтың өмір салты мен дінінің ерекшеліктерін сақтауды талап етті.
1923 жылы Тобаниязды "ұлтшыл" және "діндар"деп айыптады. Осыған байланысты ол аудандық революциялық комитеттің төрағасы қызметінен босатылды. 1924 - 1928. ол аудандық салық инспекторы болып жұмыс істеді. 1929 жылы желтоқсанда ол тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Тобанияз Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен ақталды.
Тобанияздың бейнесін алғаш рет əдебиетте бейнелеген - халық ақыны Сəттіғұл Жанғабылов еді. Сəттіғұл ақын Тобаниязды көзі көрген, оның халқына істеген қызметін, Адай ревкомының тұңғыш төрағасы болып сайланғанын, артынан қатал тағдыр шырмауында темір тордан босана алмай, "солақай саясат" құрбанына айналғанына куə болған. Осы жайларға байланысты Тобанияз Əлниязұлына арнап "Тобанияз туралы толғаулар" атты екі үлкен жыр-толғау шығарған. ("Тобанияз хан тұрғанда" (1918 ж.), "Тобанияз ұсталғанда" (1929 ж.). Олар қауіпсіздік комитетіндегі "Тобанияз ісіне" байланысты жұртшылыққа жариялану құқығынан айырылған. Тек еліміз егемендік алған соң Сəттіғұл ақынның сол толғауларына алғысөз жазып филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Тілепов Маңғыстау облыстық газетінің бетіне жариялады. 1919 жылы Ə.Жангелдин отряды Маңғыстауға келіп, төңкеріс комитетінің төрағалығына Тобаниязды сайлағанда халық ақыны Есмағанбет Мекеұлы Тобаниязға арнау сөз шығарған.
Көркем əдебиетте бұдан кейін Тобанияздың тарихи тұлғасын ақын Қ.Бекхожиннің сомдауына ақынның өзі айтқандай, Əлібидің үлкен ықпалы тигені сөзсіз. Əйтпесе ақын оны білмеуші еді. Ол кезде Тобанияз Əлниязов "жабық тақырып" болғандықтан, комиссар Маңғыстау сапары, Тобаниязбен кездесулерін жасырын түрде айтқан. Сол себепті поэмада Тобанияз есімі "Атанияз" деп өзгертілген болатын.
Тобанияз есіміне кесір кезеңі салған тозаңды тазалауға тұңғыш талпынған марқұм Маршал Əбдіхалықов. Компартия айға азуын білеп тұрған уақыттың өзінде ол осы тақырыпқа қалам тартты... - Жалпы Тобекең жайлы бір сүбелі шығарма жазу жоспарымда бар, - деп жүретін еді қайран Маршекең. Амал не, сұм ажал оларманына жеткізбеді ғой", - деген
Ə.Спан дерегіне сүйенсек, Тобанияз Əлниязовтың тарихи бейнесін баспасөз бетінде алғаш рет танытқан Маршал Əбдіхалықов екендігіне шүбəсіз көз жеткіземіз. Очерктен "Тобанияз Əлниязұлы кім болған?" деген сауалға жауап ала аламыз. Ол - 1918 жылы қазақ даласының төтенше комиссары Ə.Жангелдин Қаратөбеде өткізген он екі болыс өкілдері съезінде сайланған Адай төңкеріс комитетінің төрағасы. Əрине, бұндай жауапты істі атқару ел мүддесін қорғайалатын, халықты етене білетін, тиісті орындарда қажетті сөзі айта алатын би, өткір, əділ, шешен, ұйымдастырушылық қабілеті зор Тобанияз сияқты үлкен жүректі, Адай елінің бетке ұстар азаматының ғана қолынан келетінеді. Шағын очерктің өзінен көптеген тарихи жайттарға қанығуға болады. Бұдан М.Əбдіхалықовтың сол жетпісінші жылдардың өзінде Тобанияз Əлниязұлы туралы тиісті мəліметтерді білгендігін, оны толықтай жариялауға заманы мүмкіндік бермегенін аңғарамыз.
1.2. Тобанияз Әлниязұлының еңбегі
Қаламгер Тобанияз бейнесіне бұдан əрі дендей түсіп "Екі əңгіме" ("Алданияз") əңгімесінде, "Ынтызар жүрек лүпілі" очеркі, "Ленин тапсырмасы" повестерінде оралып отырады. "Қаратөбе келісімі" очеркі зерттеу негізінде жазылғандығымен құнды. Себебі, автор осы тақырыпты жазу үшін мұрағат деректері, əскери құжаттармен жұмыс жасаған, кəріқұлақ шежіреші қариялардан Тобанияздың көзін көрген Жазмағанбет Қызылбаев, туысқаны Бүркітов Айтуар, ғұлама ғалым Əлкей Марғұландардың естеліктері негізінде баяндау əдісімен деректерді келтіре отырып жазады. Қазақстан тарихына "Қаратөбе жиыны" деген атпен енген оқиға Маңғыстау түбегінде 1918 жылдың 22-25 қыркүйек күндерінде өтеді.
Əліби Жанкелдиннің интернационалдық отрядының Маңғыстау сапарында кеңес өкіметін жариялауы очерктегі негізгі оқиға желісін құрайды. Ə.Жангелдин отрядына Тобанияз елден күш-көмек жинап беруді өз мойнына алады. Үш күнге созылған екі жақты даулы мəжілістің соңы Маңғыстауда Совет өкіметін жариялаумен шешіледі. Оны басқаратын революциялық комитет құрылып, 199 БҚМУ Хабаршы No2-2018ж. төрағасы болып Тобанияз Əлниязов сайланады. 1919 жылғы Советтердің бүкіл қазақстандық бірінші мəжілісінде Маңғыстау еңбекшілерінің өкілдерін Т.Əлниязовтың бастап алып баруы, 1920 жылы Ақтөбе облысына қарасты Қопа жерінде Адай, Табын, т.б. рулардың съезінде де Ленин атына телеграмма жібергендігі əңгімеленеді. "Мен күнге сенемін" атты жазушының жеке мұрағатынан табылған очеркте Тобанияз туралы мұрағаттардан деректер келтіре отырып, оның өміріне, қоғамдық қызметтеріне тоқталады.
1918 жылы Маңғыстау түбегінен Ақтөбеге бағыт алған Ə.Жангелдин отрядына көмек ұйымдастырғаны үшін ел билеуші атаман Толстовтың Тобаниязға, ол құрған ревкомға деген ашу-ызасы адайлардан ақшалай, малдай салық төлетуге мəжбүрлейді. Олардың бұл құқайынан Тобанияз айлакерлікпен "сүндет той" жасап құтылып кетеді. Бұл жөнінде сол кезде "Яиицкая" газетіне мақала жазылды. Тобанияздың совет өкіметіне деген өшпенділігі болмаса да 1930 жылы "Ш.Ералиев деген кісіні кемеден суға лақтырып жіберген" деген жалған жаламен Маңғыстаудан қамалған 31 адамның бірі ретінде ұсталып, 1933 жылы жазықсыз, айыбын мойындамаған күйде "атылғаны" турасында айтылады. Очерк соңы: "қазір біздің қолымызда ол кісі ақталды. Ешқандай кінəсі жоқ" деген бір жапырақ қағаз бар" деп аяқталады. Тобанияздың ақталғандығы туралы қағаздың ең алғаш Маршалдың қолға түсіргені туралы М.Дүйсенов естелігінде де айтылады: "...Тобанияз Əлниязұлының тағдыры Маршал ағаны қатты толғандырып жүргені есімде: "Т.Əлниязұлының ақталғандығы жөнінде анықтама қағазды қолға түсірдім" деп балаша қуанғанының да куəсі болуыма тура келді. Подольск архивінен тауыпты...". Тобанияз туралы деректерді, тарихи танымдық мəні зор ел тарихына қатысты ресми материалдарды жинақтаған І.Сариев: "Бұл деректерді жазушы Маршал Əбдіхалықовтың да айтқанын естіп едім. Марқұм Маршал тірі кезінде Тобанияз жөнінде бірқатар материалдар жинаған деп естіп едік, олардың қазір қайда, кімнің қолында екенін білмейміз" , - деген өкінішін де білдіреді. Расында, Тобанияз Əлниязұлы, Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы туралы мол мəлімет, дерек көздерін жинақтаған М. Əбдіхалықовтың ауызекі əңгімелерден естігеніміз бойынша көркем туынды жазу ойында болған. Əйтсе де, өкінерлігі сол, ол материалдардың жазушының жеке мұрағатында сақталмауы, қолымызға түспеуі. "Қаратөбе келісімі" очеркі жазылған тұста Тобанияз туралы жазбақ түгілі, айтуға тиіс емес болатын. Ол туралы деректер жабулы жатқан кез. Дейтұрғанмен, жазушы қызыл империяның қылышы қылпылдап тұрған заманның қатал кезеңінде əдебиетті пайдаланып Тобанияздың көркем бейнесін жасады. Бұл жазушының ұлттық рухының мықтылығы, елдік қасиеттерге адалдығынан дер едік.
Жалпы Тобанияз Əлниязұлының тарихи бейнесі мен атқарған қызметтері жөнінде мəліметтер бүгінде көптеп саналады. Соның алғашқыларының қатарында осы бір ірі тарихи əрі трагедиялы тұлғаның халқымен қайта қауышарына ерлікке тең іске барып, атын атап түстеген М. Əбдіхалықов екендігін ерекше атап өтеміз. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы да өзінен-өзі пайда болмай, бір кезде жазушыны толғантқан əлеуметтік не болмаса өмірден көрген оқиғасы арадан біраз уақыт өткенде жаңа мазмұнмен, мол тəжірибемен толығып барып, суреткердің санасында қайта жаңғырады. 1977 жылы "Жұлдыз" журналында "Екі əңгіме" ("Қызыл жұлдыз" жəне "Жау мен жау") деген атпен шыққан екі əңгімесінде М.Əбдіхалықовтың көңіліне із салып, көкейіне орныққан тақырыптардың бірі - Тобанияз Əлниязовтің өмірі мен қоғамдық істері арқау болған.
Кейін бұл əңгімелерді біріктіріп 1991 жылы "Алданияз" деген атпен жариялады. 200 БҚМУ Хабаршы No2-2018ж. Əңгіменің оқиғасына "Қаратөбе келісімі" атты очеркінде сөз болатын Маңғыстау өлкесінің тарихына қатысты жайттар алынған. "Қызыл жұлдыз" атты əңгімеде қазақ ауылына біртіндеп ене бастаған кеңес өкіметінің өзгерістерін сипаттайды. Əңгіме шағын көлемді болғанмен, көтерген жүгі салмақты, көркемдік қуаты мен идеялық мақсаты тұрғысынан да көңіл аудартады. Кедей өмірі мен ауыр тұрмыстары шындық сипатында бейнеленеді. Шығарманың бас кейіпкері Мұраттың əкесі Кенжебайдың жылқысын бағып жүріп, байдың əділетсіз ісіне шыдамай дау үстінде қатты сойыл тиіп өледі. Күңдіктегі шешесі де ауыр тұрмыс азабынан ауырып өліп, Мұраттың алдындағы апасы Ақкүміс он бір-он екілер шамасында болады. Ақкүмісті Кенжебаймен келіскен біреу əйел үстіне зорлықпен тоқалдыққа алып кетеді. Байда есесі кеткен бала да болса намысшыл Мұрат еріксіз əлде кімнің жетегінде кеткен апасын құтқарудың əрекетіне шындап кіріседі. "Саған көмектессебір-ақ адам көмектеседі, ол - Алдакең - Алданияз" дегенді естігесін Алданиязға барады.
Алданияз - Маңғыстау өлкесінің тұңғыш ревком төрағасы Тобанияз Əлниязұлының прототипі. Жаңа заман өкілі ретінде Алданияз адамдарының "Ақкүмісті қайда, кімге жібердің?" деген сауалдарына ескіліктің содырлы сарынын көксеген, ауыл адамдарын өз уысында ұстап, ескі жолмен жүруді аңсаған, сол арқылы ұпайын түгендеп, дүние жинап, бедел алғысы келетін Кенжебай тіпті айтқандарына құлақ аспай, мойын ұсынбайды. Ақкүміс іздеп келген бауыры Мұратқа қанша ет-жүрегі езіліп бордай босап тұрса да, тағдыр ісіне басын иіп "əйел жолы жіңішке" деген ұғым-түсінікпен келген жерінде қала береді. Ақкүміс кеңес өкіметі орнауының алғашқы жылдарында өмір сүргенмен, оның басына теңдік əперерлік күш бар еді. Алайда қазақ қызының өз бас бостандығын толық сезініп, шындап ұғынуы, өзінің мүддесін қорғауға қаймықпай қадам басуы аз уақытта іске аспайды, санаға біртіндеп енетін күрделі өзгеріс екендігі шындықтан алыс кетпеген.
Мұрат - бірбет, өз дегенінен қайтпайтын қайсар, намысшыл бейне. Оның бұл мінезі Кенжебай мен оның төңірегіндегілерге қарсылығынан танылады. Қаламгердің кейіпкер тұлғасын мүсіндеудегі психологиялық иірім, ұтымды штрихтары табиғи əсерлі. Мəселен, апасын Кенжебай байдың уəделескен адамдары өңгеріп алып кеткеннен кейінгі көңіл-күйі былайша суреттеледі. "Мұрат үйіне жеткенше олар қырқадан асып қараларын үзіп кетті. Ауыл адамдарын біреу жұтып қойғандай. Далаға бір жан шықпады. Мұрат не істерге білмеді. Мұраттың көзі қарауытып, басы мең-зең болғандай. Əлдекім қолқасынан тартып, бүкіл іші-бауырын суыратын секілді. Сол бүгілген күйі үйіне кіріп, төрге құлай кетті. Əлдекімге ерегесіп, екі жұдырығын түйіп алған. Дыбыс шығарып ыңқ етпеуге бекініп, тас түйінген. Іші қаншама егіліп бара жатса да көзінен бір тамшы да жас шықпады. Жарқырап жалын атады...". Əңгіменің соңын Алданияздың "Əнеукүні кеткен Əліби бір нəрсе айтты ғой. Қалаға бар. Шəрлі жерде оқу бар. Қызылдардың адамын тап, соларға ер. Тілегім, берер батам сол", - деп Мұраттың келешегі оқып-білім алуда екенін, жаңа заманның беталысын, өзгерісін көріп-танысын деген ойымен тұжырымдайды. "Бағытын сонау алыста теңіз жағасында жатқан қалаға түзеп Мұрат кетіп барады. Маңдайындағы алқызыл жұлдыз күнге шағылысып, бір сəт шынында да отша жанатын секілді еді..." . Автор осы бір кезеңнің ауыр зардаптарын жетім бала Мұраттың көңіл- күйімен сабақтастырып, байланыстырады. Туған əпкесі Ақкүмістің ауыр да аянышты тағдыры баланың ойымен, іс-əрекетімен астастырыла беріледі. Жалғыз апасының еріксіз əлдекімдердің жетегінде "лақша өңгеріліп" кете беруі, ескілікті көзқарастың шылауынан шыға алмай тағдырына көнбістік танытуы бала көңілін 201 БҚМУ Хабаршы No2-2018ж. жүдетеді, жанын сыздатады. Қаламгер кейіпкер бойындағы, сезіміндегі осындай сəттерді, жан дүниесіндегі өзгеріс-құбылысты күйініш-сүйінішті табиғи, əрі дəл жеткізе білген. Мұрат басындағы жай арқылы бір жанұяның, сол арқылы белгілі бір тарихи кезеңнің, əлеуметтік ортаның келбетін көз алдымызға əкеледі.
Еркіндік таңының кедейлер өмірі үшін қымбатқа түсіп жатқаны Алданияз, Мұрат бейнесі арқылы көрінеді. Бұл бейнелер - еркін өмір, теңдік заман жолында қашан да күреске дайын екендіктерімен, болашаққа деген сенімдерінің жоғарылығымен нанымды əрі əлеуметтік теңсіздікке, үстемдік атаулыға жан-тəнімен қарсы кедей табының өкілдері. Осы əңгіменің жалғасындай "Жау мен жау" атты əңгімесінің оқиғасы бейқам отырған Алданияз ауылына ақтардың келуінен бастап, өрбиді. Алданияз бұл кезде суы тапшы өлкеде мал суарудың қиындығын шешпек болып бұрынғы ата-кəсіптің бірі - құдықшылықты кəсіп етіп, бес-алты жігітпен шыңырау құдық қазып жатырған болатын. Алданияз ауылға келгесін тілмаш та, қасындағылар да оны сұрақтың астына алып, өздерінің Толстовтың адамдары екенін білдіреді. "Олардың талабы - бүкіл Маңғыстау елінен салық жинау екен. Үй басынан жүз сом. Ақшалай не малдайжинау. Генерал Толстов өзін "Осы түбектіңқожасы" депжариялаған.
Олардың туралап келіп Алданияз ауылына ат тірегені оның өткен жылы бұлардың жауына істеген қызметтерін білетін көрінді. Енді, генералға сондай қызмет көрсетсе, кінəсікешіріледі. Əйтпесе, мұнықол-аяғынбайлап, Гурьевке алып келу тапсырылған" . Комиссар Əліби Жангелдин отряды 1918 жылы осы Маңғыстау арқылы Шалқарға өтерінде қаржы-қаражат, қару-жарақ, ат-көлік, адамдармен көмектесіп, өткізіп жіберген Алданияз бен оның қасындағы жолдас-ауылдастары еді. Онкүннің ішінде аталған салық, малды жинап беруді бұйырып, ауылтұсына пулемет құрып қояды. Алданияз қарулы кісілердің "берсе қолынан, бермесе жолынан" деп неде болсайын байтын, шынжаулық ниеттерін түсінгеннен кейін ел ақсақалдарымен ақылдасады. Ақылдаса келіп, бұлардан құтылудың бірайла- амалы, жолы - "той, сүндеттойын" өткізуге рұқсат алу деп шешеді. Əңгімедегі негізгі ірі оқиға - той өткізілетін күн. Алданияз тойға ертеден кірісіп, мал сойғызып, сүндеттеуге тиісті ауыл балаларын жатқызып, молдаларын да шақыртып қояды. Ол əрі-бері ойланып, сенімді деген адамдармен ақылдасқан соң оқыс қимылға бел байлайды. Толстов əскерлеріның-шыңсызқолға түсіруде Алданияз тапқырлықтың, парасаттылықтың, тосын əрекеттің ерекше бір үлгісін танытады. "Тентексуға" қымыз қосып беріп, буындары босаған жауларды қарусыздандырып қолға түсіреді. Алданияз - ертеңін ойлайтын өте əділ, дұшпанына да қажет жерінде өзін қайқырынан да мойындатып, бағалата алатын жан. Қолға түсіп, ойламаған жерден мүсəпір күйге түскен атажауына да мəрт мінез көрсетеді. Қолға түскен жауларды бірі "өлтіру керек" дегенмен Алданияз бір шешімге келіп: "Бұларды өлтіргенде бізге не түседі? Сонау қияннан қайбірер кімен келді дейсің? Анау генерал жұмсаған соң амалдары бар ма? Пəле сол генералда ғой. Бүлік шығарып жүрген де өзі. Ендеше сол адамдарының кейпін өзі көрсін. Əйтпесе, қапия сын тауып тасадан өлтіріп тастады дер. Содан кейін бұл елге қайта қоқыраңдамасын деп те жеткізетін кісілер керек қой" деген тоқтаммен, оларды адамдарына Құлсарыға дейін апарыптастауға тапсырма береді. Кейін осы оқиға жөнінде 1919 жылдың 31 қазанындағы "Яицкая газетінің" No 47-санында"Реті келмеген алым" деген мақала жарияланады. Генерал Толстов əскерінің елге тұтқиылдан келіп салық салмақ болған жəбір-жапасына, қанды қырғынның болуының алдыналуда Алданияздың терең ақылымен пайымы, көпті көргендігі, айлалығы себеп болды. Алданияздың бұліс-əрекеті оның нағыз халық үшін туған, қайраткерлік, күрескерлік дəрежесінт анытады. Тарихи тұлға, 202 БҚМУ Хабаршы No2-2018ж. қайраткер туралы жазғанда өткенді біліп қана қою жеткіліксіз. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz